5. ТАУАРДЫ БУЫП ТҮЮ ЖӘНЕ ТАҢБАЛАУ
Таңбалау жасаушы зауытпен қабылданған МЕМСТ пен ТЖ-ға сай жүргізіледі.
Жеткізуші Тауардың лайықсыз әрі ұқыпсыз орамынан немесе қорғанышынан туындаған барлық шығындар мен зияндар үшін жауапкершілік арқалайды.
Шарттың талаптары бойынша Тауар талапқа сай оралған жағдайда, орама Тауарды тасымалдау уақытындағы ықтимал артық тиеуін, температуралық тәртібі мен уақытын, басқа жүктермен үйлесімділігін есепке алумен әр түрлі зақымданулардан толығымен сақтауы тиіс, оған қоса орама қолмен немесе кранның көмегімен тасуға жарамды болуы тиіс. Су сіңбейтін конверттегі орама қағаздың бір данасы әрбір орамаға салынуы тиіс. Орама Тапсырыс берушіге қайтаруға жатпайды.
|
5.УПАКОВКА И МАРКИРОВКА ТОВАРА
Маркировка производится в соответствии с ГОСТ и ТУ, принятыми заводом-изготовителем Товара.
Поставщик несет ответственность за все потери и убытки, возникшие из-за ненадлежащей и небрежной упаковки или защиты Товара.
В случае, если по условиям Договора и/или согласно требованиям ГОСТов Товар должен быть упакован требуемым образом, упаковка должна полностью предохранять Товар от всяческого рода повреждений во время транспортировки с учетом возможных перегрузок, температурного режима и влажности, совместимости с другими грузами, причем упаковка должна быть приемлема для переноски вручную или с помощью крана. Одна копия упаковочного листа в водонепроницаемом конверте должна быть вложена в каждую упаковку. При этом упаковка не подлежит возврату Заказчиком.
|
6. ШАРТТЫҢ БАҒАСЫ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕСУ ТӘРТІБІ
Ережеде көзделген төмендегі жағдайлардан басқа кезде, Шарттың бағасы түпкілікті болып саналады да ұлғайту жағына қарай өзгертуге жатпайды, атап айтқанда Тауардың, оның орамасының, таңбасының бағасы, тасымалдаудың, тиеу-түсіру және жинастыру жұмыстарының шығындары, сапасыз немесе ақаулығы бар тауарды ауыстыру және жөндеу шығындары, Қосымша қызмет бағалары, барлық салық және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бюджетке міндетті басқа да төлемдер, сондай-ақ Жеткізушінің шеккен немесе келешекте шегетін барлық шығындарын жабатын, Жеткізушінің Шарт бойынша Тауар жеткізуге байланысты басқа да шығындары, сондай-ақ Жеткізушінің өзіне қабылдаған барлық міндеттемелері және одан туындайтын кез келген міндеттері, оның ішінде Тапсырыс берушіге табысталған петент және авторлық құқықтары, Тапсырыс беруші сатып алған Тауарға және/немесе бағдарламалық қамтамасыз ету құрамына енген және тіркелген конструкциялары немесе басқа ұқсас құқықтар.
Төлем түрлері және тәртібі:
1) Шарттың сомасын төлеу Тауарды жеткізу фактісі бойынша жеткізілген Тауар бағасының 100% көлемінде, Тапсырыс берушіге керекті түрде ресімделген (Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойып, мөрлерімен бекіткен) төмендегі құжаттарды тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады:
а) Жеткізушінің жауапты бухгалтерінің қолымен дұрыс ресімделгені расталған шот-фактурасының түпнұсқасы. ҚР заңнамаларында көзделген жағдайларда, шот-фактураларды жауапты бұхгалтердің қолтаңбасысыз тапсыруға болады;
б) екі Тараптың қолы қойылған Тауардың қабылдау-өткізу актісінің түпнұсқасы. Жеткізуші болмаған жағдайда, Тапсырыс беруші біржақты қол қойған құжат;
Жоғарыда көрсетілген әрбір құжаттарда Шарттың нөмірі болуы тиіс;
в) СТ-KZ үлгісі бойынша Тауардың шығуын растайтын сертификаттың түпнұсқасы немесе сертификаттың нотариат кеңсесі куәландырған көшірмесі (Тауар Жеткізуші отандық тауар өндіруші болған жағдайда);
г) Шарттың №3 Қосымшасында көрсетілген құжаттар.
2) Шартта Жеткізушінің Ілеспе қызмет көрсету жөніндегі міндеттемесі көзделген жағдайда, Тауардың төлемі төмендегі ретте жүзеге асырылады:
а) жеткізілген Тауардың құнының 50 пайызы жеткізу фактісі бойынша Шарттың 6.2 бабының 1) тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
б) қалған 50 пайызы Тараптар қол қойған Ілеспе қызмет көрсетуді растайтын актілер негізінде Ілеспе қызмет көрсетілгеннен кейін 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірілмей төленеді.
3)Шартта аванс (алдын ала төлем) төлеу көзделген жағдайда, Тауардың ақысын төлеу төмендегі ретте жүзеге асырылады:
а) Шарттың 6.2 бабының 4 тармағында көзделген жағдайдан басқа кезде, Тапсырыс беруші авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді және есепшотты ұсынған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Жеткізушіге аударып береді.
Егер шарт Холдингтің мүгедектер ұйымдарының Тізілімінде тұратын (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, мүгедек - жеке тұлға) мүгедектер ұйымымен (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек - жеке тұлға) жасалынса, отандық тауар өндірушілер арасынан сатып алынатын тауарға, шарттың талаптары бойынша шарт сомасынан 30% кем емес мөлшерде алдын-ала төлем қарастырылуы тиіс, Жеткізуші ұсынған төлем шоттары негізінде 10 күнтізбелік күн ішінде Шарттың күшіне енген Күнінен кешіктірмей, Шарт күшіне енген Күннен бастап кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде төленуі тиіс.;
б) Тауардың қалған ақысын төлеу Тауарды жеткізу фактісі бойынша ұстауларды/аванс төлемінің барабар ұстау сомаларын ескере отырып, Тапсырыс берушіге Шарттың 6.2 бабының 1) тармағында көрсетілген тиісті деңгейде ресімделген құжаттарды (Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойып, мөрлерімен растаған) ұсынған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей, жеткізілген Тауардың құнын 100 пайыз мөлшерінде өтеу арқылы жүзеге асырылады.
4) Шарттың 6.2 бабының 3) тармағының а) тармақшасында көрсетілген Тапсырыс берушіге авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз ету талабының төменде атап көрсетілген мекемелерге қатысы жоқ:
- Холдигке кіретін мекемелер;
- сатып алу нысаны (Тапсырс берушінің шешімі бойынша) электр энергиясы немесе жанар-жағар май материалдары болған жағдайда;
- сатып алынатын тауарды шығарушы отандық тауар өндірушілері болса;
- Холдингтің (кәсіпкерлік қызмет атқаратын жеке тұлға - мүгедектер) мүгедектер ұйымының Тізілімінде тұратын мүгедектер мекемесі (кәсіпкерлік қызмет атқаратын жеке тұлға - мүгедектер).
6.3. Тауарды темір жол көлігі арқылы жеткізген жағдайда, Жеткізуші Маңғыстау стансасының бастығымен келісе отырып, «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамымен (материалдық-техникалық қамту базасы) келісімге отыруға міндетті. Осы келісімге сәйкес вагондарды қою және жинау шығындарын, сондай-ақ вагондарды қою және жинауға байланысты барлық қосымша шығындарды Жеткізуші төлейді.
6.4. Егерде Тапсырыс беруші шоттардың біреуімен толық немесе ішінара келіспеген жағдайда, Тапсырыс беруші бұл туралы дереу Жеткізушіні хабардар етуге тиіс, ал Жеткізуші келісілген сомаға қайтадан жаңа шот және даулы сомаға жеке жаңа шот ұсынуға тиіс. Тапсрыс беруші мен Жеткізуші келісілмеген сомаға және оны түзетуге қатысты барлық даулы мәселелерді дереу шешуге бар күштерін салуға міндетті.
6.5. Жеткізушінің тиісті деңгейде төлемге ресімделген құжаттарды дер кезінде тапсырмауы және/немесе тиісті деңгейде ресімделмеген құжаттарды тапсыруы, Тапсырыс берішіні Шарт бойынша төлемді дер кезінде төлемеу жауапкершілігінен босатады.
6.6. Тауардың ақысын төлеудің нақты талаптары Шарттың №2 Қосымшасында берілген.
|
6.ЦЕНА ДОГОВОРА И ПОРЯДОК РАСЧЕТОВ
Цена Договора является окончательной и изменению в сторону увеличения не подлежит, за исключением случаев предусмотренных Правилами, и включает в себя стоимость Товара, его упаковки, маркировки, расходы на транспортировку, погрузочно-разгрузочные работы и сборку, расходы по замене и ремонту товара несоответствующего качества или с недостатками, стоимость Сопутствующих услуг, все налоги и иные обязательные платежи в бюджет, предусмотренные законодательством Республики Казахстан, а также другие расходы Поставщика, связанные с поставкой Товара по Договору, покрывающие все расходы и затраты, которые понес либо в будущем понесет Поставщик, а также все обязательства, принятые на себя Поставщиком и любые возникающие из них последствия, в том числе, все суммы, подлежащие оплате за переданные Заказчику патентные, авторские права, зарегистрированные конструкции или подобные права в отношении приобретенного Заказчиком Товара и/или входящего в его состав программного обеспечения.
Формы и порядок оплаты:
В случае когда Договором предусмотрена оплата Товара по факту его поставки, оплата Товара, за исключением случая, предусмотренного п.2) ст.6.2. Договора, производится в размере 100% от стоимости поставленного Товара, не позднее 30 (тридцати) рабочих дней с момента предоставления Заказчику следующих надлежащим образом оформленных (подписанных уполномоченными представителями Сторон и скрепленных печатями) документов:
а) оригинал счета-фактура Поставщика с подписью ответственного бухгалтера, подтверждающей правильность оформления документа. В случаях, предусмотренных законодательством РК допускается предоставление счета-фактуры без подписи ответственного бухгалтера;
б) оригинал акта приема–передачи Товара, подписанного обеими Сторонами, а в случае отсутствия представителя Поставщика, подписанного Заказчиком в одностороннем порядке.
На каждом из вышеперечисленных документов должен быть указан номер Договора.
в) оригинал либо нотариально засвидетельствованная копия сертификата происхождения Товара по форме СТ-KZ (в случае когда Поставщиком является отечественный товаропроизводитель поставляемого Товара);
г) документы, указанные в Приложении №2 к Договору.
В случае, если Договором предусмотрены обязательства Поставщика по оказанию Сопутствующих услуг, оплата Товара производится в следующем порядке:
а) 95% от стоимости поставленного Товара оплачиваются по факту поставки, в течение 30 (тридцати) рабочих дней с момента предоставления документов, указанных в п.1) ст.6.2 Договора
б) оставшиеся 5% - не позднее 30 (тридцати) рабочих дней после оказания Сопутствующих услуг, на основании подписанных Сторонами актов, подтверждающих оказание таких Сопутствующих услуг.
В случае когда Договором предусмотрена выплата аванса (предварительной оплаты), оплата Товара производится в следующем порядке
а) Заказчик перечисляет Поставщику авансовый платеж в течение 20 (двадцати) рабочих дней со дня предоставления обеспечения возврата аванса (предоплаты) и счета на сумму аванса (предоплаты), за исключением случаев, предусмотренных п.4. ст.6.2 Договора.
Если договор заключается с организацией инвалидов (физическим лицом - инвалидом, осуществляющим предпринимательскую деятельность), состоящей в Реестре организаций инвалидов (физических лиц - инвалидов, осуществляющих предпринимательскую деятельность) Холдинга, отечественным товаропроизводителем закупаемого товара, условиями договора должна предусматриваться предоплата в размере не менее 30% от суммы договора, которая должна выплачиваться не позднее 30 (тридцати) календарных дней с Даты вступления в силу Договора, на основании счета на оплату, предоставляемого Поставщиком не позднее 10 календарных дней с Даты вступления в силу Договора;
б) Оплата оставшейся стоимости Товара производится по факту поставки Товара в размере 100% от стоимости поставленного Товара, с учетом удержания/ пропорционального удержания суммы авансового платежа, не позднее 30 (тридцати) рабочих дней с момента предоставления Заказчику надлежащим образом оформленных (подписанных уполномоченными представителями Сторон и скрепленных печатями) документов, указанных в п.1) ст.6.2 Договора
Указанное в пп. а) п.3) ст.6.2. Договора требование о представлении Заказчику обеспечения возврата аванса (предоплаты), не распространяется на:
- организации, входящие в Холдинг;
- случаи, когда предметом закупок являются электрическая энергия или горюче-смазочные материалы (по решению Заказчика);
- отечественных товаропроизводителей закупаемого товара;
- организации инвалидов (физические лица - инвалиды, осуществляющие предпринимательскую деятельность), производящие закупаемый товар, состоящие в Реестре организаций инвалидов (физических лиц - инвалидов, осуществляющих предпринимательскую деятельность) Холдинга.
В случае поставки Товара железнодорожным транспортом, Поставщик обязан заключить соглашение с АО «Мангистаумунайгаз» (БМТС), подлежащее согласованию с начальником станции Мангышлак (далее - Станция), согласно которому расходы по подаче и уборке вагонов, а также все дополнительные расходы, связанные с подачей и уборкой вагонов, оплачиваются Поставщиком.
В случае если Заказчик оспаривает какой-либо счет полностью или частично, Заказчик должен немедленно уведомить Поставщика об этом, а Поставщик должен выставить заново счет на неоспариваемую часть суммы и новый счет на оспариваемую часть суммы. Заказчик и Поставщик должны приложить все усилия для немедленного разрешения всех спорных вопросов касательно оспариваемых сумм и для корректирования таковых.
Несвоевременное предоставление Поставщиком и/или предоставление ненадлежащим образом оформленных документов на оплату, освобождает Заказчика от ответственности за несвоевременную оплату по Договору.
Конкретные условия оплаты Товара определяются в Приложении №2 к Договору.
|
7. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ КЕЗДЕЙСОҚ ЖОЙЫЛУ ҚАТЕРІ
Тараптардың уәкілетті өкілдерімен Тауарды қабылдау-табыстау актісіне қол қойған сәттен бастап Тауардың меншік құқығы мен кездейсоқ құрып кету қатері Жеткізушіден Тапсырыс берушіге ауысады.
|
7.ПРАВО СОБСТВЕННОСТИ
И РИСК СЛУЧАЙНОЙ ГИБЕЛИ
Право собственности и риск случайной гибели на Товар переходят от Поставщика к Заказчику с момента подписания уполномоченными представителями Сторон акта приема-передачи Товара.
|
8. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Тараптар Шартқа сәйкес өздеріне алған міндеттемелерін тиісті деңгейде орындауға міндеттенеді. Шартта реттелмеген бөлігінде Тараптардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тауар белгіленген мерзімде жеткізілмеген (толық жеткізілмеген) жағдайда,Тапсырыс беруші Тауарды Жеткізушіден қабылдаудан бас тартып, жеткізілмеген (толық жеткізілмеген) Тауардың құнынан 20 (жиырма) пайыз мөлшерінде айыппұл өндіріп алуға құқылы.
Тапсырыс беруші Тауарға деген мүддесін жоғалтпаған жағдайда, жеткізу мерзімі кешіктірілсе де (құрастыру және жөндеу қажет болған жағдайда) Тапсырыс беруші Жеткізушіден Тауарды қабылдап, нақты уақытында жеткізілмеген (толық жеткізілмеген) Тауар құнының 0,1 % мөлшерінде әрбір кешіктірген күні үшін, Тапсырыс берушіге Тауарды нақты табыстаған күнге дейін, айыпақы төлеуiн, сондай-ақ айыпақыдан тыс залалдар сомасын толық көлемде өтеуін талап етуге құқылы, бірақ Шарт сомасының 10% аспауы тиіс.
Кемшіліктері бар Тауарды (оның ішінде жинақтаушы және қосалқы бөлшектер (егер дәл келетін болса) ауыстыру және оңдау жөніндегі барлық шығындарды, оның ішінде жеткізу, сақтау және тасымалдау жөніндегі шығындарды толығымен Жеткізуші төлейді.
Егер Тауардағы ақау/кемшілікті жою Тапсырыс берушінің күшімен өндіріліп алынса, онда Жеткізуші осы шығындарға байланысты тиісті шот ұсынылған күнен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Тапсырыс берушіге төлеуге міндетті.
Жеткізуші лайықсыз сападағы тауарды белгіленген мерзімде ауыстырмаған жағдайда, Тапсырыс беруші бүкіл шығындарды Жеткізуші есебіне жатқыза отырып, Тауар ауыстыруды үшінші тұлғаға тапсыруға құқылы.
Сапасыз Тауарды ауыстыру мерзімі өтіп кеткен жағдайда, Жеткізуші Тапсырыс берушіге мерзімінде ауыстырылмаған Тауардың сомасының 0,1 % мөлшерінде, әрбір мерзімі өткен күн үшін өсімақы төлеуге міндетті, бірақ Шарт Сомасының 10% аспауы тиіс.
Шартта белгіленген жағдайға сай, Шартты бұзған кезде, Жеткізуші Тапсырыс берушінің аударған қаражатын Шартты бұзған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде, нақты жеткізілген (Тапсырыс беруші қабылдаған) Тауардың сомасын ұстап қалып, қайтарып беруге міндетті. Қаражатты қайтарып берудің мерзімін өткізіп алған жағдайда, Жеткізуші Тапсырыс берушіге қайтаруға тиісті соманың әрбір мерзімі өткен күн үшін 0,1% мөлшерінде өсімақы төлейді, бірақ Шарт Сомасының 10% аспауы тиіс.
Нақты жеткізілген және қабылданған Тауардың төлемі кідірген жағдайда, Жеткізуші жеткізілген және Тапсырыс беруші қабылдаған Тауардың төленбеген сомасынан әрбір кідірген күн үшін, нақты төлем жасалған күнге дейін, 0,1 % мөлшерінде айыпақы талап етуге құқылы. Айыпақы төлеудің ең жоғарғы сомасы мерзімінде төленбеген соманың 10% аспауы тиіс.
Егер де Жеткізуші Шарттың 4.5 тармағында көзделгендей, Тауарды алып кету міндеттемесін орындамаған жағдайда, ол Тапсырыс берушіге Тауарды жауапты сақтауға өткізу-қабылдау Актісін толтырған сәттен бастап 11 күннен кейін жауапты сақтауға қабылданған Тауарды сақтаудың әрбір күні үшін 0,1% мөлшерінде өсімақы төлеуге міндетті.
Егер де Шартпен Жеткізушінің құрастыру, шеф-монтаж, іске қосу-жөндеу, қызметкерлерді оқыту, басқа да ілеспе жұмыстарды орындау міндеттері қарастырылса, бұндай міндеттемелерді орындамағаны үшін Жеткізуші Тапсырыс берушіге Шарт Сомасының 10% мөлшерінде айыппұл төлейді.
Айыпақыны (өсімақы, айыппұл) өндіріп алуды Тапсырыс беруші орындалған міндеттемелер үшін төленуге тиісті сомадан ұстау арқылы жүзеге асыруы мүмкін. Бұл жағдайда Тапсырыс беруші өсімақыдан тыс, Шарт бойынша міндеттемелерді орындамау барысында және/немесе мерзімін өткізіп алуға байланысты келтірілген шығындарды толық мөлшерде өндіріп алуға құқылы.
Тапсырыс берушінің айыпақыны (айыппұл, өсімақы) орындалған міндеттемелер есебіне төленетін сомадан ұстау арқылы өндіріп алуы мүмкін. Осы орайда Тапсырыс беруші төленуге тиісті өсімақыдан тыс Шарт бойынша міндеттемелерін орындамау және/немесе орындау мерзімін өткізіп алу арқылы келтірілген залалдарды толық көлемде өндіріп алуға құқылы.
Айыпақы төлемін төлеу Тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
8.15. Жеткізуші Тапсырыс берушіні Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Қазақстан Республикасында салықтық және кедендік төлем аясында белгіленген талаптарды Жеткізушінің орындамауының немесе тиісті деңгейде орындамауының нәтижесінде туындауы мүмкін залалдардан және құзыретті органдар, үшінші бір тұлғалармен дау-дамайлардан қорғауға тиіс.
8.16. «Жеткізуші» (Мердігер, Орындаушы) Осы Шартты орындау кезінде салықтар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерді уақтылы және толық көлемде есептеуге және төлеуге міндетті, және күнтізбелік 30 күн ішінде қабылдау туралы уәкілетті органның белгісі бар, осы Шартты жүзеге асыру бойынша айналымды растау үшін, тиісті салық кезеңі аяқталғаннан кейін қосымша құн салығы (ҚҚС) бойынша салық жөніндегі декларацияны Тапсырыс берушіге ұсынуы керек.
Жеткізуші (Мердігер, Орындаушы) осы тармақ бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші Жеткізушіден (Мердігерден, Орындаушыдан) осы Шарттың жалпы құнының 15 пайызы мөлшерінде айыппұл өндіріп алуға құқылы.
Бұл ретте, Тапсырыс беруші бір жақты тәртіппен, осы тармақ бойынша Жеткізушінің (Мердігер, Орындаушы) тиісінше орындауымен байланысты міндеттемелерді, Тапсырыс берушімен жасалған өзге шарттар бойынша тиесілі сомалардан ақша сомасын ұстап қалуға құқылы».
|
8.ОБЯЗАТЕЛЬСТВА
И ОТВЕТСТВЕННОСТЬ СТОРОН
Стороны обязуются надлежащим образом исполнять принятые на себя обязательства в соответствии с Договором. В части, не урегулированной Договором, ответственность Сторон регулируется действующим законодательством Республики Казахстан.
В случае не поставки (недопоставки) Товара в установленные сроки, Заказчик вправе отказаться от приемки Товара с взысканием (удержанием) с Поставщика штрафа в размере 20% (двадцать процентов) от стоимости не поставленного (недопоставленного) Товара.
В случае, когда Заказчик не потерял интерес к Товару, поставка (и при необходимости монтаж и наладка) которого просрочена, Заказчик вправе принять Товар и взыскать (удержать) с Поставщика неустойку в размере 0,1% от стоимости непоставленного (недопоставленного) в срок Товара за каждый день просрочки, но не более 10% от Цены Договора до даты фактической передачи Товара Заказчику, а также сумму убытков в полной сумме сверх неустойки.
Все расходы по замене и ремонту Товара с недостатками (включая, комплектующих и запасных частей (если применимо), в том числе расходы по доставке, хранению и транспортировке, полностью оплачиваются Поставщиком.
Если устранение дефектов/недостатков в Товаре производится силами Заказчика, Поставщик обязан возместить Заказчику связанные с этим расходы в течение 30 (тридцать) календарных дней с даты выставления соответствующего счета.
В случае, если Поставщик не произвел замену Товара ненадлежащего качества в установленный срок, Заказчик вправе поручить замену Товара третьему лицу с отнесением всех затрат на Поставщика.
В случае просрочки сроков замены некачественного Товара Поставщик обязан уплатить Заказчику пеню в размере 0,1% от суммы не замененного в срок Товара, за каждый день просрочки, но не более 10% от Цены Договора.
При расторжении Договора в случаях, установленных Договором, Поставщик обязан возвратить перечисленные Заказчиком деньги в течение 7 (семи) рабочих дней с даты расторжения Договора, удержав сумму за фактически поставленный (принятый Заказчиком) Товар. За просрочку возврата денег Поставщик выплачивает Заказчику пеню в размере 0,1% от суммы, подлежащей возврату, за каждый день просрочки, но не более 10% от Цены Договора.
В случае нарушения Заказчиком сроков приемки Товара, Поставщик вправе взыскать с Заказчика пеню в размере 0,1% от стоимости несвоевременно принятого Товара за каждый день задержки до момента фактической приемки. Максимальная сумма выплаты неустойки не должна превышать 10% от стоимости несвоевременно принятого Товара.
В случае задержки оплаты за фактически поставленный и принятый Товар, Поставщик вправе требовать неустойку в размере 0,1% от неоплаченной стоимости фактически поставленного и принятого Товара за каждый день задержки до момента фактической оплаты. Максимальная сумма выплаты неустойки не должна превышать 10% от неоплаченной в срок суммы.
В случае неисполнения Поставщиком предусмотренной пунктом 4.5 Договора обязанности вывезти Товар, он обязан оплатить Заказчику пеню в размере 0,1% от стоимости принятого на ответственное хранение Товара за каждый день хранения, начиная с 11 дня от даты оформления Акта приемки Товара на ответственное хранение.
Если Договором предусмотрена обязанность Поставщика выполнить монтаж, шеф-монтаж, пуско-наладку, обучение персонала, иные сопутствующие работы, в случае невыполнения таких обязательств, Поставщик уплачивает Заказчику штраф в размере 10% от Цены Договора.
Взыскание неустойки (штрафа, пени) может быть произведено Заказчиком путем ее удержания из суммы, подлежащей оплате в счет выполненных обязательств. При этом Заказчик вправе сверх подлежащей уплате суммы пени взыскать в полном размере убытки, причиненные неисполнением и/или просрочкой исполнения обязательств по Договору.
Уплата неустойки не освобождает Стороны от исполнения обязательств по Договору.
В соответствии с применимым законодательством Республики Казахстан, Поставщик должен ограждать Заказчика от убытков и от разбирательств с компетентными органами и третьими лицами, которые могут возникнуть в результате неисполнения или ненадлежащего исполнения Поставщиком установленных в Республике Казахстан требований в сфере налоговых и таможенных платежей.
8.16. Поставщик (Подрядчик, Исполнитель) при исполнении настоящего Договора обязан своевременно и в полном объеме исчислять и уплачивать налоги и другие обязательные платежи в бюджет, и в течение 30 календарных дней по окончанию соответствующего налогового периода предоставить Заказчику декларацию по налогу на добавленную стоимость (НДС) с отметкой уполномоченного органа о принятий, для подтверждения оборотов по реализации по настоящему Договору.
В случае не исполнения Поставщиком (Подрядчиком, Исполнителем) обязательств по настоящему пункту Заказчик вправе взыскать с Поставщика (Подрядчика, Исполнителя) штраф в размере 15% от общей стоимости настоящего Договора.
При этом Заказчик вправе в одностороннем порядке удерживать денежные суммы, связанные с ненадлежащим выполнением Поставщиком (Подрядчиком, Исполнителем) обязательств по настоящему пункту, из сумм, причитающихся по иным договорам, заключенным с Заказчиком.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |