1
Қазақстан Республикасы
Білім жəне ғылым министрлігі
Балалар құқығын қорғау комитеті
Сандж
зерттеу орталығы
Балалардың дене жəне психикалық
денсаулығына қатыгездікті жəне зорлық-
зомбылықты, порнографияны насихаттайтын
аудио-бейне өнімдердің, компьютерлік жəне
ақпараттық тасымалдағыштардың əсер етуі.
Олардың адамгершілігін қорғау.
Оқытушыларға, психологтарға, ата-аналарға
жəне барлық мүдделі тұлғаларға арналған
əдістемелік ұсынымдар
Астана - 2010
2
Мазмұны
Кіріспе ........................................................................................ 3
1. Проблемаларды белгілеу ..................................................... 4
Ақпараттық тасымалдағыштардың қол жетімділігі .......... 4
Интернеттің əсер етуі ........................................................... 4
Аудио-, бейне ақпараттың əсер етуі .................................... 6
Жинақталған теріс əсер ету .................................................. 6
2. Ұсынымдар ............................................................................. 9
I. Ата-аналарға арналған ұсынымдар ..................................... 9
1.
Жалпы ұсынымдар .......................................................... 9
2.
Интернеттегі баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
бойынша кеңестер ......................................................... 13
II. Балалармен жұмыс істейтін білім ұйымдарының
мамандарына арналған ұсынымдар .................................. 20
III. Ақпараттық ортада жұмысты ұйымдастыру
бойынша балалар мен жасөспірімдерге
арналған ұсынымдар .......................................................... 21
1-қосымша. Терминологиялық сөздік .................................... 24
3
Кіріспе
Берілген əдістемелік ұсынымдар ҚР Білім жəне ғылым
министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің «ҚР бала-
лардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы
шеңберінде əзірленді. Ұсынымдар əлеуметтік оқытушыларға,
психологтарға, ата-аналарға, балалар құқығын қорғау жөніндегі
мамандарға, мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушыларға
жəне басқа мүдделі тараптарға арналған жəне балалардың
дене жəне психикалық денсаулығына БАҚ-ның, аудио-
бейне өнімнің, жалпы қолданылатын ақпараттық-телеком-
муникациялық желілердің, электрондық жəне компьютерлік
ойындардың теріс ықпал етуіне қарсы тұруға көмек көрсетуге
арналған. Олар «Балалардың ақпараттық қауіпсіздігі: пробле-
малар жəне оларды шешу жолдары» Талдама есептің логи-
калық жалғасы болып табылады.
Ұсынымдар социологтар мен оқытушылар тобының орын-
даған ғылыми-талдау жұмысы негізінде əзірленді, ол ресми
статистикалық мəліметтерді, орындалған əлеуметтік зерт теу-
лер мəліметтерін талдауды, терең статис тикалық талдауды
жүргізуден құралған.
«Сандж» орталығының зерттеушілері, 2010 жыл
4
1. Проблемаларды белгілеу
20-ғасыр бұқаралық ақпарат түрлерінің іргелі өсуі мен
дамуының кезеңі болғанына күмəн жоқ. 20-ғасырдың басында
балалар үшін БАҚ-на қол жетімділік шектеулі болғанмен, олар
радио, теледидар мен журналдарға қол жеткізе алды. Қазіргі
кезде БАҚ-ның балаларға əсерін тигізуі айқын жəне басым
сипат алып отыр, бұл ата-аналар, медициналық қызметкерлер
мен мұғалімдер арасында жиі алаңдаушылықтың пайда болу-
ына себепші болды.
Ақпараттық тасымалдағыштардың қол жетімділігі
Сандж зерттеулерінің қорытындылары бойынша, сұрау
алған балалардың жартысынан астамында (59.2%) Қазақстан-
ның 16 өңірінде дербес компьютерлер бар (қалада – 68%,
ауылда – 42%), балалардың 73% ұялы телефондар (қалада –
82%, ауылда – 56%), DVD плеерлер балалардың 55%-ында
(қала – 59%, ауыл – 46%), сандық аудио тасымалдағыштар
– 25% (қала – 32%, ауыл – 12%). Ойын құрамдары сұрау
алған балалардың 17%-ында (қала – 20%, ауыл – 11%), бейне-
магни тофон/плеер – 34%-ында (37% қалада, 30% ауылда),
кассеталы магнитофон, диктофон – 22% (қалада да, ауылда
да үлесі бірдей), жеке теледидарлар – 28% (27% қалада жəне
29% ауылда). Осылайша қазіргі кезде сұрау алған балалардың
жартысынан астамы ие болатын, ақпараттық тасымал дағыш-
тардың анағұрлым кең таралған түрлері ұялы телефондар,
компьютерлер жəне DVD плеерлер болып есептеледі. Осы
техника арқылы олар баланың дамуына теріс ықпалын тигізуі
мүмкін интернет жəне əр түрлі бейнеақпарат көзіне қол
жеткізе алады.
Интернеттің əсер етуі
Зерттеу қорытындылары бойынша, орташа алғанда бала-
лардың 68% əр түрлі жиіліктегі интернетті қолданады. Қалада
интернетті қолданушылар ауылға қарағанда біршама көп
5
(76%:55% тиісінше). Мұнымен қоса, тұрғылықты елді мекен
жері облыс орталығынан неғұрлым алыс болған сайын, қол
жетімдіктің шектелуі болуына қарай интернеттің балаға
тигізетін əсері соғұрлым төмен болуы байқалады. Сонымен,
егер облыс орталығында Ғаламдық торға балалардың 80%-ы
қол жеткізсе, алыс ауылда бұл үлес 2,5 есе төмен (31%).
10-18 жастағы балалар арасында 38%-ы интернетке
үйінде қол жеткізе алады, 16% – компьютерлік клубтар мен
интернет-кафеде, 14% – достарында, таныстарында, туыста-
рында жəне мектепте қол жеткізеді. Кітапханада интернетке
балалардың 1%-ы қол жеткізеді. Егер қаладағы балалардың
арасында интернетті пайдаланудың анағұрлым кең таралған
жерлері (47%) жəне интернет-кафе/клубтар (21%) болып
табылса, онда ауылдағы балалар үшін бірдей деңгейде –
үй мен мектеп болып табылады (22% жəне 21% тиісінше).
Қаладағы балалардың арасында тек 10%-ы ғана интернетті
мектепте пайдаланады. Кіші топтағы балалар үшін интернетті
пайдаланудың анағұрлым қол жетімді жері олардың үйі болып
табылады (82%).
Қыз балалар ер балаларға қарағанда интернет клубтар/
кафелердің көрсететін қызметтерін сирек пайдаланады
(12%:20% тиісінше). Балалар облыс орталықтарынан алыс
болған сайын, олардың интернетке қол жеткізуі үйде жəне
компьютерлік клубтарда/интернет-кафеде соғұрлым төмен
жəне осы мақсаттар үшін мектептер мен кітапханалар
соғұрлым маңызды болып келеді.
Осылайша, баланың психофизиологиялық дамуына интер-
нет тің теріс əсерінің анағұрлым жоғары қаупі облыс орталы-
ғындағы балаларда байқалады, себебі олар басқаларға
қара ғанда, көп дəрежеде Ғаламдық тордың ақпаратын тұты-
ну шылар болып табылады. Қыздарға қарағанда, ұлдар көп
дəрежеде ақпараттық қауіптілікке ұшырайды, себебі олар
үлкендер бақылауға алмайтын, интернет-кафе/компьютерлік
клубтарда көрсететін қызметтерді жиі пайдаланушылар
болып табылады.
6
Аудио-, бейне ақпараттың əсер етуі
Балалардың 65-70% бос уақытында теледидар қарайды,
шамамен 50% – компьютер ойындарын ойнайды, 23-21% –
бейне, дисктегі жəне он-лайн фильмдерін қарайды.. Балалар-
дың жасы үлкен болған сайын, соғұрлым олар зорлық
эле мент тері бар ойындарды көп ойнайды, хабарлардың ойын-
сауық сипатын бағалайды жəне сүйікті қаһармандарының
адамгершілік сипаттамаларын төмен бағалайды. Ойын-
сауық хабарларын көру деңгейі 28%-дан 53%-ға артып отыр,
сонымен бірге зорлық-зомбылығы бар компьютерлік ойын-
дармен қызығушылық өсіп отыр жəне керісінше, өздерінің
мультипликациялық кейіпкерлерін адамгершілік қасиеттері
үшін жақсы көретін балалардың үлесі 30%-дан 8%-ға дейін
азайып отыр.
Жинақталған теріс əсер ету
Балалардың жартысынан астамы (осы сұрақ бойынша
13 жастан асқан балалар ғана сұралды) социологиялық
сұрау қорытындылары бойынша баспадан басқа, барлық
БАҚ-та, əсіресе бейне ақпаратта (60%) зорлық-зомбылықтың
басымдығын атап өтті. Интернет, ұялы байланыс бойынша
балалардың арасында, сондай-ақ, көше төбелестерін, қатал
зорлық-зомбылық көріністерін жіберу таралған. Балалардың
75%-ы осы материалды қарайды, ал 32%-ы өз достары мен
таныстарына жібереді.
Балалардың 48%-ы эротикалық мазмұнды журналдарға
қол жеткізгенін атап өтті. Осындай əдебиетке қол жеткізу
мүмкіндігі Алматы жəне Астана қалаларында, сондай-ақ,
Алматы жəне Ақмола облыстарында анағұрлым кең таралған
(62-67%). Сұрау нəтижесінде анықталғандай, балалардың
34%-ы үйлерге діни əдебиетті таратуға ұшырап отырады.
Мұндай құбылыс Астана жəне Алматы қалаларында, Пав-
лодар облысында көп таралған – 45-48% жəне аса жоғары
көрсеткіш Қызылорда облысында байқалады – 63%.
7
10-18 жастағы балалардың пікірінше анағұрлым зиянды
компьютер ойындары, интернет жəне ТВ болып табылады.
6-9 жастағы балалар үшін ең зиянды ТВ (73%), содан кейін
компьютер ойындары (66%).
Дабыл тудырған ахуал Астана қ., Алматы қ., Павлодар,
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс
Қазақстан облыстарында байқалады, онда экрандағы зорлық-
зомбылыққа оң көзқарас байқалды жəне тағы да Шығыс
Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыста-
рында жəне Астана қаласында балалардың 30%-ы зорлық-
зомбылығы бар бейне түсірілімді қарап, достары мен таны-
старына жіберетіні туралы жауап берді.
Орындалған корреляциялық талдау қорытындылары бой-
ынша экранда зорлық-зомбылық көріністеріне (фильмді
қызықты қылады, өмірге үйретеді) оң көзқараспен қарайтын
бала лар түнгі уақытта компьютерлік клубтарда/интернет-
кафе лерде көп қалады, интернетте зорлық-зомбылыққа,
олар ды жіберуге, эротикаға үлкен қызығушылық көрсетеді,
бос уақытында кітапты аз оқиды.
Интернеттегі төбелестермен (шынайы оқиғалар), осындай
бейнелерді жіберумен қызығатын балалар – бұл түнгі уақытта
интернетте отыратын, компьютер ойындарын ойнайтын жəне
компьютерлік клубтарда/интернет-кафеде қалатын бала-
лар, ал интернетте оларды ең алдымен, фильмдер мен эро-
тика қызықтырады. Олар шытырман жəне жан түршігерлік
фильмдерді қарауды ұнатады, бұдан басқа көп уақытын
компьютерлік ойындарға бөледі жəне соған қоса қатыгез
ойындарға үлкен қызығушылық білдіреді. Балалардың осы
санаты өздігінен білім алумен айналыспайды, бос уақытында
кітап оқымайды. Көбінесе осы санаттағы балалар ата-ана-
лардың жеткілікті назарсыз қалады.
ТВ, интернет, бейне, музыка, компьютерлік ойындардың
теріс əсер етуін төмен бағалайтын өңірлерде оларды
асыра пайдаланған кезде, əсіресе Шығыс Қазақстан, Батыс
8
Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында
ата-аналар тарапынан да, балалармен жұмыс істейтін басқа
барлық мамандар тарапынан да анағұрлым белсенді алдын
алу жұмысы жүргізілуі қажет.
Сұрау нəтижелері бойынша қазіргі кезде тек ата-аналардың
баланың өміріне араласуы ғана балардың ақпараттық ортадағы
қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Бұл
корреляциялық талдау нəтижелерімен де расталады..
Ата-аналар баланың өміріне неғұрлым жиі қызығушылық
танытатын болса, олардың қызығушылықтарын балалары-
мен талқыласа, ақпараттың зиянды əсер етуі туралы айтып,
бақылап отырса:
соғұрлым балалар түнгі уақытта теледидарды, бейнені
аз қарайды жəне компьютерлік клубтарда/интернет-
кафелерде аз қалады;
балалар ойнайтын компьютерлік ойындардың ұзақтығы
қысқарады;
интернеттегі эротикамен аз қызығады;
балалар теледидарды, бейнені көп қарау зиянды екенін
түсінеді;
экрандағы зорлық-зомбылыққа оң көзқараспен қарайтын
балалардың саны азаяды;
зорлық-зомбылығы бар бейне түсірілімдерді таратуға аз
қызығушылық білдіреді;
қатал компьютерлік ойындарға қызығушылығы төмен
болады.
Орындалған талдау қорытындылары бойынша қазіргі
кезде балалар мемлекетпен толықтай қорғалмағаны жөнінде
қорытынды шығаруға болады, себебі ақпараттық салада
балалар құқығын қорғау бойынша көптеген ережелер
декларативтік болып табылады. Ақпараттық кеңістікте бала-
лар дың құқығын қорғауға денсаулық сақтау органдары,
кəмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспекция аз
көңіл бөледі, іс жүзінде жергілікті жəне облыстық деңгейде де
9
Білім департаменттері, өкімет органдары тарапынан ешқандай
назар аударылмайды. Тек ата-аналар ғана жəне ішінара
мұғалімдер ғана ақпараттық кеңістіктегі баланың қауіпсіздігін
қамтамасыз ете алады, бірақ мұнда да балалар мен ересектер
арасында ақпараттық құралдарға қатысты сауаттылығы ара-
сында шынайы сəйкес келмеушілік байқалады. Осылайша,
балалар бүгінгі күні ақпараттық кеңістігіміздің негативтік
əсерінен қорғалмаған болып келеді.
2. Ұсынымдар
І. Ата-аналарға арналған ұсынымдар
Құрметті ата-ана!
Бұрын атап өтілгендей, түрлі бұқаралық ақпарат құралдары,
интернет, бейне- жəне аудио ақпараттың сіздің балаңыздың
дамуына теріс немесе оң əсер етуі басқа біреуге қарағанда,
көп деңгейде Сізге байланысты. Бұл сұраудаң алынған қоры-
тындылары бойынша ғылыми талдау арқылы жүргізілген
зерттеумен дəлелденді.
Біз сіздің балаңызды бірқатар қарапайым ұсынымдар
арқылы əр түрлі ақпараттық технологияның теріс əсерінен
қорғауға көмек көрсетуге тырысамыз.
1. Жалпы ұсынымдар:
1. Теріс ақпаратқа қарсы тұру бойынша барлық жұмысты
баланың анағұрлым кіші жасынан бастап бастау қажет.
Егер Сіз баламен 13-14 жасқа дейін айналыспай, содан
кейін ғана оның тəрбиесін қолға алсаңыз, 5-6 жастан
бастап немесе одан ерте тəрбиелей бастауға қарағанда,
нəтижеге жету көп қиындық тудырады. Сондықтан
Сіздің оның өміріне «араласуына» баланың қарсы
10
тұруына, сəтсіздіктердің болу мүмкіндігіне дайында-
лып, ниет білдіріп алуыңыз қажет. Баланы ақпараттық
сауаттылыққа үйретуде шыдамдылық пен сыпайылық
танытуыңыз қажет.
2. Зерттеу қорытындылары бойынша көрініп отырғандай,
ата-ана өз баласына неғұрлым көп көңіл бөлген сайын,
баланың теледидар, интернет арқылы, тыңдайтын музыка
жəне басқа көздер арқылы алатын теріс ақпараттың теріс
əсерінің қаупі соғұрлым аз болады. Көңіл бөлу мына-
лардан құралады: балаға қандай ақпарат оның дамуына
пайдалы болуы мүмкін жəне қандайы зиян келтіруі
мүмкін екендігін түсіндіру, сонымен қатар баланың не
істейтінін жəне нені қарайтынын бақылау, жəне баланы
оған пайдалы жұмыспен айналысуға тарту. Бақылау
агрессивті болмау қажет, Сіз өзіңіздің барлық түріңізбен
бұл БАҚЫЛАУ екендігін көрсетпеуіңіз қажет. Осындай
əдіс балада теріс реакция тудырады жəне кері нəтижеге
əкеп соқтырады. Келесіні бақылау қажет: а) баланың
көргенін мазмұнын, б) баланың компьютер немесе теле-
дидар немесе т.б. алдында өткізетін уақытын. Баланы
қандай да бір бірлескен істерге тартуға тырысыңыз,
бірақ бұл тек үйді жинау, кір жуу немесе үйге арналған
басқа пайдалы шара ғана болмау қажет, сіз бірге киноға
баруыңызға, бір нəрсені жасауға, жақсы фильм алып,
оны көруге, кез келген ойын ойнауға немесе т.б. балаға
қызықты нəрсе болуы керек. Баланың қазіргі заманғы
ақпараттық тасымалдағыштарға үлкен қызығушылығы
болуына байланысты, сіз бірге интернетте пайдалы
ақпараты іздеуіңізге, сонымен бірге балаға осы құралды
пайдалану ережесін түсіндіруіңізге болады.
3. Көптеген түрлі зерттеулердің қорытындылары бойынша
байқалып отырғандай, қандай да бір іспен құмарланған
балада, түрлі үйірмелерге, секцияларға қатысатын
11
балада зиянды əдеттер аз болады, ол анағұрлым
салауатты өмір сүреді жəне теріс ақпарат əсеріне аз
ұшы райды. Сондықтан баланың демалыс уақытын
ұйымдастыруға тырысыңыз. Бастапқы кезде оны бақы-
лаңыз, оның қызығушылықтарын анықтап алыңыз,
содан соң баланы өзінің қызығушылықтарына сəйкес
келетін секцияларға немесе үйірмелерге тартыңыз. Көп
жағдайда, өзінің құмартқан ісін таңдау алдында бала
бірнеше үйірмелерді ауыстырады, бірақ кейін біреуіне
тоқталады. Ақылы үйірмелер мен секциялар бар, бірақ
мектепте тегін үйірмелер де болады. Егер сіздің мектепте
секциялар мен үйірмелер болмаса, онда мектептің ата-
ана комитетімен, директорымен байланысқа шығыңыз,
осылайша Сіз мектепке осындай үйірмені ашуға көмек
бересіз.
4. Интернет басқа кез келген ақпарат тасымалдағышына
қарағанда көп деңгейде біздің балаларымыздың назарын
аударып отыр, бұл ақпарат көзін үлкендерге бақылау
қиынға соғады, Ғаламдық торда сіздің балаңыздың
қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ету туралы жеке жəне
түбегейлі баяндаймыз;
12
5. Баланы БАҚ, интернет, аудио жəне бейне өнімнің теріс
əсерінен жалғыз қауіпсіздендіру өте қиын, бұл жұмыс
баланы қоршайтын түрлі тараптардың қатысуымен
кешенді жүргізілу қажет. Сондықтан бұл жерде Сізге
бірінші кезекте мектеп көмек беруі мүмкін. Мектеп пси-
хологына, əлеуметтік оқытушыға, сынып жетекшісіне
жəне басқаларға көмекпен жүгінуден қысылмаңыз. Мек-
теп, өз тарапынан балалардың ақпараттық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізеді, бірақ
егер ата-ана өздері бастама танытса, оған жеңіл болады.
6. Бұрын жүргізілген зерттеулер бойынша баланың пси-
хологиялық жағдайына отбасылық айналасы үлкен
ықпалын тигізеді. Бала үшін ең маңыздысы – ата-ана
тарапынан түсінушілік. Баламен жиі сөйлесіңіз, оның
проблемаларын білуге тырысыңыз, оған осы не басқа
жағдайда қалай əрекет жасау туралы кеңес беріңіз. Егер
бала сізге теріс қылығын ашып айтса, оны ешқашан
бетке баспаңыз. Осылайша сіз оны алыстатуыңыз
мүмкін жəне келесі жолы ол сізге өзінің құпиясын айт-
пайды. Оны сабырлы түрде тыңдап, баланың осы не
басқа қылықты не үшін жасағанын түсінуге тырысыңыз,
оған оны түсінетінін, бірақ келесі жолы осылай жаса-
мау жақсы болатынын, себебі… (неге екенін) туралы
түсіндіріңіз. Көп жағдайда, балалар «тұйықталатынын»
есте сақтаңыз, соның салдарынан «виртуалды өмірге
шығады» жəне жаман компанияларға түседі, себебі
жақын адамдар тарапынан өзіне деген қызығушылықты
көрмейді жəне ата-ана оны жақсы көрмейді жəне
түсінбейді деп есептейді. Егер сіз баламен «қатынасқа»
келе алмасаңыз, онда мектеп немесе басқа психологқа
кеңеске жүгінуіңізге болады, сонымен бірге қазіргі кезде
ата-ана мен жасөспірім арасында өзара түсінушілікті
қалай жақсарту қажет екендігі туралы көптеген теледи-
дар хабарлары мен мақалалар, кітаптар өте көп.
13
Зерттеу нəтижесінде сұрауға қатысқан балалар ата-аналарға
келесі ұсынымдарды берді:
1.
Балалардың теледидарды қарауын реттеңіз;
2.
Теріс ақпарат беретін арналарды жабыңыз;
3.
Өз ісіңізбен кеткен кезде модемдерді тығыңыз;
4.
Интернет «тарихын» күн сайын қарап отырыңыз;
5.
Бейпілауыздыққа жол бермеңіз;
6.
Баланың қоршаған ортасын тексеріңіз.
2. Интернеттегі баланың қауіпсіздігін қамта-
масыз ету бойынша кеңестер
Берілген ұсынымдар түрлі IT-компаниялардың сайтта-
рында жəне білім сайттарында орналасқан ақпарат негізінде
құрастырылды. Сонымен бірге мектептегі информатика
мұғалімдерінің ұсынымдары енгізілді.
Сонымен, интернетке қосылған кезде, сіздің балаңыз
өзі тіпті күдік келтірмейтін тұтас бірқатар қауіптермен
кездесетінін түсіну қажет. Сонымен бірге, сыналған бала-
лар да интернеттің қаупін көрмейтінін жəне оны пайдалану
қауіптерін сезбейтінін есте сақтау қажет. Себебі балада əлі
айыру белгілері қалыптаспаған, балаға бəрі де қызықты.
Сондықтан ата-аналар мен педагогтар алдымен ақпараттық
қауіпсіздік бастамаларына өздері үйренуі, содан кейін оған өз
балаларын үйретуі қажет.
Сонымен, интернет қандай қауіптерден құралады?
a. «Зиянды компютерлік бағдарламалды (КБ) жұқтыру
қаупі». Зиянды КБ тарату жəне компьютерлерге енгізу
үшін біртұтас əдістер спектрі болады. Осындай əдістер
ішінде тек пошта, компакт-дисктер, дискеталар жəне
басқа ақпарат тасымалдағыштар немесе интернеттен
14
көшірілген файлдар ғана емес. Мысалы, хабарлама-
лармен тез алмасу үшін бағдарламалық қамтамасыз
ету бүгінде вирустарды таратудың қарапайым тəсілі
болып табылады, себебі файлдарды тікелей беруге жиі
пайдаланылады. Əлеуметтік инженерия мəселелеріне
құмарлық танытпаған балалар қаскүнемнің кеңестеріне
жеңіл алдануы мүмкін. Бұл əдіс хакерлермен трояндық
вирустарды тарату үшін жиі пайдаланылады.
b. Жағымсыз мазмұнына қол жетімділік. Бүгінгі күні
интернетке шығатын кез келген бала кез келген матери-
алдарды қарай алады. Ал бұл зорлық-зомбылық, есірткі,
порнография, жастарды өзін өзі өлтіруге əкелетін бет-
тер, анорексия (тамақ ішуден бас тарту), кісі өлтіру,
ұлттық немесе шынайы фашистік идеология беттері
жəне көптеген тағы басқалар. Осының барлығы интер-
нетте шектеусіз қол жетімді болып келеді. Көп жағдайда
осы беттерді қарау балаға байланысты емес, себебі
көптеген сайттарда кез келген ақпараттан құралған, жиі
порнографиялық сипаттағы терезелер шығып отырады;
c. Чаттар немесе электрондық пошта арқылы бейта-
ныс адамдармен қарым-қатынас. Қаскүнемдер осы
арналарды балаларға жеке ақпаратты еріксіз айтуға
мəжбүрлеу үшін жиі пайдаланып отырады. Басқа
жағдайларда бұл жаңа құрбандарды іздеп жүрген педо-
филдер болуы мүмкін. Өзін құрбанның құрдасы ретінде
көрсетіп, олар жеке ақпаратты біліп алуы мүмкін жəне
жеке кездесуді іздейді;
d. Бақылауға алынбайтын сатып алу. интернет арқылы
сатып алу көпшілік үшін əлі экзотика болып табылмай-
тынына қарамастан, алайда осы қауіп аса өзектіге айна-
латын сəт те алыс емес
1
.
1
«Интернетте жұмыс істеу кезіндегі балалардың қауіпсіздігін қам-
тамасыз ету» http://www.oszone.net/6213/
15
Сіз балаңызға интернетке шығуға жай ғана тыйым сала
алмайсыз, себебі, біріншіден, ол «уақытпен бірге» даму
қажет жəне өз құрдастарынан даму жағынан артта қалмау
қажет, екіншіден, ол бəрібір интернетке шығады, бірақ
Сіздің келісімінсіз кіреді, бұл қауіпті одан сайын ұлғайтады.
Сондықтан біз Сізге өз балаңызды қорғауға көмектесетін
кейбір ұсынымдарды береміз:
1. «Интернетке балалармен бірге кіріңіз. Өз балала-
рыңызды сізбен интернетті игеру ісінде табыстарымен
жəне сəтсіздіктерімен бөлісуге ынталандырып оты-
рыңыз
2
;
2. Егер интернетте оларды бір нəрсе алаңдатса, оны
жасырмай, өз алаңдаушылығымен сізбен бөлісіп отыру
қажеттілігін түсіндіріңіз;
3. Балаға чатпен сөйлескен, хабарлармен тез алмасу
бағдарламаларын пайдаланған кезде (ICQ, Microsoft
Messenger жəне т.б.), он-лайн ойындарды жəне тіркеуді
қажет ететін басқа жағдайларды пайдаланған кезде
шынайы есімін пайдалануға болмайтынын түсіндіріңіз,
өз балаңызға ешбір жеке ақпараттан құралмайтын
тіркеу есімін таңдауға көмек беріңіз;
4. Балаға өзінің жеке мəліметтерін, үй мекенжайы, теле-
фон нөмірі, кез келген басқа ақпарат сияқты деректерді,
мысалы мектеп нөмірі, сынып, сүйікті демалыс жері,
үйге қайту уақыты, əкесінің немесе шешесінің жұмыс
орны жəне т.б. айтуға болмайтынын түсіндіріңіз;
5. Балаңызға шынайы өмірде жəне интернетте дұрыс
жəне теріс қылықтар арасында айырмашылықтар жоқ
екендігін түсіндіріңіз;
6. Өз балаларыңызды интернеттегі əңгімелесушілерді
құрметтеуге үйретіңіз. Олардың жақсы сөйлесу ереже-
2
Ақпарат көзі «Интернетте жұмыс істеу кезіндегі балалардың қауіп-
сіздігін қамтамасыз ету» http://www.oszone.net/6213/
16
лері интернетте де, шынайы өмірде де бірдей əрекет
ететінін түсінетініне көз жеткізіңіз;
7. Оларға интернеттегі достармен кездесудің қажеттігі
жоқ екендігін айтыңыз. Себебі адамдар өздері көрсетіп
отырған адам болмауы да мүмкін;
8. Балаларға интернетте оқи жəне көре алатынның
барлығы да шындық еместігін түсіндіріңіз. Оларды
күмəн келтіретін нəрселері туралы сұрауға үйретіңіз;
9. Балаларды интернетте арнайы бағдарламалық қамта-
масыз ету арқылы бақылауды ұмытпаңыз. Бұл сізге
зиянды мазмұнды сүзгілеп алуға көмек береді жəне
сіздің балаңыз шын мəнінде қандай сайттарға кіретінін
жəне онда не істейтінін анықтауға мүмкіндік береді.
10. Өз балаларыңыздың байланыс тізімін олардың бəрін
білетініне көз жеткізу үшін жəне кіммен сөйлесетінін
білу үшін тұрақты тексеріп отырыңыз;
11. Тізімге жаңа достарды енгізуге сұрауларды мұқият
тексеріңіз. Интернетте адам өзі білдіріп отырған адам
болмауы мүмкін екендігін есте сақтаңыз;
12. Балаңызды интернетпен байланысты кез келген қатер-
лер мен қауіптер туралы сізге хабарлап отыруға үйре-
тіңіз.
13. Мерзімді түрде, ең жақсысы күн сайын Сіздің балаңыз
қандай сайттарға кіргені туралы есептерді тексеріп
отырыңыз. Мұны Ата-ана бақылауы арқылы жасауға
болады (одан əрі қара) немесе интернеттің уақытша
файлдары арқылы көруге болады (папкалар c:\Users\
User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary
Internet Files операциялық жүйеде – Windows Vista).
14. Балаңыздан компьютерде болатын уақытша норма-
ларды сақтауын талап етіңіз;
15. Балаға сіз оны қалағандықтан емес, ал оның қауіпсіздігі
туралы алаңдаушылықтан бақылайтыныңызды көрсе-
17
тіңіз, оған əрқашан көмек беруге дайын екеніңізді көр-
се тіңіз;
16. 10 жасқа дейінгі балаларға өзінің жеке электронды
пошта жəшігі болуына рұқсат берілмеңіз, ал ата-ана хат
алмасуды бақылау мүмкіндігіне ие болу үшін отбасы
поштасын пайдалануға болады.
Компьютерде жұмыс уақытын жəне жағымсыз сайт-
тарға қол жетімділікті шектейтін бағдарламалар
Компьютерде жұмыс уақытын шектеуге мүмкіндік беретін,
интернеттің мазмұнын сүзгілейтін, яғни сіздің балаңызды
қауіпсіздендіретін көптеген бағдарламалар бар. Олар «Ата-
аналық бақылау» бағдарламалары деп аталады.
«Ата-аналық бақылау» Windows Vista-ға кірістірілген. Бұл
компьютерді баланың төрт бағытта пайдалануына бақылау
жасауға мүмкіндік береді:
1) Монитор экраны алдында өткізетін уақытты шектеу,
2) Кейбір сайттарға қол жетімділікті жабу
3) Басқа интернет-сервистерге қол жетімділікті жабу,
4) Кейбір ойындар мен бағдарламаларды жіберуге тыйым
салу.
Қорғаудың орташа деңгейі кезінде мылтыққа, есірткіге,
түрлі əдепсіздік пен цензураға қайшы лексикадан құралған
сайттарға сүзгі жұмыс істейді.
Пайдаланушылық қорғау деңгейін таңдап, рұқсат етіл-
мейтін санаттарға алкоголь, темекі, құмар ойындар туралы
сайттарды, сонымен қатар құрамын сүзгі автоматты түрде
бағалай алмайтын сайттарды жатқызуға болады. Веб-маз-
мұнына қойылатын аса көп шектеулер жоғары қорғау дең-
гейін қойған кезде байқалады, онда бала тек қана сүзгімен
18
«балаларға арналған» деп белгіленген сайттарды ғана қолдана
алады. Ақпараттық қорғауды қамтамасыз ету проблемалары
мəліметтер қорын уақтылы жаңартып отыруда болып табы-
лады. Қол жетімдікті шектеудің батыстық желілері ағылшын
тілінде сөйлейтін, батыстық аудиторияға бағытталған. «.KZ»
жəне «.RU» аймақтарын олар нашар тексереді. Ресейлік
бағдарламалар арасында «Касперский секьюрити» пакетін
атауға болады, бірақ тұтынушылардың пікірлері бойынша
ол компьютер жұмысын баяулатады. Ресейлік бақылау
бағдарламалары туралы толығырақ арнайы сайттардан көруге
болады.
Балаларды интернеттегі шынайы ақпаратты жалған
ақпараттан айыруға қалай үйретуге болады?
1. Балаларға интернеттен алынған материалдарға сын
көзбен қарау керектігін түсіндіру қажет, себебі интер-
нетте ақпаратты кез келген адам жариялауы мүмкін.
2. Балаға бүгінгі күні кез келген адам өзінің сайтын
ашуы мүмкін екендігін жəне ондағы орналастырылған
ақпараттың өтірік-шындығын ешкім тексермейтінін
түсіндіріңіз. Балаға интернеттегі көргеннің барлығын
тексеру қажет екендігін түсіндіріп, үйретіңіз.
Балаға оны қалайша түсіндіруге болады?
1. Балаңыз əлі кішкентай болған кезден бастаңыз. Себебі
бүгінгі күні мектеп жасына жетпеген балалардың өзі
интернет желісін жақсы пайдаланады, сондықтан да
оларға өтірік пен шындықты айыруды ертерек үйрете
бастаған жөн;
2. Балаңыздан интернетте не көргені туралы сұрағанды
ұмытпаңыз. Мысалы, қандай болмасын сайт не үшін
қажет екендігін білетіні туралы сұрай бастаңыз.
19
3. Сіздің балаңыз интернеттен оқыған ақпаратты өз
бетімен басқа көздермен салыстырып тексере алаты-
нына көз жеткізіңіз (басқа сайттар, газеттер немесе
журналдар бойынша). Балаңызды Сізбен ақылдасып
отыруға үйретіңіз. Балалардың проблемаларынан бас
тартпаңыз.
4. Балаларыңызды кітапхана сияқты əр түрлі ақпарат
көздерін пайдалануға дағдыландырыңыз немесе
оларға дискідегі энциклопедия сыйлаңыз. Бұл Сіздің
балаңызды ақпарат іздеу үшін əр түрлі іздеу тетіктерін
қолдануға үйрететін болады;
5. Балаңызды интернеттен іздеуге үйретіңіз. Іздеуді
жүзеге асыру үшін əр түрлі іздестіру тетіктерін қалайша
қолдану керектігін көрсетіңіз;
6. Балаларыңызға расизм, фашизм, ұлтаралық жəне діндік
соқтығыс деген ұғымдардың не екендігін түсіндіріңіз.
Осындай материалдарды арнайы бағдарламалық сүзгі-
лер арқылы жабуға болатынына қарамастан, барлық
осындай сайттардың жабық екендігіне көз жеткізу
қиынға соғады.
Интернет – қарым-қатынас жасаудың таптырмайтын
құралы екендігін ұмытпаңыз, əсіресе жасқаншақ, қарым-
қатынас жасау қиынға соғатын балалар үшін. Себебі адамның
жасы да, түрі де, дене бітімі де бұл кезде ешқандай маңызды
болып табылмайды. Алайда осы жол интернет тəуелділікке
əкеліп соғады. Бұл проблема аса маңызды болғанға дейін оған
мəн беру қиын. Жəне де интернет-тəуелділік деген аурудың
болуы əрдайым мойындала бермейді. Ендеше не істеу керек?
Үй компьютерін пайдалану ережесін белгілеңіз жəне
балаңыздың дене жүктемесі мен интернетте отыру арасындағы
ақылға қонымды теңгерімді табуға тырысыңыз. Сондай-ақ
компьютер балалар бөлмесінде емес, ересектердің бөлмесінде
20
тұрған жөн. Ең соңында өзіңізге қараңыз, Сіз өзіңіз интер-
нетте аса көп уақыт отырмайсыз ба?
ІІ. Балалармен жұмыс істейтін білім ұйым-
дарының мамандарына арналған ұсынымдар:
1.
Егер осыдан бұрын ересектер балаларды көшедегі
қауіп-қатерден қорғауға талпынған болса, енді бүгінгі
күні балалардың кибер кеңістіктегі қауіпсіздігі үлкен
проблема болып туындап отыр. Бұл қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін біз ең алдымен осы Айматы жақсы
білуіміз қажет. Осы зерттеу шегінде мұғалімдердің
өзі ақпараттық кеңістік туралы білімдерінің деңгейі
балалардың білім деңгейінен əлдеқайда артта
екендігін айтқан болатын. Сондықтан да ең алдымен
мұғалімдердің ақпараттық сауаттылығының дəрежесін
көтеру қажет;
2.
Мұғалімдерге өз сабақтарының шегінде заманауи
ақпараттық технологияларды неғұрлым көбірек пай-
далану керек жəне оқушыларға ол технологиялардың
мүмкін боларлық теріс ісері туралы сол кезден-ақ
ескерту қажет;
3.
Тəрбие жұмысында оқушылардың ақпараттық мəде-
ниетін тəрбиелеуге көңіл бөлу қажет;
4.
Медиа білім беру сабақтарын жүргізу керек, ол сабақ-
тарды ақпараттық кеңістікте қауіпсіздікті сақтау бой-
ынша ең қажетті білім беру қажет.
5.
Ата-аналарға берілетін ұсынымдар тарауында берілген
ұсынымдардың көбі балалармен жұмыс істейтін
мамандарға да керек болуы мүмкін.
21
ІІІ. Ақпараттық ортада жұмысты ұйым дастыру
бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған
ұсынымдар (Астана қаласының № 31 мектеп-
гимназиясының мамандары құрастырған)
1. Жұмысты бастар алдында ақпаратты іздеу мақсаты мен
мəселесін нақты тұжырымдап алу қажет.
2. Интернет жүйесінде ақпаратты іздеудің оңтайлы
алгоритмін құрастырып алу жөн, ол іздеуге жұмсалатын
уақыт пен күшті едəуір қысқартады.
3. Ақпараттық кеңістікте жұмыс істеу (телехабарларды
қарау, оқу, интернет) уақытын алдын ала белгілеп алу
қажет (2-3 сағат).
4. Жұмыс барысында дене қарбаластығын жəне көз жана-
рына түсетін жүктемені азайту мақсатында 5-10 минут
үзіліс жасап отыру керек.
5. Дене қарбаластығын жəне көз жанарына түсетін жүк-
темені азайту үшін 3-4 жаттығу білу қажет.
22
6. Жұмысты жақсы желдетілген үй-жайда, оңтайлы
жарықтандыру кезінде жəне жайлы отырып орындау
керек.
7. Спам-хаттарға немқұрайды қарауға жəне қауіпсіз
емес веб-сайттарға кіруге болмайды. Онда интернет-
қылмыскерлер үшін сіз оңай табыс көзі болып табыла-
тын боласыз:
a. Əлеуметтік желілерде тіркелген кезде, өзіңіздің
жеке мəліметтеріңізді көрсеткен жағдайда, мысалы:
мекенжайыңызды немесе туған күніңізді;
b. Логин немесе парольде өзіңіздің жеке мəліметтеріңізді
қолданған жағдайда.
8. Осының барлығы интернет-қылмыскерлерге электрон-
дық поштаның аккаунттеріне қолжетімді дерек терді
алуға, сондай-ақ үйдегі ДК оларды бот-желіге қосу
үшін немесе ата-аналардың банкілік мəліметтерін
ұрлау үшін инфицирлеуге мүмкіндік береді.
9. Компьютерде сақталатын ақпараттың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін онда өздеріңнің жеке кескіндеріңді
ашыңдар.
10. Интернеттен білген фактілерді өздеріңнің үй тапсыр-
маларыңда қолданатын болсаңдар, алдымен жақсылап
тексеру қажет екендігін ұмытпаңдар. Ақпараттың үш
түрлі көзін алдымен салыстырып алып, содан кейін
олардың қайсысына сенуге болатынын шешуге болады.
11. Сайтта орналастырылған ақпараттың шынайылығын
сайттың өзіне қарап жəне бірқатар сұрақтарға жауап
бере отырып, білуге болады:
a. Сайт не нəрселерді жақтайды?
b. Оның иелері мені не нəрсеге сендіргісі келеді?
c. Бұл сайтқа не жетіспейді?
23
12. Əлеуметтік желілердің беттерінде өзің, өзіңнің туыс-
тарың мен таныстарың туралы ақпарат орналастырар
алдында бұл ақпарат кім туралы болатын адамнан
рұқсат сұраған жөн.
13. Веб-сайт беттерінде кейіннен ұялатындай өз сурет-
теріңді жəне өзіңнің туысқандарыңның суреттерін
орна ластыру қажет емес.
14. Интернетте қарым-қатынас жасаған уақытта этика
ережелерін сақтаған абзал: дөрекілік басқаларды да
сондай іс-əрекет жасауға итереді.
15. Өз жұмысыңда ақпарат көзінен алынған материалды
қолданған кезде (кітап, мерзімдік басылым, интер-
нет), егер Сіз материалды қайта өңдеген болсаңыз, ол
ақпарат көзін көрсету немесе оған сілтеме беру керек.
24
1-қосымша. Терминологиялық сөздік (ҚР Статистика
жөніндегі агенттігінде қолданылатын терминдер)
Интернет ( “internet” сөзінен шыққан) – бұл біріңғай стан-
дартты сандық алаңды қолданатын компьютерлік желілерден
тұратын біріңғай ғаламтор желісі.
Интернетті пайдаланушы – интернетті пайдаланатын
Қазақстан азаматы
Мобильдік интернет – ұялы телефондар арқылы интернетті
пайдалану
Ұялы телефон – ұялы байланыс жабыны аймағында
қарым-қатынас жасап сөйлесуге арналған телефонның түрі.
Электрондық почта – пайдаланушыларға қағаз тасы-
малдаушыларын қолданбай-ақ хабар немесе құжаттармен
алмасуға мүмкіндік беретін желілік қызмет.
Дербес компьютер – жеке қолдануға арналған əмбебап
компьютер. Əдетте дербес компьютерлер ашық сəулет
принципі негізінде жобаланады жəне микропроцессорлар
базасында құрылады.
DVD-плеер – DVD-дискілерде бейне файлдарды көрсететін
қондырғы
Компьютерлік сауаттылық – Əрбір адамға компьютерлік
технологияларды тиімді пайдалану үшін қажетті информа-
тика саласындағы жұмыс дағдылары
25
Бастауыш пайдаланушы – компьютерде жұмыс істеудің
ең аз дағдыларына ие азаматтар (файлдарды көшіру, дискілік
қондырғылармен жұмыс істеу жəне компьютерлік ойындар).
Қарапайым пайдаланушы – бағдарламаларда негізгі
жұмыс дағдыларына ие азаматтар (Microsoft Offi ce – Excel,
Word).
Тəжірибелі пайдаланушы – əр түрлі бағдарламалармен
жұмыс істеудің үлкен тəжірибесіне ие азаматтар (Corel Draw,
MS Project, AutoCAD, SPSS).
Бағдарламашы – бағдарламалаудың арнайы тілдерінің
көмегімен жаңа бағдарламаларды құрастырумен тəуелсіз
айналыса алатын азаматтар (Basic, Pascal, Java, C++)
ADSL – интернетке жоғары жылдамдықты қол жетімдік
беретін жаңа технология.
Веб-сайт – мағынасы мен дизайны бойынша біріктірілген,
сонымен қатар бір веб-серверде орналастырылған веб-беттер-
дің жиынтығы.
26
Ескертпе үшін
27
Ескертпе үшін
28
Оқу құралын əзірлеушілер:
Сандж зерттеу орталығының қызметкерлері:
Смағұлова Шынар,
Байтугелова Наталья,
Наурызбаев Теміржан.
Біз оқу құралдарының осы сериясы бойынша
Сіздердің пікірлеріңізді
sange.kz@gmail.com электрондық поштасы
жəне 8 7172 24 12 88 телефоны
арқылы білуге қуанышты боламыз.
Авторлар ұжымы.
© Сандж ЗО. 2010.
Басуға қoл қoйылған күнi 25.10.2010 ж.
Қарiп түрi «Times New Roman». Пiшiмi 60х84
1
/
16
.
Oфсeттiк қағазы. Oфсeттiк басылым.
Шартты баспа табағы 1,75. Таралымы 150 дана.
ЖК «Бывалин В.В.»
типографиясында басылды
Астана қ., тел.: (7172) 47 88 90
Достарыңызбен бөлісу: |