В республике казахстан



жүктеу 7,47 Mb.
бет15/43
Дата04.12.2017
өлшемі7,47 Mb.
#3193
түріКодекс
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43

2.Жұмысты ұйымдастыру

2.1. Сот сарапшылары мен ғылыми қызметкерлердің қызметі Қазақстан Республикасының Заңымен және қолданыстағы басқа да нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ ішкі бұйрықтармен, нұсқаулықтармен,ұйымның негізгі қызметі бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылык құжаттарымен реттеледі.

2.2. Сот сараптамасы институттарының сот сарапшылары мен ғылыми қызметкерлеріне келесі міндеттер жүктеледі:

қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзышылықтар жөніндегі істер бойынша; есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорларды сот-сараптамалық зерттеулер саласындағы алғашқы,қосымша,қайталама,комиссиялық, кешенді, аса күрделі сот сараптамаларын жүргізу;

заңнаманы және түрлер бойынша практикалық қызметті жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды жасау мақсатында ғылыми зерттеулерді жүргізу және сот-сараптамасын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;

оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;

сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамдардың жұмысын үйлестіру.

2.3. Материалдарды Орталықтың аумақтық бөлімдеріне келіп түскен кезде аумақтық бөлімнің басшысы белгіленген жалпы мерзімдердің шегінде, алдағы тұрған сараптамалық зерттеудің күрделілігіне алдын-ала бағалау жүргізеді, мәліметтерді ескере отырып сараптаманы жүргізудің нақты мерзімін анықтайды және сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

2.3.1. Сараптаманы орындаушыны анықтау сот-сараптамалық мекемелердің ғылыми-практикалық әлеутін тиімді пайдалану үшін сараптамалық зерттеудің күрделілігі орындаушының біліктілігіне сәйкес келуі қажет деген қағиданы есепке ала отырып жүргізіледі.

2.3.2. Сараптамаларды бөлу кезінде көрсетілгендермен қатар,құрылымдық бөлімнің шегіндегі қызметкерлердің сараптамалық жүктемесінің біркелкі бөлу талабы есепке алынады.

2.3.3. Сараптаманы жүргізу аяқталғаннан кейін аумақтық бөлімнің басшысы сараптаманы есепке алу журналына тиісті белгі қоя отырып, сараптамалық зерттеудің күрделілік дәрежесін нақтылайды және нақты орындалған мерзімнің бақылау мерзіміне сәйкестігін тексереді.

2.3.4. Құрылымдық бөлімше деңгейіндегі, сондай-ақ нақты қызметкерлерге қатысты сараптама күрделілігі дәрежесі мен оларды орындау мерзімдері туралы мәліметтер жұмыс нәтижесін шығарғанда, қызметкерлерді көтермелеу және лауазымдық ауыстырулар кезінде назарға алынады.

2.3.5. Сараптамалардың нақты түрлерін (түршелерін) жүргізудің орташаландырылған мерзімдері, сондай-ақ сараптамалық жүктеменің айлық нормалары тиісті сараптамалық технологиялардың жетілдірілуіне қарай қайта қарастырылуы мүмкін.

2.3.6. Сараптамалар жүргізген,күрделілік санатының бір түрі бойынша жүктеме нормасынан асатын сараптамалардың белгілі бір санын орындаған сот сарапшылары мен ғылыми қызметкерлерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте қосымша ақы төлеу жүргізіледі.

2.4.Осы жұмысты ұйымдастыру қазіргі заманғы ұйымдастырушылық және есептегіш техниканы қолдануды көздейді.

2.5. Орындаушының жұмыс орны санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес, жарықтандыру, температура, ылғалдылық, ауа ортасының тазалығы мен шу деңгейі бойынша еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалардың талаптары сақтала отырып жабдықталуы тиіс.



2.6. Мамандар белгіленген күн тәртібі мен барлық міндетті жұмыстардың регламенттелуіне сүйене отырып, еңбек пен демалыстың режімін сақтауға тиіс.
3.Нормативтік бөлім


№ р/р

Жұмыстың атауы

Сараптаманың күрделілік дәрежесі кезіндегі уақыт нормасы (сағат)

Жай стандартты

Орташа күрделі

Күрделі

1.

Құжаттарды сот-техни калық зерттеу

10,8

15,7

44,13

2.

Сот портреттік сараптама

-

46,79

72,27

3.

Сот бейнефонографиялық сараптама

-

48,17

75,57

4.

Сот фототехникалық сараптама

-

48,65

71,80

5.

Сот трасологиялық сараптама

8,71

24,97

46,77

6.

Сот баллистикалық сараптама

8,49

23,34

47,91

7.

Заттар мен материалдарды сот сараптамасы

-

49,15

73,38

8.

Жол-көлік оқиғасы жағдайлары мен құралдарының сот сараптамасы

17,07

23,69

35,92

9.

Сот экономикалық сараптамасы

16,9

23,54

35,19

10.

Сот тауартану сараптамасы

17,15

23,84

35,79

11.

Сот тауартану сараптамасы

-

48,14

75,63

12.

Сот технологиялық сараптама

-

47,8

71,20

13.

Сот өрт-техникалық сараптама

21,71

26,88

32,49

14.

Сот жарылыс-техникалық сараптама

25,66

31,79

52,09

15.

Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы

2,94

20,49

39,56

16.

Сот биологиялық сараптама

-

47,66

70,38

17.

Адам психикасы мен психофизиологиялық процестері күйінің сот сараптамасы

-

49,76

71,87


Сот сарапшылардың мен ғылыми қызметкерлердің нормативтік санын анықтауын үлгісі

Сот сарапшылардың және ғылыми қызметкерлердің жүктеме нормалардың жинақтағында әр жұмыстың мен күрделелік санаты бойынша нормативтік сандарының есеп формулалары улгіленген:



  1. Жай, стандартты объектілер бойынша:

Nпр =Kпр*хT/B,олар (1)

Kпр.-әр түрдегі мен жай стандарттағы санатты күрделіктің бойынша қарастырылған және орындалған сот сараптамалардың саны;

tпр- әрбір түрі мен күрделіліктің орташа дәрежесі бойынша бір жыл ішіндегі бірлік өлшемі бойынша жұмысты орындауға жұмсалған уақыт;

В - бір орындаушының бір жылдағы уақытының балансы.

  1. Орташа күрделілік санаттағы бойынша:

Nср =Kпр*хT/B,олар (2)

Kпр.-әр түрдегі мен орташа күрделелік санатты бойынша қарастырылған және орындалған сот сараптамалардың саны;

tпр- әрбір түрі мен күрделіліктің орташа дәрежесі бойынша бір жыл ішіндегі бірлік өлшемі бойынша жұмысты орындауға жұмсалған уақыт;

В - бір орындаушының бір жылдағы уақытының балансы.

  1. Күрделі сарапшы зерттеулері бойынша:

Nсл =Kпр*хT/B,олар (3)

Kпр.-әр түрдегі мен күрделі санатты бойынша қарастырылған және орындалған сот сараптамалардың саны;

tпр- әрбір түрі мен күрделі бойынша бір жыл ішіндегі бірлік өлшемі бойынша жұмысты орындауға жұмсалған уақыт;

В - бір орындаушының бір жылдағы уақытының балансы

  1. Орталық аумақтық бөлімше бойынша сот сарапшылардың мен ғылыми қызметкерлердің нормативтік сандары тұтастығы:

Nч=Nпр. (1)+Nср. (2)+Ncл, (4)

Норматив сандарын анықтау үшін 2011 жылғы бойынша (шартты түрде) факторлардың маңыздары қабылданады:



  1. 2000 сағ- жұмыс уақыт балансы.

  2. Құжаттардың сот техникалық зерттеулердің жүргізуіне уақыттың шығыны:

10,8 сағ -жай бойынша.,15,7 сағ-орташа күрделі бойынша.,44,13 сағ-күрделі бойынша.

Сот трассологиялық сараптаманы жүргізуіне уақыт шығындары:

8,71 сағ -жай бойынша.,24,97 сағ-орташа күрделі бойынша.,46,77 сағ-күрделі бойынша.


  1. 2011 жылы бойынша жүргізілген сараптамалар:

құжаттардың сот техникалық зерттеулері бойынша:

1738-жай бойынша; 8534-орташа күрделі бойынша;2741-күрделі бойынща;

Сот-трассологиялық сараптамалардың жүргізу бойынша:

2974-жай бойынша; 5635-орташа күрделі бойынша; 1078-күрделі бойынша.



  1. Есептің үлгісі:

4.1 құжаттардың сот-техникалық жүргізу бойынша жай, стандарттық объектілеріне жұмысы:

Nпр =1738х10,8/2000=9,39 адам.

сот трасологиялық сараптамасы жүргізу бойынша жұмыстары:

Nпр =2974х8,71/2000=12,95 адам

Nч.пр=22,34 адам.


    1. құжаттардың сот-техникалық жүргізу бойынша орташа күрделі жұмысына:

Nср =8534х15,7/2000=66,99 адам.

сот трасологиялық сараптамасы жүргізу бойынша жұмыстары:

Nср =5635х24,97/2000=70,35 адам

Nч.ср=66,99+70,35=137,34 адам.



    1. құжаттардың сот-техникалық жүргізу бойынша күрделілік жұмысына:

Ncл=2741х44,13/2000=60,48 адам

сот трасологиялық сараптамасы жүргізу бойынша жұмыстары

Ncл=1078х46,77/2000=25,21 адам

Nч.сл=60,48+25,21=85,69 адам



    1. Жай, стандарттық объектілері бойынша нормативтің саңы:

Nч..=22,34+137,34+85,69=245 адам.

Нормативтік саны 245 адам болды.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ

СОТ САРАПТАМАСЫ ОРТАЛЫҒЫНДА САРАПШЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БЕРУДІН МҮМКІН ЕМЕСТІГІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАНЫ АРНАУЛЫ БЛАНКІЛЕРДЕ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН БІРЫҢҒАЙ ТАЛАПТАР, АРНАУЛЫ БЛАНКІЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ, ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ САҚТАУ ТӘРТІБІ

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2013 жылғы 30 қантардағы № 27 бұйрығы


1. Сарапшы қорытындысын және қорытынды берудін мүмкін еместігі туралы хабарламаны арнаулы бланкілерде рәсімдеуге қойылатын талаптар

1.Сарапшы қорытындысы (бұдан әрі – қорытынды) және қорытынды берудін мүмкін еместігі туралы хабарлама (бұдан әрі – ҚБМЕХ) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес арнаулы бланкіде екі данада басылып шығарылады.

Қорытынды мен ҚБМЕХ арнаулы бланкісі титулды парағынан және тұжырымға (-дарға) арналған парақтан тұрады.

Қорытынды мен ҚБМЕХ бірінші парағы арнаулы бланкінің титулды парағында басылып шығарылады.

Тұжырымдар тұжырымдарға арналған бланкте басылып шығарылады (2-қосымша).

2. Қорытынды немесе ҚБМЕХ мәтіні Times New Roman 14 көлемдегі шрифтпен бір жол аралық интервалмен басылады. Жекелеген жағдайларда (кестелерді, қосымшаларды, орындаушы туралы белгіні, ескерту және т.б. рәсімдеу) шрифт көлемі және аралық интервал өзгеше болуы мүмкін.

3. Қорытынды мен ҚБМЕХ екі немесе одан да көп парақта рәсімдеу кезінде екінші және одан кейінгі парақтар нөмірленеді. Нөмір тыныс белгілерінсіз парақтың жоғарғы орта тұсында араб цифрларымен қойылады. Қорытынды мен ҚБМЕХ қосымшалар бөлек нөмірленеді.

Қорытынды мен ҚБМЕХ парақтың кері бетіне басып шығаруға жол беріледі.

4. Қорытынды мен ҚБМЕХ әр тармақшасы, тармағы, тарауы, бөлімшесі, бөлімі және бөлігі араб цифрларымен нөмірленеді.

Тармақтар, тараулар және бөліктер толассыз нөмірленеді.

Тармақшаларды нөмірлеу әрбір тармақ ішін дербес болып табылады.

Тармақшалардың нөмірлері жақшалармен бөлінеді: 1), 2), 3) және т.с.с.

5. Мәтінді басу кезінде тыныс белгілерінен кейін бос орын қалдырылады. Бос орын цифрлық тәсілмен рәсімделген, құжаттың күні элементін айқындайтын нүктелерден кейін қалдырылмайды.

6. Мәтіннің бірінші жолының басы абзацтан басылады. Мәтіннің мағыналын жағынан тұтас, бірінші жолда таза жолдан бөлініп көрсетілетін және кіші әріппен басталатын бөлігі, бөліктің бас әріппен басталатын бірінші абзацын қоспағанда, абзац деп саналады. Абзац мәтіндік аумақтың сол жағынан бес баспа белгісінен кейін басталады.



Абзацтар (бөліктің бірінші және соңғы абзацтарынан бастасы) нүктелі үтірмен аяқталуы мүмкін. құжаттардың мәтiнiнде абзацтарды дефистермен немесе өзге де белгілермен белгiлеуге жол берiлмейдi.

7. Қорытындыларда және ҚБМЕХ күн сәулесіне тізімді сиямен қол қойылады. Мәтінді қол құралдарының сияларымен (қаламсап, гельдік қаламдар және т.с.с) және карындаштармен қосымша жазу, қағазға механикалық әсер ету арқылы және түзету сұйықтығы мен материалдарын қолдану арқылы түзетуге, сондай-ақ факсимиле қою арқылы қол қоюға жол берілмейді.



Қол құралдарын және қарындаштарды қолдануға мәтіннің кейбір элементтерін қарастыру кезінде (егер бөл элементтерді компьютерлік техника құралдарымен жасау қиын болған жағдайда), сондай-ақ қажетті мәтіндік қосымшаны, сызбаларды, фотокестелерді, сызуларды, кестелерді, графиктерді және диаграммаларды рәсімдеу кезінде жол беріледі.

8. Мөр баспа-таңбасы лауазымды тұлғаның қолының растығын куәландырады. Мөрдің баспа-таңбасы лауазым атауының бір бөлігі мен қолтаңбаны қамтитындай етіп қойылуға тиіс.

9. Мәтіннің төменгі жағында сілтеме сипатындағы ақпаратты (мысалы, әдебиетке сілтеме) көрсету үшін колонтитул косуға жол беріледі.

10. Қорытындыны немесе ҚБМЕХ құрастыру тілі шеңберінде сот сараптамасы тағайындалған қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істі жүргізу тілі болып табылады.

11. Қорытындының және ҚБМЕХ тіркеу нөмір істер номенклатурасында көзделген реттік нөмірден тұрады.

12. Қорытындының немесе ҚБМЕХ күні сараптаманың өндірісі аяқталған күні болып табылады. Күн араб цифрларымен келесі тәртіпте рәсімделеді: күні, айы, жылы. Күні мен айы нүктемен бөлінген екі араб цифрымен; жылы төрт араб цифрымен рәсімделеді.

13. Қорытындының немесе ҚБМЕХ парақтарына сарапшы (сарапшылар) алдын ала қол қояды, олар тігіледі және мөрленеді.
2. Қорытындының және ҚБМЕХ мұрағаттық даналарын рәсімдеуге қойылатын талаптар

14. Қорытындының және ҚБМЕХ мұрағаттық данасы Орталықтың аумақтық бөлімшесінің мұрағатында сақталатын бақылау өндірісіне қоса тіркеледі. Бақылау өндірісі:



    1. Орталықтың аумақтық бөлімшесінің атауы; құжат түрінің (Қорытынды және ҚБМЕХ) атауы; Қорытынды немесе ҚБМЕХ тірке нөмірі; сарапшының (сарапшылардың) тегі, аты, әкесінің аты; зерттеу түрі, сараптаманың процессуалды мәртебесі (бастапқы, қосымша, қайталама, комиссиялық, кешенді); сараптаманың тіркелген күні; сараптаманы тағайындаған органның атауы, сараптаманы тағайындаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні; сараптаманың күрделілік дәрежесі (жай, күрделілік дәрежесі орташа, күрделі, аса күрделі); зерттеуге ұсынылған объектілердің сандық және сапалық сипаттамасы; сараптаманы жүргізуді тоқтата тұру күні және сараптаманы қайта бастау күні; сараптаманың өндірісі аяқталған күн; қойылған сұрақтардың және түрлерге бөле отырып тұжырымдардың (үзілді-кесілді оң/теріс, ықтимал, мүмкін емес) саны; Қорытынды және ҚБМЕХ және қосымшалардың парақтары; Қорытынды және ҚБМЕХ басып шығарылған ресми Бланкінің реттік нөмірі (3-қосымша) көрсетілетін рәсімдеу парағынан;

    2. Қорытындының және ҚБМЕХ бақылау өндірісін тізімдеуден (бұдан әрі – Тізімдеу)

Бақылау өндірісінде парақтардың жалпы санын көрсете отырып Тізімдеу (4-қосымша) келесі мәліметтерден:

- рәсімдеу парағынан;

- Орталықтың аумақтық бөлімшесі басшысының (оның орынбасарының) сараптама тағайындаған органға (адамға) жазған ілеспе хатынан;

- сараптама тағайындау туралы қаулыдан немесе ұйғарымнан;

- зерттеуге келіп түскен материалдарды қабылдау туралы актіден;

- Қорытындыдан және ҚБМЕХ;

- қосымшалардан тұрады;

3) Орталықтың аумақтық бөлімшесі басшысының (оның орынбасарының) сараптама тағайындаған органға (адамға) жазған ілеспе хатынан.

Орталықтың аумақтық бөлімшесі басшысының (оның орынбасарының) сараптама тағайындаған органға (адамға) жолдайтын ілеспе хаты мемлекеттік тілде құрастырылады, қазақ тілімен қатар орыс тілі де қолданылады.

Орталықтың аумақтық бөлімшесі басшысының (оның орынбасарының) сараптама тағайындаған органға (адамға) жолдайтын ілеспе хатының орындаушысы туралы белгіде «Орынд.» деген қысқартылған сөзден, орындаушының тегі, аты-жөні, оның телефон нөмірі көрсетіледі.

4) сараптаманы тағайындау туралы қаулы немесе ұйғарымнан;

5) зерттеуге келіп түскен материалдар мен ұсынылған объектілерді қарау актірелерінен (сарапшы өтінішінде сұратылған, зерттеуге келіп түскен материалдар мен ұсынылған объектілерді қарау актісі) (5-қосымша).

Қарау актісінде материалдардың келіп түскен күні мен уақыты, сараптаманы тағайындаған орган (адам), қылмыстық (әкімшілік) істің нөмірі, жалпы буманың және әрбір объектінің жеке жай-күйі, заттай дәлелдемелердің тізбесі, олардың салмағы (брутто және нетто) немесе көлемі көрсетіледі. Қарау актісіне сот сарапшысы, сараптаманы тағайындаған орган (адамы) не қарауға қатысқан оның уәкілетті өкілі қол қояды. Құжат екі данада жасалады: бір данасы сараптама тағайындаған органға (адамға) не оның уәкілетті өкіліне беріледі, екіншісі сот сарапшысының қорытындысының көшірмесіне қоса тіркеледі.

6) сарапшы өтінішінен;

7) Қорытындыдан немесе ҚБМЕХ;

8) қосымшадан (фотокесте, сызбалар, сызулар, графика және диаграмма) тұрады.


3. Қорытындының және ҚБМЕХ мұрағаттық даналарын сақтау

15. Қорытындылардың және ҚБМЕХ мұрағаттық даналарын сақтауды Орталық директорының бұйрығымен жауапкершілік жүктелген адамдар жүзеге асырады.

16. Орталықтың аумақтық бөлімшесінің басшысы Қорытындының немесе ҚБМЕХ сақталуын қамтамасыз етеді.

17. Қорытындыны және ҚБМЕХ беру сарапшының жазбаша өтініші негізінде және тек Орталықтың аумақтық бөлімшесі басшысының келісімімен ғана жүргізіледі, ол туралы мұрағат журналында белгі қойылады.

18. Орталықтың аумақтық бөлімшесінің мұрағатынан Қорытындының және ҚБМЕХ көшірмесін беру сараптама тағайындаған органның келісімі бойынша жүзеге асырылады.

19. Қорытындыны және ҚБМЕХ сақтау мерзімі және жою тәртібі бекітілген істер номенклатурасымен реттеледі.


4. Қорытындының және ҚБМЕХ бланкісін есепке алу және сақтау

20. Қорытындының және ҚБМЕХ бланкісін есепке алуды, сақтауды және жоюды жауапты адамдар жүзеге асырады.

21. Қорытынды және ҚБМЕХ бланкілерін есепке алу және оларды беру 6-қосымшаға сәйкес арнаулы бланкілерді есепке алу журналында жүргізіледі.

Тіркеу журналдарының атауы Орталықтың істер номенклатурасына енгізіледі.

22. Қорытынды және ҚБМЕХ бланкісі мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс және басқа ұйымдар мен өзге адамдарға берілмейді.

23. Қорытындының және ҚБМЕХ толтырылмаған бланкісін жедел полиграфия құралдарымен көбейтуге және көшіруге жол берілмейді.

24. Қорытындының және ҚБМЕХ Бланкісі мөрленетін сейфтерде немесе метал шкафтарда сақталады.

25. Қорытындының және ҚБМЕХ бүлінген Бланкісін жою бүлінген даналарды жоюға қою туралы актіні құрастыру арқылы жүргізіледі.

3 қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ

СОТ САРАПТАМАСЫ ОРТАЛЫҒЫ

СОТ САРАПТАМАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

====================================================================



САРАПШЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ







ОРЫНДАУШЫ












ЗЕРТТЕУ ТҮРІ










ІС ЖҮРГІЗУ МӘРТЕБЕСІ







ТІРКЕУ КҮНІ













ТАҒАЙЫНДАУШЫ ОРГАН






САРАПТАМА ТАҒАЙЫНДАҒАН ТҰЛҒА

ІС ФАБУЛАСЫ









КҮРДЕЛІК ДӘРЕЖЕСІ





жүктеу 7,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау