$$$umkd lang$ kz $$$umkd name$ Ата аналармен жұмыс $$$umkd avtors$


Студенттердің өздік жұмысы және оны орындау кестесі



жүктеу 0,63 Mb.
бет4/4
Дата15.01.2020
өлшемі0,63 Mb.
#26699
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4

Студенттердің өздік жұмысы және оны орындау кестесі




Жұмыс тақырыбы

Мақсаты, мазмұны

Әдебиеттер

Ұпай

саны


Өтілу

мерзімі


Формасы

1

Педагогикалық ұжымның тиімді жұмыс жасауының бір жағдайы ретінде отбасы мен мектепке дейінгі мекемелердің өзара әрекеттесуі.

Педагогикалық ұжымның тиімді жұмыс жасауының бір жағдайы ретінде отбасы мен мектепке дейінгі мекемелердің өзара әрекеттесуі жайлы түсінік беру

Выготский Л.С.

Педагогическая психология.М.,1991



4

1 апта

Реферат

2

МДМ-де ата-анамен жұмысты ұйымдастыру.

МДМ-де ата-анамен жұмысты ұйымдастыруы жайлы мағлұмат беру

Волков К.Н. Психологи о педагогических проблемах.М:Просвещение, 1981


4

2 апта

Баяндама

3

МДМ мен отбасының өзара әрекетіне қазіргі заманғы қатынасы.

МДМ мен отбасының өзара әрекетіне қазіргі заманғы қатынасы жайлы түсінік беру

Крутецский В.А.Основы педагогических психологии.М.,1972

4

3 апта

Ауызша пікір алысу

4

МДМ-дегі ата-анамен жұмыстың формалары.


МДМ-дегі ата-анамен жұмыстың формалары жайлы түсінік беру


Немов Р.С.Психология.Книга 2. М.,2000г.


4

4 апта

Конспект

5

Баланың дамуы туралы МДМ-ң және отбасының функционалдық өзара әрекеттесу моделі.

Баланың дамуы туралы МДМ-ң және отбасының функционалдық өзара әрекеттесу моделі жайлы мағлұмат беру

Зимняя И.А. Педагогическая психология.М.,1995


4

5 апта

Конспект

6

МДМ-гі ата-аналар жиналысы.

МДМ-гі ата-аналар жиналысы жайлы түсінік беру

Мұқанов М.

Педагогика

лық психология очерктері.Алматы.1962


4

6 апта

Конспект

7

Ата-аналармен жұмыстағы диагностикалық әдістер.

Ата-аналармен жұмыстағы диагностикалық әдістер жайлы түсінік беру

Крутецский В.А Психология обучения и

воспитание

школьников.М:1976


4

7 апта

ассоциограмма

8

Ата-аналармен қарым-қатынастың дағдыларын қалыптастыру.

Ата-аналармен қарым-қатынастың дағдыларын қалыптастыру жайлы мағлұмат беру

Айсмонтас Педагогическая психологияМ;2000


4

8 апта

Конспект

9

Отбасы дағдарысы

Отбасы дағдарысы жайлы мағлұмат беру

НемовР.С.

Психология.Книга 2. М.,2000г.




4

9 апта

Реферат

10

Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сауаттандырудың интерактивті әдістері.

Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сауаттандырудың интерактивті әдістері жайлы түсінік беру

Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері.Алматы.1962


4

10 апта

Конспект

11

МДМ мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастағы қиындықтар

МДМ мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастағы қиындықтар жайлы түсінік беру

МарковаА.К.Матис Т.А., Орлов А.Б.

Формирова

ние мотивации учение.М.,1990


4

11 апта

Реферат

12

Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері

Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері жайлы түсінік беру

Крутецский В.А Психология обучения и воспитания школьников.М:1976


4

12 апта

Ауызша пікір алысу

13

Кеңес беру -МДМ-дегі ата-аналармен жұмыстың бір формасы ретінде.

Кеңес беру - МДМ-дегі ата-аналармен жұмыстың бір формасы ретінде түсінік беру

Айсмонтас

Педагогическая психология.М;2000




4

13 апта

Кесте

14

Отбасында бала тәрбиелеуде кездесетін қателіктер

Отбасында бала тәрбиелеуде кездесетін қателіктер жайлы түсінік беру

Выготский Л.С.

Педагогическая психология.М.,1991



4

14 апта

Ауызша пікір алысу

15

Ата–аналар белсенділіктері және қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет етуі

Ата–аналар белсенділіктері және қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет етуі жайлы түсінік беру

ИльясовИ.И.Структура процесса учения.М.,1986


4

15 апта

Топпен жұмыс



Оқу- әдістемелік (технологиялық) карта


апта

Тақырыптар атаулары

Аудиториялық сағаттың бөлінуі

СӨЖ №

СӨЖ балл

Көрнекілік

материалдық жабдықталу




Дәріс

тәжірибе













1

Педагогикалық ұжымның тиімді жұмыс жасауының бір жағдайы ретінде отбасы мен мектепке дейінгі мекемелердің өзара әрекеттесуі.

1

2




№ 1

4

Негізгі және қосымша әдебиеттер

2

МДМ-де ата-анамен жұмысты ұйымдастыру.

1

2




№ 2

4

Слайд

3

МДМ мен отбасының өзара әрекетіне қазіргі заманғы қатынасы.

1

2




№ 3

4

құжаттар үлгілері.

4

МДМ-дегі ата-анамен жұмыстың формалары.


1

2




№ 4

4

ассоциограмма

5

Баланың дамуы туралы МДМ-ң және отбасының функционалдық өзара әрекеттесу моделі.

1

2




№ 5

4

Тірек-схема

6

МДМ-гі ата-аналар жиналысы.

1

2




№ 6

4

Бір үлгісін құру

7

Ата-аналармен жұмыстағы диагностикалық әдістер.

1

2




№ 7

4

Негізгі әдебиететтер

8

Ата-аналармен қарым-қатынастың дағдыларын қалыптастыру.

1

2




№ 8

4

Негізгі әдебиететтер

9

Отбасы дағдарысы

1

2




№ 9

4

видео

10

Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сауаттандырудың интерактивті әдістері.

1

2




№ 10

4

Мұғалімдерге арналған тренинг үлгілері

11

МДМ мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастағы қиындықтар

1

2




№ 11

4

Кәсіби бағдар жұмысыныа арналған әдістемелер үлгілері

12

Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері

1

2




№ 12

4

Педагогикалық жағдаят үлгілері

13

Кеңес беру -МДМ-дегі ата-аналармен жұмыстың бір формасы ретінде.

1

2




№ 13




слайд

14

Отбасында бала тәрбиелеуде кездесетін қателіктер

1

2




№ 14

4

Профессиограмма үлгісі

15

Ата–аналар белсенділіктері және қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет етуі

1

2




№ 15

4

Тірек сызба




Барлығы

15

30




15

4






«МДҰ ата- аналармен жұмыс» пәні бойынша

«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының 4 курс студенттерін 2012-2013 оқу жылына оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету картасы



Оқулық және оқу-әдістемелік құралдың атауы

Әдебиет

саны

Студент

саны

Пайыздық қамтамасыз ету

Ескерту




Негізгі әдебиеттер













1

Выготский Л.С. Педагогическая психология.М.,1991

1

20

5




2

Волков К.Н. Психологи о педагогических проблемах.М:Просвещение, 1981

2

20

4




3

Крутецский В.А.Основы педагогических психологии.М.,1972

2

20

4




4

Немов Р.С.Психология.Книга 2. М.,2000г.

1

20

5




5

Зимняя И.А. Педагогическая психология.М.,1995

10

20

50




6

Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері.Алматы.1962

1

20

5




7

Крутецский В.А Психология обучения и воспитания школьников.М:1976

1

20

5

Кітапханада жоқ, бірақ студенттің оқытушы әдебиетін қолдана алуға мүмкіндік бар

8

Айсмонтас Педагогическая психология.М;2000

2

20

4




9

Маркова А.К., Матис Т.А., Орлов А.Б. Формирование мотивации учение.М.,1990

3

20

15




10

Ильясов И.И.Структура процесса учения.М.,1986

1

20

5





Дәрістердің қысқаша конспекттері
Тақырыбы 1. Педагогикалық ұжымның тиімді жұмыс жасауының бір жағдайы ретінде отбасы мен мектепке дейінгі мекемелердің өзара әрекеттесуі.

Мақсаты: Ата- ана мен педагогтар арасындағы карым-катынастардың принциптері,міндеттері туралы елестетуді қалыптастыру.Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен қатынасқа түсудің профессоналдық компитенттілігінің белгілерін шығару.

Жоспары:

1.Ата-аналармен педогогтардың қарым-қатынас орнатуының принциптері.

2.Ата-анамен жұмыс атқарудағы бала-бақшаның маңызды міндеттері

3.Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен қарым-қатынастағы педагогтың профессионалдық компитенттілігі.

4.Отбасыға деген қатынастағы мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелейтін мекемелердің атқару және ұйымдастыру рөлі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:

Қарым-қатынас әріптестердің өзара теңдігі ретінде өтіп жатыр. Ата-аналар мамандардың кеңестерін белсенді тыңдайды,ал өздері баламен үйде жұмыс істеудің жоспарын жасауға қатысады.Сенімді қарым-қатынастар орнату үшін қамтамасыз ету керек:

-Әр баланың даму ерекшелігіне байланысты нақты мәлімет беру


  • Ата-аналардың балалар тәрбиесіне қатысуға қызықтыру

  • Ата-аналардың эгоцентризмін бұзу

  • Ата-аналармен әріптестік қарым-қатыныс орнату

Отбасымен жұмыс жасауды ұйымдастырудың маңызды негіздері:

- ата-аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру

- тәрбие процессіне қатысатын ата-ана, отбасының басқа мүшелері, педагогтардың талаптарын біріктіру

- балалардың психикалық, физикалық, эмоционалдық жағынан дамуына мектепке дейінгі мекемелер мен үйде жағдай жасау

- балаларды тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналарға көмектесу

Тиімді өзара әрекеттесудің арқасында ата-аналар баларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысына қатысады, олар келесі принциптерді ұстануы керек:



  • Ата-аналар балалардың тәрбиесі мен оқытуына байланысты шешім қабылдауға құқықтары бар және олар соған жауап береді

  • Отбасымен байланыс орнатылады

  • Ашық әрі достасастық қатынас пен өзара сыйластық қамтамасыз етіледі.

Қазіргі замандағы педагогикалық теорияда ата-анамен жұмыс жсасауда бала-бақшаның келесі маңызды міндеттері бар:

- отбасымен жеке жұмыс жасауды ұйымдастыру

- әртүрлі типтегі отбасылардың қиын, маңызды сұрақтарына мамандардың қатысуын тыс қалдырмау

Қазіргі замандағы мектепке дейінгі мекемелерде бала-бақша мен ата-аналардың бірігіп жұмыс жасауында маңызды жағдайлар бар:



  • Мәселелік семинар-тренингтер кезінде педагогтар мен ата-аналардың баларды тәрбиелеу мен оқыту туралы көзқарастарын біріктіру

  • Педагогтар мен ата-аналарды дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістермен қарым-қатынас жасауға үйрету

  • Ұжымдық шығармашылық әрекеттердегі ата-ана мен балалардың жеке дара және шығармашылық қабілеттерін дамыту

  • Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен қатынастағы педагогтың профессионалдық компетенттілігі

Профессиналдық компетенттіліктің құрамына келесі жеке дара қасиеттер мен ұстанымдар, білім, білік, дағдылар кіреді:

Жеке дара сапалар мен ұстанымдар (жеке даралық компонент)

Білім (мазмұнды компонент)

Біліктер мен дағдылар(әрекеттік компонент)

Коммуникативтілік біліктер мен дағдылар

Әдебиет:


  1. Зверева О.Л. Кротова Т.В. МДМ педагогтың ата-анамен қарым-қатынасы- 2005

  2. Денякина Л.М. МДМ-дегі басқару әрекетіне деген қатынасы М., 1997.

  3. Дуброва В.П., Милошевич С.П. МДМ-де әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру. М., 1995.

  4. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. МДМ-де ата-аналармен жұмыс. – М., 2005


Тақырыбы 2. МДМ-де ата-анамен жұмысты ұйымдастыру.

Мақсаты: отбасымен жұмыс жасауды ұйымдастыру жұмысының бағыттары туралы ұғым қалыптастыру. Оның сәтті ұйымдастырылуына шолу жасау

Жоспар:

1.Оқыту ұйымдарының отбасымен жұмыс жасауының негізгі бағыттары

2. МДМ-ң отбасымен жұмыс жасауының системасы

3. Ата-анамен жұмысты сәтті ұйымдастыруға шолу



Дәрістің қысқаша мазмұны:

Оқыту ұйымдарының отбасымен жұмыс жасауының негізгі бағыттары

Отбасыларға мінездеме жасау.Отбасыларды зерттеу үшін диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру.Ата-аналарды психолого-педагогикалық жағынан білімдерін кеңейту жұмыстарын ұйымдастыру. Отбасылық тәрбиенің тәжірибесін қолдану.Отбасылық тәрбиелеуге халық педагогикасының дәстүрлерін енгізу. Отбасымен жұмысқа психолгты белсенді түрде енгізу.

Ата-анамен жұмысты ұйымдастырудың маңызды шолулары:

-Басқарманың қолдауы

-психолгтың тәрбиешілермен бірігіп жұмыс атқаруы

-ата-аналардың түрткісі

-мақсаттарға жету үшін ата-аналарды қатыстыру( жоспарлаау мен талқылыауды ұйымдастыру арқылы

-ата-аналармен жақсы байланыс және тиімді әрекеттесу

-әрекет еркіндігін қамтамасыз ететін жұмыстағы инновациялық климат.

Ата-анамен жұмысты тиімді ұйымдастыруға бөгет жасайтын факторларды айтып өтуге болады:


    • Тез әрі оңай сәттілікті тосу( киын сұрақтарға оңай жауап іздеу)

    • Топтық өара әрекеттесуінің тәжірибесінің жоқтығы

    • Педагог пен психологтан мүмкін емес өте жоғары қорытынды;

    • Дұрыс емес қалыптасқан топтар (атап айтқанда топта конфликтілік жақтардың болуы).

Ата-аналармен жұмыс жасаудағы тағы бір қиындық ата-аналар үлкен адамдар, олардың өз көзқарастары, стереотиптері бар. Мысалы:

- «мен онсыз да бәрін білемін» - жаңа тәжірибе алу мүмкіндігін терістеу,

- «сіз мені неге үйрете аласыз, менің сізден жасым үлкен» - жасының үлкендігін көрсету.

- «тәрбие-еркектің жұмысы емес» - жынысына,

- «сіз педагог не психологсыз, сіз айналысыңыз» - міндеттеу және т.б.

Ата-аналарға теориялық материалды көрсетуде қиындықтар кехздеседі. Ата-аналар консультацияға әртүрлі деңгейдегі профессионалдықпен, біліммен түрлі деңгейдегі жұмысқа деген қызығушылықпен келеді. Кейде теорияны жеткізуге жалпы платформаны жеткізуге уақыт жоқ. Теория тәжірибемен біріккен интеграцияда жақсы танылады. Практикалық жаттығулар арқылы ата-аналар теориялық материалды жақсы біріктіреді.

Қарым-қатынас психологиясында түсінбеушіліктің 4 деңгейі бар:

фонематикалық барьер



  • семантикалық барьер

  • стилистикалық немесе синтаксистік барьер

  • логикалық барьер

Барьерлерді жеңу мүмкін: фонематикалықты — нақты дикциямен, орынды ым-ишара арқылы; семантикалықтыаудитория білімімен және оған таныс терминдер мен түсініктерді қолдану арқылы, жаңа сөздерді үйрету арқылы; стилистикалықтыоратордың мәліметті дұрыс қалыптастыру арқылы, стилистикалық бояуы бар сөздерді дұрыс қолдану. Әңгімелесудің басы мен аяғы жақсы есте сақталады, ортасына қарағанда. Мәліметтің өзі нақты ұйымдастырылған болу керек, ол үшін 1-ден, 2-ден деген сөздерді қолдануға болады; логикалық барьерді жеңу үшін тыңдаушылардың психологиялық бағытын білу керек: егер аудитория мәлімен тақырыбына онша қызықпаса оратор мәліметтің басында ең мықты аргумент айту керек. Жоғары қызығушылық танытқан адамдар үшін аргументациялық системаны қолданады.

Ата-аналардың назарылығы мынандай кездерде болады:

    • жұмыстың мақсатф түсіндірілмегенде;

    • Біріккен жұмысты жоспарлауда ата-аналар қатыспады. Ата-аналарға кез-келген өзгешеліктерді қолдау тән, егер олар дайындыққа қатысса. Біздің барлығымызға өз кеңестерімізге құлақ асу тән;

    • Ұжымның дәстүрлері жауапсыз қалады. Жұмыстың әдеттегі жағдайына қалыптасу керек, мысалы ата-аналар жиналысының мүмкіндіктері қолдану;

    • Өткізілетін жұмыс қосымша энергетикалық ресурстарды қажет етеді, кететін уақыттың көбеюімен қауіпті;

    • Бәрі онсыз да жақсы сияқты («бұның бәрін неге ойлап тапты?»);

    • Жұмысты ұйымдастырушы сенім мен құрметке ие емес. Өкінішке орай біз жиі жобаның өзіне емес, оның авторына қараймыз.

Әдебиет:

  1. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004

  2. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006

  3. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005, стр. 76.

  4. Микляева Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. М.,2006

  5. Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А. Нетрадиционные формы работы с родителями. – М., 2005


Тақырыбы 3. МДМ мен отбасының өзара әрекетіне қазіргі заманғы қатынасы.

Мақсаты: отбасы мен МДМ-ның өзара әрекеті туралы ұғым қалыптастыру.

Жоспары:

1.Балабақша мен отбасы қарым-қатынасының өзара әрекеті мен бірігіп жұмыс істеуі. 2.Балабақшаның ашықтығы.

3.Ата-анамен жұмысқа деген дифференциялдық қатынас;

4.МДМ мен ата-аналардың жұмыс жасауының мазмұны, ұйымдастырылуы және әдістемесі. Дәрістің қысқаша мазмұны:

Отбасылық тәрбиенің приоритетін мойындау балабақша мен отбасының жаңа қатынасын талап етеді. Бұл қатынастардың жаңалығы «бірігіп жұмыс жасау», «өзара әрекеттесу» сияқты ұғымдармен анықталады.

Бірігіп жұмыс жасау – бұл тең дәрежеде қатынас жасау, мұнда ешкім бұйрық беріп бақылап, бағалай алмайды.

«Отбасы – МДМ» деген контекстегі бастысы – сәттіліктер, сәтсіздіктер, сенімсіздік, белгілі бір отбасындағы баланы тәрбиелеудегі қиындықтар. Педагогтар мен ата-аналардың қарым-қатынасының жаңа формаларына ену үшін балабақша ашық системамен жұмыс істеу керек. Шетелдермен отандық зерттеулерге қарағанда – МДМ-ның «ішке ашық», «сыртқа ашық» түрлерін түсіндіреді.

Бала-бақшаға «ішкі ашықтық» беру дегеніміз – педагогикалық процессті еркін, дифференционалды қылу, балалар, педагогтар, ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты ізгілендіру. «бала-бақшадағы ішкі ашықтық» - бұл білім беру процессіне ата-аналарды қатыстыруАта-аналар, отбасы мүшелері МДМ-де балалардың өмірін түрлендіруге көп үлес қоса алады.Бұл әр отбасы жасай алатын эпизодтық іс-шара болуы мүмкін. Кейбір ата-аналар,отбасы мүшелері өткізілетін оқыту, денсаулық шараларына қатысады.Мысалы, үйірмелер ұйымдастырады, театрлық жұмыстарға қатысады.

Осылайша, МДМ жұмысына ата-аналардың қатысуынан барлық субъектілер ұтады. Ең бастысы балалар. Тек қана жаңаны біліп қоймайды, ең маңыздысы олар көп қызықты нәрсе білетін, қолы алтын ата-аналарын, апаларын, аталарын одан сайын жақсы көріп, құрметтейді. Педегогтар, өз кезегінде отбасыларды жақсы тануға, үйдегі тәрбиенің мықты және әлсіз жақтарын білуге мүмкіндік алады, үйренеді..



«Бала-бақшаның сыртқа ашықтығы» дегеніміз – бала-бақша микросоциумның , өз микроауданының әсерін қабылдауға дайындығы, территориясында орналасқан соционалдық институттармен яғни, жалпы орта мектеппен, музыкалық мектеппен, спорттық кешенмен, кітапханамен т.б. бірігіп жұмыс істеуге дайындығы.мысалы кітапхана көлемінде «кітап мерекесі» өтеді, оған бала-бақшаның ересек топтағы балалры қатысады, музыкалық мектептің оқушылары бала-бақшаға келіп концерт қояды, ата-аналар, балалар, қызметкерлер аудандық іс-шараларға қатысады.

Бала-бақша ашық деклорациялық системаға айналу үшін ата-аналар мен педегогтар психолгиялық сенімді қарым-қатынаста болу керек, ата-аналар педагогтың балаға деген қатынасы жақсы екендігіне сенімді болу керек. Сондықтан да педагог балаға мейірімді көзқараспен қарау керек; ол баланың дамуындағы жағымды жақтарын көруге тырысып, жақсы жақтарын дамытудың жолдарын қарастыру керек. Ашық бала-бақшаның жағдайында ата-аналар өздеріне ыңғайлы уақытта топқа келіп, баласын бақылап,баламен ойнауға мумкіндік алады.Педагогтар мұндай жоспарланбаған, еркін келулерді кейде ұнатпайды,өз жұмыстарын тексеру деп ойлап қалады. Бірақ ата-аналар бала-бақшаның өмірін бақылыай отырып,көптеген қиындықтарға (ойыншықтың аздығы, жуынатын бөлменің тарлығы т.б.) көз жеткізе отырып көмектесуге. Ұқсас мәселесі бар ата-аналар тобында өзара әрекеттесуді дифференционалдық қатынас дейміз.

Дифференционалдық қатынас ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруда керек, - ол педагогикалық білім мен дағдыларды шыңдауға пайдалы. Ата-аналарға деген дифференционалдық қатынасты тәрбиешілер іске асыру үшін олар жалпыпедагогикалық, спецификалық жағдайларды жасауы керек:

- ата-аналар мен педагогтар арасындағы сенімді қарым-қатынас;

  - ата-аналарға деген қатынаста такт, ізгілік, сыпайылық білдіру;

  - әр отбасының өмір сүру жағдайларын, ата-анасының жасын, тәрбиелеу мәселелелеріне дайындығын ескеру ;  

  - ата-аналармен жұмыстың әртүрлі формаларының өзара байланысы

  -ата-аналр мен балаларға бірдей әсер ету;

  - ата-анамен жұмыс жасағанда белгілі бір бірізділікті, системаны сақтау



Дифференциация тестілеу, анкеталау түрінде отбасын зерттейтін белгілі бір бағдарламамен жұмыс істеулер і керек:

  1. Отбасы құрылымы (қанша адам, жасы, білімі, мамандығы),

  2. Отбасының психологиялық климаты (өзара жеке қарым-қатынас, сөйлесу стилі).

Бұл үшін педагог балалардың ата-аналарымен жек-дара әңгіме жүргізуі, әртүрлі әдістемелерді қолдануы керек.

Отбасылық өмірдің стилі мен фоны: отбасылық жағдайдың (жағымды, жағымсыз) қандай әсері бар екенін, отбасылық конфликті мәселелерінің себебі

3. Анасының, әкесінің отбасындағы әлеуметтік статусы, тәрбие процессіне қатысу деңгейі, баланы тәрбиелеуге деген ынтасы

4. Отбасының тәрбиелік климаты (мақсаттарды мойындау, үйдегі педагогикалық жүйенің болуы не болмауы)



Әдебиеттер:

  1. ЗвереваО. Л., Кротова Т. В. «Общение педагога с родителями в ДОУ. Методический аспект». М, 2005

  2. СолодянкинаО. В. «Сотрудничество дошкольного учреждения с семьей.пособие для работников ДОУ». М. 2005

  3. ДороноваТ. Н. «Взаимодействие дошкольного учреждения с родителями». М., 2002


Тақырып 4. МДМ-дегі ата-анамен жұмыстың формалары.

Мақсаты:

Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:


*Ата—ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;
*Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту;
* Ата – аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;
Ал міндеттері:
* Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді.
* Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата — ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады.
Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата — аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Олар ата — аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізді.
Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата — аналардың пеадгогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата — аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті .
Ата — аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?
Ол үшін біз ата — аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата — аналардың ұсыныс — пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата — аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата — аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата — аналардың ұсыныс — пікірлермен санаса отырып ата — аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ — жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата — аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс — тәсілдері қарастырылады. М. Әуезов « Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек » . Өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады.

МДҰ ата - аналармен жұмысын ұйымдастыру нысандары әр түрлі болуы мүмкін. Жұмыстың бұл нысандары мен әдістерінің барлығы педагогикалық тұрғыдан негізделгендігі және ынтымақтастық пен өзара іс - әрекеттің біртұтас жүйесінде бірін бірі толықтырып отыруы өте маңызды. 
 -  Жеке кездесу;
-  әңгімелер мен лекциялар;
 - құқықтық лекторийлер
- ата-аналарға арналған психологиялық жаднамалар
 Ақпараттық - әдістемелік жұмыс – ата - аналарға тәрбие мәселелері бойынша әдістемелік көмек беру, ақпарат құралдарында МДҰ өмірі, отбасы тәрбиесі мәселелеріне байланысты мақалаларды жариялау, ата - аналар қауымына арналған ақпараттық және әдістемелік жаднамалар шығару:
 -  ата - аналарға арналған қабырға тақтасы;
  - ата - аналар университеті;
 - маман – дәрігерлермен, заңгерлермен кездесулер;
 - балалардың сабақтарына;
 - кештерге, апталықтарға қатысу
 - ата - аналардың ашық есік күніне қатысу.
Диагностикалық талдау жұмыстары ата - аналармен өзара іс - әрекеттің ең қызықты әрі жауапты бағыты. Тәрбиеші өз топ балаларына ата - аналарын жан - жақты зерттеп, олардың педагогикалық білім дәрежелерін, отбасындағы қарым – қатынас деңгейін анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға тиісті жұмысты тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Диагностикалық зерттеулер:
 - топқа көмегі;
-  өз баласына ықпалы;
-   тәрбиешімен қарым – қатынасы;
- ата - аналарды топтау;
- МДҰ оқу - тәрбие үрдісіне көзқарасы;
Бұқаралық – мәдени жұмыс ата - аналардытоптың және МДҰ дәстүрлі іс - шараларына мейлінше көбірек қатыстыруға бағытталуы қажет:
-  МДҰ кәсіптік бағдар беру жұмыстарына қатысу;
-  үйірме жұмыстарын жүргізу;
-  МДҰ жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға қатысу;
-  кітапхана қорын молайтуға, көрме ұйымдастыруға көмектесу;
-  іс - шараларды ұйымдастыруға және оларды өткізуге материалдық көмек көрсету.
Балалардың бойында елжандылық қасиеттерді қалыптастыруда ата - аналармен ынтымақтастықта өткізілетін жұмыс түрлерінен «Аналар мектебі» мен «Аталар мектебінің», ата - аналардың кәсіптік бағдар беру жұмыстарына байланысты өткізілетін жанұя мүшелерінің жетістіктерін мақтаныш қылатын «Мен және менің жанұям» көрмесін, Республика күніне арналған, ата - аналардың қатысуымен өткізілген «Достық жәрмеңкесі», «Өнерлі отбасы» байқауы, спорт жарысы «Жұлдызды сәт» мерекелерін атап айтуға болады. Жетістік арқылы тәрбиелеу баланың және оның отбасының қадір –қасиеттеріне, құндылықтарына, мұраттарына сүйенген түрде баланы, ата - аналарды мейлінше тереңірек түсінуге деген мектептің ұмтылысын көздейді. Бала тәрбиесінің тиімді тәсілдерін отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында пайдалану екі жаққа да тиімді тәсіл болып табылары сөзсіз.



Тақырыбы 5. Баланың дамуы туралы МДМ-ң және отбасының функционалдық өзара әрекеттесу моделі

Мақсаты: МДМ-ң отбасымен өзара әрекеттесу ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру Жоспар:

  1. МДМ мен отбасының мәліметтік-аналитикалық блогы

  2. МДМ мен отбасының өзара әрекетінің іс-тәжірибелік блогы

  3. МДМ мен отбасының бақылау, бағалау өзара әрекетінің блогы

  4. Дәрістің қысқаша мазмұны:

Структура-функционалдық модель 3 блоктан тұрады: мәліметтік-аналитикалық,іс-тәжірибелік және бақылау-бағалау

Мәліметтік-аналитикалық блок - ата-аналар мен балалар туралы мәлімет жинау, қорытындылау,отбасыны зерттеу,олардың қиындықтары мен мәселелрін зерттеу.

Осы блоктағы міндеттер педагогтың ары қарайғы жұмысының формалары мен әдістерін анықтайды. Бұл әдістерге: сұрақ-жауап, анкетілеу, патронаж, ин­тервьюировілеу, бақылау, медициналық карталарды зерттеу

Ата-аналармен мәліметтік-аналитикалық болк тұрғысындағы жұмыста өзара байланысты 2 бағыт бар.

Бірінші бағыт — ата-аналарды сауаттандыру,белгілі бір сұраққа байланысты керек мәліметті беру. Сұрақтарға жауап беру үшін әртүрлі формалар қолданылады: лек­циялар, жекелей және топтық кеңестер, мәліметтік қағаздар, газеттер, парақ-еске салулар, ата-аналарға арналған кітапханалар, видеотека, аудиотека және т.б.

Екінші бағыт — білім беру аймағына қатысатындардың барлығының жемісті қарым-қатынас орнатуы, яғни пікірлермен, идеялармен, сезімдермен бөлісу.

Осы мақсатта ата-аналар мен балалар қарым-қатынасқа түсетін іс-шаралар жоспарланады және өткізіледі. Ата-аналардың балаларымен дәстүрлі қарым-қатынас орнатудағы сұрақтары, мысалы, «не жедің», «шалбарың неге кір» деген сұрақтармен аяқталады.

Педагогикалық ұжымның басты міндеті ретінде ситуациялық-қызметтік және тұлғалық-ориентациялық тұрғыда ортақ істі іске асыру ( сурет салу, спектеакльдегі рөлдер, кітаптар, ойындар, мейрамға дайындалу, серуенге дайындалу, ортақ жоба жасауға дайындалу).

Екінші блок балалардың денсаулығы мен дамуына байланысты белгілі бір міндеттерді шешуге байланысты болғандықтан ол іс-тәжірибелік деп аталады.

Медициналық қызметкерлердің, мамандардың, психолгтардың, педагогтардың одан арғы жұмысының формалары мен әдістері бірінші блоктағы анализ қорытындысында алған мәліметке байланысты.

Соңғы екі жылда ғалымдар мен іс-тәжірибешілер ата-аналармен жұмыстың қызықты формаларын ойлап тапты.

Үшінші блок – бақылау-бағалау блогы.

Бақылау-бағалау блогы – бұл балабақшаның мамандары өткізетін іс-шараның өнімділігінің қорытындысы.

Іс-шараның өнімділігін анықтау үшін мынадай әдістерді қолдануға болады: сұрақ-жауап, бағалау парағы, экспресс-диагностика және әрбір іс-шарадан кейін өткізілетін басқа әдістер. Педагогтардың өз анализдерін жасаудың да маңызы зор.

Арнайы зерттеу нәтижесінде модельмен жұмыс істеу педагогикалық ұжым мекеме тұрғысында және бала-бақша немесе топтың көлемінде әрекетті структілеуге мүмкіндік береді..

Осылайша, осы модель МДМ-ң меңгерушілеріне педагогикалық ұжыммен жұмыс істеудің жөнелту нүктесі болып табылады.

Әдебиеттер :

1. Глебова С.В. Детский сад – семья: аспекты взаимодействия. – Воронеж, 2005

2. Зверева О.Л. Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. – М., 2005

3. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004

4. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006
Тақырыбы 6. МДМ-гі ата-аналар жиналысы.

Мақсаты: МДМ-дегі ата-аналар жиналысын ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастыру. Ата-аналармен жұмыс істеудің ерекшеліктерін ашу, ата-аналар жиналысының өнімділігін көбейту. Жоспары:


  1. Ата-аналар жиналысындағы педагог

  2. МДМ-дегі ата-аналар жиналысын ұйымдастыру

  3. Ата-аналар жиналысы кезіндегі өара әрекеттің принциптері

  4. Ата-аналар жиналысыны ұйымдастырудың өнімділігін жоғарылату

Дәрістің қысқаша жоспары:

Ата-аналар жиналысы дегеніміз – бұл балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту кезіндегі мәселелер мен міндеттерді шешу үшін жиналған адамдар тобы. Ол оқыту мекемесіне бастысы, өз балаларына көмектесу үшін қолданылады.

Ата-аналар жиналысы бірнеше функцияны: маңызды мәселелерді шешу, ата-аналар ұжымын ұйымдастыру жағдайы, тәрбие процессіе басқару және т.б орындайтын жұмыстың әмбебап формасы.

Ата-анаман жұмыстың көптеген формасының ішіндегі жетекшісі ретінде ата-аналар жиналысы болып қала береді.

Ата-аналар жиналысы 2 бөлімнен тұрады:

1.жалпы бөлім (әңгімелесу, белгілі бір жағдайды шешу, жоспарлау, дисскусия т.б).

2.жеке дара бөлім ( бірнеше ата-ананың өздерін қызықтыратын сұрақтары бойынша жеке дара консультация өткізуі).

Ата-аналардың балалардың жас ерекшеліктері, жас ерекшелік дағдарыстары туралы біліп, оларға көмектесудің жолдарын білгендері маңызды.

Ата-аналардың өз балаларына деген қарым-қатынаста қай кезде белсенді болу керек, ал қай кезде ол көмек артық болатындығы туралы ұғымдары болу керек.

Ата-аналардың тәрбиешімен белгілі бір тақырыпта кездесуінің нәтижесі ретінде пайдалы мәлімет алу өз баласының тәрбиелеу мен оқыту процессін жақсарту туралы мәлімет алу болып табылады.

Айта кету керек: ата-аналардың барлығы естігендерін орындайды деп айтуға болмайды. Егер кейбір ата-аналар алған мәліметті қолданса немесе өз баласына деген қатынаста қателіктерін мойындаса – бұның өзі жаман емес көрсеткіш.

Ата-аналар жиналысының жылына кемінде екі рет өткізілгендігі тиімді. Бұндай жағдайда ата-аналардың психологиялық компитенттілігін жоғарылату жұмыстары жүргізілетіндігін айтуға болады.

Психологтың осы жұмыс формасының тағы бір қорытынды нәтижесі ретінде ата-аналардың жеке дара кеңесін айтуға болады, онда талқыланатын тақырып ата-аналар үшін маңызды.

Тәрбиешінің ата-аналар жиналысындағы позициясы (басқарушылық, оқытушылық емес, сыйласымдылық әрі мейірімді) ата-аналармен жұмыстың сәтті әрекеттесуінің негізін қалайды.

Алайда ата-аналар бұндай қарым-қатынасқа дайын болмай шығады. Бұл пассивтілікте, қарсылықтың әртүрлі формасында көрінеді.

Егер тіпті ата-аналар жоғары қызығушылық пен жоғары белсенділік танытса да, көбінесе байқаусыздық танытады, бұл да психологпен жұмыс істеуде қиындықтар туғызады.

Берілген фактілерді ата-анаман кездесуде ескреген жөн. Алдын ала ата-аналардың қызығушылығын жоғарылату үшін қандай мазмұнда, қандай формаларда жұмыс істеу керектігі туралы ойланған жөн. Ата-аналар жиналысында болатын өзара әрекеттестік қиындықтары туралы ойлану – педагогтың профессионалдық қызметінің маңызды бөлігі.

Ата-аналардың қызығушылығын оятып, сенімділігін арттыру үшін уақыт керек. Тек шыдамдылық, ата-аналарға деген мейірімді сыйласымдылық қатынас қана педагогқа күтілген нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.

Жиналыс кезіндегі ата-аналармен өзара әрекеттесу принциптері:


  • Ата-аналарға, балаларына деген сыйласымды, мейірімді қатынас, әрекеттерді бағалауды өз жағынана да, ата-аналар жағынана да болдырмау.

  • Психологиялық феномендерді түсінікті жеңіл тілмен жеткізу профессионалдық терминологияны қолданбау қиын нәрсе туралы оңай түрде айту.

  • Конфедионалдық принципті қолдану,белгілі бір бала туралы диагностикалық мәлімет бермеу. Топқа байланысты жалпы тенденцияларды айтқан жөн.

  • Ата-аналардың назарын өз мүмкіндіктері мен ресурстарына аудару, өзін ата-ана ретінде жақсы бағалауға үйрету.

Тақырыптық ата-аналар жиналысы ата-аналардың өз еркімен қатысуын талап етеді. Ата-аналардың қарсылық білдіру қиындықтарына, төмен дәрежедегі қызығушылықтарына, психологтың жаңа жұмыс формаларына деген сенімсіз көзқарастарына байланыстытақырыптық ата-аналар жиналысының дайындалу бөліміне баса назар аударған жөн

Дайындық бөлімінің негізгі бөлімдері:

  1. Ата-аналар жиналысының мүмкін тақырыптарын таңдау, олардың аттарын қалыптастыру.

  2. Тақырыптық ата-аналар жиналысына ата-аналардың қатысуының мотивациялық дәрежесін көтеру.

  3. Белгілі бір топқа байланысты жиналыстың тақырыптық мазмұнының мәліметтерін жинау.

  4. Жиналыстың тақырыптық мазмұнын дайындау, жиналыстың мақсаты мен міндеттеріне байланысты талқыланатын сұрақтардың бірізділігін сақтау.

Ата-аналардың жиналысын ұйымдастырудың өнімділігін қалай арттыруға болады.

  • Ата-аналардың интелектілік эмоционалдық ресурстарын ескеру. Оларды дұрыс бағаламауға да болады. Ата-аналар жиналысына өз еркімен келу – бұл соншалықты аз емес.

  • Қанағаттану келесі принциптермен жүзеге асады:

- белсенділік (ата-аналардың қалауларын ескеру)

-белгілі бір шешімдерді қабылдау үшін, мәселелерді талқылау үшін ортақ бірігу.и

- маңыздылығы (талқылауға алынған тақырып, мәселе маңызды болу крек.)

- қорытындылығы ;

-бірігіп жұмыс істеуі ( балалар мәселесін шешуде бір-біріне көмек, түсіну мәселелерін отбасы шешсе, оқытушылық мәселелерді балабақшалар мен МДМ шешеді).


  • Ең керекті жиналыстарды ғана өткізу

  • Ата-аналарға тақырыпты алдан ала айту, техникалық дайындық жұмысын жүргізу.

  • Ата-аналар жиналысын уақытында бастап, кақытында аяқтау.

  • Пікіртер мен идеялар алмасуды ұйымдастыру.

  • Рефлексия өткізу.

  • Психологтың бағаламайтын талқылауларының маңыздылығына назар аудару.

  • Профессионалдық этиканың нормаларын сақтау.

  • Баланы тексеруге ата-ананың келісімін алу.

  • Психолог конструктілі түрде әртүрлі жағдайларда, әртүрлі көзқарастар тұрғысында қорытынды жасай алу керек.

Әдебиеттер :

1. Глебова С.В. Детский сад – семья: аспекты взаимодействия. – Воронеж, 2005

2. Зверева О.Л. Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. – М., 2005

3. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004

4. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006

5. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005, стр. 76.

6. Микляева Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. М.,2006

7. Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А. Нетрадиционные формы работы с родителями. – М., 2005


Тақырып 7. МДҰ ата – аналармен диагностикалық әдістер

Мақсаты: Ата-аналармен жүргізілетін диагностикалық әдістермен таныстыру.

Негізгі ұғымдар: диагностикалық әдістер
Психологиялық топты зерттеу және жекелік психодиагностика патогенді және эмоционалды күйлерді (ең алдымен қобалжу және қысым), жекелік- психологиялық еркшеліктерді және бала дамуында белгілі бір қиындықтар тудыратын және психикалық денсаулық бұзылысының негізгі факторы ретіндегі көріністерді анықтайды.

Психологиялық диагностика нәтижесі психологтың алдағы коррекциялық жұмысын анықтауда «Баланың жеке басын дамыту мектебі» және «ата-аналар мектебі» тақырыптарында бала және ата-ана, топпен, тұтас отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру, кеңес беру бағытын таңдау, психологиялық ағарту, алдын-алу шараларының тиімділігін нақтылауы қажет.



Отбасын зерттеу үшін не қажет?

Жанұяны танып білуде педагог-психолог жанұяның өмірімен жақын танысуы қажет. Олардың рухани құндылығы, салт-дәстүрлері, тәрбиелеу мүмкіндіктері, өзара қарым-қатынастары, бала мен ата-ананың сыйластық, жақындық байланыстарын әбден тануы абзал. Жанұяны зерттеу – ол өте нәзік іс, педагог-психологтен әрбір отбасы мүшесіне құрметпен, сыйластықпен, шын сезіммен қарап, көмек көрсетуді қажет етеді.



Педагог-психологке мына ережені сақтау маңызды:

  1. Ата-ана да, бала да өздерін зерттеу нысаны ретінде сезінбеулері тиіс;

  2. Оларды зерттеу үздіксіз, мақсатты, жоспарланған болуы шарт;

  3. Зерттеу әдісі тәрбие әдісімен өзара байланысты болуы тиіс;

  4. Педагогикалық-психологиялық зерттеу әдісі әр түрлі, кешенді қолданылуы керек

Балабақша мен отбасының байланысы:

- ата-ананың педагогикалық белсенділігін қалыптастырудағы бағыты, көзқарасы;

- ата-ананы педагогикалық білімімен және дағдымен қаруландыру;

- бала тәрбиесіне ата-ананың белсенді қатынасуы.



Мектеп пен отбасы қызметінің байланысына жататын басты міндеттері:

- ақпарат;

- тәрбиелік-дамытушылық;

- қалыптастыру;

- сақтану-сауықтыру;

- бақылау;

- тұрмыстық.

Балабақша мен отбасы байланысын ұйымдастыруды болжау:


  • отбасын зерттеудегі мақсат үй мен мектепте баланың тәрбиелену мүмкіндігі;

  • отбасыларды топтаудағы негізгі мүмкіндік өз балаларын және топ балаларын тәрбиелеу үшін оның адамгершілік өнегесін үлгі ету;

  • бірлескен тәрбиелік іс-әрекеттің қорытынды нәтижелерін талдау;

  • отбасы мен балабақша бірлігі, отбасы тәрбиесінің ахуалын және ата-ана мен баланың жеке ерекшеліктерін зерттеуден бастау.

Отбасы тәрбиесінің маңызды бөлігі :

- отбасы тәрбиесіндегі ахуал (салт-дәстүр, жайлы жағдай жасау, қарым-қатынас);

- отбасы өмірінде орныққан тәртіп (күн тәртібі, жұмыс кестесі)

- асыраушының іс-әрекеті (әкесі, шешесі, атасы, әжесі, баласы).



Диагностика мәні диагностика нысанының жағдайын анықтау және бағалауға бағытталған, әрі олардың іс-әрекеттерін басқару мақсатында жүргізілетін педагогикалық қызмет.

ДИАГНОСТИКА - мұғалімнің жеке тұлғасы

НЫСАНДАРЫ - оқушының жеке тұлғасы

  • ұжым

  • отбасы

  • педагогикалық үрдіс т.б.

ДИАГНОСТИКА- -айқындау

НЫҢ АТҚАРА- - түсіндіру

ТЫН НЕГІЗГІ - бағалау

ҚЫЗМЕТІ - даму жолын, келешегін белгілеу, болашағын болжау.

ДИАГНОСТИКА Дәл осы кездегі диагностика нысанының жағдайын анықтау

МАҚСАТЫ және оны әрі қарай жетілдіру жолдарын белгілеу.

НЕГІЗГІ диагностика нысаны туралы мәліметтер, деректер жинау,

МІНДЕТТЕРІ зерттеу нәтижелерін талдау, нысандағы мәнді өзгеріс сипаттарын тауып, оларға ықпал еткен себептерді ашу. Диагностика нысанын жетілдіру жолын айқындайтын бағдарлама құру.

Отбасын жүйелі бағалау үш деңгейлі диагностиканы болжайды. Біріншіден, психотерапевт әрбір отбасы мүшесінің жеке ерекшеліктерін және осы ерекшеліктердің отбасы ішіндегі қарым – қатынасқа қалай ықпал ететінін бағалауы қажет. Сонымен қатар ол отбасының әр мүшесінің психологиялық құрылымының ерекшеліктерін түсінуге көмек беретін психодинамикалық, гуманистік және танымдық – мінез – құлықтық түсініктерді қолдана алады. Олардың отбасыға тұтас құрылым ретінде қандай ықпалы бар екенін түсінуі қажет. Бұл үшін психотерапевт теориялық түсініктердің жетік жүйесін меңгеруі шарт. Баланың туғаннан, өзін басқа отбасы мүшелерінен ерекшелеп тұратын, темпераменті болатынын ұмытпау қажет. Қандай да бір отбасы мүшесінің отбасындағы қарым – қатынасқа ықпал ететінін түсіну үшін, оның темпераментінің ерекшеліктеріне назар аудару қажет. Сонымен қатар, сол отбасы мүшесінің дене құрылымын, интеллектуалды қабілеттерін, отбасының өміріне ену уақытын да ескеру маңызды. Отбасылық психотерапевт барлық психиатриялық және мінез – құлықтық концепциялардың мазмұнымен жақсы таныс болуы қажет. Отбасы жүйесін бағалау үшін отбасы мүшелерінің жеке ерекшеліктерін де ескере білуі шарт.

Екіншіден, әрбір отбасы мүшесінің отбасындағы қарым – қатынасын анықтаумен қатар, отбасын жүйелік бағыттар негізінде де бағалау керек. Отбасы, әсіресе оның ересек мүшелері балаға үлкен ықпал етеді. Отбасындағы құндылықтар жүйесін бала өз өмірінің алғашқы жеті жылында ата – аналарымен қарым – қатынасының арқасында меңгереді. Оның құрбы – құрдастарымен және мұғалімдермен қарым – қатынасы белгілі бір себептермен осы құндылықтар жүйесін тарлатады, кеңейтеді немесе өзгеріске ұшырауына ықпал етеді. Отбасы мүшелерінің баланы жеке қасиеттері бар жанды нәрсе ретінде қабылдауға бейім болуы баланың өзі жайлы түсініктерінің қалыптасуына мәнді түрде ықпал етеді.

Диагностикалаудың үшінші деңгейі отбасы мен қоғамның өзара қарым – қатынасын бағалауға бағытталған. Отбасын аралық сфера ретінде қарастыруға болады,бір жағынан оның мүшелерінің жеке қажеттіліктері, екінші жағынан – қоғамның қоғамның талаптары мен мүмкіндіктері шектеп отырады. Отбасы өзінің мүшелерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, сонымен қатар, әлеумет талаптарына сәйкес мінез – құлқын реттеп отыруға ықпал ететін механизм ретінде қызмет атқарады десек те болады.Отбасылық психотерапевт қандай да бір отбасының қандай әлеуметтік ресустарға бағынатынын жеткілікті түрде түсінуі қажет. Жеке жағдайларда отбасы әлеуметке ықпал етуі қажет, әсіресе, мектеп ортасына. Көптеген отбасылар баланың мектепте мінез – құлқының өзгеруіне байланысты немесе үлгерімінің нашарлауына байланысты психотерапиялық көмек сұрап келеді. Соның барысында мұндай ниет олардың тарапынан емес, мектептің тарапынан басталатынын түсінеді. Ата-аналар мектеп балаға жеткілікті түрде қолдау көрсетпейді немесе жоғары талаптар қояды деп шағымдануы мүмкін. Сонымен қатар, олар мектепті баланы қолдайтын әлеуметтік орта ретінде емес, керісінше балаға жағымсыз орта ретінде көреді. Осындай отбасын бағалай отырып, психотерапевт ата-анасы баланы қорғаймын деп, оның мектепке деген қатынасына нұқсан келтіріп отырғанын түсінеді. Қоғамның отбасыға ықпалын жақсы білетін психотерапевт, мектеп қызметкерлерінің осы сияқты отбасыларға көңіл аудара білуіне түрткі жасауға ұмтылады. Ал мүлдем басқа көзқарастағы психотерапевт балалардың мектеп талаптарын орындауына және тек осы балаларды немесе отбасын психотерапиялық ықпалдың нысаны ретінде таңдауды ұсынар еді.

Мұндай бағалаудың маңызды жағы маманның отбасының мүшелеріне оны қоршаған әлеуметтік ортасы қалай ықпал ете алатынын саналы түрде түсіну болып табылады.Бұл отбасын қоршаған әлеуметтік ортаны отбасы мүшелеріне әртүрлі міндеттерді шешуде көмектесетін қосымша ресурс ретінде немесе шешім қабылдауда қиындық тудыратын кедергі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Төменде келтірілген суретте диагностиканың үш деңгейі және психотерапевтің сәйкесінше бағалау жүргізуіне қажетті түсініктер келтірілген. Ортадағы тіктөртбұрыш әртүрлі тұлға теорияларының негізінде мазмұндалған адамның жеке психикалық ерекшеліктерін сипаттайды. Келесі аймақта отбасының жүйелік түсініктеріне сәйкес бағаланатын отбасы жүйесінің ерекшеліктері сипатталады. Сыртқы аймақ отбасының қоғаммен қарым – қатынасын мазмұндайды. Оны әлеуметтік құрылымдық теориялар көмегімен бағалауға болады.


Тақырып 8. Ата-аналармен қарым-қатынастың дағдыларын қалыптастыру.

Мақсаты: Ата-аналармен қарым-қатынастың дағдыларын қалыптастыру

Жоспары:

  1. Нәтижелі қарым-қатынас

  2. Сөйлеу қарым-қатынасы

  3. Бейвербалді қарым-қатынас

Отбасымен жұмыс жасау кезінде маман жұмысының маңызды түрінің бірі коммуникативті қарым-қатынас болып табылады. Маман адамдарға әсер ету қабілетіне ие болуы қажет, диалогты сөйлесуді негізге алып, адамдармен қатынасын құра білу қажет. Отбасы жұмысын жүргізу кезінде маман өзінің кәсіптік сапасын дамытуы қажет: бейімділік, адамға деген уайымшылдық қабілетінің болуы, оның мәселелерді шешуге қатысу. Өзінің жұмысында жеке қарым-қатынас әсерлерінің жинағын қолдана білуі тиіс.

Қарым-қатынас үшін көптеген кедергілері бар жағдайлар кездесетінін арнайы мамандар жиі әңгімелеседі. Сонымен қатар қарым-қатынасқа түскісі келмейтін адамдармен де жұмыс жасайды. Мұндай кезде нәтижелі жұмыс жасау үшін маманның қатынасқа түсу деңгейі жоғары болуы тиіс. Ондай жұмыс атқару кезінде бірнеше әрекеттер қажетті:[1]



  • қорқыныш, ауыртпалық және стрес күйінде отырған адамдарды тыңдау;

  • адамдарды өзі жайлы әңгімелесуге тарту;

  • күйзеліс күйінде отырған адамдарға көмек көрсету;

  • озбырлық көрсеткен және/немесе ашуланған клиенттермен жанжалды реттеу;

  • қалыптасқан әдеттерді және көзқарасты ауыстыру.

  • шатасқан және күрделі жағдайларда шешім табуда клиенттерді қолдау.

Нәтижелі қарым-қатынас:

Бейвербалды қатынасының факторлары:

  • қашықтық

  • кейіп,ым-ишара

  • жанасу

  • визуальды байланыс

  • беттің бейне көрінісі

Сөйлесу қатынасының факторлары:

  • бір жауапты берілетін сұрақтар

  • көптеген жауап берілетін сұрақтар

  • жанама сұрақтар, байқау сұрақтары, екпінді сұрақтар

Сөйлеу қарым-қатынасы:

  • рефлексис және нақтылау

  • жан ашу бейнесі

  • қорытындылау,түйіндеу

Нәтижелі қарым -қатынасқа кедергі болатын мән-жайлар:

  • қоршаған орта

  • өте үлкен жұмыс бастылық

  • негізделмеген топшалама

  • бір нәрсені қам жеу

  • стереотиптер

  • өткен тәжірибе

  • аудармашы арқылы қатынас

Бейвербалді қарым-қатынастың кейбір тұстары

Бейвербалді қарым-қатынас дегеніміз, бейвербалді деңгейде берілетін ақпараттарды айтамыз, оның көмекшілері: дене қимылы, кейіп, көзқарасы, мимика, екпін және үзіліс. Бейвербалді қатынастың бөлігіне мыналарды жатқызады: иістер, киімдер, қоршаған жағдай, күн мерзімі.

Джозев Коннердің айтуы бойынша ақпараттың 93 пайызы (55 пайызы тіл қимылдары, 38 пайызы дауыс ырғағы) бейвербалді қатынастан, 7 пайызы сөйлеу қатынасынан беріледі. Бір сөзді әр түрлі түрде айтылуы мүмкін, мағынасы жағынан бұл түрлі ақпараттарды береді, кей кезде қарама қайшы да болуы мүмкін. Сондықтан бейвербалді қатынас тілін жетік меңгеру қажет және де оны практика да қолдана білу қажет.

Бейвербалді қатынас сезім қатынасын береді. Сөйлеу қатынасына қарағанда бейвербалді қатынасы жақсы нәтиже беруі мүмкін. Сонымен қатар бейвербалді қатынасын жасауды ұмытпау қажет, бұл клиентпен қарым-қатынас құруда көмек беруі мүмкін немесе керісінше қатынасты бұзуы мүмкін.



  • Ара қашықтық

Біз және біздің клиенттер үшін адам арасындағы қашықтықтың жақындық пен алыстық жайлылығын білуіміз қажет. Ара қашықтық қажеттілігі адамның жынысына, ұлтына, тұрмыс жағдайына байланысты.

  • Кейіп

Адамның кейіпі оның қатынасын көрсетеді. Аяқ-қолдарымызды айқастырмай, әңгімелесуге бетімізбен қарап тұрып ашық қараста біз өзіміздің жағымды қатынасымызды көрсетеміз. Мұндай кейіп біздің клиентке деген ашықтығымызды және көңіл аудару сезімімізді білдіреді.

  • Жанасу

Жанасу – бейвербалді қатынасының басқа көрінісі, ол клиентке байланысты түрлі мағынаны білдіреді. Ара қашықтық қатынасы секілді жанасу қатынасының колданылуында мәдениет айырмашылықтары бар. Отбасы жұмысында констексттік айырмашылықтар мағыналары да ерекше орынға ие. Жанасу мүмкіншілігінен айырылған адамдармен жұмыс жүргізген кезде жанасу қатынасы маңызды мағынаға ие, бұл біздің ондай адамдарға деген ашықтығымызды және қолдауымызды білдіреді.

  • Визуалды байланыс

Көзбен байланыс терең жеке ерекшелік болып табылады. Кейбір адамдарға көзбен байланыс ұнайды, басқалары оны қорқынышты және жайсыз деп есептейді. Клиентпен көз байланысына түскен кезде олардың дұрыс сезінуін анықтау қажет. Алайда көз байланысының жалпы ережелері де бар:

  • клиентпен әңгімелесу кезінде оған қарап отыруыңыз қажет – бұл сіздің ашықтығыңызды білдіреді;

  • көзқарасыңызбен, өзіңіздің тыңдау ықыласыңызды, назарыңызды білдіруіңіз қажет

  • клиентке тік қарап отыруыңыз үрей туғызады, анда-санда қысқа уақытқа назарыңызды басқа жаққа аударып тұрыңыз

  • клиенттің тек көз бен жүзіне қарап отырмай, жалпы клиентке қарап отырғаныңыз жөн, бұл клиенттің қызбалылығын туғызбайды.

  • Бет әлпеттің түрі

Бет әлпеттің түрі әңгімелесушіге деген қатынасты білдіреді. Тұнжыраған бет әлпеттің түрі скептицизм тудыруы мүмкін. Барлық уақытта күлімсіреу достық және жағымды қатынасты білдіреді. Күлімсіреу әлеуметтік сыпайылықты немесе өзін жақсы жағынан көрсетуді білдіреді.

Ауыспайтын бірқалыпты бет әлпетінің түрі әлсіз немесе ықылассыз адамдарға сай келеді.



  • Киім

Өзін клиентке көрсете білу қажет. Бірінші әсер үлкен мәнге ие, киім оның маңызды бір бөлігі. Егер сіз қымбат киімде болсаңыз, клиент өзін ыңғайсыз сезінуі мүмкін. Сонымен бірге егер сіздің киіміңіз таза емес, ұқыпсыз болса, клиент сыйламағандықты сезінуі мүмкін. Бұл жерде баланс сақтау қажет, киімді дұрыс таңдау сізге жәрдем етеді.

  • Дәлділік пен сенімділік

Клиенттер үшін сенімді және дәл болуыңыздың маңызы зор. Кездесуді жою сіздің ең соңғы әрекетіңіз болуы тиіс, ондай болған жағдайда клиентке толық себептерін айқындап беру қажет. Жаңа кездесуді ең қысқа мезгілде тағайындау қажет. Кездесуге кешігіп келу клиентті сыйламағыныңызды білдіреді. Егер ондай оқиға болған жағдайда алдын ала клиентіңізге хабар беруіңіз жөн.

  • Басқа факторлар

  • Бөлме жағдайы

  • Бөлме жайлы болуы тиіс

  • Қолайлы құралдар

Кемтар адамдармен, балалармен қарым-қатынаста болған жағдайда өзіңізге керекті материалдардың, ойыншықтардың, кітаптардың бар екендігіне көзіңізді жеткізуіңіз қажет, ол сізге нәтижелі қатынасқа жетуіңізге жәрдемін тигізеді.

Клиенттің бейвербалді жауап қайтаруы оның сізге деген қатынасының қандай дәрежеде екендігін айқындайды. Мысалы, көзқарасы, әрдайым күлімсіреуі немесе кейпін ауыстыра беруі қатынастың, әңгіменің, қарым-қатынас мақсатының немесе құрылымның оған жайсыз болып тұрғанын білдіреді.



Вербалды қатынас. Тойтару әдістері

Вербалды қатынас дгеніміз ауызша немесе тіл арқылы сөйлеу қатынасы.

Вербалды қатынастың негізгі дағдысы тойтару немесе рефлексия болып табылады. Бейнелеу дегеніміз, клиенттің айтқандарына жауап қайтару, яғни айтқанда клиенттің сізге айтқандарын айрықша кілтті сөздерді қолданып өзіне қайталап айту. Клиенттің айтқанын қайталау, оның әңгімені ары қарай жалғастыруына ықпал етеді.

Бейнелеу клиентке біздің оның сезімдері мен уайымын түсінуімізді білдіреді.

Бейнелеу клиенттің қолданған сөздері мен сөйлемдерін қайталауымызда белгіленеді. Осы кезде біз әңгімені толығырақ естуге ықпалымызды білдіреміз.

Бейнелеу қайталап айту түрінде болуы мүмкін: басқа сөздерді қолданып, клиенттің айтқанын қайталау. Бұны ұқыпты түрде жасаған жөн: клиенттің айтқанын басқа сөздерді қолданып қайталау, бірақ айтылғанның мағынасы жоғалмауы керек. Бұл жағдайда клиенттің айтқанын ғана емес, оның дауыс ырғағын, бет әлпетінің түрін және дене қимылын қайталауымыз қажет.

Бейнелеудің екі түрі бар: сезімдік және деректі бейнелеу

Деректі бейнелеу

Дерек бейнелеу сіздің ынтаңызбен және ықыласыңызбен тыңдап отырғаныңызды көрсетеді. Рефлексияның бұл түрі сізге клиентті дұрыс түсініп-түсінбегеніңізге сендіреді. Деректі рефлексиясы – бұл клиенттің айтқандарын қайталау.
Тақырып 9. Отбасылық дағдарысы

Мақсаты: Отбасылық дағдырысы жайлы түсінік беру.

Жоспары:


  1. Некеге тұрудың өзі - дағдарыс

  2. Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс

  3. Отбасы психологиясында- өмірде кездесетін дағдарыстың кез – келген түрі қалыпты деп есептеледі.

Алғашқы некеге тұрудың өзі - дағдарыс болып табылады. Әсіресе тойға дейін жастар бір – бірін ашық түсті көзілдірікте көреді, ал неке- өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Әйел заты үшін ата-тегін өзгерту, Эриксон пікірінше «Ұқсастық дағдарысына» соқтыруы мүмкін, тұрмыс сипаты өзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа тұстары пайда болады. Бұл ерлі – зайыптылардың бір – біріне бейімделу кезеңі –алғашқы жылда жыл бойына созылады. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық дағдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі – зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі –бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты өзгереді, отбасындағы жүктемелер ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен айналысып кетсе, онда көптеген адамдар мұны өздеріне назар аударудың жоғалуы деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала күтіміне қызғанышпен қарайды, баласы әйелінің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.

Келесі дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады, әсіресе балалар арасында 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата – ананың мейіріміне, махабатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен балада кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық қылықтардан байқалады, бала кішкентай кезіне еліктеп сақауланып сөйлей бастайды, өйткені ол өзіне кішкентайға қарағандай қарап, еркелетсе деген ниеттен туындайды. Балада осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну үшін күшті төзімділік талап етіледі.



Қарым – қатынастағы дағдарыс бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке барғаннан кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл уақытта ананың жаялық жууы екінші орынға кетіп, балаға көбінде әкелік қызмет қажет болады, ал көптеген ер адамдар бұл жағдайға дайын емес некеге өзінің қызметі тек қана қаржылай қамтамасыз етумен байланысты деп тәрбиелеу ісінен шеттеле бастайды.

Келесі ол уақытпен байланысты екінші дағдарыстың қатар келуі: жеткіншек жас дағдарысы және ата – ананың 40 жастық дағдарысы болып табылады. Бұл кезеңде ата – аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал баллалар билікке ұмтылып шу шығарады. Көп жағдайда осы кезде баланың қызуғушылығын ата – ана әр түрлі ескереді және көптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде пайда болады.

Отбасы дамуының келесі дағдарыстың кезеңі бұл – ерлі – зайыптылардың бір – бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезеңде көсемдікке бейімделіп, өзін кәсіби іс - әрекетте белсенділікте ұстап, дағдыланып қалған адамдарға қиын болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып, айналыспаса, онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының іске жарамсыздығын сезінеді. Кейбір ер азаматтар бұл кезде осы шақтың қызығын жіберіп алмайын деп, өзін жаңа әлеуметтік және жыныстық қарым – қатынаста көрсетуге, әліде болса күш жігері бар екендігін дәлелдеуге ұмтылады.

Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасында іштей бөлінуге, қарама – қайшылықтарға әкеліп соғады.



Ажырасудың екінші шарықтау кезеңі 40-45 жас аралығы. Бұл бірге өмір сүрген 10-15 жыл аралығына сәйкес келеді. Осы отбасылық өмірдің екінші өтпелі дағдарыстық кезеңі болып табылады.

Одан әрі өсіп қалған балалардың кәсіп таңдауымен байланысты – дағдарыстық кезеңге жетеді. Қазіргі экономика шартында ата –ана бала болашағының қамын ойлап, оған үлкен ауқымды түрде қаржылай және моральдық тұрғыдан үлесін қосып, оның келешектегі жемісті мамандықпен қамтамасыз етуге ұмтылдырады.



Ажырасудың үшінші шарықтау шегі және өз - өзіне қол жұмсауға бару дәл осы кезеңге сәйкес келеді. Осы кезде ер жеткен балалар ата – ана қамқаорлығынан бөлек шығып, өз бетінше өмір сүруге немесе отбасын құрып кететіндіктен, ерлі – зайыптылар жалғыз өздері қалып қояды. Көптеген ерлі – зайыптылар мұндай тығыз экономикалық және физикалық қарым – қатынасқа дайын болмағандықтан осы кезде орта жастағы ажырасулар кездесіп жатады.

Қалыпты дағдарыстармен қатар отбасы басқа да құбылыстарда мысалы: соғыс, экономикалық дағдарыс, табиғи аппаттар, ерлі – зайыптылардың бірінің кенеттен ауырып қалуы, созылмалы айырылысулар, отбасы мүшелерінің өмірден кетуі, тұрмыс үй мәселесінің ушығуы сияқты жағымсыз әсер ететін жағдайларға кез болуы мүмкін. Осындай орта жолда пайда болған жүктемелерді кез – келген отбасы көтере білмейді , міне сол кезде отбасының құлдырауы – ажырасуы орын алады.

Балалар ажырасу процесіне үш түрлі типте жауап қайтарады: жеңімпаздар, жеңілгендер, аман қалғандар.

Жеңімпаздар ата –анасының ажырасуынан белгілі бір пайдаға қол жеткізеді: жексенбі күндері әкелері еркелетсе, басқа күндері анасын әкеммен бірге тұруға кетіп қаламын деп қорқытады, ажырасу оларға жақын адамдар тарапынан назар аударуды күшейтеді.

Жеңілгендер. Бұл жағдайға байланысты қайғыруы жеңілген балалар. Отбасында қалған адамның оған деген қатынасы бірден нашарлайды. Егер бала отбасының кеткен мүшесіне қатты ұқсайтын болса, онда жағдай тіптен нашарлайды.

Аман қалғандар бұл барлық ауыртпалықты белсенді түрде басынан өткен, оған қоса өз жақындарына, басқа адамдарға деген қатынаста зейінді, сезімтал бола білген балалар. Осындай соққылы тәжірибеден бала жақын эмоционалдық қатынастың қажеттілігін түсінеді.

Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс –отбасы өмірлік циклының кез-келген кезеңінде кездесетін дағдарыс, ол өмірдегі жағымсыз жағдайды қобалжу дағдарыс ретінде Р.Хилл үш факторды отбасы шығатын дағдарысты бөліп қарастырды:

1. Сыртқы қиындық ( жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы );

2. Күтпеген жағдай, стресстер (отбасы немесе оның бір мүшесі жол апаты, зорлану т.б.)

3. Ішкі отбасы жағдайын тепе-теңдікте бағалай және жеңе алмауы қақтығысты немесе стрестік сапалардың қарастырылуы (күрделі ауру, өлім, ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы)

Отбасында қалыптан тыс дағдарыс жағдайының белгі көрсеткіштері:


  • Отбасы дағдарыс жағдайы.

  • Отбасы мүшелерінің болып жатқан жағдайды түсінуі және қабылдауы.

  • Отбасы мүшелерінің болған жағдайға көз-қарасы, қабылдауы

  • Отбасы мүшелерінің өзгеруі.

  • Жекелік және отбасылық жағдайды дағдарыстан шығару мүмкіндігі

Отбасында баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктері.

Отбасында баланың даму ерекшелігін зерттеуде соңғы кезде авторлар, жас ерекшелік кезеңдерін, даму заңдылығын ескеру арқылы, өз кезеңдік көз-қарасында қосуда. Алғаш психоанализде жас ерекшелік кезеңдеріне әсіресі балалық шаққа көп көңіл бөлген З.Фрейд болды. Фрейдтің пікірі бойынша жыныстық құмарту- адам дамуының басты белгісі болып табылады.Бір жасқа дейін эрогенді аймақта жағымды түйсінуге жету бөлігіне ауыз қуысы мен тіл сілекейі жатты. Осы негізге сүйене нәрестелік – оралды кезең деп аталды. Бір жас пен үш жас аралығында эрогенді аймақ болып ішектің сілекей қабаты қаралды. Бұл аналды кезең деп аталды.Бала бұл жаста сүйкімді және жекелік тазалық, қыңырлық, тұйықтық агрессиялық ерекшеліктерді, меңгере бастайды. Келесі фаллистикалық кезең (3-5 жас) деп аталады, балада жыныстық құмарту жоғарғы деңгейде көрінеді. Фрейдтің жолын құушы Э.Эриксон [8]да өзінің кезеңдік бөлу негізіне басқа да белгілер енгізді. Бала дамуы өмір сүрген ортасынының мәдениеті мен экономикалық деңгейіне байланысты. « Әрбір келесі кезеңге сәйкес дағдарыстың берілуі қоғамдағы негізгі элементке жатады, оның қарапайым себебі адам институты мен өмірлік даму циклы бірге эволюцияланған болып табылады.

Бірінші кезең (туылғаннан бір жасқа дейін) негізгі сенім сенімсіздікке қарама-қарсы деген атқа ие болды [9]. Бұл кезеңде ана мен бала арасындағы жағымды қатынастың қалыптасуы төтенше маңызға ие. Егер ана баласына қажеттіліктерін қанағаттандыруда өз қамқорлығын, сүйіспеншілік пен мейірімділік танытса бала өз жағдайының жақсы екенін, іс-ірекетінің басқаның күтуіне сәйкес келетінін сезеді. Нәресте қоршаған әлемге сеніммен қарауға үйренеді, ал бұл болмаса бірқатар бұзылыспен ауруға әкеп соғады.

Екінші кезең, бір жастан-үш жасқа дейінгі жас кезеңіне сәйкес келеді, «ұятқа қарама-қарсы автономия» деген атқа ие болып, оның аяқталуы «Мен өзім» дағдарысын туындатады.

Бала дамуының қарқындылығы оны дербес етеді. Ата-аның бақылау жасау, шектеу, тыйым салуы жиілей бастайды. Тұрақты түртпектеу баланың өз қажетсіздігін сезінуге негіз болады. «Шектен шығара ұялту» жасанды мінез-құлыққа әкеледі, егер бұл ұялу сезімін жоймаса, онда жасырын шешім шығарудабала қалайда жағдайдан шығуға талпынады. Бала осы жастың өзінде секем алу және ұялу сезіміне ие болып, қоғамға балалық қарғыс және ауыр сөздер арқылы үндеу тастайды. Сондықтан да ата-ана міндеті- бала жеке басын сыйлау және мөлшерден тыс басынбау болып табылады. Осы жағдайда ғана балада әділеттік қалыптасып, «кінәлілік сезіміне қарсы белсенділік» деген жас ерекшелік даму кезеңіне қоғамның толыққанды мүшесі болып енеді.

Үшінші кезең «бастамашылдық немесе кінәлілік сезімі» 4-5 жаста балада айналасын зерттеу белсенділігі артады. Олар әлемнің құрылымын және оған қалай әсер етуге болатынын біле бастайды. Олар үшін әлем шынайы және қиялындағы адам мен заттан тұрады. Жалпы зерттеушілік іс-әрекеті нәтижелі жүзеге асқанда, олар айналасындағы адам мен затпен конструктивті тәсілде қатынас жасауға үйренеді және бастамашыл бола бастайды. Алайда оларды қатаң сынап және жазалайтын болса, олар көптеген іс-әрекетінде өзін кінәлі сезінуге әдеттенеді.

Төртінші «Еңбексүйгіштік немесе бүтінсіздік сезімі». 6-11 жаста мектепте, үйде және өз құрбылары ортасында бірқатар дағды мен іскерлігін дамытады. Эриксон теориясына сәйкес, түрлі бағытта бала құзыреттілігінің артуы «Мен» сезімін едәуір толықтырады. Өзін құрбыларымен салыстыру үлкен мәнге ие бола бастайды. Әсіресе осы кезеңде басқалармен салыстырғанда өзін жағымсыз бағалау зор зиянын келтіреді.

Бесінші жеткіншектік кезең-11-16 жас . Осы кезең үш жастағы «Мен өзім» дағдарысын еске түсіреді, бірақ бұл әлеуметтік мәнде жүзеге асады. Аталған дағдарыс белгілі бір өткірлігімен сипатталады. Дағдарыс белгілері:



  1. Балының жалпы оқу үлгерімі төмендейді

  2. Негативизм. Үш жас дағдарысымен салыстырғанда, оны екінші негативизм фазасы деп те атайды. Бала ортасынан алшақтайды, өштескен ұрыстарға, тәртіп бұзуға бейім, ішкі мазасыздықты сезінеді, өзіне көңілі толмайды, жалғыздыққа ұмтылады. Ұл балады қыздарға қарағанда негативизм кеш (14-16 жас) басталғанымен айқын әрі жиі байқалады.

Дағдарыс кезінде жеткіншек іс-әрекеті жағымсыз сипатта болуы міндетті емес.

Выготский іс-әрекеттің үш нұсқасын келтіреді. [8]

Бірінші нұсқа- негативизм жеткіншек өмірінің барлық саласында айқын байқалады. Мұндай реакция жеткіншектердің 20%-де көрініс табады.

Екінші типте- бала потенциалды негативист. Негативизм қоршаған ортаның теріс ықпалына реакция ретінде кейбір жағдайда ғана байқалады: отбасылық қақтығыстар, еңсені басатын іс-әрекеттер, ересектердің қысым көрсетуі. Мұндай бала шамамен 60%-ті құрайды.

Үшінші жағдай жағымсыз құбылыстар мүлдем болмайды. Ол балалардың 20 %-де кездеседі. Жеткіншектік кезеңде баланың түрлі психикалық жарақат, қақтығыс, келеңсіздіктерге сезімталдығы күрт артады.

Созылмалы сипаттағы екі топ факторы мәні ерекше: дұрыс тәрбие бермеу және қақтығыстық жағдайлар. Екінші топқа келесі эманципациялы қақтығыс, құрбы-құрдастарымен топ құру негізінде туындайтын жан-жалды (байланысқа түсе алмау, қолынан келмейтін басшылыққа ұмтылу, өзін кем сезіну, өзіне деген жоғары талаптардың орындалмау негіздері) күштеп тоқтатуға болады.

Дәл осы жас кезеңінде алғашқы суйцид әрекет белсенділік көрініс беріп, психологиялық дағдарысты сезіну мен байланысты жағымсыз тәуелділік қауіпі пайда болады. Психологиялық дағдарыс салдарына сезімтал болып келетін жеткіншіктер категориясы: зорлық көргендер, түрлі тұрмыс жағдайындағы, отбасында қатыгездіктің құрбаны болғандар, ата – анасының қазасына байланысты психологиялық соққы алғандар, жақын адамдарын жоғалтқандар, ата-ананың ажырасу жағдайын басынан кешіргендер, ұяң, ұялшақ жеткіншектер, аборт немесе басқа да медициналық әрекеттерді басынан өткізгендер және өз құрбы – құрдастарымен салыстырғанда үлкен жетістіктерге жетіп үлгерген дарынды балалар.

Бұл кезеңде өз тәніне көңілі толмаушылық, гормондардың қайта құрылуына байланысты туындаған тітіркенгіштік күрт көтеріліп, қоршаған ортаға - деген қатынасы өзгеріп, тәуелсіздікке деген қажеттілік туындайды, дөрекілік, сыншылдық пайда болады.

Көптеген жеткіншектер басқалардай болғысы келумен қатар ешкімге де ұқсамауға ұмтылады.

Зерттеушілердің бір қатары 18-19 жаста жасөспірімдік дағдарыс кезеңін бөліп көрсетіп және жеңіл шығудың жалпы 3 тәсілін ерекшелейді.

Бірінші бұл – ішкі ресурстар мен конструктивті копингтік бағдарламаларды қолданудың мәнін түсінудің арқасында дағдарыстық жағдайларды тиімді шешу болып табылады.

Екінші тәсіл бұл – жекелік эмоционалдық тұрғыдағы уайымдауларына қатты мән бергендіктен мағыналы нәрсені көре алмағандықтан тиімсіз шешім пайда болады.

Үшінші – дағдарыстық жағдайды шешуде туындаған жағымсыз уайымдардан қашу, жағдайды шешудегі жауапкершілікті басқа адамдарға артумен байланысты болып табылады.

Қыз балалардың ерекшелігі ол дағдарыстық жағдайды терең эмоционалдық уайымдаумен қабылдап, одан мән – мағынаны көре алу іскерлігінде болып табылады. Дағдарысқа ұшыраған қыз балалар оны түсіну мен басына өткеруде терең қабылдайды, нәтижесінде олар өмірдің қиын кезеңдерінде мағыналы жол таба білуге машықтанады.

Бозбалалардың бұл шақтағы ерекшелігі ол дағдарыстық жағдайды эмоционалдық мәнділігін төмендетеді, оны жеңіл қабылдауға ұмтылады. Дағдарысқа ұшыраған ұл балалар сасқалақтап, жағымсыз уайымдауға беріліп, нәтижесінде өзінің мәселесін түсінуден алшақтай түседі.
Тақырып 10. Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сауаттандырудың интерактивті әдістері.

Мақсаты:

  «Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.

Ата аналардың сауаттылығын дамыту мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖБС) жаңарту шеңберінде білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалады.


      Бұл ретте функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі білім алушылардың балаларға алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады.
     Ата аналарға мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген:
     - Басқарушылық(проблеманы шешу қабілеті);
     - Ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білуі);
    -  Коммуникативтік (қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша, жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті);
     - Әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті);
     - Тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау, төзімді болу қабілеті);
     - Азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті);
     - Технологиялық (тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды, оның ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті).
      Негізгі құзыреттіліктен басқа жекелеген пәндік салалар шеңберінде пәндік құзыреттілік: оқу пәні шеңберінде меңгерілген ерекше білім, іскерлік, дағды ерекшеленеді.
      Негізгі және пәндік құзыреттіліктің білім берудің нәтижесі ретінде нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы және уақыты анықталған болуы қажет.

Оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңарту

      Оқыту нысаны мен әдістерін жаңарту елдегі жалпы білім беретін мектептерге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің (НЗМ) тәжірибесін тарату және баланың оқуға қызығушылығын тудыратын қазіргі заманғы білім беру технологияларын пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі.


      Білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуді, алған білімін оқу және практикалық қызметте пайдалана алуын қамтамасыз ететін логикалық, конструктивті және сыни тұрғыда ойлау негіздерін қалыптастыру үшін оқытудың тиімді нысандары мен әдістері енгізілетін болады.     

Интерактивті, инновациялық, жобалық-зерттеу технологияларын, сандық инфрақұрылымдарды пайдалана отырып, ата аналар ұжымын жаппай оқыту нысанынан әрбір білім алушының жеке білім беру аймағын іске асыруға ауысу қамтамасыз етілетін болады.


      Оқыту нысандары мен әдістерін түбегейлі жаңарту тәрбиеші мен ата ана арасындағы әріптестік және достық қарым-қатынастың орнауына ықпал ететін болады.

Отбасы балаға жастайынан адами құндылықтарын танытып, саналы және өнімді өмір сүруге бағдар беруге міндетті. PISA-2009 зерттеуі функционалдық сауаттылық деңгейіне ата-аналардың балаларды оқыту мен дамыту процесіне қатысуы оң әсер ететіндігін көрсетті.Сондықтан да ата-аналардың баланы жақсы тануына, оны түрлі жағдайда көре алуына, үлкендерге баланың жеке ерекшелігін танытуға, олардың қабілеттерін дамытуға, өмірлік құнды бағдарын қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлықтарынан арылтуға көмек беруге мүмкіндік беретін функционалдық сауаттылығын арттыру әдіснамасы әзірленеді.


      Ата-аналарды мектеп өміріне белсенді тартуға бағытталған іс-шаралар жүйесі әзірленеді: қамқоршылық кеңесін, ата-аналар қауымдастығын, ата-аналар университетін құру. Аталған қоғамдық институт әрбір білім алушының отбасымен әріптестік қарым-қатынас орнатуға, отбасы мен мектеп мүдделерін өзара қолдап, ортақ жағдай жасауға әсер етеді. Бұл ретте мектеп есептілігінің және оқушылардың оқу жетістіктері мен мектеп қызметі туралы қауымдастыққа толық және ашық ақпарат ұсынудың барабар деңгейі қамтамасыз етіледі.
Тақырып 11. МДМ мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастағы қиындықтар

Мақсаты: МДМ мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастағы қиындықтары жайлы түсінік беру.

Жоспары:

1.Өзара қарым-қатынастарын өзгертуде отбасы мүшелеріне көмек

2.Эмоционалды қысымды шешу үшін әзіл қолдану

3.Қарым-қатынас жүйесінде отбасы мүшелерінің өз жағдайларын жақсы анықтауға көмектесу үшін, «мен-позициясын» қолдану


Өзара қарым-қатынастарын өзгертуде отбасы мүшелеріне көмек

Психологиялық көмекке жүгінетін отбасылар құрылымы шектен тыс қатаң немесе шекаралары әлсіз. Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарын өзгертуге көмектесе отырып, психолог, оларды қоршаған ортамен белгілі бір қатынастағы, бірыңғай тұтастықтың бөлігі ретінде сезіндіруге ұмтылады. Құрылымы шектен тыс қатаң отбасы оның мүшелерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, сондықтан да психотерапевт оны иілгіш етіп жасауы керек, және керісінше, егер отбасы құрылымы шектен тыс аморфты және оның шекаралары нақты анықталған болса, маман оларды нығайтуы қажет. Екі жағдай да да отбасы мүшелерінің ішкі және сыртқы ресурстарға ие бірыңғай тұтастық ретінде сезінулері басты міндет болып табылады. Сырттан мәлімет алу үшін олар иілгіш болулары қажет, нәтижесінде отбасында тиімді әрекет ету мүмкіндіктеріне ие болады. Психолог оларға өз ішкі ресурстарын, сонымен қатар сыртқы ресурстарды іске қосуға көмек көрсетуі қажет.



3. Отбасы шекарасын кеңейту мақсатында мультигенерационды концепцияны қолдану. Бұл принципті М.Боуэн жасаған [16]. Бұл концепция, үлкен нуклеарлы отбасының тарихи және даму тұрғыда өзін-өзі түсінуге көмектесе алады деген түсінікпен байланысты. Бұл принцип маманды отбасы мүшелеріне көмек беру барысында өз тегін сезінуге және де жаңа ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беретін басқа да туыстарымен байланыстарын қайта орнатуға бағыттайды.

Отбасы мүшелерінің өздерінің тарихи дамуын жақсы түсінулері психотерапияның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Кейде, мәселелі отбасында басқа туыстарымен әлсіз байланыста болуымен сипатталады. Мұндай отбасы мүшелерін сұрастыра келе, психолог, олардың бірнеше жылдар бойы көріспегендіктерін анықтайды. Сонымен қатар сол туыстары туралы әңгіме барысында мұндай отбасы мүшелері эмоционалды күшті әсерленеді. Отбасы мүшелерінің өздерін тұтас ретінде сезінулерін жақсартуға олардың басқа туыстарымен байланыстарын қалпына келтіру негіз болады.

Соңғы уақыттарда, адамдардың туыстық байланыстарын бейнелейтін, отбасы тарихы және дамуы мәселелеріне қызығушылық жоғарылауда. Қазіргі уақытта, адамның туыстарымен байланысы күшті болған сайын, және өз дамуын жақсы білген сайын, ол адамның «мен» сезімі, денсаулығы мықты болады деген пікір жиі айтылуда. Осылайша, отбасы шекарасын кеңейту және нығайту үшін, психотерапевт мультигенерационды ыңғайды қолдана алады.

4. Мәселесі туралы түсінігін өзгертуге көмектесетін, отбасы мүшелерінің жаңа мәліметтер алуы. Психологтың басты міндеттерінің бірі дисфункционалды отбасы жүйесінде мүшелерінің мінез-құлықтарының жалпы заңдылықтарын және олардың қажеттіліктерін анықтау арқылы қалыптасуын сезіндіру. Маман отбасы мүшелерін кейбір жүйелі түсініктермен таныстыра алады. отбасы мүшелеріне өз мінез-құлықтарын түсінуге келесі түсініктер көмектесе алады:

- отбасының рөлдік құрылымы және ол оның мүшелері мүмкіндіктерін қалайша шектей алады;

- альянстер және коалициялар түсініктері және олар ішкі отбасылық қақтығыстармен және бір-бірлерінің әрекеттерін адекватты бағалау қиындықтарымен қалай байланысқан;

Психолог отбасы мүшелеріне, әлеуметтік жүйе ретінде отбасы қызметі ерекшеліктері туралы түсініктері болуы үшін, осы түсініктер мәнін түсіндіріп өтеді.

Отбасы психотерапиясының ортаңғы кезеңінде отбасы мүшелерін осы түсініктермен таныстыру өте пайдалы. Өйткені бұл кезеңде отбасы мүшелері мінез-құлықтарындағы әсершіл сипаты біртіндеп жойыла бастайды, олар жаңа мәліметтер қабылдауға дайын болып, оларға байсалды және конструктивті түрде әсерленеді.

5. Эмоционалды қысымды шешу үшін әзіл қолдану. Әзіл-түрлі жағдайларда отбасына психотерапевтік көмек көрсетуде ең тиімді құралдардың бірі болып табылады. Егер отбасы мүшелері қиын жағдайларда күле алатын боса, олар мәселені шешу жолында деп есептеуге болады. Әзілді психотерапевтік құрал ретінде пайдалану психотерапевт тұлғасының қандай да бір қасиеті болып табылады, және оны қолдануда абай болу қажет.

6. Отбасы жүйесін қайта құру мақсатымен эмоционалды үшбұрыш түсінігін қолдану. Эмоционалды үшбұрыш түсінігін М.Боуэн енгізген. Оның пайымдауынша, үшбұрыштар кез-келген әлеуметтік жүйенің міндетті элементтері болып табылады. Жүйе қысым жағдайында болғанда, үшбұрыштар белсенділік танытады. Отбасымен жұмысты бастай отырып, психотерапевт міндетті түрді қандай да бір үшбұрыштарға енеді. Оны оның пайдалануы өте маңызды. Отбасы мүшелері психотерапевтті қандай да бір үшбұрыштарға енгізеді және қандай да бір жағын бейімдей отырып оған белгілі бір мәліметтер береді. Үшінші тарауда айтылғандай, психотерапевт, отбасы мүшелерінің мәліметтері олардың арасындағы белгілі бір қатынастарды қамтамасыз етуге бағытталғанын білуі қажет. Егер психотерапевт, үшбұрышты табысты қолдана білсе, ол отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарын өзгертуге көмектеседі. Маман үшбұрышқа ене отырып, қандай роль орындайтынын түсінеді. Психотерапевтке отбасы мүшесінің біреуі басқа бір мүше туралы пікірін білдіргенде, ол оны үшбұрышқа енгізеді. Бұл жағдайда психотерапевт келесіше әрекет етуі мүмкін.

- үшбұрыштың бөлігі бола отырып, отбасы мүшесіне әңгімесін жалғастыруға мүмкіндік береді;

- оның жеке көзқарасын және айтып отырған жағдайға қатынасын анықтау мақсатында әңгімелеушігі бірнеше сұрақтар қою;

- айтушыға, оқиғаның кейіпкеріне айтуды ұсынады

Барлық жағдайларда, отбасының басқа да мүшелерінің өзара қарым-қатынастарын өзгерту ниетімен, психолог өзінің үшбұрыш жағдайын пайдаланады.

7.Қарым-қатынас жүйесінде отбасы мүшелерінің өз жағдайларын жақсы анықтауға көмектесу үшін, «мен-позициясын» қолдану. Бұл ұстаным үшбұрыштарды қолданумен байланысты. Психолог оның мүшелерімен қатынасқа түсе отырып, өз позициясын нақты белгілеуге міндетті. Эмоционалды стресс күйінде, отбасы мүшелері психотерапевті қандай да бір жаққа қарай бейімдеуге ұмтылады. Егер да ол олармен келісіп, яғни бір жақты қабылдайтын болса, ол үшбұрыштың бір бөлігі болып және отбасы мүшелеріне тиімді ықпал ету мүмкіндігін жоғалтады. Оның міндеті мынада, ешқандай да альянстарға қосылмау, сонымен қатар «дұрыс» немесе «қате» деген шешімдер қабылдамау.

8. Айналасындағыларға қатынасын түсінуге көмектесу үшін, зерттеушілік позициясын қолдану. Психолог тікелей отбасы мүшелерімен араласа отырып отбасы туралы біле алады. Неғұрлым көбірек білсе, отбасы мүшелері солғұрлым өздері туралы көбірек білетін болады. Бір мезгілде маман отбасы жағдайына, мүшелеріне ешқандай да баға бермеуі қажет, өткені ол олардың енжарлығына негіз болады. Отбасымен жұмыс жасай отырып, психолог көптеген түрлі мәліметтер алуға ұмтылады. Бұл олардың өзара қарым-қатынастарын реттеу үшін ғана емес, сонымен қатар кез-келген отбасының қызмет ету заңдылықтары туралы толық түсінікке ие болу үшін қажетті.

9. Күш түсінігін қолдану. Бұл түсінікті пайдалану отбасы жүйесінің қызметін зертеумен байланысты. отбасы мүшелерінің «күшін» анықтай отырып, психолог көптеген міндеттерді табысты шешеді.

10 .Отбасының функционалды мүшелерін қолдау: Көп жағдайда психолог функционалдылығы төмен отбасы мүшелеріне ерекше көңіл бөледі. Егер де ол дәл соларға бағдарлана отырып, өз жұмысының стратегиясын анықтайтын болса, онда ол осылайша отбасының жалпы қызметтік деңгейін төмендетеді. Егер де маман отбасының ең функционалды мүшелеріне ерекше көңіл бөлетін болса, онда керісінше керісінше отбасында қызметтік деңгейі жоғарылайды.
Тақырып 12. Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері

Мақсаты: Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдеріммен таныстыру.

Жоспары:

1. Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері

2. Отбасымен жұмыстың басталуы

Көптеген пікірлер бойынша отбасында жүргізілетін түзеу және психотерапия процесі алғашқы сұхбаттасу процесінен басталады. Шын мәнінде ол маманның қандай да бір отбасы мүшесімен алғашқы кездесуінен-ақ басталып кетеді. Олардың біреуі, яғни отбасы мүшесі мектеп психологы, дәрігер, достары немесе қандай да бір таныстарының сілтеулері бойынша көмекке жүгінеді. Отбасы мүшесінде көмек алуға келместен, қандай түрдегі көмек алғысы келетіні туралы белгілі бір түсініктері қалыптасқан. Көп жағдайларда көмек сұраушы отбасылық мәселенің шешілуі үшін өзіне көп жауапкершілік алатын адам болып табылады.

Отбасы ның қай мүшесін бірінші сессияға шақыруды анықтау, өте үлкен маңызға ие. Мұны психолог көмек сұрауға келген отбасы мүшесінің берген мәліметтері негізінде анықтайды. Бірінші әңгімелесу барысында, психолог отбасы құрамы туралы сұрастырып, қай мүшесін мәселе көбірек толғандыратынын анықтауға кіріседі.

Жалпы, бірінші кездесуді белгілеу және жұмысты бастау қажеттігін шешуден бұрын, ең алдымен маман негізгі мәліметтерді алуы қажет:

1. Отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің немесе олармен бірге тұратын басқада адамдардың жасы, жынысы).

2. Осыған дейін отбасы мүшелерімен қандай да бір психологиялық (түзету, жеке кеңес алу) жұмыс түрлері жүргізілді ме, жүргізілсе қандай түрде және қашан?

3. Осы немесе басқа мәселеге қатысты отбасының қай мүшесінің мазасыздануы жоғары, және қайыссында оның байқалуы басым?

4. Тағы кімнің осы мәселеге қатысы бар?

5. Бұл мәселе қай уақыттан басталды?

6. Отбасының қай мүшесі психотерапияға қатысуға дайын?

Бірінші сессияға кімді шақыру керектігін анықтауда, бұл деректер маман үшін қажетті ең қарапайым мәлліметтер ретін құрайды.

2.Отбасымен жұмыстың басталуы

Ереже бойынша, түрлі нұсқаулар мүмкін болса да, жұмыс ата-аналармен және балалармен жүргізіледі. Қазіргі уақытта аралас отбасылар саны өсуде, онда ата-аналарының алғашқы некелерінен, сол сияқты жаңа некелерінен де балалары бар. Ажырасулар санының көбеюі бойынша және норма мен құндылықтар жүйелерінің өзгерулеріне байланысты, психолог жұмысы қандай да бір отбасының қалай ұйымдастырылғанын білемін деп ойлауына болмайды. Алғашқы болып келген отбасы мүшесінен отбасы құрамы туралы сұрау өте маңызды- бұл психологиялық көмекті кімнен бастау қажеттігін түсінуге мүмкіндік береді.

Алғашқы әңгіме барысында психолог оған келеген отбасы мүшесінің үрейін жеңуге көмектесуі қажет. Егер де маман көмек сұрауға келеген отбасы мүшесінің негізгі мәселесіне келіспеушілік білдіретін болса, оның үрейі күшеюі мүмкін. Мәселенің солардың көзқарастары бойынша анықталуын негізге ала, содан кейін оны түсінудің шекарасын бірнеше кеңейтуге ұмтылған орынды. Мәселе көбінесе отбасының түрлі мүшелері бастарынан кешіріп отырған дистресспен байланысты. Егер де көмекке жүгінген отбасы мүшесінің өзі мәселе қандай да бір мүшесімен байланысты деп есептегенінің өзінде, ол осыдан отбасы мүшесінің барлығының қандай да бір деңгейде тұтастай зардап шегетіндерін түсінеді.

Көмекке жүгінген отбасы мүшелерінің мінез-құлық ерекшеліктері, олардың психикалық қысымды жеңуге деген талпыныстарын көрсетеді. Жұмыстың алғашқы кезеңдерінде отбасы және барлық мәселелерін отбасының бір мүшесімен байланыстыру талпыныстары өте жақсы байқалады. Көмекке жүгінген отбасы мүшесі мәселені белгілі бір түрде шешу қажет деп есептеген жағдайда, психолог оның отбасыдағы рөлін және оның басқа да мүшелерімен өзара қарым-қатынасының қандай екендігін ескеруі қажет. Психотерапияның ең басындағы отбасы мүшелерінің мінез-құлықтары, олардың өзара қарым-қатынастарын қаншалықты өзгертуге дайындықтарын білдіреді.

Бірнеше алғашқы сессиялар үшін отбасы мүшелерінің өз жеке мәселелерін басқа бір мүшесімен байланыстыру әрекеттері тән [16]. Бұл өзінің бар зейінін қандай да бір нақты мәселеге шоғырландырып, үрейді анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар өзара қарым-қатынаста тепе-теңдікті ұстануға мүмкіндік береді. Отбасы мүшелерінің өздерінің өзара қарым-қатынас сипатына қатысты мазасыздануларының күштілігі және өздеріне сенімсіздіктің басым болуына орай олардың өз қажеттіліктері мен қызығушылықтарын анықтау күрделірек болады. Психотерапевт отбасы мәселелерін жүйелі тұрғыда бағалауы қажет және сонымен қатар отбасы мүшелеріне олардың тұлғалық өсулерін және дербестіліктерін қолдауға әрқашанда дайын екендігін білдіріп отыруы қажет.

Отбасы мүшелері психологқа шағымданып келетін алты негізгі топ мәселелері туралы айтуға болады. Олардың барлығы отбасы жүйесіндегі белгілі бір бұзылыстарды және отбасы өз дамуын қалай тұрақтандыратынын білдіреді.

1. Жеке мәселелер: отбасының ересек мүшесі өз күйімен мазасыздануы мүмкін, яғни үрей, депрессия, бүтін емес өзін сезінуі.

2. Ата-ана мен баланың өзара қарым-қатынастарындағы мәселелер: ата-ананың баласымен (немесе бірнеше балаларымен) өзара қарым-қатынастарына көңілі толмайды.

3. Тікелей баламен байланысты мәселелер: оның құрбылырымен қарым-қатынастарындағы қиындықтар, оқу үлгерімінің төмендігі және т.б.

4. Сиблингтердің өзара қарым-қатынасындағы мәселелер: сиблингтер әрқашанда қақтығысады, және ата-аналар оларға ешқандай ықпал ете алмайды.

5. Кеңейген отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынас мәселелері: кеңейген жанұя мүшесінің қандай да бір науқастануы немесе нуклеарлы отбасы үшін қиындықтар туындатады.

6. Ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынастарындағы мәселелер.

Мәселелер сипаты кімді бірінші сұхбатқа шақыру қажеттігін анықтайды. Егер де көмекке жүгінген отбасы мүшесі мәселенің негізі өзімен байланысты деп есептесе және жеке жұмыс жүргізу ниетін білдірген жағдайда, психолог отбасының барлық мүшесін алғашқы бірнеше сессияларға шақырудан бас тартуына болады. Сонымен қатар, психотерапевтік жұмыс барысында отбасы мүшесінің мінез-құлқында болатын өзгерістер кейде оның жақындары тарапынан жағымсыз әсерленулер тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда әрі қарайғы психологиялық жұмысқа олардың қатысу қажеттігі пайда болады. Егер де мәселелер бала мен ата-ананың өзара қарым-қатынастарына байланысты болатын боса, бірінші сұхбаттасуға ата-аналардың екеуін де шақыру қажет. Ары қарай психолог үшін баланың да қатысуы да қажет болады. Егер балада мектепте немесе құрбыларымен өзара қарым-қатынастарында мәселелер туындаса, алғашқы сессияларда ата-аналардың қатысуы, ал кейінірек отбасы ның басқа да мүшелерінің қатысулары қажетті. Практикалық тұрғыда баланың барлық мінез-құлықтық және эмоционалды бұзылыстары әрқашанда оның жақындарымен өзара қарым-қатынастарында көрініс табады. Егер де мәселе отбасы өзара қарым-қатынастарына қатысты болатын боса, психотерапияның алғашқы кезеңінен отбасының барлық мүшесінің қатысуын қамтамасыз ету қажет болады. Жиі жағдайларда сиблингтер арасындағы қақтығыстар белгілі бір түрде ата-аналардың өзара қарым-қатынастарымен байланысты.

Мәселе отбасы мүшесінің біреуіне қатысты болса, мақсатты түрде оның басқа да мүшелерін шақыру қажет. Белгілі болғандай, мұндай түрдегі мәселелер, жекеше алғанда, отбасы ның қарт мүшелерінің денсаулық жағдайлары немесе отбасы өміріне шектен тыс араласумен шарттасады, қандай жағдай болмасын, мұның салдары үш ұрпақ өкілдерінде де көрініс табады. Психотерапевтік процесске қатыса отырып, үлкен кісілер өздерін отбасының маңызды ресурсы ретінде көрсетеді және оның мүшелеріне жауапкершіліктерді бөлісуге көмектеседі.

Егер да ата-аналар өз қарым-қатынастарын жақсартуға мүмкіндіктерді қарастыратын болса, психотерапевтік процеске балаларының қатысуы қажет болмайды. Олардың мақсатқа жетуі отбасының басқа да мүшелерінен көрініс табады, және отбасы хал-ахуалының өзгеруі бала мінез-құлқының жағымды өзгерістеріне негіз болады (сонымен қатар, Фримен пайымдауынша, жұмыстың алғашқы кезеңінде, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастары туралы толық түсінік алу үшін, психотерапевттің бір рет болса да барлық отбасы мүшелерімен кездесуі қажет).

Мұндай ыңғай, яғни психолог отбасының барлық мүшелерімен қатар жұмыс жасайтынына әдеттенген кейбір отбасы мүшелерін ыңғайсыздандыруы мүмкін. Шын мәнісінде, кейде басқа құрамда жұмыс жүргізу мәнді болса да, көп жағдайларда бұл өте маңызды. Жүйелі ыңғай тұрғысынан, бүкіл жүйеге әсер ету арқылы, отбасының жеке мүшелерінің мінез-құлықтарын өзгерту мүмкін болады. Көбінесе отбасылық жүйеде және тұтас алғанда ата-аналар өзгерістер нәтижелерін анықтайтын мыңызды жүйешікті құрайды. Егер олар баланы айыптай отырып, қарым-қатынасты тұрақтандыруға ұмтылыстар жасайтын болса, олардың мәселелері балада шынайы көрініс таба бастайды. Егер де ата-аналар жеке қарым-қатынастарында дағдарыс күйінде бола тұра, оған баланы кірістіретін болса, онда міндетті түрде балада шынай эмоционалды және мінез-құлықтық бұзылыстар пайда болады. Онда балалардың психологиялық процеске қатысулары қажет бола бастайды, өйткені мұнда психологтың басты міндеті баланы қақтығыстарға қатыстырмай-ақ, ата-аналарды қалайша өзара қарым-қатынас мәселелерін шешуге болатынына оқыту. Егер маман оларды осыған үйретсе, бала мінез-құлқы тұрақты сипатқа ие бола бастайды және оның психологиялық жұмыстарға қатысуы қажет болмайды.

Тағы бір ерекшелейтін жағдай, отбасы татулығын сақтау бойынша психологиялық процесске отбасының қандай мүшелерін қатыстыруды анықтауға мүмкіндік беретін, ешқандай да бір қатаң ережелер жоқ. Кейбір мамандардың есептеулерінше, бүкіл отбасы мен жұмыс жасау тиімді; ал кейбіреулерінің пайымдауларынша, мәселе кімдермен жұмыс жасауда емес, қандай ыңғайлар мен стратегиялар қолданылатындығында. Жүйелі ыңғайдың принциптерінің бірі: бүкіл жүйенің өзгеруіне қол жеткізу үшін, оның маңызды жүйешіктеріне ықпал ету қажет.


Тақырып 13. Кеңес беру -МДМ-дегі ата-аналармен жұмыстың бір формасы ретінде.

Мақсаты: Отбасылық кеңес беру жайлы түсінік беру.

Жоспары:

1.Отбасылық кеңес беру.

2. Отбасылық кеңес берудің ұстанымдары мен ережелері

3.Отбасы қатынасына психотерапевтік коррекция


Отбасылық кеңес беру- отбасы терапиясының көп түрінің бірі, онда терапевтік қатысу шекарасы мен оны ажырататын белгілері бар. Отбасылық кеңес беру отбасы терапиясын өзара толықтыра отырып бірге дамыды. Отбасылық кеңес беруде басты мақсат, отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу, өзара әрекеттерінің өзгеруіне және жеке тұлғалық жетілуге мүмкіндік туғызу болып табылады.Отбаасылық кеңес беру, отбасы терапиясынан қалай ерекшеленеді? Біріншіден отбасылық кеңес беру ауру тұжырымдамасын қабылдамайды. Екіншіден жағдайды талдауға және отбасын ролдік өзара әрекет тұрғысынан қарауды негіз етеді. Үшіншіден кеңес беру субьектінің жекелік ресурсын табуға көмек және жағдайды шешу мен шығу жолдарын сөз етеді. Отбасылық кеңес беруде теориялық тұжырым когнитивті-мінез-құлықтық терапиясы, рационалды-эмоциялық терапия және басқалар. Осыған байланысты әдістер мен тәсілдердің орны болып табылады.

2.Отбасылық кеңес берудің ұстанымдары мен ережелері төмендегідей бірлікте қарастырылады:

1.Кеңес берушінің клиентпен байланысқа түсе білуі. Оған жету отбасы мәселесін айтушы араында конструктивті ара қашықтық, қолайлы жағдайдағы қарым-қатынас, кеңес берушінің бет пішіні және тыныс алуы, оның сөйлеу құралдарын қолдана білуі, репрезентативті жүйеде үстем болған түрі, жолдары жатады.

2. Клиент мәселесі туралы ақпарат жинау мета-модельде (НЛБ) және терапевтік метафрада қолданылады. Осы мақсатқа жету үшін кеңес беруші нақтылау сұрақтарын қояды, ол : «Сіздің қандай нәтижеге жеткіңіз келеді?», «Сізге не керек?», «Сіз жағымды нәтижеге жету жолдарын көріп тұрсыз ба?»

3. Отбасылық кеңес берудің басты міндеті психотерапевтік келісім шартты талдау болып табылады. Бұл кезеңде кеңес беруші мен клиент арасында жауапкершілік бөлінеді, кім неге жауап береді. Мысалы кеңес беруші отбасылық кеңестің қауіпсіздігі мен мәселені шешу технологиясына жауап берсе, ал клиент өз белсенділігіне, өзінің ролдік мінез-құлқын өзгерту шынайылығына жауап беретін болады. Осы тұстар толық талқыланып болғаннан кейін, онда бір кездесудің ұзақтығы (3-6 сағат) және терапевтік кездесу кезеңдері ( алғашында аптасына бір мәрте, кейінен екі аптада бір мәрте кездесуді жоспарлау), сондай-ақ төлем ақы шарты, екі жақ келісімді орындамағандағы жазалау шаралары да қаралып өтеді.

4. Клиенттен мәселені нақтылау және жеке отбасы мүшелерінің әрқайсыларының ресурстарын анықтау. Оған төмендегідей сұрақтар қоюға болады. Бұрын бұл қиындықты қалай шешіп жүрдіңіз? Сізге не көмектесуші еді? «Сіз қандай жағдайда өзіңізді күшті сезінуші едіңіз? Онда күшіңізді қалай пайдаланып едіңіз?»

5.Кеңес беруді жүргізу. Бұл тұста клиентке кеңес берудің қауіпсіз, табысты аяқталатынына сенімін ұялату: « Сіздің өзгеремін деген ниетіңіз, бұрынғы тәжірибеңіз, белсенділігіңіз бен шынайылығыңыз сәйкестендіріле терапевт пен бірігіп әрекет етуіңіз, оның кәсіби сапасы және жұмыс тәжірибесі жұмыстың сәтті аяқталатынына кепіл бола алады». Кеңес беруде қалыптасқан мінез-құлықтың жағымды және жағымсыз жақтары талқыланып, мынадай сұрақтар арқылы «Сіздің пікіріңізше осы жағдайдың жағымсыз жақтары не болмақ? Осы жағдайдың жақсы жақтары не?» Бірге мінез-құлықтың жаңа үлгілері қарастырады. Кеңес беруші келесі сұрақтарды қояды: «Осы мәселені шешуге сіз тағы нені пайдаланбадым деп ойлайсыз? Сізге маңызды адамдар осындай жағдайда өзін қалай ұстар еді? Сіз де солай ұстай аласыз ба? немесе Сізге не кедергі келтіреді? Сіздің осындай әрекет етуіңізге не көмектеседі? Кеңесші визуализациялау тәсілін қолдана алады, клиент транста отырып, жағдайға жаңа бейне береді, оны кинестетикалық сезіммен шығарады.

6. «Экологиялық тексеру». Кеңесші отбасы мүшелеріне осындай жағдайда бес- он жыл өткеннен кейін болып тұрмын деп ойлаңыз, өз жағдайыңыз қалай?

7. Отбасылық кеңес беру аяқталар алдында кеңесші нәтижені «сақтандыру» жолына күш салады. Ол клиент мінез-құлықтың жаңа үлгісін меңгеруді, қажетті әрекетте көрсету жіне оларға сенімділік ұялату мен абйланыстыру керек. Ол кеңесшіден үйге тапсырма алу немесе бірнеше уақыт өткен соң алынған нәтиже бойынша талдау үшін қайта кеңес алуға шақыру.

8. Бөліну. Кейбір жағдайда бұл рәсім қажет. Мысалы: әдебиеттерде жазылғандай Джей Хэйли қалай «парадоксальды тапсырма» көмегімен нақты орындату қарама-қарсы нәтижеге әкелетін көрсетті. Жаңа ұйленген ерлі-зайыптылармен кеңес жүргізгенде өз сезімдерін шығаруда, күніне бір сағат «өз эмоционалды реттелуін» тексеру үшін ұрсуды ұсынған. Хейли осылай адам табиғатын ескере отырып, адам саналы түрде өзіне қиянат жасамайтынын байқаған. Ерлі-зайыптылар бұл тапсырманы басында орындап көріп, кейіннен тастап кеткен. Бір-бірін бағалауды меңгеріп, «кеңесшінің ақылсыздау» қызметінен бас тартқан. Осылай бөліну байқалады. Қазақстанда қазіргі таңда отбасылық кеңес беру кеңінен қажет етілуде. Отбасылық кеңес берушілер психологиялық орталықтарда, әлеуметтік қорғау жүйелерінде отбасы және баланы қорғау комитетінде және басқа мекемелерде өз қызметін көрсетуде.

3.Отбасы қатынасына психотерапевтік коррекция

Отбасы психотерапиясы психотерапевтің отбасын зерттеп, ондағы бұзылысты анықтап, отбасы мүшелерінің қажет еткен өмірлеріне өзгеріс орнатуда жеке әсер ету жолдарын ұйымдастырудан бастайды. Осы кезде мәселе мен міндеттер туындайды, оны шартты үш топқа бөле қарастырамыз:

1.Отбасы терапиясына деген дұрыс көз-қарасты отбасында қалыптастыру;

2.Терапия өткізудің жалпы сұрақтары;

3. Отбасы психотерапиясының әдістемелері.

Отбасы психотерапия процесіне жағымды қатынасты қалыптастыруда, отбасы мүшелеріне оның қатысушыларын ұйымдастыру, эмоционалды және интеллектуалды себебтерін анықтау. Сондықтан психотерапевт күшті және тұрақты мотивацияны психотерапияға қатысушыларында қалыптастыру. Алғашқы кездесу кейінгі кездесудің болуына ықпал етеді, сондай-ақ психотерапевт мәселенің күрделілік кезеңдерін аңғаратын болады, ал клиент отбасы психотерапиясы туралы көз-қарас алып, оны жалғастыру керек пе соны шешеді. Жалпы психотерапевтің алғашқы кездесудегі міндеті клиентке көмектесу, ол қысқа мерзім ішінде байыпты және ұзақ жұмыс жасауда өзіне белсенділік және жауапкершілік алуды психотерапияның жетістігі деп қарауды меңгерту. Сондықтан алғашқы кездесуге көп дайындықпен жоспар керек. Алдымен психотерапевт клиенттің мәселесімен танысып алып, оның отбасымен байланыстағы эмоционалды уайымын өзектілеп, клиентке қобалжудың жиынтығын көре білуге және күнделікті өмірде қолданатынына көз жеткізу. Психотерапевтің содан кейінгі міндеті –клиентте отбасылық психотерапияда кімде кім күмәнданса оның мәселесінің шешілу мүмкіндіктерін беретініне тоқталады. Психотерапевт клиент жағдайын психотерапияға қатысуға бұру және оған қатысты кедергі келтіретін мотивтермен жұмыс жасау, келешекті оның күрделілігі мен жемісті шешілетінін көре білу. Осы кездесудегі маңызды жайт психотерапевт әрекетіндегі мазмұнға клиенттің белсенді қызығушылығын ояту, келешекте клиент енжар түрде психотерапевтен көмек сұратудың алдын-алу. Осыған байланысты психотерапевт отбасы мәселесін белсенді шешу жолдарын қарастыруды ұсынады. Отбасы психотерапевті өз жұмысын ұйымдастыруда бірнеше түрде мәселені шешу жолдарын қарастырады:



  1. Өзім жалғыз өткіземін бе, әлде ко терапевті шақырайын ба?

  2. Психотерапияның қолайлы ұзақтығы қандай?

  3. Отбасымен қайда жұмыс жасау бөлмеде ме, әлде олардың тұратын жерінде ме?

  4. Сабақты отбасымен түгелдей өткізу ме, әлде алдымен жеке-жеке ме?

  5. Кездесу жылдамдығы мен ұзақтығы қандай?

  6. Қандай мәселеден бастау жекелік пе, әлде отбасылық пе?

  7. Нақты жоспар түзу қажет пе, әлде дайындықсыз ба?

Отбасы психотерапиясын ұйымдастыру мен өткізу «ғылыми пікірмен» белектелінбей жүргізілуі керек. Оны ұйымдастыру отбасы ерекшелігіне байланысты. Отбасы психотерапевті тең деңгейде психотерапияның стилін қолдануға дайын болуы отбасына, оның жеке мүшелеріне байланысты болуы керек. Бір отбасымен авторитарлы стильде, ал екіншісімен директивті емес стилінде жұмыс жасау психотерапевтің жағдай бірігуіне байланысты.
Тақырып 14. Отбасында бала тәрбиелеуде кездеетін қателіктер

Мақсаты: Отбасында бала тәрбиелеуде кездеетін қателіктер жайлы түсінік беру.

Жоспары:


  1. Ата-ана қатесінің түрлері

  2. Қателіктерді жою жолдары

Ата-ана қатесін шартты түрде екі топқа бөлуге болады:



  • жанұядағы өмір жағдайының ретсіздігіне байланысты ата-ана әр қилы іс-әрекеттері арқылы балаға өнеге көрсете алмауы;

- баланың әрбір ісі мен қимылына сәйкес, ата-ананың нақтылы шара қолдана алмауы.

Бірде ғылыми қызметкер оқушылардың бір топ ата-аналарынан отбасы тәрбиесінде жиі кездесіп отыратын қателіктерді атап айтуларын өтінеді. Ата-аналар елуден аса қателіктерді айтады. Солардың ішінде елеусіз және үнемі кездесіп отыратыны мыналар:



  • баланың бір жасқа толғанға дейінгі өмірінде оған тұрақты көңіл аударылмауы;

  • балаға біркелкі және нақты талап қойылмауы;

  • баланы бет алды және естен тана жақсы көруі;

  • үйдегі барлық ересек жанұя мүшелерінің назары жалғыз балада болады;

  • ата-аналар өздерінің балалық шағында бастарынан ауыр тұрмыс халін кешірген, сондықтан да олар баласының жеңіл-желпі тіршілік етуі тиіс деп санайды.

  • Балаға ата-ана тарапынан тиісті талап-тілектер қойылмаған;

  • Науқас болғандықтан баланы аяп, оның денсаулығын бұзып алмауы үшін, оған қажет талаптар қойып отыруды орынды деп санамайды;

  • Ата-аналар басты күшті отбасын материалдық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге жұмсап, бала тәрбиелеуді екінші кезектегі іс санаған;

  • Отбасы тәрбиесінің мақсаты, міндеті, әдіс-тәсілі жетілмеген;

  • Бала үйдегі жақсы жағдайға дандайсыған;

  • Бала тәрбиесіндегі қайшылықтар: шектен тыс босаңсыту, өз бетімен жіберу немесе қорқыту, аса қатаң, орынсыз жазалау;

  • Шектен тыс қатаңдық (ата-ананың дөрекі билігі, ұрып-соғып жазалауы, өктем қылықтары);

  • Ата-аналардың балаларды сүйкімді және жағымсыз деп бөлуі.

Бұл жерде осы айтылған қателіктердің балаға қалай әсер ететініне, яғни тек екеуіне ғана талдау жасап көрейік. Мысалы: отбасы тәрбиесіндегі елеулі кемшілік: ата-аналардың тәрбие істерінің мақсат-мүддесін, оның түрлері мен әдіс-тәсілдерін жете түсінбеуі балаға кері ықпал етеді. Өкінішке орай, жанұядағы мұндай қателіктердің орын алуы баланың оқудағы жетістіктеріне ғана емес, сондай-ақ, басқа да сапаларына, соның ішінде оқушылардың қоғамдық белсенділігіне теріс әсер етеді.

Келесі: баланы тәрбиелеуде бірыңғай талап пен айқын бағыттың болмауы да елеулі қателік болып табылады. Ата-аналардың 25% бұл қателердің өз жанұяларында күшті және орта дәрежеде екенін айтады. Негізінен, үлгерімі жақсы оқушылардың 61% ата-аналары бірыңғай талап қоятын, оны күнделікті іс жүзіне асыруға ұмтылатын отбасынан, ал үлгерімі төмен оқушылар балаларға бірыңғай талап қоюда өзара келісімі жоқ ата-аналар жанұясынан.


Тақырып 15. Ата –аналар белсенділіктері және қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет етуі

Мақсаты: Ата –аналар белсенділіктері және қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет етуі жайлы түсінік беру.

Жоспары:

1.Ата аналар университеті

2. Ата аналар мектебі

3. Ақсақалдар кеңесі

1. Ата-аналар университеті.
                   Ережесі:
• Әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруғаа көмектесі, оқушылардың деке басын сыйлауға үйрету, дөрекілікке жол бермеу
• Оқушылардың жанұяларымен, ата-аналарымен тығыз байланысты болу, мәдениетті сыпайы қарым қатынас орнатуға оқушыны, ата-ананы жеке тұлға ретінде құрметтеуге үйрету
• Мектеп мүлкін сақтауға атсалысу
• мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы тығыз байланысты орнатуға ықпал ету
• мүмкіндік болған жағдайда оқушының, ата-ананың талап-тілектерімен санасу
• Мектептегі түрлі іс-шараларға көмектесу
• Сыныптан тыс іс-шараларға өз пікірін білдіру
• материалдық техникалық базаны көтеруге көмек көрсету
• бақылаушылық қызмет 
• бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қатыстыру

2. Жас ата-аналар мектебі


         Ережесі:
• Балаларды жақсы қасиеттерге баулу, үлкендерді сыйлауға, қамқор болуға үйрету
• оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
• адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерді айыра отырып, оқушылардың әдеп әліппесін бойына дарытуға ықпал жасау
• әдеп-ғұрыпы сақатайтын, дәстүрді жалғастыру мен қайырымды ұрпақ тәрбиелеу
• ата-бабаларымыздың бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық тамаша тәлім-тәрбиесін жас ұрпаққа ұғындыру
• тәрбие саласына байланысты ата-аналардың сұранысы бойынша түрлі семинарлар, тренингтер өткізу
• халқымыздың әдет-ғұрпын сақтау, жалғастыру мақсатында ата-аналармен түрлі іс-шаралар өткізуге көмектесі
• бала тәрбиесіне байланысты түрлі сұрақтар бойынша мұғалімдер және психолога, әлеуметтік педагогтан кеңестер алу
• отбасында және мектептегі баланың мәдениетті жүріс-тұрысын тәрбиелеу әдістерін педагогтармен бірлесе отырып талқылау
• отбасының бала тәрбиелеудегі рөлі бойынша тақырыптық жиындар
• ата-аналары педагогикалық-психологиялық білім, біліктер мен қаруландыру

3. Ақсақалдар кеңесі


            Ережесі:
• аталардан қалған ұлағатты,ғибрат аларлақы сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерді өнеге алуға баулу
• жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеуге ата-анаға сынып жетекшісіне көмек беру
• өз елінің патриотын тәрбиелеу
• ата-тегін білуге үйрету
• ата-баба дәстүрін жалғастыру
• оқушыларды мемлекетіміздің достық пен бейбітшілік қарым-қатынасы мен тарихын білуге тәрбиелеу
• оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты реттеуге ықпал ету
• мұғалім мен ата-ана арасындағы үйлесімді иығыз байланысты орнатуға ақыл кеңестер беру.
Отбасы мен мектеп арасындағы ынтмақтастыққа келесі тірек сызба бойынша ұйымдастыруға болады:
Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереду. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі.
Мектеп қызметі қазіргі заман талабына сай толық өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру үшін тұлғаға бағдарланған болуы тиіс. Демек, оқушыны өзін-өзі дамытатын мәдениет адамы ретінде қарастыратын балаға деген құндылық қатынас орнату керек. Оқушы өзін басқалардың арасынан шығарып, бөлек қарамайынша, өз өмірінің мағынасын, өзін-өзі жете түсінбейінше, толыққанды білім алып, дамуы мүмкін емес.

       Өсіп келе жатқан ұрпаққа бұл мәселеде көмектесу, оған қолайлы жағдай туғызып, қолдау көрсету педагог пен ата-ананың басты міндеті болуы тиіс. Балаға қолдау көрсету, біріншіден, оның рухани адамгершілігін, өзін-өзі дамытуын, оның денсаулығы мен, оқуымен, жеке бас ерекшелігімен байланысты мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, екіншіден, балалардың дамуы және өзін өзі бамытуы үшін қолайлы жағдай туғызу , қауіпсіз орта құруды білдіреді.


        Отбасы – салыстырмалы түрде тәрбиенің тұйық институты, ата-аналардың тәрбиелік күш құаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеру қажет. Сондықтан ата-аналармен жұмыста мектеп түрлі амалдар мен әдістерді саралап қолдану керек.
Практикалық (семинар) сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.

Практикалық сабақ №1

Тақырыбы: Педагогикалық ұжымның тиімді жұмыс жасауының бір жағдайы ретінде отбасы мен мектепке дейінгі мекемелердің өзара әрекеттесуі

Мақсаты: Педагогикалық ұжымның тиімді жұмыс жасауының бір жағдайы ретінде отбасы мен мектепке дейінгі мекемелердің өзара әрекеттесуі.жайлы түсінік беру.

Жоспары:

1.Педагогикалық ұжымның тиімді жұмыс жасауының бір жағдайы ретінде отбасы мен мектепке дейінгі мекемелердің өзара әрекеттесуі

2.МДМ мен отбасының өзара әрекетіне қазіргі заманғы қатынасы.

Әдебиеттер:

1. Арнаутова Е. Самоанализ опыта общения с родителями. // Дошкольное воспитание. 2002. №4. С.47-56.

2. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004

3. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005


Семинар №2

Тақырыбы: МДМ-дегі атаналармен жұмыс жасауды ұйымдастыру

Мақсаты: Отбасыға система ретінде мінездеме беру.ата-аналармен жұмыс жасаудың белсенді формаларының ерекшеліктерін ашу, ата-аналармен жақсы қарым-қатынас орнатудың техникаларымен таныстыру.

Жоспары:

1. Отбасы система ретінде. Отбасылар мнен ата-аналар классификациясы.

2. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекеттесу формалары.

3. Ата-аналармен жағымды қарым-қатынас орнату техникасы.

4. Ата-аналармен жұмыстың белсенді әдістері.

Тақырыпты ашу барысында келесі маңызды сәттерді айтып өткен жөн:

Ата-аналардың типтерін белгілеу.

Ата-аналар білім беру мекемелеріне және тәрбиешілерге де әртүрлі көзқараспен қарайды. Жағымды бағытталғандар. Олар объективті бағалауға түсінушілікпен қарауға тырысады, әртүрлі көзқарастарды қабылдайды, кейбір нәрселерді білмейтіндігін мойындайды. Жақтаушылар. Педагогқа көмектесу олардың басты мақсаттары болып табылады. Педагогтың пікірі олар үшін әрқашан да маңызды. Манипуляторлар. Олар көп. Олар айналасындағылардың күшті әрі әлсіз жақтарын зерттей отыра басқаруға тырысады,адамдардың әлсіз жақтарына әдейі әсер етеді,олар өздеріне керек мәселені шешу үшін солай етеді. Шығармашылдар. Импровизациялық ойындарға бейім, көбінесе ережелерге сай емес, өз әсерлеріне сүйенеді. Немқұрайлы қарайтындар. Табиғатынан скептиктер, олар ешкімді ешқайда бағыттамайды. Деструктивтілер. Оларға теріс мінездер, жанжалдылық тән.

Контакт орнату тәсілдері:дауыс тембрі, интонация, сөлесіп тұрғандар арсындағы кеңістік, демалу жиілігі, ым-ишаралар, киім, бет әлпет, көзбен контакт орнату.



Әдебиеттер:

1. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004, стр. 42-45.

2.Психолого-педагогическое консультирование родителей в дошкольном образовательном учреждении /Методическое пособие/. сост. Тирская И. А.

3. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005, стр.79-80.

4. Арнаутова Е. Методы обогащения воспитательного опыта родителей. Ж. «Дошкольное воспитание» №9, 2002г.
Практикалық сабақ №3

Тақырыбы: МДМ мен отбасының өзара әрекетіне қазіргі заманғы қатынасы.

Мақсаты: МДМ мен отбасының өзара әрекетіне қазіргі заманғы қатынасы.жайлы түсінік беру.

Жоспары:


  1. МДМ мен отбасының өзара әрекетіне әсер ететін факторлар

  2. МДМ мен отбасының өзара әрекетіне қазіргі заманғы қатынасы.

Әдебиеттер:

1. Арнаутова Е. Самоанализ опыта общения с родителями. // Дошкольное воспитание. 2002. №4. С.47-56.

2. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004

3. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005


Семинар №4

Тақырыбы: Отбасы мен МДМ-ң жұмыс істеу формалары

Мақсаты: Ата-аналармен жұмыстың әртүрлі формалары туралы ұғым қалыптастыру. Оларды ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашу.

Жоспар:

  1. Ата-аналармен жұмыс формаларының классификациясы.

  2. Жұмыстың ұжымдық формалары.

  3. Жұмыстың жеке-дара формалары.

  4. Жұмыстың көрнекілік формалары.

  5. Тақырыпты ашу барысында келесі маңызды сәттерді айтып өткен жөн:

Баланың отбасына бару оны зерттеуге, баламен, оның ата-анасымен контакт орнатуға, тәрбиелеу жағдайын көруге көп мүмкіндік береді.

Ашық есік күні, өте кең таралған жұмыс формасы, ата-аналарды МДМ-мен, оның ішкі ережелерімен, дәстүрлерімен, оқыту-тәрбиелеу жұмысының ерекшелігімен таныстыруға, оған қатыстыруға мүмкіндік береді. МДМ-ге, баласы тәрбиеленіп жатқан тобына экскурсия түрінде өтеді.

Әңгімелесулер жеке-дара да, топтық түрде де өткізіледі. Екеуінде де бір мақсат көзделеді: нені білу керек, қалай көмектесу керек. Әңгімелесу тақырыбы маңызды болып, әңгімелесушіні өз пікірін айтатындай болу керек..

Консультациялар. Әдетте жеке-дара немесе топтың жартысының ата-анасына арналған консультациялар системасы жасалады.Әсіресе жас ата-аналар балаларды тәрбиелеуде жаңа іс-тәжірибелік дағдыларды үйренуді қажет етеді. Оларды мақсатты түрде семинар-практикумдарға шақырады. Бұл жұмыс формасы ата-аналарға оқытудың әдістері мен тәсілдерін үйретуге мүмкіндік береді: кітапты қалай оқу керек, иллюстрацияларды қарастыру, оқылғанды әңгімелеп беру, баланың қолын жазуға жаттықтыру т.б.

Ата-аналар жиналысы. Топтық және жалпы түрлері өткізіледі.Жалпы жиналыстар жылына 2-3 рет өткізіледі. Ол жиналыста жаңа оқу жылының міндеттері, оқыту жұмысының қорытындылары т.б. туралы айтылады. Жалпы жиналысқа дәрігерлерді, заңгерді, балалр жазушысын шақыруға болады.Ата-аналарды да сөйлетуге болады.

Топтық жиналыстар 2-3 айда бір рет өткізіледі.



Ата-аналар конференциясы. Конференцияның басты мақсаты – отбасы тәрбиесінің тәжірибесімен бөлісу. Конференцияғабалардың жұмыстарының, педагогикалық әдебиеттердің, МДМ-ң жұмысын көрсететін көрмесі дайындалады

Отбасылық клубтар. Ата-аналар жиналысына қарағанда клуб ата-аналардың өз еркімен, қызығушылығымен келулерін Ата-аналардың уақыттарының тығыздығын ескекре отырып, «Ата-ана поштасы»; «Сенім телефоны» атты ата-анамен қатынас орнатуға мүмкіндік беретін дәстүрлі емес формаларды айтуға болады. Отбасымен өзара әрекеттесудің дәстүрлі емес формасы ретінде ойындар кітапханасы қарастырылады.

1.Зверева О.Л., Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. М., 2005. Стр.7-21.

2. Глебова С.В. Детский сад – семья: аспекты взаимодействия. – Воронеж, 2005

2. Зверева О.Л. Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. – М., 2005

3. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004

4. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006

5. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005

6. Микляева Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. М.,2006

7. Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А. Нетрадиционные формы работы с родителями. – М., 2005
Практикалық сабақ 5

Тақырып: Баланың дамуы туралы МДМ-ң және отбасының функционалдық өзара әрекеттесу моделі

Мақсаты: Баланың дамуы туралы МДМ-ң және отбасының функционалдық өзара әрекеттесу моделі жайлы мағлұмат беру

Жоспары:


  1. Отбасының функционалдық өзара әрекеттесу моделі

  2. Бала дамуында отбасының алатын орны

Әдебиеттер :

1. Фридман Л.М. Пушкина Т. А. КаплуновичИ.Я.Изучение личности учащегося и ученических коллективов.- М., 1988., стр. 15-17.

2.Психолого-педагогическое консультирование родителей в дошкольном образовательном учреждении /Методическое пособие/. сост. Тирская И. А.
Практикалық сабақ 6

Тақырыбы: МДМ-гі ата-аналар жиналысы.

Мақсаты: МДМ-гі ата-аналар жиналысы жайлы түсінік беру.

Жоспары:


  1. МДМ-гі ата-аналар жиналысы

  2. МДМ-гі ата-аналар жиналысының өту формалары

Әдебиеттер:

1. Арнаутова Е. Самоанализ опыта общения с родителями. // Дошкольное воспитание. 2002. №4. С.47-56.

2. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004

3. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005


Практикалық сабақ 7

Тақырып: Ата-аналармен жұмыстағы диагностикалық әдістер.

Мақсаты: Ата-аналармен диагностикалық жұмыстардың мазмұны мен бағыттары туралы ұғым қалыптастыру. Ата-аналармен жұмыста анкетаны қолдану туралы ұғым қалыптастыру.

Жоспары:

1. Ата-аналарды анкетілеу. Анкеталарды жасаудың әдістемесі.

2. ата-аналармен жұмыстағы тесттер мен сұрақ-жауаптар.

3. анкеталарды жасауға арналған жаттығулар.

4. анкеталардың анализі мен бағасы.

Әдебиеттер :

1. Фридман Л.М. Пушкина Т. А. КаплуновичИ.Я.Изучение личности учащегося и ученических коллективов.- М., 1988., стр. 15-17.

2.Психолого-педагогическое консультирование родителей в дошкольном образовательном учреждении /Методическое пособие/. сост. Тирская И. А.
Практикалық сабақ 8

Тақырыбы: Ата-аналармен қарым-қатынасқа түсу дағдыларын қалыптастыру.

Мақсаты: ата-аналармен дұрыс контакт орнату туралы ұғым қалыптастыру.

Жоспары:


  1. Қарым-қатынас психологиясы тұрғысындағы білімдерін өз бетімен тексеруге арналаған жаттығу.

  2. Эмоционалдық өзін-өзі көрсетуге арналған жаттығулар, қарым-қатынастың вербальды емес әдістері, диалогтік сөйлесудің тәсілдерін дамыту.

  3. «Педагогикалық жағдаяттардың конкурсы» атты рөлдік ойын

  4. «Ата-аналар үшін маңызды қандай кездесу тақырыбы бар» қызметтік ойыны.

Әдебиеттер:

1. Арнаутова Е. Самоанализ опыта общения с родителями. // Дошкольное воспитание. 2002. №4. С.47-56.

2. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004

3. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005


Практикалық сабақ №9

Тақырыбы: Отбасы дағдарысы

Мақсаты: Отбасы дағдарысы жайлы мағлұмат беру.

Жоспары:

  1. Отбасы дағдарысы жайлы түсінік

  2. Дағдарыстан шығу жолы

Әдебиеттер:

1.Зверева О.Л., Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. М., 2005. Стр.7-21.

2. Глебова С.В. Детский сад – семья: аспекты взаимодействия. – Воронеж, 2005

2. Зверева О.Л. Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. – М., 2005

3. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004

4. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006

5. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005

6. Микляева Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. М.,2006

7.Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А. Нетрадиционные формы работы с родителями. – М., 2005
Практикалық сабақ №10

Тақырыбы: Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сауаттандырудың интерактивті әдістері.

Мақсаты: Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сауаттандырудың интерактивті әдістері жайлы түсінік беру

Жоспары:


  1. Интерактивті әдістер жайлы түсінік беру

  2. Ата аналармен жұмыс жүргізуде интерактивті әдістерді қолдану

Жоспарларды түзету және өзара қорытындылау.

Әдебиеттер:

1.Зверева О.Л., Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. М., 2005. Стр.7-21.

2. Глебова С.В. Детский сад – семья: аспекты взаимодействия. – Воронеж, 2005

2. Зверева О.Л. Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. – М., 2005

3. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004

4. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006

5. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005

6. Микляева Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. М.,2006

7.Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А. Нетрадиционные формы работы с родителями. – М., 2005
Практикалық сабақ №11

Тақырыбы: МДМ мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастағы қиындықтар

Мақсаты: Ата-аналармен жұмыс істеуде кездесетін қиындықтармен таныстыру.

Жоспары:

1.Ата-аналармен жұмыс істеуде кездесетін қиындықтар

2.Жоспарларды түзету және өзара қорытындылау.

Әдебиеттер:

1.Зверева О.Л., Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. М., 2005. Стр.7-21.

2. Глебова С.В. Детский сад – семья: аспекты взаимодействия. – Воронеж, 2005

2. Зверева О.Л. Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. – М., 2005

3. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004

4. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006

5. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005

6. Микляева Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. М.,2006

7.Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А. Нетрадиционные формы работы с родителями. – М., 2005
Практикалық сабақ 12

Тақырыбы: Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері

Мақсаты: Ата-аналармен жұмыс істеудің кезеңдері туралы ұғым қалыптастыру.

Жоспары:

1.Ата-аналармен жұмыс істеу кезеңдері

2.Жұмыс кезеңінің басталуы

Әдебиеттер:

1.Зверева О.Л., Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. М., 2005. Стр.7-21.

2. Глебова С.В. Детский сад – семья: аспекты взаимодействия. – Воронеж, 2005

2. Зверева О.Л. Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. – М., 2005

3. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004

4. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006

5. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005

6. Микляева Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. М.,2006

7.Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А. Нетрадиционные формы работы с родителями. – М., 2005
Практикалық сабақ №13

Тақырыбы: Кеңес беру - МДМ-дағы ата-аналармен жұмыстың бір формасы ретінде.

Мақсаты: ата-аналар үшін жазба консультациялар мен буклеттерді дайындау дағдыларын қалыптастыру.

Жоспары:

1.жазба консультацияның презентациясы.

2. ата-аналарға арналған буклеттің презентациясы
Әдебиеттер:


  1. Глебова С.В. Детский сад – семья: аспекты взаимодействия. – Воронеж, 2005

  2. Зверева О.Л. Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. – М., 2005

  3. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004

  4. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006

  5. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005

  6. Микляева Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. М.,2006


Практикалық сабақ 14

Тақырыбы: Отбасында бала тәрбиелеуде кездесетін қателіктер

Мақсаты: Ата-аналармен жұмыс істеуде кездесетін қателіктермен жұмыс жасау ерекшеліктерімен таныстыру.

Жоспары:

  1. Ата-аналармен жұмыс жоспар үлгісін құру

  2. Жоспарларды түзету және өзара қорытындылау.

Әдебиеттер:

1.Зверева О.Л., Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. М., 2005. Стр.7-21.

2. Глебова С.В. Детский сад – семья: аспекты взаимодействия. – Воронеж, 2005

2. Зверева О.Л. Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. – М., 2005

3. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004

4. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006

5. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005

6. Микляева Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. М.,2006

7.Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А. Нетрадиционные формы работы с родителями. – М., 2005
Практикалық сабақ 15

Тақырыбы: Ата–аналар белсенділіктері және қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет етуі

Мақсаты: Ата-аналармен жұмыс істеуді жоспарлаудың әртүрлі формалары туралы ұғым қалыптастыру. Перспективті жоспарларды жазуға жаттықтыру.

Жоспары:

1.Ата-аналар мектебі

2.Ақсақалдар кеңесі

Әдебиеттер:

1.Зверева О.Л., Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. М., 2005. Стр.7-21.

2. Глебова С.В. Детский сад – семья: аспекты взаимодействия. – Воронеж, 2005

2. Зверева О.Л. Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. – М., 2005

3. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004

4. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006

5. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005

6. Микляева Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. М.,2006



7.Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А. Нетрадиционные формы работы с родителями. – М., 2005
Бөлім 5. Студенттің оқытушымен орындалатын өздік жұмысына жалпы әдістемелік нұсқаулар.
СӨЖ тапсырмаларының кестесі.




Тапсырма мазмұны

Формасы

Өтілу мерзімі

Ұпай саны

1.

Педагогикалық ұжымның тиімді жұмыс жасауының бір жағдайы ретінде отбасы мен мектепке дейінгі мекемелердің өзара әрекеттесуі.

Баяндама

1 апта

3

2.

МДМ-де ата-анамен жұмысты ұйымдастыру.

Конспект

2 апта

3

3.

МДМ мен отбасының өзара әрекетіне қазіргі заманғы қатынасы.

Реферат

3 апта

3


4.

МДМ-дегі ата-анамен жұмыстың формалары.


Баяндама

4 апта

3

5.

Баланың дамуы туралы МДМ-ң және отбасының функционалдық өзара әрекеттесу моделі.

Бақылау сұрақтары

5 апта

3

6.

МДМ-гі ата-аналар жиналысы.

Конспект

6 апта

3

7.

Ата-аналармен жұмыстағы диагностикалық әдістер.

Конспект

7 апта

3

8

Ата-аналармен қарым-қатынастың дағдыларын қалыптастыру.

Ұжымдық шығармашы-лық сабақ

8 апта

3

9

Отбасы дағдарысы

Бақылау сұрақтары

9 апта

3

10

Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сауаттандырудың интерактивті әдістері.

Баяндама

10 апта

3

11

МДМ мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастағы қиындықтар

Ұжымдық шығармашы-лық сабақ

11 апта

3

12

Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері

Семинар шоу

12 апта

3

13

Кеңес беру -МДМ-дегі ата-аналармен жұмыстың бір формасы ретінде.

реферат

13 апта

3

14

Отбасында бала тәрбиелеуде кездесетін қателіктер

конспект

14 апта

3

15

Ата–аналар белсенділіктері және қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет етуі

Ұжымдық шығармашы-лық сабақ

15 апта

3


СӨЖ тапсырмалары және оны орындауға әдістемелік нұсқау
1.Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашу, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөздікке жол бермеу. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі конспектілеу қажет

2. Рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасау қажет. Реферат жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыландыру. Орындағын тапсырманы тиісті түрде бағалау

3. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашу, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөздікке жол бермеу. Сіндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі конспектілеу қажет

4.Рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасау қажет. Реферат жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыландыру. Орындағын тапсырманы тиісті түрде бағалау


I. Берілген тақырыпты конспектілеу. Негізгі талаптар:

1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.

5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
Реферат жазуда не ескеріледі?

1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

3. Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

6. Студенттің жазған рефераты аудиториядаталқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмүнын аудиторияда баяндайды, сүрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

Рефератты талқылау — шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылып, қорытындысын шығару - маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.

Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер мен нұсқаулар

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.

Студенттердің өздік жұмысы және оны орындау кестесі




Жұмыс тақырыбы

Мақсаты, мазмұны

Әдебиеттер

Ұпай

саны


Өтілу

мерзімі


Формасы

1

Педагогикалық ұжымның тиімді жұмыс жасауының бір жағдайы ретінде отбасы мен мектепке дейінгі мекемелердің өзара әрекеттесуі.

Педагогикалық ұжымның тиімді жұмыс жасауының бір жағдайы ретінде отбасы мен мектепке дейінгі мекемелердің өзара әрекеттесуі жайлы түсінік беру

Выготский Л.С.

Педагогическая психология.М.,1991



4

1 апта

Реферат

2

МДМ-де ата-анамен жұмысты ұйымдастыру.

МДМ-де ата-анамен жұмысты ұйымдастыруы жайлы мағлұмат беру

Волков К.Н. Психологи о педагогических проблемах.М:Просвещение, 1981


4

2 апта

Баяндама

3

МДМ мен отбасының өзара әрекетіне қазіргі заманғы қатынасы.

МДМ мен отбасының өзара әрекетіне қазіргі заманғы қатынасы жайлы түсінік беру

Крутецский В.А.Основы педагогических психологии.М.,1972

4

3 апта

Ауызша пікір алысу

4

МДМ-дегі ата-анамен жұмыстың формалары.


МДМ-дегі ата-анамен жұмыстың формалары жайлы түсінік беру


Немов Р.С.Психология.Книга 2. М.,2000г.


4

4 апта

Конспект

5

Баланың дамуы туралы МДМ-ң және отбасының функционалдық өзара әрекеттесу моделі.

Баланың дамуы туралы МДМ-ң және отбасының функционалдық өзара әрекеттесу моделі жайлы мағлұмат беру

Зимняя И.А. Педагогическая психология.М.,1995


4

5 апта

Конспект

6

МДМ-гі ата-аналар жиналысы.

МДМ-гі ата-аналар жиналысы жайлы түсінік беру

Мұқанов М.

Педагогика

лық психология очерктері.Алматы.1962


4

6 апта

Конспект

7

Ата-аналармен жұмыстағы диагностикалық әдістер.

Ата-аналармен жұмыстағы диагностикалық әдістер жайлы түсінік беру

Крутецский В.А Психология обучения и

воспитание

школьников.М:1976


4

7 апта

ассоциограмма

8

Ата-аналармен қарым-қатынастың дағдыларын қалыптастыру.

Ата-аналармен қарым-қатынастың дағдыларын қалыптастыру жайлы мағлұмат беру

Айсмонтас Педагогическая психологияМ;2000


4

8 апта

Конспект

9

Отбасы дағдарысы

Отбасы дағдарысы жайлы мағлұмат беру

НемовР.С.

Психология.Книга 2. М.,2000г.




4

9 апта

Реферат

10

Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сауаттандырудың интерактивті әдістері.

Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сауаттандырудың интерактивті әдістері жайлы түсінік беру

Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері.Алматы.1962


4

10 апта

Конспект

11

МДМ мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастағы қиындықтар

МДМ мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастағы қиындықтар жайлы түсінік беру

МарковаА.К.Матис Т.А., Орлов А.Б.

Формирова

ние мотивации учение.М.,1990


4

11 апта

Реферат

12

Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері

Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері жайлы түсінік беру

Крутецский В.А Психология обучения и воспитания школьников.М:1976


4

12 апта

Ауызша пікір алысу

13

Кеңес беру -МДМ-дегі ата-аналармен жұмыстың бір формасы ретінде.

Кеңес беру - МДМ-дегі ата-аналармен жұмыстың бір формасы ретінде түсінік беру

Айсмонтас

Педагогическая психология.М;2000




4

13 апта

Кесте

14

Отбасында бала тәрбиелеуде кездесетін қателіктер

Отбасында бала тәрбиелеуде кездесетін қателіктер жайлы түсінік беру

Выготский Л.С.

Педагогическая психология.М.,1991



4

14 апта

Ауызша пікір алысу

15

Ата–аналар белсенділіктері және қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет етуі

Ата–аналар белсенділіктері және қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет етуі жайлы түсінік беру

ИльясовИ.И.Структура процесса учения.М.,1986


4

15 апта

Топпен жұмыс



Бақылау құралдары.

  1. 1.Қазіргі балабақшадағы әдістемелік жұмыстардың ерекшелігі.

  2. Мектепке дейінгі ұйымның жоспар құру технологиясы

  3. Педагогтың біліктілігін жоғарлату формасы

  4. Әдіскердің негізгі әрекеті - жоспарлау мен қадағалау.

  5. Шығармашылық топты ұйымдастыру жолдары

  6. МДМ-де ата-анамен жұмысты ұйымдастыру.

  7. Әдіскердің негізгі әрекетін жоспарлау.

  8. Мектепке дейінгі ұйымдардың әдістемелік жұмыстарының белсенді әдістері.

  9. МДМ мен отбасының өзара әрекетіне қазіргі заманғы қатынасы.

  10. Шығармашылық топтарды ұйымдастыру жолдары

  11. Педагогтың біліктілігін жоғарлату формасы

  12. МДМ-де ата-анамен жұмысты ұйымдастыру.

  13. Балабақшадағы педагогикалық кеңес пен жиналыс өткізу.

  14. Баланың дамуы туралы МДМ-ң және отбасының функционалдық өзара әрекеттесу моделі.

  15. МДМ-дегі ата-анамен жұмыстың формалары.

  16. Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыс формасы.

  17. Ата – аналармен қарым-қатынасты дамыту.

  18. МДМ-гі ата-аналар жиналысы

  19. Мектепке дейінгі ұйымда ата-аналармен жұмысты ұйымдастару.

  20. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогтар арасында тәжірибе алмасу.

  21. Ата-аналармен жұмыстағы диагностикалық әдістер.

  22. Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік кабинет.

  23. Ата-аналармен қарым-қатынастың дағдыларын қалыптастыру.

  24. Ата-аналардың әртүрлі жас кезеңдерінің топтарымен жұмыс істеу ерекшеліктері.

  25. Педагогтың балалармен өзара әрекеті.

  26. Ата –аналармен жұмыс істеуде интерактивті әдістерді қолдану.

  27. Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сауаттандырудың интерактивті әдістері.

  28. Педагогтардың біліктілігін жоғарлату формасының бірі -өз бетімен білім алу.

  29. Ата-аналар жиналысы барысындағы педагог ықпалы.

  30. МДМ мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастағы қиындықтар.

  31. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық кеңесті жүргізу әдістемесі.

  32. Ата-аналармен жұмыста анкетілеуді қолдану

  33. Отбасылық клубтарды ұйымдастыру арқылы ата-аналарды балабақшаның өміріне араластыру

  34. Танымдық дамудағы сенсорлық тәрбиенің орны

  35. Консультация-МДМ-дегі ата-аналармен жұмыстың бір формасы ретінде.

  36. Мектепке оқуға психологиялық дайындық

  37. Мектепке дейінгі балаларды оқытудың педагогикалық мәні

  38. Оқытудың негізгі прициптері.

  39. Отбасымен жұмысты жоспарлау

  40. .Ата-аналармен педогогтардың қарым-қатынас орнатуының принциптері

  41. Ата-анамен жұмыс атқарудағы бала-бақшаның маңызды міндеттері

  42. Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен қарым-қатынастағы педагогтың профессионалдық компитенттілігі.

  43. Балабақшадағы оқытудың психологиялық негіздері

  44. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру

  45. Педагогтың біліктілігін жоғарлату формасы

  46. Оқыту ұйымдарының отбасымен жұмыс жасауының негізгі бағыттары

  47. МДМ-ң отбасымен жұмыс жасауының системасы

  48. Балабақшадағы оқытудың психологиялық негіздері.

  49. Балабақша мен отбасы қарым-қатынасының өзара әрекеті мен бірігіп жұмыс істеуі

  50. Мектепке дейінгі жас- бала дамуындағы сензитивтік кезең.

  51. Ата-аналар мен педагогтар арасындағы сенімді қарым-қатынас

  52. Ата-аналар жиналысы кезіндегі өара әрекеттің принциптері

  53. Ата-аналар жиналысыны ұйымдастырудың өнімділігін жоғарылату

  54. 3.Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекеттесу формалары.

  55. Ата-аналармен жағымды қарым-қатынас орнату техникасы

  56. Ата-аналармен жұмыстың белсенді әдістері.

  57. Ата-аналармен жұмыс формаларының классификациясы

  58. Ата-аналарды анкетілеу. Анкеталарды жасаудың әдістемесі

  59. Ата-аналармен жұмыстағы тесттер мен сұрақ-жауаптар.

  60. Тәрбиешінің кіші топтағы ата-аналармен жұмыс істеу ерекшеліктері.

  61. Тәрбиешінің орта топтағы ата-аналармен жұмыс істеу ерекшеліктері

  62. Ата-аналар жиналысының жасалған бағдарлама үлгісі

  63. Ата-аналар жиналысын өткізудің өзіндік бөліктері, анализ бен бағалау

  64. Тәрбиешінің ересек топтағы ата-аналармен жұмыс істеу ерекшеліктері

  65. Ата-аналармен жұмыстың жылдық жұмыс жоспарының үлгісі

  66. Ата-аналар жиналысын өткізудің өзіндік бөліктері, анализ бен бағалау

  67. Ата-аналармен жұмыстағы тесттер мен сұрақ-жауаптар.

  68. Тәрбиешінің кіші топтағы ата-аналармен жұмыс істеу ерекшеліктері.

  69. Ата-аналар жиналысын өткізудің өзіндік бөліктері, анализ бен бағалау

  70. .Әдіскердің негізгі әрекетін жоспарлау.

  71. Мектепке дейінгі ұйымдардың әдістемелік жұмыстарының белсенді әдістері.

  72. МДМ мен отбасының өзара әрекетіне қазіргі заманғы қатынасы.

  73. Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік кабинет.

  74. Ата-аналармен қарым-қатынастың дағдыларын қалыптастыру.

  75. Ата-аналардың әртүрлі жас кезеңдерінің топтарымен жұмыс істеу ерекшеліктері.





жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау