кезеңдеу проблемасы // ҚазҰУ хабаршысы, №3 (46), 2007, - 22-26 б.
Апта №9
1 кредит сағат
Дәріс №17
Тақырыбы: Қазақстан тарихына байланысты статистикалық деректер.
Дәріс мазмұны:
1. Статистиканың ғылымға дейінгі кезеңі.
2. Статистиканы сипаттау.
Мемлекет алға қарай дамыған сайын статистика ғылымын терең оқып-үйрену
маңызды. Статистика- әрбір қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының
айнасы, статистикалық деректер арқылы бүкіл мемлекеттің дамуын, құлдырау кезеңдерін
және олардың нақты себептерін айқын көруге болады. Тарих ғылымында факті ретінде,
салыстырмалы түрде статистикалық деректерді пайдалану әдістеріне тоқталайық.
«Статистика» ұғымы XYIII ғ. екінші жартысында пайда болды, алғаш рет Германия
университетінде пән ретінде қолданылды. Ол кезде статистика- мемлекеттің жетістіктері мен
ерекшеліктерін көрсететін таным ретінде бағаланған еді. «Статистика» латынша «status»
деген сөзінен шыққан, белгілі бір заттардың жағдайы, күйі дегенді білдіреді. Статистика
қоғамдағы құбылыстарды нақты бір уақытқа және кеңістікке қарай сандық жағын зерттейтін
ғылым саласы. Оның басты мақсаты - сол құбылыс туралы сандық мәліметтерді шығарып,
қоғамның осы тұрғыдағы қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Демек, статистика
сапа мен санды қатар қолданады, барлық салаға есеп жүргізіп, оның көрсеткіші бойынша
алдағы міндеттерін айқындайды. Жалпы «статистика» деректану ғылымында үш түрлі
мағынада кездеседі: 1.Статистикалық ақпарат-өңдеуге ұшыраған кез-келген қайталанатын
мәлімет; 2.Түрлі ғылымда, сандық зерттеулерде қолданылатын математикалық әдістің
ғылыми түрі; 3. Тарихи деректің бір түрі. Ең алғаш Грецияда қалалардың жағдайы жөнінде
статистикалық баяндау болды. Ресейде 1860 жылдан бастап Орталық статистикалық комитет
құрылады. Қазақстанда тұңғыш рет Ақмола қаласында статистикалық комитеті 1877 ж.
құрылады. Статистикалық деректерге мұрағаттық деректер мен жарияланған материалдар
жатқызылады. Оларға тек өңделмеген материалдармен қатар, статистикалық зерттеулерге
байланысты нұсқаулар (инструкция) ағымдағы тіркеуге байланысты құжаттар (тіркеу
карточкалары, бланкілер, анкета, формуляр, ведомсттер, бухгалтерлік есептер, сметалар т.б.
жатқызылады.
Статистикалық зерттеулер алдын-ала жоспарланып, арнайы нұсқауы мен
бағдарламасы қабылданды. Байқау бағдарламасының өзіндік негізгі нысаны және өзіндік
емес нысаны болады. Олардың өзі тану белгісі мен бақылау нышаны болып екіге бөлінеді.
Пайда болған статистикалық деректердің мазмұны, мақсаты, міндеті әртүрлі болады.
Статистиканың әдістері дегеніміз- әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың сандық жағы
туралы қорытылған, қойылған мақсатқа сай сандық көрсеткіштерді алу үшін, міндетті түрде
жүргізілген осы саладағы ерекше қызмет жүйесі. Ол үш түрлі кезеңнен тұрады: жаппай
бақылау, мәліметтерді жинақтау және топтастыру, топтастырылған немесе өңделген
мәліметтердің көрсеткіштеріне талдау жасау. Экспедициялық бағдарламаларда
статистикалық формуляр деп аталатын құжаттарға сұрақтар көшіріледі. Формулярдың өзі
карточка, анкета, есеп беру т.б. түрлі болады. Статистикалық деректерді математикалық
әдістер арқылы тарих ғылымында тиімді және дұрыс пайдаланудың әдістерін Д.Иванцов,
К.Ковальченко, Т.Волкова, С.Жакишева, Г.Ерменбетова ұсынды.
Әдебиет:
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. А., 2002.
2. Антонов С.И. Статистические источники по
истории СССР периода
капитализма. Москва, 1968.
3. Источниковедение: Теория. История. Метод. Источники Российской истории.
Учеб. пособие. // Данилеский И.Н., Кабанов В.В., Медушевская О.М.,