Утверждено


жылы «Тілім менің – тірлігімнің тірегі»



жүктеу 3,1 Mb.
бет10/14
Дата11.12.2017
өлшемі3,1 Mb.
#3845
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

21.02.2013 жылы «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» атты облыстық конкурс өткізілді.

14.03.2013 жылы «Батаменен ел көгерер» атты облыстық конкурс өткізілді. (Б. Сүйеуов – Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы)

12.04.2013 жылы М. Мақатев поэзиясының оқырмандары үшін «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты облыстық конкурс өткізілді. (Ж. Мұрсалова – Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы)

16.05.2013 жылы «Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы XV республикалық байқауы» атты облыстық конкурс өткізілді.

03.07.2013 жылы ақындардың «Жырлаймын сені, Астана!» атты облыстық конкурсы өткізілді. (Ж. Мұрсалова – Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы).

15.08.2013 жылы жастар арасында тіл білуге арналған «Тіл шебері – 2013» атты облыстық конкурс өткізілді (А. Юнусов –«Caspian Enginiring & Research» ЖШС).

20.09.2013 жылы «Беу, менің киелім, мен сені сүйемін – Маңғыстау» атты ақындардың облыстық конкурсы өткізілді (Ж. Мұрсалова – Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы).

03.09.2013 жылы қазақ жастары арасында орыс тілін білуге арналған «Тіл – барлық білімнің кілті» атты облыстық конкурс өткізілді (гранпри – С. Әдемі Ақтау қаласы №11 орта мектебінің оқушысы).

26.09.2013 жылы Абай шығармашылығын мемлекеттік тілде білуге арналған «Мақсұтым тіл ұстартып өнер шашпақ» атты облыстық конкурс өткізілді (Гранпри – Х. Шүкірова, Мұнайлы ауданы №7 орта мектебінің оқушысы).

4.10.2013 жыл «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» атты облыстық конкурсы өткізілді. (Қарлыға Алдабергенова)

19.10.2013 жылы«Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты облыстық конкурс өткізілді.

30.10.2013 жылы қазақ емес ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді білуге арналған «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты облыстық конкурс өткізілді (гранпри – А. Метель– Ақтау қаласы №7 орта мектебінің оқушысы).

31.10.-01.11.2013 жылы «Тілдарын – 2013» атты облыстық конкурс өткізілді (Б.И. Бошманова – «New west Group» ЖШС-нің бас менеджері).

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын қадағалауды жүзеге асыру

Облыс әкіміне ақпарат

ТДБ, қалалар мен аудандардың әкімдері

2011-2015 жылдар

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы заңы нормаларының және тілдер туралы өзге нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын бақылау мақсатында, облыстың 10 мемлекеттік мекемесінде тексеру жүргізілді.

Облыстың ересек халқына тіл үйретуші мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу, лингвистикалық орындармен өзара іс-қимыл

Облыс әкіміне ақпарат

ТДБ, қалалар мен аудандардың әкімдері, Маңғыстау облысы ассамблеясының секретериаты

2011-2015 жылдар

Ересек тұрғындарға тіл үйрететін мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу, лингвистикалақы орталықтармен өзара іс-қимыд жүргізілуде. Сонымен бірге, облыстың мекемелері мен ұйымдарына меншік нысанына қарамастан қызметтік пайдалану үшінсөздіктер мен әдістемелік әдебиет таратылды.

5. Дене шынықтыру және мәдениет, туризм

Мақсат: Бұқаралық спортты және дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамыту

Мақсатты индикаторлар:

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамтуды арттыру



%

19,5

19,7

Индикаторқол жеткізілді. Қазіргі кезде дене шынықтырумен және спортпен айналысатындар саны облыстың 114725 тұрғынын құрайды, (бұл облыс халқының санын құрайтын 585500 адамның 19%-ын құрайды), бұл өткен жылға қарағанда 21132 адамға көп.


Туристік қызмет саласы қызметтер ұсынатын ұйымдардың жиынтық кірісін ұлғайту

%


57

46,2*

* 2013 жылдың статистикалық деректері жоқ. 2013 жылдың 9 айындағы статистикалық деректер. Жылдық деректер кейіннен берілетін болады, көрсеткіш жақсаруы мүмкін.

5.1 міндет. Облыс азаматтарын дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту

Спорт мектептерінде айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту

%

11

11

Облыста 10 024 бала мен оқушы айналысатын 15 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері бар. Оларда оқыту тегін негізде жүргізіледі.

2013 жылы Маңғыстау облыстық ат спорты түрлерінің клубы ашылды, онда бүгінге 192 спортшы ұлттық ат спортының түрлерімен айналысады.



Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушы-лар

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу:

 

 

 

 

Ақтау қаласында теннис орталығын салу


Пайдалануға беру актісі

ДШжСБ

2011-2015 жылдар

Теннис орталығының құрылысы 2011 жылы басталды. 2013 жылы Теннис орталығының жобасына халықаралық талаптарға сәйкессіздіктер анықталды, ЖСҚ-ға түзетулер енгізіліп жатқандықтан, құрылыс тоқтап тұр.

Қазіргі кезде жобаға түзетулер енгізіліп, мемлекеттік сараптамадан өтуде, содан соң құрылыс қайтадан жалғасатын болады. Құрылыс 2014 жылы аяқталады деп күтілуде. Орталықтың құрамында 2 жабық корт, 3 ашық корт ашу жоспарлануда. Спорттық ойын түрлері бойынша бірқатар спорт алаңдарын ашу жоспарлануда.



Спорт ұйымдарын жергілікті деңгейде материалдық-техникалық жарақтандыру

Облыс әкіміне ақпарат

ДШжСБ

2011-2015 жылдар

Спорт ұйымдары материалдық-техникалық базаны нығайту үшін бірқатар негізгі құралдарды сатып алды.

Спортшылар дайындығының сапасын көтеру үшін оқу-жаттығу жиындарына қатысу

Облыс әкіміне ақпарат

ДШжСБ

2011-2015 жылдар

Облыс спортшылары оқу-жаттығу жиындарына қатысу арқылы дайындықтан өтуде. Мәселен, 2013 жылы облыстық деңгейде 57 ОЖЖ, республикалық деңгейде 30-дан астам ОЖЖ өткізілді.

Облыстың құрама командаларының спортшыларын диспансерлік бақылау

Орындалған жұмыстар актісі

ДШжСБ

2011-2015 жылдар

2500-ден астам спортшы дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінен жыл сайынғы медициналық тексеруден өтті. Жарыстарға шығатын медициналық куәландырудан өту арқылы диспансерлерден рұқсат алады.

Спорт объектілерін жөндеу

Облыс әкіміне ақпарат

ДШжСБ

2011-2015 жылдар

Спорт объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуге 86 423,0 мың теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бөлінді.

Маңғыстау ауданының БЖСМ-ның 2 ғимаратын 16 799,0 мың теңге сомасына, Жаңаөзен қаласының БЖСМ-нің «Коммунальник» спорттық күрес залына 13054,0 мың теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізілді.

«Жол картасы» бойынша Қызылсай ауылындағы спорттық кешенге 27 512,0 мың теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізілді.

Ақтау қаласындағы бірқатар спорт мектептеріне:

- каратэ-до бойынша МБЖСМ МКҚК-ның ғимаратына 21 786,0 мың теңге сомасына;

- бокс бойынша ОРМБЖМ МКҚК-ның спорт залына 2 500,0 мың теңге сомасына;

- бокс бойынша ОРМБЖМ МКҚК-ның жекелеген орынжайларына 440,0 мың теңге сомасына;

- «Каспий» волейбол клубы МКҚК-ның ғимаратына 4331,0 мың теңге сомасына ағымдағы жөндеу жүргізілді.



Спорт түрлері бойынша кешенді спорттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу

Орындалған жұмыстар актісі

ДШжСБ

2011-2015 жылдар

Спорт түрлері бойынша кешенді спорттық-ісшаралар жыл сайын өткізілуде. Мәселен, 2013 жылы 10 спорт түрі бойынша Ауылдық спорт ойындары, 12 спорт түрі бойынша Жастар ойындары болып өтті.

Салалық спартакадиалар жыл сайын өткізілуде. Мәселен, 2013 жылы 10 спорт түрі бойынша Мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада, 5 спорт түрі бойынша Медициналық қызметкерлер арасындағы спартакиада, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның спартакадиасы, «Қазатомөнеркәсіп-МАЭК» ЖШС-нің спартакиадасы өткізілді.



Бұқаралық спорт түрлері бойынша салалық спартакиадалар ұйымдастыру және өткізу

Облыс әкіміне ақпарат

ДШжСБ

2011-2015 жылдар

Спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстарға (оның ішінде, спорт түрлері бойынша Әлем, Азия чемпионаттарына) дайындалу және қатысу

Облыс әкіміне ақпарат

ДШжСБ

2011-2015 жылдар

Облыстың 855 спортшысы спорт түрлері бойынша 113 халықаралық жарастарға қатысты (оның ішінде, спорт түрлері бойынша Әлем, Азия чемпионаттары). Қазақстанның ұлттық құрама командаларының құрамында халықаралық жарыстарға қатыса жүріп, облыс спортшылары жоғары спорт дәрежелеріне қол жеткізуде. Мәселен, бокс бойынша Әлем чемпионатында Әділбек Ниязымбетов 2 орын, Берік Әбдірахманов 3 орын алды. Польшада өткен дзю-до бойынша Еуропа Кубогында Имашев Айбек 2 орын алып, сонымен бірге Алматыда өткен Әлем Кубогында күміс жүлдені иеленді. Жағажайдағы күрес бойынша Әлем чемпионатында Ольга Калинина мен Меруерт Дымбаева чемпион атанды. Әскери қызметшілер арасындағы дзю-до бойынша Әлем чемпионатында Олеся Куценко әйелдер арасында чемпион атанды.

Спорт түрлері бойынша республикалық жарыстарға дайындалу және қатысу

Облыс әкіміне ақпарат

ДШжСБ

2011-2015 жылдар

Облыстың 1690 спортшысы спорт түрлері бойынша 159 республикалық жарысқа қатысты. Облыстың құрама командаларының құрамында өнер көрсете жүріп, облыс спортшылары жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуде. Мәселен, Олеся Куценко дзю-до бойынша Ел чемионы, 1998 жылы туған қыздардың баскетбол командасы Қазақстан Чемпионы атанды.

2012 жылғы Лондон қаласындағы ХХХ Олимпиадалық ойындарында
Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия), 2014 жылғы Нанкин қаласындағы 2 жылдық Жастық Олимпиадалық ойындарда (ҚХР) қатысу және оларға дайындық

Облыс әкіміне ақпарат

ДШжСБ

2011-2015 жылдар

Қазақстанның ұлттық құрама командаларының құрамында халықаралық жарыстарға қатыса жүріп, облыс спортшылары жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізді. Басты жеңістердің бірі Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында Әділбек Ниязымбетов пен оның жаттықтырушысы Марат Жакиевтің бокс бойынша күміс жүлде алуы болып табылады.

5.2.міндет. Туристік қызметтің дамуын қамтамасыз ету

Көшпелі туризм келіп-кетушілерінің санын көбейту

Қаулылар саны

50301

13509*

* 2013 жылдың статистикалық деректері жоқ. 2013 жылдың 9 айындағы статистикалық деректер. Жыл қорытындысында қол жеткізу күтілуде.

Ішкі туризм келіп-кетушілерінің санын көбейту

Қаулылар саны

113953

78561*

* 2013 жылдың статистикалық деректері жоқ. 2013 жылдың 9 айындағы статистикалық деректер. Жыл қорытындысында қол жеткізу күтілуде.

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушы-лар

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

«Кендірлі» халықаралық курортының сыртқы инженерлік инфрақұрылымының ЖСҚ-ын әзірлеп, салу

Облыс әкіміне ақпарат

ҚБ

2011-2015 жылдар

5 объект бойынша мемлекеттік сараптамының оң қорытындысы бар, 3 объект бойынша ТЭН түзету қажет етіледі, 1 ТЭН мемлекеттік сараптамадан өтуде. «Окарем-Бейнеу» АГБС-ның шықпа газ құбырының құрылысы жүргізілуде.

Экологиялық туризмді дамыту үшін табиғи қорықтарда жағдайлар құру

Облыс әкіміне ақпарат

ТБ

2011-2015 жылдар

Үстірт қорығына баруға 1-2 күндік туристік маршруттар жасақталды. Бүгінге қорыққа баратын әлеуетті барушылар балалар, мектеп оқушылары және студенттер болып табылады.

Оқушылар үшін облыстың туристік объектілері бойынша автобуспен және жаяу тақырыптық экскурсиялар ұйымдастыру және «Менің Отаным – Қазақстан» республикалық туристік экспедициясына қатысу

Облыс әкіміне ақпарат

ТБ

2011-2015 жылдар

Бұл жұмысты «Турист» ЖШС-гі жұргізіп келеді, олар экотуризмді облысымызда кеніне тарату мақсатында бағдарлама жасақтады. Үстірт мемлекеттік табиғат қорығына экологиялық маршрут құрастырылды, ол әлем нарығына бірегей туристік тауар ретінде ұсынылады. Туристік фирма «Природа, как она есть», «Летят перелетные птицы», «Впадина Карагие», «В каньон Тамшалы» және т.б. экомаршруттар жасақтады. Сонымен қатар, экотуризмді кеніне тарату жұмысына үкіметтік емес ұйымдар тартылуда.

Мастер-класстар, семинарлар өткізу


Облыс әкіміне ақпарат

ТБ

2011-2015 жылдар

Басқарма «Турист» ЖШС-мен бірлесіп мектеп және колледж директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары үшін «Оқушылармен студенттерді тәрбиелеу процессіндегі туристік-экскурсиялық жұмыстың мүмкіндігі мен келешегі» атты 2 семинар өткізді.

Халықаралық және республикалық көрмелерге жыл сайын қатысу


Облыс әкіміне ақпарат

ТБ

2011-2015 жылдар

Туризм басқармасы 2013 жылдан бастап Мәскеу, Берлин, Гонконг қалаларындағы халықаралық туристік көрмелерге, Алматы қаласында өткен «Туризм. Саяхат» атты 13-ші Халықаралық туристік көрмеге, Астана қаласындағы 10-шы халықаралық көрмеге, Павлодар қаласындағы жыл сайынғы «Сарқылмас Саяхат» жылжымалы көрме-жәрменкесіне қатысты.

Жарнамалық-ақпараттық өнімдер дайындау

Облыс әкіміне ақпарат

ТБ

2011-2015 жылдар

3500 бірлік жарнамалық өнімдер жасақталды. Облыстың туристік картасы жасақталып шығарылды.

«Қазақтелеком» АҚ-мен «Hot Lien» режимінде ақпараттық қызмет құру мәселесін пысықтау

Облыс әкіміне ақпарат

ТБ

2011-2012 жылдар

«Қазақтелеком» АҚ басшылығына хат жолданды.

6. Ішкі саясат

Мақсаты: Мемлекеттік жастар саясатын тиімділігін арттыру

Мақсатты көрсеткіштер:

Азаматтық қоғам институттары мен мемлекет арасында қарым-қатынасты оң бағалайтын тұрғындар үлесін ұлғайту



%

55

62

Индикаторға қол жеткізілді. «Тенгри» жастар қоғамдық қорының зерттеу қорытындысы.

6.1. міндет. Өңірдегі жастарды мемлекеттік қолдауды, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту

Жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа 14-тен 29 жасқа дейінгі тұрғындардың қанағаттану деңгейі

%

7,1

7,1

«POSITIV-AKTAU” жастар қоғамдық қоры 2013 жылғы желтоқсанда облыс жастарының бойында мәдениет, ұлттық дәстүр және рухани ұстаным негізінде отбасылық құндылықтарды құрметтеу сезімін тәрбиелеуге бағытталған әлеуметтік жобаларды кеңейту бойынша социологиялық зерттеу жүргізді.

Зерттеу қорытындысында жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа 14-тен 29 жасқа дейінгі тұрғындардың қанағаттану деңгейі 7,1 баллды құрады.



Конфессияаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындар үлесі

%

82

91

Көрсеткіш орындалды. «Тенгри» жастар қоғамдық қорының зерттеу қорытындысы.

Этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындар үлесі

%

83

83

Көрсеткіш орындалды. «Тенгри» жастар қоғамдық қорының зерттеу қорытындысы.

Жастар ұйымдары қызметіне қатысатын жастардың үлесі

%

23

24

Маңғыстау облысы бойынша 7 «ЖСО» МКҚК жұмыс істейді, қызметкерлер саны – 101 адам. Орталық жанында 5000 адамнан асатын тұрақты мүшелері бар жастар ұйымдары мен қозғалыстары жұмыс істейді. Орталықтар мен жастар ұйымдары ұйымдастырған іс-шараларға 2013 жылдың 12 айында 45000-нан астам адам қатысты.

Қаңтар мен сәуір аралығында қала мен өңір орта мектептерінің оқушыларымен, студенттермен және жұмыс жасайтын жастармен «Жастар біздің болашағымыз» ұранымен кездесулер өткізілді.

«Кендірлі» демалыс аймағында 29 маусымда жастардың және жастар ұйымдары мүшелерінің қатысуымен «Каспий – достық теңізі» атты саяси жазғы лагерь өткізілді.

Тамыз-қыркүйек айларында жастар ұйымдарының және облыс жастарының қатысуымен «Ауылым – алтын бесігім» атты жастар керуені ұйымастырылып, оның қатысушылары 25 шалғай орналасқан елді мекенге барды және ауыл жастарымен кездесті.

Талантты жастарды қолдау мақсатында, жастардың облыстың Дельфийлік ойындары, «Маңғыстау жұлдыздары» фестивалі, «Жайдарман» КВН ойындары, республикалық патриоттық әндер конкурсы және т.б. өткізілді.

Сондай-ақ, «Қазақстан студеттерінің альянсы» копоративтік қоры, «Жас Отан» жастар қанаты, «Қайсар» қоғамдық бірлестігі, «Жастар жетістіктері» жастар қоғамдық қоры жыл ішінде өңір жастарын қолдау бойынша әртүрлі іс-шаралар өткізді.



Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушы-лар

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Маңғыстау облысы бойынша жастар саясатын іске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету

Облыс әкіміне ақпарат

ІСБ, ЖСМБ

2011-2015 жылдар

Ішкі саясат басқармасы осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 3,5 млн. теңге бөлді. Жастар саясатының іске асырылып жатқанын жергілікті БАҚ арқылы тарату үшін.

«Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» акциясының аясында АЕМ-ді дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізу

БҒМ-не ақпарат

ЖСМБ

2011-2015 жылдар

Осы мақсаттағы іс-шараларға жергілікті бюджеттен 12,0 млн. теңге бөлінді.

Жоспарланған іс-шаралар өткізілді.

Әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік жобаларға көмектер көрсетілді.


Маңғыстау облысының жастар ұйымдарының жобаларды әлеуметтік тапсырыс негізінде әлеуметтік жобаларды іске асыруы

Облыс әкіміне ақпарат

ІСБ, ЖСМБ

2011-2015 жылдар

Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 20,0 млн. теңге бөлінді.

8-ден астам әлеуметтік маңызды жоба іске асырылды.




Жастардың мемлекеттік жастар саясатына қанағаттанатынын зерделеу бойынша социологиялық зерттеу жүргізу

БҒМ-не, МАМ-не ақпарат

ЖСМБ

2011-2015 жылдар

Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 3,125 млн. теңге бөлінді. «POSITIV-AKTAU» жастар қоғамдық қоры 2013 жылғы желтоқсанда облыс жастарының бойында мәдениет, ұлттық дәстүр және рухани ұстаным негізінде отбасылық құндылықтарды құрметтеу сезімін тәрбиелеуге бағытталған әлеуметтік жобаларды кеңейту бойынша социологиялық зерттеу жүргізді.

«Жас Тұлпар» атты жыл сайынғы жастар сыйлықақысын ұйымдастыру

БҒМ-не, МАМ-не ақпарат

ІСБ, ЖСМБ

2011-2015 жылдар

Ағымдағы жылғы желтоқсанда 10 басты номинация берілетін «Жас Тұлпар» жыл сайынғы сыйлықақысы өткізілді. Жеңiмпаздар облыс көлемінде өз ісінің маманы болып айқындалған жастар немесе қоғамдық жұмысқа белсене араласып көптеген жетістіктерге жетіп нәтиже көрсеткен жастар марапатталды.

Маңғыстау жастарының Халықаралық форумдарға қатысуын қамтамасыз ету

БҒМ-не, МАМ-не ақпарат

ЖСМБ

2011-2015 жылдар

Осы мақсаттағы іс-шараларға жергілікті бюджеттен 1,8 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Жоспарланған іс-шаралар өткізілді.

Халықаралық дәрежеде КВН сайыстарын ұйымдастырылып, өткізілді.

7 команда қатысты, оның 4-еуі шетелден, А. Маслияковтың қатысуымен өтті.



Халықаралық «Брейк Данс» сайысын өткізілді.

Тоқсан сайынғы Бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу

Облыс әкімінің аппаратына ақпарат

ІСБ, ЖСМБ

2011-2015 жылдар

Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 1,6 млн. теңге бөлінді.


Қалалалар мен аудандарда/ауылдарда ҮЕҰ өкілдері мен жетекшілерінің қатысуымен семинарлар өткізу


МАМ-не ақпарат

ІСБ

2011-2015 жылдар

Маңғыстау облысында 300-ден аса үкіметтік емес ұйымдар тіркелген, оның ішінде 70 ұйым белсенді жұмыс жүргізуде. Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия және Мұнайлы аудандарында үкіметтік емес ұйымдардың Ресурс орталықтары жұмыс атқарады, соның арқасында белсенді азаматтық ұстанымдағы тұрғындар қатарынан ауылдық ҮЕҰ ашылуда. Негізгі басымдықтарды анықтау және кепілдемелер тағайындау үшін облыс әкімдігі жанында консультативтік-кеңесші орган ҮЕҰ мен Өзара іс-қимыл және серіктестік кеңесі жұмыс жасайды. Кеңестің отырыстарында ҮЕҰ-дың жергілікті органдармен өзара іс-қимылы жасауының, олардың тиімділігін арттырудың әртүрлі мәселелері қаралды. Оппозициялық ҮЕҰ облыста байқалмайды.

Өңірдің қоғамдық-саяси өмірінің өзекті мәселелерін талқылау арқылы саяси париялар кеңестерінің ай сайынғы отырыстарын өткізу

ҚР ПӘ-не ақпарат

ІСБ

2011-2015 жылдар

Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасымен өңірдегі ішкі саяси тұрақтылықпен қоғамдық келісімді сақтау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Облыста 9 саяси партияның филиалдары тіркелген. Облыс әкімдігі мен саяси партиялардың облыстық филиалдары арасындағы, облыстың әлеуметтік-саяси тұрақтылығын қамтамасыз етудегі өзара іс-қимыл Меморандумы аясында, Қоғамдық Кеңестің қызметі саяси саладағы маңызды жұмыстардың бірі және тиімді сұхбат алаңы болып табылады. Осы Кеңестің өткізілу пішімі бір жағынан тікелей керекті ақпараттың жетіспеушілігін толықтырады, сонымен қатар мемлекеттік органдар мен саяси партиялардың арасындағы сенімсіздік деңгейін азайтады.

Мемлекеттің әлеуметтік тапсырыс аясында ҮЕҰ арасында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін конкурстар өткізу

ҚР ПӘ-не ақпарат, МАМ-не ақпарат

ІСБ

2011-2015 жылдар

Әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыратын үкіметтік емес секторды қаржыландырудың оң динамикасы байқалады, егер де 2012 жылы 53,6 млн.теңге бөлініп, игерілген болса, 2013 жылға 150,0 млн. теңге бөлініп, игерілді. 2013 жылы облыстың қалалары мен аудандарында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 41 әлеуметтік маңызды жоба іске асырылды. Олардың қатарында өңірлік ресурстық орталық және үкіметтік емес ұйымдар желісін құру және қолдау, облыстың кәсіпорындарында әлеуметтік және еңбек дауларынан сақтандыру және жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, медицация институтын түсіндіру жобаларын іске асыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөніндегі жобаны іске асыру, отбасылық-некелік институттарды нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, ұлттық тарихты, Маңғыстау тарихын зерттеу және насихаттау, халықты зияткерлік дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, негізгі әлеуметтік-экономикалық параметрлер жөнінде зерттеу жүргізу және өңірдің қоғамдық-саяси ахуалын зерттеу, қазақстандық патриотизмді насихаттау, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, халықтың азаматтық белсенділігін және құқықтық сауаттылығын көтеру, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл, гендерлік теңдікті дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі жобалар бар.

Саяси партиялардың, кәсіподақ қозғалысының және ҮЕҰ-дың лидерлерінің қатысуымен сұхбат өткізу алаңы қызметін қолдау

ҚР ПӘ-не ақпарат, МАМ-не ақпарат

ІСБ

2011-2015 жылдар

Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы өңірдегі ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау мақсатында жұмыстар жүргізуде. Облыста 9 саяси партияның филиалдары тіркелген. Негізгі басымдықтарды анықтау және кепілдемелер тағайындау үшін облыс әкімдігі жанында консультативтік-кеңесші орган ҮЕҰ мен өзара іс-қимыл және серіктестік Кеңесі жұмыс жасайды.

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысы орынбасарының тапсырмасына сәйкес, облыста азаматтық қоғам институттарын жүйелі қолдау мақсатымен «Облыстық жастар саясаты орталығы» МКҚК базасында, барлық үкіметтік емес секторды біріктіретін, әлеуметтік бастамаларды қолдайтын әмбебап орталық ретінде «Достық үйі» құрылуда.



Өңірдің қоғамдық-саяси жағдайын зерделеу үшін социологиялық зерттеулер жүргізу

ҚР ПӘ-не ақпарат, МАМ-не ақпарат

ІСБ

2011-2015 жылдар

«Тенгри» жастар қоғамдық қоры 2013 жылы 8,0 млн. теңге сомасына өңірдегі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайға социологиялық зерттеу жүргізді.

Облыс әкімінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырыстарын өткізу

МАМ-не ақпарат

ДІБ (келісім бойынша)

2011-2015 жылдар

2013 жылы Облыс әкімі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің 2 отырысы өткізілді. Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды: облыстағы мешіттердің тіркелу және діни бірлестіктердің қайта тіркелу қорытындылары, сондай басқа да мәселелер қамтылды.

Құқы қорғау органдары, дін бірлестіктер және ҮЕҰ өкілдерін қатыстырумен діни сенім бостандығын қамтамасыз ету, мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру және діни экстремизмның алдын алу мәселелері жөнінде конференциялар, семинарлар және дөңгелек үстелдер өткізу

МАМ-не ақпарат

ДІБ

2011-2015 жылдар

2013 жылы 1 конференция, АНТ мүшелерінің халықтың әр түрлі жігімен 13 кездесуі өткізілді.

Жиналыстарға құқық қорғау органдары, ҚМДБ, РПЦ, ҮЕҰ, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма өкілдері, облыстың дін істері жөніндегі басқармасының басшысы облыстағы діни ахуал жөнінде сөз сөйледі.



Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты ұйымдастыру

МАМ-не ақпарат

ІСБ

2011-2015 жылдар

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге облыстық бюджеттен 2013 жылы 316 909 998, 68 теңге, оның ішінде облыстық БАҚ-на – 281 704 889, 68 теңге, республикалық БАҚ-на – 35 205 109 теңге бөлінді.

Жылдық, тақырыптық медиа-жоспарларын, ақпараттық жұмыс жоспарларын дайындау және іске асыру

МАМ-не ақпарат

ІСБ

2011-2015 жылдар

2013 жылы маңызды қоғамдық-саяси шараларды ақпараттық сүйемелдеуге және жариялау мақсатында 23 тақырыптық медиа-жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды.

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен ҚР заңнамасының нормалары бойынша қоғамдық-саяси БАҚ-на мониторинг жүргізу және үйымдастыру

МАМ-не ақпарат

ІСБ

2011-2015 жылдар

Басқарма Заң талаптарының сақталуы бойынша облыстағы БАҚ-на мониторинг жүргізеді.

Заң талаптарының сақталуына жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша заң бұзушылық анықталған жоқ.

Қазақстан Республикасы «БАҚ туралы» заңының 10-бабы 5-тармағына сәйкес 12 басылым есептен шығарылды.


Журналистер арасында облыстық конкурс өткізу

МАМ-не ақпарат

ІСБ

2011-2015 жылдар

2013 жылы журналистер арасындағы облыстық конкурс «Жыл адамы» жыл сайынғы конкурсының аясында өткізілді.

Конкурстың ережесі бойынша «Жылдың үздік журналисті дипломмен, естелік сыйлықпен және 100 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақымен марапатталды.



7. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Мақсат: Көшелер мен өзге де қоғамдық орындарда құқықтық тәртіп орнату және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту.

Мақсатты индикатор:

Облыс халқының полицияға сенімінің болжамды деңгейі



%

53

53

Индикаторға қол жеткізілді.

Төтенше жағдайлардан болған адами және материалдық шығындарды төмендету

%

5

5

Индикаторға қол жеткізілді.

6.1. міндет. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қылмысқа қарсы іс-қимылдың алдын алу құрамын арттыру. Қылмыспен күрестің және қылмыскерлерді іздестірудің тиімділігін арттыру, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес

Жол-көлік оқиғаларының санын (деңгейін) азайту (10 бірлік автокөлікке шаққанда)

10 мың бірлік көлікке шаққандағы жағдайлар

26

25

Тікелей нәтиже көрсеткіші орындалды.

Қылмыстық іс қозғалып жатқан санаттағы қылмыс санындағы ашылған ауыр және өте ауыр қылмыстар үлесінің артуы

%

58,6

59

Тікелей нәтиже көрсеткіші орындалды. Тіркелген қылмыстардың өсіп кету себебеі – азаматтардан келіп түскен барлық арызардың тіркелуі.

Айналымнан алынған есірткінің, оның ішінде героиннің мөлшері

кг

34/0,7

150/0,7

Тікелей нәтиже көрсеткіші орындалды.

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Жол полициясының бөлімшелерін көлік құралдарының жылдамдығын бақылауға және ЖҚҚ-ын бұзуды бейне жазбаға түсіруге арналған қазіргі замандағы бейне жазбаға түсіретін қолға ұсталатын жылдамдық өлшегіштермен қамтамасыз ету

Облыс әкіміне ақпарат

ІІД (келісім бойынша)

2011-2015 жылдар

Көшелер мен қоғамдық орындарда бейнебақылау жүйесін одан әрі енгізу және жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда. 2013 жылғы желтоқсанда Ақтау қаласында 15 бейнебақылау камерасы, оның ішінде қала жағалауының бойында 12 және Облыстық балалар үйінің жанында (Ақтау қаласындағы 14 шағын аудан) 3 камера орнатылып, қазір жұмыс жасап тұр.

Көлік ағынын бақылау үшін қажетті құрал-жабдықты сатып алу және жинақтау («Автоураган» жүйесі, «Red speed» түрі бойынша)

Облыс әкіміне ақпарат

ІІД (келісім бойынша)

2011-2015 жылдар

Жаңаөзен қаласында 2013 жылы Жаңаөзен қаласы ІІД ЖБО-на шығару арқылы 20 бейнебақылау камерасы орнатылды. Бейнебақылау камераларының көмегімен 12676 құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді (2012 жылы – 8043), 77 қылмыс ашылды (2012 жылы – 7).

«Іздеу», «Пәтер», «Стоп-Трафик», «Контрафакт» жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу

Облыс әкіміне ақпарат

ІІД (келісім бойынша)

Жеке Іс-шаралар жоспары бойынша

Облыс ІІД-нің бөлімшелері 2013 жылы «Құқықтық тәртіп», «Қару», «Мигрант», «Жасырын адам», «Қаңғыбас», «Тұрмыс», «Қадағалау», «Жасөспірім», «Назар аударыңыздар, балалар», «Қауіпсіз жол», «Такси», «Контрафакт», «Іздеу», «Пәтер», «»Айдап әкету», «Арна», «Мак» сияқты 60-тан астам жедел-алдын алу іс-шараларын өткізіп, бұл тұтастай алғанда өңірдегі криминогенді жағдайды оң әсер етті.

Жоғары технологиялар саласындағы қылмыстардан және зияткерлік меншіктегі объектлерді заңсыз пайдаланудан сақтандыру, анықтау, алдын алу және ашу жөніндегі жедел-алдын алу іс-шараларын және арнайы операциялар өткізу


Облыс әкіміне ақпарат

ІІД (келісім бойынша)

Жеке Іс-шаралар жоспары бойынша

Жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша шараларды күшейту мақсатында, Маңғыстау облысының аумағында «Контрафакт» және «Қиберқылмыстылық» жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді. Облыс ІІД-нің КҚБ, ЖПБ, ЖДП, Ақтау қалалық ІІБ КСБ және Маңғыстау облысы бойынша әділет департаментінің қызметкерлері қатарынан 7 жедел-іздестіру тобы құрылды. Жел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында компьютерлік клубтарды, Интернет кафелерді, дүкендер мен базарларды тексеру жүзеге асрылды. Жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 58 факт анықталып, 4325 дана DVD диск алынды.

Еңбекке және басқаға пайдалану мақсатымен адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандар мен әйелдерді шетелге шығарумен айналысатын адамдар мен ұйымдарды анықтау, сақтандарыр және алдын алу жөнінде іс-шаралар өткізу

Облыс әкіміне ақпарат

ІІД (келісім бойынша)

Жеке Іс-шаралар жоспары бойынша

Бөлімше қызметкерлері жарнамалық хабарландыруларда жарияланған қыздар мен әйелдерді шетелде жұмысқа орналастыру бойынша қызметтер көрсету туралы заңсыз ұсыныстарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізуді жүзеге асыруда. Жұмысқа орналастыру жөніндегі ұйымдар мен азаматтарды заңсыз шетелге шығарумен айналысатын туристік фирмаларды анықтау, лицензиялық емес қызмет фактілері мен шетелге шығу кезінде алаяқтық іс-әрекеттердің жолын кесу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Жоғарыда аталған ұйымдардың қызметінің заңдылығын тексеру прокуратура, әділет органдарымен және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменттерімен бірге жүзеге асырылуда.



Бөлімше қызметкерлері жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысатын адамдар тұрақты негізде анықталып, мамандандырылған есепке тұрғызылуда.

«Допинг», «Канал», «Мак» арнайы жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу


Облыс әкіміне ақпарат

ІІД (келісім бойынша)

Жеке Іс-шаралар жоспары бойынша

«Допинг» жедел-алдын лау операциясының 4 кезеңі өткізілді. Тексерулер барысында «Каспий» су тұщыту зауыты» ЖШС, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің Мұнай және газ институты, Түпқараған ауданының «Каспий ТКШ» МКК, Түпқараған ауданының дәріханалары, аудандық ауруханасы, Маңғыстау аудандық орталық ауруханасы, Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы, «Ойл Сервис Компани» ЖШС және Жаңаөзен қалалық ауруханасы сияқты ұйымдарда есірткі құралдарымен, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін немесе улы заттармен айналым қағидаларының бұзылған 10 фактісі анықталды. Операция қорытындысында есірткілік заттарды өткізген 11 факт мен 10 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, бұл ретте 120 тонна 14 килограмм тұзы қышқылы мен 7 кг күкірт қышқылы алынды. Бұдан басқа, 10,9501 грамм «марихуана» есірткі құралы алынды. Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 324-2 бабымен айыпты адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа жолданды.

Өңірде бейне бақылау жүйесін дамыту (Ақтау қаласы, Жаңаөзен қаласы):
2011 жылы – 5 бірлік
2012 жылы – 5 бірлік
2013 жылы – 5 бірлік
2014 жылы – 5 бірлік
2015 жылы – 5 бірлік

Облыс әкімдігінің қаулысы

ІІД (келісім бойынша)

2011-2015 жылдар

2012 жылғы 6 желтоқсандағы №349 шартқа сәйкес, Жаңаөзен қаласы үшін құны 31,9 млн. теңге тұратын 12 бұрылыста тұратын және 6 стационарлық видеобақылау камерасы сатып алынды. 2013 жылы видеокамераларды орнату жоспарлануда.

Жаңаөзен қаласы ІІБ-нің ЖБО-на жабдық сатып алу және жинақтау


Облыс әкімдігінің қаулысы

ІІД (келісім бойынша)

2012 жыл

Жаңаөзен қаласы «Шаңырақ» шағын ауданында ЖБО салу аяқталды, республикалық бюджет қаражаты есебінен қажетті бұйымдарды сатып алу үшін 570 млн. теңге бөлінді. Аталған ғимарат барлық жабдықтарымен қамтамасыз етілгеннен кейін іске қосылатын болады.

Облыстың Ішкі істер бөлімінің материаалдық-техникалық базасын жақсарту (компьютерлік, кеңселік техника, жабдықтар, байланыс құралдарын сатып алу)

Орындалған жұмыстар актісі

ІІД (келісім бойынша)

2011-2015 жылдар

Осы мақсатқа 2013 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 432,9 млн.теңге бөлініп, игерілді. Облыстың Ішкі істер бөлімінің материалдық-техникалық негізін жақсарту және компьютерлік, кеңселік техника, жабдықтар, байланыс құралдары сатып алынды.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың қызметін көтермелеу

ІІД бастығының бұйрығы

ІІД (келісім бойынша)

2011-2015 жылдар

Құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі 2011-2013 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаға сәйкес, облыстық бюджеттен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың қызметін көтермелеу үшін 5 млн. 487 мың теңге қаржы бөлінді. (Әр жылға 1 млн. 829 мың теңгеден). Аталған мерзімде облыс ІІБ бұйрығымен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге атсалысқан 46 азаматқа 740,860 теңге бөлінді. Учаскелік полиция инспекторлары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуға белсенді өмірлік ұстанымы бар азаматтарды тарту бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізуде.

6.2. міндет. Дағдарыс жағдайларындағы басқарудың дайындық, шапшаңдық және тұрақтылық деңгейін арттыру

Су тасқынына, нөсерге, селге, көшкінге, жер сілкінуге, өртке қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз ету деңгейі

%

100

100

Көрсеткішке қол жеткізілді.

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушы-лар

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Маңғыстау облысының аумақтық қорғаныс бөлімшелерін жұмылдыру арқылы арнайы-тактикалық білім беру

Құқықтық акт

ЖДАҚжТЖБ

2011-2015 жылдар

Облыс әкімі бекіткен 2013 жылға арналған командалық-штабтық және тактикалық-арнайы оқу жаттығулар өткізу жоспарына сәйкес, облыстың объектілері мен ұйымдарында 26 командалық-штабтық және тактикалық-арнайы оқу жаттығу өткізілді. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 7,6 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Маңғыстау облысы аумағында апаттар мен табиғи апаттар бойынша мониторинг өткізу


Облыс әкіміне ақпарат

ЖДАҚжТЖБ

2011-2015 жылдар

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларға ұшырауға бейiм аумақтардың картасы әзірленді. Маңғыстау аудандық ТЖ жөніндегі комиссиясымен бірге сел қаупі бар аудандарды бақылаудың 6 қосымша посты ұйымдастырылды. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халық пен ауыл шаруашылығы жануарларын эвакуациялаудың маршруттары айқындалды. «Спецавтоматика Сервис» ЖШС-мен ынтымақтастық арқылы өртке қарсы мониторинг бойынша мәселе пысықталды. Басқармада өрт мониторингінің бағдарламалық жабдықтамасы орнатылды (ЭГИД жүйесі), бүгінгі күнге осы жүйенің тәулік бойы бақылауымен облыс пен қала умағында орналасқан 52 объектінің өрт қауіпсіздігі жүзеге (адамдар көп жүретін объектілер, әлеуметтік инфрақұрылым объектілері). Облыстың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларға ұшырауға бейiм аумақтары, автожолдардың негізгі бағыттары мен мейлінше қауіпті учаскелері көрсетілген қабырғада ілініп тұратын және электронды карталары әзірленді.

АҚ мен ТЖ жөніндегі облыстық комиссияның жұмыспен қамтамасыз ету


Облыс әкіміне ақпарат

ЖДАҚжТЖБ

2011-2015 жылдар

ТЖ жөніндегі облыстық комиссияның 2012 жылға жұмыс жоспары бекітіліп, қалалар мен аудандарда да өз Жоспарларын жасақтау үшін қалалар мен аудандарға жолданды. ТЖ бойынша комиссия отырысында (областың, ауданның, қаланың) табиғи және техногендік сипаттағы апаттардың алдын алу үшін мәселелер қаралды. Отырыс хаттамасының шешіміне сәйкес жауапты орындаушыларға тиісті тапсырмалар берілді.

Апаттар мен табиғи апаттарды жою және ескерту мәселелерімен айналысатын мамандардың біліктілігін арттыру және дайындау


Облыс әкіміне ақпарат

ЖДАҚжТЖБ

2011-2015 жылдар

АҚжТЖ басқару органдарын, қызметтер мен құрамалардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларын, халықты Департамент жанындағы АҚ оқытудың облыстың курстарында 2013 жылы оқыту жоспары бекітілді. 856 тыңдарманға тыңдалым өткізілді. Жоспардың орындалысы 100 пайыз құрады. Маңғыстау облысына Алматы қаласына 96 маман курстарға қатысып біліктілігн арттырды, жоспардың орындалысы 100 пайызды құрады.

Көктемгі және күзгі әскери шақыру іс-шараларын өткізу

Облыс әкіміне ақпарат

ЖДАҚжТЖБ

2011-2015 жылдар

Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 8,3 млн.теңге бөлініп, игерілді. Барлық іс-шаралар бекітілген мерзімде жүргізілді.

жүктеу 3,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау