Утверждены



жүктеу 77,47 Kb.
Дата14.12.2017
өлшемі77,47 Kb.
#4433



Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң
2013 жылғы « »
№ қаулысымен   
бекiтiлген

«Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге

асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


  1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметтің атауы – «Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру» (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе немесе www.e.gov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы немесе Портал арқылы электрондық құжат нысанында «жеке кабинетте» жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
5. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлікті алуға осы стандартқа 10-тармақта көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 күн;

2) көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алуға қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 10 күн;

3) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік (телнұсқа) беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру;

2) порталда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілеттік берілген адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында шетелдiк тасымалдаушыны тіркеу туралы куәлік (телнұсқа) беру немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында дәлелді бас тарту болып табылады.

8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.

9. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттар қоса берілген өтінішті ұсынады:

1) заңды тұлға жарғысының (шетелдік тасымалдаушының), өкілдікті, филиалды есептік тіркеу туралы куәліктің немесе бас агентті мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері;

2) Қазақстан Республикасындағы шетелдік тасымалдаушының өкілдігі, филиалы туралы ереженің немесе бас агент жарғысының көшірмелері;

3) Қазақстан Республикасында шетелдiк тасымалдаушының тиiстi қаржылық жылға жасалған әуежайлық қызмет көрсету шартының, агенттiк шарттардың көшiрмелерi;

4) шетелдік тасымалдаушы өкілдігінің, филиалының басшысына немесе бас агентке сенімхаттың көшірмелері.

Көрсетілетін қызметті алушы шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге еркін нысандағы өтінішті ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы:

Көрсетілетін қызметті алушы осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес осы тармақта көрсетілген құжаттардың электрондық түрі қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған нысан бойынша өтінішті ұсынады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.

11. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы талон береді.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні және уақыты көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

12. Шетелдiк тасымалдаушыны тіркеу туралы куәлік (телнұсқа) беру тіркеу және есепке алу журналында көрсетілетін қызметті алушының өзі қол қойғанда береді.

Порталда көрсетілетін қызметті алушы шетелдiк тасымалдаушыны тіркеу туралы куәлікті (телнұсқа) электрондық құжат нысанында «жеке кабинетте» алады.

13. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін:

1) осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттамаларда анық емес мәліметтердің анықталуы;

2) шетелдік тасымалдаушы құрылтай құжаттарға сәйкес қызметті жүзеге асырмайды.




3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

көрсетілетін қызметті алушылардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдерін, әрекетін (әрекетсіздігін)

шағымдану тәртібі
14. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін мына мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почтаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

15. Шағым дұрыс қызмет көрсетілмеген немесе көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мыналарға жүгіну арқылы жолданады:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кеңсесіне: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжай бойынша, электрондық почтаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, телефон: 8 (7172) 24-14-19;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогына (www.mtc.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогы» беті);

3) (8-7172) 24-29-09 телефоны бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «сенім телефонына».

Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымды қабылдаған лауазымды адамның жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-дан 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

16. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 12.30-дан 14.30-ға дейінгі түскі үзілістен жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, № 33 «А» үй мекенжайы және 8 (7172) 75-35-96 телефоны бойынша жүгінуге құқылы.

17. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

18. Шағым еркін нысанда жасалады.

19. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат, осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шағымды қабылдаған адамның тегі және аты, әкесінің аты, күні мен уақыты және жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес жазбаша түрде почта немесе электрондық почта арқылы хабарланады.




4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген

өзге де талаптар
20. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыда ЭЦҚ болуы шартымен портал арқылы көрсетіледі.

21. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат, соның ішінде мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша www.mtс.gov.kz орналастырылған («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде).

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат сондай-ақ Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны ұсынылады.

22. Көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілген мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қысқа ақпарат осы стандарттың 5-қосымшасында, сондай-ақ 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу схемасы келтірілген.



23. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған ғимаратта көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы ғимаратында анықтама бюросы, күтуге арналған орындықтар және өтініш бланктерін толтыру үлгілері көрсетілген ақпараттық стендтер орналасқан.
_____________________
жүктеу 77,47 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау