Утверждено



жүктеу 3,1 Mb.
бет4/14
Дата11.12.2017
өлшемі3,1 Mb.
#3845
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2.7. Жеңіл өнеркәсіп.

Мақсат: Өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі жеңіл өнеркәсіп үлесін арттыру

Атауы

Өлшем

бірлігі

2013 жылдың

жоспары

2013 жылдың нақтысы

Орындалуы туралы ақпарат

Мақсатты индикатор:

Ішкі рыногтың жеңіл өнеркәсіпке деген сұранысын қанағаттандыру (ресурстардың жалпы көлеміндегі отандық өндірістің үлесі)



млн. теңге

820


601,7*


Жеңіл өнеркәсіптегі жалпы қосылған құн 9 айдың қорытындысында 601,7 млн. теңгені құрады (2008 жылы – 654 млн. тенге)

**2013 жылғы 9 айдың қорытындысындағы статистикалық деректер. Жыл қорытындысында көрсеткіштке қол жеткізу күтілуде.





Жеңіл өнеркәсіп өндірісінің НКИ

%

103

104,4


Индикаторға қол жеткізілді. Жеңіл өнеркәсіптегі өнім көлемі 2013 жылы 2222,5 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі өткен жылға қарағанда өсті - 104,4%.

Өңдеу секторы өнімдері өндірісінің жалпы көлеміндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі болмашы ғана – 2,3%.

Облыстың жеңіл өнеркәсібі арнайы қорғау аяқ киімін, күштік құрылымдар, мұнай-газ саласының кәсіпорындары үшін арнайы қорғану киімін шығаратын «Жамал-ай» АҚ және «Жанарыс» ЖШС сияқты орта кәсіпорындардан тұрады.


2008 жылғы деңгейіне қарағанда жеңіл өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін нақты мәнінде арттыру

Мың АҚШ доллары/адам

11,0

17,1

Тікелей нәтиже көрсеткіші орындалды.


2.7.1. міндет. Жеңіл өнеркәсіптегі өнімнің жалпы көлемін арттыру

Жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі

млн. теңге

2000

2222

Тікелей нәтиже көрсеткіші орындалды.



Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушы-лар

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Мұнай-газ секторы кәсіпорындарының мұқтаждықтары үшін жергілікті өндірушілерден жеңіл өнеркәсіп тауарларын сатып алу туралы меморандумдар жасауға қолдау көрсету

меморандумдар

ИИДБ

2011-2015 жылдар

Өндірісті қолдау мақсатында, өңірдің жеңіл өнеркәсібі кәсіпорнының екеуі де өз өнімінің шығарылуын мұнай мен газ секторына қайта бейімдеп, қазіргі кезде Батыс облыстардың мұнай-газ секторының кәсіпорындарының арнайы киімге қажеттілігін қамтамасыз етуде.

Өңірдің мұна-газ саласы кәсіпорындарының қызметкерлерін арнайы аяқ киіммен және арнайы киімміне қамтамасыз теуге «Жанарыс» ЖШС 2013 жылы 2598,6 млн. теңге жалпы сомасына 18 шарт жасасты.



3. Агроөнеркәсіп кешені

Мақсат: Ішкі рынок қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді өндіру негізінде облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Атауы

Өлшем

бірлігі

2013 жылдың

жоспары

2013 жылдың нақтысы

Орындалуы туралы ақпарат

Мақсатты индикатор:

Ауыл шаруашалығы жалпы өнімінің НКИ, өткен жылға %-да



%

100,2

96,6

Индикаторға қол жеткізілмеді.

Ауыл шаруашылығы НКИ-нің заюына өсімдік шаруашылығындағы НКИдің төмендеуі мен мал шаруашылығының төмен НКИ-ы ықпал етті.



4.1. міндет. АӨК өнімдерін өндірудің тұрақты өсуі есебінен облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін (қызметтерін) жалпы шығарудың нақты көлем индексі

%

100,0

77,9

Көрсеткіш орындалмады.

Мал шаруашылығы өнімдерін (қызметтерін) жалпы шығарудың нақты көлем индексі

%

100,0

100,3

Төлдің толық алынбауына, кейбір аудандарда мал басының азаюына және союға өткізілген малдың жағдайына (семіздігі орташа және ортадан төмен) байланысты, мал шаруашылығының НКИ-ы төмен қалыптасты.

Агроөнеркәсіп кешенінің жалпы қосылған құны

млн. теңге

3853

*

Статистикалық деректер жоқ.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігінің өсуі

мың теңге/адам

1100/7,0

1113,5/7,1

Көрсеткіш орындалды.

Ішкі рыногты отандық азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету деңгейі

%

93

93

Көрсеткіш орындалды.

Агроөнеркәсіп кешенінің өнімдерін экспорттаудың өсуі

%

0

0


Мерзімі келіп жеткен жоқ.

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушы-лар

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қаржылық қолдау (субсидиялау)

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар

Шаруашылықтарда мал басы мен құстардың барлық түрін тірі салмақта сою 2013 жылы10655,2 тоннаны құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға артық;

сиыр сүтін өндіру 7,7%-ға төмендеп (2012 жылы 4378,8 тонна), 4039,9 тоннаны құрады; құс басының 29,8%-ға азаюына байланысты, тауық жұмыртқасы 6,1%-ға азайып, 642,4 мың дананы құрады (2012 жылы – 684,0 мың дана);

Қаржы институттары асыл тұқымды мал шаруашылығының дамуына 185365,0 мың теңге сомасына кредит берді


Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдау

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар

Асыл тұқымды мал шаруашылығын қаржылай қолдауға республикалық бюджеттен 2013 жылы:

қойларды селекциялық және тұқымдық іріктеу жұмысын жүргізуге – 21 996,0 мың теңге, асыл тұқымды 100 бас қой төлін, 40 бас жылқы төлін және 2 бас түйе төлін сатып алуға – 2 474,0 мың теңге;

асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға (шығынның 50%-ына дейін жабуға) жергілікті бюджеттен 24 000,0 мың теңге бөлініп, сомалар толықтай игерілді.


Ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті індеттеріне қарсы эпизоотиялық іс-шараларды өткізу

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар

Эпизоотияға қарсы шаралар өткізуге (энзоотиялық аурулардың алдын алу және диагностикалау бойынша ветеринарлық препараттар 1731,12 мың манипулияцсын қолданағу, серологиялық зерттеулер үшін 699,434 қан сынамасын алу мен жеткізуге) республикалық бюджеттен 2013 жылы 152 459,0 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлініп, игерілді.

Эпизоотияға қарсы іс-шаралардың жылдық жоспары 100% орындалып, өңір аумағы эпизоотиялық қолайлы болып табылады.



Қойларды тоғытуға арналған жүзу бассейндерінің және ірі қараны санитарлық өңдеуге арналған жіктеу қоралардың құрылысы

Пайдалануға беру актісі

АШБ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар

Қаражат ашық конкурсты өткізіп, осы объектінің ТЭН-ін әзірлейтін жеңімпазды анықтаған Сәулет және қала құрылысы басқармасына бөлінді.

Сумен жабдықтаудың (ауыз су) аса маңызды топтық жүйелерінен су жеткізу бойынша қызметтің бағасын субсидиялау

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар

«Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.04.2012 жылғы № 489 Қаулысына сәйкес, осы бағдарлама энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына берілді.

Көктемгі егіс және жинау жұмыстарын өткізу үшін қажетті жанар-жағар май және өзге тауарлық-материалдық құндылық бағаларын арзандату

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар

Жанар-жағармай мен тауарлық-материалдық құндылықтар (213 тонна минералды тыңайтқыштар сатып алу үшін) құнын арзандатуды субсидиялауға жергілікті бюджеттен 48 735,0 мың теңге бөлініп, сома ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өтінімі бойынша аударылды.

«Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажетті жанар-жағармай мен тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға жергілікті бюджеттен 28409,0 мың теңге мөлшерінде субсидия бөлініп, сома толықтай игерілді.



Ауылдық тұтыну кооперативтері мен сервистік-дайындау пункттер желілерін одан әрі дамыту

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар, тоқсан сайын

Облыста ет және сүт өнімдерінің АШТӨ қызметтерін көрсететін 3 СДО құрылып, оның ішінде ет, ет өнімдерін және жем-шөп дайындаумен және өткізумен айналысатын «Бейнеу» СДО ғана жұмыс істейді.

*Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды қолдау

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ

2011-2015 жылдар

Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын көтеруге – 27250,0 мың теңге, 25 тонна қой еті мен 450 тонна шұбат өндіруге және өткізуге қаражат бөлініп, сома толықтай игерілді.

Ауыл шаруашылығындағы егін шығымдылығын және өндірілетін өнім сапасын арттыруды қолдау

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің шығымдылығы мен сапасын көтеру үшін, ҚР АШМ АШТӨ-ді субсидиялаудың жаңа қағидаларын қабылдады. Облыс әкімдігінің қаулысымен субсидия төлеу нормативтері ұлғайтылды.

Шаруа қожалықтарына ашық топырақ үшін субсидия төлеу нормативі 1 гектарға 12000 теңгені, ал тамшылатып суаруды енгізген шаруашылықтар үшін 48000 теңгені құрайды;

Өнеркәсіптік үлгідегі жабық топырақ үшін субсидия төлеу нормативі 1 гектарға 1-ші дақыл айналымына 2,0 млн. теңгені, 2-ші дақыл айналымына 2,0 млн. теңгені;

Жеңілдетілген үлгі үшін 1 гектарға – 300,0 мың теңгені: тамшылатып суаруға құрайды.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің шығымдылығы мен сапасын көтеруді субсидиялау үшін, жергілікті бюджеттен 2013 жылы 5813,9 мың теңге бөлінді.


Жеміс-жидек пен жүзімнің көпжылдық ағаштарын отырғызу мен өсіруді қамтамсыз ету

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар

Қарақия аудынының «Жаңбыршы» шаруа қожалығы Нижнегородск өсімдік шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтымен жеміс-жидек ағаштарының 1500 дана көшетін, жүзімнің 3000 дана көшетін жеткізуге және көп жылғы ағаштарды отырғызу мен өсуріду ғылыми сүуемелдеуге арналған шартқа қол қойды. Шаруашылық көшеттерді отырғызу үшін 10 гектар жер дайындап, 10 гектарға арналған тамшылатып суару жабдығын сатып алуға өтінім берді. Сонымен бірге, «Жаңбыршы» ШҚ сатып алған көшеттер сорттары Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiміне енгізілмегендіктен, осы жобаны субсидиялауға мүмкіндік жоқ.

Жылыжай шаруашылығын дамыту және су үнемдейтін технология - тамшылатып суаруды кеңінен енгізу

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар

Өңірде жалпы ауданы 5,4 га 5 жылыжай жұмыс істейді.

Жыл басынан бері жабық топырақта 968,9 тонна көкөніс өнімдері өндіріліп, облыс халқына өткізілді.

Жабық топырақ ауданын 6,4 гектарға дейін арттыру, өндіріс көлемін 1500 тоннаға дейін жеткізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Қазіргі кезде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жаңаөзен қаласында жылыжай кешенін жалға алған және 2014 жылдан бастап өзге лизинг алушымен шарт жасасқан «Өзен-Дархан» ЖШС-мен шартты бұзады. 2014 жылғы қаңтардан бастап, ауданы 1 га жылыжай корпусын қайта қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Түпқараған ауданында ЖК Б. Чалак «Тамшылатып суару жүйесін қолданну арқылы ауданы 1 га жеңіл құралымды жылыжай салу» жобасын іске асыруда. Қазіргі сәтте 1,0 га жылыжай пайдалануға беріліп, 0,2 га жылыжай бойынша құрылыс-жинақтау жұмыстары жүргізілуде.

Маңғыстау ауданында ЖК Сарина менщікті қаражаты есебінен Жыңғылды ауылында жалпы ауданы 1 га жылыжайдың құрылысын бастады.

Ылғал үнемдеу технологиясы – тамшылатып суаруды қолдану арқылы 2013 жылы 483 га қамтылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 194,6 гектарға немесе 67,1%-ға жоғары.


Теңіз балығын аулауды және тауарлық балық өсіруді дамыту

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ

2011-2015 жылдар

Каспий теңізі жағалауындағы облыс аумағы 6 балық шаруашылығы ауданы мен 30 балық шаруашылығы учаскесіне бөлінген және олар 20 табиғат пайдаланушыға 10 жыл мерзімге бекітіліп берілген. Маусымында балық кәсіпшілігіне 97 балық аулау браидасы құрамында шамамен 300 балықшы шығады.

2013 жылы 540 тонна балық ауланды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 162 тоннаға аз. Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі, азық базасының және жағалау учаскелерінде өмір сүретін балықтар санының азаюына алып келді.



АӨК-де кәсіби кадрларды даярлау мен қайта даярлауды қолдау,АӨК-ын ғылыми және ақпараттық-маркетингілік қамтамасыз ету

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ

2011-2015 жылдар

2013 жылдың қорытындысы бойынша 13 студент, оның ішінде 8 ветеринар Маңғыстау облысы әкімі грантының есебінен оқуда.

Облыстың 2 қаласы мен 44 ауылының әкімдіктерінде 25 ветеринар маман жұмыс істейді, білікті кадрлардың болмауына байланысты аудандар мен қалалардың 66 бос орын бар.



Мал басын өсіру және мақсатты селекциялық-тұқымдық жұмыс жүргізу есебінен өндіріс көлемін және және мал шаруашылығының өндірілетін өнім сапасын арттыру

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар, тоқсан сайын

Жануарлардың тұқымдық және өнімділік сапасын жетілдіру мақсатында, селекциялық-тұқымдық жұмыс мақсатты түрде жүргізілуде. Облыста асыл тұқымды мал басын өсіретін 27 субъект, оның ішінде қой өсіретін 4 субъект, адай жылқсыны өсіретін 15 субъект, түйе өсіретін 7 субъект және ірі қара мал өсіретін 1 субъект жұмыс істейді, оларда 19782 қой басы, 3530 жылқы басы, 1595 түйе басы мен 36 бас ірі қара мал бар. Асыл тұқымды мал басының үлес салмағы қой шаруашылығында - 4,2%, жылқы шаруашылығында – 5,6%, түйе шаруашылығында – 2,2% құрайды.

Жылқылардың 3 зауыттық желісі мен 1 зауыттық үлгісі Мемлекеттік ведомствоаралық комиссияның мемлекеттік сараптамасынан өтіп, «қазақтың адай тұқымдас жылқыларының мемлекеттік асыл тұқымды каталогы» шығаруға дайындалды.



АӨК өңдеу кәсіпорындарының желісін дамытуды қолдау

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ

2011-2015 жылдар, тоқсан сайын

Бейнеу астық терминалы 2013 жылы килограмына 15 теңге бағамен 5,9 мың тонна жем жармасы сатылды. Қарақия ауданының Құрық ауылында консервіленген көкіөністер шығаратын цех жұмыс істеп бастады. ЖК Г. Бекбауованың инновациялық жобасын жабдықты сатып алуды қаржыландырған «Ауыл шаруашылығын қаржылайц қолдау қоры» АҚ-ның Маңғыстау филиалы қолдады. Қарыздың 8 000 000 теңге жалпы сомасы 5 жылға есептелген. Бүгінгі күнге цехта алғашқы өнім шығыралып басталды, тәулігіне 200 құтыға дейін көкөніс консервілері дайындалуда.

Өңірде «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС-нде түйе сүтін өңдейтін цех жұмыс істейді. Кәсіпорын шұбат шығарғаннан басқа, сүттен жасалатын ұлттық өнімдер - құрт, балқаймақ, ірімшік дайындаумен де айналысады.

2013 жылы 513 тонна шұбат өндірілді, бұл 2012 жылға қарағанда 115 тоннаға (немесе 22,4%-ға) көп (398 тонна). 450 тонна шұбат өндіруге арналған шығындар республикалық бюджеттен субсидияланды.

«Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС-нде халық тұтынатын тауарлар шығарумен бірге жүн өңдеу фабрикасының жобасы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына енгізіліп, ғимараты салынды. жобаны «ТемірБанк» АҚ-ның Маңғыстау филиалы қолдап, түйе жүнін жуу эәне өңдеу жабдығын сатып алуды 22500,0 мың теңш\ге сомасына қаржыландырды.

«Сенек» ЖШС-нде қой жүні мен қаракөлді өңдеу цехы жұсы істейді, тері бұйымдары мен киіз тігіледі, қой терісі өңделеді. 2013 жылы 48,5 тонна қой жүні өңделді.


4. Шағын және орта бизнес, сауда

Мақсат: Шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін рыногтық инфрақұрылымды дамыту, жалпы өңірлік өнім құрылымындағы сауда саласының үлесін арттыру


жүктеу 3,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау