Утвержден



жүктеу 281,05 Kb.
бет1/2
Дата14.11.2017
өлшемі281,05 Kb.
#231
түріСынақтар
  1   2

Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы «28» шілдедегі

№ 222/8 қаулысымен

бекітілді



«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың

салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы

мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – ХҚО);

2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалы (бұдан әрі – ЗТМО);

3) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

көрсетілетін қызметті берушіде немесе ХҚО-да:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешім;

2) куәлікті немесе оның телнұсқасын беру;

ЗТМО-да:

1) көрсетілетін қызметті алушының дербес шотына аудару арқылы өтемақы төлеу;

2) бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген көрсетілетін қызметті алушыларға жеке және заңды тұлғалардың ақшасын

уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына қаражатты

аудару арқылы өтемақы төлеу болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1 және (немесе) 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша толтырылған Стандарттың 9-тармағының талаптарына сәйкес қажетті құжаттарды және ақпаратты ұсынумен көрсетілетін қызметті алушының өтініші (өтініштері) мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызмет алушыға оған тіркелгені және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді - 1 (бір) жұмыс күні, бұл ретте бір көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

Азаматтарды Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен деп тану туралы шешім алу үшін:

көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, кіріс құжаттар журналында тіркейді, Қазақстан Республикасының азаматын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен деп тану туралы шешім дайындайды - 15 (он бес) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Қазақстан Республикасының азаматын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен деп тану туралы шешімге қол қояды – 2 (екі) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы көрсетілетін қызметті алушыға шешімді береді, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлінісінде өтемақы төлеу кестесіне сәйкес біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны (бұдан әрі – өтемақы) төлеу үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын ЗТМО-ға жібереді – 2 (екі) жұмыс күні.

Алғашқы рет жүгінген адамдарға куәлік немесе оның телнұсқасын алу үшін:

көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы Қазақстан Республикасының азаматын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық

сынақ салдарынан зардап шеккен деп тану туралы шешімді қабылдағаннан кейін куәлікті немесе оның телнұсқасын дайындайды 2 (екі) жұмыс күні;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы куәлікке немесе оның телнұсқасына қол қояды – 1 (бір) жұмыс күні;

Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы куәлікті немесе оның телнұсқасын береді - 1 (бір) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі егер мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылдау үшін қосымша сұрау салу, тексерістер жүргізу қажет болған жағдайда 1 (бір) айға ұзартылады.

6. Рәсімнің нәтижесі Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешім, куәлікті немесе оның телнұсқасын беру, өтемақы төлеу.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

ЗТМО.


8. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) өтудің реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа

қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да қызмет

берушілермен өзара іс-әрекет жасау, сондай-ақ ақпараттық

жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 9-тармағының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар мен ақпараттарды ұсына отырып, ХҚО-ға жүгінеді.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттардың топтамасын ХҚО-ға тапсырған сәттен бастап:

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау - өтiнiштi тiркеген күннен бастап - 20 (жиырма) жұмыс күнi;

алғашқы рет жүгiнген көрсетiлетiн қызметтi алушыларға куәлiк беру -

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу туралы шешiм қабылданғаннан кейiн - 5 (бес) жұмыс күнi;

куәлiктiң телнұсқасын беру - көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшi тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi мемлекеттiк қызмет көрсету туралы шешiмдi қабылдау үшiн қосымша сұрау салу, тексеріс жүргiзу қажет болған жағдайда 1 (бiр) айға ұзартылады.

ХҚО-ға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО-ның қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

ХҚО-ға жүгіну тәртібін сипаттау, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы сұрауының өнделу ұзақтығы, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу тәртібі:

1-процесс - мемлекеттік қызмет көрсету үшін ХҚО ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ХҚО АЖ) ХҚО қызметкерін авторландыру процесі;

1-шарт – логин және пароль немесе электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы тіркелген қызметкер туралы деректердің түпнұсқалығын ХҚО АЖ-да тексеру;

2-процесс - ХҚО қызметкерінің деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты ХҚО АЖ-да авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

3-процесс – ХҚО қызметкерінің мемлекеттік қызметті таңдауы, қызметті көрсетуі үшін сұрау салу нысанын оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, экранға шығару және нысанды (жеке тұлғалар үшін де деректер енгізу, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқықты куәландыратын сканерленген құжатты бекіту) толтыру;

4-процесс – ХҚО қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерге, сканерленген құжатқа) ЭЦҚ арқылы қол қоюы қызметкердің бұдан кейінгі әрекеттері туралы ақпарат алу;

2-шарт - сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұрау салуда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы), ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімі мен ХҚО АЖ-да алынып қойған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің

тізімінде болмауын тексеру;

5-процесс - қызметкердің ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына

байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

6-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ

қойылған құжат қызметін (қызметті алушының сұрауын) «электрондық

үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮӨШ) / «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі (бұдан әрі – ЭҮӨШ) арқылы жергілікті атқарушы орган ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЖАО АЖ) жіберу және көрсетілетін қызметті берушінің бас маманының электрондық мемлекеттік қызметті өндеуі;

7-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің бас маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастыруы. Электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы ЭЦҚ-ны пайдаланып қалыптастырады және ХҚО-ның ақпараттық жүйесіне жібереді;

8-процесс – ХҚО қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының қолына беруі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешім;

2) куәлікті немесе оның телнұсқасын беру болып табылады.

11. Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылын, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығымен және өзара іс-қимыл жасау тәртібін толық сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне

1-қосымша


Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

және байланыс деректері


Р/с



Көрсетілетін қызметті берушінің атауы


Байланыс деректері

1

«Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,

Кривенко көшесі, 25-үй

телефон: 8(7182) 323332

opr.osz.ap@pavlodar.gov.kz



2

«Екібастұз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы,

Мәшһүр Жүсіп, 87 А-үйі,

телефон: 8(71877)70455

zan_ekibastuz@mail.ru



3

«Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы,

Советов көшесі, 10-үй

телефон: 8(71837)50105

zanak@yandex.ru



4

«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауданы,

Абай көшесі, 118-үй

телефон: 8(71841)21173

aktogai_sozprog@mail.ru



5

«Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауданы,

Сәтбаев көшесі, 56-үй

телефон: 8(71840)91481

pavlzan@yandex.ru



6

«Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Железин ауданы,

Квитков көшесі, 7-үй

телефон: 8(71831)22146

gelez_oszn@mail.ru



7

«Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауданы,

Бөгембай көшесі, 97-үй

телефон: 8(71832)21474

irtyshk@yandex.ru



8

«Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Качир ауданы,

Кравченко көшесі, 85 А-үйі

телефон: 8(71833)21371

kachirrouz@mail.ru



9

«Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауданы,

Амангелді көшесі, 57-үй

телефон: 8(71839)21399

OZiSP@yandex.kz



10

«Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі


Май ауданы,

Уәлиханов көшесі, 34-үй

телефон: 8(71838)91434

center5556@rambler.ru



11

«Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,

Генерал Дүйсенов көшесі, 1-үй

телефон: 8(7182)533133

defence6@mail.ru

defence6@rambler.ru


12

«Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Успен ауданы,

10 лет Независимости көшесі, 27-үй

телефон: 8(71834)91400

zanusp@mail.ru



13

«Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауданы,

1 Май көшесі, 18-үй

телефон: 8 (71836)21354

sherb_zanet@mail.ru



«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық

сынақтардың салдарынан зардап шеккен

азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік

ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне



2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау


  1. көрсетілетін қызметті берушіге Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім алу үшін өтініш білдірген кезде:




Негізгі процестердің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының,

ағынының) №

1

2

3

4

2

Атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы

Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексеру

Кіріс құжаттар журналына тіркеу

Құжаттарды қарау

Көрсетілетін қызметті алушыға шешімді беру, өтемақы төлеу үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын ЗТМО-ға жіберу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Көрсетілетін қызмет алушыға құжаттарды қабылдаған және мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетілген талон беру

Шешімді дайындау

Шешімге қол қояды

ЗТМО-да өтемақы төлеу

5

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні

15 жұмыс күні

2 жұмыс күні

  1. жұмыс күні




  1. көрсетілетін қызметті берушіге куәлік немесе оның телнұсқасын беру туралы өтініш білдірген кезде:




Негізгі процестердің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы




1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының,

ағынының) №

1

2

3

4

2

Атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы

Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау

Қазақстан Республикасының азаматын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін куәлік немесе оның телнұсқасын беру туралы құжаттарды қарау

Құжаттарды қарау

Куәлікті немесе оның көшірмесін беруді жүзеге асыру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Талон беру

Куәлікті немесе оның телнұсқасын дайындау

Куәлікке немесе оның телнұсқасына қол қою

Көрсетілетін қызметті алушыға куәлікті немесе оның телнұсқасын беру

5

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні

2 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне

3-қосымша



Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан

зардап шеккен азаматтарды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім алу

үшін өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы





Құжаттарды қабылдайды. Талон береді

(1 жұмыс күні)



Құжаттарды қарайды. Қазақстан Республикасының азаматын зардап шеккен деп тану туралы шешімге қол қояды (2 жұмыс күні)




Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасының толықтығын және өтініштің дұрыс толтырылғанын тексеру



Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді. Кіріс құжаттар журналында тіркейді

(15 жұмыс күні)



иә




Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартылады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі






жоқ



Көрсетілетін қызметті алушыға шешімді беру, өтемақы төлеу үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын

ЗТМО-ға жіберу



(2 жұмыс күні)




Нәтижені қолына беру немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық поштасына жіберу



жүктеу 281,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау