Егер ерітінді фиксаналдан даярланған болса, онда оның К = 1.
Мысалы.
Жуық шамамен 0,1 н. Ерітінді бар делік, оның түзету коэффициенті К = 0,945. Бұдан ерітіндінің нақты нормальды концентрациясы тең: N = 0,1 · 0,945 = 0,0945н.
Мысалы.
0,1 н NaOH ерітіндісінің титрлеп анықтаған нормаль концентрациясы 0,0885 н тең болса, К неге тең болады?
Титриметриялық талдаудағы салыстырмалы қателігі ±0,2%,
макробюретканың көмегімен көлемдерін өлшеудің абсолюті қателігі ±0,04 см3.
Бұдан шығатын, қателігі ±0,2% артық болмағанның минималды көлемін есептеуге болады:
мұндағы:
∆Х - өлшеудің абсолютты қателігі, см3; ∆Х = Хпрак – Хтеор.;
А - өлшеудің салыстырмалы қателігі, %; А = ∆Х ∙100/ Хтеор.;
Титриметриялық анализ қателіктері
Химиялық олимпиаданың тәжірибелік турынан есептер
NaOH және Na2CО3 қоспасын олар ерітіндіде бірге жүргенде қышқыл-негіздік титрлеу әдісімен анықтау
Ерiтiндiдегi натрий гидроксидiнiң санын анықтау.
Судың карбонатты кермектігін қышқылдық-негіздік титрлеу әдісімен анықтау.
Қымыздық қышқылын қышқылдық-негіздік титрлеу әдісімен анықтау.
Химиялық олимпиаданың тәжірибелік турынан есептер
Қосымша сұрақтар:
1. Сілті мен сода қоспасын бір аликвоттан: а) фенолфталеин және б) метилқызғылт индикаторлары қатысында титрлеу кезінде жүретін реакция теңдеулерін жазыңыздар.
2. Қышқыл-негізді индикаторлар дегеніміз қандай заттар? Оларды қандай мақсатта пайдаланады жөне титрлеуге қалай таңдап алады?
3. Сілті мен сода мөлшерлерін оларды 2 аликвоттан жеке-жеке фенолфталеин және метилқызғылт индикааторл арын пайдаланып қышқылмен титрлеу арқылы анықтауға бола ма? Жауаптарыңызды дәлелдеңіз,реакция теңдеулерін жазыңыздар.
4. Ерітіндіде а) КОН; б) К2СО3; в) КНСО3 заттарының қайсысы бар, егер (титрлеу барлық жағдайда 2 аликвоттан жүргізілген):
а) ерітінді фенолфталеинмен (ф-ф) сілтілік реакция көрсетпесе, бірақ метилді қызғылт-сары (м-қ) қатысында тұз қышқылымен титрленсе;
ә) м-қ қатысында ф-ф индикаторымен салыстырғанда титрлеуге қышқылдың 2 есе көп көлемі жұмсалса;
б) ф-ф қатысында титрлеуге жүмсашған қышқылдың келемі м-қ қатысында жүмсалған көлемге тең болса.
5. Не себепті бюретка мен пипетканы титрлеуге қолданар алдында пайдаланатын ерітінділермен шаю керек? Белгілі бір ерітінді көлеміне арналған өлшеуіш колбаларды да осылай шаю қажет пе?
6. Аликвот алғаннан кейін пипеткада қалған соңғы тамшыны неге үрлеп шығаруға болмайды?
7. Егер бюретка көрсеткішін жазып алған кезде титрлеушінің көз деңгейі ондағы ерітінді менискісінің астыңғы бөлігінен жоғары болса, онда ол анализ нәтижесіне қалай әсер етеді?
Достарыңызбен бөлісу: |