Интеграциялық процестің кезеңцері
өзара саудада тарифтік және де басқа да тарифтік емес кедергілерді қысқарту
Үшінші елдерге қатысты ұлттық тарифтерді сақтау
Мемлекет аралық басқару органдары құрылмайды
|
1. Преферен-
циялдық сау-да келісімі (preferential trade agreement)
Өзара саудада тарифтік және тарифтік емес тосқауылдарды алып тастау
Тауар мен қызметтердің мемлекет аралық қозғалысының еркіндігі
Кішігірім мемлекетаралық секретариат
|
2. Еркін сауда аймағы (free trade zone)
ге қатысты бірдей тарифтік және тарифтік емес реттеу
Министрлер деңгейінде мемлекетаралық кеңес және секретариат
|
3. Кедендік одақ (customs union)
Өндіріс факторларының қозғалысы еркіндігі
М емлекет басшылары кездесуі, министрлер кеңесі, секретариат
|
4. Ортақ нарық (common market)
Экономикалық саясатты үйлестіру
|
5. Экономикалық одақ (economic union)
|
Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар, макроэкономикалық саясатты валюта, бюджет, ақша сияқты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтін экономикалық одаққа айналады. Бұл кезеңде жай іс-әрекетті үйлестіру және экономикалық дамуды бақылау ғана қабілеті бар органның орнына, бүкіл топтың атынан оперативті шешім қабылдай алатын орган қажет. Үкіметтер келісілген түрде өз қызметтерінің біршама бөлігінен бас тартады, яғни мемлекеттік суверенитеттің бір бөлігін мемлекеттер үстіндегі органдар пайдасына береді. Бұндай қызметтерге ие болған мемлекеттер үстіндегі органдар бірлестікке қатысты мәселелерді мүше мемлекеттер Үкіметтерінің келісімінсіз шешуге құқы бар. Мысалы, ЕО-ғы шеңберінде - бұл ЕО комиссиясы.
Интеграцияның алтыншы деңгейінің де болуы мүмкін - бұл Саяси Одақ (СО). Ол ұлттық үкіметтердің үшінші елдермен қатынасын қамтитын қызметтерінің басым кепшілігін мемлекеттер үстіндегі органдарға беруді көздейді. іс жүзінде бұл жеке мемлекеттердің егемендігін жоғалтып, халықаралық конфедерация құруды талап етеді. Бірақ интеграциялык. топтардың бірде-біреуі дамудың бұл деңгейіне жеткен жоқ, тіпті әз алдына бұндай мақсаттар қойған жок.
ЕО, НАФТА-ға кіретін Солтүстік Америка елдері, белгілі дәрежеде Латын Америка елдерінің регионалдық интрегация тәжірибесін қорыта келе, экономикалық интеграцияның кейбір заңдылықтарын шығаруға болады.
Біріншіден, бұл эволюциялық жол. Біртіндеп, интеграция кезеңдерін аттамай, ендірушілер үшін де, тұтынушылар үшін де серіктестерді таңдау еркіндігін беріп, әкімшілік шектеулер мен тосқауылдарды алып тастау үшін жағдай жасап, сауда-экономикалық ынтымақтастық бірқалыпты (тұрақты) әрекет ететін нарықтық орта құру қажет.
Екіншіден, бұл интеграциялық міндеттемелерді біртіндеп, кезеңді түрде шешу. Ол үшін мүше-елдерінің ассоциациялары кемегімен еркін сауда аймағы, кедендік одақ, капитал, тауар мен қызмет, еңбектің орта нарығын және біртүтас экономикалык кеңістіктің негізін қалау қажет.
Үшіншіден, 6үл біртекті экономикалық орта құру, нарықтық қайта құрудың қарқыны мен деңгейін жақындастыру қажеттілігі.
Төртіншіден, интеграциялық процестің барлық мүшелерінің тек құқықтық серіктестігі, дискриминациясыз іс-әрекет етуі.
Халықаралық экономика тұрғысынан интеграцияны бағалаудың екі көзқарасы бар: ол не ауқымдырақ еркін саудаға қадам, не сауда жолдарындағы тосқауыл ретінде қарастырылады. ГАТТ/ВТО ережелеріне сәйкес, ең қолайлы жағдай режимінен бір ғана ауытқу бекітілген - ол ГАТТ-ң 24 бабы. Осы бап бойынша кедендік одақ және еркін сауда аймағын құру мүмкіншілігі бар. Ережелерге сәйкес интеграция құрудан бұрын, біршама ұзақ мерзімге "өтпелі келісімдер" қабылдануы мүмкін. Нәтижесінде кедендік одақ немесе еркін сауда аймағы құрылады, бірақ мына шарт орындалуы қажет: тек мүше-елдер арасында "барлық тауарларға" сауда тосқауылдары жойылып, басқа елдермен саудада тосқауылдар саны көбеймеуі қажет.
Интеграциялық қауымдастық дамудың қай деңгейінде тұрғанын дәл анықтау өте қиын. Бұл бір жағынан нақтылай, толық ақпараттың жоқтығы, екінші жағынан, жарияланған мақсаттар мен қол жеткен жетістіктер арасындағы үлкен келіспеушілік нәтижесі. Кейбір жағдайда, өзін экономикалық одақ деп атайтын топ, тек кедендік тарифтерді өзара жоюдың алғашқы сатысында болуы мүмкін, яғни тіпті еркін сауда аймағы деңгейіне де жетпеген. Немесе, ортақ кедендік тарифтер әлі қарастырылмаған, тек қағаз жүзіндегі кедендік одақ болуы мүмкін.
Халықаралық экономикада интеграциялық топтар оқтын-оқтын пайда болып, жоғалып отырады, әсіресе дамушы елдер арасындағы топтар. ГАТТ/ВТО мәліметтері бойынша, 90-шы жылдардың орта шенінде дүние жүзінде 30-дан астам әр типті интеграциялық топтар пайда болған. Салыстыру үшін айта кетейік, 80-ші жылдары 5-6 ғана топ болған, оның өзінің басым көпшілігі іс жүзінде істемеген. 70-ші жылдары интеграциялық топтар саны 18-20-ға жуық болған. Ол кезде интеграцияның дүние жүзінде таралуына түрткі болған Батыс Еуропадағы интеграциялық процестер.
Әрекет етуші негізгі интеграциялық топтарды жарияланған түпкі мақсаттары бойынша классификацияласақ, қазіргі халықаралық экономикада интеграциялық процестің дамуының әрбір сатысында тұрған интеграциялық топтардың бар екенін байқауға болады (2-ші кесте). Кейбір топтар белгіленген интеграциялық бағдарламасын толық орындап, тек оның кейбір жақтарын жетілдіруде (Австралия-Жаңазеландия ЕСА, Балтық ЕСА, Орталық Америка ортақ нарығы және т.б.). Бірак, басым көпшілігі қойылған мақсатқа жетудің алғашқы сатысында. Мысалы, өзін кедендік одақ деп атайтын Шығыс-кариб елдерінің ұйымының жеті елінін тек Доминика, Сент-Винсент және Гренадины сияқты үш мемлекеті ғана үшінші елдерге қатысты ортақ кедендік тарифті қолданады. Ал өзінін мақсаты ретінде 51 Африка мемлекеттерінен экономикалық одақ құруды көздеген Африкан экономикалық қауымдастығы оны 1994 жылдан бастап 34 жылға созылатын өтпелі кезеңде қалыптастыруды жоспарлап отыр.
Тарихи тәжірибе көрсеткендей, экономикалық интеграцияның алғашқы қадамдарынан кедендік одаққа дейінгі деңгейді іс жүзіне асыру оңайырақ. Жарияланған мақсаттары мен аттарына қарамастан, басым көпшілік топтар не преференциалдық сауда келісімдері, не ЕСА деңгейінде тұр. Олар макроэкономикалық саясатты үйлестіру немесе унификациялау міндеттемелерін қарастырмайды, сондықтан іс жүзінде енгізу үшін қолайлырақ (оңайырақ). Ең дамыған интеграциялық қауымдастық, әрине, Еуропалық Одақ. Белгілі дәрежеде ол интеграцияның кейбір элементтері меңгерілген модель.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Экономикалық интеграцияның алғышарттары және мақсаттары.
2.Дамыған және дамушы елдердің интеграциялық бірлестіктері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Байгисиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2006
2.Доғалова Г. Халықаралық экономика. – Алматы., 2010
3. Мамыров Н.Қ. Халыкаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2009
Дәріс №12. Халықаралық валюталық – қаржылық жүйе
Халықаралық экономиканың валюталық қаржылық жүйесі.
Әлемдік валюта жүйесінің эволюциясы.
Тақырып бойынша басты түсініктер: валюталық қаржылық жүйе, әлемдік валюта, жүйе эволюциясы.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Халықаралық экономиканың валюталық қаржылық жүйесі.
Әлемдік валюта жүйесінің эволюциясы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Байгисиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2006
2.Доғалова Г. Халықаралық экономика. – Алматы., 2010
3. Мамыров Н.Қ. Халыкаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2009
Дәріс №13. Валюталық бағам және оны реттеу
1.Валюталық бағам және оның түрлері.
2.Тепе- теңдік валюталық бағам.
Тақырып бойынша басты түсініктер: Валюталық бағам, тепе- теңдік валюталық бағам
Қандайда болмасын экономикалық жүйенің, экономикалық
түпкіт мақсаты-бағалар тұрақтылығын, экономикалық өсу мен толық
жұмыстылықты қамтамасыз ету. Бұл жағдайда
айырбас валюта бағамы мен оның мүмкін өзгерістері айналымдағы
мөлшерінің және баға деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету қатар, экономикалық саясаттың маңызды аралық мақсаты
болып табылады. Бірақ валюта бағамы өзгерісі экономиканың
барлық салалары мен секторына біркелкі әсер етпейді. Ұлттық күшеюге экспортқа жұмыс істеп жатқан салалардың импорт өнімдерімен бәсекелесу мүмкіндіктерін азайтады. Сонымен қатар ұлттық валюта құнының өсуінің кері әсерлерімен шектелмейді, өйткені одан импорттық шикізатпен жұмыс істейтін өндіріс салалары тұрады. Ал ұлттық валюта құнының азаюы кезінде ұтушы мен ұтылушылар орны ауысады. Соған қарамастан, импортерлер мен экспортерлер өз экономикалық іс-әрекетінің жоспарлаудың тұрақты негіздерін қамтамасыз ету үшін болжамды өзгермелі валюта бағамдарымен жұмыс істеуге ұмтылады.
Валюта бағамдарының өзгерісінің экономика секторына әсерінен басқа, валютаның төмендеуі немесе жоғарылауы макроэкономикалық деңгейде маңызды әсерлерді тудырады. Экспорттық операциялар мемлекеттің жалпы шығындар деңгейін жоғарлатады. Таза экспорт шығындардың бір бөлігі болғандықтан, өгерісі мультипликативті әсер арқылы ұлттық табыстың өзгерісіне әкеледі; Бұл өз кезегінде, экономикада жалпылама сұранысты өзгертіп, өндіріс, жұмыстылық пен бағаның нақты көлемінің деңгейіне әсер етеді; Таза экспорт ұлғаю салдарынан валюта құнының құнсыздануы ел экономикасына экспонсионистік әсерін берді. Ал валюта құнының қымбаттауы экономикада іскерлік іс-әрекеттің төмендеуіне әкеледі. Одан басқа валюта бағамының өзгерісі экономиканы ұсыныс дағдарыс жағдайына келтіреді. Валюта бағамдары импортталатын өндіріс факторларының деңгейіне қатты әсер етіп, тұтыну тауарларының бағасына әсер тигізеді. Сонымен бірге валюта бағамның өзгерісі ішкі нарықта бәсекелестіктің шиеленісуі салдарынан импортталатын өндіріс факторлар бағасына жанама әсер береді.
Осыған байланысты валюта бағамына түзету қажеттілігін көрсететін көрсеткіштерді анықтау маңызды болып табылады.
Түзету кажеттілігін көрсететін кәрсеткіштер. Сауданың аз бағалық икемділігі кезінде тепе-теңдікті бұзатын сыртқы факторлар әсерінің орнын толтыруы, валюта бағамдарының өте үлкен өзгерістерін қажет етеді. Валюта бағамының ауытқуларының ұлғаюы капитал ағымына кері әсерін беруі мүмкін. Өйткені шетел инвесторлары, иілмелі валюта бағамының, осы мемлекеттің қатал ақша-несие саясатын ұстану мүмкіндігіне кері әсерін беруіне байланысты мазасыздану жағдайында болады.
Сөйтіп төлем балансының, әсіресе ағымдағы операциялар балансын теңестірілуінің негізгі міндеті - валюта бағамына жүктеледі. Ол тауарлар мен қызмет көрсетулерге сұранысты көрсетіп, ішкі (ΔP) және сыртқы (ΔSP**) нарықтағы тауарлар бағасымен анықталады. Бұл жерде сыртқы нарықтағы бағалар спот-курсты (ағымдағы) пайдаланып ішкі нарықтың бағаларына келтірілуі тиіс. Ағымдағы есеп пен шетел және ішкі рыноктардағы салыстырмалы бағалар арасындағы функционалды тәуелділік (SP*) /(Р) ретінде көрсетіліп, тура пропорционалды болады. Егер (SР*)/(Р) жоғарыласа, ағымдағы есеп балансы да өседі.
Ағымдағы операциялар есебіне әсер ететін тағы бір фактор, ел ішінде (Ү*) және шетелде (Ү*) жасалатын ұлттық табыс болып табылады. Ел ішінде жасалатын ұлттық табыс тауарлар мен қызмет көрсету импорты арқылы ағымдағы есепке әсер етеді. Ал импорттың өсуі тұтынудың жоғарылауына әкеледі. Импорт тұтынудың бір бөлігі болғандықтан, импорт табыспен бірге жоғарылап, ағымдағы есептің азаюына әкеледі. Сол себептен Ү* мен ішкі ағымдағы есептің арасындағы қатынас оң болады. Басқаша айтқанда Ү* өсуі шетелдіктердің импортының өсуіне әкеледі (немесе ұлттық экспорт өсуіне) және ағымдағы еееп балансының өсуіне әкеледі. Сөйтіп ағымдағы есеппен көрсетілген өзгермелер арасындағы функционалды байланыстылықты былайша көрсетуге болады:
САВ = САВ (SР*/(Р, Ү, Ү*) (1)
Капиталды есеп те кейбір өзгермелерге тәуелді. Оның қатарына: мемлекет ішіндегі және оның шекараларынан тыс салыстырмалы пайыздық қойылымдар жатады. Ішкі пайыздық қойылым мен капиталды есеп арасындағы функционалды тәуелділік тура пропорционалды болады. Басқаша айтқанда ел ішіндегі пайыз қойылымының өсуі шетел капиталын тартып, халықаралық қорлар ағымының келуін қамтамасыз етеді. Соған сәйкес капиталды есеп пен шетелдегі пайыздың қойылымы (R*) арасындағы байланыстылық кері пропорционалды. R* өсуі мемлекеттен инвестициялық қорлардың кетуіне әкеледі. Ең соңында капитал есебі айырбас бағамына (е) тәуелді. Пайыздық қойылым, айырбас бағамы мен капиталды есеп арасындағы тәуелділік былай көрсетіледі.
КА =КА (г, г*, е) (2)
Жоғарыда көрсетілген ақпаратқа сәйкес, капиталды және ағымдағы есепке әр түрлі валюта бағамының тәртіптері қалай әсер ететінін көрейік.
Бекітілген валюта бағамы жағдайындағы реттеу. Бұл жағдайда жеке меншік сектор тауарлар мен активтердің кез келген көлемін тұрақты айырбас бағамымен сатып, не сатып алуы мүмкін. Егер шетел валютасына сұраныстың өсуі болса, орталық банк оның дефицитімен кезігеді. Ол шетел валютасының қымбаттануына әкеледі, ал бұл бекітілген айырбас бағамы жағдайына тиімсіз. Егер шетел валютасының ұсынысы көп болса, орталық банк оны сатып алып, өз қорларын толықтырып, осы әрекет арқылы шетел валютасының қажетсіз құнсыздануын болдырмайды. Сөйтіп валюталық нарықтағы орталық банктің баға реттеу мен интервенциялар сәйкестіліктің мөлшерлік әдістері болып, шетел валютасына бекітілген бағаларды ұстауға мүмкіндік береді.
ΔRFX = CАВ (SР*)/(Р, Ү, Ү*) + КА (г, г*, е) (3)
7) теңдігіне сәйкее, егер орталық банк импортты жабу үшін өз қорларын пайдаланса, ол ағымдар есеп дефицитіне пара-пар болады. Төлем балансының сауда балансынан басқа барлық есептері теңестірілген деп болжамдайық. Сауда балансында импорт экспорттан 100 млн. АҚШ долларына асады. Осының салдарынан мемлекет экспорттан асқан мөлшерін орталық банк корларын пайдаланып төлеуі тиіс.
Бірақ орталық банк ішкі пайыз қойылымын сыртқы қойылымға сәйкес өзгерте алады. Елде ағымдағы есеп дефициті бар және орталық банк өз алтын валюталық қорларын шығындағысы келмейді деп болжам жасайық. Сондықтан тепе-теңдікке капиталды есепті ұлғайту арқылы жету үшін, қысқа мерзімде ішкі пайыз қойылымын r шетелдегі r* сәйкес ұлғайтуды қажет етеді. Сөйтіп ішкі салымдардың жоғары табыстылығы ағымдағы операциялары есебінің дефицитін қаржыландырып, орталық банкке өз алтын валюталық қорларын пайдалану қажеттілігі болмай қалады.
Иілмелі валюта бағамы жағдайындағы реттеу. Иілмелі валюта бағамы кезінде орталық банк валюта нарығында интервенцияларын жүзеге асырмайды. Көбінесе шетел валютасына сұраныстың өзгеруі валюта бағымының ауытқуына байланысты болып, ол өз кезегінде ағымдағы және капиталды есептерге әсер етеді.
Валюталардың еркін жүзуі төмендегідей нәтижелерге әкеледі деп есептеледі:
O = ΔRFX = CAB (SP* /(P, Y, Y*) + KA (r, r*,e) (4)
Төменде көрсетілетін мысалдар ағымдағы және капиталды есептер теңсіздігінің валюта бағамына қалай әсер ететін түсінуге көмектеседі.
АҚШ ағымдағы есеп бойынша 100 миллион. АҚШ доллоры көлемінде дифициті болып, бірақ орталық банк оны валюта нарығындағы интервенция арқылы жабуды қаламайды деп болжам жасайық.. Бұл жерде капиталды есеп те артық мөлшер болуы мүмкін және оны осы дефицитті жабуға пайдаланылады. Енді 100 милл. доллор АҚШ резиденттерінен шет ел азаматтарына бағытталады. Мысалға, АҚШ төлемдерді долларды жасап, 100 милл. доллор шетелдіктердің банк есеп – шоттарына аударылады. Егер валюта бағамы бекітілген болмаса, дәстүрлі төлем балансының тұрғысынан АҚШ доллорын бағасы төмендеуі керек.
1997 жылы Ұлыбритания Гонконгты бақылауды Қытайға берді. Осы уақыттағы саяси белгісіздігі нәтижесінде Гонконг инвесторларын көбісі өз қаражаттарын Канадаға салуға ынталы болды. Сөйтіп Канада он капитал ағымы байқалып, ол Канаданың төлем балансының капиталды есебінің артық мөлшеріне әкеледі. Канада да бекітілген валюта болған жағдайда, бұл ресми алтын валюталық қорлардың ұлғайуына әкелер еді. Ал иілмелі валюта бағамы жағдайында, бұл артық мөлшер Канада доллорының қымбаттануына әкелер еді.
Төлем балансының теориясына сәйкес бағалар табыс және пайыз қойылымдағы өзгерістер валюта бағамына әсер етеді.
Одан мынандай қорытынды жасауға болады.
ішкі нарықтағы бағалардың өсуі экспорттың азаюына әкелгендіктен, ол өз кезегінде ұлттық валютаға сұраныстың азаюы, оның құнсыздануына әкеледі.
Ұлттық табыстың өсуі ұлттық валютаның құнсыздануына, импортқа деген сұраныс ұлғаюына байланысты, шетел валютасына сұраныстың өсуіне әсер етеді.
Ішкі пайыз қойылымының өсуі ішкі активтерге сұраныстың ұлғаюына әкеліп, шетел активтеріне деген сұранысты төмендеткендіктен, ол ұлттық валютаның қымбаттануына әсер етеді.
Егер ағымдағы операциялар балансының нашарлауының басты себебі ырықтандыру кезеңінде барлық өтпелі экономика елдері кезіккен, ішкі нарық бағаларының күрт өсуімен мемлекеттің бәсекелестік қаблетінің төмендеуімен байланысты болса, ұлттық валютаның девальвациясы бәсекелестік қаблетті ықпал ете алады.
Түзетулердің қажеттігін сыртқы баланстың жалпы бағалау негізінде, орта мерзімдегі келешегіне сай қарастыру қажет. Көп жағдайда бұл бағалау төмендегідей көрсеткіштермен толықтырылады:
Валюта бағамының нақты тиімді индексі. Бұл көрсетгкіш көбінесе валюта бағамын түзету қажеттігін бағалау үшін қолданылады. Егер валюта бағамының нақты тиімді индексінің, елдің әлемдік нарықтағы орны тепе-теңдік жағдайында деп саналған кезеңнен жоғары болса (ұлттық валюта ревальвациясы), бұл мемлекеттің сыртқы нарықтағы бәсекелестік қаблеттілігінің төмендеу нышаны болады. Валюта бағамының нақты тиімді индексі екі жақты сауда ағымдарының негізінде анықталады, бірақ экспорттың бәсекелестік қаблетін бағалау үшін үшінші елдер нарығында бәсекелес-экспортерлер үлесін есепке алудың артықшылығы болар еді. Шығындар көрсеткішін ең толық анықтайтын көрсеткіш болып өнім бірлігіндегі еңбек күші шығындары болып табылса да, көптеген дамушы елдер бойынша бұл ақпараттың жоқтығы валюта бағамының нақты индексін есептеу үшін тұтыну бағалар индексі қолданылады. Бірақ , егер тұтыну бағалар индексінің құрамына сыртқы сауда потенциалды бар тауарлардың басым бөлігі енгізілсе , валюта бағамының нақты өсуі тек қайта бағаланған валютаның ,табысты түзетуін жүргізілгенін ғана көрсетіп, елдің бәсекелестік қабілетінің жоғалтуын анықтамай, валюта бағамына тағы түзетулер енгізілу қажеттілігін көрсетпейді. Сондықтан валюта бағымы индексінің мәнінің өзгерту себептерін білу маңызды.
Параллельді нарықтағы бағам. Ондай нарық болса, валюта бағымының дұрыстығын бағалауды жүзеге асыруда қажет болатын тағы да бір көрсеткіш болып табылады. Мысалға параллельді нарықтағы айырбас бағамының ресми бағамына қарағандағы төлем деңгейі, ұлттық валютаның ресми бағамы жоғарылатып қойылғанын көрсетуі мүмкін. Сонымен қатар параллельді нарықтағы бағамды қарастыру кезінде, оның көлемін және ресми іс-әрекет ету рұқсаты барын есепке алу қажет, өйткені ресми емес нарықтағы бағамға тәуекелділіктің көп үлесі енгізіледі.
Әр мемлекетте айырбас бағамының нақты тиімді индексін есептеудің белгілі бір әдістемесі бар. Төменде Қазақстан Республикасы үшін әдістеме келтірілген. Жалпы алғанда, әр түрлі елдердің әдістемелері арасындағы маңызды өзгешеліктері жоқ, мәселе тек жағдайлары мен қорытынды мәліметтерді пайдалануда.
Айырбас бағамының нақты тиімді индексін есепттеу әдістемесі.
Алғы шартты көрсеткіштер
Республиканың жалпы тауар айналымдағы үлес салмақтарына сәйкес, Қазақстанның негізгі сауда партнерлерін таңдау.
Сауда партнерлері елдердің елдердің валюталарының қатысты наминалды айырбас бағамдары.
Сауда партнерлері – елдерінің тұтыну бағалар индексіндегі өзгерістері.
Теңгенің долларға қатысты айырбас бағамы.
Қазақстандағы тұтыну бағалар индексінің өзгеруі.
Индексті есептелуге қатысты болатын, базистік кезеңді таңдау.
Негізгі алгоритм
Мәліметтерді өзгерту
Сауда партнерлерінің үлес салмағы тұрақтандыру арқылы сауда партнер мемлекетінің – Wi үлес салмағын жалпы тауар айналымында табу үшін:
Wi = (Wixx/(x+m) + (Wimxm/(x +m)
мемлекеттің экспорттағы үлес салмағы тауар айналымындағы жалпы көлеміндегі үлес салмағына көбейтіліп, мемлекеттің импорттағы үлес салмағының Республиканың жалпы тауар айналыындағы импорт көлемінің көбейтіндісімен қосылады.
Тұтыну бағалар индексі бағасының базистік кезеңіне қатысты өзгерту.
Тенгенің кросс бағамын шетел сауда партнерлерінің валюта бірлігіне – Siт әрбір есепті кезеңге есептелуі.
Тенгенің кросс-бағамы = шетел валютасының долларға қатысты бағамы/теңгенің долларға қатысты бағамы.
Наминалды тиімді айырбас бағамының индексін есептеу.
Есепті кезеңдегі базалық кезеңге қатысты тенгенің айырбас бағамының өзгеру индексін есептеу.
ΔSi = Siт/Si0
Бұл жерде:
ΔSi – теңгенің есепті кезектегі айырбас бағамының шетел валютасының бірліктерінде көрсетілген өзгерістері (кері лотировка).
Siт – есепті кезеңдегі тенгенің бағамы.
Si0 – базалық кезеңдегі тенгенің бағымы.
NEER – номиналды тиімді айырбас бағамының индексін есептеу.
NEER = 100 x Пі (ΔSi)w
оның есептеулі Республика тауар айналымындағы топтар бойынша шетел мсауда партнерлерінің тұрақталған үлес салмағын есепке ала отырып, тенгенің айырбас бағамының өзгеріс индексіне көбейт\індісімен есептелінеді.
Тенгенің есепті кезеңіндегі базалық кезеңімен салыстырғандағы нақты тиімді айырбас бағамы индексін есептеу.
Әр бір сауда партнерлері үшін салыстырмалы бағалар индексін - RP (relatibe prices) есептеу:
RP = CPI*/CPI
Бұл жерде: CPI*(PIF)- Қазақстанның сауда партнері мемлекеттеріндегі бағалар деңгейі.
CPI(Pd) – Қазақстандағы тұтыну бағалар индексі.
REER = Пi[NEER x (Pif)] = 100x Пi(ΔSi/Ppi)w
Есептеулі тенгенің айырбас бағамының өзгеріс индексінің сауда партнерлерінің салыстырмалы бағалар ингдексіне түзетіліп, Республиканың тауар айналымындағы тұрақталған мемлекеттің үлес салмағын есепке ала отырған көбейтіндісі арқылы жүзеге асады.
Алынған нәтижелер. Алынған нәтижелерді қабылдау номиналды және нақты тиімді айырбас бағамының есептегі кезеңінің өзгерістер индекстерін бағалау негізінде болады.
Осы әдістемені пайдаланудың негізгі қорытындының мәні мынандай:
Тиімді айырбас бағамы индексінің өсуі, негізгі сауда партнер мемлекеттердің валюталарымен салыстырған.да ұлттық валютаның қымбаттауы туралы айтуға болады және басқада біркелкі жағдайларда жергілікті тауарлардың бәсекелесінің қаблеттігінің төмендеуіне әкеледі.
Девальвация салдары. Мемлекеттің төлем балансын жақсартудың ең тиімді әдісі сыртқы нарықтардағы ұлттық валютаның құнының өзгеруі болып табылады. Бұл әдісті мемлекеттің сыртқы экономикалық операциялардың ағымдағы есебінің дефицитін қаржыландыруға мүмкіндігі болмаған жағдайда және ағымдағы есптің сальдосы кезінде пайдалану өте тиімді. Мемлекеттің валюта бағамын өзгертуінуң негізгі мақсаты – сыртқы экономикалық потенциалы бар тауарлардың салыстыр малы ішкі пайдалылығын өзгерту болып табылады. Олар экспорттық потенциалы бар тауарлардан құралады. Бұл тауарлардың нақты экспортталатын және өндірілетін әрі ел ішінде тұтынылатын деп бөлінеді де, экспорттық және импорттық потенциалы бір тауарлардың, яғни импорт тауарлардың және олардың отандық өндірістегі баламаларының ең жақын ауыстырушы болып табылады. Тауарлардың ішкі бағалар деңгейі әлем нарқындағы жағдайымен валюта бағымына байланысты анықталып, егер бар болатын болса, экспорттық дотациялар және халықаралық тасмалдау шығындарымен тарифтерге байланысты болады. Ал экспорттық мжәне ипорттық потенц иалы жоқ тауарлар (оның негізін қызмет көрсетулер құрайды) бағасы мемлекет ішіндегі ұсыныс пен сұраныс арқылы анықталады.
Мемлекеттің сыртқы экономикалық ағымды операциялар есебінің теріс салбдосы көптеген себептерге байланысты болып, бір қатар факторлардың бірлескен әсерін көрсетеді. Осындай негізгі факторлар қатарына кіретіндер:
ел ішіндегі ұсыныстың қалыпсыздығы ;
Әлемдік нарықтағы пайыз қойылымның ұлғаюына байланысты борышты өтеудегі шағындардың өсуі;
сыртқы сауда жағдайының нашарлауы;
импорььық бағалардың экспорттық бағаларға қарағанда жоғарлауы;
Экспонсионистік ақша – несие және бюджеттік саясат.
Төлем балансы мемлекеттің капитал ағымы келуімен ресми сыртқы қорларды пайдалану арқылы қаржыландыра алу мүмкіндігі болғанға дейін пассивті бола алады, бірақ ол шексіз жүргізіле алмайды. Үлкен және ұзақ мерзімді төлем байланысының дифицетімен өмір сүруге болмайды, тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін арнайы шаралар қабылдану қажет. Үкіметтің қарамағында бір қатар мүмкін шаралары бар. Оның ішінде валюта бағымын түзетуде бар және ол, көбінесе, қосымша шаралармен қатар қолданылады. Сонғыларына ақша + несие және бюджеттік саясатты қаталдату, борыштың мерзімдерін қайта қарастыру, бағаларды ырықтандыру және сол сияқты құрылымдық мәселелер жатады.
Валюта бағамын өзгерту өте экспонсионистік сипаттағы қаржы саясатының әсерінен болған ағымдағы есеп сальдосының нашарлауы кезщінде өте тиімді. Бірақ сыртқы сауда жағдайларының нашарлауы да валюта бағамын өзгеруді қажет етуі мүмкін.
Егер сыртқы сауда жағдайларының нашарлауы, мысалға дамыған өнеркәсібі бар елдердің экономикалық іс- әрекетінің құлдырауынан шыққан экспорттық бағалар төмендеуінен пайда болса, дамушы елдер өз валюта бағамын өзгертпей, экономикалық жағдай мен бағалардық циклдік өзгерісінің келуін күтуіне болады. Бірақ экспорттық бағалардың төмендеуі кейбір экспорттық тауарларға сұраныстың ұзақ мерзімді төмендеуімен сипатталса, онда мысалға өндірістік технология өзгерісі нәтижесінде сұраныстың азаюы, экспорт құрылымын ұлғайту мен валюта бағымын өзгерту қажет болуы мүмкін. Тәжірбие жүзінде дамушы елдердің өндірісі дамыған елдердің циклдық жақсаруын күтуі үшін жеткілікті қорлар мен мүмкіндіктерінің болмауы мүмкін. Одан басқа дамушы елдер өздерінің экспорттық қысқа және орта мерзімде кеңейтуге мүмкіндіктері болмайды. Осы жағдайларда экспорттық сектор табыстылығын қалпына келтіру үшін девальвация қажет болады.
Өзгеріссіз валюта бағамы мен шетел валютасындағы экспорттық бағалардың төмендеуі жағдайында экспорттың табыстылығы азаяды. Девальвация болса экспорттың ұлттық валютадағы бағасын жоғарлатып, ішкі нарықта өндіріс үшін қолданылатын факторлармен еңбек күші шығындары да сол дәрежеде өспеген жағдайда табысты болады. Ішкі нарықтағы шетел валютасының девальвациядан кейінгі жоғары бағасы дәстүрлі емес экспорттық іс-әрекеттің дамуын ынталандырып, мемлекеттің экспорттық базасын кеңейтуге әсер етеді.
Аса көп мөлшерлі макроэкономикалық саясаттың экспансияся, нақты салық және басқадай төлемдер мен үкімтеке өз еркімен және банктік емес секторлармен ұсынылатын несиелер көлемінен асып кететін мемлекеттік шығындардан туындайды. Пайда болатын бюджет дефициты банк жүйесінен қарыздану арқылы қаржыландырылып, ол банктердің жеке секторды несиелеуімен қатар елде өтімділіктің артық мөлшерін қалыптастырады. Экспансионистік ақша-несие саясаты табыстың ұлғаюына әкеледі, соның салдарынан ел ішіндегі шығындардың өсуінен сыртқы сауда потенциалы жоқ тауарлардың бағасын жоғарлатуға мәжбүр қылады. Бекітілген валюта бағамы кезінде осының бәрі сыртқы сауда потенциалы жоқ тауарлардың бағаларының сыртқы ранокта бағасы қалыптасатын потенциалы бар тауарларға қарағанда салыстырмалы өсуіне әкеледеі. Сондықтан елде сыртқы сауда потенциалы бар тауарлардың тұтынылуының өсуінің екі себебі бар: номиналды табыстың өсуімен олардың бағаларының салыстырмалы төмендеуі. Ішкі тұтыну құрылымында сыртқы сауда потенциалы бар тауарларға жұмсалатын, қаржы үлесінің өсуіне бағытталған мезгілде, оның өндірісі жергелікті өндіріс факторларға шығындар өсуімен пайдалылығы төмендеген сайын тиімсіз бола береді. Сондықтан экспансионистік ақша-несие бюджеттік саясаты салдарынан ағымдағы сыртқы экономиканың есептің сальдосы сыртқы сауда потенциалы бар тауарлардың мемлекет ішінде тұтыну мөлшерінің өсуімен оның ұсынысының азаюына қарай нашарлай береді.
Импортқа әкімшілік шектеулер қоюға бармас үшін, экспорттың табыстылығын қалпына келтіріп, шығындарды мемлекет ішіндегі табыс деңгейіне сәйкес келетін деңгейге дейін азайту қажет. Негізінде бұл екі мақсатқа қол жеткізу үшін девальвацияны пайдалануға болады. Өйткені:
Девальвация сыртқы сауда потенциалы бар тауарлардың ішкі рынокта бағасын жоғарлатып, оның өндіріс табыстылығын басқа тауарларға қарағанда көтереді. Ағымдағы баланс жағдайы, осы тауарларға жұмсалатын қаржы бөлігінің өсуіне қарай жақсарып, оның өндірісі ұлғая түседі.
Сонымен қатар девальвацияның шығындар деңгейін төмендету тенденциясы бар. Өйткені девальвация кезінгде сыртқы сауда потенциалы бар тауарлардың бағасы ішкі нарықта басқа тауарларға қарағанда жоғарылағандықтан, ел ішінде бағалардың орта деңгейі көтеріледі, ал табыс пен шығындардың нақты төмендейді.
Бір маңызды атап кететін жағдай, сыртқы экономикалық ағымдағы опрециялар есебін жақсарту үшін шығындардың нақты мәнін азайту қажет болады, ал бұл өмір деңгейінің төмендеп кетуіне әкелуі мүмкін. Салыстырмалы бағалардың өзгеруі сыртқы тепе-теңдіктің ауытқуларын өздігінен жоймайды.
Девальвация тиімді болу үшін ұлттық валютаның нақты құнсыздануы керек. Басқаша айтқанда, девальвация әсерінен сыртқы сауда потенциалы бар тауарлардың басқа тауарларға қарағанда салыстырмалы бағаларының өзгеруімен өндіріс табыстылығының жоғарылауы бұл тауарлардың одан кейінгі баға көтерілуінен кейін жойылмауы қажет. Өйткені девальвация ел ішіндегі жалпы бағаның орта деңгейінің көтерілуіне әкелетіндіктен, жұмыс ісетушілердің өмір деңгейінің төмендеп кету салдарынан еңбек ақыны жоғарлату талаптары болатыны күмәнсіз. Одан басқа тауар мен қызметтерге шығындардың жалпы көлемінде мемлекеттің үлесі импорт пен девальвация ауқымына сәйкес өсе түседі де, енді сыртқы борышты өтеудің ұлттық валютадағы эквиваленті деп жоғарылай түседі. Ұлғайған бюджеттік шығындардың бір бөлігі халықаралық саудадан түсетін салықтардың өсуімен жабылуы мүмкін, бірақ нәтижесінде бюджетке түсетін салмақ ұлғая түседі.
Ол өз кезегінде бәсең ақша-несие саясатын жүргізуіне әкелуі мүмкін. Себебі, ол көбінесе жұмыстылық пен бюджет ұғымдарына тәуелді болып отырады. Ал девальвациядан пайда болған басымдылықтарды сақтау мақсатында еңбек ақымен бюджеттік шығындар көлемін шектеу өте қажет.
Девальвацияның табысты болуы мемлекет бюджетінің дефициттік ақша имиссиясы арқылы қаржыландырылып, соның көмегімен нақты валюта бағамы қалыптасып, бәсекелесті қабілеті қалпына келуіне байланысты болады. Мәселе, тек валютаны ьаға өсу қарқынымен салыстырғанда қаншалықты девальвациялау қажет болғанында, өйткені валюта және тауар рыноктарында экономикалық сілкіністерге бейімделу жылдамдықтары әртүрлі.
Мемлекет сыртқы сауда жағдайларының нашарлауымен кезікск, валюта девальвациясын пайдалануда өте сақ болуы қажет. Егер экономика импортқа қатты тәуелді болса, онда девальвация кезінде импорттық шикізатты пайдаланатын жергілікті өндірушілер шығыны жоғарылап кетеді. Осының салдарынан өз негізінде ішкі нарықтағы бағалар деңгейінің жоғарлауы, ұлттық валютаның нақты қымбаттауы, бәсекелестік қаблеттің төмендеуімен ағымдағы операциялар балансының нашарлауына әкеледі. Бұл жағдайда бәсекелестік қаблетті қалпына келтіру мәселесі экономика құрлымын қайта құру, инвестициялық саясатты қайта қарастыру сияқты жолдармен шешілуі тиіс.
Әр түрлі елдер экономиканың дағдарысынан әр түрлі валюта бағамдарының тәртібі саясатын пайдалану арқылы шыққаны бәрімізге де белгілі. Мысалға,соғыстан кейінгі Жапония экономикалық дағдарыстан бекітілген айырбас бағамы бар ақша бірлігімен шыққан Тайвань болса иілмелі бағам тәртібінің екі жақты жүйесін қолданған. Мемлекеттің ішкі бағалар деңгейінің әлемдік нарық бағалар ара қатынасымен орнатылған ұлттық валюта бағамы халықаралық есеп айырысу жүйесіндегі тепе-теңдікті қолдауды қамтамасыз етеді. Валюта бағамының төмендеуі, не жоғарлауы төлем балансының жағдайын бұзады. Ұлттық валютаның артық мөлшері эмиссия әсерінен ішкі рыногтағы құнсыздануы және басқа елдердің ұлттық экономикаларымен тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі. Сондықтан валюта қатынастарындағы мемлекеттік реттеу аясы өзара есеп айырысудағы тепе-теңдікті қам тамасыз ететін ұлттық валютаның басқа валюталарға қатысты бағамдарын анықтауда болып отыр. Валюта бағамын реттеу әдістерінің саны өте көп. Ол тікелей немесе жанама әсер ету арқылы жүзеге асырылады.
Тікелей тәртіп белгілеу немесе валюталық шектемелер, көбінесе көп мөлшерлі төлем балансының дефициті және үлкен сыртқы борыш жағдайында қолданылады. Валюталық шектемелер төлем балансының мынандай тауарларын түзетеді: сауда балансы, қызмет көрсету мен саудалық емес операциялар балансы, капитал қозғалысымен несиелер балансы. Валюталық бағамға жанама әсер етудің мәні реттеудің нарықтық әдістерін пайдаланып, соған сәйкес ақша-несие, валюта және салық бюджеттік саясат жолымен қолдану болып табылады.
Валюта бағамына сонымен қатар, үкіметтің белгілі бір іс-әрекеті нәтижесінде қалыптасатын экономикалық жағдайда әсер етеді. Ұлттық валютаның қалқымалы бағамы мемлекеттік экономикалық жағдай өзгерісіне байланысты ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкүндік береді. Еркін ауытқымалы валюта бағамы кезінде сыртқы сауда балансының нашарлауы (теіс сальдо) валюта жағдайына әсер етіп, оның бағамының төмендеуіне әкеледі. Елдің шетел валютасының ағымы айналымдағы ұлттық ақшалардың жалпы массасын азайтпайды да, ақша бірлігі бағамы төмендей бастайды. Сөйтіп ұлттық валюта бағамы әлемдік нарықта қалыптасатын жағдайды өте сезгіш болады.
Қалқымалы бағам кезінде сыртқы экономикалық тепе-теңдікті реттеу қарыз капиталы нарығында пайыз қойылымын өзгерту арқылы әсер етуге бағытталған ақша-несие аясындағы анықталатын пайыз мөлшерінің деңгейі инвестициялық сұраныстың өсу немесе төмендеуіне тікелей әсер етіп, одан кейін жалпы сұранысқа әсерін береді. Пайыз қойылымының өсуі инвестициялық белсенділікті арттырып елге қоса инвестицияларды тартады. Ал пайыз қойылымының төмендеуі, керісінше, инвестицияларды шет елдерге бағыттайды. Ұлттық валютаның басқа валютаға қарағанда тұрақты бағамының төмендеуі экспорттық өнімге шығындар өсуіне ықпал етіп мемлекеттің импортқа шығындарын жоғарлатып сыртқы қарыз көлемі мен қарыздың негізгі бөлігі мен пайыздарын өтеуін жоғарлатады. Бюджеттік шығындармен бюджет дефицитінің өсуі байқалады. Соңғысының көлемі ұлттық валюта бағамының төмендеу дәрежесіне байланысты. Төмендеу неғұрлым көп болса, ұлттық валютада есептелетін дефицитті жабу шығындары соғұрлым өсе түсіп, мемлекеттің бюджеттің тепе-теңдігі бұзылуы жоғары тола береді. Шетел валютасының қымбаттауы ұлттық валюта бағамы төмендеуі импортты ұлғайтады және экспорттың тауарлар бәсеке қаблеттілігіне теріс әсер етіп, экспорттың өндіріс даму қарқынын баялатады. Ол сыртқы сауда балансын нашарлатып, сыртқы сауда дефицитін ұлғайтады.
2.Тепе- теңдік валюталық бағам.Валюта бағамынын қозғалысына орталық банк шетел валютасын сату мен сатып алу арқылы жүргізілетін валюта интервенцияларымен әсер етеді. Айналымнан ұлттық валютаны шығару арқылы орталық банк елдің төлем балансы дефициті кезінде бағамды жоғарылатуға (құлдырауын тежеуге) мүмкіндігі бар. Керісінше, шетел валютасын сатып алу арқылы, ол ақша массасын ұлғайтуын төлем балансы оң сальдосы кезінде ұлттық ақша бірлігінің бағамын төмендетеді Сонымен бірге ұлттық валюта қалқымалы валюталық бағам кезінде төлем балансының жағдайына байланыссыз алыпсатарлық факторларға өте әсерлі болады. Оның бағамын және сыртқы экономикалық тепе-тендікті қолдап отыру еркін айналымдағы валюта қорларының зор көлемі болуын қажет етеді. Бағамға интервенция арқылы әсер ету бағытты болғанымен, қысқа мерзімді сипатта болады. Негізінен валюталық интервенцияның мақсаты ұлттық валютаның бағамының валюта рыногындағы жағдайын мемлекеттегі экономикалық жағдайына сәйкестендіріп, оның төмендеп, не жоғарылап кетуін болдырмау. Сонымен қатар валюталық интервенцияның тиімді болуы, оның әсерінің ұлттық валюта бағамының өзгеру тенденциямен сәйкес бағытталған кезде болады. Одан басқа сыртқы рыноктардағы валюта интервенциялары іші резервтерінің көлеміне тікелей әсер етіп, сол арқылы айналымдағы ақша мөлшеріне әсер етеді. Бірақ бір ақша-несие саясатын ішкі нарықта жүргізу мен сыртқы валюта рыноктарындағы экономиканың белсенділікті бөлу мүмкіндігі бар. Бұл әдіс стерилизация деген атауға ие болып, сыртқы рыноктағы шетел валютасында көрсетілген активтердің әрбір сатылуын, ел ішінде бағалы қағаздын ашық рыногында сондай көлемде сатып алумен қатар жүргізіледі. Және, керісінше сыртқы рыноктағы әрбір сатып алу ішкі рыноктағы сондай көлемде сатумен жүреді.
Бекітілген валюта бағамы кезінде төлем балансы көлеміне не әсер етеді? Төлем балансына әсер етуді екі бөлікке бөлуге болады: сауда балансына әсер ету мен капитал қозғалысы бойынша балансқа әсер ету. Сауда балансы немесе экспорт пен импорт айырмасы; ұлттық өнім шығарумен теріс байланыста, ал валюта бағамына оң байланыста болады. Сонымен қатар, ол шетел сұранысының тәуелсіз өзгерістерге байланысты, мысалға шетел автомобильдерін сатып алудан жергілікті автомобильдерді сатып алуға көшуі сияқты өзгеруі мүмкін. Төлем балансының қаржылық бөлігі ең алдымен пайыз қойылымына (ел ішінде және сыртқы) тәуелді болады. Жоғары пайыз қойылымы шетелден капиталды тартады, бірақ ол қарқынды инфляция әсерінен номиналды пайыз өсуі емес, нақты пайыздар өсуімен сипатталуы тиіс. Түйсік негізінде оңай түсінілетін, жоғары пайыз қойылымы біздің елге шетел капиталын тартып, төлем балансының.оң сальдосын береді деген тұжырым рас, бірақ ол қысқа мерзімде (пайыз көтерілгеннен кейін бір жыл немесе одан аз мерзім) әрекет етеді. Ұзақ мерзімде бұл механизм жұмыс істемей, тіпті кері бағытта екі себептен әрекет ете бастайды:
Алдымен жоғары пайыз мөлшері, шетелден қарыздарды
инвесторлардың елімізде қарыз формасында сақтаған өз активтер
корларын қайта құрғанша тартады. Бірақ ол қайта құру процесі
біткенде оның ағымы саябырлай бастайды.
Егер пайыз қойылымын жоғарылату қысқа мерзімде шетелден
капиталдарды тарту мен төлем балансын жақсартуды жүзеге
асырса, одан кейін бұл жоғарылату кері нәтижелерге алып келеді.
Оның себебі қарапайым - алынған қарыздар қайтарылуы тиіс. Егер
жоғары пайыз қойылым бүгін бізге қарыз берсе, ертең оны
пайыздармен қаайтару керек, Біз жоғары пайыздарды капиталдар
(қарыздарды) тартуды пайдалану туралы, қарыздардың негізгі
сомасы ғана емес, оған жоғары пайыздарды төлеуге көңіл бөлмей
айта алмаймыз.
Осы себептерге байланысты пайыз қойылымын жоғарылату елдің төлем балансын жақсартады деген тұжырым тек қысқа мерзімде ғана рас болады. Сондықтан осы пайымдауларды пайдалану, экономикалық саясат алдында тез арада дағдарыстың алдын алу мақсатында ғана қолданылуымүмкін. Өйткені ұзақ мерзімде жоғары пайыз мөлшері жалпы төлем балансына кері әсер ететіні белгісіз.
Мысалға, Корей Республикасының жүргізген валюта-несие саясатының тиімділігі шетел несиелерінің тартуының қолайлы тәртібінде жатыр. Бұл ішкі және сыртқы нарықтағы ұсынылатын несиелер арасындағы пайыз қойылымдарындағы айырмасымен түсіндіріледі. Көрсете кететін жағдай, Корей Республикасының Үкіметі мен Орталық банкі тартылған қарыздарды реформалаудың бастапқы сатыларында өте тиімді пайдалана білді. Одан кейін шетел капитал салымдарының тиімділігі күрт төмендеп кетті, оның себебін бақылау жоқтығымен түсіндірілді. Бұл тәжірибе Қазақстан үшін өте пайдалы. Дамуды ынталандыруда шетел қарыздарын алу кездерінің болуы өте маңызды, бірақ мәселе оны пайдалануда, бақылау ұйымдастыруда болып отыр. Бұл мәселе қазіргі уақытта өте маңызды болуда, өйткені несиелеудің ішкі және сырты нарықтағы пайыз қойылымдары арасындағы айырмашылық кәсіпорындарды ішкі рынокта қарыз алуға ынталандырмайды.
Корея Республикасының Орталық банкі валюта бағамын реттеу мәселесіне айырықша көңіл бөлді. Кореялық волютаның долларға қатысты ақылды девальвациясы корей тауар өндірушілерінің сыртқы рыноктарда бәсеке қабілеттілігінің жоғарылауына ықпал етті. Өкінішке орай, біз оны Қазақстанның Ұлттық банкі туралы айта алмаймыз. Бірақ девальвацияның тек қысқа мерзімде ғана тиімді болатынын ешқашан естен шығармау керек. Әйтпесе ол төлем балансындағы бұрмалау мен елдің сыртқы экономикалық орнының нашарлауына әкеледі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Валюталық бағам және оның түрлері.
2.Тепе- теңдік валюталық бағам.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Байгисиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2006
2.Доғалова Г. Халықаралық экономика. – Алматы., 2010
3. Мамыров Н.Қ. Халыкаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2009
Достарыңызбен бөлісу: |