Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«
Қазақ ұлттық аграрлық университеті»
БЕКІТЕМІН
Ректор
__________Т. Есполов
«___»_________2016
ж.
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Е ҚазҰАУ ДК
-
247
Бірінші басылым
Көшірме № _______
Дайындаған:
Ғылым басқармасының бастығы
Ж. Киркимбаева
Келісілген:
Сапа жөніндегі басшылық өкілі
А. Серикбаев
1
Е ҚазҰАУ ДК - 247. Диссертациялық кеңес туралы ереже. Бірінші басылым.
1.
Жалпы Ереже
1.1.
Осы Диссертациялық кеңес туралы ереже «Қазақ ұлттық аграрлық
университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі -
ҚазҰАУ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011
жылғы 31 наурыздағы №126 және 2013 жылғы 4 мамырдағы № 172, 2016
жылғы 21 қаңтардағы №56 («Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені
бекіту туралы» 2011 жылы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы) бұйрықтарымен бекітілген диссертациялық
кеңес туралы Үлгі ереженің 4 тармағына сәйкес әзірленген.
1.2
. ҚазҰАУ-дың диссертациялық кеңесі – докторанттардың
диссертациялық жұмыстарын қорғауды жүргізетін және Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым
саласындағы бақылау комитетіне (бұдан әрі - Комитет) философия докторы
(PhD),
бейіні бойынша доктор дәрежесін беруге ұсыныс беретін алқалы
орган.
1.3.
Диссертациялық кеңестер
PhD
докторантура мамандықтары тізіміне
сәйкес құрылады.
1.4.
Диссертациялық кеңестер PhD
докторантура мамандықтары тізіміне
сәйкес күнтізбелік 3 (үш) жылға құрады.
1.5.
Диссертациялық кеңес диссертациялардың қорғауы бойынша
сапасы мен әділдігіне, қабылданған шешімдердің негізділігіне жауап береді.
1.6.
Диссертациялық кеңес төрағадан, төраға орынбасарынан, ғалым
хатшыдан және кеңес мүшелерінен тұрады. Диссертациялық кеңестің
құрамына кемінде 5 (бес) адам кіреді.
Осы диссертациялық кеңесте қорғалған диссертациялық жұмыстар
бойынша Комитеттің 2 (екі) теріс шешімі болған жағдайда, Ғылыми кеңес
диссертациялық кеңесті жаңа құрамда бекітеді.
Осы диссертациялық кеңесте қорғалған диссертациялар бойынша
Комитеттің теріс шешімі 2-ден (екіден) көп болған
жағдайда,
диссертациялық кеңес қызметін тоқтатады және 3 (үш) жыл жұмыс істемейді.
1.7.
Диссертациялық кеңес құрылған ЖОО басшысы, Комитеттің
қызметкерлері мен сараптамалық кеңесінің мүшелері диссертациялық
кеңестің мүшесі бола алмайды.
Диссертациялық кеңес мекеме басшысы алдында жауапты,
университеттің мөрі мен бланкаларын пайдаланады.
1.8.
Әрбір мамандық бойынша диссертациялық кеңестің құрамына
ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы) немесе философия
докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі және тиісті зерттеу
саласында кемінде 5 ғылыми мақаласы бар кемінде 3 (үш) маман қосылады.
Бұл ретте диссертациялық кеңес мүшелерінің кемінде 1/3-і (үштен бірі)
штаттық қызметкерлер, кемінде 1/3-і (үштен бірі) басқа ЖОО өкілдері,
2
Е ҚазҰАУ ДК - 247. Диссертациялық кеңес туралы ереже. Бірінші басылым.
кемінде 1/3-і (үштен бірі) ғылыми немесе басқа ұйымдардың өкілдері болуы
тиіс.
1.9.
Диссертациялық кеңестің құрамы жоғары оқу орнының Ғылыми
кеңесінің хаттамалық шешімімен бекітіледі.
Диссертациялық кеңестің басқа қалаларда тұратын мүшелерінің іс-сапар
шығыстары диссертациялық кеңес жұмыс істейтін жоғары оқу орнының
есебінен төленеді.
Диссертациялық кеңес құрамының өзгеруі Ғылыми жұмыс және
интеграция жөніндегі проректордың ұсынысы бойынша өткізіледі және
Ғылыми кеңестің хаттамалық шешімімен бекітіледі.
1.10.
Диссертациялық кеңес өзінің қызметі туралы ақпаратты жоғары
оқу орнының интернет-ресурсына орналастырады.
1.11.
Күнтізбелік жыл аяқталған соң диссертациялық кеңес Комитетке
осы диссертациялық кеңес туралы ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан
бойынша атқарған жұмыстары туралы статистикалық есеп береді.
2.
Докторлық диссертациялық жұмыстарға алдын ала сараптау
жүргізудің тәртібі
2.1.
Докторант докторантураның білім беру бағдарламаларын
меңгергеннен кейін диссертация орындалған кафедраның кеңейтілген
отырысында докторант диссертациясының талқылануын қамтамасыз етеді.
Басқа оқу орнының докторанттары диссертацияны талқылау тәртібін
қорғалатын жері бойынша кафедраның кеңейтілген отырысында өтеді.
2.2.
Кеңейтілген отырыстан 1 (бір) ай бұрын диссертация докторанттың
ғылыми зерттеу саласы бойынша ғылыми дәрежесі бар 2 (екі) маманға
жолданады. Рецензия төмендегі тармақтар мазмұнында болуы тиіс: зерттеу
тақырыбының өзектілігі, ғылыми нәтижесі және оның негіздемесі, ғылыми
нәтижелерінің теориялық және практикалық мәні, басылымда диссертация
материалдарының толық жариялануы, ұсыныстар мен ескертулер.
Кеңейтілген отырысқа кафедра мүшелерінің кемінде 2/3-сі (үштен
екісі),
ғылыми
кеңесшілер,
сондай-ақ
мәндес
кафедралардың
(зертханалардың, бөлімдердің, орталықтардың), ғылыми және басқа да
ұйымдардың өкілдері қатысады.
Отырыста кеңесшілер болмаған жағдайда, олардың докторанттың
диссертациясы бойынша пікірін кафедра, зертхана меңгерушісі оқиды.
2.3.
Кафедрада диссертацияны талқылауды өткізу үшін докторант
мынадай құжаттарды ұсынады:
1)
түптелмеген түрдегі диссертация.
2)
отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілердің пікірлері
(
№ 2
Қосымша).
3)
ғылыми еңбектерінің тізімі және олардың көшірмелері (№ 3
қосымша);
3
Е ҚазҰАУ ДК - 247. Диссертациялық кеңес туралы ереже. Бірінші басылым.
4)
нотариалды куәландырылған жоғары білімі және жоғары оқу орнынан
кейінгі білімі туралы дипломдардың көшірмесі, оларға қосымшалар
(
транскрипт көшірмесі).
5)
тақырыптың бекітілуі мен ғылыми кеңесшілер туралы хаттаманың
(бұйрықтың) көшірмесі.
6)
қағаз және электронды түрде үш тілде (жалпы көлемі кемінде 5 (бес)
бет әр тілде) жасалған диссертацияның аңдатпасы қазақ, орыс, ағылшын
тілдерінде жалпы көлемі кемінде 1(бір) баспа табақтағы бет);
(
№ 4
қосымша).
2.4.
Кафедралар отырысындағы талқылаулар тәртібі:
1)
докторантпен баяндалған диссертацияның негізгі ережелері– 20 мин.;
2)
кафедра отырысына қатысушылардың сұрақтары – докторанттың
жауаптары;
3)
ғылыми кеңесшілердің алғы сөздері, немесе олардың пікірлері
жарияланбаған жағдайда;
4)
рецензенттердің алғы сөзі;
5)
рецензенттердің ескертулеріне докторанттардың жауабы және
олардың ұсыныстары мен кеңестеріне тұжырымдары;
6)
диссертациялар жөнінде пікір-сайыс;
7)
кафедраның ашық дауыс беру шешімінің қорытындысын қабылдау.
2.5.
Диссертация жөніндегі ұсынымдар немесе қорғауға ұсынылмаған
ұсынымдар кафедра отырысының хаттама көшірмесі түрінде рәсімделеді,
отырыс төрағасы және хатшысының қолы қойылады, ғылыми жұмыстар
және интеграция жөніндегі проректормен бекітіледі.
Тұжырымдама мазмұнында болуы тиіс: осы Ереженің 3.2. тармағының
талаптарына сәйкес зерттеу тақырыбының өзектілігі, ғылыми нәтижесі және
оның негіздемесі, ғылыми нәтижелерінің теориялық және практикалық мәні,
басылымда диссертация материалдарының толық жариялануы, ұсыныстар
мен ескертулер, ұсыныстар туралы немесе қорғауға ұсынылмаған
тұжырымдар.
3.
Диссертациялық кеңесті қарастырудағы диссертацияны қабылдау
тәртібі
3.1.
Талаптарға сәйкес орындалған докторантураның білім беру
бағдарламаларын меңгерген және диссертациялық жұмыстарын тіркеуге
ұсынған докторанттардың диссертациялық жұмыстары қорғауға жіберіледі.
3.2.
Диссертацияны қорғау диссертация тақырыбы бойынша кемінде 7
(жеті) ғылыми жарияланған жұмыс, оның ішінде Комитет ұсынған ғылыми
басылымдарда кемінде 3 (үш), Thomson Reuters компаниясының ғылыми
журналдар базасының немесе Sсopus деректер базасына кірген деректері
бойынша нөлдік емес импакт-факторлы халықаралық ғылыми басылымдарда
кемінде 1 (бір) немесе халықаралық конференциялар материалдары
жинақтарында кемінде 3 (үш), оның ішінде шетелдік конференциялардың
4
Е ҚазҰАУ ДК - 247. Диссертациялық кеңес туралы ереже. Бірінші басылым.
материалдар жинақтарында кемінде 1 (бір) болған жағдайда жүзеге
асырылады.
3.3.
Докторант оқыған жоғары оқу орны диссертациялық кеңеске оқу
орнының бланкісінде жазылған ілеспе хатпен мынадай құжаттарды ұсынады:
1)
жұмыс орны бойынша куәландырылған, ғылыми (аудармасы
нотариалды куәландырылған, отандық және шетелдік) кеңесшілердің
пікірлері
Шетелдік кеңесші пікірінің аударымы нотариалды куәландырылған
болуы тиіс. №2 Қосымша.
2)
кафедралардың және/немесе зертханалардың (бөлімнің, орталықтың)
кеңейтілген отырыстарының оң қорытындысы;
3)
диссертация берік түптелген 3 (үш) данада және электронды
тасымалдағыштағы (CD-диск);
4)
докторант оқыған жоғары оқу орнының ғалым хатшысы
куәландырылған ғылыми еңбектерінің тізімі және олардың көшірмелері.
5)
қағаз және электронды түрде үш тілде (жалпы көлемі кемінде 5 (бес)
бет әр тілде) жасалған диссертацияның аңдатпасы қазақ, орыс, ағылшын
тілдерінде жалпы көлемі кемінде 1(бір) баспа табақтағы бет)
(№4 қосымша).
Диссертация мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерінің бірінде
ұсынылады.
3.4.
Докторант кафедраның ұсынысы бойынша диссертациялық кеңеске
төмендегі құжаттарды ұсынады:
1)
диссертациялық кеңес төрағасының атына жазылған өтініш (№ 5
қосымша).
2)
кадр есебі бойынша фотосуретпен жеке іс парағы (2 дана)
3)
отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілердің пікірлері (мемлекеттік
құпиялары бар диссертациялар үшін, отандық кеңесшілердің пікірі,) – 2 дана.
(№2 Қосымша).
4)
жоғары білімі және жоғары оқу орынынан кейінгі білімі туралы
дипломдарының және олардың қосымшаларының (транскриптінің көшірмесі)
нотариалды көшірмелері (2 дана).
5)
қатты мұқабамен түптелген - 3 дана, түптелмеген - 1 дана және
электрондық тасымалдағышқа (CD - диск) көшірілген диссертация.
6)
көлемі 1 (бір) баспа табақтан кем емес мемлекеттік, орыс және
ағылшын тілдерінде (әр тілде көлемі 5 беттен кем емес (бес) электронды
және шығарылған түрде андатпа диссертациясы (№4 Қосымша).
Диссертацияның андатпасы үш тілде (автореферат) 1,5 бет табақтан
кем емес - 20 дана.
7)
докторант оқыған жоғары оқу орнының ғалым хатшысы
куәландырылған ғылыми еңбектер тізімі және олардың көшірмесі (№3
Қосымша).
8) жұмыстың тақырыбы мен ғылыми кеңесшілері бекітілген туралы
хаттаманың (бұйрықтың) көшірмесі.
5
Е ҚазҰАУ ДК - 247. Диссертациялық кеңес туралы ереже. Бірінші басылым.
9)
кафедраның оң қорытындысы.
10)
Thomson Reuters
компаниясының ғылыми журналдар базасының
немесе Sсopus деректер базасына кірген деректері бойынша нөлдік емес
импакт-факторлы халықаралық ғылыми басылымдарда жинақтарының
жарияланғаны туралы
Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының
анықтамасы.
3.5.
Құжаттарды қабылдауды диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы
жүзеге асырады, оларды кемінде 2 (екі) жұмыс күнінде тіркейді және
диссертациялық кеңеске ұсынылады.
3.6.
Құжаттар қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен
кешіктірмей Диссертациялық кеңес диссертацияны қорғау күнін белгілейді
және екі рецензентті тағайындайды.
3.7.
Диссертациялық кеңес рецензенттерді, ғылыми кеңесшілерді
тағайындау барысында бір-біріне тәуелсіз ұстанымдарын басшылыққа алады.
Мыналар рецензент бола алмайды:
1)
комитет қызметкерлері;
2)
докторанттың диссертация тақырыбы бойынша жарияланған
жұмыстарының тең авторы;
3)
диссертация орындалған және/немесе докторант тапсырыс беруші
немесе орындаушы (тең орындаушы) болып табылатын ғылыми-зерттеу
жұмыстары жүргізілетін жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымдардың
басшылары және бөлімшелерінің (кафедралардың, зертханалардың,
бөлімдердің) қызметкерлері;
Диссертациялық кеңес құрамынан рецензенттердің бірін тағайындауға
жол беріледі.
Ғылыми дәрежесі бар және докторанттың зерттеу саласы бойынша
кемінде 5 ғылыми мақаласы бар әртүрлі ұйымдардың өкілдерін рецензентке
тағайындайды, олардың біреуі жоғары оқу орнының диссертациялық
кеңесінің қызметі немесе докторант оқыған жоғары оқу орының қызметкері
болмауы тиіс.
3.8.
Диссертациялық кеңес мүшелеріне (1/3-інен аспайтын)
диссертацияны қорғауға қабылдау отырысына бейне-конференция
нысанында қатысуға рұқсат етіледі.
3.9.
Диссертациялық кеңес жоғары оқу орнының интернет-
ресурстарында докторанттардың қорғауы және кеңестің қызметі туралы
келесі ақпаратты (мемлекеттік құпиялары бар материалдар мен
диссертациялардан басқа) орналастырады:
1)
мекен-жайы, күні мен уақыты көрсетілген алдағы қорғау туралы
хабарлама (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);
2)
диссертация (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын және
қорғаудан кейін 5 (бес) ай ішінде);
6
Е ҚазҰАУ ДК - 247. Диссертациялық кеңес туралы ереже. Бірінші басылым.
3)
көлемі 1 (бір) баспа табақтан кем емес мемлекеттік, орыс және
ағылшын тілдерінде аннотация (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай
бұрын);
4)
докторанттың жарияланымдарының тізімі (белгіленген қорғау күнінен
1 (бір) ай бұрын);
5)
ғылыми кеңесшілердің пікірлері (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір)
ай бұрын);
6)
ресми рецензенттердің пікірлері (белгіленген қорғау күнінен 10 (он)
жұмыс күні бұрын);
7)
қорғаудың бейнежазбасы (қорғаудан кейін 5 (бес) ай ішінде);
8)
диссертациялық кеңестердің есептері (күнтізбелік жыл аяқталғаннан
кейін);
9)
қорғаулар өткізу күнінің, уақытының, орнының өзгеруі және
рецензенттердің ауысуы туралы хабарландыру (болған жағдайда).
Диссертация
жоғары
оқу
орнының
интернет-ресурстарында
орналастырылған жағдайда, авторлық құқықтардың қорғалуы қамтамасыз
етіледі, диссертация материалдарын заңсыз көшіруден және одан әрі
пайдаланудан қорғау технологиялары қолданылады. Жоғары оқу орнының
интернет-ресурсында орналастырылғаннан кейін диссертация мәтініне
өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Жоғары оқу орнының интернет-ресурстарында диссертация мазмұны
бойынша бейресми пікірлерді орналастыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі,
кейін олар қорғауда ұсынылады. Авторын белгiлеу мүмкiн емес және
автордың электрондық поштасы көрсетілмеген бейресми пікірлер қорғауда
ұсынылмайды.
Алдағы қорғау туралы хабарлама да түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс
күні ішінде Комитеттің интернет-ресурсында орналастырылады (мемлекеттік
құпиялары
бар
материалдар
мен
диссертациялардан
басқа).
Диссертацияның қағаз және электронды тасымалдағыштағы данасы
жоғары оқу орнының кітапханасына беріледі. Қорғағаннан кейін 7 (жеті)
жұмыс күні ішінде диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы
диссертацияның электронды тасымалдағыштағы даналарын Қазақстан
Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына және Қазақстан
Республикасының Ұлттық кітапханасына береді (мемлекеттік құпиялары бар
диссертациялардан басқа).
3.10.
Диссертация қорғауға қабылданғаннан кейін (белгіленген қорғау
күнінен 1 (бір) ай бұрын) диссертациялық кеңес диссертацияны
докторанттың авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды
пайдаланғанын тексеру үшін Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат
орталығына (бұдан әрі - ҰҒТАО) жібереді (осы анықтаманы алуға
байланысты шығындар төлемі докторантқа жүктеледі).
7
Е ҚазҰАУ ДК - 247. Диссертациялық кеңес туралы ереже. Бірінші басылым.
Егер ҰҒТАО-да докторанттың авторы мен дереккөзіне сілтеме
жасалмаған бөтен материалды пайдаланғаны анықталған болса,
диссертациялық кеңес теріс шешім қабылдайды.
3.11.
Рецензенттер диссертацияны және жарияланған жұмыстарды
зерделеу негізінде диссертациялық кеңеске жазбаша пікірін ұсынады, онда
таңдалған тақырыптың өзектілігі, диссертацияда тұжырымдалған ғылыми
қағидалар, қорытындылар, ұсынымдар және оның практикалық құндылығы
негіздемесінің дәрежесі, олардың жаңалығы бағаланады, сондай-ақ тиісті
мамандық бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор
ғылыми дәрежесін беру мүмкіндігі туралы қорытынды беріледі (№6
Қосымша).
Рецензенттерді қорғауға дейін кем дегенде 10 (он) жұмыс күні бұрын
ауыстыруға болады. Егер рецензентті ауыстыру туралы шешім 10 (он) жұмыс
күнінен
кешіктіріліп
қабылданса,
қорғау
күні
ауыстырылады.
Рецензенттер пікірлерінің көшірмелері докторантқа диссертация қорғауға
дейін кем дегенде 10 (он) жұмыс күні бұрын беріледі.
Пікір осы тармақтың талаптарына сәйкес келмесе, диссертациялық кеңес
пікірді кем дегенде 7 (жеті) жұмыс күні бұрын рецензентке қосымша қарау
үшін қайтарады немесе рецензентті ауыстырады. Рецензенттер сондай-ақ
жазбаша түрде бас тартқан немесе рецензиялауға мүмкіндік болмаған
жағдайда ауыстырылады.
Рецензенттердің біреуі жоқ болған жағдайда (дәлелді себептер
бойынша) оның пікірін ғалым хатшы оқиды. Рецензенттерге диссертациялық
кеңестің қорғау отырысында on-line режимінде бейне-конференция түрінде
сөз сөйлеуге рұқсат беріледі.
4.
Диссертациялық кеңес жұмысының тәртібі
4.1.
Диссертациялық кеңестің төрағасы, төраға орынбасары және ғалым
хатшысы докторанттың ғылыми кеңесшілері болып табылған жағдайда олар
диссертацияны қарастыру кезінде диссертациялық кеңестің отырысында өз
міндеттерін орындай алмайды. Диссертациялық кеңес төрағасының
міндеттерін орындау диссертациялық кеңестің шешімімен төраға
орынбасарына, төраға орынбасары мен ғалым хатшының міндеттерін
орындау мүшелерге жүктеледі.
Төраға, төраға орынбасары мен ғалым хатшы бір мезгілде болмаған
жағдайда диссертациялық кеңестің отырысы өткізілмейді.
Диссертациялық кеңес диссертация қорғалуының бейнежазбаға
түсірілуін және стенограммамен рәсімделуін қамтамасыз етеді.
4.2.
Диссертациялық кеңестің отырысы егер оның жұмысына
мүшелерінің кемінде 2/3-і (үштен екісі), диссертациялық кеңестің
мүшелерінен отырысқа әр мамандық бойынша кемінде 3 (үш) маман міндетті
түрде қатысқан жағдайда заңды болып саналады.
8
Е ҚазҰАУ ДК - 247. Диссертациялық кеңес туралы ереже. Бірінші басылым.
4.3.
Диссертациялық кеңестің мәжілісінде 1 (бір) диссертация
қорғалады. Бір күн ішінде көп дегенде 3 (үш) мәжіліс өткізіледі.
4.4.
Диссертацияны қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңес мәжілісінің
рәсімі мыналарды қамтиды:
-
төрағаның кворум жайында кіріспе сөзі, мәжілісті өткізудің
құқықтылығы;
-
ғалым хатшы докторанттың құжаттарының нормативтік талаптарына
сай келуі, ғылыми жарияланымдардың толықтығы мен сәйкестігі туралы
мәлімет береді;
-
докторанттың баяндама жасауы (20 минутқа дейін);
-
докторантқа сұрақ, докторанттың жауабы;
-
ғылыми кеңесшілердің сөйлеуі;
-
рецензенттердің сөйлеуі;
-
докторанттың рецензенттердің ескертулеріне жауабы және олардың
ұсынысы бойынша тұжырымдар;
-
диссертациялық кеңес мүшелерінің пікірталасы;
-
докторанттың қорытындысы сөзі;
-
төрағаны есептемегенде, диссертациялық кеңес құрамынан есеп
комиссиясын 3 адам сайлау;
-
ғылыми дәрежені беруге ұсыныс жасау немесе аталған дәрежені
беруден бас тарту мәселесі бойынша жасырын дауыс беруді жүргізу;
-
дәрежені беру жөніндегі өтініш сауалдары бойынша жасырын дауыс
беруді және докторантты бағалау цифрлы баламаға сәйкес төрт балды
жүйеде жүргізіледі.
-
жасырын дауыс беру туралы есептік комиссия төрағасының алғы сөзі,
есептік комиссия хаттамасын бекіту;
-
көпшілік қорғау нәтижелерін хабарландыру;
-
қорғау негізінде диссертация бойынша диссертациялық кеңестің
қорытындысын қабылдау.
4.5.
Диссертациялық кеңес докторантқа тиісті мамандықтың философия
докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін Комитетке
ұсыныс жасау немесе аталған дәрежені беруден бас тарту туралы шешім
қабылдау үшін жасырын дауыс беруді жүргізеді.
Диссертациялық кеңестің шешімі, егер оған отырысқа қатысқан
диссертациялық кеңес мүшелерінің 2/3 (үштен екісі) және одан көбі дауыс
берсе, оң қабылданды деп саналады. Егер оң шешімге отырысқа қатысқан
диссертациялық кеңес мүшелерінің 2/3-інен (үштен екісінен) кемі дауыс
берсе, теріс шешім қабылданады.
Теріс шешім қабылданған жағдайда диссертациялық кеңес
диссертацияның осы Үлгі ереже мен Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен
бекітілген қандай талаптарына сәйкес келмейтіндігі көрсетілген қорытынды
жасайды. Рецензенттердің, ғылыми кеңесшілер пікірлерінің көшірмелері,
9
Е ҚазҰАУ ДК - 247. Диссертациялық кеңес туралы ереже. Бірінші басылым.
төраға мен ғалым хатшы қол қойған диссертациялық кеңес отырысының
бейнежазбасы, стенограммасы мен қорытындысы шешім қабылданған
күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Комитетке жіберіледі.
4.6.
Диссертациялық кеңестің теріс шешіміне апелляцияны докторант
диссертация қорғалған жоғары оқу орны шешім шығарған күннен бастап 2
(екі) ай ішінде ерікті нысанда береді.
Апелляция берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жоғары
оқу орны ректорының бұйрығымен апелляциялық комиссия (бұдан әрі –
комиссия) құрылады. Комиссия құрамына тиісті мамандық бойынша ғылыми
дәрежесі бар 3 (үш) маман кіреді.
Комиссия құрамына ғылыми кеңесшілер, рецензенттер, диссертациялық
кеңестің немесе Комитеттің Сараптау кеңесінің мүшелері кірмейді.
Комиссия өз қызметінде осы Үлгі ережені және ғылыми атақтарды беру
Ережені басшылыққа алады.
Комиссия апелляциялық өтінішті, диссертацияны, диссертациялық
кеңестің диссертацияны қорғау бойынша материалдарын қарастырады және
ол құрылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде апелляция
нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды.
Апелляциялық комиссияның қорытындысын комиссия мүшелері
ашық дауыс беру негізінде көпшілік дауыспен қабылдайды және оған барлық
комиссия мүшелері қол қояды. Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда,
комиссия хаттамаларының көшірмелері, қорытынды және диссертация соңғы
шешім қабылдау үшін күнтізбелік 15 (он бес) күннің ішінде Комитетке
жіберіледі.
Апелляциялық комиссияның қорытындысы оны қабылдаған күннен
бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.
5.
Комитетке аттестациялық істі тапсыру тәртібі
5.1.
Диссертациялық кеңесте докторлық диссертация қорғалғаннан кейін
кеңестің ғалым хатшысы докторанттың екі аттестациялық ісін жинақтайды,
біріншісі Комитетке күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жіберіледі. Осы мерзім
өткен жағдайда аттестациялық іс қарауға қабылданбайды. Докторанттың
аттестациялық ісінде мынадай құжаттар қоса беріледі:
1)
диссертацияның Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығына
жіберілген күні көрсетіліп, диссертациялық кеңес төрағасы қол қойған
диссертациялық кеңес құрылған жоғары оқу орнының бланкісінде ілеспе
қолдаухаты;
2)
берік түптелген және электрондық тасымалдағыштағы (CD-диск)
диссертация;
3)
диссертация тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдар тізімі мен
көшірмелері;
10
Е ҚазҰАУ ДК - 247. Диссертациялық кеңес туралы ереже. Бірінші басылым.
4)
осы Үлгі ережеге №7 қосымшаға сәйкес нысанда қазақ және орыс
тілдерінде диссертацияның тіркеу-есеп карточкасы;
5)
диссертацияның авторы мен дереккөзіне сілтеме жасамай бөтен
материалды пайдаланғаны тексерілгені туралы Ұлттық ғылыми-техникалық
ақпарат орталығының анықтамасы;
6)
ғылыми кеңесшілердің пікірлері, жұмыс орны бойынша
куәландырылған;
7)
2 (екі) рецензенттің пікірі, жұмыс орны бойынша куәландырылған;
8)
осы Үлгі ережеге №8 қосымшаға сәйкес нысан бойынша
диссертациялық кеңес мүшелерінің келу парағы;
9)
төраға және ғалым хатшы қол қойған диссертацияны қорғау жөніндегі
диссертациялық кеңес отырысының бейнежазбасы мен стенограммасы;
10)
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы
дипломдардың көшірмелері, оларға қосымшалар (транскрипт көшірмелері);
11)
докторантураның кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгергені туралы
транскрипттің көшірмесі;
12)
осы Үлгі ережеге №9 Қосымшаға сәйкес нысан бойынша докторант
туралы мәлімет;
13)
оқитын жоғары оқу орнының кадр қызметі растаған жеке іс парағы.
14)
аттестациялық істің екінші данасы бірінші данасының көшірмесі
және №10 Қосымшаға сәйкес қалыптасады.
Келісілген:
Ғылыми
жұмыстар
және
интеграция жөніндегі проректор
______________М. Қалиасқаров
«____» __________2016 ж.
Ұйымдастырылған-құқықтық
жұмыстар басқармасының
бастығы
_________________А. Алтаев
«____» ___________2016 ж.
СМЖ секторының меңгерушісі
______________А. Жыланкөзова
«
____» ______________2016 ж.
11
Е ҚазҰАУ ДК - 247. Диссертациялық кеңес туралы ереже. Бірінші басылым.
Диссертациялық кеңес
туралы үлгі ережеге
1-
қосымша
Диссертациялық кеңестің 20 __ жылғы жұмысы туралы
ЕСЕБІ
______________________________________________________________
(ұйымның атауы
)
жанындағы диссертациялық кеңес
_______________________________________________________________
(кеңестің шифры)
Диссертациялық кеңестің төрағасы ____________________________________
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым
саласындағы бақылау комитетінің 20 __ ж. «___» _______________ №
________ бұйрығымен бекітілген.
Диссертациялық кеңеске диссертация қорғауды қабылдауға рұқсат берілген.
______________________________________________
мамандығы бойынша;
_____________________________________________
мамандығы бойынша;
______________________________________________
мамандығы бойынша;
_______________________________________________
мамандығы бойынша;
Есепте мынадай мәліметтер болуы тиіс:
1.
Өткізілген отырыстың саны туралы деректер.
2.
Өткізілген отырыс санының жартысынан кеміне қатысқан кеңес
мүшелерінің тегі (фамилиясы).
3.
Оқу орны көрсетілген докторанттар тізімі.
4.
Мынадай бөлімдері белгіленіп көрсетілген, есепті жыл ағымында
кеңесте
қаралған
диссертацияларға
қысқаша
талдау:
-
қаралған
жұмыстар
тақырыптарына
талдау;
-
диссертация тақырыбының ұлттық мемлекеттік бағдарламалармен,
сондай-ақ республикалық мақсатты және өңірлік ғылыми және
ғылыми-техникалық бағдарламалармен байланысы;
-
қаралған жұмыстардың ғылыми нәтижелерінің пайдалану
деңгейіне, нақты жұмыстар нәтижелерін кеңінен енгізу жөніндегі
ұсыныстарға талдау.
5.
Рецензенттердің жұмысына талдау (мейлінше сапасыз пікірлерді
мысалға ала отырып).
6.
Ғылыми кадрларды даярлау жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі
ұсыныстар.
7.
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми
дәрежесіне ізденушілердің қаралған диссертациялары туралы
деректер.
12
Е ҚазҰАУ ДК - 247. Диссертациялық кеңес туралы ереже. Бірінші басылым.
Мамандық
Мамандық
Мамандық
Қараудан алынып
тасталған
диссертациялар
Оның ішінде
диссертациялық
кеңестің алып
тастағандары
Рецензенттердің теріс
пікірін алған
диссертациялар
Қорғау қорытындысы
бойынша оң нәтиже
алғандары
Оның ішінде басқа оқу
орындарынан
Қорғау қорытындысы
бойынша теріс шешім
алғандары
Оның ішінде басқа
оқу орындарынан
Қорғалған
диссертациялардың
жалпы саны
Оның ішінде басқа
оқу орындарынан
Диссертациялық кеңестің
төрағасы ___________________________
(Т.А.Ә.)
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы ______________________
(Т.А.Ә.)
Мөр
Күні, айы, жылы
13
Е ҚазҰАУ ДК - 247. Диссертациялық кеңес туралы ереже. Бірінші басылым.
Диссертациялық кеңес
туралы үлгі ережеге
2-
қосымша
(Мамандықтың шифры және аты) (PhD) докторы дәрежесін алуға
ұсынылған «Диссертация тақырыбы» (Т.А.Ә.) диссертациясына
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІНІҢ ПІКІРІ
(Т.А.Ә.) «Диссертация тақырыбы» өзекті мәселеге арналған
(диссертация тақырыбы бойынша кандай):
-
орындалған жұмыстың өзектілігін, оның қазіргі ғылым мен
практикадағы маңыздылығын негіздеу.
-
Автор өз зерттеу жұмыстары барысында сүйенетін негізгі теориялық,
әдістемелік қағидаларды ашып беру (нені зерттегеніне талдау жасау).
-
Автор қол жеткізген ғылыми нәтижелерді көрсету (нәтижесінде неге
кол жеткізді).
Диссертацияның құрылымдық, мазмұндық біртұтастығын
көрсету.
-
Алынған нәтижелерді негіздеудегі автордың негізгі тұғырнамаларын
көрсету. Докторанттың зерттеліп отырған мәселедегі жеке өз үлесін көрсету.
-
Докторанттың ғылыми позициясының нақтылығын ашып көрсету.
-
Аталған диссертацияны орындау барысында автор өзін көрсетті
(қандай зерттеушілік қасиеттерді меңгерді, қандай зерттеу әдістерін үйренді,
қандай көлемде зерттеу жұмыстары жүргізілді).
-
Аталған зерттеу жұмысы бойынша қорыта айтқанда.... (қорытынды),
осылардың барлығы (докторанттың Т.А.Ә.) PhD докторы ғылыми
дәрежесіне ізденуге лайықты деп санауға мүмкіндік береді.
Ғылыми кеңесші: қызметі, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, ғылыми
атағы, қолы Т.А.Э. Қолы мөрмен куәландырылады.
14
Е ҚазҰАУ ДК - 247. Диссертациялық кеңес туралы ереже. Бірінші басылым.
Диссертациялық кеңес
туралы ережеге
№3 Қосымша
докторанттың жарияланған ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерінің
ТІЗІМІ
Тегі, аты, әкесінің аты
№
р/н
Жарияланымның
түрі
Жұмыстың
түрі
Шыққаны
туралы
мәліметтер
Жұмыстың
көлемі, баспа
бет.
Теңавторлары
1
2
3
4
5
6
1
Автор
Бас Ғалым хатшы
Ескерту:
1.
Тізімде диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстар көрсетіледі.
Басылымға берілген жұмыстар тізімге кіргізілмейді.
2.
Тізімдер жарияланымның хронологиялық ретіндегі бөлімдер бойынша тура
нөмірленеді.
а) ғылыми жұмыстар;
б) авторлық куәліктер, патенттер, ақпараттық карталар, алгоритмі;
в) оқу-әдістемелік жұмыстар.
3.
Екінші бағанда жұмыстың толық атауы келтіріледі; 3 – бағанда жұмыстың түрлері
(монография, кітапша, оқу құралдары және т.б.).
4.
Төртінші бағанда әдебиеттің библиографиялық сипаттама ережесіне сәйкес осы
жұмыстың жариялану уақыты мен орны келтіріледі (басылымы, мерзімді басылымның
нөмірі, жылы) немесе оны депозиттеу (ұйым, мемлекеттік тіркеу нөмірі, депозиттеу
жылы, мазмұндау дереккөздері), атауы және ғылыми мақалалар жинағына сипаттама
(жоғары оқу орны арасында, тақырыптық және т.б.), баяндамалар ұсынылған
симпозиумдар және конференциялар (халықаралық және т.б.), жаңалық ашудағы
дипломдар нөмері, өнертабыстағы авторлық куәліктер және олардың беру күні және т.б.
5.
Бесінші бағанада баспа бетінің саны (б.) немесе жарияланымдардың беттері (баспа
беті) көрсетіледі. Егер жарияланым тең авторлармен орындалса, онда беттердің саны
бөлшекпен көрсетіледі.алымында – жұмыстың жалпы көлемі, бөлімінде – зерттеушіге
тиісті көлемде.
6.
Алтыншы бағанада осы жұмыстың теңавторларының тегі, аты, әкесінің аты
көрсетіледі. Көп авторлық ұжымы құрамынан алғашқы бес адамның фамилиясы
көрсетіледі, содан кейін « және т.б., барлығы_____ адам».
15
Е ҚазҰАУ ДК - 247. Диссертациялық кеңес туралы ереже. Бірінші басылым.
Диссертациялық кеңес
туралы ережеге
№4 Қосымша
Аннотация құрылымына талаптар
Аннтацияда диссертацияның негізгі идеясы мен тұжырымдары
баяндалуы тиіс, автордың зерттеу жұмыстарындағы үлесі көрсетілген,
зерттеу нәтижелерінің жаңашылдығы мен практикалық мәнінің деңгейі.
Аты-жөні,тегі _____________________________
_________________________ мамандығы бойынша философия докторы
(PhD) дәрежесін алуға ұсынылған _____________________________________
« » диссертациялық жұмысының АННОТАЦИЯСЫ
1.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
2.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты және ғылыми нәтижелері.
3.
Зерттеудің объектісі …
4.
Зерттеу пәні…
5.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
6.
Зерттеудің міндеттері.
7.
Қорғауға шығарылатын нәтижелер.
8.
Алынған нәтижелердің тәжірибелік маңыздылығы
9.
Ізденушінің қосқан жеке үлесі.
10.
Диссертация нәтижелерінің апробациядан өтуі.
11.
Жарияланымдары.
12.
Диссертацияның құрылымы және көлемі
16
Е ҚазҰАУ ДК - 247. Диссертациялық кеңес туралы ереже. Бірінші басылым.
Диссертациялық кеңес
туралы ережеге
№5 Қосымша
__________________
ғылымы бойынша
диссертациялық кеңестің төрағасына
_______________.
ӨТІНІШ
Менің ______________________________________________мамандығы
(ғылыми қызметкерлер мамандығының шифры мен атауы)
бойынша _______________________________ докторы ғылыми дәрежесін
алу үшін (ғылым саласы)
__________________________________________________________________
(диссертацияның атауы)
тақырыбындағы диссертациямды қарауға және қорғауға қабылдауыңызды
өтінемін.
Ғылыми кеңесшілер: ________________________________
Қолы Күні
17
Е ҚазҰАУ ДК - 247. Диссертациялық кеңес туралы ереже. Бірінші басылым.
Диссертациялық кеңес
туралы ережеге
№ 6 Қосымша
Мамандыктың шифры және аты (PhD) докторы дәрежесін алуға
ұсынылған «Диссертация тақырыбы» (Т.А.Ә.) диссертациясына
Ресми рецензенттің пікірі
1.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
2.
Диссертацияда тұжырымдалған тұжырымдары мен ұсынымдарының
негізделген ғылыми ережелерінің деңгейі.
3.
Зерттеу
нәтижелерінің
жаңашылдығы
мен
практикалық
маңыздылығы.
4.
Диссертацияның
негізгі
кағидаларының,
нәтижелері
мен
корытындыларының жариялануының жеткілікті толықтығына растама.
5.
Диссертация мазмұны қысқаша аннотациясына сәйкес келуі.
6.
Диссертация мазмұнындағы және рәсімделуіндегі кемшіліктер.
7.
Ауыл шаруашылығы ғылымдары бойынша докторантқа философия
(PhD) докторы дәрежесін ұсыну мүмкіндігі мен ғылыми дәрежесін ұсыну
Ережесі талаптарының диссертациясына сәйкес қорытындысы.
8.
Пікір 2 данада ұсынылады. Қолы мөрмен расталуы тиіс. Пікір
диссертацияны қорғауға 10 күн қалғанға дейін жіберілуі тиіс. 050100,
Алматы қ., Абая 8 даңғылы, ҚазҰАУ, диссертациялық кеңестің ғалым
хатшысына.
18
Е ҚазҰАУ ДК - 247. Диссертациялық кеңес туралы ереже. Бірінші басылым.
Диссертациялық кеңес
туралы ережеге
№ 7 Қосымша
ТІРКЕУ-ЕСЕПТІК КАРТОЧКАСЫ
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (толық)
Туылған жылы
Азаматтығы ұлты
Аттестациялық істің №
Диссертациялық кеңес
Шешім
қабылданған
күні, айы,
жылы
Шешімнің №
Диссертация қорғалған ЖОО-ның атауы
Дәрежені ізденуші
Мамандық атауы
Дәреже берілді
Дипломның №
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша
доктор
Ескерту:
1. Мәтін 148х105мм форматтағы тығыз ақшыл қағаздан жасалған карточкада
басылады.
2. «Аттестациялық істің №» және «Дәреже берілді» деген бағандар Комитетте
толтырылады.
3. Карточканың артқы жағында ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда) қорғауда ұсынылады қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі
және оның қолымен расталады.
19
Е ҚазҰАУ ДК - 247. Диссертациялық кеңес туралы ереже. Бірінші басылым.
Диссертациялық кеңес
туралы ережеге
№ 8 Қосымша
Келу парағы
____________________________
диссертациялық кеңесі мүшелерінің
________________
мамандығы бойынша докторант __________________________
(
тегі, аты, әкесінің аты)
докторант диссертациясын қорғау жөніндегі кеңес отырысына
______________________________________________________________
(хаттаманың күні, айы, жылы және нөмірі)
Тегі, аты, әкесінің аты
Ғылыми
дәрежесі
Отырысқа қатысуы (қолы)
1
2
3
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы ___________________________________
(Т.А.Ә.)
Ескерту:
1. «Тегі, аты, әкесінің аты» бағанында диссертациялық кеңестің барлық
мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты жазылады.
20
Е ҚазҰАУ ДК - 247. Диссертациялық кеңес туралы ереже. Бірінші басылым.
Диссертациялық кеңес
туралы ережеге
№ 9 Қосымша
Докторант туралы мәлімет
________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Фото
3x4
1
Туған күні және жері, азаматтығы, ұлты
2
Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білімі
туралы ақпарат (жоғары оқу орнының және оқу
мерзімі)
3
Докторантура мамандығы
4
Диссертацияның қорғалған орны және күні
5
Диссертацияның тақырыбы және
жазылған тілі
6
Ғылыми кеңесшілер (Т.А.Ә., лауазымы, ғылыми
дәрежесі, ғылыми атағы, азаматтығы)
7
Ресми рецензенттер (Т.А.Ә., лауазымы, ғылыми
дәрежесі, ғылыми атағы, азаматтығы)
8
Жарияланымдар саны, барлығы,
оның ішінде:
Комитет ұсынатын басылымдарда
Томсон Рейтер, Scopus базасындағы шетел
басылымда
халықаралық конференция материалында, оның
ішінде:
шетелдік конференция материалында
9
Еңбек жолы
күні
Жұмыс орны, Мекеменің мекен-жайы
21
Е ҚазҰАУ ДК - 247. Диссертациялық кеңес туралы ереже. Бірінші басылым.
лауазымы
Қабылдау
мерзімі Босату мерзімі
10
Мекен-жайы, байланыс деректері
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы ______________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Мөр орны, күні
22
Е ҚазҰАУ ДК - 247. Диссертациялық кеңес туралы ереже. Бірінші басылым.
Диссертациялық кеңес
туралы ережеге
№ 10 Қосымша
Диссертациялық кеңесте аттестациялық істің екінші данасы сақталады,
онда екінші данадан басқа 28 тармағында тіркелгеннен басқа мына құжаттар
да тіркеледі:
1)
Диссертацияны қорғауға қабылдау туралы докторант өтініші.
2)
Есептік комиссия хаттамасы.
3)
Кафедраның оң қорытындысы. (Ғылыми жұмыс және интеграция
жөніндегі проректорымен бекітілген, алдын ала қорытындыны
өткізгені туралы отырыс хаттамасынан көшірме).
4)
Ғылыми тақырып пен ғылыми кеңесшілерді бекіткені туралы
хаттаманың (бұйрық) көшірмесі.
5)
Жоғары оқу орны кітапханасынан анықтама.
6)
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасынан анықтама.
7)
Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасынан
анықтама.
8)
Істегі құжаттардың тізімі.
23
Е ҚазҰАУ ДК - 247. Диссертациялық кеңес туралы ереже. Бірінші басылым.
Document Outline
Достарыңызбен бөлісу: |