Осымен жоғарыда айтылған теорема дәлелденді (3.74) теңдігі жүйенің қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теореманың дифференциалдық өрнегін береді. Теореманың (3.74) өрнегіне жүйенің ішкі күштері қатынаспайды. Бұл оның қолайлы жағы. Өйткені ішкі күштер әуел баста белгісіз болады. Мұнда олар өздігінен жойылған. Демек, ішкі күштер вектордың өзгеруіне бірден қатыспайды.
Векторлық теңдеу (3.74) декарттық координаттар өстеріне проекциялаудан 3 скаляр теңдеу аламыз:
. (3.75)
(3.75) – теңдеулер, механикалық жүйенің қозғалыс мөлшерінің координаттық өстердегі проекцияларынан уақыт бойынша алынған туындылары жүйенің сыртқы күштерінің бас векторының сол өстердегі проекцияларына тең болатындығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |