[Введите текст]


Қазақ  әдебиеттану  ғылымындағы  ендігі  бір



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет28/36
Дата03.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#35482
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36
Пралиева Гульзия окулык

Қазақ  әдебиеттану  ғылымындағы  ендігі  бір 
ерекше  аталып  өтер  сала  –  мұхтартану
.  Кемеңгер 
жазушы,  ғұлама  ғалым,  дана  ойшыл,  ұлағатты  ұстаз 
М.Әуезовтің  “Абай  жолы”  роман-эпопеясы  қазақ 
әдебиеттануында  абайтануды  қалыптастырса,  абайтану 
мұхтартанудың  іргесін  қалады.  “Абай  жолы”  романы 
туралы  әрбір  сын-зерттеу  мақала  мұхтартануға  қосылған 
үздік-үздік  үлестер  еді.  Ал,  ұлы  жазушы  қайтыс 
болғаннан  кейін  оның  әдеби-мемориалдық  музейі 
ашылып,  шығармаларының,  қолжазбаларының  жиналу, 
зерттелу,  жүйелену  істері  қолға  алынды.  Әуезовтің 
шығармашылығына 
арналған 
ғылыми 
еңбектер, 
зерттеулер,  естеліктер  жазыла  бастады,  жеке  қолжазба 
мұраларының  сипаттамасы  да  жарық  көрді.  Қазақ 
әдебиеттану  ғылымында  М.  Әуезовтің  шығармашылығы 
жөнінде  отызға  жуық  ғылыми  диссертациялар  қорғалды. 
М.О.Әуезовтің  туғанына  100  жыл  толу  құрметіне 
                                                                                                                       
арналған  “М.Әуезов.  Таңдамалы.  Қазақ  және  орыс 
тіліндегі  ғылыми  еңбектер:  монография,  зерттеулер, 
мақалалар,  сөздер,  баяндамалар,  хаттар”  –  деген  еңбекте 
мұхтартанудағы еңбектердің тізімі берілген. Атап айтсақ, 
М.  Әуезов  туралы  алғашқы  монографиялық  очерктердің 
авторлары  З.Кедрина  мен  А.Нұрқатов  болды.  Кейін  Е. 
Лизунованың, 
Л.Әуезованың, 
З. 
Ахметовтың, 
З. 
Қабдоловтың, 
М.Мырзахметовтың, 
Т.Жұртбаевтың, 
Т.Әкімовтың т.б. еңбектері жарық көрді. Олардың ішінде 
үлкен  марапатқа  ие  болған  академик  З.  Қабдоловтың 
“Менің 
Әуезовім” 
деген 
роман-эссесі 
мен 
Ж. 
Ысмағұловтың 
Абайдың 
шығармашылық 
мұрасын 
бастыру  және  зерттеу  жөніндегі  жұмыстары  үшін 
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  сыйлығының 
лауреаты деген жоғары атаққа ие болғандығын атап өткен 
жөн. 
Ал,  М.  Әуезовтің  әр  жылдары  жарық  көріп  жатқан 
шығармаларының,  атап  айтқанда,  алғашында  12  томдық, 
кейін  20  томдық,  қазір  50  томдық  жинағына  жазылып 
жатқан  ғылыми  түсініктер,  қазіргі  уақыт  талабына  сай 
өзгертіліп,  қалпына  келтіріліп  жатқан  көптеген  күрделі 
текстологиялық  жұмыстар  осы  мұхтартануға  қосылып 
жатқан қыруар еңбектер екендігін ескеруіміз керек.  
Мұхтартану 
жылдан-жылға 
жас 
кадрлармен 
толығып,  зерттеу  нысаналары  кеңейіп  келеді.  Бұл 
саладағы  алдағы  уақытта  атқарылар  шаруалар  да  көп. 
Соның маңыздылары абай және мұхтартанушы, академик 


[Введите текст] 
 
 
182 
                                                                                                                       
З.  Ахметовтің  айтуынша  “Әуезов  шығармаларының 
ғылыми  түсініктемелер  берілген  академиялық  жинағын 
дайындау,  толық  ғылыми  өмірбаянын  жазу  және  Әуезов 
тілінің сөздігін жасау”. 
Кеңестік 
дәуірде 
арнайы 
сала 
болған 
жамбылтанудың  бағы  тәуелсіздік  жылдары  біраз 
тоқырауға  ұшырағаны  белгілі.  Саясатты  жырлаған  деген 
біржақты  пікір  ұлы  Жамбылдың  шығармашылығын 
жаңаша  зерттеуге  зер  салдырмай  ғылыми  назардан  тыс 
қалдырғаны 
белгілі. 
Аласапыран 
заманның 
түсініспеушілікке  толы  алғашқы  сынынан  өтіп  шын 
мәніндегі  тарихи  әдеби  тұлға  ретінде  танылған  жыр 
алыбының 
қазақ 
әдебиетіндегі 
лайықты 
орнын  
М.Жолдасбеков,  Т.Кәкішев,  С.Қасқабасов,  Ж.Дәдебаев 
сынды зерттеушілер айтып та жазып та жүр.      
       М.  Жолдасбеков  жыр  алыбы  Жамбыл  Жабаевтың 
өмірі мен шығармашылығы, тәлім алған мектебі, ортасы, 
өзінің  мектебі,  шәкірттері  жөнінде  де  жүйелі  түрде 
зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Оған зерттеушінің, 
“Жүз жыл жырлаған жүрек” (1993), “Асыл сөздің атасы” 
(1996) деген монографиялық еңбектері дәлел. 
Ғасырдан ғасырға жалғасып, атадан ұрпаққа мирас 
болып  келе  жатқан  қазақ  сөз  өнерінің  ғалым  басты–
басты екі ақындық мектебі бар деген тұжырым жасайды. 
Бірі – өмір, замана жайында терең толғанатын шешендік, 
фәлсафалық,  данышпандық  мектеп.  Мұның  аты 
                                                                                                                       
сақталып бізге жеткен түпкі атасы Асан қайғы, одан бұл 
өнер ғасырлар аттап кешегі ұлы Абайдың қолына тиді. 
Екіншісі  –  өле-өлгенше  көмейі  күмбірлеп,  жағы 
талмаған  дария  –  даңғыл  жыраулар  мектебі.  Мұның 
әзірге біз білетін аты мәлім түпкі атасы – Сыпыра жырау. 
Оған  іліктес  Шалкиіз,  Бұқар,  Шөже,  Майкөт  жыраулар 
аталады.  Сондай  жыраулардың  ең  соңғы  үздігі  – 
Жамбыл, 
деп 
жыр 
сүлейі 
Жамбыл 
ақынның 
шығармашылығына барлауды әріден қозғайды.  
Көрнекті  ғалым  М.Жолдасбековтың  аталған 
еңбектерінде  Жамбылдың  қайталанбас  қолтаңбасы, 
ақындық,  суырып-салмалық  шеберлігі,  оның  қазақ 
әдебиетіне  әкелген  даралық  қасиеті  және  бір  ғасыр 
шеңберіндегі қазақ поэзиясының даму жолдары мен өсу 
заңдылықтары  арнайы  қарастырылады.  Зерттеушінің 
қазақтың  сөз  өнеріне  жасаған  жүйелі  теориялық 
талдаулары 
өзіндік 
ізденісімен, 
соны 
пікірімен 
дәйектелінеді. 
Сонымен  бірге,  ғалымның  «Тоқсан  толғау»  (1992, 
Н.Төреқұловпен  бірге)  атты  ғұмырнамалық  эссесінде 
атақты  әнші–сазгер  Кенен  Әзірбаевтың  өшпес  рухани 
мұрасы, өнердегі өлмес өнегесі жазылған. 
Ал,  қазақ  әдебиеттану  ғылымында  өзінің  тура 
айтып,  әділ  пікірін  білдіріп  жүретін  әдебиетші  ғалым, 
сыншы  Тұрсынбек  Кәкішұлы  кеңес  кезеңінің  рухани 
құрбаны  болған,  бүгінде  әр  тарапта  қаралып  жүрген 
Жамбыл  Жабаевтың  шын  мәніндегі  әдеби,  тарихи 


[Введите текст] 
 
 
183 
                                                                                                                       
тұлғасы  мен  шынайы  өнері  жайлы  әділ  пікірін 
«Әдебиеттану  ғылымының  кейбір  мәселелері»  деген 
мақаласында  былай  білдіреді  (Мақала  бұрындары 
жазылғанымен  автор  оны  қайта  қарап,  осы  күйінде 
ұсынып  отыруы  бастапқы  ойларынан  айнымағандығын, 
ұстанған принципінің дұрыстығын танытса керек. (Г.П): 
«Қазақ  әдебиетінің  одақ  көлеміне  танылған  күрделі 
тұңғыш  тұлғасы  –  Жамбыл  деп  жасқанбай  айту  керек. 
Поэзия  алыбының  творчествосы  қазақтың  жаңа  ауыз 
әдебиетін  әлемге  паш  қылғанына,  сонымен  қатар 
көптеген,  әсіресе  түрік  тілдес  халықтардың  поэзиясын, 
әсіресе  ауыз  әдебиетін  өркендетуге  үлкен  әсері 
болғандығын  кім  теріске  шығара  алады.?..  Туысқан 
әдебиеттерде  Жамбыл поэзиясының әсері болуында дау 
жоқ.  Бірақ  ,  осыны  зерттеген  кім  бар?.  Бұл  игілікті 
жұмысты  бізге  біреу  істеп  беруі  керек  пе?...  Біздіңше, 
тіпті  бар  көлемде  алғанда,  Жамбылдың  поэзиясының 
ықпалын  қырғыз,  қарақалпақ,  түрікпен  әдебиеттерінің 
поэтикалық  тәжірибелерінен  аңғартуға  болады.  Міне, 
бұл қазақ әдебиеттану ғылымының күн тәртібіне қоятын 
үлкен  проблемасы  болуға  тиіс»,  (16-бет.  Сын  мен 
сыншы.  Жанр  жайлауы.  І  кітап.  Оқу  құралы.  Алматы, 
Қазақ университеті.  2007, 462-б.)  
«Тәуелсіздік 
кезіндегі 
жамбылтану» 
атты 
зерттеуінде  Ж.Дәдебаев:  «Жаңа  ғасыр,  онымен  бірге 
жаңа  дәуір  жай  келмей,  жан-жағына  жарық  шашып, 
Жамбылдың  өзіне  де,  оның  жүрегінен  шығып,  халық 
                                                                                                                       
көңілінде ұялап қалған,уақыт теңізінің терең түбіне шөге 
бастаған  асыл  жырларына  да  іздеуші,  сұраушы  бола 
келді»,-  дейді.  Тәуелсіздік  кезеңінде  өткеніне  ой 
жіберген  кешегіні  бүгінгі  таныммен  танып,таразылаған 
зерттеушілердің ақын шығармашылығына деген жаңаша 
көзқарастарын  саралай  келе  ғалым:  »...  Сөйтіп  қазақ 
халқының  ақындық  ойы,  жыраулық  өнері  бірнеше 
ғасырлық  даму,  өркендеу  жолын  бір  Жамбылдың 
ақындық  ғұмырбаянының  аясында  ғана  жүріп  өтіп, 
тарихи  ұлы  серпіліс,  адам  айтса  нанғысыз  ғаламат 
сілкініс  жасады.»,-  деген  қорытындыға  келеді.  Осы 
зерттеуінде 
Ж.Дәдебаев 
Жамбылдың 
бүкіл 
шығармашылығына қайтадан толық шолу жасай отырып, 
олардағы  көркемдік  құндылықтарды  тәуелсіз  әдебиеттің   
өрісі 
тұрғысынан 
талдап, 
таразылайды. 
Қазақ 
әдебиетіндегі  жамбылтану  саласының  әлі  зерттейтін 
әдеби  де  ғылыми  да  мәселелері  көп  екендігін,  ол  өз 
зерттеушілеріне зәру екендігін ескертеді. 
 
4.3 Қазақ әдебиеті және әлемдік рухани 
құндылықтар 
 
           Тәуелсіздіктің  рухын  сезінген  ғалымдар  бүгінде 
әлемдік  әдебиеттану  кеңістігіндегі  жаңа  ойлармен 
қарулана  отырып,  тың  методологиялық  межелерді 
меңгеруге  мүмкіндік  алған.  Мәселен,  Т.  Есембековтің 
орыс тіліндегі “Драматизм және қазақ прозасы” (1997), А. 


[Введите текст] 
 
 
184 
                                                                                                                       
Ісімақованың  “Қазақ  көркем  прозасы.  Поэтика,  жанр, 
стиль”  (1998),  «Возвращение  плеяды»  (2002),  Б. 
Жетпісбаеваның “Символ в движении литературы” (1999), 
С. Әшімханованың “Ғ. Мүсірепов прозасының поэтикасы” 
(1999),  Х.  Рүстемованың  “Әнуар  Әлімжанов  прозасының 
поэтикасы”  (1997),  Г.  Мучниктің  “Коммуникативтік 
поэтика  проблемалары”  (1995),  В.Савельеваның  “Көркем 
текст  және  көркемдік  әлем”  (1996),  “Көркемдік 
антропология” 
(1999), 
 
Л.В.Сафронованың 
«Постмодернистская 
литература 
и 
современное 
литературоведение Казахстана» (2006), Қ. Жарықбаевтың 
«Жүсіпбек 
Аймауытұлының 
психологиялық 
көзқарастары»  (2000),  т.б.  теориялық  еңбектерде  қазіргі 
қазақ  әдебиеттану  ғылымындағы  теориялық  мәселелер, 
көркем  шығарманың  ішкі  табиғаты,  олардың  көркемдік-
эстетикалық  ізденістері,  көркем  мәтіндегі  құндылықтар 
ғылыми дәлдікпен сараланады. 
Бұлар  әрбір  ұлттық  әдебиет,  әдебиеттану  ғылымы 
жеке-дара томаға-тұйық өмір сүре алмайтынын дәлелдесе 
керек. Әлемдік әдеби процесс, тіпті кез-келген қоғамдық-
саяси  құбылыстар  да  өзгелерге  ой  салмай  тұра  алмайды. 
Санаға  сыналап  болса  да  әлемдік  информация  ағыны, 
қазіргі  интернет    бізге  дүниежүзілік  әдеби-мәдени 
дүниетанымнан  хабардар  етіп  отырады.  Оның  өзі  біздің 
рухани  өміріміздің 
өркениеттен  кенде 
қалмауын 
қамтамасыз етеді. Соның өзінде қазіргі тәуелсіздік кезеңі 
елімізге  егемендік,  өзімізге  рухани  еркіндік  бергенімен 
                                                                                                                       
қаржының  тапшылығынан  өзге  елдермен  мәдени 
байланысты  үзіп  тастағаны  өкінішті–ақ.  Өйткені,  біз 
шетелдік  басылымдарға  қол  жеткізе  алмай  отырмыз. 
Соның  салдарынан  көптеген  әдеби  жаңалықтардан 
тысқары  қалып  отырғанымыз  да  өтірік  емес.  Ал, 
тәуелсіздік  алған  жылдары  аға  буын  ағаларымыздың 
кейбірі  еліктеуді қоялық, тәуелсіз өз әдебиетімізді игеріп 
алайық деген мәселелер көтеріп бақты. Түбінде мұның өзі 
дұрыс еместігін бүгінгі әдеби процесс дәлелдеп отыр. 
Осы  тәуелсіздік  кезеңінің  алғашқы  жылдарында 
ұлттық  әдебиеттану  ғылымында  да  еуропацентристік 
көзқарас,  әдебиетті  тек  тәуелсіз  ел  тұрғысынан  талдау, 
әлем,  одақ  әдебиетіндегі  көзқарастарды  қысқартып,  тек 
өзіміздің  рухани  мұрамыз  ретінде  танып,  зерттеу  керек, 
әдебиетті  қазақша  таныту  деген  біржақты  пікірлер 
болғаны  да  белгілі.  Әдебиетті  географиялық  мектептер 
арқылы зерттеу секілді жаңа қисындарды ұсынған зерттеу 
жұмыстар да болды. 
Және  бір  ерекше  атап  өтер  жайт  –  тәуелсіздік 
кезеңіндегі  ұлттық  әдебиеттану  ғылымында  дәстүрге 
айнала бастаған жақсы бір бастама – 

жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау