3.1.8. Материялық нүктенің кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теорема
Нүктенің кинетикалық энергиясы деп оның массасы мен жылдамдығының квадратының көбейтіндісінің жартысына тең болатын скаляр шаманы айтады. Егер нүктенің кинетикалық энергиясын Т деп алсақ, онда ол мынадай формуламен анықталады:
. (3.43)
Күш әсерінен нүктенің жылдамдығы өзгерді. Сол себепті кинетикалық энергия да уақыт өткен сайын өзгеріп отырады.
Енді кинетикалық энергияның өзгерісінің күшпен байланысың беретін теоремаға тоқталайық. Ол теореманы негізгі теңдеуден қорытып шығарамыз. Сол мақсатпен негізгі теңдеуді алайық та оның екі жағын да d элементар орын ауыстыруға көбейтейік:
.
Бұл теңдеудің сол жағын түрлендірейік:
Достарыңызбен бөлісу: |