Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



жүктеу 6,68 Mb.
Pdf просмотр
бет36/85
Дата08.02.2023
өлшемі6,68 Mb.
#41201
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   85
Вавилондағы ең бай адам

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
79
Ол үшін саған екі нәрсе беремін, байлығымның 
іргетасын қалай бастаған жас шағымда ол нәрселер 
өзімде болмаған еді.
Біріншіден, бір қап алтын беремін. Егер сен оны 
ақылмен жұмсай алсаң, ол сенің болашақ байлығың-
ның негізін қалайды.
Екіншіден, алтынның бес заңы жазылған сазтақ-
таны беремін. Егер сен оларды қолдана алсаң, олар 
саған білім мен сенім береді.
Бүгіннен былайғы уақытта, он жылдан кейін сен 
әкеңнің үйіне оралып, есеп бересің. Талабыма лайық 
адам болсаң, сені бар байлығымның мұрагері етемін. 
Керісінше болған жағдайда, бар жиған-тергенімді 
құдай жолындағы абыздарға мұра етіп, құдайлар 
мені шақырғанда, олардың мен үшін құлшылық 
етуін тілеуіме тура келеді.
Сөйтіп, Номасир ешкімнің көмегінсіз өмірде өз 
жолын табу үшін бір қап алтын мен жібек матаға 
оралған сазтақтаны алып, құлдары және жылқыла-
рымен сапарға аттанып кетеді.
Он жыл өткеннен кейін, алдын ала келіскеніндей, 
Номасир үйіне оралды. Әкесі оның құрметіне көп 
достары мен туыстарын шақырып, ұлан-асыр той 
жасады. Той біткен соң әкесі мен шешесі үлкен бөл-
менің төріне қойылған тақ тәріздес орындықтарға 
жайғасты да, Номасир олардың алдында тұрып, әке-
сіне берген уәде бойынша есеп беруге кірісті.
Кеш батты. Бөлмеге майшамның түтіні жайыл-
ған. Ақ хламида киген құлдар пальманың ұзын 
жапырақтарынан жасалған желпуіштерімен бір қа-
лыпта салқын ауа айдап тұр. Нағыз салтанатты шақ 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
80
туды. Номасирдің әйелі, кішкентай екі ұлы және 
достары мен туыстары кілем үстіне жайғасып, есепті 
мұқият тыңдап отыр.
– Әке, сенің даналығыңа құрметпен бас иемін, – 
деп Номасир сөзін бастады. – Он жыл бұрын кәме-
леттік жастың табалдырығында тұрғанымда мені 
байлығыңа көз салған масыл етпей, лайықты аза-
мат болып шығуым үшін дүниені аралауға жібердің. 
Ең бастысы – алтын мен білімді қоса қабат бердің. 
Жомарттық таныттың. Өкінішке қарай, алтынды 
ақылмен жұмсай алмадым. Ол қапыда балаларға ұс-
талып қалып, мүмкіндік туғанда сытылып кеткен 
жабайы қоян сияқты тәжірибесіз қолымнан сусып 
кетіп, ғайып болды.
Әкесі түсіністікпен күлімсіреді:
– Айта бер, ұлым. Басыңнан өткен оқиғаларды 
тәптіштеп жеткіз, мен үшін бәрі маңызды.
– Болашағы жарқын, тез өсіп келе жатқан 
Ниневия қаласына барып, сонда тұрақтауды ойлас-
тырған едім. Сонда баратын керуенге қосылдым да, 
жол бойы көптеген жаңа достар таптым. Олардың 
арасында желмен жарысқан жүйрік әрі сұлу сәйгү-
лік мінген екі әдепті кісі болды.
Сапар барысында олар маған біз бағыт алған қа-
лада бір бай кісі тұратынын жеткізді. Оның жүйрік 
аты ылғи да бәйгеден бірінші болып келеді екен. 
Аттың иесі бүкіл Вавилонда оның жүйрігінен оза-
тын қылқұйрықтың жоқтығына сенімі кәміл болған-
дықтан, кез келген сомаға бәс тігуге дайын көрінеді. 
Алайда бір досым әлгінің аты өзінің сәйгүліктеріне 
қарағанда ақсақ есек сияқты дегенді айтып, бәйгеде 



жүктеу 6,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау