Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на оказание услуг по складской деятельности с выдачей зерновых расписок



жүктеу 61,92 Kb.
Дата02.02.2018
өлшемі61,92 Kb.
#8398

Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру

Мемлекеттік орган

«Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi

Қызметтің алушылары

Жеке және заңды тұлғалар

Қызметтің жібер жері

«Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Қызметтің құны

Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке төлейді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – AЕК) құрайды;
      2) лицензияларды қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлемеден 10 %-ды құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлемеден 100 %-ды құрайды.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейлі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады.
      Порталға көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» лицензиялық алымның төленгені туралы электрондық чек жіберіледі. Төлем туралы ақпарат көрсетілетін қызметтерге төлем жасау тарихында сақталады.


Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

лицензия беру кезінде – 10 (он) жұмыс күнінен кеш емес;

лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 7 (жеті) жұмыс күнінен кеш емес;

лицензияның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күнінен кеш емес


Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері «электрондық лицензиялау» арқылы




Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

лицензия беру кезінде – 10 (он) жұмыс күнінен кеш емес;

лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 7 (жеті) жұмыс күнінен кеш емес;

лицензияның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күнінен кеш емес


«Электрондық лицезиялау» портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету




«Электрондық үкіметті» портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету

.


1) лицензия алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 
2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны түріндегі біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін, ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі құжат;
      3) көрсетілетін қызметті алушы лицензияны жоғалтқан, бүлдірген кезде порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін мына құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-рымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі құжат.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі лицензия және ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті лауазымды адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері түпнұсқаларды көшірмелерімен және мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен түпнұсқалығын салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге рұқсат етілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, көшірмесі құжаттарды қабылдау күні қойылған белгімен өтінім берушіге жіберіледі (табысталады);
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.



     Мемлекеттік қызметті көрсету қызметуші арқылы


      1) лицензия алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      көрсетілетін қызмет алушының заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік;
      көрсетілетін қызметті алушыны салық органында есепке қою туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
      біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы және көрсетілетін қызметті алушыны салық органында есепке қою туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы алады және олардағы ақпаратты уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
      3) көрсетілетін қызметті алушы лицензияны жоғалтқан, бүлдірген кезде порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін мына құжаттарды ұсына отырып өтініш береді:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариатта куәландырылған) көшірмесі;



     Мемлекеттік қызметті көрсету ХКО арқылы


Көрсетілмейді







Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы не Стандартпен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

жүктеу 61,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау