В республике казахстан


Аумақтық бөлімшелерден қызметкерлерді шақыру



жүктеу 7,47 Mb.
бет17/43
Дата04.12.2017
өлшемі7,47 Mb.
#3193
түріКодекс
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43

5.3 Аумақтық бөлімшелерден қызметкерлерді шақыру

48. Бөлімше қызметкерлерін ОрталықтыңБасқаруаппаратына шақыру тағылдамадан және аттестаттаудан өту, оқу кестелері негізінде, сондай-ақ орынбасарлармен келісілген қызметтер және бөлімшелер басшыларының дәлелді қызметтік жазбасы бойынша Директордың нұсқауымен жүзеге асырылады.

49. Шақырылған қызметкерлерді орналастыру, іссапарлардың шығындардың өтеу мәселелері қаржы-экономикалық қамтамасыз ету қызметі басшысымен алдын ала келісіледі.Бұл мәселелер шешілмей қызметкерлерді шақыруға жол берілмейді.

50. Келген қызметкерлердің есебін кадр жұмысы қызметі жүргізеді.

51. Аумақтық бөлімшелер қызметкерлерінің ОрталықтыңБасқару аппаратына іссапарларының мерзімі жол жүру уақытын есептемегенде 5 күннен артық болмауы тиіс.

52. Іссапардың мерзімін ұзарту Директордың бұйрығын шығару жолымен ерекше жағдайларда (көлік құралдарының болмауына немесе іссапардың шұғылдығына) 5 күнненартық емес мерзімге рұқсат етіледі.


5.4 Кіріс және шығыс хат-хабарларынды рәсімдеу, жүру және қарау

53. Орталықта кіріс және шығыс хат-хабарларын және өзге де қызметтік құжаттарды қарау және өткізу «Әкімшілік рәсімдер туралы»2000 жылғы 27 қарашадағы № 107, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қантардағы №221, «Тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі №151Қазақстан Республикасының Заңдарына,басқа құқықтық нормативтік актілеріне және әділет органдары мен мекемелеріндегі іс жүргізу жөніндегі жұмысты реттейтін ведомстволық бұйрықтарға, сондай-ақ осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

Барлық дайындалатын қызметтік құжаттар,құқық нормативтік жобаларды қоспағанда, тек қана мемлекеттік тілде ресімделуі тиіс. Қажет болған жағдайда қызметтік құжаттар мемлекеттік тілдегі негізгі құжатқа қосымша ретінде орыс тілінде құрастырылуы мүмкін, бірақ Орталықтың бланкісінде мемлекеттік тілде құрастылған құжаттың нұсқасы ғана басылуы тиіс.

Министрдің, Жауапты хатшының, Министрдің орынбасарларыныңатына Орталық бөлімшелері әзірлеген қызметтік жазбалар Министрліктің кеңсесінде тіркеледі. Олардың ары қарай жылжуын бөлімшелер өз бетінше жүзеге асырады.

Жоспарлық, хаттамалық іс-шаралардың орындалғаны туралы қызметтік жазбалардың түпнұсқалары мен көшірмелері Министрлік басшылығы қарастырғаннан кейін ҰҚҚ беріледі.

54. Орталықтағы іс жүргізу және құжаттардың өтуіне жауапкершілік ҰҚҚ жалпы бөліміне жүктеледі.

Қызметтерлердегі және бөлімшелердегі іс жүргізуді жүргізу (есепке алу, құжаттардың сақталуы және уақтылы өтуі, олардың орындалуын бақылау) жауапкершілігі қызметтер мен бөлімшелер басшыларына жүктеледі.

Бөлімшелерде құжаттардың өтуі мен олардың тиісті түрде сақталуына дербес жауапкершілік жүктелетін нақты маман белгіленеді.

Бөлімшелердегі іс-жүргізу жөніндегі инспекторлардың және жалпы бөлімнің жұмысын үйлестіруді ҰҚҚ жүзеге асырады.

55. Президент Әкімшілігінен, Парламенттен және Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің Кеңсесінен келіп түскен хат-хабарларды санамағанда, кіріс хат-хабарларды Орталық жұмыс күндері сағат 9.00 ден 18.00-ге дейін қабылдайды.

Президент Әкімшілігінен, Парламенттен және Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің Кеңсесінен келіп түскен хат-хабарламалар жұмыс күндері сағат 20.00 ге дейін, сенбі күндері – сағ. 17.00 дейін қабылданады.

Осы тармақты Орталықта кезекшілік енгізу жолымен жүзеге асыруболжанады.

Кіріс хат-хабарларын мереке және демалыс күндері қабылдау Директор бекіткен жеке кесте бойынша қызметкерлердің кезекшілігі жолымен жүзеге асырылады.

56.Шұғыл тапсырмаларды орындау мақсатындағы мемлекеттік органдар әзірлеген құжаттар (орындау мерзімі 10 күнтізбелік күнге дейінгі) шұғылдығын дәлелдейтін құжат (Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларының көшірмелері) ұсынылған кезде, жұмыс күні ішінде қабылданады.

57. Мемлекеттік органдарданкеліп түскен қағаз және электрондық тасымалдағыштардағы құжаттар сәйкес және белгіленген үлгідегі тиісті елтаңбалы бланкте ресімделгенр болуы тиіс және келесі міндетті деректері болуы керек:

шығыс номері және күні;

Президенттің, Президент Әкімшілігінің,Парламентінің, Парламент Палаталарының, Үкіметтің және Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысының тиісті актілері мен тапсырмаларына сілтемеде, сондай-ақ Орталық сұратуына жауабында – сұратудың күні мен номері;

мемлекеттік органның басшысының немесе оның орынбасарларының не мемлекеттік органның жауапты хатшысының (не мемлекеттік органның жауапты хатшысының өкілеттігін жүзеге асырушы мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының) (әрі қарай - мемлекеттік органның басшылығының)қолы;

орындаушының тегі мен телефон номері;

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Парламенттің және Премьер-Министр Кеңсесінің хат-хабарларынан бөлек, мемлекеттік органдар Регламентінің талаптарын бұза отырып ресімделген кіріс хат-хабарлар қабылданбайды және (немесе) құжаттандырушылық қамтамасыз ету секторы сол күні тиісті мемлекеттік органға қайтарады.

Орталыққа келіп түсетін хат-хабарлар қабылдау күнімен уақыты көрсетіле отырып,қол қойылып қабылданады.

58. Жалпы бөлімдекеліп түскен хат-хабарламаларды алдын ала қарау, сұрыптау және тіркеу жүргізіледі.

Жедел хат-хабарлар тиісті мәселелерді қарастыру құзыретіне жататындығына байланысты қызметтерге, бөлімшелерге тез арада беріледі.

59. Орталық басшылығы кіріс хат-хабарлардыөздеріне түскен күні, ал жеделдерін – тезарада қарастырады. Қарастыру нәтижесі бойынша олар қарар түрінде ресімделген тиісті тапсырмаларды береді.

Орталық басшылығы қарастырған кіріс хат-хабарлары жалпы бөлімге рәсімдеу және әрі қарай орындаушыларға беру үшін жолданады.

60. Жалпы бөлім хат-хабарламарды бөлуді, адресаттарға жеткізуді Орталық басшылығынан алған кезеңнен бастап екі сағаттың ішінде, ал жеделдерін – тезарада (кезектен тыс тәртіпте) жүзеге асырады.

61. ҰҚҚ Орталық басшылығының тапсырмаларына сәйкес орындау мерзімдері бар келіптүскен құжаттарды тез арада бақылауга алуды жүзеге асырады.

62. Құжаттардың сақталуын және қызметтік ақпараттыңжайылмауын қамтамасыз ету жауапкершілігі қызметтер, бөлімшелер басшыларына (немесе міндетін атқарушы тұлғаға) және құжаттарды орындаушыларға жүктеледі.

Орталық құжаттарының көшірмелерінкім болмасын соған қызметтер, бөлімшелер басшыларының рұқсатынсыз беруге тиым салынған.

63. Орталықтың ішінде хат алмасу кезінде белгіленген үлгідегіОрталықтың бланкісі пайдаланылмайды.

Орталық бланклері,әрі қарай қызметтерге, бөлімшелерге арнайы Жорналға берілген күні, берілген бланктердің номерлері, қызметкерлердің толық тегі мен жөнікөрсетіле отырып, қол қойылғаннан кейін беруі үшін ҰҚҚ өтінімдері бойынша, ал Директордың бұйрығы мен іссапарлық куәліктертердіңбланклері кадрмен қамтамасыз ету қызметінің тапсырысы бойынша баспахана тәсілмен дайындалады.

Бұдан бөлек, бүлінген бланклер әрі қарай оларды жою мақсатында қабылдау-өткізу актісімен Орталық мұрағатына өткізу үшін жалпы бөлімге қайтарылады.

64. Құжаттардың бір қызметтен басқасына немесе бір бөлімшеден басқасына беру келесі тәртіппен жүзеге асырылуы тиіс:

Орталық басшылығының қарары болмаған жағдайда – қызметтер, бөлімшелер басшыларының өзара келісуі бойынша, ал келіспеушіліктер туындаған кезде – Директордың, басшылықтыңатына енгізілген қызметтік жазбаның негізінде;

құжатта Орталық басшыларының қызметтердің біріне немесе бөлімшелердің біріне тапсырмасы бар қарары болған жайдайда, мұндай құжаттарды басқа қызметке немесе бөлімшеге беру қызметтің, бөлімшенің Орталық басшылығының атына қызметтік жазба енгізуі жолымен Орталық басшыларының жазбаша нұсқауы негізінде ғана мүмкін.

Берілетін құжат тиісті ескертулерді енгізу және қызметке, бөлімшеге, орындауға жауаптыларға беру үшін жалпы бөлімге жолдануы тиіс.

65. Шығыс хат-хабарларды әзірлеу, келісу және ресімдеу «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасының Үкіметінің2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінің» (әрі қарай – Үкімет Регламенті), Президент Әкімшілігінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың, Премьер –Министр Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың», 21.12.2011 ж. № 1570 «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілі қағидалардың», «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Регламентінің» талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

66. Министрлікке, мемлекеттік органдарға жолданатын шағыс хат-хабарларды орындаушы, ҰҚҚ қол қоярдың алдында оларда тапсырмаларға сілтемелердің болуын және рәсімдеу дұрыстығын, соныңішінде іс-шаралар жоспары мен оларды бекіту туралы актілердің сәйкестігін тексереді.

67. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау мақсатында, қажет болған жағдайда Орталықтың жауапты қызметкерлері оларды іске асыру жөніндегіведомствоішілік іс-шаралар жоспарын әзірлейді (жол карталары), оларға сәйкес әр нақты тармақтың орындалуына жауапты орындаушы- Орталықтың қызметі, бөлімшесі анықталады.

68. ҰҚҚ Президент Әкімшілігінен келіп түсетінбарлық тапсырмалардыңорындау мерзімін көрсете отырып, бақылау құжаттарының жеке тізілімін құрастырады, оларды апта сайын бөлімшелерге жолдап, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау бойынша ақпараттардың мониторингін жүргізеді.

69. Бүкіл шығыс хат-хабарлардыжөнелту үшін Орталық қызметкерлері жалпы бөлімге жұмыс күндері - сағат 12.00 дейін, ал сенбі күндері – 10 сағат 30 минутқа дейін өткізеді.

Әділет министрлігіне және/немесе басқа Министрліктерге жолданатың қызметтік құжаттар, сондай-ақ шұғыл хат-хабарларды Әділет министрлігінің кеңсесіне ЭҚАБЖ арқылы жіберу үшін тікелей орындаушылар, немесе орындаушы өз қолымен Министрлікке жұмыс күн ішінде жолдайды.

Пошта арқылы жолданатын хат-хабарларды құжаттамалық қамтамасыз ету секторы жөнелту үшін оларға тек Директор немесе орынбасары қол қойған жағдайда ғана қабылдайды.

70. Құжаттардың сақталуын және қызметтік ақпараттың жайылмауын қамтамасыз ету жауапкершілігі Орталық бөлімшелерінің басшыларына (немесе міндетін атқарушы тұлғаға) және құжаттарды орындаушыларға жүктеледі.

Министрліктің, Орталықтың құжаттарыныңтүпнұсқасын немесе көшірмелелерінбейтарап адамдарға Директордың немесе орынбасарының рұқсатынсыз беруге тиым салынады.


6. Орталықтағы қызметтік құжаттардың өту тәртібі.

Ұйымдастырушылық- өкімші құжаттар.

71. Орталық басшылығы өз құзыретті шегінде қойылған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырушылық-өкімшілік құжаттарды шығарады.

72. Жекелеген бөлімшенің қызметіне қатысты жұмысты немесе мәселелерді ұйымдастырудың нақты міндетін шешу мақсатында, Директордың орынбасары тиісті нұсқаулар мен өкімдер шығаруы мүмкін.

73. Ұйымдастырушылық-өкімші құжаттардың жобаларын қызметтер Орталық басшылығының тапсырмалары, алқа шешімдері,аппараттық және жедел жиналыстардың немесе бастамашылық тәртібі негізінде әзірлейді. Соңғы жағдайда құжаттың жобасына тиісті негіздемесімен Директордың атына баянат тіркеледі.

74. Орталық басшылығының нұсқауы бойынша құжаттардың жобалары бөлімшелерге талқылауға жолдануы мүмкін.

75. Мүдделі қызметтермен, бөлімшелермен және жетекшілік ететін орынбасармен келісілген ұйымдастырушылық-өкімші құжаттардың жобалары Директордың бекітуіне енгізіледі.

76. Сот-сараптама қызметі мәселелері жөніндегі құқықтық нормативтік актілерді жетілдіру, іс-шараларды жүргізу және т.б. мақсатында Орталық басшылығының нұсқауымен Орталық аппараты (бөлімшелері) қызметкерлері қатарынанқұралатын жұмыс тобы құрылады. Құжаттардықұқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарменбірлесе әзірлеген кезде, олардың басшыларының келісімімен ведомствоаралық жұмыс топтары құрылады.

77. Директор немесе орынбасары жұмыс топтарына басшы болуы мүмкін.

78. Басшы, міндетті түрде жұмыс тобы жиналыстары ұйымдастырушылықжағынан дайындауға және оның ісін жүргізуге жауапты топтың хатшысын тағайындайды.

79. Орталықтың қызметтерімен бөлімшелерінің жұмыстарын ұйымдастыруды тікелей олардың басшылары қамтамасыз етеді.

80. Қызметтер мен бөлімшелердің міндеттерінжәне функцияларын, осы құрылымдардың басшыларымен қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін айқындайтын,олар туралы Ережелерді Директор бекітеді.

81. Бөлім басшылары дайындаған, қызметкерлердің міндеттерін бөлу және бір-бірін алмастыру тәртібі туралы актілерді Директор бекітеді.

82. Жеке құрам, қызметтің негізгі бағыттарыбойынша бұйрықтарды, нұсқаулар мен өкімдерді тіркеуді және есепке алудыкадрмен қамтамасыз ету қызметі жүзеге асырады.

83. Қазақстан Республикасының Әділет министріне, Жауапты хатшысына, Әділет вице-министрлеріне жолданатын құжаттарға Директор қол қояды.

84. Директордың негізгі қызмет жөніндегі бұйрықтарының жобаларын мүдделі қызметтер, бөлімшелер әзірлейді, қызметтер және мүдделі қызметтердің басшылары,Директордың жетекшілік ететін орынбасары бұрыштамасы қойылып, Директор қол қойғаннан кейін кадрмен қамтамасыз ету қызметіне тіркеуге беріледі.

85. Директордың жеке құрам бойынша, кадр мәселелері, негізгі қызмет жөніндегі бұйрықтарының жобаларын кадрмен қамтамасыз ету қызметі әзірлейді, оның басшысы, мүдделі қызметтің басшысы,Директордың жетекшілік ететін орынбасары бұрыштамасыжәне Директордың қолы қойылады.

Егер Директордың кадр мәселелері жөніндегібұйрықтарының жобалары қаржы мәселелеріне қатысты болса, ондаоған міндетті түрде қаржы-экономикалық қамтамасыз ету қызметі басшысыныңбұрыштамасы қойылуы керек.

86. Директордың негізгі қызмет, жеке құрам, кадр мәселелері жөніндегі бұйрықтары қабылданғаннан және тіркеуден өткеннен кейін, оны мүдделі қызметтрге, бөлімшелерге таныстыруды кадрмен қамтамасыз ету қызметі жүргізеді.

Бұдан бөлек, кадр қамтамасыз ету қызметі аумақтық бөлімшелерді жедел түрде таныстыру мақсатында, бұйрықтарды факсимилдік байланыспен жолдайды.

Өзіне сеніп тапсырылған бөлімшелердің қызметкерлерінДиректордың бұйрығымен уақтылы таныстыру олардың басшыларына жүктеледі.

87. ҚР ӘМ-нің Регламентіне сәйкес келісу үшін Орталыққа келіп түсетін құжаттарға бұрыштама қою құжаттың бірінші данасына Директордың бұрыштама қоюымен (немесе оның міндетін атқару тұлғалардың) жүзеге асырылады.

88. Қызметкерлер демалысқа кеткен, аурып қалуынабайланысты болмаған, сондай-ақ іссапарға шыққан кезінде, қызмет, бөлімше басшысының нұсқауы бойынша,қабыладу-өткізу актісіне сәйкес оның орындауындағы қызметтік құжаттар басқа қызметкерге беріледі.




7. Орталықта халықаралық ұйымдардың және шетел мемлекеттердің өкілдерімен кездесулерді (келіссөздерді) өткізу

89. Орталықта және оның бөлімшелерінде шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер (келіссөздер) Министрлік басшылығының келісімімен өткізіледі.

90. Орталықта шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдар өкілдерінің кездесуін (келіссөздерін) өткізу туралы өтініші ҚР СІМ хатымен қоса берілуі тиіс. Мұндай хаттың болмауы сұратылып отырған іс-шараларды өткізуден бас тартуға негіз болып табылады.

91. Алдағы уақытта болатын кездесу (келіссөздер), оны өткізудің мақсаттары мен қатысушылардың құрамы туралы материалдар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық шарттарды сараптау департаментіне және Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру басқармасына оны өткізуден2 жұмыс күн бұрын ұсынады.

92. Кездесуге (келіссөздерге) қатысушылардың қол жеткізген келісімдерін міндетті түрде көрсете отырып кездесу қорытындысы жөніндегі ақпарат қорытып талдау үшін Министрліктің Халықаралық шарттарды сараптау департаментіне және Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру басқармасына ұсынылады.
8. Тапсырмаларды орындауын бақылау

93. Тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуына бақылау ұйымдастыру «Қазақстан Республикасының Үкімет туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық заңына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы №107, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңдарына, «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, кол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің № 976 Жарлығына, сондай-ақ басқа құқықтық-нормативтік актілерімен және осы Регламентпен жүзеге асырылады.

94. Орталыққа жалпы басшылықты Директормен жүзеге асырады, ол қызметкерлердіңбарлығы орындауға міндетті ұйымдастырушылық-өкімші құжаттар шығарады.

95. Директор болмағанкезде оның міндеттерін Директордың орынбасары атқарады.

96. Директордың орынбасары міндеттерді бөлісудіңбекітілген тәртібіне сәйкес Орталықаппаратының жұмысын бағыттайды және бақылайды, оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

97. Директордың бұйрықтарымен бекітілген қызметтер, аумақтық бөлімшелер туралы ережелерге сәйкес, Орталық қызметтерінің, бөлімшелердің басшылары қызметкерлердің функционалдық міндеттерін айқындайды, олардың жұмысын, Орталық басшылығы тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады, ал қажет болған жағдайларда осындай тапсырмаларды Директордың жетекшілік ететін орынбасарының келісімімен өзі орындайды, қарамағындағы қызметкерлерді марапаттау немесе оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы өтініш жасайды.

98. Орталықтың шет мемлекеттердің органдарымен, ұйымдарыжәне мекемелерімен, халықаралық органдар және ұйымдармен өзара әрекет етуі, халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша хат алмасуы халықаралық шарттарда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

99. Орталықтың қызметі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, мемлекеттік және басқа да заңмен қорғалатын құпия туралы ҚР заңнамасының талаптарына қайшы келмейтіндейдеңгейдегі жариялық жағдайында жүзеге асырылады.

100. Орталықтың бұқаралық ақпарат құралдарындағы ресми хабарлары үшін материалдар (мемлекеттік тізілімдер, ақпараттар, қорытып талдаулар, талдаулар және басқалары) Орталық Директорымен келісілгеннен кейін ҰҚҚ беріледі.

Құпиялы іс жүргізуді ұйымдастыру мен жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы № 390-16с қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі Нұсқаулыққа (бұдан әрі – Құпиялылықрежимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық) сәйкес жүзеге асырылады.

101. Осы Регламентпен белгіленген құжаттармен жұмыс істеуге,мерзімдерге қойылатын талаптар Орталықтың және аумақтық бөлімшелердің барлық қызметкерлеріне қатысты.

102. Орталықтың бақылау жүйесін:

Орталыққа жалпы басшылық пен қызметін бақылауды, оның ішінде бақылау құжаттарының уақтылы және сапалы орындалуынабақылауды жүзеге асыратын – Директор;

Директордың актілері мен тапсырмаларын,сондай-ақ өзі жетекшілікететін бағыттар жұмысы бойынша басқа да бақылау құжаттарыныңсапалы орындалуын қамтамасыз ететінжәне олардың уақтылы және сапалы орындалуына дербес жауапкершіліктеболатын – орынбасарлары;

Өздері басқаратын бөлімшелердегі құжаттардың орындалуына бақылауды жүзеге асыратын, орындалған тапсырмаларды бақылаудан уақтылы алуға жауапкершіліктеболатын, мерзімдерді бұузға немесе бақылау құжаттарын сапасыз орындауға жол берген өз қызметкерлерін, сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлерінтәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізетін, оздеріне сеніп тапсырылған бөлімшелердің жұмысыныүшін Орталық басшылығының алдында дербес жауапкершілігі жүктелген– Орталық қызметтерінің басшылары құрайды.

103. ҰҚҚ басшысы бөлімшелердің және аумақтық органдардың стратегиялық, операциялық жоспарларды, сондай-ақ Министрлігктің,Орталықтың жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларын, алқа, аппараттық және жедел жиналыстарда берілген тапсырмаларды, Үкіметтің бағдарламалық құжаттарын уақытылы орындауына бақылауды жүзеге асырады, Әділет министрі,Орталық Директорының қол қойылған шығыс құжаттарыныңсапалы дайындалуына және қолданыстағы заңнамаға және белгіленген талаптарға сәйкестігіне бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ Орталықтың тапсырмалары бойынша бақылау іс-шараларынөткізеді, өз құзыретті шегінде Орталық басшылығына бақылау тапсырмаларын, оның ішінде құпиялық құжаттарды (әрі қарай – бақылау құжаттарын):

1) ішінде Орталыққа берілген тапсырмалары бар Президент актілері немесе актілердің тармақтарын;

2) халықаралық іс-шаралар менөңірлерге шығу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті берген тапсырмалар немесе тапсырмалардың тармақтары;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің қатысумен өткен жиналыстардың, мәжілістердің және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың хаттамаларындағы тапсырмалар немесе тапсырмалардың тармақтарын;

4)Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларын;

5) «Бақылауға алынды» мөртабаны бар қызметтік және өзге де құжаттар бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары немесе олардың тармақтарын;

6)Үкіметтің қауылылары, Үкімет жиналыстарының хаттамалары, Орталыққа берілген тапсырмалары бар Премьер-Министрдің өкімдерін;

7) Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшылығының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орындау мерзімдері көрсетілген немесе бақылауға алу нұсқаулары, «шұғыл», «баяндау», «ұсыныстар енгізу», сондай-ақ олардың мазмұнынан бақылауға қоюдың қажеттілігі бар Министрліктің атына берілген тапсырмаларын(оныңішінде жиналыстардың хаттамаларында және іс-шаралар жоспарларында барлары);

8) Парламент депутаттарының сауалдары және Үкіметтің қорытындысы қажет болатын олардың бастамашылығымен енгізілген заң жобаларын;

9) прокурорлық қадағалау актілерін;

10) маазмұнынан осы немесе өзге де мәселелер бойынша жауап, түсіндірме беру, ұсыныстар енгізу қажеттілігі туындайтын мемлекеттік органдардың хаттарын;

11) жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жүгінулерін;

12) Келісу үшін Орталыққа келіп түсетін құқықтық нормативтік актілерді;

13) бұйрықтар, алқа хаттамалары, шешімдері, жоспарланған іс-шаралар, Министрлік басшылығының тапсырмалары, оның ішінде аппараттық және жедел жиналыстарда берілгендерін сапасыз орындауға жол берген Орталық бөлімшелерінің басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді.

Құпия белгісібар құжаттардың орындалуын бақылауды осы құжат қарауында жатқан қызмет басшысы жүзеге асырады.

104. Бақылаул құжатын бақылау қойған кезде құжаттамалық қамтамасыз ету секторының қызметкері құжатқа «Бақылау» мөртабанын және орындаудың ішкі мерзімін міндетті түрде көрсете отырып жеке қолын қояды.

Регламенттің 97 тармағында көзделген құжаттарды бақылаудан алу бақылау құжаттарын Орталықтың құжаттамалық қамтамасыз ету секторы, Министрліктің кеңсесі арқылы жолдағаннан кейін не құжаттарды өз қолымен алғандығы туралы белгілер болғанда тезарада жүзеге асырылады.

105. Бөлімшелер бақылау құжаттарынқұжаттамалық қамтамасыз ету секторының қызметкері белгілеген мерзімде, ал нақты мерзімі болмағанда құжаттың Орталықта тіркелген күнінен бастап бір ай мерзімде орындайды.

106. Орталықтың қызметтері мен бөлімшелері бақылау құжаттарын орындау мақсатындағы құжаттардың жобаларын келесі мерзімдерде әзірлейді:

1)орындау мерзімдері 5-тен 10 күнтізбелік күнгедейінгі бақылау құжаттарынорындау мақсатында әзірленген құжаттардыміндеттердің бөлінуіне сәйкес Орталық басшылығына бұрыштама қоюға, орынбасарларға, Директорға қол қоюғаорындау мерзімі аяқталардан2 жұмыс күні бұрын беріледі. Бақылау құжаты бойынша бірлесе орындаушылар негізгі орындаушыға тиісті ақпаратты орындау мерзімі аяқталарданүш жұмыс күнібұрын ұсынады;

2) орындау мерзімдері 3-тен 5 күнтізбелік күнге дейінгі бақылау құжаттарын орындау мақсатында әзірленген құжаттарды міндеттердің бөлінуіне сәйкес Орталық басшылығына бұрыштама қоюға орындау мерзімі аяқталардан 1 жұмыс күні бұрын, ал Директорға – оларға жетекшілік ететін орынбасардың бұрыштамасы қойылғаннан кейін, тез арада беріледі. Бақылау құжаты бойынша бірлесе орындаушылар негізгі орындаушыға тиісті ақпаратты орындау мерзімі аяқталардан екі жұмыс күні бұрын ұсынады;

3) орындау мерзімдері 2 күнтізбелік күнге дейінгі бақылау құжаттарын орындау мақсатында әзірленген құжаттарды міндеттердің бөлінуіне сәйкес Орталық басшылығына бұрыштама қоюға олар дайын бола салысымен тез арада беріледі және аталған адамдар оны тезарада, кезектен тыс тәртіпте қарайды. Бақылау құжаты бойынша бірлесе орындаушылар негізгі орындаушыға тиісті ақпаратты олар дайын бола салысымен ұсынады.

107. Бірлесе орындаушылар негізгі орындаушыға тиісті ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады, ал мемлекеттік тілдегі құжатты ҰҚҚ маманы тексеріп, қол қоюы тиіс.

108. Бақылау құжаттарына, белгіленген орындау мерзімдері ескеріле отырып, бақылаудыңкелесі түрі қойылады:

1) шұғыл: – «аса шұғыл»- үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жеделдету» - он жұмыс күнгіне дейін –белгілерімен;

2) қысқамерзімді – он жұмыс күнінен бір айға дейін;

3) орта мерзімді – бір айдан алты айға дейін;

4) ұзақ мерзімді – алты айдан артық.

Аталған тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындаудыңжауапкершілігі Орталық қызметтерінің, бөлімшелердің басшыларына жүктелген.

109. Орталықтың қызметтерімен бөлімшелерінің басшылары:

1) әр тоқсан сайын Елбасының тапсырмалары мен актілерін уақтылы және сапалы орындау бойынша орындаушылық тәртіптің жай-күйіне талдау жүргізеді, оның нәтижелерін қызметтер мен бөлімшелердің жиналыстарында талқылайды;

2) орындау тәртібінәрбір бұзушылығына орайтиісті әрекет ету шараларын қабылдайды;

3) жаңа қабылданған қызметкерлердің Үкіметтің, Министрліктің Регламентінің негізгі қағидаларын, іс жүргізушілікті және бақылауды ұйымдастыру мәселелерін реттейтін құқықтық нормативтік актілерді міндетті түрде оқып-танысуын қамтамасыз етеді.

110. Министрлік басшылығыныңактілері мен тапсырмаларында белгіленген тапсырмаларды орындау мерзімі,олардың Орталыққа келіп түскен күнінен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.

Оның барысында Орталық атына тапсырмалар берілген мәжіліске (жиналысқа) қатыскан Орталықтың өкілдері, осы мәжіліс (жиналыс) аяқтала салысымен, оларға мәжіліс (жиналыс) хаттамасының немесе қол қойылған тапсырманың түсуін күтпей-ақбірден орындауға кірісуге міндетті.

111. Бақылау құжаттарын бірнеше қызметтер, бөлімшелер орындайтын кездеөз атауының тұсында «жинақтау» белгісі немесе тапсырмада бірінші белгіленген қызметжауапты болады, ол осы орындаудың мерзімін ауыстыру туралы ұсыныс енгізуге құқылы.

112. Тапсырманы бірлесе орындаушылар өз ұсыныстарын мемлекеттік және орыс тілдерінде жинақтауды жүзеге асыратын қызметке, бөлімшеге тапсырманы орындау белгіленген мерзімнен 5 жұмыс күнібұрын енгізеді.

Орталық Директорының тапсырмасы бойынша бірнеше орынбасарларға жолданатын орындалғаны туралы тиісті қызмет, бөлімше басшысының қолы қойылған ақпарат жинақтауға жауапты орынбасарға ұсынылады.

113. Министрлік басшылығы актілерінің және/ немесе тапсырмаларының тармақтарын белгіленген мерзімде орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда, Орталық алдын ала, бірақбелгіленген мерзімнен бір күн бұрын, Министрлікке орындаудың ағымдағы жай-күйін, орындау мерзімін ұзартудың қажеттілігініңдәләлді негіздемесін немесе оны орындаудың нақты мерзімін,нақты жауапты бірлесе орындаушыларды міндетті түрде көрсете отырып орта мерзімді не ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы хат енгізеді.

114. Актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын бақылаудан алу үшін келесілер:

1) толық және сапалы орындау;

2) туындаған объективтік жағдайларға орай орындаудың мүмкін еместігі негіз болып табылады.


жүктеу 7,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау