1.2. Жинақталатын күштер жүйесі 1.2.1. Күштерді қосудың геометриялық әдісі. Жинақталатын күштер жүйесінің геометриялық тепе-теңдік шартты
Абсолют қатты дененің нүктелеріне, әсер ету сызықтары бір О нүктесінде қиылысатын, күштері түсірілсін дейік (1.11-сурет).
Мұндай күштер жиынтығы жинақталатын күштер жүйесі деп аталады. Жинақталатын күштер жүйесі бір күшке эквивалент, яғни оның әр уақытта да теңәсерлі күші болады.
Теорема: Жинақталатын күштер жүйесінің теңәсерлі күші жүйедегі күштердің геометриялық қосындысына тең болады да оның әсер ету сызығы күштер түзулерінің қиылысатын О нүктесінен өтеді.
Теореманы дәлелдеу үшін 1.11-суреттегі күштердің бастапқы нүктелерін күштер әсер ететін түзулер бойымен сырғыта отырып, нүктелерінен нүктесіне келтіреміз. Сонда жинақталатын күштер жүйесі бір нүктеге түсірілген күштер жүйесіне келтіріледі. О нүктесіне түсірілген күштерге біртіндеп күштер параллелограмының заңын қолданамыз. және күштерінің тең әсерлі күші бұл заң бойынша, осылардың қосындысына тең:
Достарыңызбен бөлісу: |