2. Еркін емес механикалық жүйе. Бізге n материялық нүктелердің еркін емес механикалық жүйесі берілген болсын. Оның қандай да бір нүктесіне әсер ететін сыртқы және ішкі актив күштердің тең әсерлі күшін -деп алайық. Байланыстардан ажырату туралы аксиомаға сүйене отырып берілген еркін емес механикалық жүйенің әрбір нүктесіне байланыстар реакцияларын түсіреміз. нүктесіне түсетін байланыстар реакцияларының барлығына тең әсерлі күш болсын. Жүйе нүктелерінің әрқайсысына актив күштерге қоса осылайша байланыстар реакцияларын түсіргеннен соң оны еркін механикалық жүйе деп алуға болады. Сол себепті бұл механикалық жүйенің әрбір нүктесіне Нъютонның II және III заңдарын қолдана аламыз. Сонда еркін емес механикалық жүйе қозғалысының векторлық теңдеулері мына түрде жазылады: