Кейде бұл нүктені механикалық жүйенің инерциялар центрі деп атайды. Сонымен, жүйе динамикасында, статикада анықталған ауырлық центрі деген ұғымнан басқа, массалар (инерциялар) центрі-ауырлық центріне қарағанда кең мағыналы ұғым. Жоғарыдағы анықтамасына қарағанда механикалық жүйенің массалары центрінің әрбір уақыт кезеңінде кеңістіктегі орны тек жүйедегі нүктелер массалары мен ол нүктелердің кеңістіктегі орналасуларына ғана тәуелді. Егер жүйе нүктелері үшін еркін түсу үдеуі g тұрақты шама болса, онда нүктелердің массаларын олардың салмақтары арқылы анықтаймыз: . Жүйе массасы М және оның салмағы мынадай қатынаста болатындығын, яғни формуласын ескере отырып, (3.56) формуласын мына түрге келтіре аламыз:
. (3.58)
Сөйтіп, бұл дербес жағдайда (g = const) (3.56) формуласы статикада ауырлық центрін анықтайтын (3.58) формуласына айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |