Умкд по дисциплине растениеводство для специальности 050801 -агрономия


Өсімдіктердің жеке өсуі мен дамуында



жүктеу 1,77 Mb.
бет10/72
Дата08.05.2023
өлшемі1,77 Mb.
#42482
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72
umkd «ast k dak ldar n n osiru tehnologiyas » 2021-22gg

Өсімдіктердің жеке өсуі мен дамуында жаңа мүшелер (органдар) пайда болады, сонымен қатар өсімдіктердің жеке дамуы үдерісінде олардың мүшелерінің құрылысында өзгерістер орын алады.
Н.Н.Кулешов тұқымдық өсімдіктерде төмендегідей жас кезеңдерін ажыратады:
1. эмбрионалдық, немесе тұқымдық – аналық тұқымдағы қорлық қоректік заттар пайдаланылатын өскіннің күйі.
2. жастық кезеңівегетативтік мүшелердің пайда болуымен сипатталады (мәселен, егін көгі, түптену, сабақтану).
3. есейген кезеңікөбею мүшелерінің (органдарының) қалыптасуы (масақтану, бүрлену).
4. көбею кезеңі – гүлденуі, тозандануы және ұрықтануы.
5. солу (кәрілік) кезеңі жемістер мен тұқымдардың пісуі.
Ф.М.Куперман тұжырымы бойыншы біржылдық өсімдіктерде жастың 3 кезеңі бар: жастық шақ, есею және солу (кәрілік). Өсімдіктердің тіршілік циклінде ол органогенездің (морфогенездің) 12 қосымша кезеңдерін (этаптарын) белгіледі, ал олар өсімдіктердің өсу және даму сипатынан күнібұрын мағлұмат береді.
Органогенез кезеңдері (этаптары) жас кезеңдері сияқты белгілі бір кезекпен өтеді, алайда сырт қарағанда олар бүркемелі түрде өтетіндей, өйткені алдыңғы кезеңдерге тән ерекшеліктер өсімдіктердің кейінгі кезеңдерінде де дами береді.
Кезеңдердің ұзақтығы, әрбір кезеңнің мүше (орган) қалыптастыру қарқыны мен амплитудасы (шегі) сорттың тұқым қуалаушылығымен және өсімдіктердің бейімделген басты факторларының оңтайландыру (оптимизация) дәрежесімен анықталады.
Кезкелген дақылдың өсіру технологиясы оның биологиялық ерекшеліктеріне (қоршаған орта факторларына талаптарына) негізделіп жасалады, сонымен бірге өсімдік тіршілігінің ұзақтығы, жарық күннің ұзақтығына реакциясы, тозаңдану түрі, әрбір өсіп-даму кезеңінің ұзақтығы, гүлдену ұзақтығы ж.б. ескеріледі.
Дақылдардың биологиясы мыналарды қарастырады:
- дақылдың жылуға (температураға) қажетсінуі (ең төменгі өну температурасы, ең жоғарғы өсімдік шыдайтын температура, өсімдіктер үшін оңтайлы температура, өсімдіктердің теріс температураларға төзімділігі, белсенді температура жиынтығы);
- ылғалға қажетсінуі (транспирациялық коэффициенті, су пайдалану коэффициенті, ылғалмен салыстырғандағы қиын-қыстау кезеңі);
- топыраққа, қоректік заттарға (NPK) қажетсінуі;
- жарыққа қажетсінуі;
- ауаға қажетсінуі.
Танаптық (екпе) дақылдардың дамуы мен өнімін басқару жөніндегі осы заманғы білім жүйесі көп жылдардағы нақты зерттеулермен белгіленген объективті заңдылықтарды біріктіреді. Ондай заңдылықтарға (заңдарға) мыналар жатады:
1. Өсімдіктің тіршілік факторларының тепе-теңдік және алмастыруға жатпайтындығы заңы. Оның мәні мынада: өсімдіктердің қалыпты тіршілік қызметіне әсер ететін факторлар тепе-тең дәрежеде болады, белгілі бір факторды (мәселен қоректік заттарды) екінші бір фактормен (ылғалмен) алмастыруға болмайды.
2. Минимум немесе шектеуші (тежеуші) фактор заңы. Бұл заңға сәйкес топырақтың тиімді құнарлығын сақтау үшін өнімді қалыптастыруға өсімдіктермен шығындалған заттарды (элементтерді) топыраққа енгізіп отыру қажет. К.Маркс қайтарым заңының ашылуын Ю. Либихтің бірден-бір өшпес еңбегіне жатқызды, ал К.А. Тимирязев пен Д.Н. Прянишников бұл заңды ғылымның ұлы жетістігі деп атады.
3. Факторлардың жиынтық (қосынды) әсер заңы. Бұл заңға сәйкес өсімдіктердің жоғары өнімділігін әртүрлі факторлардың оңтайлы ара қатынасы ғана қамтамасыз етеді, ал ол әр аймақта әртүрлі болуы мүмкін.
Өнім өсімдік тіршілігінің жиынтық нәтижесі, немесе барлық факторлардың қосынды әсерінің интегралды шамасы.

жүктеу 1,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау