Юсупджанов Талғат 747 160 08 18 708 979 67 87 Жаңа форматтағы



жүктеу 0,52 Mb.
бет2/110
Дата06.01.2022
өлшемі0,52 Mb.
#36622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110
Юсупджанов нуска

Пікір жазғандар:

А.К.Серубаева PhD доктор

Г.Т.Төлегенова аға оқытушы

ISBN 9965-911-09-6



Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт,өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп,қайда тұрғандығын,не істеп ,не қойғандығын білмейді,келешекте басына қандай күн туашығына көзі жетпейді.Бір халық өзінің тарихын білмесе,бір ел өзіңің тарихын жоғалтса артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.

Міржақып Дулатұлы

6-сынып ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

Тарихымды жазудамын бүгін мен,

Бабаларым сенің ана тілімен.

М.Мақатаев

1- нұсқа

1.Палеолит дәуіріне жататын еңбек құралдары жататын еңбек құралдары

табылған өңір:

А) Алтай өңірі

В) Алатау өңірі

С) Орталық Қазақстан жері

Д) Алматы облысы

Е) Жамбыл облысы

2.Энеолиттік Шебір мекені орналасқан өңір:

А) Маңғыстау

В) Қаратау

С) Солтүстік Қазақстан

Д) Жетісу

Е) Сарыарқа

3.Алғаш әскери-демократияның пайда болған дәуірі:

А) Темір дәуірі

В) Энеолит дәуірі

С) Қола дәуірі

Д) Түркі кезеңі

Е) Неолит дәуірі

4.Антрополог ғалым О.Смағұловтың пікірі бойынша сақ,сармат, үйсін

тайпаларының келбеттері осы тайпаға ұқсас болған:

А) Скифтерге

В) Ғұндарға

С) Парсыларға

Д) Қаңлыларға

Е) Андрондықтарға

5.Массагеттер туралы дерек қалдырған:

А) Марцеллин

В) Диадор

С) Геродот

Д) Прииск

Е) Полибий

6.Бір қабат тас құралдардың жүзін ұсақ кертік ойықтар жасау арқылы

өткірлеу әдісі:

А) Егеу әдісі

В)Қашау әдісі

С) Ретушь әдісі

Д) Кесу әдісі

Е) Қайрау әдісі

7.Парсы патшасы Кир сақ жеріне жорыққа шықты:

А) Б.з.б. V ғасырда

В) Б.з.б. VІІІ ғасырда

С) Б.з.б. VІ ғасырда

Д) Б.з.б. ІХ ғасырда

Е) Б.з.б. VІІ ғасырда

8.Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға

шыққан ғасыр:

А) Б.з.б.IV ғасырдың басы

В) Б.з.б.IІІ ғасырдың аяғы

С) Б.з.б.I ғасырдың ортасы

Д) Б.з.б.VІ ғасырдың басы

Е) Б.з.б.V ғасырдың басы

9 ) Геродот шығармаларында Орталық Қазақстанды мекендеген

тұрғындар:

А) Массагет,Дайлар

В) Аргиппей,Аримаспылар

С) Аргиппей,Исседондар

Д) Исседондар,Тиграхаудалар

Е) ) Массагет,Аримаспылар

10.Солтүстік ғұндардың Чжи-Чжи шаньюйдің басқаруымен тәуелсідігін

сақтау үшін батысқа жылжыған уақыты:

А) б.з.б. V ғ. аяғы

В) б.з.б. І ғ. аяғы

С) б.з.б. ІІІ ғ. аяғы

Д) б.з.б. ІV ғ. аяғы

Е) б.з.б. ІІ ғ. аяғы

11.Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың хабарлауынша савроматтардың

тілі өте жақын болған:

А) Скиф тіліне

В) Парсы тіліне

С) Грек тіліне

Д) Үйсін тіліне

Е) Ғұн тіліне

12.Алғашқы адамдар еңбек құралдарының жаңа түрлері-

дәнүккіш,келі,балта,т.б. ойлап тапқан уақыт:

А) Ерте тас ғасыры

В) Мезолит

С) Қола дәуірі

Д) Неолит

Е) Энеолит

13.1970 жылы дүние жүзі тарихшыларының назарын аударған жаңалық:

А) Есік қорғанынан алтын киімді сақ жауынгерінің табылуы

В) Шілікті қорғанынан алтын киімді сақ патшасының табылуы

С) Аралтөбе қорғанынан алтын киімді сармат адамының табылуы

Д) Отырар экспедициясының басталуы

Е) Түркістан қаласына тайқазанның қайтарылуы

14.Қоғамда алғаш ірі еңбек бөлінісін туғызған жағдай:

А) шаруашылықтың егішілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі

В) аңшылықтың пайда болуы

С) темірді пайдалану

Д) тобырдың қалыптасуы

Е) терімшіліктің дамуы

15.Б.з.б. ІІ-І ғасырларда Қытай елімен сауда байланысын жасаған:

А) Қарлұқ қағанаты

В) Қарахан мемлекеті

С) Оғыз мемлекеті

Д) Соғды елі

Е) Үйсін мемлекеті

16.Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің ерекшелігі:

А) Садақ пен жебе пайда болды

В) Отты пайдалана бастады

С) Егіншілік пайда болды

Д) Кен өндіру мен металл өңдеу ісі өркендеді

Е) Еңбек бөлінісі пайда болды

17.Қаңлыларда басым болған егіншіліктің түрі:

А) Үш танапты

В) Қос танапты

С) Ағаш соқалы

Д) Тәлімді

Е) Теселі

18.Қазақстанда еуропеидтік андрон тайпалары өмір сүрген кезең:

А) б.з.б. 140-40 мыңжылдық

В) б.з.б. 2-1 мыңжылдық

С) б.з.б. 15-5 мыңжылдық

Д) б.з.б. 10-7 мыңжылдық

Е) б.з.б. 5-3 мыңжылдық

19. Парсы патшасы І Дарий сақ жеріне жорыққа шықты:

А) Б.з.б. V ғасырда

В) Б.з.б. VІІІ ғасырда

С) Б.з.б. VІ ғасырда

Д) Б.з.б. ІХ ғасырда

Е) Б.з.б. VІІ ғасырда

20. Мәтінде сипатталған тарихи үрдіске тән емес белгі:

"Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды.Үңгірлерді

тазалап күтті,тамақ дайындады, жеуге қажетті жеміс-жидектерді

терді.Бұл ұжымдағаналардың беделін арттырды... Әрбір қауым өз аумағында мекен

етті.Ұжымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді.Жер,баспана,еңбек

құралдары бәріне ортақ саналды.Барлығы бірлесіп,орманда аң

аулады,балық ұстады,ортақ жайылымда мал жайды.Қауымның ішкі

жұмысын теңдей бөлісті.Әйелдер мен балалар жеміс-жидек

жинады,еркектер ор қазды,егістік жерді тазалады,жыртқыш аңдарды

аулады.Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті,мысалы,найзаны кез

келгені пайдалана алды"

А)Аналық ру үстемдігі

В)Қауымның меншігі ортақ болды

С)Жеке меншіктің үстемдігі

Д)Қауым мүшелерінің жас ерекшеліктеріне қарай міндеттерін бөлісуі

Е)Қауым мүшелерінің құқығының тең болуы


жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау