[Введите текст]



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет9/36
Дата03.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#35482
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
Пралиева Гульзия окулык

Т.  Кәкішев
  көне 
түркі әдеби ғылымының түп-тамыры “екінші Аристотель” 
атанған  әйгілі  энциклопедист  ғалым  Әл-Фарабиден 
басталатынын батыл айтты.Ал,қазақ әдебиетіндегі көркем 
сынның  тарихын  Алаш  зиялыларының  еңбектерінен  
тамыр  алатынын    сол  кезеңдегі  мерзімді  баспасөздердегі 
нақты  ғылыми  мәліметтерге  сүйене  отырып,  дәлелдеп 
берген  .    «Қазақ  әдебиет  сынының  тарихы»  деген  жалпы 
оқу  курсының  бағдарламасы  1982  жылы  жасалып,содан 


[Введите текст] 
 
 
87 
                                                                                                                       
бері арнаулы курс ретінде бүкіл Қазақстанның филология, 
журналистика 
факультеттерінде 
оқытылып 
келеді. 
Ғалымның  «  Қазақ  әдебиетінің  қысқаша  тарихы».  Оқу 
құралы (2 кітап А., 2001, 2002); Қазақ әдебиеті сынының 
тарихы  (2  кітап,  1994,  1995,  2002,  2003)  т.б  еңбектері 
зәруліктен бірнеше рет қайталанып ,жарық көрді.  
Т.Кәкішевтің ғылыми жетекшілігімен жарық көрген 
“Қазақ  әдебиетінің  қысқаша  тарихы”атты  екі  кітаптан 
тұратын  оқулығында  төл  әдебиетіміздің  көне  кездерінен 
бастау  алған  еңбектер,  әсіресе  даңқты  тұлғалар 
Анархасис,  Алып  Ер  Тұңға,  Мәде,  Қорқыт,  Асан  Қайғы, 
Бұқар,  Махамбет,  Шоқан,  Ыбырай,  Абай  және  жазықсыз 
репрессияға  ұшырап,  қайта  ақталған  қаламгерлер  –  Ш. 
Құдайбердіұлы,  А.  Байтұрсынұлы,  М.  Дулатов,  Ж. 
Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Садуақасов, Ә. Бөкейханов, 
Ғ.  Тоғжанов  т.б  туындыларының    тарихы  орны 
айқындалады.  
Оқулықта  «Ертедегі  көшпелі  тайпалар  әдебиеті» 
деген бөлім берілген: 
І бөлім: 
1 .Аталар жырының айғағы. 2. Тарих тұнығы тереңде; 
3. Көне әдебиет көгіндегі көк бөрі  
4 «Авеста» әлемі;  
ІІ бөлім:  
1.  Түрік  ескерткіштері.  Түрік  қағанаты  дәуіріндегі 
әдебиет. Орхон ескерткіштері.  
                                                                                                                       
2. Оғыз дәуіріндегі әдебиет. (Қорқыт ата; Оғыз қаған 
жыры)  
3. Ислам дәуіріндегі әдебиет (Сыр бойы әдебиеті, Әл–
Фараби,  Ахмет  Йасауи,  Ахмет  Жүйнеки,  Қарахан 
әдебиеті,  Жүсіп  Баласағұн,  Махмұт  Қашқари);  Алтын 
Орда дәуіріндегі әдебиет. Сайф Сараи.  
ІІІ  бөлім:  Қазақтың  төл  әдебиеті  (15–18ғғ).  Бұл 
бөлім: 
Жыраулар 
поэзиясының 
зерттелу 
жайы: 
«Жыраудың  әлеуметтік  тұлғасы;  Жырау  поэзиясының 
басты  сарындары,  көркемдік  ерекшеліктері;  Жыраулар 
поэзиясының  көркемдік  негіздері,  дәстүрлі  арналары» 
атты  тараулардан  тұрады..  Асан  Қайғы,  Қазтуған, 
Доспамбет,  Шалкиіз,  Жиембет,  Марқасқа,  Қожаберген, 
Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар жырау.  
ІV бөлім ХІХ ғасырдағы әдебиет:  
1.  Ұлт  –  азаттық  күрес  жырлары.  Тарихи  өлеңдер. 
Махамбет Өтемісұлы.  
2.  Зар  –  заман  әдебиеті.  Дулат  Бабатайұлы, 
Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы.  
3. 
Қазан 
хандығы 
және 
әдебиет. 
Мәделі 
Жүсіпқожаұлы, 
Құлыншақ 
Кемелұлы, 
Майлықожа 
Сұлтанқожаұлы, Сүйінбай Аронұлы.  
4. Айтыс.  
5. Сал – серілер поэзиясы.  
6. Шешендік өнер табиғаты.  
7.  Қазақ  арасына  кең  тараған  шығыс  қисса  – 
дастандары.  


[Введите текст] 
 
 
88 
                                                                                                                       
8. Жаңа жазба әдебиет. Абай, Ыбырай, Шоқан. 
 Оқу  құралының  екінші  кітабында  ХХ  ғасыр 
басындағы  Алаштың  азатшыл  әдебиеті  қарастырылған: 
Мұнда Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан 
Жұмабаев,  Шәкәрім  Құдайбердіұлы,  Сұлтанмахмұт 
Торайғыров,  Жүсіпбек  Аймауытов  т.б  шығармалары 
талданса,  “Кеңес  дәуіріндегі  әдебиет”  деген  тараушада  
С.Сейфуллин, 
І.Жансүгірұлы, 
Б.Майлин, 
Жамбыл, 
М.Әуезов,  С.Мұқанов,  Ғ.Мүсіреповт.б  қаламгерлердің 
өмірі мен ғылыми еңбектеріне шолу жасалған. 
   ІІІ-ші  тараушада  “Шетелдегі  қазақ  әдебиеті”  мен  “ 
Қазақ әдебиеті – әлем халықтары тілінде” деген мәселелер 
бүгінгі  көзқарас  тұрғысынан  қарастырылып,ондағы 
көкейкесті мәселелер сөз болады .  
“Қазақ  әдебиетінің  қысқаша  тарихы”  міне  осы 
мәселелерді  жан-жақты  талдай  отырып,тарихқа  бүгінгі 
күн  тұрғысынан  жаңаша  сараптама  жасайды.Соңғы 
жылдары  зерттелген  әдебиеттің  мәселелеріне    баға 
береді.Бұрындары  зерттеу  нысанасына  алынбаған  әдеби 
шығармалар мен тұлғаларды ғылыми айналымға ендіреді. 
           Қазақ  әдебиетінің  тарихы  көне  дәуірдегі  түркі 
тектес  халықтармен  тамырлас  екендігі  мемлекетік 
“Мәдени  мұра”  бағдарламасы  арқылы  жүзеге  асырылып 
жатқан          неше  түрлі  әдеби,мәдени  дүниелер  арқылы 
айқындалып,  бүгінде  олар  білім  беру  салаларында 
оқулықтарға еніп,оқытыла бастағаны белгілі Бұл “Мәдени 
мұра”  бағдарламасының  үшінші  бағыты  бойынша 
                                                                                                                       
мемлекеттік тұрғыдан талап етіліп отырған ұлттық рухани 
құндылықтарды 
жас 
ұрпақтың 
санасына 
сіңіру 
мақсатында жүргізіліп отырған игілікті шаралар.  
 
      Мәселен  ,  М.  Жолдасбековтың  «Асыл  сөздің 
атасы»  (1996),  А.  Қыраубаеваның  «Ежелгі  әдебиет» 
(1994),  Н.  Келімбетовтың  «Қазақ  әдебиеті  бастаулары» 
(1998),  «Ежелгі  түркі  поэзиясы  әдебиетіндегі  дәстүр 
жалғастығы»  (1998),  А.  Жақсылықовтың  «Образы, 
мотивы  и  идеи  с  религиозный  содержательностью  в 
произведениях  казахской  литературы»  (1999)  зерттеулері 
соңғы жылдары жоғары оқу орындарында оқулық ретінде 
пайдаланылады.  
         М. Мағауин, А. Қыраубаева, М. Жолдасбеков, Н. 
Келімбетов еңбектеріндегі көне заман әдебиет үлгілері де 
оқу бағдарламаларына ене бастады.Осы орайда,  «Қазақ 
әдебиетінің қысқаша тарихы» (екі томдық) (2001, 2003), 
Ә. Құрышжановтың «Ескі түркі жазба ескерткіштері» 
(2001), Б. Байғалиевтің «Абай өмірбаяны  архив 
деректерінде» (2001) атты зерттеулерді де  атауға болады.
 
      Айталық,  академик,  философ,  абайтанушы,  әдебиетші 
Ғарифолла  Есімнің  2006  жылы  жарық  көрген  «Қазақ 
философиясының 
тарихы» 
(Алматы: 
«Қазақ 
университеті»  (2006),  академик,  философ  Әбдімәлік 
Нысанбаевтың  жетекшілігімен  жарияланған  «Қазақ 
даласының ойшылдары» (Алматы: Ғылым, 1995) атты  4–
кітаптан тұратын ұлттық философия пәнінің оқулықтары, 
«Әлеуметтік  философия»  хрестоматиясы  (Алматы  «Ақыл 


[Введите текст] 
 
 
89 
                                                                                                                       
кітабы»  1997),  философ  Н.Иманқұлдың  «Ойлау  туралы 
ойлау»  атты  «Қайнар»  университеті  шығарған  (Алматы: 
1998) 
еңбегі 
және 
«Мәдени–философиялық 
энциклопедиялық  сөздік»  (ғылыми  редактор  Ғ.Есім. 
Құраст:  Т.Ғабитов,  А.Құлсариева)  т.б  жоғарыда  аталған 
көне  түркі  халықтарына  ортақ  әдеби  мұраларымыз  мен 
оның авторларының тарихын қайта жазып, қазіргі талапқа 
сай ұлттық рухани құндылықтарымыз ретінде ұсынылады. 
  Ал,  «Таным  және  студент»  атты  оқулықта  б.з.д. 
соңғы  5–6  мыңжылдықтан  бастап  б.з.  ХҮ  ғасыр 
аралығындағы  ұлттық  тәлім-тәрбие  жүйесі  жайлы 
сипаттама  берілген.  Мәселен,  бұл  еңбекте  Еуразия 
даласындағы  алғашқы  қауымдағы  тәрбие,  Сақ,  Шумер, 
Үйсін-Қаңлы,  Ғұн 
мемлекеттеріндегі 
тәлім-тәрбие, 
Орхон-енисей  жазулары,  Қорқыт–Ата,  әл-Фараби,  Түркі 
педагогикасының  тәлімдік  ілім-білімдерінің  дамуына                        
Қ.А.  Иасауи,  Ж.  Баласағұн,  М.  Қашқари,  А.  Иүгінеки  т.б 
ықпалдары    қарастырылады.  Ұлттық  тәлім–тәрбиенің 
тамырын  көне  тарихтан  іздеген  педагог  ғалымдар  ұлы 
даладағы  халқымыздың    танымдық  мұраларын  Орхон-
енесей  жазулары  мен  Түркі  қағанаттарының  білім 
жүйелеріне  сүйене  отырып,  ой  айтады.(  «Таным  және 
студент»  Алматы.  Санат.  2007–209-б.  C.Ж.  Пірәлиев.  Л. 
Керімов.) 
   «Ұлттық 
мәдениет–сол 
халықтың 
дәстүрлі 
дүниетанымын,  тарихи-мәдени  және  эстетика-этикалық 
ұстанымын,  тілі  мен  ділін,  болмыс–бітімін  айғақтап, 
                                                                                                                       
әлемдік  өркениеттегі  орнын  айқындайтын  рухани 
құндылықтар  мәйегі.  Әбу  Наср  әл–Фараби  мен  Махмұт 
Қашқари,  Ахмет  Иасауи  мен  Абай  Құнанбаев  сияқты 
даналар шыққан ұлы дала ұрпақтарының мәдениеті тұтас 
бір 
өркениет 
жемісі 
ретінде 
бұрын 
арнайы 
қарастырылмайтын.  Тек  қана  еліміз  тәуелсіздік  алған 
соңғы  жылдары  ғана  мәдениеттану  ғылымына  назар 
аудара бастады» – дейді енді ғана еңсесін көтерген ұлттық 
мәдениеттану 
ғылымының 
мамандары.( 
«Мәдени–
философиялық 
энциклопедиялық 
сөздік. 
Құраст. 
Т.Ғабитов, А.Құлсариева және т.б – А. Раритет, 2004.–320 
б)  –3  бет.  Осы  сөздікте  тұңғыш  рет  төл  мәдениеттану 
ғылымының терминдері мен ұғымдарының анықтамалары 
жүйеленіп,  түсінігі  беріліп,  оның  өкілдері  жайлы 
мәліметтер  берілді.  Сөйтіп,  ұлттық  ғылымда  қазақ 
мәдениеттануы атты жаңа ғылым саласы оңаша отау тікті. 
Тап  осы  сияқты  өзін-өзі  енді  танып,  төл  рухани 
құндылықтарымыз  нәтижесінде  жеке  отау  тігіп,  өз 
орындарын  тауып  жатқан  салаларымыз  қазір  жеткілікті. 
Соған 
шүкіршілік 
еткен 
жөн. 
Оларға 
негіз 
болар,талданатын,  оқылатын  әдеби  де,  мәдени  да  
мәтіндеріміздің  бар  екендігі  тіпті  көңіл  қуантатын  жай. 
Әрине  ,  олардың  талдайтын,  зерттейтін  тұлғалары  мен 
туындылары  бір  болғанымен  әркім  өз  саласы  бойынша 
сараптама  жасайды.  Сондықтан  біз  олардың  бәріне 
тоқталып  жатқанды  жөн  көрмедік,  тек  қазіргі  қазақ 
ғылымының  өзінің  заңды  жолын  тауып,  ұлттық  таным 


[Введите текст] 
 
 
90 
                                                                                                                       
тұрғысынан  дамып,  әркім  өз  өлкесі  мен  өрісіндегі 
өркениетті  игеруге  деген  ниетіне  қуандық.  Алайда,  бір 
байқағанымыз – олардың дені тарихты тұлғалық деңгейде 
игеріп жатқандығы, алайды тарихты құрайтын да сол жеке 
тұлғалар мен солардың дара еңбектері екендігін ескерсек, 
жас ғылым салаларына ол олқылық та емес сияқты. 
Енді  қазақ  әдебиеті  тарихының  қайта  зерттелуіне 
тоқталар  болсақ,  ол  ежелгі  дәуір  әдебиетінен  бастап 
бүгінгі  әдебиетке  дейінгі  кезең  аралығындағы  барлық 
көркем дүниелер мен әдеби жәдігерлер, ең біріншіден, тек 
төл  тарихымыздың  мұрасы  ретінде  және  екіншіден, 
бұрынғыдай 
идеологиялық 
тұрғыдан 
бағаланып, 
талданбай  таза  әдеби  ескерткіш  және  көркем  шығарма  
тұрғысынан  әдебиеттану  ғылымына  тән  категориялар 
арқылы  талданып,  ғылыми  айналымға  енуі  деп  айрықша 
атап өткен жөн сияқты. 
 
Тәуелсіздік  әдебиеттануында  бұрындары  есімдері 
белгілі  болғанымен  шығармашылығын  зерттеуге  тыйым 
салынған  жеке  әдеби  тұлғалар  туралы  зерттеулер  мен 
диссертациялық жұмыстар да жазыла бастады. Тарихтың 
өзі жеке тұлғалардан тұтасатынын ескерсек, әрбір әдеби 
тұлғалардың  шығармашылықтары  қазақ  әдебиетінің 
белгілі  бір  кезеңдерінің  ақиқатын  анықтауға          себеп 
болатыны белгілі.  
 
Көшпелілердің жан дүниесіндегі өзімен бірге туған 
азаттық  идеясының  көне  дәуір  әдеби  мұраларындағы 
қалыптасқан  еркіндік  рухы  бүгінгі  тәуелсіз  Қазақстан 
                                                                                                                       
әдебиетінде,  ғылымында  өзінің  жарасамды  жалғасын 
тауып, өркендеп келе жатқаны белгілі. 
 
Көрнекті ғалым, шығыстанушы Әбсаттар Дербісәлі  
тәуелсіздік кезеңінде қазақ әдебиетінің көне кезеңдеріне 
көз тігіп, ұлттық сөз өнерінің қалыптасу, ежелгі дәуірдегі 
жазба жәдігерлерін тауып, төл тілімізге аудару, олардың 
ғылыми  түсініктемелерін  жазып,  жүйелеу,  жарыққа 
шығарып,  кеңінен  насихаттау  мәселелеріне  терең  мән 
беріп  келеді.  Әсіресе,  ХҮШ  ғғ.  қазақ  даласының  дана 
ойшылдары  мен  сөз  өнерінің  көрнекті  өкілдерінің  өмірі 
мен  шығармашылықтарын,  әдеби  мұраларын,  ғылыми 
зерттеулерін,  оларды  төл  тарихымыздың  мәдениеті  мен 
тарихындағы  лайықты  орындарын  айқындауға,  ұлттық 
руханияттағы  рөлін  белгілеуде  табанды  еңбек  етіп  келе 
жатқан  ғалым.  Таяу  және  Орта  Шығыс,  Орталық  Азия, 
Ресей  ғылым  ордаларының  қолжазба  қорларындағы 
бүгінгі  ғылымға  белгісіз  болып  келген  елуден  астам 
әдебиетші, тілші, ойшылдардың (оннан астам Фарабилер  
Әбуәл Қасым әл Фараби, Исмайл әл Жауһари әл Фараби, 
Әбу Ибраһим Ысқақ әл Фараби, Бурһан ад Дин Ахмад әл 
Фараби,  үш  кердерилер,  үш  сайрамилер,  жеті 
түркістанилер,  Байлақ  әл  Қыпшақи,  Хасан  Әли 
Жалайыри,  үш  таразилер,  жеті  жендилер    және  т.б) 
еңбектерін  тауып,  ғылыми  айналымға  енгізді.  Әсіресе, 
«Қазақ  даласының  жұлдыздары»  атты  еңбегі  жоғарыда 
аталған көне ойшылдардың қазақ даласында туып, еңбек 
еткендерін нақты тарихи деректермен дәлелдей отырып, 


[Введите текст] 
 
 
91 
                                                                                                                       
ғылыми  тұжырымдар  жасауы  жоғары  бағаға  ие  болды, 
еліміздің  ғана  емес,  күллі  түркі  өркениетіндегі 
айтарлықтай жаңалық болды.       
   Түркі  халқының  ірі  тұлғасы  Мұхамед  Хайдар 
Дулатидің  «Тарих-и-Рашиди»  атты  тарихи-мемуарлық 
еңбегін  тұңғыш  рет  парсы  тіліндегі  қолжазбасынан  ана 
тілімізге аударуды ұйымдастырып, зерттеп, оған алғы сөз 
жазуы  және  жалпы  редакциясын  басқарып,  жариялауы 
десек  артық  айтқандық  емес.  Бұл  біздің  қазақ  әдебиеті 
тарихын  түгендеу  барысындағы  елеулі  еңбек  екендігін 
ерекше  атап  өткен  жөн.  (М.Х.  Дулат.  Тарих-и-Рашиди. 
Алматы: «Тұран» баспасы.)  Мұхамед Хайдар  Дулатидің 
әлем  кітапханалары  мен  қолжазбалары  қорларында 
жатқан  еңбектерін  тауып  (ТМД,  Азия,  Еуропа  елдері 
бойынша),  олар  жайлы  әлем  халықтарының  көптеген 
тілдерінде  жарық  көрген.  Сондай-ақ,  соңғы  жылдары 
қазақ  тарихы  мен  мәдениетінде,  жалпы  руханиятында 
өзіндік іздері бар ірі тұлғалар туралы танымдық еңбектер 
көптеп шыға бастады. 
Ежелгі түркі мәдениетіне қатысты аса ірі әдеби жазба 
мұралар  –  Жүсіп  Баласағұнның  “Құтадғу  білік”  дастаны, 
Махмұт  Қашқаридың  “Диуани-лұғат-ит-түрк”  атты 
энциклопедиялық  сөздігін  түркі  тілінен  қазіргі  қазақ 
тіліне аударып, зерттеп, ғылыми айналымға қосқан ф.ғ.д., 
түрколог  Асқар  Егеубай  осы  зерттеулерімен  қазақ 
ғылымына  зор  үлес  қосты.  Әсіресе,Жүсіп  Баласағұнның 
“Құтадғу  білік”  (“Құтты  білік”)  дастанын  ана  тілімізде 
                                                                                                                       
сөйлетіп,оның  поэтикалық  трактат  екенін  танытты. 
Аударып, 
алғы 
сөзі 
мен 
ғылыми 
түсініктерін 
жазып,тұңғыш  рет  қазақ  оқырмандарына  таныстырған 
зерттеуші әлемдік ғылыми этикаға тән талапты сақтап, әр 
сөздің 
арабша,латынша 
және 
қазіргі 
қазақ 
графикасындағы  жазылу  түрі,  яки  транскрипциясын, 
олардың  қазақша  түсіндірмесімен  қоса  беріп  отырады. 
Зерттеуші бұл еңбектерінде Орхон - Енисей жазбаларынан 
бертінгі  дәуірге  дейін  жалғасып  отыратын  тұрақты, 
бейнелі  фразологиялық  тіркестер  түзіліміне  ғылыми 
талдау  жасайды.  Қазақ  сөз  өнерінің  тарихылығын 
айғақтайтын көне түркі мәтіндеріне жүйелі барлау жасап, 
бір ізге түсіреді.  
“Түркі  сөздігінде”  бұрындары  айтылғаны  болмаса 
ғылыми  дерегі  болмаған  Шу  батыр  туралы  аңыздың 
тарихы, оның Ескендір Зұлқарнайынның алдынан шығып, 
неше  түрлі  әскери  әдіс-тәсілдерді  қолдануы,  оның 
жорыққа  алып  жүретін  күміс  хәуісі  (жорықтарда  қаз-
үйрек,аққу-қаздарын жүздіртіп, жорықтарын ойластыруы) 
жайлы этнографиялық деректердің кездесуі, сегіз кітаптан 
тұратын үш томдық сөздіктегі бүкіл қазақ тарихына, оның 
тарихи 
шежіресіне 
қатысты 
географиялық, 
этнографиялық, 
топонимикалық, 
ономастикалық 
мағлұматтар,  дөңгелек  картаның  жасалуы  мен  қазақтың 
сөз  өнеріне  қатысты  көптеген  мақал-мәтелдердің, 
шежірелердің,  аңыз-әңгімелелердің,  шешендік  сөздердің, 
әдеби  және  әскери  терминдердің  жасалуы,  түсіндірілуі, 


[Введите текст] 
 
 
92 
                                                                                                                       
жинақталып, жүйеленуі т.б сияқты жұмыстар жасалынған. 
Осы  еңбектер  жөнінде  кезінде  академик  Зәки  Ахметов 
былай  деген  еді:  “Көне  кезеңдерден  сақталған 
мұралардың  ішінде  осы  “Құтадғу  білік”  пен  “Диуани-
лүғат-ит-түрктен”  көлемді,  ғылыми-көркемдік  жағынан 
үздігі  жоқ.  Қазақ  сахарасында,  қазақ  топырағында 
жаратылған  шығармалар.  Мәдениеттің  дамуына  да, 
рухани  тірлігімізді тың өріске  бастайтын бай да  құнарлы 
материал  игерілді.Бұлар  соңғы  кезеңдегі  айтулы  әдеби 
деректер.  Үлкен  белес.  Ұлттық,  рухани  тәуелсіздік 
мүмкіндіктері  осындай  зерттеулерден  танылады.  Бұл 
еңбектер-әдеби 
ісіміздегі 
құбылыс, 
ұлттық 
мәдениетіміздің  мәртебесін  көтерген  зерттеулер”.  (“Ана 
тілі”газетінің  2000  жыл.  7  желтоқсанындағы  санында). 
Шынында Асқар Егеубайдың орта ғасырлық ежелгі түркі 
әдеби  мұраларын  зерттеу  мен  аудару,  оларға  ғылыми 
түсініктеме  жазу,  оларды  жүйелеп  әдеби  және  ғылыми 
айналымға ендіру жөніндегі жұмыстары жеті томға жетіп 
жығылады.Атап айтсақ, ”Кісілік кітабы” монографиясы.А.   
1998 ж.  320 бет. 
“Ежелгі  дәуірдегі  қазақ  әдебиетінің  көркемдік 
жүйесі” монографиясы.А.  1999 ж.204 бет. 
Жүсіп  Баласағұн  “Құтты  білік”дастаны.А.  1986  ж.  
650 бет. 
        (Оның 
Пекиннің  “Ұлттар”баспасынан  шыққан 
нұсқасы да бар 1989-1997 жж). 
                                                                                                                       
        Махмұт  Қашқари  “Түрік  сөздігі”.А.  1997  ж.  І  том.  
592 бет. 
       ІІ том.   1997 ж.  528 бет. Ш том.  1998 жыл. 600 бет. 
       Бұл  еңбектердің  бәрі  бір-бірімен  сабақтас    ,өзектес 
туындылар. 
      “Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі” 
(1999)  деген  монографиялық  еңбегінде  қазақ,  түркі 
әдебиетінің  табиғатын,  даму  заңдылықтарын  әдебиет  пен 
өнер  туындыларының  ортақ  табиғатын  ашу  арқылы 
көркемдік  тұтастықты  бірге  қарастырады.  А.Егеубай  осы 
зерттеуінде  түркі  дүниесінің  проторенессансы  деген 
ұғымды  алға  шығарып,  оған  “түркі  нәсілді  жұрттардың 
алғашқы  ренессансы  ерте  орта  ғасыр  дәуірі,-  ”деп 
тұжырым  жасап,  анықтама  береді.Х-ХІІ  ғасырлардағы 
әдеби  мұралардың  көркемдік  табиғаты  мен  өзіндік 
ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан жан-жақты талданады. 
       Әдебиеттанушы  Ж.  Дәдебай    «Өмір  шындығы  және 
көркемдік  шешім»  (1991),    «Бөлтірік  Әлменұлы  және 
қазақ  шешендік  өнері»  (1996),  «Жазушы  еңбегі»  (2001) 
атты  зерттеулері  арқылы    қазақ  әдебиеті  тарихының 
бұрындары  зерттелмеген  белгілі  кезеңдерін  тануға,  оны 
нақты шығармашылық тұлғалардың еңбектерін талдаулар 
арқылы  жүйелеуге  көңіл  бөлсе  ,    «Мырза  Хайдар  Дулат 
(1499\1551) тарихшы-қаламгер» (монография) 2007  352-б. 
Алматы)  «Зерде»  баспасынан  шыққан  зерттеу  авторы 
Ислам  Жеменей  осы  еңбектің  негізінде  жазылған 
докторлық  диссертациясында  халқымыздың  ХҮ  ғасырға 


[Введите текст] 
 
 
93 
                                                                                                                       
дейінгі  рухани,  әдеби-мәдени  дүниетанымын  М.Х. 
Дулаттың 
шығармашылығы 
арқылы 
танытады, 
зерделейді.  Тарихи  тұлға  туралы  соңғы  кездері  көптеп 
жарияланып 
жүрген 
еңбектерден 
бұл 
зерттеудің 
ерекшелігі  –  ерте  дәуірдегі  қазақ  мәдениеті  мен 
әдебиетінің 
классикалық 
үлгісімен 
оқырмандарды 
таныстыру.  Зерттеуші  өз  еңбегінде  әлемге,  оның  ішінде 
қазақтарға  ертеден  әйгілі  ирандық  «Шаһнаме»  дастанын 
халқымыздың  тарихына,  әдебиетіне  қатысын  жаңа 
қырынан  тереңірек  жеткізеді.  Ислам  Жеменей  еңбегінің 
алғашқы  үш  тарауын  тұңғыш  тарихшының  өмірі  мен 
шығармашылығына,  тақырыптың  зерттелу  тарихына 
арнайды.  Сол  кезеңдегі  қоғамдық-әлеуметтік  өмірдегі 
өзгерістер  мен  мәдени-ахуалды  баяндай  келе  М.Х. 
Дулаттың  «Тарих-и  Рашидиге»  қатысты  барлық  зерттеу 
еңбектерге  тоқталып,  оның  әлемдік  руханияттағы 
құндылығын  айшықтайды.  Еңбектің  ІҮ,  Ү,  ҮІ  тараулары 
«Тарих-и-Рашидидің»  әдеби  мұра  ретіндегі  жанрлық, 
стильдік  және  көркемдік  ерекшеліктеріне  арналуымен 
бағалы. Мырза Хайдар шығармасында орта ғасырлардағы 
түркі-парсы  халықтарының  тарихы  мен  этнографиясы, 
мәдениеті мен философиялық ой-танымдарымен шектеліп 
қалмайды,  мұнда  сол  дәуірдегі  түркілердің  рухани  әлемі, 
поэзия,  әдебиет  теориясы,  өлең  өлшемі  (аруз), 
шығармашылық  әдістер,  ақындық  орта,  сопылық  ағым 
мен оның көрнекті өкілдері туралы жан-жақты сөз болған. 
Зерттеуші  парсы,  түркі    өлеңдеріне  шолу  жасай  отырып, 
                                                                                                                       
рубаи,  мүфрад,  ғазал,  мүшәйра,  мадақ,  мінәжат,  сынды 
шығыс  поэзиясының  тақырыптық,  жанрлық  түрлеріне 
байыпты  талдаулар  жасаған.  Жұмыстың  тағы  бір  ерекше 
маңызы – қазақ оқырмандарына онша таныс емес, Сағди, 
Жәми,  Сәккаки,  Лүпти,  Атаи,  Науаи,  т.б  шығыс 
ойшылдары мен шайырларына арнайы тоқталып, олардың 
шығармашылық  өмірі  туралы  қызықты  деректер 
келтірген.  
         «Мұхамед  Хайдар  Дулати»  деген  ғылыми-зерттеу 
мақалалар  мен  тарихи  эсселер).  Алматы,  «Ататек»,  2000, 
312-б).  деген  еңбектің  авторы  Қожабек  Албани  Байұзақ 
Рахымұлы  1999  жылы  ЮНЕСКО  дүниежүзілік  деңгейде 
500  жылдық  мерейтойын  атап  өткен  тұңғыш  тарихшы 
М.Х.  Дулатидың  ғұмырын,  оның  шығармасы  «Тарих-и-
Рашидиге»,  «Ататек»  тектемесіне  зерттеу  жүргізеді. 
Тарихи  тұлғаның    атамекенінің,  елінің  тарихы  туралы 
сұхбаттары  мен  эсселерінде  қазақ  оқырмандарына, 
зерттеушілеріне  беймәлім  болып  келген  тарихи  құжаттар 
мен  архивтік  деректер  келтіріледі.  М.Х.  Дулатидің 
шығармашылығын  түркі  халықтарына  ортақ  туынды 
«Бабырнамамен» 
байланыста 
қарастырады. 
Оған 
зерттеудің мазмұны толық сипаттама бере алады: «Хайдар 
мырзаның ғұмырнамасы» деген тарауға енген  «Мұхамед 
Хайдар  һәм  қазақ  тарихы»,  «Хайдар  мырзаның  бөлесі 
Бабыр  һәм  оның  «Бабырнамасы»,  «Ұлыдан  қалған 
ұлағат»,  «Моғолстан»  т.б  және  «Хайдар  мырзаның  ата- 
тек  тектемесі»  -  деген  екінші  тарауда  «Бабыр», 


[Введите текст] 
 
 
94 
                                                                                                                       
«Бабырнама»,  «Батыс  түрік  қағанаты»,  «Моғол  мектебі», 
«Мұхамед  Хайдар»  т.б  тараушаларында  ұлы  тарихшы 
өмір сүрген кезең, ондағы тарихи оқиғалар, ру, тайпалық 
қатынастар, әсіресе бұл еңбекте оның ата тегіне, мекеніне, 
өмір сүрген ортасына, айналасына, үрім-бұтағына көбірек 
мән берілген. 
        ХҮІ  ғасырда  өмір  сүрген  көрнекті  мемлекет 
қайраткері,  әскери  қолбасшы,  тарихшы,  әдебиетші,  ақын 
М.Х.  Дулатиддің  «Жаһан  наме»  атты  классикалық 
шығармасының  төл  тілімізде  сөйлеп,  толық  көркем 
мәтінін  талдап,  ғылыми  айналымға  ендірген  ғалым 
Әбсаттар  Дербісәліұлы.  Зерттеуші  адал  да  таза 
махабббатқа  арналған  поэма  туралы  ғылымда  алғаш 
хабардар  еткен  башқұрт  ғалымы  Ахмет  Зәки  Валиди 
Тоған  (1891-1970)  Берлин  кітапханасынан  кездейсоқ 
ұшыратып, оқып 1937 жылы неміс тілінде тұңғыш мақала 
жазған.  Одан  әрі  ғалым  дулаттанушылардың  еңбектеріне 
толық  шолу  жасай  отырып,  бұл  шығарманың  көркем 
поэма  екендігін  ішіндегі  мәтіндер  арқылы  дәлелдейді. 
Поэманы  қазақшалаған  зерттеуші  оны  шартты  түрде 
бірнеше  бөлімге  бөліп  қарастырады,  алғашқы  жүз  он 
бәйітті  «Кіріспе»  деп  қарастырады.  Осы  жерде  ғалым 
мынадай  түсінік  береді:  Ежелгі  мұсылман  Шығысы 
әдебиетінде  кейбір  көркем  дүниелер  әдетте  «хамд»  -  
мақтау,  «мунажат»-мінажат,  «наят»-теңеу»  (эпитет), 
«мадх»-мадақ және «сабаи назми китаб»-кітаптың жазылу 
себебі  іспетті  шартты  бөлімдерден  тұрады.  «Жаһан 
                                                                                                                       
намеде» осы қағида бұзылмаған. Әйтсе де Кеңес дәуірінде 
ондай 
шығармалардың 
көпшілігінің 
осы 
бөлімі 
коммунистік  идеология  шарттарына  сай  келмейтіндіктен 
алып  тасталынатын.  Біз  сол  әдетті  бұзып,  поэманың 
қылауына  да  тимей,  дастан  мәтінін  толық  та  түгел 
бердік». Бұл бізге ежелгі дәуірдің әдеби мұрасының толық 
нұсқасымен жеткен құнды еңбек екендігін аңғартады. Бұл 
қазақ  әдебиеті  тарихын  түгендеуге  қосылған  үлкен  үлес 
екендігі  де  белгілі.  Түркілік  дүниетаным  биігінен  ой 
толғайтын  поэмада  Самин  деген  қалада  Шаһсауар  атты 
патшаның  бір  ұлға  зар  болып  жүргенде  көрген  Фируз 
шахтың  сүйген  жары  Перизат  Назбойға  деген  шексіз 
махаббаты  әңгіме  болады.  «Жаһан  намені»  көне  парсы 
тілінен  ана  тілімізге  аударып,  ғылыми  транскрипциясын 
жасап,  оның  архивтегі  түпнұсқасын  да  толық  беруі 
келешектегі  зерттеушілерге  дайын  мәтін  екендігі  сөзсіз. 
Осы орайда автор дей тұрғанмен шығарманың тілдік сыр-
сипатынан  басқа  суреттеу  құралдары  (теңеу,  эпитет), 
образдар жүйесі, сюжеттік желілері, құрылыстары, ұйқас, 
жанрлық  ерекшелігі  және  т.б  мәселелер  туралы  арнайы 
сөз, әрине, алда», - дейді. 
          М.Х.  Дулатидің  жоғалдыға  саналған  «Жаһан  наме» 
атты  ғибраты  мол   әдеби  мұрасы  осылай  Ә.  Дербісәлінің 
қажырлы  еңбегінің  арқасында  өзінің  тарихи  отанына 
оралып, ұлттық рухани құндылық қатарын толықтырды. 
          Дулаттану  саласына  соңғы  жылдары  өзге  бірқатар 
ғылыми  танымдық  зерттеулер,  жеке  іздену  жұмыстары 


[Введите текст] 
 
 
95 
                                                                                                                       
жазылуда.  Олардың  бәріне  тоқталып,  талдау  жасау 
әдебиет тарихының міндеті. 
         Енді  ежелгі  әдеби  жәдігерлер,  олардың  тарихы 
жөніндегі  ғылыми  зерттеу  жұмыстарына  шолу  жасай 
кетсек (кандидаттық,  докторлық) дейміз. 
Көне  түркі  дәуірінен  бергі  әдеби  жәдігерлеріміздің 
ұлттық  таным  тұрғысынан  талданып,  зерттелу  жәйіне 
келетін  болсақ,  осы  орайдағы  ежелгі  әдебиетіміздің  туу, 
қалыптасу, 
даму 
заңдылықтары 
мен 
көркемдік 
ерекшеліктерін  танытатын  тарихи  тұлғаларымыздың 
рухани мұраларының ғылыми айналымға енгізіліп, оларға 
жеке-жеке  ғылыми  жұмыстар  жазылып  жатқандығының 
куәсі боламыз. Ол үшін М.Әуезов атындағы Әдебиет және 
өнер  институтының  Ғылыми  кеңесінде  қорғалып  жатқан 
кандидаттық  және  докторлық  ғылыми  дәреже  үшін 
жазылған  зерттеулерге  зер  салсақ  болғаны.Және  бір 
ескере кетер жәйт осы қорғалған еңбектердің дені “Қазақ 
әдебиетінің тарихы”атты он томдық еңбекте “Ежелгі дәуір 
әдебиеті” жөніндегі екінші томда жеке-жеке тарау болып 
енді. 
     Айталық,  соңғы  жылдары  институттың  «Ежелгі 
әдебиет»  бөлімі  даярлаған  ғылыми  жұмыстар:  Қыдыр 
Төрәлі Еділбайұлының «Орта ғасырдағы қазақ даласында 
ислами  әдебиеттің  тууы  және  қалыптасуы  (ХІ–ХІІғғ.)» 
(2005), Әлібекұлы Ақжігіттің «Мәмлүктер кезіндегі түркі–
қыпшақ  әдебиеті  (дамуы,  әдеби  өкілдері,  өлең  өлшемі)» 
(2005),  Құрманғали  Гүлнәр  Қанатқызының  «Ахмет 
                                                                                                                       
Йүгінекидің  әдеби  мұрасы»  (2006),  Әбдірәсілқызы 
Айнұрдың «Қожа Ахмет Йасауи хикметтерінің көркемдік 
және  құрылымдық  ерекшеліктері»  (2007),    Мамиева 
Бахыткүлдің  «Асан  Қайғы  туралы  аңыздар»  (2007)  атты 
кандидаттық  және  Жеменей  Исламның  «Мырза  Хайдар 
Дулаттың  «Тарих–и  Рашидиі»  әдеби  жәдігер»  (2007), 
Еңсегенұлы  Тоқболаттың  «Көне  түркі  ескерткіштерінің 
көркемдік  жүйесі»  (2007)  деген  докторлық  ғылыми 
дәреже үшін жазылған еңбектерін атап көрсетуге болады. 
Осындағы  әрбір  әдеби  өкілдердің  еңбектеріне 
қатысты 
олардың 
төл 
тарихымыздағы 
лайықты 
орындарына  сай  көптеген  тың  ғылыми  ақпараттар 
жүйеленіп,  бабаларымыздың  сан  мыңдаған  жылдармен 
өлшенетін  түркілік  өркениеті  мен  мәдениеті,  төл  тарихы 
мен әдебиеті, ешкімде жазу-сызу болмағанда оларда тасқа 
ойып  жазылған  мәңгіге  қалдырылған    төл  жазуы,  оның 
мазмұны  мен  көркемдігі,  әдеби  тілі  бар  екендігін 
айқындайтын  айғақты  ажарлы  ескерткіштер  екендігін 
жоғарыда  аталған  ғылыми  зерттеулер  әрқайсысы  өз 
дәрежесінде  дәлелдеп  жазған.  Мәселен,  Еңсегенұлы 
Тоқболат былай дейді: «Біріншіден, түркі руна жазуымен 
жасалған  рухани  мұраларды  тауып  игермесек,  әдебиет 
тарихында 
түркілердің 
төл 
әрпінен 
туындаған 
шығармалар  жоқ  сияқты  болып  танылады.  Ең  бастысы, 
ежелгі  дәуірде  бабалар  жасаған  шығармалардың  бәрі 
түркілік-ұлттық  рухта  жасалынған  тозбайтын  мұралар.... 
Екіншіден,  500-ден  астам  үлкенді-кішілі  тастарға 


[Введите текст] 
 
 
96 
                                                                                                                       
түсірілген  көне  түркі  руна  жазба  ескерткіштерін  жасап 
орнатуға  біздің  де  ата-бабалырымыздың  өз  үлестерін 
қосқаны  зерттеу  барысында  анықталып  отыр...  Әрбір 
қабырға тасқа түсірілген жазба ескерткіш әр рудың немесе 
тайпаның,  қағанның  иелігіне  жататын  рухани  мұра  екені 
белгілі»... 
Үшіншіден, 
көне 
түркі 
руна 
жазба 
шығармалары  түгел  жиналып,  аударма  жасалынып, 
тұтастықта зерттелінген емес. Оқырманға ең бірінші көне 
түркілердің  төл  жазуы  және  руна  алфавитімен  тасқа 
түсірілген шығармалардың негізгі мәтіні керек». /5–6 бет/. 
Осы орайда, ізденген диссертант жұмысында өзінің негізгі 
мақсатын көне түркі алфавитін, бейне–суретін, руна жазба 
шығармаларын  мәдениеті  ерте  дамыған  көрші  елдердің 
төл  жазуларымен  салыстыра  зерттеу  арқылы  көне  түркі 
руна  жазуы  бағзы  заманда  туып,  қалыптасқанын,  яғни 
көне түркі руна жазуы б.з.б. ҮШ ғасырдан бастап б.з. ІХ 
ғасыр  соңына  дейін  өмір  сүргенін  дәлелдеу  барысында 
біршама зерттеу жұмыстарын жүргізген.  
Төл  әдеби  мұраларымыздың  жиналып,  тағы  бір 
тәуелсіз  ой-сана  тұрғысынан  талданған  жұмыстың  бірі 
фольклортану  ғылымы  бойынша  жазылған  Нартай 
Қуандықұлы  Жүсіповтың  «ХХ  ғасырдың  бірінші 
жартысындағы қазақ фольклортану ғылымы» атты (2006) 
докторлық  ғылыми  дәреже  алу  үшін  жазылған  зерттеуі. 
Мұнда  ғалым  ХХғасыр  басындағы  халықтық  мұраларды 
кімдердің  ,  қашан,  кімдерден,  қалай  жазып  алғандығын, 
                                                                                                                       
қалай  жарияланғандығын  анықтап,  оларды  салыстырып, 
баспа бетінде жариялану жай–күйін зерттеген. 
Ұлттық  әдебиеттің  түп  –  тамыры  тереңде,  ежелгі 
әдеби мұраларда  жатқаны- кеңес кезеңімен ғана шектеліп 
келген  қазақ  әдебиеттануы  үшін  басты  мәселе,  тың 
жаңалық  болды.  Көне  дәуірлердегі  құнды  көмбелелерде 
жатқан    небір  көркем  дүниелеріміздің  көзі  ашылып, 
қаншама жаңа туындылардың тұсауы кесіліп, бұрындары 
баспа  бетін  көрмеген  бүтін  бір  дәуір  әдебиеті  өз  әлемін 
ашты.Олардың  көбі  зерттеу  нысанына  айналып,  ұлттық 
әдебиеттану 
ғылымының 
қоржынын 
толықтырды. 
«Қорқыт  ата»  кітабының  –  1300,  «Алпамыс  батыр» 
жырының – 1000 жылдықтары түркі тектес елдерге ортақ 
әдеби жәдігер ретінде арнайы аталып өтілді.  
Тәуелсіздік  тұсында  қазақ  әдебиетінің  тарихынан 
ежелгі  дәуір  әдебиеті,  осылай,  өзінің  лайықты  тарихи 
орындарына ие болды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


[Введите текст] 
 
 
97 
                                                                                                                       
3.3 Қазақ әдебиеті тарихының 10 томдығы 
 
Қазақ  әдебиетінің  тарихы
 
  ежелгі  дәуірден  бастап, 
он  том  болып  тұңғыш  рет  ғылыми  тұрғыдан  тұтас  бір 
жүйеге түсіріліп,жаңаша көзқараспен қайта жазылды. 
 
Қазақтың  халық  ауыз  әдебиеті,  фольклордың 
тарихы  тұңғыш  рет  жаңаша  зерттеліп,  тың  ғылыми 
талдаулар  мен  жаңаша  пайымдаулар  арқылы  “Қазақ 
әдебиетінің  он  томдық  тарихының”  бірінші  томында 
ұлттық  әдебиеттану  ғылымының  фольклорлық  кезеңі    
қайта    қаралып,  зерттелген.  «Қазақ    фольклорының 
тарихы»  атты  алғашқы  томның  жалпы  редакциясын 
басқарған және зерттеуге ғылыми жетекшілік жасаған ҚР 
ҰҒА  –ның  академигі  Сейіт  Қасқабасов.  Осы  күнге  дейін 
тарихи  тұрғыдан  арнайы  зерттелмеген  фольклор,  оның 
бірнеше  ғасырларға  созылған  даму  жолдары,  яғни 
генезисі  мен  поэтикасы  ұлттық  сөз  өнеріндегі  көркемдік 
дәстүр  мен  жаңашылдық  категориялары  арқылы  әрбір 
жанрдағы  даму  заңдылықтары,  көркемдік  сипаттары, 
жанрлық  жаңарулары,  түрлік  жаңғыртулары,  әдеби  әдіс-
тәсілдерінің  түрленуі  тұрғысынан  теориялық  талдаулар 
жасалып,  бүгінгі  өркендеген,  көркемдік  көкжиегі 
кемелденген  әдебиеттің  арғы  тегі  ретінде  жазылған. 
»»Ежелгі  және  орта  ғасырлардағы  фольклордың  көркем 
руханиятқа  айналғаны  және  жаңа  дәуірде  фольклор 
жанрларының өзгеріп, соны формалардың пайда болғаны 
зерттелген. Соның нәтижесінде фольклордың көне түрлері 
                                                                                                                       
есте  жоқ  ескі  заманда  туып,  алғашқы  синкреттіліктен 
арылғаны,көп  ғасырлар  бойы  дамудың  арқасында 
қарапайымдылықтан  көркемдікке  жеткені,  сөйтіп,  қазіргі 
көп  жанрлы,  профессионалды  әдебиетімізге,  өнерімізге 
негіз  болғаны  дәлелденген»,    деп  алғашқы  томның 
авторлары 
өз 
істеріне 
анықтама 
береді.Бірнеше 
мыңжылдықты  қамтитын  қазақ  әдебиеті  тарихының 
бастау  көздері    кеңестік  кезеңде  үш  түрлі  бағытта 
зерттелгені, фольклор, авторлық ауыз әдебиеті және жазба 
әдебиет деп зерттелгенімен ол бір ғана сөз өнері өрісінде 
дамып,  бүгінгі  дәуірге  жетуі  -  бұл  еңбектің  тұғырлық 
концепциясы  болып  табылады.  Фольклордың  мифтік, 
діни-нанымдық,  ғұрыптық  негізде  пайда  болып,олардың 
қандай жолдармен көркем фольклорға айналғаны біртұтас 
үдеріс ретінде жаңаша зерттелген. 
  «Бұрын  жазылған  «Қазақ  әдебиетінің  тарихында»,  басқа 
да  еңбектерде  «ауыз  әдебиеті»  деген ұғымға фольклорды 
да,  ақын  -  жыраулардың  шығармаларын  да  сыйғызып 
келдік.  Екеуінің  аражігі  ашылмады.  Соңғы  жылдарда  сөз 
өнерінің  екі  түрін  бөліп,  бірін  «фольклор»,  екіншісін 
«авторлық  ауыз  әдебиеті»  деп  тану  қажеттігі  дәлелденіп 
жүр.  .Еңбектің  авторлық  ұжымы  екінші  тұжырымды 
қисынды  деп  тауып,  авторлық  ауыз  әдебиетін  бөле-
жармай,  жалпы  әдеби  дамудың  арасында  қарастырды. 
Мұнда  бір  байқалған  заңдылық  -  көшпелі-  бақташылық 
салттағы  мемлекеттерде  міндетті  түрде  жыраулар 
институты  болатындығы.  Оны  «көне  Түркілер  қағанаты 


[Введите текст] 
 
 
98 
                                                                                                                       
мен  Алтын  Орда,  әсіресе,  Қазақ  хандығы  тұсындағы 
әдебиеттен аңғаруға болады» - делінген  Редакциялық бас 
алқада. 
    Бүкіл  он  томдық  «Қазақ  әдебиеті  тарихының»  бірінші 
томы  болғандықтан  «Редакциялық  бас  алқадан»  атты 
алғашқы  мақалада    алты  томдық  тарихтан    40    жылдан 
кейін  жарияланып  отырған  қазақ  әдебиетінің  тарихына, 
яғни  он  томның  жалпы  мазмұнына,  негізгі  ғылыми 
жүйесіне шолу жасалады. 
         Ежелгі 
сақ,  ғұн,  үйсіндерден  қалған  әдеби 
жәдігерлер,  түркілер  қағанатының  тасқа  қашап  жазған 
мәтіндері, сондай-ақ  орта ғасырларда қолжазба қалпында 
сақталған шығармалар мен жаңа дәуірде баспадан шыққан 
туындылар    жазба  әдебиет  үлгілері  ретінде  алғаш  рет 
ғылми  негізделіп,нақты  көркем  мәтіндер  арқылы  
анықталады.  Тәуелсіздікке  ие  болған  жылдардан  бері 
ғылмиланып келе жатқан «ежелгі әдебиет» фольклорда да 
осылай негізделіп, дәлденген.  
          «Кіріспеде»  -  «Қазақ  фольклорының  тарихы»  деген 
ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында осы уақытқа дейін 
арнайы  түрде  күн  мәселесіне  қойылған  емес.  Оның 
бірнеше  себебі  болды.  Біріншіден,  ғылымда  фольклорды 
жеке  көркем  жүйесі  бар,  көп  өзіндік  белгілерімен 
ерекшеленетін  руханият  деп  түсінбей,  оны  көркем 
әдебиеттің  бір  саласы  деп  ұғыну  орныққан  еді.  Соның 
салдарынан  фольклор  тарихы-әдебиет  тарихы  деп 
қарастырылып 
жүрді. 
Екіншіден, 
фольклортану 
                                                                                                                       
ғылымының  өзі  де  көп  уақыт  бойы  әдебиеттанудың 
ішінде  жүрді  және  сол  әдебиеттанудың  теориялық, 
әдіснамалық 
амал-құралдарына 
сүйеніп, 
соларды 
пайдаланып  келді.  Әлбетте,  одан  ол  үлкен  зиян  шеккен 
жоқ,  бірақ  фольклордың  көптеген  қасиетін  толық  тани 
алмады. Үшіншіден, әдебиет тарихы жүйелі түрде, кезең-
кезеңге  бөлініп  зерттелді  де,  фольклор  синхронды  түрде, 
бізге  жеткен  қалпы  бойынша  сипатталып,  оның  тарихи 
даму  жолдары,қандай  дәуірлерді  бастан  кешкені 
ескерілмеді,  жеке-жеке  жанрлар  ғана  зерттеліп  жүрді»-
деген  мәселені  көтерген  автор  осылай  бұл  саланың 
зерттелу  тарихына  толық  әрі  нақты  ғылыми  теориялық 
түсінік береді. 
    
Енді  бірінші  томның  зерттелу  құрылымына  зер 
салсақ: 
І.Бөлім.Ежелгі  замандағы  рухани  мәдениет»  деп 
аталады. Ол ірі үш тараудан тұрады. 
І.тарау.Еңбек 
фольклоры.(Терімшілік 
пен 
аңшылық,мал  шаруашылығы  мен  егіншілік  жөніндегі 
фольклор). 
ІІ.Тарау.Ғұрыптық  фольклор  (маусымдық  ғұрып 
фольклоры,наурыз 
мейрамы 
мен 
фольклоры, 
қымызмұрындық  тойы 
мен  өлеңдері,  жарапазан, 
Отбасылық 
ғұрып 
фольклоры: 
үйлену 
ғұрып 
фольклоры,балалар 
фольклоры, 
жерлеу 
ғұрып 
фольклоры).  Магиялық  фольклор  (арбау,  жалбарыну, 
алғыс (бата), қарғыс, ант, бәдік, бақсы сарыны). 


[Введите текст] 
 
 
99 
                                                                                                                       
ІІІ.  Тарау.  Байырғы  фольклор:  (Миф,  хикая, 
этиологиялық  ертегі,  қиял-ғажайып  ертегі,  көне  эпос, 
жұмбақ). 
ІІ БӨЛІМ.Орта ғасырлардағы фольклор. 
І-ТАРАУ.Түркі  жазбаларындағы  фольклор:  (Түркі 
қағанаты  кезіндегі  фольклор,  оғыз-қыпшақ  дәуіріндегі 
фольклор, Алтын Орда тұсындағы фольклор). 
ІІ.-Тарау.  Қазақ  хандығы  кезіндегі  фольклор. 
(Хайуанаттар  туралы  ертегі,  Батырлық  ертегі,  Батырлық 
жыр, Алпамыс батыр Қобыланды батыр, Едіге, Ғашықтық 
жыр:»  Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  жыры»,  Қыз  Жібек» 
жыры.  Аңыз,  Әпсана,  Хикаят,  Шешендік  сөз.  Тарихи 
жыр.Мақал-мәтел,жаңылтпаш»). 
ІІІ.БӨЛІМ.Жаңа дәуірдегі   фольклор. 
І.ТАРАУ.ХҮШ-ХІХ 
ғасырлардағы 
фольклор. 
(Новеллалық  ертегі,  Сатиралық  ертегі,  Аңыз,  Тарихи 
аңыз,  Күй  аңызы,  Тарихи  жыр,  Тарихи  өлең,  Дастан, 
Хикаялық  дастан,  Діни  дастан,  Ғашықтық  (романдық) 
дастан,  Әлеуметтік-сүйіспеншілік  дастан,  Лиро-эпикалық 
(балладалық)  жыр,  Айтыс,  Лирикалық  өлең,  Қара  өлең, 
Әңгіме). 
 ІІ.  ТАРАУ.  ХХ  ғасырдағы  фольклор.  (1916  жылғы 
көтеріліс  туралы  фольклор,  Жұмысшылар  фольклоры, 
Өлең, Жұмбақ, Мақал-мәтел, Әңгіме,). 
Міне,  осылай  өз  кезеңдерімен  жанрлық  даму 
сатыларымен  сұрыпталған  фольклорлық  мұралардың 
бастау  көздері  мен  көркемдік  әлемі  бүгінгі  ғылыми 
                                                                                                                       
тұжырымдар  мен  көркемдік  талап  тұрғысынан  талданып, 
жүйеленген.  Бұл  зерттеулер  авторлары  өз  тақырыптары 
төңірегіндегі  бүкіл  теориялық  ұғымдар  мен  тарихи 
деректерді  молынан  қамтып,  көркем  мәтіндерге  сүйене 
отырып, нақты ғылыми жетістіктерге қол жеткізген деуге 
болады.  Әсіресе  «Қазақ  фольклоры:  статусы  мен 
теориялық негіздері» деген  тарауда қазақ фольклорының 
осы  күнге  дейінгі  тарихи  кезеңдері  мен  теориялық 
мәселелеріне  жаңаша  барлау  жасалып,  оның  қазақ 
әдебиеті  тарихындағы  өзіндік  орны  мен  статусына 
ғылыми   сипаттама беріледі. 
Мұнда  бұрынғы  кеңестік  кезеңде  «фольклор» 
терминімен тек халық әдебиетін, тек ауызша туып,ауызша 
орындалатын  атау  орнықса,  басқа  өркениетті  елдерде 
«этнография»  сөзі  қатар  қолданылады.  Зерттеу  авторы 
фольклордың  негізгі  функцияларын  анықтай  отырып, 
бүгіндері әрқилы сөз болып жүрген «фольклор» терминін 
қабылдап, 
орнықтыруды 
ұсынады. 
Ал, 
«халық 
әдебиетінің» «фольклор» ұғымын толық бере алмайтынын 
,оны тек синоним ретінде қолдануды қолдайды. 
Фольклорды тек сөз өнері деген түсінікке зерттеуші 
былайша  анықтама  береді:  «Өнер  дегеніміз  -  өмірді, 
оқиғаны,  құбылысты  немесе  сезімді  көркем  түрде 
бейнелеп,  қайта  жаңғырту.  Олай  болса,  арбау,  алғыс, 
қарғыс немесе әртүрлі ырымдар мен нанымдар болмысты, 
я  болмаса  сезімді  көркем  түрде  бейнелеуді,  жаңғыртуды 
мақсат  тұтпайтындықтан  сөз  өнері  бола  алмайды.  Бұған 


[Введите текст] 
 
 
100 
                                                                                                                       
қоса,  өнер  болу  үшін  шығарманың  поэтикасы, 
композициясы, іс-әрекет  атқаратын  кейпкерлері,  олардың 
қақтығысы,  т.б  қасиеті  болуы  керек.  Осы  тұрғыдан 
келгенде,  ұлттық  сөз  өнерімізді  үш  түрге  бөлуге  болады: 
фольклор, ауыз әдебиеті (ақын, жыраулар поэзиясы) және 
жазба  әдебиет.  Бұлардың  үшеуіне  де  ортақ  белгілері 
болумен  бірге  әрқайсының  өзіндік  ерекшеліктері  бар. 
Фольклордың  үш  сипаты  бар:  а)  фольклор-ежелгі 
дүниетаным  және  көне  мәдениет,  әрі  мұра;  ә)  фольклор-
тұрмыстың бір бөлшегі; б) фольклор-сөз өнері». 
Фольклордың 
көне 
дәуір 
адамдарының 
дүниетанымы екендігін автор «анимизм, тотемизм, магия, 
табу,  шамандық,  т.б  сияқты  фольклорда  кездесетін  ұғым 
дар  мен  түсініктерге    анықтама  бере  отырып,  бұл 
дүниетанымдардың  қандай  қызмет  атқаратыны  жан-
жақты  айтылады.  Олардың  о  баста  қандай  ұғым-
түсініктен туғандығын және олардың адам тіршілігінің өн 
бойында  қолданылып,  әр  салада  пайдаланылатын  дүние 
екендігі,  олардың  утилитарлық  қызметі  эстетикалыққа 
ауысуы жөнінде сөз болады.  
Автор  “фольклордың сөз өнері ретіндегі қызметін –
орындаушы  мен  тыңдаушы  категорияларын  анықтау 
арқылы  айқындайды:  ”Фольклор  -  әрі  әдебиет,  әрі  театр 
рөлін 
атқарды, 
оның 
шығарушылары 
мен 
орындаушылары  жыршы  -  ақындар  болды,  сондай-ақ 
тыңдаушылары  мен  көрермендері  болды.  Сондықтан 
фольклор  өзіндік  көркемдік  әдіс,  бейнелеу  тәсілдер  мен 
                                                                                                                       
көркемдеуіш  құралдар  жасап,орнықтырды.”-дейді.  24 
б/.Фольклорды  өнер  етіп  көрсететін  басты  белгілерге 
зерттеуші  мыналарды  жатқызады:”..романтикалық  әдіс 
пен типтендіру, тұтастану процесі, кейіпкерлерді суреттеу 
тәсілдері,  жалпылық  пен  формулалықтың  қатар  жүруі, 
импровизацияның  айрықша  көрінуі,  шығармалардың 
тұрақты  композициясы  мен  өзіндік  стилі,  фольклорлық 
уақыт  пен  кеңістік,әлеуметтік  утопия  т.т.  Бұлар 
фольклорды сөз өнері етіп әдебиетке жақындаса, енді бір 
ерекшеліктер  бұл  екеуін  алшақтата  түседі.  Мәселен, 
фольклордың  байырғы  ұғымдармен,  түсініктермен,  әдеп-
ғұрыппен  байланысы,  фольклорлық  сана  мен  ойлау, 
индивидтік тілдің жоқтығы, даралық портреттің болмауы, 
іс-әрекеттің  біржақты  әрі  дереу  істелуі,  кейіпкердің 
ғажайып  туып-өсуі,  оның  ғаламат  қасиеттерге  ие  болуы 
әдебиетке тән емес. Бірақ, бұл айтылғандар фольклордың 
өнер  екендігін  жоққа  шығара  алмайды”.  /сонда/.  Мұнда 
фольклордың  әр  кезде  атқаратын  әртүрлі  қоғамдық-
тұрмыстық, 
танымдық, 
тәрбиелік, 
эстетикалық 
міндеттерін  теория  тексеретінін  және  фольклорлық 
дәстүрдің  әдебиеттегі  дәстүрден  ерекшелігін,  яғни 
бұрынғы тәжірибені өзгертпей қабылдау және жалғастыру 
екендігін  нақтылайды.  Сондай-ақ  ,  эпикалық  стиль  мен 
тұрақты  формулалардың  фольклорлық  шығармаларға 
өзіндік  баяндау  тәсілін  жүктейтінін  ескерте  келіп, 
сюжеттердің  контаминациясы,  жанрлардың  синкреттілігі, 
фольклордағы  импровизацияның  рөлі  мен  орны,  оның 


[Введите текст] 
 
 
101 
                                                                                                                       
шындыққа,  тарихқа  қатынасы,  ұлттық  ерекшеліктер  мен 
типологиялық 
сюжеттер, 
фольклорлық 
сана 
мен 
орындаушының  ара  қатынасы  т.б  сияқты  мәселелерді 
теориялық тұрғыдан талдаудың қажеттілігі айқындалады. 
Жалпы,  бұл  тарауда  фольклордың  теориясына  қатысты 
ғылыми тұжырымдар жасалады. 
“Ежелгі  замандағы  рухани  мәдениет”  деп  аталатын  
І-ші бөлімдегі “ Еңбек фольклоры” тарауында терімшілік 
пен  аңшылыққа,  мал  шаруашылығына  және  егіншілік 
жөніндегі  фольклор  мәселелері  арнайы  зерттеледі. 
Бұрындары  мұндай  жеке-жеке  тақырыпшаларға  бөлініп 
зерттелмейтін  фольклордың  әр  саласы  егжей-тегжейлі 
ерекше  ынтамен  әңгімеленеді.  ”Ғұрыптық  фольклорда” 
маусымдық  ғұрып  фольклоры,  отбасылық  ғұрып 
фольклоры-адамзаттың  өмірге  келгенінен  бақилыққа 
дейінгі аралықта бастан өткеретін тұрмыстық салт-дәстүр 
жәйі  сөз болса, магиялық фольклорда –арбау, жалбарыну, 
алғыс,  бата,  қарғыс,  ант,  бәдік,  бақсы  сарыны  сынды 
жанрлық  элементтердің  адам  өмірі  мен  санасына  етер 
әсері  туралы  әңгіме  қозғалады.  Ал,  ”Байырғы  фольклор” 
атты  тарауда  миф,  хикая,  этиологиялық  ертегі,  қиял-
ғажайып  ертегі,  көне  эпос,  жұмбақ  жанрларының 
көркемдік табиғаты жан-жақты ашылады. 
           “Орта ғасырлардағы фольклор” атты екінші бөлімде 
орта  ғасыр  аралығындағы  мезгілде  қалыптасып,  дамыған 
барлық  жанрлардың  көркемдік-эстетикалық  жүйесін 
орнықтырып,  жаңа  сападағы  классикалық  фольклор 
                                                                                                                       
түрінде  дамығандығын  нақты  көркем  мәтіндер  арқылы 
талдап,  таразылайды.  Әсіресе,  ұлттық  әдебиеттану 
ғылымы  үшін  “Түркі  жазбаларындағы  фольклор”  тарауы 
тың дүние десек болады. Осы кезге дейін тап осылай атау 
қойып  арнайы  зерттелмеген  кезең  енді  ғылыми  орнын 
алып,  арнайы  зерттеле  бастады.  Көне  түркі  әдеби 
ескерткіштері  енді  фольклорлық  мұра  ретінде  ғылыми 
айналымға  еніп,  ”біздің  ежелгі  мәдени  мұраларымыздың 
тамыры  қайда  еді”  деген  даулы  сауалдарға  жауап  іздей 
бастағаны танылады. 
“Алтын  Орда  тұсындағы  фольклор”  деген  тарауда 
осы  кезеңде  қолданылған  фольклорлық  мәтіндердің 
авторлық интерпретацияға түсетіні ерекше айтылып өтеді. 
Мұнда сол себепті де авторлар пайдаланған фольклорлық 
жанрлар  мен  сюжеттер,  образдар  зерттеу  нысанасына 
алынады.  Айталық,  Құранның  он  екінші  сүресіне  енген 
Жүсіп-Зылиқа,  ”Қорқыт  ата  кітабындағы”  Бамсы, 
Насреддин 
Рабғузидің 
“Қисса-сүл-әнбиядағы” 
пайғамбарлар,  “Қарлығаштың  құйрығы  неге  айыр?” 
ертегісінің 
сюжеттерінің 
әр 
авторда 
әр 
түрлі 
интерпретацияға  ұшырағанымен  фольклорлық  сюжеттің 
негізі сақталынатыны сөз болады. 
“Екінші  тарауды  құрайтын  “Қазақ  хандығы 
кезіндегі  фольклор”  да  бұрындары  арнайы  зерттеліп, 
айтылмаған  аймақ  екені  айқын.  ”Хайуанттар  туралы 
ертегі” деген аңшылық өмір кезеңімен байланысып, аңдар 
жайлы  түрлі  аңыздардың  тууына  себепкер  болғаны, 


[Введите текст] 
 
 
102 
                                                                                                                       
олардың  беттін  келе  типтік  характерлік,  образдық 
мазмұнға  ие  болуы  (мысалы,  түлкі-асқан  айлакер,  екі 
жүзді қу т.б),  олардан мысал ертегі жанрының жандануы 
туралы  көптеген  ғылыми  сараптамалар  жасалған.  Және 
олардың шығыс фольклорымен тығыз байланысы жөнінде 
де  жаңа  ойлар  айтылған.  ”Батырлық  ертегі”  мен 
“Батырлық жыр” деген үлкен екі тарауда осы екі жанрлық 
түрлердің  тамырластығы,  туыстығы  мен  әрқайсының 
өзіне тән ерекшеліктері  теориялық тұжырымдарға сүйене 
отырып,  нақты  мәтіндер  арқылы  айқындалған.  Бұл 
тарауда 
“Батырлық 
жырға” 
жататын 
Алпамыс, 
Қобыланды,  Едіге  батыр  жайлы  толық  мағлұматтар 
жиналып, жаңаша талданған. ”Ғашықтық жырға” жататын 
классикалық  үлгілері  болып  саналатын  ЮНЕСКО 
тарапынан мерейлік тойлары аталып, әлемге әйгілі болған 
біздің  әдеби  інжу-маржандарымыз  -“Қозы  Көрпеш-Баян 
сұлу”  мен  “Қыз  Жібек”  жырлары  да  мұнда  қазақ 
халқының жан-жүйесі, асыл сөзі ретінде қарастырылған.  
Ежелгі  әдеби  мұраларды  көп  жинап,  түркі  әлеміне 
тән  ескерткіштерді  жақсы  білетін  маман  Н.Г.Потаниннің 
“Батыстың  орта  ғасырлық  эпосында  Шығыстық  сарын 
бар”  деген  сөзін  ескерсек,  әлемдегі  әдеби  мұралары  бай 
және  өте  құнарлы  ел,  біз  боламыз.  Бірақ  барды  бағалай 
білеміз бе?. 
         Дүние  жүзіндегі  әдеби  мұраға  бай  халықтың  сөз 
өнерінің  жанрлық  түрлері  де  сан  алуан.  Қазақ  хандығы 
кезінде  өркендеп  өскен,  тілдік,  көркемдік  тұрғыдан 
                                                                                                                       
түрленіп, 
дамыған 
“Аңыз”, 
”Әпсана”, 
”Хикаят”, 
”Шешендік 
сөз”, 
”Тарихи 
жыр”, 
”Мақал-мәтел, 
жаңылтпаш”  туралы  бұл  тарауда  көптеген  жаңа  әдеби 
мәтіндердің талданғанына куә боламыз. 
       Ал, ”Жаңа  дәуірдегі  фольклор” деген  үшінші  тарауда 
ХҮШ-ХІХ  ғасырдағы  фольклор,  оның  “Новеллалық 
ертегі”, ”Сатиралық ертегі” және “Аңыздың, Тарихи, Күй 
аңыздары” деген түрлері арнайы зерттелген. 
     “Тарихи  жыр”  мен  “Тарихи  өлеңнің  жанрлық 
ерекшеліктері  айқындалып,  олардың  ортақ  байланысы  да 
әңгімеленеді.  ”Дастанның”  “Хикаялық,  Діни,  Ғашықтық 
(романдық),  әлеуметтік-сүйіспеншілік  дастандары”  әр 
тарауға  бөлініп,  олардың  жанрлық  ара-жігі  айқындалып, 
олардың 
зерттелу 
тарихына, 
әдеби 
мәтіндердегі 
ерекшеліктерге 
мән 
берілген. 
”Лиро-эпикалық 
(балладалық)  жыр”,  ”Айтыс”,  ”Лирикалық  өлең”,  ”Қара 
өлең”,  ”Әңгіме”  сынды  жекелеген  жанрлық  түрлердің 
жазба  әдебиетіндегі  түрлерінен  нендей  айырмашылықтар 
бар, оларды фольклорлық жанрлар деп атаудың себептері 
неде  деген  сауалдарға  тарау  авторлары  ғылыми-
теориялық  тұрғыдан  талдау  жасай  отырып,  өздерінің 
негізгі принципті ұстанымдарын ұсынады. 
       “ХХ  ғасырдағы  фольклор”  атты  екінші  тарауындағы 
тақырып  атаулары”Жұмысшылар  фольклоры”,  ”Өлең”, 
”Жұмбақ”,  ”Мақал-мәтел”,  ”Әңгіме”    да  оқырман  үшін 
тың дүниелер. Өйткені, жазба әдебиеттің дамыған кезінде 
қандай фольклордың  болуы  мүмкін деген  сауалдарға  бұл 


[Введите текст] 
 
 
103 
                                                                                                                       
тарауда  талданған,  нақты  фольклорлық  жанрға  тән  талап 
пен  көркемдік  шарт  тұрғысынан  зерттеу  обьектісіне 
түскен  мәтіндер  жауап  береді.      “Шындық  деректер  мен 
тарихи  адамдарды  бейнелеуде  әңгімелеушілер  кейде 
дәстүрлі  хикаяның  көркем  тәсілдерін,  фольклордағы 
хикаялық 
кейіпкерлерге 
тән 
ерекшеліктерді 
қолданғандықтан  да  оларда  фольклордық  басым  келетіні 
белгілі. 
Қалай  дегенмен  де  “Қазақ  әдебиеті  тарихының” 
алғашқы томын құрайтын “Қазақ фольклорының тарихы” 
өзінің  ғылыми мақсатына жеткен осы сала бойынша тың 
ойлар  айтқан,  бүкіл  бір  ұлттың          ежелгі  сөз  өнерінің, 
фольклорлық 
мұраларының 
тарихына,  теориясына, 
жанрлық  түрлеріне,  олардың  мазмұндық,  көркемдік 
ерекшеліктеріне  жаңаша  көзқараспен  қарап,  мол  тарихи 
мағлұмат  берген,  бұрындары  ғылыми,  әдеби  айналымға 
енбеген  көптеген  фольклорлық  мәтіндердің  ғылыми 
жүйесін жасап, бір ізге түсіргені анық.

жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау