[Введите текст]



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет27/36
Дата03.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#35482
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36
Пралиева Гульзия окулык

Абай және ұлттық идея
» атты 2005  жылдың 
17  мамырында  өткен  ұлы  ақын,  ойшыл  Абай 
Құнанбайұлының туғанына 160 жыл толуына байланысты 
өткен  Халықаралық  ғылыми-теориялық  конференция 
материалы  жинағындағы  «Абай  және  ұлттық  идея», 
«Ұлттық  сананың  ұлан  асу  құбылыстары»,  «Абайдың 
хакімдігі  туралы»,  «Ыбырай  және  Абай:  Әдебиетіміздегі 
ағартушылық реализм дәстүрінің бастауында», «Абайдың 
әсемдік  танымы»,  «Абай  –  бүгінгі  рухани  қажеттілік», 
«Абай  және  Ахмет  поэзиясындағы  ой  үндестік»  т.б  ұлы 
ақынның  шығармашылықтары  тағы  да  бүгінгі  күннің 
ғылыми,  теориялық  талдауларына  түсіп,  жаңаша  ойлар 
қорытылады.   
Қазақ әдебиеті тарихындағы ең ірі сала  – Абайтану 
саласына  үздіксіз  үлес  қосып  келе  жатқан  абайтанушы 
М.Мырзахметұлының  «Абайтану  тарихы»  (А.»Ана  тілі», 
                                                                                                                       
1994-192  б)  атты  еңбегі  соңғы  жылдары  осы  сала 
бойынша  жазылған  ең  танымды  оның  тарихын  қайта 
қараған,  қайта  дәуірлеген,  жүйелеген  бірден-бір  ғылыми 
зерттеу 
десе 
боларлық. 
М. 
Әуезовтің 
соғыс 
жылдарындағы лекцияларынан бастау алған абайтанудың 
тарихын  ғалым  былайша  жүйелейді:  «Қазақ  әдебиетінің 
аса  қуатты  арнасына  айналған  абайтанудың  ғылыми 
тұрғыдан  зерттелу  кезеңін  үш  салаға  бөле  қараудың 
қажеттілігі туды: 
Бірінші  кезеңі,  яғни  абайтанудың  алғашқы  дәуірі 
ресми түрде баспасөз бетінде 1889 жылдан басталып, 1934 
жылмен аяқталады. 
Екінші  кезеңі,  1934  жыл  мен  1961  жыл 
аралығындағы абайтанудың Мұхтар Әуезов бастаған соны 
танымдарының заманымен аяқталады.  
Үшінші  кезең,  1961  жылдан  кейінгі  Абай  мұрасын 
тереңдей  танып,  зерттеу  дәуірімен  жалғасады.  Яғни,  ұлы 
ақын мұрасы жолында абайтану мен абайтанудың тарихы 
деп  аталатын  екі  ғылыми  арнаның  пайда  болуын 
көрсетеді. 
Зерттеуші  осы  еңбегінде  абайтану  саласында 
кейіннен  пайда  болған  Алаш  зиялыларының  еңбектеріне 
кеңірек  тоқталып,  бұл  саладағы  ақтаңдақтардың  орнын 
толтыруға  тырысады.  Абайдың  өмірбаяны  мен  ақындық 
өнердегі басты ерекшеліктері мен орыс және осы арқылы 
еуропалық  әдебиетпен  қарым-қатынасты  алғаш  рет 
саралап,  Абайдың  ақындық  кітапханасының  жайын 


[Введите текст] 
 
 
161 
                                                                                                                       
біршама 
анықтаған 
Ә.Бөкейханов 
пен 
Кәкітай 
Ысқақұлының  Абай  поэзиясының  асқақ  қуаты  мен 
эстетикалық  болмысын терең таныған С. Торайғыровтың 
«Қазақтың  бас  ақынының»  авторы  А.  Байтұрсыновтың, 
ақынның  бұрын  жарияланбаған  өлеңдерін  Орынбор 
қаласындағы  баспадан  жариялаған  Самат  Әбішұлының, 
«Қазақ» 
газетінде 
жарияланған 
М. 
Дулатовтың,                 
Н. Төреқұловтың, «Екеу» деген бүркеншік атпен берілген 
Ж.  Аймауытов  пен  М.  Әуезовтің  мақалаларын  бүгінгі 
уақыт  талабы  тұрғысынан  қайта  таразылаған    ғалым 
абайтану  саласындағы  жаңа  көзқарастарды,  тың  толғам, 
пікірлерге парасатты түрде ой жүгіртеді. 
ХХ  ғасыр  басындағы  қоғамдық  ой  мен  кеңестік 
кезеңіндегі  солақай  сындардың  себеп-салдарына  кеңірек 
тоқтала  отырып,  тәуелсіздік  ерік  берген  рухани  ой 
еркіндігінің  нәтижесі  кезінде  кеткен  көп  кемшіліктердің 
көзін  ашып,  кейінгі  ұрпаққа бұл  саладағы  олқылықтарды 
орнықты  ойлы,  тарихи  негіздегі  құжаттармен  нақты 
тарихи  деректермен  дәлелдеп,  өзінің  лайықты  шынайы 
орнын  анықтауға  ,    сол  кезеңдегі  мерзімді  баспасөз 
бетеріндегі  абайтануға  қатысты  әдеби  айтыстардың 
ақиқатына жетуге  , оларға тарихи баға беруге тырысады. 
Осы  орайда,  Абай  мұрасын  танып  бағалауда  ХХ 
жылдардың  басы  мен  отызыншы  жылдардың  аяғында 
саяси-әлеуметттік  жағдайға  байланысты  туындаған  әрі 
айқын көрініс берген үш түрлі бағытты атап көрсетеді. 
                                                                                                                       
І.  Тұрпайы  социологиялық  танымдағы  ағым.  А) 
Абайды  феодал  тобының  ақыны,  ретінде  таныту    (солай 
бағалаушылар – С. Мұқанов, Б. Кенжебаев, Ә. Шарапи, Қ. 
Қуанышұлы,  М.  Ақынжанов  т.б  .  ә)  Абай  –  феодал. 
тобының  буржуазиялана  бастаған  тобының  ақыны  деп 
танытқандар С. Мұқанов, І. Жансүгіров, М. С. Сильченко 
т.б болды. 
б)  Жаңа  туып  келе  жатқан  ұлт  буржуазиясының 
өкілі  деген  көзқарастағы  әдебиетшілер  Қ.  Қабылов,  Ы. 
Мұстамбаев, Ғ. Тоғжанов, Ә. Лекеров, С. Асфандияров, Ә. 
Мәметова т.б 
ІІ.Абай  мұрасын  түршілдік  (формалистік)  тұрғыдан 
танып  бағалау  –  жас  әдебиетші  З.  Шашкин  мен  Е. 
Ысмайлов»  «Абайдың  поэтикасы»  («Әдебиет  майданы. 
1934711-12 сандарында)еңбектерінде көрініс беріп,олар әр 
дыбысты теріп, түршілік тұрғыдан талдаған.  
З. Абай мұрасын тануда компаративистік танымның 
белгілі  дәрежеде  орын  алған  кезеңі  болды.  Бұл  танымды 
ұстанған  зерттеушілер  ақын  Абай  мен  ойшыл  Абайды 
бөле  қарады.  Осы  себепті  олар  Абайды  ірі  ақын  ретінде 
таныса  да,  әлсіз  ойшыл  деп  қарап,  оның  рухани  ұлттық 
болмыстан  туындаған  тума  ой  танымдарын  келімсек  ой 
танымның  көрінісі  ретінде  танытты.  Абай  мұрасын 
компаративистік таным тұрғысынан танып пікір білдірген 
топтың  қатарында  Қ.  Қабылов,  Ы.  Мұстамбаев,                        
І. Жансүгіров  т.б. болды. 


[Введите текст] 
 
 
162 
                                                                                                                       
«...Бірақ  осы  жат  танымдағы  идеологиялық 
танымдардың арасында сол жат құбылыстан іргесін аулақ 
салған  әрі  келешектегі  абайтанудың  тарихының  көшінің 
дұрыс  жолға  түсіп,  жаға  бағыт-бағдар  алуына  әсер  еткен 
жазушы  М.  Әуезовтің  «Абай  ақындығының  айналасы» 
мақаласы  мен  Қ.  Жұбановтың  «Қазақ  әдебиетінің 
классигі»  және  Есен  Тұрсынның  (Таһир  Шағатай  1934 
жылы)  «Яш  Түркістан»  журналында  жарияланған 
«Түркістанның  ұлы  ақыны  –  Абай  Құнанбайұлы» 
мақалалары  болды.  Қатар  басылым  көрген  зерттеу 
еңбектері  абайтану  тарихында  ой  танымы  жағынан 
ерекше дараланып тұратын бітімі бөлек туындылар» - деп 
өзінің лайықты тарихи бағасын береді.  
«Абайтанудағы М.Әуезов кезеңі (1933-1961)» деген 
екінші  тарауда  ұлы  суреткердің  абайтанудағы  сүбелі 
еңбектеріне,  әсіресе  кеңестік  кезеңдегі  саясаттың 
салдарынан  бұралаң  түскен,  ұлыны  мәжбүрлеген 
жәйттерді тарихи шындық тұрғысынан қайта қарайды.   
Бұрындары  әр  түрлі  көзқараста  танылып  жүрген 
ақынның  білім  алған  бұлағы  жайлы  дұрыс  танымды  да 
Әуезовтің  ендіргені,  бірінші  кезекте  қазақтың  тума 
мәдени  қазынасы  тұрса,  екінші  кезекте  мұсылмандық 
шығыстың  рухани  ой  қазыналарының  терең  іздері 
жатқанын  ғылыми  тұрғыдан  болжай  білгендігін,  ал 
үшінші  орында  орыс  және  Еуропалық  ой  қазыналары 
болғандығын  М.Әуезов    кезінде  меңзеп  кетіпті. 
Міне,осынау бұрындары белгісіз немесе бұлыңғыр болған 
                                                                                                                       
ойлар  М.  Мырзахметұлының  интерпретациясының 
арқасында  жаңаша  сөйлеп  отыр.  Мұнан  кейінгі 
зерттеушілердің абайтануға қалай келгені, олар не туралы 
,қалай  айтқаны  жөнінде  де  қызғылықты  деректер 
кездеседі. 
«Абайтанудың  М.  Әуезов  дәуірінен  кейінгі  даму 
жолы»  атты  үшінші  тарауында  М.Әуезов  өмірден 
өткеннен  кейінгі  бұл  саланың  біраз  уақытқа  дейін 
дамылдап 
қалғаны, 
кейін 
Қ.Жұмалиевтің 
жандандыруының  нәтижесінде  қайта  қолға  алынып, 
зерттеле  бастауы,  Абай  мұрасының  шығысқа  қатысы 
жайлы  мәселенің  де  алғаш  рет  зерттеу  нысанына  алына 
бастауы,  Әуезов  ұсынған  концепцияның  дұрыстығы, 
диссертациялық  жұмыстардың  жүйеленіп,  жолға  қойыла 
бастауы  да,  мерей  тойлардағы  атқарылған  шаруаларға 
шолу да бұл еңбекте назардан тыс қалмаған. Абайтанудың 
әрбір  кезеңдеріндегі  зерттеулерге  зер  салған  ғалым  бұл 
саланың зерттелу тарихын да бір жүйеге түсіріп шыққан.  
«Абай  және  Әуезов:  рухани  сабақтастық»  деген 
мақаласында  автор  М.  Әуезовтің  әдеби  мұрасының  Абай 
шығармашылығымен  тікелей  рухани  байланысы  бар 
екендігін,  үш  түрлі  қоғамдық  формацияның,  таза 
феодалдық,  капиталистік,  социалистік  құрылыстың  тар 
жол,  тайғақ  кешуінен  өткен  ұлы  суреткердің  әдеби 
мұрасын  меңгеру  жолындағы  қиыншылықтарды  зерттей 
келе  мынадай  мәселелер  төңірегінде  ой  толғайды. 
Біріншіден 
«Абай 
мен 
М.Әуезовтің 
рухани 


[Введите текст] 
 
 
163 
                                                                                                                       
сабақтастығының  басы  олардың  сөйлеу  тіліндегі  рухани 
тұтастыққа 
жатқандығын, 
екіншіден, 
Абайдың 
адамгершілік 
мұраты 
М. 
Әуезовтің 
ғылыми 
шығармашылық  ізденістерінің  рухани  тамыздығына 
айналғандығын,  отыз  сегізінші  қара  сөзіндегі  «толық 
адам» 
түсінігін 
зерттеудегі 
танымдары 
арқылы 
танылатынын  анықтайды.  «Толық  адам»  терминін 
М.Әуезов  өзі  жасаған  алмағайып  заманда  бір  тамыры 
ислам  дініндегі  таныммен  байланыста  жатса,  екінші 
тамыры  жағынан,  сопылық  ілімнен  туындайтын  камили 
инсани  (кемелденген  адам)  танымымен,  Шәкәрім  тілімен 
айтқанда  ар  ғылымымен  ұштасатындықтан,  өз  қалпында, 
Абай  қолданған  нұсқасымен  атай  алмады»  дей  келе,  бұл 
түсінікті  қалыптастыру  бағытындағы  жұмыстарына 
сипаттама беріледі. Бұл ойдың Абайда қашан туып қалай 
қалыптасқанын, 
дамығанын 
«Абай 
жолындағы» 
зерттеулері  арқылы  анықтаған  зерттеуші  екі  ғұламаның 
осы  түсінік  барысындағы  ортақ  ойлары  мен  әдеби 
түсініктерінің  тамырластығын,  рухани  сабақтастығын 
әдемі  ашып  береді.  Осы  мақаласындағы  ойды  зерттеуші 
«Қазан 
төңкерісінен 
кейінгі 
Қазақстандағы 
діни 
танымдағы  өзгерістер»    деген  мақаласында  сопылық 
ілімнің  мән-маңызы  мен  тарихын  терең  танымай  жатып 
орта  жолдан  орашолақ  ой  қорытындылар  жасайтын 
еңбектерге  тоқталады.  1999  жылы  «Ұлылар  үндестігі» 
деген  ғылыми  еңбек  жазған  кришнаизм  ағымының 
белсенді  өкілі,  физика,  математика  ғылымдарының 
                                                                                                                       
кандидаты  Досым  Омаров  деген  біреудің  осы  кітап 
негізінде  «Абайтану  курсы»  деген  атпен  теологиялық 
негіздегі  (2000  жылы)  мектеп оқулығын  жазып,  ҚР  Білім 
және  ғылым  министрлігінің  мақұлдауымен  мектептерге 
оқытыла бастаған тұста  зерттеушінің жетекшілігімен топ 
құрылып  мұндай  зиянды  жүйеге  қатты  соққы  берген. 
Сөйтіп,  оқулық  мектеп  бағдарламасынан  алынып 
тасталған болатын. Және осы мақалада осындай жаңылыс 
пікірге  бой  алдырған  белгілі  жазушы,  ізденгіш  ғалым 
Тұрсын  Жұртбаевтың  «Күйесің,  жүрек...  Сүйесің» 
(«Алматы.Санат»,2001)  деп  аталатын кітабындағы «Абай 
сопылық  көзқарасты  қолдамаған,  Абай  сопылықты 
қабылдамайды,  Адамды  Алланың  жолынан  тайдыратын 
бағыт  ретінде  сынайды»  деген  негізсіз  пікірлерін  автор 
қатты  сынға  алады.  Оған  дәлел  ретінде  «Түрік 
халықтарының  классикалық  сопылық  поэзиясындағы 
тереңге  бой  ұрған  философиялық  ой  желілері  талғай 
білген  ойлы  адамға  зор  рухани  қазына  көздеріне 
бастайтын  ой  маржандарын  алдыңа  тосады...  Өйткені  , 
Абайдағы  инсанияттың  кімалаттығы  деген  таным 
сопылық  дүниетаныммен  тікелей  сабақтасып,  Абайдағы 
толық адам ілімімен тамырласатын өзекті танымдар ғой» -  
деген  түйінді  пікір  айтады.  Одан  әрі  толық  адам  туралы 
таным  ойдың  Жүсіп  Баласағұнның  «Құтадғу  білік» 
дастанындағы  «ақи»,    яғни  жуанмәрттілік  ілімін  төрт 
таған негізі ретінде алынған: әділәт, дәулет, ақыл, қанағат 
тәрізді  және  Иасауидің  «Диуани  хикметіндегі»  хал 


[Введите текст] 
 
 
164 
                                                                                                                       
ілімімен  де  тікелей  өзектесетін  күрделі  мораль 
философиясы  екендігін  жан-жақты  ашып  көрсетеді.  Т. 
Жұртбаевтың  ресейдің  шығыстанушы  ғалымдардың 
суфизмді 
сары 
уайымға 
салынған 
мистиктердің 
дүниетанымы  ретінде  теріс  танытып  келген  насихатына 
сүйенгендіктен жаңылысып отырғандығын айтады, автор. 
Ол  Абайдың  ақындық  кітапханасы    дейтін  мәселеге  өз 
ойын  былай  білдіреді:  «Абайтану  тарихында  Абайдың 
кітапханасының  жайы  туралы  мәселе  екі  түрлі  тәсілмен 
қарастырылып  жүр.  Бірі  Абайдың  өз  шығармаларында 
берілген 
нақтылы 
сілтемелері 
арқылы, 
екіншісі, 
ойшылдың  дүние  таным  жүйесімен  сабақтасатын  деректі 
мағлұматтар  көзін  салыстырып  табу  арқылы  жүргізіліп 
келеді».  Ғалым  Тұрсынның  жаңылыс  ойының  негізсіз 
екендігін, ұлы ақынның сопылық ілімге бүйрегі бұрғанын 
бұра  тартпай  анық  айту  керек  екендігін,  оның  кісі 
шошитындай құбыжық еместігін нақты ғылыми деректер, 
ислам  іліміндегі  сопылықтың  жақсы  да  жақтары  бар 
екендігімен дәлелдейді.     
Осы  кезең  аралығындазерттеуші  бірнеше  ғылыми 
еңбектер 
жазды. 
Олар:“Абайдың 
адамгершілік 
мұраттары” (1993), “Абайды оқы, таңырқа” (1993), “Абай 
және  шығыс”  (1994),  “Абайтану  тарихы”  (1994), 
“Восхождение Мухтара Ауезова к Абаю” (1995), “Әуезов 
және Абай” (1997), “Түркістанда туған ойлар” (1998) және 
“Абайтану  дәрістерінің  дерек  көздері”,  “Абайды  білмек 
парыз ойлы жасқа” (1997) т.б.  
                                                                                                                       
М.  Мырзахметұлының  жинастырып,  алғы  сөзі  мен 
түсініктемесін 
жазып,басылым 
көрген 
еңбектері: 
“Әдебиеттану”  (1972),  Қ.Байболов  “Төле  би  дастаны” 
(1991),  М.Әуезов.  “Әдебиет  тарихы”  (1991),  Ш. 
Құдайбердиевтің  “Түрік,  қырғыз-қазақ  һәм  хандар 
шешіресі”  (1991),  “Үш  анық”  (1992),  “Мұсылмандық 
шарты”  және  “Бауыржан  батыр”,  “Айналған  аты  аңызға 
Момышұлы” (2000), Қ.Өмірәлиев. “Абай афоризмі” (1993)  
т.б. “Абай және Мұхтар Әуезов” энциклопедиясына қызу 
атсалысып, оның редколлегия мүшесі болады. 
М.  Мырзахметұлының  абайтануға  қосқан  үлесі 
әсіресе,  ұлы  ақынның  шығармаларында  кездесетін 
көптеген  түсініксіз  араб-парсы  сөздерінің  түп-тамырын, 
олардың  қайдан,  кімнен,  нендей  мақсатта  қолданылып 
отырғанын  білу  мақсатында  оның  кітапханасын,  әрбір 
оқыған  әдебиеттерін  анықтауы  болды.  Осы  орайда, 
М.Мырзахметұлы  Абай  оқыған  әдебиеттерді  өзі  де 
түпнұсқадан оқу үшін араб, латын, шағатай, түрік, өзбек, 
татар,  әзірбайжан  тілдерін  де  еркін  меңгерді.  Сөйтіп, 
Шығыс  әлемін  ашу  арқылы  Абайды  толық  тануға 
мүмкіндік алды.  
Соңғы  кездері  «Абай  лұғаты»  деген  атпен  Абай 
шығармаларында  ұшырасатын,  мағынасы  оқырмандарға 
беймағлұм  әрі  қиын  термин  сөздерге  сөздік  жазуда.  Әрі  
Абайтану  тарихына  байланысты  арнайы  курстың  бір 
томдық хрестоматиясын құрастырып, баспаға даярлауда.  


[Введите текст] 
 
 
165 
                                                                                                                       
Абай  мен  мұхтартану  саласында  жүйелі  түрде 
жұмыс  жүргізіп  келе  жатқан  зерттеуші  бұл  тақырыпты 
үнемі  толықтырып,  жан-жақты  байытып  отырады.  Оған 
М.Мырзахметұлының  кейінгі  жылдары  жарық  көрген 
еңбектері  куә.  Айталық,  “Абай,  Мұхтар  мұрасы 
айналасында”  (1992),  “Абай  және  сопылық  ілім”  (2001), 
“Абайдың  ғылым  жайлы  танымынан”  (2000)  т.б.  атты 
ғылыми  мақалаларында  абайтану  мәселелері  одан  әрі 
тереңдей  талданады.  Бұл    еңбектерінде  ғалым  Абай 
шығармаларында  кездесетін  әдеби  ұғым-түсініктерге, 
терминдік  атауларға  анықтама  береді.  Ғалым  алдымен 
Абайдың ғылым, білім, ілім туралы пікірлерін келтіріп, ол 
туралы  ойларын  ғылыми  тұрғыдан  жүйелейді:  “Мәселен, 
“Білім,  ғылымды  көбейтудің  екі  құралы  болады  екен. 
Оның бірі – мұлахаза, яғни ойда пікірлеу, әр нәрсеге сын 
көзімен  қарап  пікір  жүгірту  арқылы  шындықты  білу 
болмақ.  Екіншісі,  мұхафаза,  яғни  пікірлеу  үстінде  ойыңа 
қонған  танымыңды  көкірекке  түю,  көзің  жеткен  нәрсені 
қатты  ұстану”,  -  деп  ой  түйген  дана  Абай  енді  бірде 
танымдық  жағынан  мән-мағынасы  терең  төрт  түрлі 
танымал  ғылым  салаларының  атауларын    өз  алдына 
даралайды.  
Мұның бәрі Абайдың ғылымды тануы мен ол жайлы 
пікір  айтуы  сол  кездегі  ғылымды  жүйелеу  желілерімен 
таныстығын  байқатса  керек.  М.  Мырзахметұлы  Абай 
шығармаларындағы көптеген бөгде тілден енген сөздердің 
этимологиясы  мен  оның  ғылыми  түсініктерін  беріп, 
                                                                                                                       
оқырмандарды  ақын  тіл  қорындағы  сөз  байлықтарымен 
таныстырады.  
Абай  шығармаларында  кеңінен  орын  алған 
мұсылман  философиясы  мен  исламият  тарихына,  таным-
түсінігіне қатысты терминдік ұғымдардың кейінгі ұрпаққа 
түсініксіз болуы, сол себепті ұлы тұлғаның туындыларын 
тереңнен  талдап,  оның  ішкі  әлеміне,  дүниетанымына  ене 
алмай  жүруі  абайтанушы  М.  Мырзахметұлын  қатты 
алаңдататыны  ақиқат.  Осы  ретте  ғалымның  өзі  де  өмір 
бойына  ізденіп,  тұңғиығына  жете  алмай  келеді.  Мысалы, 
2000  жылы  жазылған  “Абайдың  ғылым  жайындағы 
танымынан”  атты  зерттеуінде  М.Мырзахметұлы:  “Абай 
ғылым туралы ұғымды теориялық тұрғыдан негіздеп қана 
қоймайды,  оның  өмірде  орын  тепкен  қазіргі  ұғым 
деңгейіндегі  желілерінде  анықтап,  нақтылап  атап  өтетіні 
бар. Бұл таным Абай заманындағы қазақ қауымы үшін аса 
қажетті  тың  ұғым,  соны  таным  болатын-ды»,  –  дей  келе, 
ақынның  ғылымды  классификациялау  жүйесіндегі  10 
танымдық ұғымды талдайды. Олардың әрқайсысына, атап 
айтқанда:  
1. Аллатағаланың ғылымы;  
2. Ғалами ғылым;  
3. Заһари ғылым;  
4.  Адамның ғылымы;  
5.  Адамның білімі;  
6. Өзіндік ғылым;  
7. Дүниенің ғылымы;  


[Введите текст] 
 
 
166 
                                                                                                                       
8. Мүтәкәллимин;  
9. Мантикин;  
10.  Жәуанмәртлік  немесе  мораль  философиясы” 
атты  терминдерге  ғылыми  түсініктеме  береді.  Осы 
жолдағы шығармашылық ізденістері өмірінің стихиясына 
айналған  көрнекті  ғалым  М.Мырзахметұлы    ақынның 
әрбір  сөзінің,  ол  қолданған  әрбір  термин-түсініктің 
тамырын басу, тарихын, мағынасын, мәнін ұғу үшін Абай 
шығармаларынан іріктеп  алынған 180-дей  философиялық 
ұғымның  әрқайсысына  ғылыми  анықтама  жазу  үстінде. 
Ол  келешекте  “Абай  лұғаты”  деген    атпен  басылым 
көрмек. 
  М.Мырзахметұлының  жетекшілігімен  де  жүйелене 
бастаған 
абайтану 
саласындағы 
сүбелі 
еңбектер 
баршылық.  Абайдың  философиялық  ойларына  молынан 
мүмкіндік  берген  «Қара  сөздерін»  зерттеу  ғалымның 
шәкірті  абайтанушы  Жабал  Шойынбеттің  кандидаттық 
және  докторлық  диссертациялары  арқылы  жүзеге 
асырылып  отыр.  Ал,  марқұм  болып  кеткен  талантты 
ғалым,  мұрағаттанушы  Бейсенбай  Байғалиевтің  «Абай 
өмірбаяны  архив  деректерінде»  деген  еңбегі  (Алматы. 
“Арыс”  баспасы.  2001.  134  бет)  «Абайтануға  қатысты 
барлық  келелі  мәселелердің  бастау  алар  қайнар  көзі 
Абайдың толық та толымды, архив деректеріне негізделіп 
жазылған  ғылыми  өмірбаяны  екендігі  белгілі.  Туған 
әдебиетіміздің  бірегей  классигі  Абай  Құнанбаевтың  өмір 
жолын  еліміздің  өз  тәуелсіздігін  алуына  байланысты, 
                                                                                                                       
қазіргі  қоғамдық  өмір  мен  ғылымда  өріс  ала  бастаған  оң 
өзгерістер  мен  тарихи  шындықты  қалпына  келтіруге 
ұмтылыс  жасап  жатқан  ізденістер  тұрғысынан  қайта 
қарастырып,  тереңдете  зерттеу  мақсатында  жазылған 
еңбек  екі  үлкен  тараудан  тұрады.  І  тарау:  «Абай 
Құнанбаевтың қоғамдық-әлеуметтік қызметі туралы архив 
деректері»  а)  Абайдың  ел  басқару  қызметіне  қатысты 
архив  деректері.  б)Абайдың  үстінен  жазылған  арыз-
шағымдардың  ақын  өмірбаянын  нақтылаудағы  рөлі.  в) 
Абай Құнанбаевтың отбасына жүргізген тінту. г) Абайдың 
мәдени-ағарту  саласындағы  қызметтерін  айқындайтын 
архив документтері). 
ІІ  тарау.  Абайдың  шығармасы  деп  қате  танылып 
жүрген  архив  документтеріне  талдау.  а)  Шар  (Қарамола) 
төтенше  сьезі  және  Абай.  б)  Сенатқа  жолданған 
апелляциялық  пікір  және  Абай.Міне,осы  тақырыптардың 
өзі айтып отырғанындай зерттеуші ұлы ақын өмірбаянына 
қатысты  деректердің  кеңестік  кезеңде  бұрмаланып 
зерттелгенін немесе кейбір мәселелердің бір жақты, үстірт 
қарастырылғанын,  ал  кейбір  айтулы  оқиғалардың 
мазмұны  сол  кездегі  саясатқа  байланысты  жаңсақ 
түсіндірілгенін  айта  келіп,  таза  тарихи  деректерге,  архив 
құжаттарына 
байланысты 
жаңаша 
көзқараспен 
жазғандығын көрсетеді. 
       Академик 
Серік 
Қирабаев 
та 
абайтанудың 
ақтаңдақтар беттерін де бүтіндеуге біршама еңбек сіңірді. 
Айталық,  ХХ  ғасыр  басындағы  ұлт  зиялыларының  Абай 


[Введите текст] 
 
 
167 
                                                                                                                       
шығармаларын  тауып,  танып,  көпшілікке  таныстыру 
мақсатында  жүргізген  орасан  зор  жұмыстары  кеңестік 
кезеңде  қолдан  аластатылып,  жалпы  оқырманның 
назарынан  тыс  қалған-ды.  Сол  жылдары  ұлы  ақынның 
жаңадан 
жинақталып, 
жарық 
көре 
бастаған 
шығармаларына  Ә.  Бөкейханов,  А.  Байтұрсынов,  Ж. 
Аймауытов,  М.  Жұмабаев,  т.б  сынды  ұлт  зиялылары  аса 
зер салып, баспасөз беттерінде жылы сөзді көптеген әдеби 
еңбектер  жарияланған  еді.  Ұлы  ақынның  өмірі  мен 
шығармашылығы 
турасында 
екі 
түрлі 
көзқарас 
қалыптасқан  ХХ  ғасыр  басындағы  әдеби  сын  пікірлерге 
бүгінгі  егеменді  елдің  еркін  ойлы  ғалымы,  сөз  өнерінің 
тарихын  терең  меңгерген  әрі  өткеннің  «өкініштеріне» 
өткір  сыни  пікірлер  айта  білген      зерттеуші  әлгінде 
аталған  ұлт  зиялыларының  ұлы  ақынның  қазақ 
әдебиетіндегі  өзінің  лайықты  тарихи  орнын  анықтаған 
еңбектерін  ғылыми  негізде  жүйелей  келе  «Абайтану 
ғылымының  бел-белестері»  атты  мақаласында  жеке-жеке 
талдайды.  Әсіресе,  Абайдың  өмірі  мен  ақындық  өнері 
жайлы  қазақ  әдебиеттануында  алғаш  рет  ғылыми  ой 
айтқан Әлихан Бөкейхановтың «1905 жылы жазған «Абай 
(Ибрагим)  Құнанбаев»  деген  азанамасына  арнайы 
тоқталып,  оның  өмірбаяны  мен  шығармашылығы 
жөніндегі      тарихи  мәліметтерге  терең  мән  береді.  Ақын 
шығармаларының  өз  қатарластарынан  өзгешелігін,  оның 
поэтикалық  қуатының      ерекшелігін,  дәстүрлі  өлең 
құрылысынан  түрлік,  мазмұндық,  тақырыптық,  идеялық 
                                                                                                                       
жағынан  күрделілігін,  Ә.  Бөкейхановтың  қапысыз  танып, 
талдай  білгендігін  зерттеуші  баса  айтады.  Абайдың 
жылдың  төрт  мезгілі  жайлы  жазған  өлеңдерін өркениетті 
өзге  Европаның  атақты  ақындарының  шығармаларымен 
теңестіруі  ұлы  ақынды  әлемге  танытуда  лайықты  орын 
алды.  Абайдың  туындыларын  жинап,  жариялауды 
өміріндегі ең бір маңызды шаруа деп осы орайда табанды 
ізденіс  жұмыстарын  жүргізген    Әлихан  Бөкейхановтың  
бұл  ойы  1906  жылы  ұсталып,  саяси  репрессияға 
ұшырауына  байланысты  жүзеге  аспағанын  автор  ашына 
отырып  әңгімелейді.  Оның  сәті    1909  жылы  Петербургте  
Абайдың  өз  ұлы  Тұрағұл  мен  інісі  Ысқақтың  баласы 
Кәкітайдың құрастыруымен жарияланған тұңғыш өлеңдер 
жинағы  болып  жарияланғанда  ғана  жүзеге  асады. 
Абайтанудағы ең ірі жаңалық рухани құбылыс болған бұл 
жарияланымнан соң  ғана  қазақ  халқы  өзінің  Абай сынды 
сирек  кездесетін  ұлы  ақыны  бар  екендігін    тани  бастаса, 
екіншіден  ойы  озық  оқығандарының  зерттеулері  арқылы   
мойындай бастады. 
Абайдың  осы    туындысымен  таныса  салып,  қазақ 
әдебиеті  тарихында  тұңғыш  рет  жеке  шығармашылық 
тұлға, оның сөз өнеріндегі алатын орны мен өзіндік өрнегі 
жайлы  ғылыми  пікір  айтқан  Ахмет  Байтұрсынов  әдеби 
эстетикалық көзқарастары жөнінде де С.Қирабаев орынды 
ой толғайды. Ахметтің Абайдың шығармашылығы жайлы 
әрбір  пікіріне  тоқталып,  олардан  сілтеме  ала  отырып,  өз 
ойын  нақтылаған  зерттеуші  ұлы  ақын  көтерген  айтушы 


[Введите текст] 
 
 
168 
                                                                                                                       
мен  тыңдаушы  категорияларының  көркемдік  міндеттері 
жайлы  түсініктерін  А.Байтұрсыновтың  қалай  танып, 
талдағанын  сөз  етеді.  Және  шығармашылық  тұлғаға  тән 
қасиеттерді  (жазушылық,  сыншылық,  ой  шеберлігі  мен 
терең  білім)  атап өтіп,  олардың  Абай бойынан  табылуын 
атап көрсетеді. 
Осы зерттеуінде С. Қирабаев абайтану саласындағы 
бағалы  орны  бар  тұлға  М.  Дулатовтың  ақынның  қайтыс 
болуына  10  жылдығына  орай  жазылған  «Абай»  атты 
мақаласына, 1918 жылы М. Әуезов пен Ж. Аймауытовтың 
(«Екеу»деп қол  қойған)  ұйымдастыруымен жарық  көрген 
«Абай»  журналындағы  «Абайдың  өнері  һәм  қызметі» 
деген  еңбегіне  тоқтала  келіп,ондағы  ақын  ерекшелігін 
айқындаған  өзіндік  «Меніне»  айрықша  мән  береді. 
Қазақтың  шеберленбеген,  әдеби  әдемі  әдіпке  түспеген 
тілін        терең білгірлікпен, асқан ойшылдықпен ажарлай 
білгендігін,ғылыми тұжырыммен тани білгендігін айтады. 
І. Жансүгіровтің «Абай кітабы», Ғ. Сағдидің  «Абай», 
Б. Кенжебаевтың «Абай» деген мақалаларын атай отырып, 
әрқайсысында  айтылған  әдеби  сын  пікірлерді    нақтылап, 
олардың 
Абай 
шығармашылығын 
қай 
қырынан 
қарағандығын, оны халық ақыны деп бағалаудағы ғылыми 
сараптамаларына      тоқталады,  мақсаттарын  анықтап 
береді. Алайда, ғасыр басындағы ақын шығармашылығын 
көркемдік  талап,  эстетикалық  талғам  тұрғысынан 
талдаған мақалалармен қоса оны таптық тұрғыдан танып, 
талдаған, біржақты көзқарастар да бой көрсеткені белгілі. 
                                                                                                                       
Міне, осы олқылықтың қыр-сырын жан-жақты ашуға, сол 
кезеңдегі 
саясаттағы, 
қоғамдағы 
әлеуметтік, 
идеологиялық  құбылыстардың  әсері  болғандығын  ғалым 
ХХ  ғасыр  басындағы  әдеби  айтыстарда  айрықша  орын 
алған С. Мұқановтың «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар, 
шешендер»  («Еңбекші  қазақ»  1923)  мақаласындағы 
мәселелер  тұрғысынан  талдап,  түсіндіріп  береді.  Сол 
кезеңдегі  коммунистік  партияның  пролетарлық  емес 
мұраға жасаған шабуылының шынайы бет-пердесін ашып, 
таптық  тартыстың мән-жайын тереңірек түсіндіреді. Осы 
орайда  Ғ.Тоғжановтың  («Абай»1935)  деген  еңбектерін, 
бұрындары  ғылыми  орта  біле  бермейтін  І.Қабыловтың 
«Философия  казахского  поэта  Абая  и  ее  критика» 
(«Советская степь».  1928. 2 август)  деген  мақаласындағы 
«Абайдың  философиясы  идеалистік  философияның  түрлі 
көріністерінің  жиынтығы»,  сондықтан  оның  ілімі  зиянды 
деген пікір айтқанын сынай келе, оған дер кезінде жауап 
жазған  Ыдырыс  Мұстанбаевтың  «Поэт  Абай  и  его 
философия»  («Советская  степь»  1928.  2  август)  және 
«Ақын  Абай  және  пәлсапашыл  Ілияс  туралы»  («Еңбекші 
қазақ».  1929.  10  сентябрь)  деген  мақалаларындағы 
айтылған  ойларға  мүлдем  қайшы  келіп,  І.  Қабыловтың 
қателіктерін  бетке  баса  отырып,  философ  Абайды  ақын, 
суреткер  Абайдан  бөліп  қараудың  қателігін,  оны 
патриалды-рушылдық  қоғам  мен  капитализмге  телудің 
ақын  шығармаларын  зерттеуден  тумағандығын,  қолдан 
жасалған  схематизм  екендігін  сынап,  «Абай  нағыз  халық 


[Введите текст] 
 
 
169 
                                                                                                                       
ақыны  болды»  деген  қорытынды  жасағандығын  нақты 
мәтіндерден  мысалдар  келтіре  отырып,  дәлелдейді.  Осы 
орайда,  ерекше  атап  өтер  еңбектің  бірі  –  Құдайберген 
Жұбановтың  «Абай  –  қазақ  әдебиетінің  классигі»  атты 
еңбегі.  ХХ  ғасыр  басындағы  Абай  шығармашылығы  мен 
мұрасы, оның қазақ әдебиетіндегі алатын орны жөніндегі 
екіұдай айтысты қорытқан, әділ пікірмен баға берген бұл 
еңбектің  құндылығын  зерттеуші  бүкіл  кеңестік  Шығыс, 
Орта  Азия  әдебиеттері  ішінде  Абайдың  теңдессіз  үздік 
орнын,  өз  дәрежесіндегі  жалғыздығын,  «алды  жоққа 
жуық»  ақынның  «соны  жол  салу»  даналығын  Қ. 
Жұбановтың қалай дәлелдегеніне ден қояды. 
С.  Қирабаев  ХХ  ғасыр  басында  жаңадан  бастау 
алған абайтану саласындағы  ақтаңдақтарға ғылыми шолу 
жасай  отырып,  сол  кезеңдегі  әлі  ғылыми  айналымға 
кеңінен енбеген көптеген мақалалар мен еңбектерді  атап,  
сол  кезеңнің  қоғамдық  және  әдеби  құбылыстарына 
сипаттама  береді.  Абайтанудың  көрнекті  өкілдерінен 
бастап,  ірілі-ұсақты  зерттеулер  жазған  ғалымдар  мен 
әдебиетшілер  еңбегіне  әділ  бағасын  берген  зерттеуші:  « 
Абай  өміріне,  оның  өмір  сүрген  ортасына,  айналасына 
байланысты 
деректерді 
толықтыра 
беру, 
шығармаларының  текстологиясын  зерттеуді  жалғастыру, 
әсіресе,  прозалық  шығармаларын  әр  түрлі  нұсқалармен 
салыстыра 
қарау, 
Абай 
қолжазбасын 
іздестіру 
(қарасөздерінің өз қолымен жазған нұсқасы  белгілі болып 
отыр), оны мазмұны, ақынның дүниетанымы  тұрғысынан 
                                                                                                                       
толығырақ  зерттеу,  Абай  мектебі  мен  оның  ақындық 
дәстүрі  жайлы  жаңа  еңбектер  жасау,  Абай  реализмі  мен 
оның творчествосы нәр алған бастаулар жайында жаңа сөз 
айту,  Абайдың  саяси-қоғамдық,  тарихи,  философиялық 
көзқарасы, қазақ әдеби тілін ұстартудағы рөлін кең ашу – 
алдағы  күннің  жалғаса  беретін  міндеттерінің  қатарына 
жатады. Абай жайлы жаңа ұрпақтың жаңаша сөзі керек»,–
деп    бүгінгі  қазақ  әдебиеттану  ғылымы  алдында  тұрған 
міндеттер мен парыздарды да анықтап береді.  
Кешегі  кеңестік  дәуірдегі  идеологиялық  саясаттың 
салдарынан өріс алған неше түрлі қоғамдық және рухани 
құбылыстардың  құпия  сырына  қанық    зерттеушінің 
әдебиет  тарихына  қатысты  әрбір  тарихи  мәліметтерді 
бұлай  егжей-тегжейлі  саралауы  және  оны  тек  деректерді 
тізумен  емес,оның  мәнін  ашып,  сол  кезеңдегі  әдеби 
процеспен  байланыстыра,  уақыт  таразысына  салған    әділ 
төрешілдікпен  талдауы,  мүмкіндігінше  бүгінгі  жастарға 
кешегі  кемшіліктердің  көзін  ашып,  оның  себеп  салдарын 
түсіндіріп,  шындыққа  көзін  жеткізіп  кетуге  тырысу 
барысындағы  еңбегін  ерекше  бағалап,  атап  өтпеске 
болмайды.  
Тәуелсіздік  тұсында  қазақ  әдебиеттану  ғылымы 
ұлттық сөз өнері тарихын, қайта оралған ақтаңдақтарды – 
Алаш 
тұлғаларының 
өмірі 
мен 
шығармашылық 
мұраларын  зерттеу  ісін  қолға  алды.  Кеңестік  кезеңде 
айтуға  тыйым  салынған  әдеби-мәдени  мұра,  ұмытылған 


[Введите текст] 
 
 
170 
                                                                                                                       
әдеби  жәдігерлерді  жариялау  ісі  алға  қойылды.  Абайға 
дейінгі қазақ әдебиеті нақтылана түсті.  
Абайтану  тәуелсіз  тұсында  жаңа  тұғырға  көтерілді. 
1995  жылы  Абайдың  2–томдық  академиялық  басылымы 
жарық  көрді.  Алла,  Құдай,  Мінәжат,  тәубә,  иман  сөздері 
қалпына  келтіріліп,  араб,  парсы  тілдеріндегі  сөздерге 
ғылыми  түсініктеме  берілді.  «Абай»  энциклопедиясы 
жарыққа  шықты.  42  жылдан  кейін  өз  ғылыми  жұмысын 
нәтижелеген  Қ.Мұхаметханұлының  «Абайдың  ақын 
шәкірттері»  атты  төрт  кітабы  жарық  көрді.  Қайым 
(Ғабдулқайым)  Мұхамедханұлы  көп  уақытын  Абай 
мұрасын,  Абай  мектебін  зерттеуге  арнаған  ғалым.  Оны 
келесі  еңбектерінен  көруге  болады:  «Қазақ  әдебиеті 
тарихындағы  абайтану  ғылымының  келелі  мәселелері: 
Абайдың 
әдеби 
мектебі, 
ақын 
шығармаларының 
текстологиясы,  шығармаларына  түсінік  беру  және 
Абайдың  жаңадан  табылған  өлеңдері»;  «Абайдың  әдеби 
мектебі»  (Семей  облыстық  «Екпінді»  газетінің  1940 
жылғы 
№ 
233–239 
сандарында 
жарияланған), 
Ақылбайдың 
«Дағыстан», 
«Зұлыс», 
Мағауияның 
«Медғат–Қасым»,  «Еңлік–Кебек»,  Әубәкір  мен  Әріптің 
шығармашылық 
өмірлеріне 
арналған 
мақалалары. 
Ғалымның  мерзімді  баспасөз  беттерінде  жарық  көрген 
әдебиеттің  жалпы  мәселелері,  әдеби  үрдіс  пен  әдебиет 
қайраткерлері,  әдебиеттер  байланысы  хақындағы  ой–
пікірлерді  қамтитын  сын–зерттеу  мақалаларын  былайша 
топтап, қарастыруға болады:  
                                                                                                                       
1.  Қазақ  әдебиеті  тарихына  арналған  зерттеу 
мақалалары  (Ш.  Уәлиханов,  Бұхар  жырау,  М.Әуезов, 
М.Өтемісов,  Ы.Алтынсарин,  С.Торайғыров,  С.Дөнентаев, 
М.Сералин,  Ы.  Шөреков,  Ы.  Мұстамбаев,  И.  Қазанғапов 
т.б.); 
2.  Жазба  әдебиет  және  ауыз  әдебиеті  байланысы, 
өнер  иелеріне  байланысты  сын-зерттеулері  («Жүсіп  – 
Зылиха»  поэмасы,  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу»  жыры, 
айтыс  ақындары:  Орынбай,  Кемпірбай,  Шөже,  Сәдір, 
Сапарғали;  әншілер:  Әміре,  Майра  т.б.  туралы  дерек 
мақалалары); 
3.  Ел  тарихына  байланысты  зерттеулері  (Кеңес 
өкіметін  орнатуға  белсене  қатысқандар:  С.Ғаббасов, 
А.Көшкінбаева, 
Б.Байғаранова, 
А.Ермұхаметов, 
У. 
Жәнібеков т.б.); 
4.  Туысқан  елдер  әдебиеті  жөніндегі  ғылыми 
пікірлері  (А.С.  Пушкин,  И.А.Крылов,  М.Ю.Лермонтов, 
Ф.М.Достоевский,  сондай-ақ  татар  әдебиеті  өкілдері: 
Ғ.Тоқай, Қ. Насыйри, Ш. Камал т.б.). 
Абайдың  ақын  шәкірттерінің  қатарына  әдебиетші 
тұңғыш  рет  Ақылбай  Абайұлы  Құнанбаев,  Мағауия 
Абайұлы 
Құнанбаев, 
Әсет 
Найманбаев, 
Әріп 
Тәңірбергенов,  Көкбай  Жанатаев,  Халиолла  Өскенбаев, 
Кәкітай  Ысқақұлы,  Мұхамеджан  Майбасаров,  Бейсембай 
Жәнібеков,  Баймағамбет  Мырзаханов,  Мұқа  Әділханов, 
Әубәкір,  Әлмағамбет  Сексенбаевтарды  енгізді.  Абайдың 


[Введите текст] 
 
 
171 
                                                                                                                       
шәкірттерін  зерттеуші  төмендегідей  екі  топқа  бөле 
қарайды: 
1.Әдеби  мұрасын  қалдырып,  ақын  дәстүрін 
дамытушылар; 
2.Абайға 
шәкірт 
болған, 
бірақ 
артына 
шығармашылық мұра қалдырмағандар. 
Көркем  шығармаларымен  әдеби  мұра  қалдырып, 
ақын  дәстүрін  жалғастырушылар  қатарына  зерттеуші 
Ақылбай  Абайұлы  Құнанбаев,  Мағауия  Абайұлы 
Құнанбаев,  Әсет  Найманбаев,  Әріп  Тәңірбергенов, 
Әубәкір, Көкбай Жанатаевтарды жатқызады.  
Ал,  Абайға 
шәкірт 
болған,  бірақ 
артына 
шығармашылық  мұра  қалдырмаған  әнші  шәкірттері 
қатарына  төмендегілерді  жатқызады:  Мұқа  Әділханов 
(1857–1927), 
Бейсембай 
Жәнібеков 
(1858–1917), 
Әлмағамбет 
Сексенбаев 
(1869–1930), 
Мұқаметжан 
Майбасаров (1852–1917). 
1951 жылы Қайым Мұхамедханұлы «Абайдың ақын 
шәкірттері»  атты  кандидаттық  диссертация  қорғады. 
Ғылыми жетекшісі М.О. Әуезов болды. 
   «Абай  шығармаларының  текстологиясы»  еңбегі 
бүгінде  абайтану  саласындағы  сирек  кітаптардың  бірінен 
саналады. 
1954 жылы жарыққа шыққан Абайдың академиялық 
жинағындағы 
текстология 
туралы 
мәселе 
Қ.Мұхамедханов зерттеуінде мақала көлемінде сөз болып, 
кейіннен көлемді зерттеу еңбегіне айналды.  
                                                                                                                       
Текстолог аталмыш зерттеуінде нысанаға алған 1954 
жылғы  жинақ  пен  1909  жылы  жарық  көрген  жинақты, 
Мүрсейіт, 
О.Уақбаев, 
Р.Жандыбаевтардың 
қолжазбаларымен  салыстырып,  соңғы  басылымда  ақын 
шығармаларына  енген  «бөтен  сөздерді»  нақты  деректер 
арқылы  дәлелдейді.  Идеялық  мазмұны,  көркемдігі 
астасып  жатқан  ақын  шығармаларының  әр  түрлі  нұсқада 
басылуы  –  оны  мазмұн  жағынан  да,  өлеңдік  қисын 
жағынан 
да 
ойсыратып 
тұрары 
сөзсіз. 
Қ.Мұхамедхановтың 
ақын 
шығармаларындағы 
текстологиялық  мәселелерге  арналған  зерттеуі  аталмыш 
саладағы  күні  бүгінге  дейін  құнын  жоймаған  бірден-бір 
жалғыз  туынды.  Ғалым  айғақты  деректерімен  ақын 
өлеңдерінің  бұрмаланып  берілген  тұстарын,  арасына 
енгізілген сөздерін дәлелдеп берді.  
Абай 
өлеңдеріне 
түсінік 
жайында 
да 
Қ.Мұхамедханов  өз  зерттеуін  жүргізді.  Түсіндірме 
сөздерге  жүргізген  тексерулері  жайында  зерттеуші 
мынандай  толғақты  мәселелерді  көтереді:  кездесетін 
түсініксіз  сөздер,  адам  есімдері  талдап  көрсетілуі  қажет. 
Өз  зерттеуін  осындай  талап  негізінде  жүзеге  асырған 
зерттеушінің  ғылыми  тұжырымдары  бүгінде  бағасын 
жойған  жоқ.  Мәселен,  «Көңілім  қайтты  достан  да, 
дұшпаннан да» деген өлеңіндегі: 
  
Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда, 
Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда – 


[Введите текст] 
 
 
172 
                                                                                                                       
 
деген  жолдардағы  «жыға»  сөзіне  1977  жылғы  жинақта: 
«жыға  –  дулығаның  артынан  қаптап  қоятын  зат»  –  деп 
түсінік берілген. Жыға дулығаның артынан қаптап қоятын 
зат  емес,  батырлардың  дулығасының  төбесіне  шаншылта 
қадап  қоятын  зат  болып  табылады.  Егер  жауы  жеңіліп 
қалса,  жау  жығасы  жығылды,  не  жаудың  жолы  болмаған 
шақта,  жау  жығасы  қисайды  деп,  жау  басына  түскен  істі 
оның  жығасына  ауыстырып  айтатын  қазақтың  дәстүрлі 
сөзі  болғаны  белгілі.  Қ.  Мұхамедхановтың  талдауына 
сүйенсек,  Абай  «бастан  жыға  қисайғанда»  деп  адамның 
басынан  бағы  таюды,  басына  іс  түсуді  ақын  тілімен 
бейнелеп беріп отырғанын түсінеміз. 
Абай  мұрасы  жөнінде  табылған  соны  деректердің 
бір  саласы  –  ұлы  ақынның  жаңадан  табылған  өлеңдері. 
Бұл  өлеңдер  Абай  мұрасын  толықтыруда,  кей  жақтарын 
тереңірек  танып–білуге  елеулі  мәні  бар  құнды  деректер. 
Қ.  Мұхамедханов  тарапынан  табылған  80  жол  өлеңі, 
немесе  1961  жылы  шыққан  Абайдың  бір  томдығына 
тыңнан  тағы  да  бес  өлең  қосылуы,  ақын  шығармаларын 
толықтырып,  ақын  өмірінің  кей  жақтарын  айқындауға 
мүмкіндік беруде. 
Абай  өлеңдері  деп  ел  аузында  жатталып  қалған 
өлеңдерді 
Қ.Мұхамедханов 
«Қазақстан 
мұғалімі» 
газетінде  (1955,  12  мамыр)  және  «Әдебиет  және 
искусство»  (1956,  №  9)  журналында  жариялап, 
жұртшылық талқысына ұсынады. 
                                                                                                                       
Кеңестік  идеологияның  құрбаны  болған  «Абайдың 
ақын  шәкірттері»  атты  зерттеу  тек  1993  жылы  ғана 
«Дәуір» баспасынан жеке жинақ болып шықты. 
Ақын 
шәкірттері 
араға 
42 
жыл 
салып 
оқырмандарымен  қайта  қауышты.  «Абайдың  ақын 
шәкірттері»  туралы  бұл  төрт  кітап  Абайдың  өз 
тәрбиесінде  болған,  оның  өсиеттерін  өз  аузынан  естіп, 
тағылым  алған,  ұлы  ұстаз  ақынның  алдын  көрген  ақын 
шәкірттерінің  өмірі  мен  шығармашылық  еңбектеріне 
арналады.  
1-кітапқа  Абайдың  ақын  балалары  Ақылбай, 
Мағауия және Тұрағұл есімдері;  
2-кітапқа Кәкітай, Көкбай, Уәйіс есімдері;  
3-кітапқа Әріп, Әсет, Мұқа, Әубәкір есімдері;  
4-кітапқа 
Тайыр 
Жомартбаев, 
Баймағамбет 
Айтқожаұлы, Иманбазар Қазанғапұлы, Әрхам Кәкітайұлы 
есімдері  енді.  Жарты  ғасырдан  артық  Абайдың  ақын 
шәкірттерін  зерлей  зерттеген  Қайым  Мұхамедханов  бұл 
зерттеуінде 
ақынның 
шәкірттері 
қатарын 
Уәйіс 
Шондыбаев,  Тайыр  Жомартбаев,  Әрхам  Кәкітайұлы, 
Иманбазар  Қазанғапұлы  т.б.  сынды  жаңа  есімдерімен 
толықтырады. 
«Абайдың  ақын  шәкірттері»  еңбегінің  ғылыми 
негізі,  әрине,  «…Ол  кезде  Көкбайдың,  Мағауияның  қай 
кезде,  қайда  оқығаны  жөнінде  де  нақтылы  тарихи 
мағлұмат  жоқ  болатын.  Және  Ақылбайдың  «Зұлыс» 
поэмасының  кейінгі  табылған  бір  тарауын  Мұхтар  көре 


[Введите текст] 
 
 
173 
                                                                                                                       
алмады.  Қазір  Көкбайдың  бірталай  шығармалары 
жиналып,  зерттелді.  Көкбай  мен  Мағауияның  өмірбаяны 
жайында  архивтен  нақты  деректер  табылды.  Абайдың 
басқа  да  шәкірттерінің  шығармалары  жиналып,  өмір 
тарихтары  туралы  архив  материалдары  мағлұм  болып 
отыр», – деген жолдары аталған монографияның көтерген 
ғылыми  жүгінің  ауқымдылығын  айғақтайды.  Автор 
жаңадан  табылған  деректер  деп  нені  айтып  отыр  дегенге 
келсек, 
Мағауияның 
өміріне 
қатысты 
табылған: 
«Семипалатинская  мужская  киргизская  школа»  деп 
аталатын мектепте 1884 жылы оқыды деген мұрағат дерегі 
–  оның  өмір  тарихына  қосылған  тың  дүние.  Көкбай 
ақынның  әдеби  мұраларына  қатысты,  әсіресе,  әншілік 
өнері  жайлы  деректердің  табылуы  да  кейінгі  жылдар 
жемісі. «Әудемжер жүре алмаймын аяғымнан» деген әнін 
Есентай  Бердиннен  жазып  алғандығын  айта  келіп,  ол 
кезде  музыка  маманы  болмағандықтан  Көкбайдың 
ақындық  өнеріне  баға  бере  алмағандығын  айтып 
қынжылыс  білдіреді.  1964  жылы  А.Жұбанов  «Қазақ 
әдебиеті тарихына» әннің авторы Көкбай деп енгізгендігі 
белгілі.  Бірақ,  әннің  ақиқаты  ашылмай,  арада  жиырма 
жылға  тақау  уақыт  өтеді.  Ақан  серіге  телініп  келген 
аталмыш  әннің  Көкбайдікі  екендігін  зерттеуші  архивте 
сақталған  материалдарға және  А.Жұбановтың  пікірлеріне 
сүйене  отырып,  дәлелдеп  береді.  Тұрағұл,  Ақылбай, 
Мағауия,  Көкбай,  Әріп  бастаған  дарынды  да,  талантты 
                                                                                                                       
ақындар  легінің  халқымен  қайта  қауышуы  –  көркем  сөз 
өнеріндегі игі жаңалық, рухани байлық. 
   «Атамұра»  баспасынан  1995  жылы  шыққан  «Абай 
мұрагерлері» деп аталатын кітапқа Алаш қайраткерлерінің 
жолында  болған,  Шәкәрім  бастатқан  Абай  шәкірттері: 
Кәкітай,  Тұрағұл, Көкбай  және  Абай  мұрагерлері ретінде 
Әлихан  Бөкейхан,  Ахмет  Байтұрсынұлы,  Міржақып 
Дулатов, 
Мағжан 
Жұмабаев 
және 
Жүсіпбек 
Аймауытовтар кірді. 
Қ. Мұхамедхановтың ғылыми ізденісінің бір арнасы 
–  халық  шығармашылығы,  әлі  де  әдебиет  тарихында 
сүрлеуге  салынбаған  ақын  мұрасын  зерттеп,  оны  архив 
деректерімен  дәлелдеу.  Осы  мақсаттың  жемісіндей 
зерттеуші  Ақылбек  Сабаловтың  48800  өлең  жолы  бар 
түпнұсқа  қолжазбасын,  Мәжит  Дәулетбаевтың  1100  жол 
қолжазбасын,  Ілияс  Молдажановтың  белгісіз  болып 
келген  поэмаларын,  тарихи  поэма  «Бөгенбай  батырдың» 
1896  жолы  бар  жаңа  нұсқасын,  «Қазақ  шежіресінің»  (80 
бет) қолжазба тізімін анықтап, Қаракерей Қабанбай батыр 
жыры  туралы  тарихи  мәліметтерге  ғылыми  түсініктер 
жазды. 
Бұл 
зерттеулер 
– 
көрнекті 
ғалым 
Қ. 
Мұхамедхановтың  ұлттық  мәдениетіміздің  нағыз  келелі 
мәселелерін көтере білгендігін көрсетеді. 
     
Абайтанушы  ғалым  Ж.  Ысмағұлов  1995  жылы 
“Абай  поэзиясындағы  өмір  шындығын  бейнелеудің 
реалистік  принциптері”  деген  тақырыпта  докторлық 


[Введите текст] 
 
 
174 
                                                                                                                       
диссертация 
қорғады. 
Абайтанушы 
ғалым 
Ж.Ысмағұловтың  2007  жылы  “Өнер”баспасынан  400 
беттік  “Абай:  Даналық  дәрістері”  атты  монографиялық 
еңбегі  жарық  көрді.  Кітапта  ұлы  ақынның  бүкіл 
шығармашылық  мұрасы  тұтас  алынып,  талданған.  ”Абай 
жолы-хақ  жолы”  атты  алғашқы  тарауда  қазіргі  қазақ 
әдебиеттану  ғылымындағы  ең  ірі  сала-абайтанудың 
ғасырлық  тарихының  басты-басты  кезеңдері  жан-жақты 
әңгіме  болады.  ”Қалың  елім,  қазағым”  атты  екінші 
тарауда  патшалық  бодандықтың  әбден  асқынған 
кезеңіндегі халқымыздың тағдырына, ой-санасына, мінез-
құлқына  түскен  сызаттар  мен  келеңсіз  көріністерінің 
себеп-салдарына  ой  жүгіртеді,  автор.  Қалған  тарауларда 
(“Өлең-сөздің  патшасы”,  ”Ақындық  мектеп  аясында”, 
”Аударма  айшықтары”,  ”Қарасөз  қисындары”,  “Тарих 
тереңінен  мағлұмат”,”Даналық  тағлымы”,  ”Абай  дәстүрі 
және  Алаш  әдебиеті”)  дала  данышпанының  сөз  өнері 
жайлы  толғамдары  мен  өлеңдеріндегі  философиялық 
қисындары мен эстетикалық көзқарастары әңгіме болады.
 
Қазіргі қазақ әдебиеттануындағы
 
абайтану саласына 
соңғы  жылдары  қосылған  соны  серпін,  жаңа  сөз 
абайтанушы ғалым Тұрсынжан Шапайдың «Шын жүрек – 
бір  жүрек»  атты  (Алматы.  «Жазушы»  2000  жылы) 
еңбегінен  байқалады.  Өзінің  тұңғыш  еңбегі  «Ой  түбінде 
жатқан  сөз»  атты  зерттеуінде-ақ  дара  құбылыс,  тосын 
талдау  мен  талғамның  иесі  екенін  танытқан  Тұрсынжан 
абайтанудағы  айтар  сөзін  де  ешкімге  ұқсамайтын 
                                                                                                                       
оқшаулығымен  өзгелерден  оқ  бойы  озық.    Абайтануға 
соны  соқпақ  салған  ғалымның  бұл  еңбегі  алғаш  рет 
«Жұлдыз»  журналына  жарияланған  кезінде  зиялы  қауым 
мен  қалың  оқырманды  елең  еткізгені  белгілі.  Мәселен, 
«Шын  жүрек-бір  жүректегі»  «Асылдың  нұры»  атты 
бірінші  тарауындағы  тараушалардың  аттарын  оқып 
көрелік: «Анық Абай», «Аңыз бен тұлға», «Махаббат пен 
ғадауат»,  «Кемеңгер»,  «Абай  мен  Дулат»,  «Абайдың 
дидары»,  «Шайтанға  көзқарас»,  «Абайдың  досы», 
«Абайдың  Қиясбайы»,  «Тыныштық  метафорасы»  «Шын 
жүрек 
– 
бір 
жүрек». 
Тақырыптар 
ғылыми 
монографияларға,  диссертациялық  жұмыстарға  тән 
тірескен  ғылымилық  байқалмағанымен  оны  тереңдей 
танып,  ішкі  табиғатымен    Абайды  да,  өлеңді  де  өзінің 
өзегінен  өткізе  білген  білімпаздықты  байқайсыз.  Өзінің 
зерттегелі  отырған  нысанасына  өлердей  ғашық  әрі  оны 
терең  танып  білетін  кәсіби  маман  екенін    танытады.  
Абайдың  шығармашылығы  мен  кісілік  келбетін,  өмірдегі 
шынайы  да  дара  тұлғасын  танытуға  тырысқан  зерттеуші 
«Анық  Абайында»  былай  дейді:    «...  Абайша  торығып, 
Абайша күңіреніппіз... 
Бәрібір,  Абай  –  жұмбақ  күйі  қалыпты.  ...Бірақ, 
ешқайсысы  Абайдың  өзін,  күнделікті,  пәни  тірліктегі 
пенде  Абайды  түсіндірген  жоқ..»      «Абайды  тану  - 
ақиқатты  тану,  өзіңді  тану...  Абайды  әркез  қайта  тану 
керек екен – Тойда соны ұқтық». 


[Введите текст] 
 
 
175 
                                                                                                                       
Зерттеуші  өмірбаян  шығармашылықты,  сол  сияқты 
шығарма  да  авторын  адам  ретінде  таныта  алмайтынын, 
дегенмен  тұлғаның  толық  танылуы  үшін  Абай  өмірінің 
әрбір фактісі, ол туралы аңыз-естелік-әңгімелелердің бәрі 
–  Абайды  танудың  жолдары,  талпыныстары.  Пушкин, 
Лермонтов 
сияқты 
сирек 
суреткерлер 
туралы 
мәліметтердің  (расы  да,  өтірігі  де)  жиналып,  ғылым 
сарабына  түскенін  айта  келіп  автор:»  Ұлы  адам  кешкен 
өмір  бұралаңдары,  қайғы-қасірет,  жан  азабы,  жеңістері 
мен жеңілістері кейінгінің көзінде, өзін өрттей ақтарылған 
жаңартаудың  қорқынышты,  сұрапыл  сұлулығын  алыстан 
қызықтағандай  эстетикалық  көрініс.  Мағына  алады... 
Абай  туралы  аңыздарға  осы  тұрғыдан  қарадық.  Естелік-
әңгіме-аңыздардан  анық  Абайды,  өлеңдегі  Абайды  іздеп 
көрмек болдық. Не тауып, нені айқындарымызды келешек 
көрсетер.  Әзірге  сырына  әркім,  әр  ұрпақ  өз  рухани 
тәжірибесімен,  таным-түйсігімен  жетуге  талап  қылатын 
жұмбақ  жан,  ұлы  тағдырды  барлап  алдамшы  сағымда 
армансыз адасып, дегбірсіз із шалған көп дәмегөйдің бірі 
ғана шығармыз-бізге сол да қанағат».  
Одан әрі әдебиетші-ғалым өзі өмірге әкелген «толық 
адам»    шарттарына  ақынның  өзі  сай  болды  ма  деген 
сыңаржақ  сауалды  қоюдың  өзі  мағынасыздық  екендігін, 
«Шығармашылық  –  кемел  ой,  қуатты  қиял,  уақыт  пен 
кеңістіктің  әдепкі  өлшемдерінен  тыс  еркін  әлемдігін» 
және «Өлеңдегі Абай – Абайдың өзі үшін де өмірде жете 
алмайтын,  орта,  қоғам  барда,  жетілмеген  адам  барда 
                                                                                                                       
ешқашан  жеткізбейтін  Идеал»  деп  түсіндіреді.  Міне,  осы 
азғана  сөйлемде  бүкіл  зерттеудің  негізгі  нысанасы,  өзегі 
жатыр.Абайдың  шығармашылықтағы  ғана  емес,  өмірдегі 
өзін, оның өзінде рухани көсем Абайды толық танытатын 
тіршіліктегі  тегі  мықты  тұлғаның  тіршіліктегі  әрбір 
деталь,  штрихынан  шынайы  өмірдің  ізін  іздейді.  Осы 
іздену  барысында  ол  Абайды  –  діндар,  Абайды  –  әулие, 
Абайды – философ еткендерге: «..Абай – ақын. (Жарайды, 
ойшыл-ақ 
ақын 
болсын). 
Абайда 
жекелеген 
философиялық  ой-пікір  бар.  Жүйелі,  төлтума  философия 
жоқ» деп нақты да ғылыми дәлелді ой айтады. 
ІІ. 
«Махаббат 
пен 
ғадауат» 
атты 
екінші 
тараушасында  «Зұлымдық  жоқ  жерде  әділет  те  жоқ. 
Зұлымдықтың  бетін  әділет  ашады»  деген  пікір  айтады 
және  осы  ойды  «Көп  әулиенің  бірі  болып  қала  алмаған 
Абайға  –  мадақ»  дейді.  Ал,  «Кемеңгер»  деген 
тараушасында  ақын  өмір  сүрген  қоғамның  кезеңдік 
кесепаттарына  рухани  кедергі  болған  Абайдың  тап  сол 
кезде  қырықтан  асқанда  шығармашылыққа  келуі  «рух 
сілкінісі»  болғаны  белгілі.  «Қазақ  санасының  жаңа 
рельефін  жасаған  Абайдың  шығармашылық  қажыры  да 
осы  бейнелі,  Көл-көсір  ескіліктің  қалың  ортасына 
шыжымдап  енетін,  сол  көненің  қойнында  жатып 
жылтырап көз тартатын жаңалық бар; 
Түнекке  Күн  болып  кіріп,  күндіз  бен  түнді 
ажыратқандай  ескі  мен  жаңаның  жігін  айқындаған 
жаңалық - «Абай шығармашылығы» деп жар салады. Осы  


[Введите текст] 
 
 
176 
                                                                                                                       
тұрғыдан  ізденеді,  табады,  оны  ғылыми  тұрғыдан 
тұжырымдап, 
тиянақтайды 
да. 
Және 
«Абай 
шығармашылығының тосындығы мен өзгеше қуаты қазақ 
топырағында  жаңа  поэтикалық  құнар  мен  оқырмандық 
қабылдау  мәдениетінің  қалыптасу  процесін  күрт 
жеделдетті»,  -  дей  келе,-  «Сөйтіп,  Абай  өлең  жазған 
жиырма  шақты  жылдың  ішінде  қазақ  өлеңі  әлемдегі 
поэтикалық мәдениеті ең зор елдердің поэзиясымен үзеңгі 
қағысты...»  ,  -  деп  түйін  жасайды.  Бұл  ұлы  оқиғаның 
мезгілін  Абайдың  атақты  өлеңдері  жазылып,  Пушкиннен 
аударма жасап үлгерген 1889 -90 жылдар деп шамалайды. 
Осы  орайда,  ұлы  ақын  шығармашылығындағы 
көркемдік  дәстүр  мен  жаңашылдық  категорияларының 
тамыры  қайда  деген  сауал  төңірегенде  тың  талпыныстар 
жаңа ойлар айтуға тырысқан автор Абайды анықтап алмас 
бұрын 
ақын 
аударған 
орыс 
ақындарының 
шығармашылықтарындағы  көркемдік  құбылыстардың 
кілтін іздейді. Әрқайсының артында бір орыс емес, күллі 
европалық  цивилизация,  батыс  мәдениетінің  көз  жеткісіз 
қиыры  жатыр»  деген  зерттеуші  әрбір  ойын  ақын 
шығармашылығындағы  ізденістер  мен  құндылықтар 
арқылы  айқындап  отырады.  «Абайда,  оған  дейін  қазақ 
өлеңі  білмеген  талай  сыр  мен  сезім  бой  көрсетті.  Абайға 
дейін өрнектелмеген сезімдер сол сезімдердің болмағынан 
немесе қазақ жанының мұндай нәзік сырға жетілмегенінен 
емес. Лайықты поэтикалық тілдің жасақталмағандығынан. 
Дәстүрлі  поэтика  шеңберінің  тарлығынан  »,-  деп  олқы 
                                                                                                                       
түскен  жерлерімізді  де  орынды  атап  көрсетеді.  Дегенмен 
«Қазақ санасы, қазақ рухы, қазақ сезімі Абаймен жетілді» 
деп өзінің жоғары бағасын әрі ақын, әрі зерттеуші ретінде 
береді.  Әрмен  қарай  автор  ұлы  ақын  өлеңдеріндегі 
көркемдік  құбылыстарды,  өзгеше  өрнектерді  өз  таным 
талғамымен,  қазақ  поэзиясының  білгір  маманы,  поэтика 
әлемінің    зерттеушісі  ретінде  және  оның  талдауларына 
тәнті болатыныңыз әлемдік әдебиеттегі поэзия әлеміндегі 
бүкіл  поэтикалық  құбылыстарды  әр  кезеңімен,  өз 
тұлғаларының 
шығармаларындағы 
ізденіс 
жаңалықтарымен,  тарихымен,  теориясымен,  барлық 
ғылыми  және  көркемдік  мәліметтерімен  жан-жақты 
толғай  отырып,  талдай  білетіндігі,  озық  білгірлігі. 
Өлеңнің табиғатын аса сұңғылалықпен тани алатын  автор 
ұлы  ақынның  өлең  өрісіндегі  өзгеше  өрнек  пен  өлкені 
өзінше танып, өзінше бағалайды: «Өзінің алдыңғылармен 
салыстырғанда,  Абайдың  әр  өлеңін  жаңалық  деуге 
болады.  Он  бір  буын  қара  өлең  үлгісімен,  яки  жеті-сегіз 
буындық дәстүрлі өлшеммен жазғандардың сырты әдепкі 
болғанымен,  өлеңдегі  әр  сөзінің  салмағы,  өрнектерінің 
мінсіз келісімі тосын. Абай сөздерінің қиюы екі қисынның 
арасында  бір  қағып  алуға  болатын  бұрынғы  өлеңдегідей 
емес 
тығыз. 
«Ынталы 
жүректің» 
ыждаһатынсыз 
ұқпайсыз... 
Абайда,  жаңа  табылған  бір  үлгіге  қайтып  оралу  аз. 
Көбі  –  бір-бір  «дана»  ғана».  Бұлар  бұрын  айтылған 
ойлардан айрықша нақты, дәлелді. 


[Введите текст] 
 
 
177 
                                                                                                                       
Ғалым:  «...Әйтпесе,  осы  түр,  осы  мазмұн  тұтасып, 
кемеліне келгенше жасаған тәжірибелерін (егер ондай бар 
болса)  қалдырса,  бүгінгі  оқырманға  да,  зерттеушіге  де  аз 
дүние  болмас  еді»  деген  ой  айтады.  Жалпы,  поэзияны, 
оның  пішіндік,  мазмұндық,  идеялық,  тақырыптық, 
құрылыстық  т.б  мәселелерін  зерттеу  сирек  кездесетін 
қасиет.  Ол  да  бір  табиғаттың  өзі  тарту  ететін  талантты 
ақын  сияқты  ішкі  жан  сезімі  мен  зерттеушілік  зердесі, 
білімі  мен  таланты  бір-бірімен  үйлесім  тауып  табысып 
жатпаса  құрғақ  деректер  мен  ғылыми  ойларды  тізе 
бергеннен  шынайы  зерттеу,  терең  ғылыми  таным,  зор 
эстетикалық құндылықтар жасалмасы белгілі. 
Ғылыми еңбектің жазылу стилі де тосын. Бейне бір 
ақындардың толғау, эсселері секілді. Оның зерттеулерінің 
маңыздылығы  ой  астарында,  ғылыми  мәнділігінде. 
Эсселік  леп  ескен  жұмыста  керемет  бір  лирикалық  лебіз, 
жүрек  жылытарлық  күрделілік,  тамыры  тереңге  тартқан 
білімпаздық,  қойнауы  қатпар-қатпар  ойлылық-  әрбір  сөз, 
сөйлем,  тіркестегі  тұнып  тұрған  тереңдіктен  танылады, 
мазмұннан мен мұндалайды. Зорлықпен таңылып жататын 
кейбір  теориялық  тұжырымдардың  тісін  батырмайтын 
поэзияның  ішкі  табиғатын  өзіне  тән  ақынжандылығымен  
үйлестірген. Ұлы ақынның әрбір өлең жолына оның қазақ 
поэзиясындағы  алатын  орнына,  оның  әлемдік  деңгейдегі 
тең  келетін  ақындар  шығарамашылығындағы  озық 
тәжірибелерін 
әрқайсысының 
әкелген 
көркемдік 
құбылыстарын  арнайы  тоқталып  емес,  жол-жөнекей  сөз 
                                                                                                                       
арасында  әр  өлең  өлшеміне,  әр  сөз  тіркесінің 
қолданылуына  сай  салыстыра  талдауы  шын  мәніндегі 
зерттеушілік  қабілетті  көрсетеді.  Бейне  бір  Жүсіпбектің 
Мағжанның 
ақындығын 
айқындағандай,  Әуезовтің 
Мағжанды не үшін сүйетінін дәлелдейтіндей, Мағжанның 
Ақан 
серінің 
шығармашылығындағы 
кемістігін 
айқындағындай алдына жан салмайтын жүйріктей жосиды             
Зерттеуші  былай  дейді:“...дегенмен,  Абай  табиғат 
лирикасы арқылы қазақ өлеңінің назарына және бір жаңа 
көкжиек  ашты,  жаңа  көркемдік  тәсілдер  енгізді.  Ең 
бастысы  -  сол  көркемдік  обьектіні  игеру,  түйсіну, 
өрнектеу,  бейнелеу  үстінде  және  бір  сала  жаңа 
поэтикалық  тіл  жасақтады.  Бұл  -  қазақтың  көркемдік 
санасындағы ұлы төңкерістердің бірі болды”/27б/. 
Бұл Тұрсынжанның талай жылдан бергі зерттеуінен 
туған тұжырым. Ол Абайдың бай кітапханасына , әсіресе 
Пушкин,  Лермонтов,  Жуковский,  Фет,  Гейне  т.б 
шығармашылығы  арқылы  бүкіл  еуропалық  өркениетті 
меңгергендігіне,  аударма  арқылы  шеберлігін  шыңдап, 
өзгеше танымды игергендігіне мән береді. 
“Абай  мен  Дулат”  деген  тараушасында  автор 
Абайды айтып отырып, осы күнге дейін теріс бағаланып, 
түсіндіріліп  келген  үш  ақынның  (Бұхар,  Дулат, 
Шортанбай)  шығармашылығындағы  жаңа  поэтиканың 
мәнін,оны  халық  санасына  сіңіру  үшін  олардың  беделін 
пайдалану  тәсілін  тапқырлықпен  пайдаланғанын  дұрыс 
көрсетеді.  Жалпы,  олардың  ұстазы  –  тұтас  поэтикалық 


[Введите текст] 
 
 
178 
                                                                                                                       
дәстүр,жыраулық  поэзия  екендігін  ескертеді.  ”Абайдың 
дидарында” 
зерттеушінің 
білімдарлығы 
әлем 
әдебиетіндегі  әйгілі  тұлғалардың  шығармашылығымен 
шектелмей,  олардың  өмір  дерегіне  де,  олардың 
бейнелерінің  тарихта  қалу  деректеріне  де  қанық  екендігі 
қайран  қалдырады.  Бір  -  екілі  фотосуреті  ғана  бар 
Абайдың шын рухани бейнесі тек өз шығармасында ғана 
бар деп түйіндейді. 
Осы  еңбектегі  жаңалықтың  бірі  -  Қиясбай  бейнесі. 
Тараудың  ”Адамда  дос  көп  болмайды.  Кемеңгерде  -  екі 
бастан..”  деген  сөздерден  басталуында  үлкен  мағына 
жатыр, мұнда дара тұлғаның трагедиясы, тағдыры жатыр. 
Дарындардың  достығы  жайлы  деректері  бір  дастанға 
бергісіз.  ”..Моцарт  пен  Сальери  –  аңыз  ғой...  Шын 
өмірдегі,  айталық,  Руми  мен  Мухамед  Табризидің  “дос-
асықтығы”,  ”Ницще  мен  Вагнердің  шәлкем-шалыстау, 
Блок пен Белыйдың қиянпұрыстау, Верлен мен Рембоның 
былғаныштау,  Сент-Бев  пен  Гюгоның  арамзалау 
достығы...  Шеллинг  пен  Гегельдің  бақталас  бәсеке-
достығы,  Марк  пен  Энгельстің  рухани-практикалық 
тұрғыдағы  мінсіз  сұлу,  Ли  Бо  мен  Ду  Фудың 
романтикалық сағыныш сазды достығы.. Маяковский мен 
Бриктердің  түсініксіздеу  “үштігі”.  Оның  өзі  үлкен 
ізденісті қажет ететін сала. 
Осы  орайда,  автор  да  біраз  ізденген,  соның 
нәтижесінде Абай айналасындағы адамдар, достар жайлы 
ой  толғайды.  Соның  нәтижесінде  қазақ  әдебиетінде 
                                                                                                                       
Қиясбай  сынды  жаңа  бейне  пайда  болады.  ”Жай  пенде, 
жабайы  сана  Қия-ағаңдай  адамдарды  делқұлы,  шайқы-
бұрқы, жынды, есуас дер еді. Абай - Абай болған соң ғана, 
Қиясбай-Қиясбай 
болып 
танылды. 
Қиясбайдың 
“қиясбайлығына” мағына бітті.”-дейді автор /51/ 
“Жалпы,  Қиясбай  еңбек  еткен  поэзия  жанрына 
“лақпайы 
өлең” 
деп 
ат 
берген 
жараспақ 
(“лақпа”,”айдалаға  лағу”  дегеннен  шығады).  Және  бұл 
аспаннан түскен үлгі емес, алыстан тамыр тартқан дәстүр, 
көнеден  көш  түзеген  үрдіс.  Қиясбай-дәстүршіл  ақын. 
Дәстүрді  дамытушы.  ”Ақ  сиырдан  туады  жирен  айғыр” 
іспетті  мағынасыздықтарды  зорлап  қосақтап,  күлкі 
шығаратын үрдіс қазақта ертеден келе жатқаны күмәнсіз” 
,-  деп  ақынның  өзіне  тән  жанрын  анықтап,  оның  сол 
жанрды қалыптастырудағы еңбегін атап көрсетеді. 
“Қиясбай 
жырларының 
басты 
қасиеті-
қисынсыздығы.  Логикадан  мақұрымдығы...  Қарапайымда 
қанша  қисық,  оғаш  болса  да,  көркемдеу  құралдары, 
бейнелеу  жүйесі  сол  ішкі  логикаға  бағынғанда, 
қисынсыздан  міндетті  түрде  мағына  туады,  мән  пайда 
болады. Қиясбай өлеңдерінен шығатын мән-мағына, идея-
күлкі”.  “-Абайдың лирикалық  шеберлігі  мен  Қиясбайдың 
“лақпай” өлең құрастыруға ұсталығы деңгейлес жатыр”, –
деп  зерттеуші  жоғары  баға  берген  Қиясбай  сөздерінің 
қиысу  жүйесін,  қалану  тәртібін  талдау  үшін  өз  алдына 
жеке өлең теориясын жасау керектігін ескерте келіп, оның 
елге  үлгі,  Абайға  рухани  серік  болуының  себебін  оның 


[Введите текст] 
 
 
179 
                                                                                                                       
тапқырлығында, 
актерлығында, 
дүниетанымының 
“карнавалдығында”  деп  сендіреді.  Сенбей  көріңіз. 
Зерттеушінің Қиясбай жайлы аңыздарды негізгі желі етіп 
отырып, олардың әрқайсысынан астар, терең ой теріп, ұлы 
ақынның  суреткерлік  болмысының  бір  бөлегі  етіп 
бейнелеуі  соншалықты  нанымды.  ”Қиясбай-қазақтың 
күлкі  мәдениетіндегі  ерекше  тұлға.  Қазақы  күлкінің 
кемеңгері”.  Қиясбайдың  Абайға  қажеттілігі  де  оның  осы 
қасиетінде болса керек. ”Қалың елім, қазағым” деп бір сәт 
өмірден түңілген Абайдың алданышы, қызықтаған ермегі 
болған  Қиясбай  шын  мәнінде  өз  кезеңіндегі  жұлдызы 
жанған    өнерпаз  болған.  ”  Абайдың  бағасын  алған, 
Абайдай  жанашыр  дос,  жақсы  сыйласы  болған” 
Қиясбайдың  шынында  да  арманы  жоқ.  Ондай  жоғары 
бағаға  ие  болған  өнерпаздар  өмірде  аз.  Қиясбайдай 
сайқымазақ,  қиясқы,  қу  тілді  кейіпкердің  жанын  түсініп, 
оның ұлы ақын өміріндегі алар орны мен мағынасына мән 
берген де осы Тұрсынжан болса керек. Өйткені, осы кезге 
дейінгі  абайтанушылар  еңбегінде  көрінбей  ,көлеңкеде 
қалып  қойған  ,бірақ  ,  Абайдай  ұлы  адамның  көңілін 
жұбатып,  соның  сенімді  серігіне  айналған  кейіпкерді 
көңілі  зерек  зерттеуші  ғана  көптің  ішінен  іріктеп,  ірі 
тұлғаға  айналдыра  алды.  Оған  ,әрине,  терең  білім, 
күлкінің  кемеңгерлігін  ұға  білетін  кісілік,  көрегенділік, 
өре мен білгірлік керек. 
 “Өзі-асыл, бес тиындық киімі жоқ, 
  Жалғыз ат мың жылқыдай –көңілі тоқ. 
                                                                                                                       
  Халыққа “баламын”деп өзі айтады - 
                                 Бір нәрсе иегінде көрінген көк”,-  
Медетбай  деген  бір  замандасының  берген  мінездемесі 
Қиясбайдың  тарихи  тұлғасын,  шынайы  тағдырын 
шеберлікпен 
бейнелеп, 
тарихта 
қалдырды. 
Ал, 
әдебиеттануда  ол  Тұрсынжанның  талдауы  арқылы 
“Абайдың Қиясбайы” болып танылды. 
“Тыныштық  метафорасында”  талданған  “Қараңғы 
түнде  тау  қалғып”  Гетенің    “Жолаушының  түнгі 
жырынан”  жасаған  Лермонтовтың  еркін  аудармасы  Абай 
арқылы  қазақша  сөйледі.  Зерттеуші  үш  ақынның  түп 
нұсқаларын  салыстыра  отырып,  әрқайсының  ырғағына, 
стиліне,  мәнеріне  мән  береді.  Үш  ақынға  ортақ  түн 
тыныштығының  тынысын  танытарлық  рух,  бейне,  теңеу 
мәселелері  қараңғыда  қарауытқан  тау  фонындағы 
табиғатқа  тіл  бітіреді.  Әр  нұсқаның  негізгі  нысанасы  не 
екендігі 
келтірілген 
көркем 
мәтіндер 
арқылы 
аудармалардың  салыстырулары  мен  ақындардың  айтпақ 
ойы,  бейнеленер    суреттері  арқылы  талданып, 
зерделенген. Өлең теориясына жетік, ұйқас пен ырғақтың, 
стиль  мен  жанрдың  поэтикасына  ақындық  зердемен  зер 
салған  зерттеушінің  бір  ғана  өлең  айналасындағы  ой 
толғамдары тың,жаңаша талдауды танытады. 
“Шын жүрек-бір жүрек” деп аталатын тарауында да 
осы  үрдіс  жалғасын  тапқан.  ”Сен  мені  не  етесің”  атты  
өлеңін  автор  былай  бағалайды:  “Абайдың  өзіне  дейін 
тумаған,  одан  кейін  қайталанбаған,  алдында  үлгісі, 


[Введите текст] 
 
 
180 
                                                                                                                       
соңында  жалғасы  жоқ  өлең  өрнектерінің  бірі-  “Сен  мені 
не етесің” -.81 б/  . 
                                                   “Сен мені не етесің 
 Мені тастап, 
                                                    Өнер бастап, 
                                                    Жайыңа 
 Және алдап, 
                                                    Арбап, 
                                                    Өзбетіңмен сен кетесің..” , 
-деген  жыр  жолдары  алданған  ғашықтың  жан  азабы, 
арман  -  назы  жайында  сыр  шертеді.  Өлең  құрылысының 
өзі  лирикалық  кейіпкердің  жан  дүниесіндегі  сезім  селін, 
үзік-үзік  болған  көңіл  күйін  әрбір  тармақ  сайын  үдеген 
интонациялық,  эмоциялық  ырғақтар  арқылы  айшықтала 
түседі.  Әдемі  сөздермен  әспеттелмей  қарапайым 
қолданыстағы  қарабайыр  сөздермен  қиюластырып,  қиюы 
қашқан  сезімнің  суық  суретін  салады.  Бұл  өлеңнің 
өзгешелігі  зерттеуші:  “Ақынның  сөзге  сараң,мағынаға 
қалың  төл  стилі.  Тіл  бояуының  мұншалық  үнемді  болар 
және  бір  реті  бар:”  Сен  не  етесіңде”  лирикалық 
кейіпкердің  жан  дүниесі  суреттелмейді,  сипатталмайды-
қозғалыс, процесс ретінде көрінеді”,-дейді /85 б/. 
Кілең  етістіктен  құралып,қарабайыр  сөзден  өрілген 
өлеңде  сыртқы  қимыл-қозғалыс,  сол  арқылы  ішкі  жан 
сезімдердің  суретін  беретін  жанама  мінездеудің  тәсілдері 
мінсіз мүсінделген. Оны автор да жақсы аңғарған: “Тұтас 
сөйлемі,  бүтін  тіркесі  жол-жолға  тасымалданған  өлең 
                                                                                                                       
әуезі  қыстыққан  ыстық  өксіктің  үзік-үзік  лебі  болып 
шарпиды.  Ырғақ  пен  интонациялық  әуен  арқылы  ғана 
аңғарылатын  бұл  күй-шығарманың  бүкіл  мазмұндық-
пішіндік  болмысынан  туындап,алдымызға  ақынның 
теңдессіз шеберлігі туралы тағы бір айғақ тартады”. /86 б/ 
Қарапайым  тілмен-ақ  адамның  ішкі  жан  әлеміндегі 
небір құпия сезімдерді, қағыдан шыққан шерді соншалық 
шеберлікпен  бейнелеу,  әрине,  Абай  сынды  дара 
дарындарға ғана тән қасиет болса керек. Бір ғана өлеңнің 
небір 
көркемдік 
сырлары 
мен 
тілдік, 
стильдік 
ерекшеліктеріне  әр  қырынан  талдау  жасаған  автор 
“дәстүрлі  өлең  тіліне  жуыспайтын  алабөтен  сөз  өрнегін 
арнайы  зерттеуге  алғашқы  адымын  жасапты.  Соңғы 
кездері көбірек көңіл бөлініп,айтылып жүрген  поэзиядағы 
прозаизм  мәселесі  осы  өлеңді  талдау  барысында  сөз 
болады. Жалғыз жолды өлеңнің мәнерінде ,жалпы ырғақ-
тебіренісінде  ішкі  жан  әлемінің  толқуы,  сезім  серпіні,  ой 
ағысы  бар.  Бір  ғана  кейіпкердің  көңіл-күйін  көрсететін 
өлең 
монологтың 
міндетін 
атқарып, 
поэзиядағы 
психологизмнің  поэтикасын  айқындайды.  Лирикалық 
кейіпкердің  ішкі  толғанысын,  сол  сезім  шарпуынан 
туындап  жатқан  санадан  тыс,  еріксіз  түрде  жүзеге  асқан 
сыртқы  қимыл-қозғалыстың    әрбір  әрекеті    ішкі  әлемдегі 
құбылыстарды ,ішкі қайшылықтарды бейнелері хақ. 
Бір өлең төңірегінде ой толғаса да бүтін бір ұлттың 
өлең  өрісіндегі  бірнеше  теориялық  мәселелерге  мән  бере 
сөз  қозғаған  автор:  ”Лирикалық  мазмұнның  көп  астарлы, 


[Введите текст] 
 
 
181 
                                                                                                                       
алуан  үнді  полифониялық  түзілімі,  сезім  драмасының 
шегіне  жеткен  ширығысы,  көркемдік-психологиялық 
тұрғыдағы  қапысыз  өрілімі  бұл  өлеңді  лирика 
тарихындағы айтулы құбылыстың бірі деп тануға кепілдік 
береді”-деп  ой  қорытады.(96  б).Лирикалық  кейіпкерінің 
ішкі  жан  әлеміне    терең  бойлаған  Абайдың  суреткерлік 
шеберлігін  қарапайым сөзбен айтып жеткізу ,әсте, мүмкін 
емес.Алайда  әркім  өз  деңгейінде  сөйлеп,өз  пікірін  ғана 
айта  алады.Ал,әр  қазақ  –Абайды  тануға  талпыныс  жасап 
жатса ол да бір қуанарлық, құптарлық жәйт. 

жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау