Viii астана экономикалық форумы Халықаралық конференция: "Меритократия мен қызметтік этика мемлекеттік қызмет тиімділігінің өзекті факторы ретінде"



жүктеу 248,82 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.11.2018
өлшемі248,82 Kb.
#20158


Ағылшын тілінен аударма 

 

 



 

 

 

 

VIII Астана экономикалық форумы 

Халықаралық конференция: "Меритократия мен қызметтік этика мемлекеттік қызмет 

тиімділігінің өзекті факторы ретінде"  

21 мамыр 2015 ж. 

 

Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Басшысы, 

Елші Аурелия Бушез ханымның кіріспе сөзі  

 

 

Құрметті Төраға, 



 

Аса мәртебелі баяндамашылар

 

Құрметті қонақтар, ханымдар мен мырзалар!  



 

Еуропалық Одақ атынан бүгін Астанада  "Меритократия мен қызметтік  этика мемлекеттік  қызмет 

тиімділігінің  өзекті  факторы  ретінде"  атты  халықаралық  конференцияға  қош  келдіңіз  деп  айтуға 

рұқсат етіңіз.  

 

Аталған  конференция  білім,  тәжірибемен  алмасуға,  сонымен  қатар,  Қазақстанда  мемлекеттік 



қызметті жетілдіру саласындағы ең соңғы өзгерістер жайында хабардар болуға керемет мүмкіндік 

ашады.  


 

Осы  тұста  заманауи,  мамандандырылған  және  тәуелсіз  мемлекеттік  аппаратты  нығайту;  бизнес 

үшін ең қолайлы жағдай жасау; экономиканы диверсификациялау; ұлттық бірлікті нығайту және, 

соңғы,  бірақ  маңыздылығы  кем  емес  мақсат  –  айқын  және  есеп  беруші  мемлекет  секілді  бес 

институционалды  реформаларды  жүзеге  асыру  бойынша  2015  ж.  5  мамырда  Президент 

Назарбаев енгізген жаңа бағдарламаны ЕО назарға алды.  

 

Осы маңызды бастаманы талқылау бүгінгі іс-шараның мақсаты емес, алайда осы тұста айта кететін 



жағдай  –  Қазақстанның мемлекеттік органдарының транспарентті және есеп беруші құрылымын 

орнатуға  бағытталған  ниетін  баса  құптау  қажет.  Атап  айтқанда,  бұл  мемлекеттік  қызметке  ниеті 

бар,  ең  жоғары  санатты  мамандарды  ынталандыру  үшін  мемлекеттік  қызметкерлерді  жұмысқа 

жалдау  жүйесін,  сонымен  қатар  жалақы  мен  жұмыс  шарттары  жүйесін  де  реформалауды 

көздейді. Осындай жаңа жағдайда орталық және жергілікті деңгейде мемлекеттік қызметкерлерді 

бағалаудың  жаңа  жүйесін  енгізу  және  олардың  халық  алдындағы  есеп  беруіне  назар  аудару  – 

аталған  жаңа  президенттік  бастама  шеңберінде  шешілуге  тиісті  екі  маңыздылығы  тең  мәселе 

болып отыр.  

 

Біз білетініміздей, Қазақстан мемлекетті модернизациялау бойынша ұзақмерзімді стратегияларды 



жариялаған  еді.  2030-Стратегиясы  2050-Стратегиясына  жетеледі.  Осында  аса  назар  аударарлық 

мәселе, стратегия қаншалықты ауқымды болса, мемлекеттік қызмет те соншалықты тиімді болуы 

керек.  Табысты  реформалар  үшін  алға  қойылған  мақсаттарды  орындауға  арнайы 

тағылымдамадан  өткен  және  мәселелерді  шешуге  күш-қуаты  жеткілікті  мемлекеттік 

қызметкерлер ауадай қажет.  

 



Ағылшын тілінен аударма 

 

 



 

Аталған  реформа    арқылы  Қазақстан  ауқымды  реформалар  бағдарламасы  үшін  негіз  орнатады, 

және  ЕО  мүше-мемлекеттері  секілді  оның  мемлекеттік  қызметіне  байланысты  бірқатар 

сауалдарды шешуге мәжбүр болады. Олардың кейбірін атап айтқанда:  

 

Мемлекеттік органдардың айқындылығы мен есеп беруін қалайша нығайтуға болады? 



Ең дарынды, әрі жұмыс тиімділігі жоғары мамандарды қалайша ынталандырып, жұмысқа тартуға 

болады? 


Ең  заманауи  технологиялар  жетістіктерін  қолданып,  мемлекеттік  қызметтің  жалпы  тиімділігін 

қалай арттыруға болады? 

Ұлттық  маңыздылығы  бар  орасан  ауқымды  жобаларға  мемлекеттік  қызметкерлер  жағынан 

бақылауды қалай нығайтуға болады? 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қалайша жетілдіруге болады?  

 

ЕО  мүше-мемлекеттері  аталған  өзекті  сауалдарға  түрлі  шешімдер  ұсынған  болатын,  бірақ,  уақыт 



өте  келе,  олардың  барлығы  меритократия  қағидасына  негізделген  мемлекеттік  қызметкерлерді 

әділ және ашық нысанда жалдау жүйесін енгізген еді.  

 

Осы  тұста,  "мерит"  ұғымы  (басқаша  айтқанда,  сіңірген  еңбек  немесе  құндылық)  ағымдағы 



мамандардың  ішінен  ең  жақсысын  тағайындауды  білдіреді:  белгілі  бір  жұмысты  атқаруға 

құзыретті  адам  ғана  сол  қызметке  тағайындалады,  әрі  жұмыс  оны  ең  тиімді  жағынан  орындай 

алатын адамға ұсынылады.    

 

"Әділ"  дегеніміз,  үміткерлерді  іріктеуде  алдын  ала  болжауды  болдырмау.  Іріктеу  үрдісі 

объективтілік,  бейтараптылық  және  бірыңғайлылық  тұрғысынан  өтуі  тиіс.  "Ашық"  дегеніміз,  бос 

орындар барша қауымға жарияланып, мүмкін үміткерлерге жұмыс пен оған байланысты талаптар

сонымен қатар іріктеу үрдісі жөніндегі ақпаратқа жүйелі қолжетімділігі қамтамасыз етілуі тиіс.  

 

Меритократия дарындыларды басқару жүйесімен тығыз байланысты. Мемлекеттік органдар да ең 



дарындыларды сақтап қалу мақсатында мемлекеттік қызметтегі ең табысты адамдардың қызмет 

бабында көтерілуін қамтамасыз етуі жөн.  

 

Мемлекеттік қызметтің айқындылығы мен есеп беруі де меритократия қағидасын сақтаудың ең 



тиімді  факторлары  болып  табылады.  Мемлекеттік  органдар  ашықтығын  жетілдіріп,  бұқаралық 

қоғам  жағынан  тұрақты  және  зерделі  бақылауға  дайын  болуы  тиіс.  Азаматтар  қаржының  қалай 

жұмсалатыны  ғана  емес,  сонымен  қатар  олардың  қаншалықты  тиімді  шығындалатыны  жайында 

хабардар болғысы келеді. Әрине, осы тұста басты мақсат парақорлықпен күресу.  

 

Бұл,  сонымен  қатар,  барлық  қызметтер  үшін  реформаның  жалғыз  нысанын  қолдануды 



білдірмейді. Керісінше, бұл  үнемі және,  шындап келгенде,  дәйекті адаптацияның кейде  ауыр да 

күрделі үрдісі. Алайда бұл мемлекеттік органдардың халыққа жақындылығын және азаматтардың 

сұранысына сәйкес тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін берілетін құны деп қабылдау керек.  

 

Қазақстан  өз  бағдарламасын  жүзеге  асыруда  бірталай  жетістіктерге  қолжеткізгені  мен  үшін  өте 

сүйсінерлік. Мемлекеттік қызметтің жаңа жүйесі 2013 жылы жұмысын бастап, келесі үш қағидаға 

негізделеді: халық алдындағы есеп беруіайқындылық және меритократия



 

Мемлекеттік  қызметтің  ең  жоғары  санатынан  бастап,  аға  лауазымды  мемлекеттік  қызметкерлер 

енген  жаңа  әкімшілік  "А"  корпусы  құрылды.  Одан  басқа,  қазіргі  таңда  жұмыс  көрсеткіштерін 

бағалау  механизмін  жетілдіру,  ашық  және  бәсекелес  жалдау  жүйесі  және  барлық  мемлекеттік 

қызметкерлер  үшін  сіңірген  еңбегіне  байланысты  қызмет  бабында  көтерілудің  кешенді 

бағдарламасы іске асуда.  

 



Ағылшын тілінен аударма 

 

 



 

ЕО  мемлекеттік  басқарудың  барша  жүйесін  жетілдіру  барысындағы  Қазақстан  талпыныстарын 

қолдауда және қазіргі таңда жалпы бюджеті 4,3 миллион евро құрайтын 2013-2016 жж. арналған 

"Мемлекеттік  қызметті  реформалауды  қолдау  және  Қазақстан  үкіметін  жетілдіру"  атты 

төртжылдық жобаны іске асыруда.  

 

Аталған  жоба  шеңберінде  ЕО  Мемлекеттік  қызмет  істері  жөніндегі  агенттікке  мемлекеттік 

қызметтің  жаңа  үлгісін  енгізу  және  сәйкесінше  заңнамалық  негізді  дамыту  бойынша  қолдау 

көрсетеді.  Осы  бастама  Қазақстанға  түрлі  ұлттық  мемлекеттік  қызметті  орнату,  іске  асыру  мен 

даму  бойынша,  оның  ішінде  мемлекеттік  қызметкерлер  жұмыс  көрсеткіштерін  арттыру  арқылы 

мемлекеттік органдар қызметі мен ролінің өзгеруіне аса назар аударумен Еуропада жинақталған 

тәжірибені қолдануға мүмкіндік береді.  

 

Оған  қоса,  жоба  оқытудың  ең  заманауи  әдістемесін  енгізу  мен  күнделікті  жұмыста  мемлекеттік 



қызметкерлердің  мамандану  деңгейін  жоғарылатуға  бағытталған  әлдеқайда  сапалы  білім  беру 

жүйесі бойынша Мемлекеттік басқару академиясының әлеуетін нығайтады.  

 

Нақты  жетістіктер  қатарында  аталған  саладағы  арнайы  заңнаманы  дайындау,  мемлекеттік 



қызметкерлер тиімділігін арттыру үшін ақпараттық технологиының жаңа әдістемесін жасау, және 

әлемдік  ғылыми  қоғамдастықта  табысты  өз  орнын  алуға  септігін  тигізетін  2020  жылға  дейін  

Мемлекеттік  басқару  академиясы  стратегиясын  дайындауда  жобаның  қомақты  үлес  қосқанын 

айта кету жөн.  ЕО жобасы Қазақстанға оның мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруде қолдауды 

жалғастырмақ,  және  де  мен  2016 ж.  қаңтарда  жобаның  аяқталуына  дейін  барлық  мүдделі 

тараптарды оның беретін мүмкіншіліктерін қолдануға шақырамын.  



 

Ханымдар мен мырзалар

 

Сөзімді  қорытындылай  келе,  мемлекеттік  қызметкерлердің  маңыздылығы,  олардың  есеп  беруі 



мен  өз  жұмысына  жауапкершілігі  жайында  қайта  ескеру  жөн.  Азаматтар  жағынан  оларға 

мемлекеттік  қызмет  жүйесінің  меритократия  негізінде  іріктелген  ең  жоғары  деңгейлі  мамандар 

қызмет  ететіндігіне  және  де  оларға  мүмкіндігінше  тиімді  жолмен  ең  жоғары  қызмет  көрсету 

ұсынылғанына күмән болмауы тиіс.  



 

Назарыңызға алғыс білдіре отырып, сіздерге ашық, әрі жемісті пікір алмасу барысына тілектеспін.  



жүктеу 248,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау