Южно-казахстанская государственная



жүктеу 358,04 Kb.
Дата06.02.2018
өлшемі358,04 Kb.
#8827
түріСабақ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ

АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫ


Пән: «Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі»

Пән коды: HRMI 3213

Мамандығы: 051101 – «Мейірбике ісі»

Курс 3

Кредит №3


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Шымкент – 2013 ж.

Сабаққа арналған әдістемелік өңдеу құрылымы «___»______2013 ж.


кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді. № «___» хаттама

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент А.Ә. Әлдешев



1 сабақ

1. Тақырыбы: Термикалық зақымдануы бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастыру ерекшеліктері. Күйік. Суық жарақат. Классификация. Госпитальға дейінгі кезеңде алғашқы медициналық көмек көрсетудің ерекшеліктері. Тасымалдау. Емдеу принциптері. Термикалық зақымдануы бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастыру ерекшеліктері. Күйік. Суық жарақат. Классификация. Госпитальға дейінгі кезеңде алғашқы медициналық көмек көрсетудің ерекшеліктері. Тасымалдау. Емдеу принциптері.
2. Мақсаты: Студенттерге күйік ағымының ерекшелігін үйрету. Күйік кезінде дәрігерге дейінгі көмектің негізгі шараларын меңгеру. Күйік жараларына күтім жасау бойынша негізгі әдістерді меңгеру. Суық жарақат ағымының ерекшелігін үйрету. Суық жарақат кезінде дәрігерге дейінгі көмектің негізгі шараларын меңгеру. Суық жарақат зәбірленушіге күтім бойынша негізгі әдістерді меңгеру.
3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі қажет:

  • Күйік, суық жарақат туралы түсінігін;

  • Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру:

  • Күйік, суық жарақат жіктемесін;

  • Ауруханаға дейінгі этапта алғашқы медициналық көмекті көрсету ерекшелігін;

  • «Күйік» бөліміндегі жұмысты ұйымдастыруды;

  • Термикалық зақымдану мен зәбірленушіні емдеу принциптерін;

  • Күйік аурулары туралы түсінігін;

  • Ересек адамдар және балаларда термикалық зақымдану ерекшеліктерін;

  • Емханада, жарақат пункті және «күйік алу» бөлімінде емдеу шараларының ұйымдастырылуын;

  • Диспансеризацияны;

  • Сіреспенің алдын – алу шараларын.

Студент істей білуі тиіс:

  • Зәбірленушіні тасымалдауды орындау тәртібін;

  • Күйік кезінде шокқа қарсы ерте жүргізілетін терапияны өткізуді;

  • Ауруханаға дейінгі этапта алғашқы медициналық көмекті көрсетуді;

  • Күйік алған адамдарды күту ерекшеліктерін.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Термикалық зақымдану синдромы мен науқасқа мейірбикелік процесті ұйымдастыру ерекшеліктері;

    2. Негізгі клиникалық белгілері және клиникалық ағымы;

    3. Диагностикалау және емдеу принциптері;

    4. Ауруханаға дейінгі этапта алғашқы медициналық көмекті;

    5. Жоғарыда аталған науқастарға арнайы көмектің ерекшеліктері;

    6. Операция алдындағы дайындық ерекшелігі және операциядан кейін науқас жағдайын бағалау.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері ( шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс – стади және т.б.):

  • Фантоммен,муляж,манекенмен жұмыс жасау.

  • . Мейірбикенің күтімін қажет ететін науқастарды курациялау.

  • Тур әдісі бойынша ауызша сұрау.

  • Тақырып бойынша ситуациялық сауалдарды ,тестік сұрақтарды шешу.


6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Барыкина Н. В. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие. - Ростов н/Д: 2005. – всего 13 экз.

2. Барыкина Н. В. Сестринское дело в хирургии: практикум. - 4-е изд. - Ростов н/Д: 2007. –Всего 1 экз.

3. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие / С. А. Блинов [и др.]. - Ростов н/Д: 2006. –Всего 2 экз.

4. Стецюк В. Г. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие. - М., 2009. – Всего 10 экз.

5. Вязьмитина А. В. Практические навыки и умения медсестры хирургического профиля: сборник. - Ростов н/Д : 2002. – Всего 4 экз.



Қосымша:

6. Справочник медицинской сестры по уходу: справ. изд. / под ред. Н. Р. Палеев. - 2-е изд., испр. и доп. - М., 2006. – Всего 1 экз.

7. Садикова Н. Б. 10000 советов медсестре по уходу за больными: моногр. - Минск, 2002. – Всего 1 экз.
7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, ситуациялық есептер):

Сұрақтар:


  1. Күйік, суық жарақат туралы түсінік.

  2. Күйік, суық жарақат жіктемесі.

  3. Негізгі клиникалық белгілері, диагностикалау және емдеу принциптерін атаңыз?

  4. Ауруханаға дейінгі этапта алғашқы медициналық көмекті көрсету шаралары?

  5. Зәбірленушіні тасымалдауды орындау тәртібі?

  6. Операция алдындағы дайындық ерекшелігі және операциядан кейін науқас жағдайын бағалау?

  7. Термикалық зақымдану синдромы мен науқасқа мейірбикелік процесті ұйымдастыру ерекшеліктерін атаңыз?

  8. Термикалық зақымдануы мен науқасты емдеу әдістерін атаңыз?

  9. Күйік алған адамдарды күту ерекшеліктері?

  10. Сіреспенің алдын – алу шараларын жүргізу?


Тесттер:

1. Ыстық судан күйік алу сипатталады:

1. көлемі және тереңдігі кіші

2. тереңдігі кіші және көлемі үлкен

3. тереңдігі және көлемі де үлкен

4. тереңдігі үлкен және көлемі кіші

5. тереңдігі кіші және көлемі де кіші

2. Қышқылдан күйік алу кезінде некроздың сипаты:

1. коагуляциялы

2. коликвациялы

3. казеозды

4. некрозды

5. фибринозды

3. Жалынды оттан күйік алу көбінше немен бірлесе жүреді:

1. майлы эмболиямен

2. метгемоглобинемиямен

3. карбоксигемоглобинемиямен

4. гликозуриямен

5. глюкоземиямен

4. Сілтінің теріге тиген кездегі әсерінен дамиды:

1. жасуша ақуызының коагуляциясы

2. жасуша ақуызының импрегнациясы

3. жасушалар гидролизі

4. жасушаның липидті мембранасының шайылуы

5. жасуша сыртындағы ақуыздардың коагуляциясы

5. Күйік көлемін анықтау үшін Постников әдісі қолданылады:

1. күйік контурына стерильді целофанды жабу үшін

2. кесте үшін

3. «алақан» ережесі

4. «тоғыздық» ережесі

5. «ондық» ережесі

6. Күйіктің І дәрежесінің сипаты:

1. эпидермис деңгейінде

2. дерманың беткейлі қабатында

3. дерманың барлық қабаты

4. тері асты май қабаты

5. бұлшықет

7. Күйіктің ІІ дәрежесінің сипаты:

1. эпидермис деңгейінде

2. емізік тәрізді қабатына дейін

3. дерманың беткейлі қабатында

4. дерманың барлық қабаты

5. тері асты май қабаты

8. Күйіктің ІІІ «А» дәрежесінің сипаты:

1. эпидермис деңгейінде

2. дерманың беткейлі қабатында

3. дерманың барлық қабаты

4. тері асты май қабаты

5. бұлшықет

9. Күйіктің ІІІ «Б» дәрежесінің сипаты:

1. эпидермис деңгейінде

2. дерманың беткейлі қабатында

3. дерманың барлық қабаты

4. тері асты май қабаты

5. бұлшықет

10. Терең және беткейлі күйікті дифференциальді диагностика жасау үшін қандай критерий қолданылады:

1. Арьевтікі

2. Вишневскийдікі

3. Джексондікі

4. Франктікі

5. Пироговтікі
Ситуациялық есептер:

ЕСЕП № 1.

Стационардың «күйік» бөлімінде мейірбике қызметінде жұмыс істейсіз, 65 жастағы ер адам келіп түсті, түскен кездегі диагнозы: Іштің төменгі бөлігінің, сан және сирақтың термиялық күйік алуы, ІІ – ІІІ дәрежеде. Күйік ауруы, септикотоксемия. Мейірбикенің анықтағаны: ер адамның жағдайы орта дәрежелі, өз жағдайына алаңдауда, күйік ауруынан айығуын ойлауда және өз жақын адамдарын күтуде. Дене қызуы 38°С, АҚҚ 140/90 мм сп бб, пульсі 90 рет минутына, ТАЖ 20 рет минутына. Күйіп қалған терісі қызарған, айқын байқалатын ісіну, іріңді бөлінумен жабылған, іштің алдыңғы тері беткейінде – тіндердің некрозды аймақтары анықталды. Таңу материалына серозды – іріңді бөліну жағылған.



ТАПСЫРМА

1. Науқастың бұзылған қажеттіліктерін атаңыз.

2. Науқастың мәселелерін атаңыз.

3. Мейірбикелік араласудың мақсатын және жоспарын құрастырыңыз.

4. Күйіктен түзілген жараны алғашқы хирургиялық өңдеу жасау үшін құралдарды жинақтаңыз.
Есеп № 2.

7 жастағы жеткіншек далада бір сағат шамасында жалаңаш қолымен қармен ойнады, тоңды. Үйге кіріп жылынған соң саусақтарының ауырғанына және ісінгеніне шағымдана бастады. Анасы емханаға қаратуға апарды. Жас өспірім бала қорқып тұр, оң қол саусақтарының ауырып жатқанына және саусақтарының қимыл – қозғалысының шектелгеніне шағымданды. Оң қолдың IV және V саусақтарының тері беткейі қошқыл қызғылт – көк түсті, ашық түсті сұйықтыққа толы күлдір бөртпе анықталды. Зақымдалған саусақтардың ісінуі байқалады, қолына қарай таралып жатқаны анықталды. Сезімталдылығы сақталған. Пульсі 78 рет минутына,

АҚҚ 120/80 мм сп. бб.

ТАПСЫРМА

1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.



2. Мейірбике іс әрекетінің алгоритмін құраңыз, әр бір этаптың мотивациясыменен.

3. «Рыцарь қолғабы» таңу техникасын көрсетіңіз.


ЕСЕП № 3.

«Күйік алу» бөліміне науқас түсті, оның медициналық диагнозы: дененің алдыңғы беткейінің және екі санының термиялық күйігі. Күйік шогы. Мейірбике сұрау жүргізген кезде анықтады: үй жағдайында үш сағат бұрын қайнап тұрған судан күйіп қалған. Науқас тежелген, қойылған сұраққа жауап береді, ауырсыну сезіміне шағымданады. Қараған кезде: тері беткейі бозғылт түсті, дененің алдыңғы беткейі және сандары қызарған, ісінген, көлемі әр түрлі күлдір бөртпелер көп, мөлдір түсті сұйықтыққа толы. Пульсі 104 рет минутына, ырғақты, толымдылығы қанағаттанарлық. АҚҚ 110/70 мм сп. бб. Тыныс алуы мұрын арқылы, бос дем алады, беткейлі минутына 24 рет. Кіші дәреті сирек, көлемі аз.



ТАПСЫРМА

1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.



2. Мейірбике іс әрекетінің алгоритмін құраңыз, әр бір этаптың мотивациясыменен.

3. Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу жасау үшін құралдарды жинақтаңыз.

.

ЕСЕП № 4.

Емханадағы хирург дәрігердің қабылдауына әйел адам қаралды, ол 5 минут бұрын стаканға құйылып тұрған уксус эссенциясын кенет білместен ішіп қойған. Науқас қобалжулы, алғашқы көмек көрсетуді сұрануда, мүгедек болып қалудан қорқатынын айтты. Сұраған кезде мейірбике анықтады: науқас өңеш жолы бойымен асқазанға қарай құсуды шақыртатын ауырсыну сезіміне шағымдануда. Қараған кезде мейірбике анықтады: ауыз қуысының кілегей қабаты беткейлі қызарған, кей бір жерлері ақ бөртпемен қапталған, сілекейдің көптеп бөлінуі мазасындандыруда. Пульсі 96 рет минутына, ырғақты, толымдылығы қанағаттанарлық. АҚҚ 130/80 мм. сп. бб. Тыныс алуы мұрын арқылы, бос дем алады, беткейлі минутына 24 рет, дауысы қарлыққан.



ТАПСЫРМА

1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.

2. Мейірбике іс әрекетінің алгоритмін құраңыз, әр бір этаптың мотивациясыменен.

3. Трахеостомия жасау үшін құралдарды жинақтаңыз.


ЕСЕП № 5.

Емхананың хирургиялық бөлмесіне 40 жастағы науқас қаралды, қол саусақтарының ауырсынуына және аяқ – қолдардың ұюына шағымданды. Мейірбике анамнезінен анықтады: науқас екі сағаттың көлемінде қолғапсыз суықта тұрып қалған. Қараған кезде анықталды: қол саусақтарының терісі бозғылт түсті, сезімталдылығы бұзылған. Пульсі 80 соққы минутына, АҚҚ 130/80 мм. сп. бб., ТАЖ 18 рет минутына, температурасы 36,90С.



ТАПСЫРМА

1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.



2. Мейірбике іс әрекетінің алгоритмін құраңыз, әр бір этаптың мотивациясыменен.

3. Саусақтарға «қолғап» таңуды жасап көрсетіңіз.



2 сабақ

1. Тақырыбы. Ішперде қуысы ағзаларының жіті хирургиялық аурулары бар ауқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері. «Іш теспесі» синдромы.
2. Мақсаты. Студенттерге «іш теспесі» туралы, аурудың пайда болу себептерін таныстыру. Клиникалық симптомдарын және диагностикалау әдістерін таныстыру. Асқынулары, олардың алдын – алу шараларын түсіндіру. Операция алдындағы дайындық ерекшелігі және операциядан кейін науқас жағдайын бағалауды меңгеру.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі қажет:

  • Ішперде қуысы ағзаларының жіті хирургиялық аурулары бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктерін;

  • Симптомдардың жиынтығын құрайтын «іш теспесі» синдромы туралы түсінігін;

  • Ішперде қуысы ағзаларының негізгі жіті хирургиялық ауруларын;

  • Ішперде қуысы ауруларының пайда болу себептерін;

  • Негізгі клиникалық симптомдарын;

  • Клиникалық және инструментальді зерттеу әдістерін;

  • Емдеудің негізгі принциптерін;

  • Асқынулары, олардың алдын – алу шараларын;

  • Реабилитация принциптерін;

Студент істей білуі тиіс:

  • Ішперде қуысы ағзаларының жіті хирургиялық аурулары бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастыруды;

  • Ажыратпалы диагностикалауды жүргізуді;

  • Ауруханаға дейінгі этапта тактика әдісін игеруді;

  • Операция алдындағы дайындық тактикасын игеруді;

  • Операциядан кейін науқас жағдайын бақылауды;


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ішперде қуысы ағзаларының жіті хирургиялық аурулары бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері;

  2. Ішперде қуысы ағзаларының негізгі жіті хирургиялық аурулары;

  3. Симптомдардың жиынтығын құрайтын «іш теспесі» синдромы туралы түсінігі;

  4. Ішперде қуысы ауруларының пайда болу себептері;

  5. Негізгі клиникалық симптомдары;

  6. Клиникалық және инструментальді зерттеу әдістері;

  7. Ажыратпалы диагностика (миокард инфаркті, пневмония, спонтанды пневмоторакс, «бүйрек коликасы», капилляротоксикоз);

  8. Емдеудің негізгі принциптері;

  9. Операция алдындағы дайындық ерекшелігі және операциядан кейін науқас жағдайын бағалау;

  10. Асқынулары, олардың алдын – алу шаралары;


5. Білім берудің және оқытудың әдістері ( шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс – стади және т.б.):

  • Фантоммен,муляж,манекенмен жұмыс жасау.

  • Тур әдісі бойынша ауызша сұрау

  • Тақырып бойынша ситуациялық сауалдарды ,тестік сұрақтарды шешу

6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Барыкина Н. В. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие. - Ростов н/Д: 2005. – всего 13 экз.

2. Барыкина Н. В. Сестринское дело в хирургии: практикум. - 4-е изд. - Ростов н/Д: 2007. –Всего 1 экз.

3. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие / С. А. Блинов [и др.]. - Ростов н/Д: 2006. –Всего 2 экз.

4. Стецюк В. Г. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие. - М., 2009. – Всего 10 экз.

5. Вязьмитина А. В. Практические навыки и умения медсестры хирургического профиля: сборник. - Ростов н/Д : 2002. – Всего 4 экз.



Қосымша:

6. Справочник медицинской сестры по уходу: справ. изд. / под ред. Н. Р. Палеев. - 2-е изд., испр. и доп. - М., 2006. – Всего 1 экз.

7. Садикова Н. Б. 10000 советов медсестре по уходу за больными: моногр. - Минск, 2002. – Всего 1 экз.
7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, ситуациялық есептер):

Сұрақтар:


  1. Ішперде қуысы ағзаларының жіті хирургиялық аурулары бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктерін айтыңыз;

  2. Ішперде қуысы ағзаларының негізгі жіті хирургиялық ауруларын атаңыз;

  3. Симптомдардың жиынтығын құрайтын «іш теспесі» синдромына анықтама беріңіз;

  4. Ішперде қуысы ауруларының пайда болуына алып келетін қандай себептерді білесіз?

  5. Негізгі клиникалық симптомдарды атаңыз;

  6. Клиникалық және инструментальді зерттеу әдістерін атаңыз;

  7. Ажыратпалы диагностика (миокард инфаркті, пневмония, спонтанды пневмоторакс, «бүйрек коликасы», капилляротоксикоз);

  8. Емдеудің негізгі принциптерін атаңыз;

  9. Операция алдындағы дайындық ерекшелігі және операциядан кейін науқас жағдайын бақылау іс - әрекеті қандай болмақ?

  10. Асқынулар, олардың алдын – алу шаралары туралы атаңыз;


Тесттер:

1. Перитониттің жиі кездесетін себебі:

1. жіті энтероколит

2. жіті аппендицит

3. созылмалы энтероколит

4. созылмалы аппендицит

5. жіті гастрит

2. Перитонит кезінде құрсақ қуысына газдың жинақталуына әсер етеді:

1. жатырдан тыс жүктілік

2. аш ішек қабырғасы өтімділігінің бұзылысы

3. қуыс ағза перфорациясы

4. тоқ ішек қабырғасы өтімділігінің бұзылысы

5. паренхиматозды ағзаның зақымдалуы

3. Перитонит үшін алғашқы 24 сағ тән емес белгі:



  1. тілінің құрғауы

  2. Кулленкампф симптомы

  3. құрсақ қуысы бұлшықетінің күштенуі және Щеткин-Блюмберг симптомы

оң мәнді

  1. тахикардия

  2. ішек перистальтикасының болмауы

4. Перитонит симптомының авторы – медициналық ЖОО – И.И. Мечников ауруханасының негізін қалаушы:

А-Ситковский

Б-Пастернацкий

В-Щеткин


Г-Воскресенский

Д-Греков


Е-Ровзинг

5. Ойық жара ауруының жасырын перфорациясы кезіндегі жан – ұялық дәрігердің іс - әрекеті:

А – хирургиялық стационарға шұғыл түрде госпитализация жасау

Б – хирургиялық стационарға жоспарлы түрде госпитализация жасау

В – емханадағы терапевт дәрігердің бақылауында болу

Г – терапевттік стационарға госпитализация жасау

Д - емханадағы терапевт дәрігердің бақылауында болу

6. Перитонит кезінде іштің кебуін нақтылау қажет:

А – аналық без жылауығының (кистаның) жарылуы

Б – жатырдан тыс жүктілік

В – жіті ішек өтімсіздігі

Г – қуыс ағза перфорациясы

Д – паренхиматозды ағзаның зақымдалуы

7. Шектеулі перитониттің түрі:

А – жайылмалы перитонит

Б – диффузды перитонит

В – аппендикулярлы инфильтрат

Г – жергілікті перитонит

Д – сегментарлы

8. Жайылмалы іріңді перитонит кезінде доступ түрі:

А-Волкович-Дьяконова

Б-Федорова

В-Кохера

Г – ортаңғы көлденең тілу

9. Перитониттің ең жиі кездесетін себебі:

А – асқазан обыры

Б – сальпингит

В – аш ішек странгуляциясы

Г - прободная язва

Д – жіті аппендицит

10. Пеританит кезінде құрсақ қуысында газдың жыйылу себебі:

А-тоқ ішектің қабырғасының өткізгіштігінің бұзылуы

Б қуыс мүшелердің тесілуі

В жедел ішек түйілуі

Г паренхималық мүшелердің зақымдануы

Д Жатырдан тыс жүктілік


Ситуациялық есептер:

ЕСЕп №1.

Орта оқу орнының медициналық пунктіне оқушы қаралды, ол ішінің оң жақ бөлігінің ауыруына және көңілінің айнуына шағымданды. Мейірбике сұраған кезде ауырсыну сезімінің 12 сағат бұрын эпигастральді аймақ жақтан басталғанын анықтады, бір рет құсу болған. Қараған кезде: жағдайы орта дәрежелі ауырлықта, тері жабындысы қалыпты түсте, тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Пульсі 104 рет мин., АҚҚ 120/80 мм.сп.бб., температурасы 37,8ºC градус. Іштің оң жақ бөлігі күштенуі және тынысалу кезінде қалып қоятындығы анықталды. Оң жақ мықын аймағында Щеткин-Блюмберг симптомы оң мәнді болып шықты.



ТАПСЫРМА

1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.

2. Мейірбике іс - әрекетінің алгоритмін құраңыз.

3. Аппендэктомия үшін құралдарды жинақтаңыз.



ЕСЕП №2.

Операциядан кейінгі палатада 36 жастағы науқас әйел адам жатыр, диагнозы: жіті флегмонозды аппендицит. Мейірбикеге операция жасаған орын мен ішінің ауырғанына шағымданды. Қараған кезде: температурасы 37,8 С, пульсі 86 рет минутына, толымдылығы қанағаттанарлық, АҚҚ 130/80 мм.сп.бб., ТАЖ 20 рет минутына. Операциядан кейін 3 сағат өтті, науқас кіші дәретке шықпаған.



ТАПСЫРМА

1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.

2. Мейірбике іс - әрекетінің алгоритмін құраңыз.

3. Жұмсақ катетермен қуық катетеризациясын жасап көрсетіңіз.



ЕСЕП №3.

Аппендэктомиядан соң науқас хирургия бөлімінің палатасында жатыр. Операция 3 күн бұрын жасалған. Операциядан кейінгі ағымы асқынусыз. Бірақ, 3 – күні кешкісін дене қызуы 37,8 С дейін көтерілді, қалтырау, дімкәстік, операциядан кейінгі жара орнында пульсацияланатын ауыру сезімі мазалауда. Қараған кезде операциядан кейінгі тігіс орнының ісінуі, қызаруы, 3 тігіс ажыраған.



ТАПСЫРМА

1. Науқастың мәселелерін анықтаңыз; басты мәселелері бойынша мейірбикелік күтімнің мақсаты мен жоспарын құраңыз.

2. Науқасқа асқынудың сипатын түсіндіріңіз, оның болуы мүмкін себептері.

3. Жара тігісін алыңыз.



ЕСЕП №4.

Операциядан кейінгі палатада ойық жара ауруы бойынша асқазан резекциясынан кейін науқас жатыр. Алғашқы тәуліктің соңына қарай науқастың жағдайы нашарлай бастады. Іш ауыруының күшеюіне және ықылыққа шағымдануда.

Объективті: жалпы жағдайы орта дәрежелі ауырлықта. Тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Іші кебіңкі, тынысы тарылған, ішек перистальтикасы естілмейді, жел шықпай жатыр.

ТАПСЫРМА

1. Науқастың мәселелерін анықтаңыз; басты мәселелері бойынша мейірбикелік күтімнің мақсаты мен жоспарын құраңыз.

2. Науқаста пайда болған асқынуды алып келген себептерін және оның сипатын түсіндіріңіз.

3. Газ шығаратын түтікті қою үшін қажетті құралдарды атап шығыңыз, муляжда жасап көрсету.


3 сабақ

1. Тақырыбы. «Ірі қантамырларының бітелуі» синдромы бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері.

2. Мақсаты: Студенттерге «ірі қантамырларының бітелуі» синдромы бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктерін танып білуді үйрету. Симптомдардың жиынтығын құрайтын «ірі қантамырларының бітелуі» синдромы туралы түсінік беру. Пайда болу себептері, клиникалық симптомдары және диагностикалау әдістері бойынша білімдерін нықтау. Емдеудің негізгі принциптерін және шұғыл медициналық көмектің іс - әрекетін ұйымдастыруды үйрету. Асқынулары, олардың алдын – алу шаралары. Операция алдындағы дайындық ерекшелігі және операциядан кейін науқас жағдайын бақылау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша білім деңгейін нықтау.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі қажет:

  • «Ірі қантамырларының бітелуі» синдромы бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктерін;

  • Симптомдардың жиынтығын құрайтын «ірі қантамырларының бітелуі» синдромы туралы түсінігін;

  • «Ірі қантамырларының бітелуі» синдромының пайда болу себептерін;

  • Негізгі клиникалық симптомдарын;

  • Клиникалық және инструментальді зерттеу әдістерін;

  • Емдеудің негізгі принциптерін;

  • Асқынулары, олардың алдын – алу шараларын;

Студент істей білуі тиіс:

  • «Ірі қантамырларының бітелуі» синдромы бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастыруды;

  • Ажыратпалы диагностикалауды жүргізуді;

  • Шұғыл медициналық көмек көрсетуді;

  • Операция алдындағы дайындық тактикасын игеруді;

  • Операциядан кейін науқас жағдайын бақылауды;

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. «Ірі қантамырларының бітелуі» синдромы бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері;

  2. Симптомдардың жиынтығын құрайтын «ірі қантамырларының бітелуі» синдромы туралы түсінік;

  3. Ірі қантамырларының бітелуінің себептері (эмболия, тромбоз, облитерация, аневризма);

  4. Негізгі клиникалық симптомдары;

  5. Клиникалық және инструментальді зерттеу әдістері;

  6. Ажыратпалы диагностика;

  7. Емдеудің негізгі принциптері;

  8. Шұғыл медициналық көмектің шаралары;

  9. Операция алдындағы дайындық ерекшелігі және операциядан кейін науқас жағдайын бағалау;

  10. Асқынулары, олардың алдын – алу шаралары;

5. Білім берудің және оқытудың әдістері ( шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс – стади және т.б.):

  • Фантоммен,муляж,манекенмен жұмыс жасау.

  • . Мейірбикенің күтімін қажет ететін науқастарды курациялау.

  • Тур әдісі бойынша ауызша сұрау.

  • Тақырып бойынша ситуациялық сауалдарды ,тестік сұрақтарды шешу.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Барыкина Н. В. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие. - Ростов н/Д: 2005. – всего 13 экз.

2. Барыкина Н. В. Сестринское дело в хирургии: практикум. - 4-е изд. - Ростов н/Д: 2007. –Всего 1 экз.

3. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие / С. А. Блинов [и др.]. - Ростов н/Д: 2006. –Всего 2 экз.

4. Стецюк В. Г. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие. - М., 2009. – Всего 10 экз.

5. Вязьмитина А. В. Практические навыки и умения медсестры хирургического профиля: сборник. - Ростов н/Д : 2002. – Всего 4 экз.



Қосымша:

6. Справочник медицинской сестры по уходу: справ. изд. / под ред. Н. Р. Палеев. - 2-е изд., испр. и доп. - М., 2006. – Всего 1 экз.

7. Садикова Н. Б. 10000 советов медсестре по уходу за больными: моногр. - Минск, 2002. – Всего 1 экз.

7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, ситуациялық есептер):

Сұрақтар:


  1. Ірі қантамырларының бітелуінің себептерін (эмболия, тромбоз, облитерация, аневризма) атаңыз?

  2. Негізгі клиникалық симптомдарды атаңыз;

  3. Клиникалық және инструментальді зерттеу әдістерін атаңыз;

  4. Емдеудің негізгі принциптерін атаңыз;

  5. Жедел медициналық көмек

  6. Операция алдындағы дайындық ерекшелігі және операциядан кейін науқас жағдайын бақылау іс - әрекеті қандай болмақ?

  7. Асқынулар, олардың алдын – алу шаралары туралы атаңыз;

Тесттер:

1. Аяқ – қолдың қайтымсыз ишемиясының белгілері:

1. аяқ – қолдың ісінуі

2. тотальді бұлшықет контрактурасы

3. аяқ – қолдың цианозы

4. аяқ – қолдың ауырсынуы

5. бозару, қимыл – қозғалысының шектелуі

2. Илеофеморальді флеботромбоздың асқынуына жатады:

1. жіті миокард инфарктісі

2. инфаркт-пневмония

3. ишемиялық инсульт

4. жіті тромбофлебит

5. облитерациялайтын атеросклероз

3. Төменгі аяқ – қолдың венаның варикозды кеңеюінің асқынуына жатады:

1. жіті тромбофлебит

2. аяқ – қолдың жіті ишемиясы

3. неспецифического аортоартериита

4. облитерирующего атеросклероза

5. облитерирующего тромбангиита

4. Мигрирующий тромбофлебит характерен для:

1. неспецифического аортоартериита

2. облитерирующего атеросклероза

3. облитерирующего тромбангиита

4. острого тромбофлебита

5. специфического аортоартериита

5. Аяқ – қолдың жіті ишемиясы үшін тән симптомдар:

1. аяқ – қолдың ауырсынуы, ісіну, цианоз

2. аяқ – қолдың ауырсынуы, бозару, белсенді қимыл қозғалыстың шектелуі

3. тері қышынуы, цианоз

4. сирақ (жіліншік) гиперемиясы

5. дене қызуының көтерілуі

6. Сан артериясының эмболиясы кезінде емдік тактика:

1. шұғыл операция

2. жоспарлы операция

3. консервативті ем

4. диагностикалық операция

5. паллиативті операция

7. Жгутты қоюдың максимальді ұзақтығы құрайды:

1. 30 минут

2. 60 минут

3. 120 минут

4. 180 минут

5. 45 минут

8. Ауалы эмболия көбінесе қайсы зақымдалудың асқынуы болып келеді:

1. артерия

2. вена


3. артериола

4. капилляр

5. аорта

9. Ауалы эмболия көбінесе зақымдалу кезінде кездеседі:

1. бұғана асты венасы

2. бүйрек венасы

3. мықын венасы

4. аорта


5. шынтақ веналары

10. При облитерующем атеросклерозе в первую чередь поражаются:

А-подвздошные артерии, бифуркация аорты

Б- бедренная артерия

В-большеберцовые артерии

Г-большеберцовые артерии, подколенная артерия

Д-подколенная артерия

Ситуациялық есептер:

ЕСЕП №1.

Бөлімшеде 32 жастағы науқас диагнозы: сол жақ аяқтың эндартерииті. Аяқ саусағының құрғақ гангренасының 1және 2 дәрежесі.Тексерулерден кейін операция жасалу шешілді. Үш күн бұрын науқасқа ампутация жасалынды.Операциядан кейінгі кезең өзгеріссіз өтті.. Палата мейірбикесі науқастың аяғын қозғалтпай ұзақ жатқанын байқаған.Науқас ешкімге қажет емеспін деп ойланып ,қайғырған.

Науқасты тексергенде жара орны құрғақ, АД 120/80 мм рт. ст., пульс 72 минутына., температура 36,8° С. Босқа патологиялық өзгерістер байқалмайды.

ТАПСЫРМА:

1. Науқастың жағдайын шешу мейірбекелік үрдісті қүру.Науқас күтімінің жоспарын қүру.

2. Науқастың аяғын кесіп тастаған жағдайдағы науқасқаа реаблитация жургізу туралы науқаспен әнгіме жүргізу..

3. Науқастың аурыр жағдай кезіндегі жараға сипаттама беру.

4. Жарақатқа танғыш салу

ЕСЕП №2.

Науқас ауруханада жатыр диагнозы;Аяқтағы көк тамырдың кеңеиуі.Аяқ астынан варикоз түйіндерінен қан кете бастады.Меиірбикені шақырды.Науқастың терісі бозғылт жалпы әлсіздік.бас айналу.Балтырдың ішкі жағында кеңеиген веналардың түиіндері.Оның үстіндегі тері пигментацияланған.Оң жақ балтырының үштен бір бөлігінде қан кетуде.Қан қысымы . АД 105/65 мм рт. ст. ТАЖ 22 мин.Ішкі мүшелердің бұзылуы байқалмайды.



Тапсырма

1.Науқастың жағдайын бағалау.

2.Меиірбикелік үрдістердің жоспарын құру.

3.Науқасқа танғыш салу.



4 сабақ

1. Тақырыбы: Диурез бұзылуы, несеп шығуының бұзылуы, «бүйрек шаншуы» бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері. «Бүйрек шаншуы» синдромы.
2. Мақсаты: «Бүйрек коликасы» диурездің бұзылуы, зәр шығару процесстерінің бұзылған науқастардағы медбике процессінің ұйымдастыру ерекшеліктерін білу. «Бүйрек коликасы» синдромы және оны құрайтын симптомкомплексімен студенттерді таныстыру. Басталу себептерімен, клиникалық симптомдарымен және диагностикалық тәсілдерімен танысу. Емдеу принципі және жедел жәрдем тәсілдерін оқыту.
3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

  • «Бүйрек коликасы» диурездің бұзылуы, зәр шығару процесстерінің бұзылған науқастардағы медбике процессінің ұйымдастыру ерекшілігі;

  • «Бүйрек коликасы» синдромы және оны құрайтын симптомокомплексі туралы түсінік;

  • «Бүйрек коликасы» басталуының себептері;

  • Клиникалық және құрал – саймандар тәсілімен тексеру;

  • Дифференциалды диагностикалау;

  • Жедел жәрдем;

  • Емдеудің негізгі принциптері;

Студент істей білуі тиіс:

  • «Бүйрек коликасы» диурездің бұзылуы, зәр шығару процесстерінің бұзылған науқастардың медбике процессін ұйымдастыру;

  • Дифференциалды диагностика жүргізе білу;

  • Жедел жәрдем тактикасын білу;


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. «Бүйрек коликасы» диурездің бұзылуы, зәр шығару процесстерінің бұзылған науқастардағы медбике процессінің ұйымдастыру ерекшіліктері;

2. «Бүйрек коликасы» синдромы және оны құрайтын симптомокомплексі туралы түсінік;

3. «Бүйрек коликасы» болу себептері (даму ақаулары, қабыну процессі, ісік, зәртас аурулары.);

4. Бүйрек және паренхима қуысы системасын клиникалық және құрал – саймандар тәсілімен зерттеу;

5. Дифференциалды диагностика;

6. Емдеудің негізгі принциптері;

7. Жедел жәрдем түсінігі;


5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.):

  • Муляжда, манекенде және басқа құралдарда жұмыс істеу.

  • Науқас төсегінде жұмыс жасау.

  • Тур тәсілімен ауызша сұрау.

  • Тестерді және ситуациялық есептерді шығару.


6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Барыкина Н. В. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие. - Ростов н/Д: 2005. – всего 13 экз.

2. Барыкина Н. В. Сестринское дело в хирургии: практикум. - 4-е изд. - Ростов н/Д: 2007. –Всего 1 экз.

3. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие / С. А. Блинов [и др.]. - Ростов н/Д: 2006. –Всего 2 экз.

4. Стецюк В. Г. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие. - М., 2009. – Всего 10 экз.

5. Вязьмитина А. В. Практические навыки и умения медсестры хирургического профиля: сборник. - Ростов н/Д : 2002. – Всего 4 экз.



Қосымша:

6. Справочник медицинской сестры по уходу: справ. изд. / под ред. Н. Р. Палеев. - 2-е изд., испр. и доп. - М., 2006. – Всего 1 экз.

7. Садикова Н. Б. 10000 советов медсестре по уходу за больными: моногр. - Минск, 2002. – Всего 1 экз.

7. Бақылау (тесттер, ситуациялық есептер)

1. «Бүйрек коликасы» диурездің бұзылуы, зәр шығару процесстерінің бұзылған науқастардағы медбике процессінің ұйымдастыру ерекшіліктері;

2. «Бүйрек коликасы» синдромы және оны құрайтын симптомокомплексі туралы түсінік;

3. «Бүйрек коликасы» болу себептері (даму ақаулары, қабыну процессі, ісік, зәртас аурулары.);

4. Бүйрек және паренхима қуысы системасын клиникалық және құрал – саймандар тәсілімен зерттеу;

5. Дифференциалды диагностика;

6. Емдеудің негізгі принциптері;

7. Жедел жәрдем түсінігі;


Тесттер:

  1. Анурия – бұл :

А) зәрдің ығуы 500 мл аз

Б) зәрдің шығуы 2000 мл-ден жоғары

В)зәрдің шықпауы

Г) зәрде қанның болуы

Д) зәрде іріңнің болуы


  1. Қуыққа катетер салудың қарсы көрсетілімі

А) несеп зәр жолының жарақаты

Б) зәрдің шықпауы

В)зәрдің шығуының бұзылуы

Г) зәрде қанның болуы

Д) цистит


  1. Зәр ұстамауының белгісі

А) клиникалық белгілері жоқ

Б) зәрдің жиі шығуы

В)зәрдің көп мөлшерде шығуы

Г) зәрдің болмауы

Д) зәрдің өздігінен шықпауы


  1. Бүйректің физиологиялық қызметі

А) бөліп шығару

Б) бөліп шығару, гемостатикалық

В) қорғаныштық

Г) гемостатикалық

Д) гормональды


  1. Жедел зәрдің шықпауы қай ауруларда кездеседі

А) босанғаннан кейінгі кезеңде

Б) несепағардың қысылуы

В) простата безінің оденомасы

Г) құрсақ қуысына жасалған операциядан кейін

Д) уретраның таспен бітелуі


  1. Жедел зәрдің шықпауында қолданылады

А) тері астына прозелинді енгізу

Б) цистостомию

В) қуыққа катетер салу

Г) тері астына промедол

Д) спазмолетикті қолдану (но-па, баралгин)


  1. Несеп жолдарының жарақатынан зәрдің шықпауында катетерді салады

А) ауырсынуды басқаннан кейін

Б) салуға тыйым салынады

В) дәрігердің рұқсатымен

Д) арнайы дайындалған мейірбике



  1. Қуық жолдарын жууға көрсетілімдер

А) зәрдің тоқтау

Б) жедел просттит

В) уретраның зақымдалуы

Г) қуықтың қабынуы

Д) созылмалы пиелонефрит


  1. Қуыққа катетер салу көрсетілімдер

А) уретраның таспен ты,ындалуы

Б) жедел уретрит

В) ждел простатит

Г) уретраның зақымдалуы

Д) зәрдің 6-12 сағатташықпауы


  1. Қуыққа катетер салудың алдында майланады

А) стерильді вазелин майымен

Б) стерильді камфор майымен

В) 5% калии пермонганат рітіндісімен

Г) 0,02 фурацили ерітіндісімен

Д) сары маймен

Ситуациялық есептер:

Есеп №1.

Науқас 35 жаста.Шағымы:жалпы әлсіздік,лоқсу,құсу,шөлдеу,аузының құрғауы,бас ауру,бел аймағында ауырсынудың болуы,жоғарыдағы шағымдар бес жыл бойында мазалаған.Терісі құрғақ,бозғылт,қан қысымы 180\90мм.рт.ст.Пульс 76 рет минутына.Палпация жасағанда бүйректері екі жағында ұлғайған.Пастернацки симтомы теріс.шешесі жағынан туыстарында бүйрек ауруы бар.Зәр тығыздығы 1007кДж.нейтралды реакция.лейкоциттер 12-15к.а.эритроциттер 0-1к.а.



ТАПСЫРМА.

Қосымша тексерулерді ұсына отырып науқастың диагнозын анықтау.


Есеп №2.

Науқас 35жаста.он жыл бойында нефролитияз бен ауырған.Оң және сол бүирек тұсында қатты ауырсынудан кейін зәрінде майда ұнтақтар байқалған.10 сағат бұрын оң бүйрек тұсында ауырсыну спазмолитиктер мен басылған.Анурия байқалған.Жалпы әлсіздік, басының ауруы,лілінің құрғауы,палпацияда оң бүйрегі ұлғайған.



ТАПСЫРМА:

  • Диагноз қою.

  • Анурияның түрлері.


Есеп 3.

Науқас 67 жаста. Аурухананың урологиялық бөліміне түскен.Шағымы:кіші дәретке отыра алмауы,ішінің ауруы,ұйқысының бұзылуы,қан қысымы 140/80мм.рт.ст.пулс 80 рет минутына.температура 37.2С.палпация жасағанда қуығы толған.



ТАПСЫРМА:

  • Науқастың жағдайын бағалау.

  • Мейірбикелік іс әрекет.

  • Қуыққа котетор салу.


5 сабақ

1. Тақырыбы: Халыққа онкологиялық көмек көрсету. «Жаңа өспелер» синдромы бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері.
2. Мақсаты: «Ісік» синдромы бар науқастарға медбике процессінің ұйымдастыруды үйрену. Ісік туралы түсінік, онкологиялық процесстің ерекшелігін, клиникалық көрінісі, ерте диагностика принциптерімен және емдеумен студенттерді таныстыру. Онкологиялық науқастардың күту ерекшеліктеріне үйрету. Әртүрлі манипуляция жасағанда ұқыптылыққа үйрету.
3. Студент білуі тиіс:

«Ісік» синдромы бар науқастарға медбике процессінің ұйымдастыру ерекшеліктері.



  • ісіктің классификациясы (қатерсіз, қатерлі.)

  • басталу себептері.

  • «Ісік» синдромы және оны түзетін симптом комплексі.

  • клиникалық симптомы

  • ерте диагностикалау және емдеу принциптері.

  • операция алды дайындықтың ерекшеліктері

  • операциядан кейіңгі науқасты күту ерекшеліктері

  • осы патологиясы бар науқастарды емдегенде хосписті ұйымдастыру маңыздылығы

Студент істей білуі тиіс:

  • операцияға дейін және операциядан соң науқастармен қарым қатынас.

  • тұрғындарға онкологиялық көмекті ұйымдастыру.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ісік» синдромы және оны түзетін симптом комплексі.

  2. «Ісік» синдромы бар науқастарға медбике процессінің ұйымдастыру ерекшеліктері.

  3. Халықарасында онкологиялық көмек көрсету қалай ұйымдастырылған

  4. Операцияға дейінгі және операциядан кейіңгі науқасты күту ерекшеліктері

  5. осы патологиясы бар науқастарды емдегенде хосписті ұйымдастыр

  6. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.):




  • Фантоммен,муляж,манекенмен жұмыс жасау.

  • . Мейірбикенің күтімін қажет ететін науқастарды курациялау.

  • Тур әдісі бойынша ауызша сұрау.

  • Тақырып бойынша ситуациялық сауалдарды ,тестік сұрақтарды шешу.


6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Барыкина Н. В. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие. - Ростов н/Д: 2005. – всего 13 экз.

2. Барыкина Н. В. Сестринское дело в хирургии: практикум. - 4-е изд. - Ростов н/Д: 2007. –Всего 1 экз.

3. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие / С. А. Блинов [и др.]. - Ростов н/Д: 2006. –Всего 2 экз.

4. Стецюк В. Г. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие. - М., 2009. – Всего 10 экз.

5. Вязьмитина А. В. Практические навыки и умения медсестры хирургического профиля: сборник. - Ростов н/Д : 2002. – Всего 4 экз.



Қосымша:

6. Справочник медицинской сестры по уходу: справ. изд. / под ред. Н. Р. Палеев. - 2-е изд., испр. и доп. - М., 2006. – Всего 1 экз.

7. Садикова Н. Б. 10000 советов медсестре по уходу за больными: моногр. - Минск, 2002. – Всего 1 экз.
7. Бақылау (тесттер, ситуациялық есептер)


  1. Ісік туралы түсінік

  2. ісіктің классификациясы

  3. қатерсіз, қатерлі ісіктердің айырмашылықтары

  4. «Ісік» синдромы және оны түзетін симптом комплексі.

  5. Диагностикалау әдісі

  6. емдеу әдістері

  7. операциядан дейінгі дайындық

  8. операциядан кейінгі дайындық

  9. онкологиялық науқастарды күтуде мейірбикенің рөлі

  10. Халықарасында онкологиялық көмек көрсету қалай ұйымдастырылған?

Тесттер:

1. Ісігі бар науқастарға диагностикалық тексерудің қаншалық дәлділігі

1. шағымы

2. анамнезі

3. гистологиялық тексеру

4. палтпация

5. диагностикалық операция

2. Ісікті пальпациясында байқалады:

1. рецидивтің болуы

2. көлемі

3. консистенциясы

4. операцияның қажетілігі

5. метастаздың болуы

3. Ісікті инструментальді тексеру тәсілі

1. термография

2. ангиография

3. эндоскопия

4. биопсия

5. жағындының гистологиялық тексеру

4. Ісік аурулардың профилактикалық ұйымдастыруға жатпайды:

1. Рак алды ауруды өз уақытында диагностикалау;

2. Жоспарлы онкологиялық тексерулерді өткізу;

3. Тұрғындар арасында санитарлы – ағарту жұмыстарын жүргізу;

4. 100% барлығын диспансеризациялау;

5. Онкологиялық күдіктену әсіресе гинекологиялық ауруларда.

5. Ұлпаның май қабатындаға қатерсіз ісік деп атаймыз.

1. Папилома

2. Фиброма

3. Остеома

4. Липома

5. Ангиома

6. Сүйек ұлпасының қатерсіз ісігі деп атаймыз.

1. Папилома

2. Фиброма

3. Остеома

4. Липома

5. Ангиома

7. Эпитеальді ұлпадан қатерлі ісік деп атаймыз



  1. Саркома

  2. Эпителиосаркома

  3. Рак

  4. Эпителиома

  5. Тумар

8. Жалғастырушы ұлпаның қатерлі ісік аурулары аталады

  1. Саркома

  2. Эпителиосаркома

  3. Рак

  4. Эпителиома

  5. Тумар

9. Кіші белгілер синдромы онкологиялық ауруларда көрінеді

  1. көрінеді немесе ісік түйік ұстап көргенде сезіледі

  2. жалпы әлсіздік, арықтау тәбеттің төмендеуі.

  3. Патологиялық ағынды (қан кету.)

  4. Орган функциясының бұзылуы, ауру.

  5. Дірілдеу, жүрек айну, бас ауру.

10. Онкологиялық ауруда көрінетін «плюс – ұлпа» феномены.

  1. көрінетін немесе ұстап сезілетін ісікті түйін.

  2. жалпы әлсіздік, азу, тәбеттің төмендеуі.

  3. патологиялық ағынды (қан кету)

  4. ауру, орган функциясының бұзылуы.

  5. қалтырау, жүрек айну, бастың ауруы.


Ситуациялық есептер:

Есеп №1.

Науқас 40 жаста.Шағымдары:ентігу физикалық күш түскенде,құрғақ жөтел,кеуде қуысының сол жағында сыздап ауырсынудың болуы.Ұзақ уақыт созылмалы бронхитпен ауырған.перкусия жасағанда сол жақ өкпе тұсында қораптық дыбыс естіледі.Сол жағында тыныс алуы төмендеген.оң жақта везикулярлы.Ренгенде сол жақ өкпенің ақшылдануы байқалады.Томограммада сол жақ бронхта ісік

байқалады,диаметірі 2,5 см.контуры анық.

Тапсырма:

1. Диагроз қою.

2.Қосымша тексерулер.

3.Емдеу.
Есеп №2.

Нақас 38жаста. Шағымдары:құрғақ жөтел,сол жақ кеуде қуысында сыздап ауырсынудың болуы.Өзін үш жыл көлемінде аурумын деп санайды.Ренгенограммада, томограммада шар тәрізді көлеңке диаметірі 3см.контуры тегіс,ішінде инфилтрат жоқ.

Тапсырма:

1. Диагноз.

2. Дифференциалды диагноз.
Есеп №3.

Хирургиялық бөлімшеде науқас жатыр .Шағымдары:эпигастри аймағында ауырсынудың болуы,Соңғы үш айдың ішінде кг азып кеткен.Тамаққа тәбеті төмендеген,етті тағамдарды жей алмайды,асқазаны үнемі толып тұрған сияқтанып тұрады.Тексергенде ісік асқазаның пилорикалық бөлімінде орналасқан.Дәрігер науқасқа операция жасау керек екенін айтқанда науқас опеациядан қорқып бас тартатынын хабарлады.



Тапсырма:

1. Науқастын мәселесін шешуде мед бикелик үрдіс.

2. Науқаспен келісе отырып операцияға дайындау.

3.Қан тобын анықтауды ұйымдастыру.




Есеп №4.

Науқасқа сүт безінің қатерлі ісігінің болуына байланысты радикалды мастоэктомия жасалынды.Операциядан кейінгі химио терапияны науқас көтере алмаган, шаштары түсіп,лоқсу, құсу байқалған.мед бикемен сөйлескенде химиотерапияның қажеті жоқтығын айтады.



Тапсырмы:

1. Науқастын мәселесін анықтау.мед бикелік үрдісті анықтау.

2. Химиотерапияның өте қажет екенін түсіндіру.

3. Сүт безіне таңғыш салу.


Есеп №5.

Науқасқа сигма ішегіне операция жасау барысында колостома қойылған. Екі күн өткеннен кейін қойылған колоностом тесігінен ніжіс сырқа шыға бастаған.Науқас туған туыстарына салмақ саламын деп ойлауда.



Тапсырма:

1. Науқастын мәселесін шешу,мейірбикелік үрдісті анықтау.



2. Науқаспен кеңес жүргізу.




жүктеу 358,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау