В рамках обновления содержания образования методические рекомендации



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет12/53
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15647
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53

27 
арқылы мүмкіндік туғанымен кітапхана арқылы әдеби кітаптарды оқи отырып 
алатын  білім  мен  сауаттылықтың  орны  жоғары  екені  даусыз.  Халықаралық 
зерттеу  көрсеткендей  мектеп  кітапханасын  дамыту,  оқу  сауаттылығын 
дамытумен тікелей өзара байланысты болады. Еліміздегі мектеп кітапханалары 
(бастауыш  мектептен  бастап)  әрбір  жеке  тұлғаның  оқу  үлгеріміне  орасан  зор 
әсер  етеді.  Әсіресе,  қоғамдағы  әлеуметтік  жағдайы  төмен  отбасылардың 
балалары  мектеп  кітапханасындағы  өзекті  ақпараттық  ресурстарға  кедергісіз 
қолжеткізеді.  Кітапханашылар  балаларға  кітапхананы  пайдалануға  баулиды. 
Мәселен, Лисаков қаласы мектеп-гимназиясының кітапханасы бұл бағытта көп 
іс  атқаруда.  Мектептің  кітапханашылары  өз  жұмыстарында  жаңа 
технологияларды  қолданады  (компьютерлік  технологиялар  игерілген, 
электрондық  каталогтар  сатып  алынған),  ақпараттық  жұмыстарға  үлкен  көңіл 
бөлінеді,  мектептің  білім  алушыларының  ғылыми  ортасымен,  оқу  және  жазу 
арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламаларын  жүзеге  асыруға  қатысады, 
әртүрлі конкурстар, мониторингтер, түрлі зерттеулер жүргізеді. 
Мектеп  кітапханасында  кітапхана  қызметінің  сапасы  мен  тиімділігіне 
мониторинг  жүргізіліп,  онда  педагогикалық  қызметкерлердің  ақпараттық-
әдістемелік  қызмет  көрсетуін  жетілдеру  жолдары  көрінеді.  Мектептегі 
заманауи  кітапхананың  рөлі  бойынша  жүргізілген  зерттеулерден  келесідей 
міндеттер қарастырылды:  
• 
кітапхана қызметінің сапасы мен тиімділігі; 
• 
мектеп қызметкерлерінің ақпараттық қажеттіліктері; 
• 
заманауи  ақпараттық-әдістемелік  орталық  ретінде  перспективалық 
бағыттары. 
Зерттеуге мектеп-гимназиясының мұғалімдері мен әкімшілік мүшелерінен 
75  қатысушы  қатысты.  Олар  алынған  оқу,  әдістемелік  ақпараттар  деректері 
бойынша келесідей үлгіде орналастырылды (1-сурет). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-
сурет –Алынған ақпарат деректері бойынша орналастырылған 
 
Мониторингтен алынған деректер талдамасы қолданушылардың (50%) көп 
бөлігі дәл осы мектеп кітапханасының ақпараттарына жүгінетінін көрсетеді.  
Қолданушылар  неғұрлым  жиі  ақпараттар  алу  үшін  мектеп  кітапханасына 
барады: 53%  -  аптасына бір рет және жиі,  31%  -  айына бір  рет  және жиі, 4% 
күнде (2-сурет). 
Ақпараттарды алу 
деректері 
Әдіст.кабинет, 
әріптестер  
9% 
Мектеп 
кітапханасы 
50% 
Жеке 
кітапханалар 
30% 
Қалалық 
кітапхана  
11% 


28 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2-
сурет – Мектеп кітапханасынан ақпараттарды алу және бару жиілілігі 
бойынша қатысушыларды орналастыру 
 
Мониторинг  барысында  педагог  қызметкерлерді  ақпараттандырудың 
неғұрлым тиімді формасы көрінеді (3-сурет): 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3-
сурет – Педагогикалық қызметкерлерді ақпараттандырудың неғұрлым тиімді 
формасын орналастыру 
 
Қолайлы  ақпараттық  тізімдер  –  32%,  тақырыптық  кітап  көрмелерін 
таңдаған педагогтер – 23%, библиографиялық шолуға – 16% сауалға қатысушы. 
Педагогтер жеке (45%) және топтық (38%) ақпараттандыруға артықшылық 
бергені байқалды. Мұғалімдер не бары 16% педагогикалық кеңесте, жедел және 
өндірістік  жиналыстарда  т.б.  жаппай  ақпараттандыру  қолайлы  деп  санайды. 
Мектеп  кітапханасында  педагогтердің  неғұрлым  көп  бөлігі  келесідей 
ақпараттар материалдарын пайдаланады:  
• 
оқытудың қазіргі заманғы жаңа технологиялары мен әдістері; 
• 
пәнді оқытудың технологиялары мен әдістері бойынша материалдар; 
• 
білім алушылардың дағдылары мен қабілеттері, білімдерін тексеру үшін 
материалдар; 
• 
Қазақстан  туралы  оқытуда  өлкетану,  өлкетанулық  аспектілер  бойынша 
материалдар [15]. 
Мектеп  кітапханасы  жұмысының  жаңа  тәсілдеріне  қарамастан  мектеп 
кітапханасында  жұмыстың  негізгі  ұйымдастырушылық  түрлері  өз  маңызын 
Ақпараттарды 
алу жүйелілігі 
Күнде  
4% 
53% 
аптасына 
бір рет
 
Түсуіне 
қарай5% 
31%айына 
бір рет 
Әдебиеттердің ақпараттық тізімі 32% 
Тақырыптық кітап көрмелері 23% 
Библиографиялық шолу 16% 
Сұхбат және басқа формалар 11% 
 
 
Ақпарат-
тандыру 
формасы 


29 
жойған жоқ: көрме, тақырыптық сөре, ертеңгілік, ауызша журнал, кездесу кеші, 
оқырмандар конференциясы, дискуссиялар т.б. 
Мектеп  кітапханасындағы оқу  жұмысының  әдістері  мен формалары  жеке 
немесе бұқаралық ретінде мынадай, ұсыныс сұхбаттар, кітап көрмелері, оқыған 
кітаптары  туралы  әңгіме,  оқыған  кітаптары  мен  мақалаларын  талқылау, 
әдебиеттерге шолу, анықтамалықтар, оқырмандар конференциялары, кеңестер, 
ауызша жұрналдар, әдеби ойындар, таныстырулар өз маңызын сақтаған.  
 
 
 


30 
3  Білім  мазмұнын  жаңарту  жағдайындағы  мектеп  кітапханалары 
қызметін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері 
 
Бүгінгі  таңда  қоғамда  болып  жатқан  өзгерістер,  қоғамның  өркениеттік 
деңгейге  жоғарлауы,  ашық  ақпараттық  кеңістікке  өту  кітапханалардың  жаңа 
бағытта жұмыс істеуін талап етеді. Мектеп кітапханашысының басты мақсаты 
заман  ағымына  сай  жаңалықта  болуы.  Ақпараттық  жаңа  технологиялар  мен 
интернет  жүйесі  дамыған  уақытта  оқырмандарға  дәстүрлі  қызмет  көрсетумен 
қатар, ақпараттық телекоммуникациялық қызметтің сан алуан жолдары арқылы 
оқырмандарға  қызмет  көрсету  кітапхана  жұмысының  күнделікті  іс-әрекетіне 
айналуы  тиіс.  Кітапханалық-библиографиялық  жұмысына  электронды 
каталогтарды  ұйымдастыру,  құжаттарды  цифрлық  жүйеге  енгізу,  ақпараттық-
анықтамалық  жұмыстарды  электронды  жүйеге  көшіру  кітапхана  ісін  заман 
талабына  сай  сәйкестендіреді.  Электронды  каталогтарды  ұйымдастыру, 
құжаттарды  цифрлық  жүйеге  енгізу,  ақпараттық-анықтамалық  жұмыстарды 
электронды  жүйеге  көшіру  жұмыстары  жолға  қою.  Кітапханалық-ақпараттық 
қызмет  көрсету  және  кітапхана  қызметтерін  жарнамалауда  Интернет  пен  веб-
сайттарды қолданудың маңызы ерекше болып отыр. 
Қазіргі  таңда  Веб  2.0  технология  үлкен  танымалдылыққа  ие,  осы 
технологиямен  дайындалынған  порталдар  мен  сайттар  білім  беру  үдерісі 
субъектілерінің  өзара  әрекеттестігі  үшін  үлкен  интерактивті  мүмкіндіктерді 
ұсынады. 
Осы 
технологияға 
Moodle (www.moodle.org), Atutor 
(http://www.atutor.ca), Dokeos (http://www.dokeos.com), OpenUSS 
(http://www.openuss.org), Sakai (http://sakaiproject.org), ILIAS 
(http://www.ilias.de/index.html) секілді және т.б. танымал CMS-терді жатқызуға 
болады.  Қазіргі  уақытта  білім  беру  ұйымдары  үшін  сөрелер,  оқырмандарға 
өздік  жұмыс  жасауға  мүмкіндік  беретін  компьютерлік  техникалармен, 
байланыс  құралдары  мен  компьютерлік  техникалармен  жеткіліксіз 
жабдықталған.  Электрондық  және  сандық  білім  беру  ресурстарымен 
жинақталмаған.  Сандық  білім  беру  ресурстары  дегеніміз  пәндер  бойынша 
интерактивтік  нысанда  оқытуды  қамтамасыз  ететінсандық  дидактикалық 
материалдар.  Оларға  фотосуреттер,  бейнефрагменттер,  статистикалық  және 
динамикалық  моделдер,  виртуалдық  нақты  және  интерактивті  моделдеу 
объектілері, дыбыстық жазбалар және басқада оқу материалдары жатады. 
Қазіргі  кітапхананың  басты  міндеті  өз  оқырмандарына  жаңа  электронды 
қызмет  түрлерін  ұсыну.  Сонын  аясында  «Құжаттарды  электронды  түрде 
жеткізу», «Кітап мерзімін онлайн режимінде ұзарту», «Кітапханашыға сұрақ», 
«Виртуалды  анықтама  қызметі»  қашықтықтан  онлайндық  анықтамалық-
библиографиялық қызмет көрсету. 
Заманауи  мектеп  кітапханасы  –  шығармашылық  пен  зияткерліктің  даму 
ортасы.  Сондықтан,  жаңартылған  білім  беру  мазмұны  жағдайында  еліміздің 
санаулы  мектептерінде  инновациялық  тәсілдерді  енгізу  арқылы  кітапхана 
оқырмандарына  қазіргі  заман  талаптарына  сай  қызмет  көрсету  жұмыстарын 
бастады.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау