Умкд 042-18 028/03-2013 Басылым №


Өзін -өзі бақылау сұрақтары



жүктеу 0,86 Mb.
бет4/9
Дата30.12.2019
өлшемі0,86 Mb.
#25499
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өзін -өзі бақылау сұрақтары:

1.Халықаралық сауданың стандартты моделі

2.Жалпы тепе- теңдік моделі

3.Халықаралық сауданы талдаудың құралдары

4.Халықаралық саудаға ықпал ету көзқарасы тұрғысынан экономикалық өсудің типтері

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Байгисиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2006

2.Доғалова Г. Халықаралық экономика. – Алматы., 2010

3. Мамыров Н.Қ. Халыкаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2009


Дәріс №5 Халықаралық сауданың табыстарды бөлуге ықпал етуі

1.Халықаралық сауданың табыстар-ды бөлуге ықпал етуін талдау.

2.Елдің ішкі бағалары және әлемдік бағалар арасындағы айырмашылық және халықаралық саудадан түсетін табыстардың қалыптасуы.

3.Өндіріс факторларының арақатынасы теориясындағы табыстарды бөлу.

4.Тауарлық бағалар өзгерісінің өндіріс факторларынан түсетін табыстарға ықпал етуі.

5.Спецификалық өндіріс факторлары моделіндегі саудадан түсетін табыстарды бөлу.

6. Өндіріс факторларының ұсынысының өсуі және өндірістің ұлғайюы арасындағы арақатынас.

Тақырып бойынша басты түсініктер: ішкі бағалары және әлемдік бағалары, тауарлық бағалар, спецификалық өндіріс факторлары, ұсынысының өсуі және өндірістің ұлғайюы.
Өзін -өзі бақылау сұрақтары:

1.Халықаралық сауданың табыстар-ды бөлуге ықпал етуін талдау.

2.Елдің ішкі бағалары және әлемдік бағалар арасындағы айырмашылық және халықаралық саудадан түсетін табыстардың қалыптасуы.

3.Өндіріс факторларының арақатынасы теориясындағы табыстарды бөлу.

4.Тауарлық бағалар өзгерісінің өндіріс факторларынан түсетін табыстарға ықпал етуі.

5.Спецификалық өндіріс факторлары моделіндегі саудадан түсетін табыстарды бөлу.

6. Өндіріс факторларының ұсынысының өсуі және өндірістің ұлғайюы арасындағы арақатынас.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Байгисиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2006

2.Доғалова Г. Халықаралық экономика. – Алматы., 2010

3. Мамыров Н.Қ. Халыкаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2009



Модуль 2. Халықаралық сауда саясаты

Дәріс №6. Халықаралық сауданың баламалы (альтернативті) теориялары

1.Классикалық теориялардың шектеулілігі.

2.Масштаб эффектісі негізіндегі сауда.

3.Олигополия және монополиялық бәсеке жағдайындағы сауда.

4.Елдер арасындағы бір саланың дифференциаланған тауарлары саудасының өсу тенденциясы.

5.Гомогенді тауарлардың халықаралық сала ішіндегі сауданың себебтері.

6.Елдер арасындағы сала ішіндегі және сала аралық сауданың әлеуметтік салдары.

Тақырып бойынша басты түсініктер: Классикалық теория, масштаб эффектісі, олигополия және монополиялық бәсеке, гомогенді тауарлар.
Өзін -өзі бақылау сұрақтары:

1.Классикалық теориялардың шектеулілігі.

2.Масштаб эффектісі негізіндегі сауда.

3.Олигополия және монополиялық бәсеке жағдайындағы сауда.

4.Елдер арасындағы бір саланың дифференциаланған тауарлары саудасының өсу тенденциясы.

5.Гомогенді тауарлардың халықаралық сала ішіндегі сауданың себебтері.

6.Елдер арасындағы сала ішіндегі және сала аралық сауданың әлеуметтік салдары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Байгисиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2006

2.Доғалова Г. Халықаралық экономика. – Алматы., 2010

3. Мамыров Н.Қ. Халыкаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2009


Дәріс №7. Сыртқы сауда саясаты және оның құралдары

1.Мемлекеттің халықаралық саудадағы рөлі.

2.Протекционизм: мәні және формалары.

3.Сауда саясатының сипаты және халықаралық сауданы реттеудің кедендік әдістері.

4.Сыртқы сауданы реттеудің бейтарифтік әдістерінің негізгі түрлері

Тақырып бойынша басты түсініктер: Протекционизм, халықаралық сауданы реттеудің кедендік әдістері, бейтарифтік әдістері.

1.Мемлекеттің халықаралық саудадағы рөлі.Әр түрлі елдер жалпы әлемдік экономикада жалпы және оның жекелеген тауар рыноктарында әр түрлі орын алады. Халықаралық сауданың әр бір қатысушысы өз мүдделерін қорғау мақсатында қандай да бір іс-әрекет атқаруға тырысады, яғни осы салада белгілі бір саясат жүргізеді. Халықаралық сауда саласында саясаттың негізгі екі түрі бар:



  • халықаралық сауда саясаты;

  • сыртқы сауда саясаты;

Халықаралық сауда саясаты - халықаралық сауда саласында жалпылама қабылданған саясат. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) жүргізеді және ол әлем елдерінің көпшілігі тарапынан қолдау тауып отыр. Мұндай саясатқа халықаралық сауданы ырықтандыру жатады.

Сыртқы сауда саясаты атауымен мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынасына бағытталған іс-әрекеті түсіндіріледі. Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттары:

  • осы елдің халықаралық еңбек бөлінісіне кіруінің дәрежесі мен
    әдісін өзгерту;

  • экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту;

  • елді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету (шикізат, энергия
    және т.б.);

• экспорт пен импорт бағаларының арақатынасын өзгерту.
Кейбір мақсаттар ұзақ мерзімді сипатта болады, мысалы халықаралық еңбек бөлінісіне кіру дәрежесі мен әдісін өзгерту. Басқа мақсаттар одан гөрі аз мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін, мысалға экспорт пен импорт көлемін өзгерту.

Сыртқы сауда саясатының негізгі екі бағыты бар:



  • еркін сауда саясаты;

  • протекционизм.

Еркін сауда саясаты таза күйінде мемлекеттің сыртқы саудаға тікелей араласудан бас тартып, рынокқа негізгі реттеуші ролін жүктеуін білдіреді. Бірақ бұл мемлекеттің осы шаруашылық іс-әрекетінің бағытына әсер етуден толық шеттелуін білдірмейді. Мемлекет өз шаруашылық субъектілеріне максималды еркіндік беру үшін басқа елдермен келісім-шарттарға отырады.

Еркін сауда оң саяси салдарға әкеледі, өйткені елдердің өзара байланыстылығы күшейіп, бір-біріне дұшпандық әрекетінің мүмкіндігін төмендетеді.



Еркін сауда саясатының жүргізілуі экономикасы дамыған елдерге халықаралық айырбастан неғұрлым көп пайда алуға мүмкіндік береді. Іс жүзінде, еркін сауда саясаты таза күйінде ешқашан және еш жерде қолданылған жоқ.

2. Протекционизм: мәні және формалары. Протекционизм - отандық экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғауға бағытталған саясат. Еркін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизмдегі рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті жоққа шығарылады, өйткені әлемдік рыноктағы жекелеген елдердің экономикалық потенциалы мен бәсекеге жарамдылығы әр түрлі, осыған байланысты дамуы жағынан артта қалып отырған елдер үшін рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті пайдасыз болуы мүмкін. Күшті шетелдік мемлекеттер жағынан шектелмеген бәсеке экономикалық дамуы төменірек елдерде экономиканың тоқырауына және осы елде тиімсіз экономикалық құрылымның қалыптасуына әкелуі мүмкін.



Протекционизм елде белгілі бір салалардың дамуына көмекте-седі. Аграрлы елдерде протекционизм көбінесе индустриализацияның қажетті шарты болады. Одан басқа, протекционизм жұмыссыздықтың азаюына әсер етеді. Бірақ бұл саясатты ұзақ мерзім бойына пайдалану экономиканың тоқырауына әкеледі, өйткені шетелдік бәсеке болмаса, жергілікті кәсіпкерлердің техникалық деңгейі мен өндіріс тиімділігін жоғарылатуға ынтасы төмендейді.

Өзінің төтенше формасында протекционизм экономикалық автаркия түрінде болады, яғни ел импортты тек өз елінде шығаруға мүмкін болмайтын тауарлармен ғана шектейді. Экспорт болса, импортты қамтамасыз ету деңгейінде ғана рұқсат етіледі.

Протекционизм дамушы елдерде ғана емес, өндірісі дамыған елдерде шиеленіскен бәсекелестік жағдайында ұлттық тауар өндірушілерін қорғау үшін пайдаланылуда.



Мемлекет шаруашылық субъектілеріне кеңестер беруі және қандай да бір іс-әрекетке ынталандыруы мүмкін.

Мемлекеттің сыртқы саудадағы өтімді құралдары әр түрлі тыйым салу, мысалға бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге қатысты тыйым салу болып табылады.

Сыртқы сауданың құралдарына екі жақты немесе көп жақты келісімдер жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылық субъектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауына мәжбүр еткізеді. Осы құралдарға тарифтік (tariffs) және тарифтік емес шектеулер (non tariffs barriers) кіреді.

3.Сауда саясатының сипаты және халықаралық сауданы реттеудің кедендік әдістері. Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер саналады.



Кедендік тариф - бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі. Кедендік баж салығы деп мемлекеттік шекараны өту кезінде тауарлардың импорты мен экспортына салынатын салығы түсініледі.

Импорттық салықтар механизмінің кіші ел экономикасына іс-әрекетін қарастырайық. Қазақстанда қандай да бір тауардың




мысалға мақта өндірісі мен тұтынуы жүзеге асырылады дейік. 3.1. суретте 5 түзуі мақтаның ұсынысын, Д түзуі - сұранысты, ал Ро - ішкі рыноктың бағасын (тепе-теңдік баға) білдіреді. Осы баға кезінде өндірілген және тұтынылған мақта мөлшері О0-ге тең болады. Бұл жағдай автар-киялық экономикада пайда болуы мүмкін.


Сурет

1. Импорттық

тарифтердің іс-әрекетінің механизмі

Қазақстан өзінің кедендік шекараларын мақтаның әлемдік бағасы Рw-қа тең кезінде ашты деп бол-жамдайық. Бұл баға ішкі бағадан төмен болғандықтан, ішкі бағалар төмендеп, мақта өндірісі (Q0 -ден Q1-ге дейін төмендеп, тұтыну Q0-ден Q2-дейін өседі. Тұтыну өсімі импорт есебінен жүзеге асып, оның көлемі (О2-Q1) тең болады.

Ұлттық мақта өндірушілерінің мүддесін қорғап, Қазақстан үкіметі импорттын баж салығын (т) енгізеді. Қазақстан әлемдік бағаға әсер ете алмайтын кіші ел болсын. Мақтаға Рt- ге тең жаңа баға қалыптасып, Т=Рtw болады. Осының нәтижесінде ішкі өндіріс көлемі Q1 ден Q3 -ке дейін өседі. Осы жағдай шетелдік өнімге импорттық баға салығын салу салдарынан шетел тауарларына (біздің мысалымызда мақта) бағасының өсуімен түсіндіріледі. Ұлттық өндірушілер сорты мен сана мінездемелері ұқсас өнімді сатқандықтан, өз өніміне бағаны көтеруді тиімді деп санайды. Әрине бұл баға көтерілу деңгейі импорт тауарлар бағасының деңгейіне сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ біздің мысалымызда ол бағалардың сәйкес келуін болжамдайық. Осыған байланысты Рw бағасымен мақтаны өндіру мен сатуды тиімсіз деп санаған кейбір өндірушілер, жаңа жағдайларда өнімдік өзіне тиімді жаңа Рt бағасы бойынша нарықта сатуды жүзеге асыра бастайды.

Мақтаға бағалардың өсуіне байланысты Қазақстанда тұтыну Q2 ден Q4 төмендеп, ол өз кезегінде импорттың азаюына әкеледі. Біріншіден, ішкі өндіріс көлемі ұлғаяды. Ол, ұсыныстың ішкі қисығының иілуіне (эластичность) байланысты әсері әр түрлі болуы мүмкін. Екіншіден, ішкі тұтыну көлемі қысқарады. Қысқару көлемі, сұраныстың ішкі қисығының иілуіне (эластичность) байланысты әсері әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан импорттық баж салығын енгізу, әр түрлі тауарлар үшін әр түрлі нәтижелерге әкелуі мүмкін.

Тарифтердің бағаларға әсер етуі ішкі сұраныс пен әлемдік ұсыныс көлемінің арақатынасына байланысты болады. Әлемдік ұсынысқа қарағанда аз сұранысы бар Қазақстан мемлекеті қойған тариф әлемдік бағаны төмендете алмайды. Ал ішкі баға тарифтің толық сомасына өседі.



Әлемдік бағаға әсер ете алатын үлкен мемлекет жағдайында, баж салығы импорттаушы елде тауар бағасын жоғарылатып, экспорттаушы елде төмендетеді. Баға өзгерісінің нәтижесінде тұтынушылар импорттаушы елде ұтылса, экспорттаушы елде ұтады. Өндірушілерге келсек, жағдай керісінше болып, импорттаушы елде ұтып, экспорттаушы елде ұтылады. Кедендік баж салығын енгізген мемлекет болса, табыс алады. Мысал үшін ірі мемлекет болатын АҚШ-ты алып, ол Қазақстаннан астықты импорттайды деп болжамдайық..





Сурет 2. АҚШ-та импорттік тариф енгізілудің эффекті

2 суретте баж салығын енгізуден пайда болатын ұтыс пен шығындар айқын көрсетілген. Баж салығы ішкі бағаны Рw -дан Рt -ға дейін көтеріп, экспорттық бағаны Рw -дан Рt1-ге дейін төмендетеді. Астықтың ішкі өндірісі S1-ден S2-ге дейін өссе, ішкі тұтыну Д1-ден Д2-ге дейін төмендейді. Әр түрлі әлеуметтік топтар үшін ұтыс пен шығындары а, в, с, d, е нүктелерімен көрсетілген көлемдегі фигуралармен анықталады.

Бірінші кезекте американдық өндірушілер ұтысын қарастырайық. Өйткені олар өз астығын жоғарылаған бағамен сатқандықтан, ұтыстары ұлғая түседі. Ол Р мен Q көбейтіндісінен алынған аумақтан ұсыныс қисығының астындағы аумақты алып тастаудан пайда болатын а-ға тең ұтыс өсіміне ие болады. Ал американдық тұтынушылар астықты жоғары бағамен сатып алғандықтан, ұтылысқа ұшырайды. 3.2. суретте олардың шығындары а, в, с және d аумақтарының сомасына тең болады немесе басқаша айтқанда Р х Q көрсеткіші көрсететін көлемдегі фигура мен ұсыныс қисығының астындағы аумақ көлемдерінің айырмасының геометриялық қысқаруын айтамыз.

Американдық өндірушілер мен тұтынушылардан басқа бұл жағдайда АҚШ үкіметі де барын айта кету қажет. Мемлекетте бысты баж салықтарынан келетін түсімдерді жинау арқылы алады. Табыс t тариф қойылымын астық импортының көлемінің кебейтіндісіне тең болып Qt=*S2 болады. t=Pt-Pt1 болғандықтан, мемлекет табысы С және Е аумақтарының қосындысына тең болады.

Енді тарифтің, американдық қауымының әлеуметтік әл-ауқатына әсер ететін таза тиімділігін қарастырайық. Баж салығын енгізуден шыққан шығындар келесідей көрсетіледі: Тұтынушылар шығындары - Өндірушілер пайдасы - Мемлекет табысы немесе түсініктерді фигуралармен алмастырса:

(а + b + с + d) -а - (с+е) = b+d-е.

Осы арқылы біз шығындарды өлшейтін екі үшбұрыш және ұтысқа сәйкес келетін төртбұрышты алдық. b+d аумағы тариф әсерінен тиімділіктің төмендеуін көрсетсе, е аумағы сауда жағдайларының жақсаруынан алынған ұтысқа тең болады. Өйткені баж салығы Қазақстан өнімінің бағасын төмендетеді. Баж салығы енгізілгеннен кейін, Қазақстан ірі экспорт нарығын жоғалтпау үшін өніміне бағаны төмендетуге барады. Бұл құбылыс "Мецлер парадоксы" деп аталады.

Нақты кедендік қорғау көлемі дайын өнім мен шикізатқа баж салығы көлемдері арасындағы айырма мен дайын өнімдегі шикізат үлесі көп болуымен байланысты жоғарылай түседі. Кедендік қорғау тиімділігінің деңгейі мынандай формуламен анықталады:





Бұл жерде: 1-дайын импорт өніміне салынатын кедендік баж салығының номиналды деңгейі:

а, - тарифтің жоқ жағдайындағы аяққы өнім бағасындағы импортталған шикізат құнының келемі;

t1 - импортты шикізатқа салынатын номиналды тарифі.

Бұл формуладан қорғалу деңгейінің жоғарылауы дайын өнім мен шикізатқа салынатын баж салықтар көлемі ұлғайғаннан ғана емес, оны өңдеу дәрежесі жоғарылаған сайын немесе қосымша құнның азаюына байланысты болып отыр. Бұл тәжірибе көбінесе шығарылатын шикізаттың өңдеу денгейін жоғарылатуға тырысатын дамушы елдерге қатысты дискриминациялық сипат алуда.

Кедендік баж салығы төмендегідей критерийлер бойынша бөлінеді:

1) Тауар қозғалысының бағыты бойынша.

Тауар қозғалысының бағытына байланысты импорттық, экспорттық және транзиттік баж салығы болып белінеді. Көбінесе импорттық баж салықтары кездеседі. Өйткені олар ұлттық өндірісті, ішкі бағалар деңгейін қорғау мен фискалды және саяси мақсаттарда кең қолданылады.

2) Баж салығын орнату әдісі бойынша.

Орнату әдісіне сәйкес баж салықтары адвалорлы, спецификалық және құрама болып бөлінеді. Әлемдік саудада кең тараған тауар бағасына байланысты пайыз мөлшерімен орнатылатын баж салығын адвалорлы (бағалық) салық деп атайды.

Осыған байланысты импорттық тауарларды бағалау әдісінің маңызы жоғарылайды. Қазіргі кезде ол көптеген елдерде тариф пен сауда жөніндегі Генералды келісім шеңберінде жасалған кедендік мақсаттарда тауарларды бағалау туралы Келісіммен реттелуде. Адвалорлы баж салықтарының орта көлемі салыстырмалы төмен (6 пайыз) деңгейде болады. Әдетте импорттық баж салығы тауардың өңделу дәрежесі жоғарылаған сайын өсе түседі.

Спецификалық (арнайы) кедендік баж салығы өлшем бірлігінің абсолютті мағынасында орнатылады.



Кұрама (комбинированный), аралас баж салықтары жоғарыда көрсетілген екі әдіспен орнатылады.

3) Баж салықтарының іс-әрекет бағыты бойынша.



Іс-әрекет бағыты бойынша преференциалды және дискримниациялық баж салықтары болып бөлінеді. Преференциалды баж салықтары бір елдер немесе қандайда бір тауарларға тиімді жағдай жасау мақсатында минималды, деңгейден төмен қойылады. Дискримниациялық баж салықтары қандай да бір ел немесе тауарға қарсы орнатылып, оған тиімсіз жағдайларды орнатуға бағытталады.

Демпингке қарсы баж салықтары орын толтыру (компенсационный) баж салықтарының түрі болып табылады. Олар демпингке қарсы қолданылып, бағалар деңгейін қалыпты жағдайда ұстау үшін пайдаланылады.

Тарифті саясатты қолдану тиімділігі туралы көптеген көзқарастар бар.

Экономикалық саясат құралы ретінде тарифті қолданудың қарсыластары тарифке қарсы бірқатар дәлелдер келтіруде:



  1. Тарифтер экономикалық өсуді тежейді;

  2. Тариф-тұтныушыларға салықтық ауыртпалықты ұлқайтады;

  3. Импортталған тауарларға салынатын тариф жанама түрде елдің экспортына нұқсан келтіреді;

  4. Тариф жұмыстылықтың жалпы деңгейінің қысқаруына әкеледі;

  5. Тарифтерді бір жақты енгізу көп жағдайда сауда соғыстарына әкеледі.

Ал тарифтерді жақтауға мынандай дәлелдер келтіріледі:

  1. Тариф - жас салаларды қорғайды;

  2. Тариф - жергілікті өндірушілерді ынталандыру кұралы;

  3. Тариф - бюджеттік түсімдердің маңызды көзі;

4)Тариф - ұлттық қауіпсіздікті, елдің халықаралык, беделін қорғайды
Кедендік тарифтер көп түрлігі және орындайтын мәселелері

бойынша мүмкіндігіне байланысты экспорт-импорт мәмілелерін реттеуде өте кең қолданылады. Көбінесе импорттык, баж салықтары протекционистік шара ретінде пайдаланылады. Дамушы елдерде олар салықтық түсімдерді ұлғайтуға, дамыған елдерде олар сыртқы сауданы реттеуде қолданылады.

4. Сыртқы сауданы реттеудің бейтарифтік әдістерінің негізгі түрлері. Тарифтік емес кедергілер үш топқа бөлінеді:



  1. белгілі бір отандық өндіріс салаларын қорғауға бағытталған импортты тікелей шектеу шаралары: квоталар, лицензиялар, орнын
    толтыру (компенсационные) алымдары, импорттық депозиттер,
    және демпингке қарсы және орнын толтыру (компенсационные)
    баж салықтары;

  2. тікелей сыртқы сауданы шектеуге бағытталмаған, бірақ сондай нәтижеге әкелетін әкімшілдік шаралар: кедендік құжаттарды
    дайындау, техникалық және санитарлық стандарттар мен
    нормалар, тауарды орау мен таңбалауға қойылатын талаптар
    т.б.сияқты.

  3. Сыртқы сауданы шектеуге тікелей бағытталмаған; бірақ сол
    нәтижеге әкелетін басқадай шаралар:

Квоталар мен лицензиялар. Квота (контингент) деп - белгілі бір кезеңде импорттық немесе экспорттық тауарға құнын немесе мөлшерін шектеуді түсінеміз. О-ге тең квота қойылған жағдайда, импортқа немесе экспортқа тыйым салыну, басқаша айтқанда эмбарго орын алады. Квота импорт пен экспорт мүмкіндіктерінен жоғары деңгейде де қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда квота шектеу емес, тауардың қозғалысын бақылау әдісі болып табылады.

Импортқа квота енгізудің елдің әл-ауқатына тигізетін әсері мен салдары импорттық баж салығын енгізумен ұқсас болады.

Экспорттық квоталар өте сирек қолданылады. Ол тек осы өнім бойынша елде жетіспеушілік кезінде және саяси мақсаттарда (дискриминациялық сипатта) қолданылады. Импорттық квоталар ұлттық өндірісті шет ел бәсекелестерінен қорғау, жұмыссыздықты қысқарту, төлем балансын жақсарту, тауар қозғалысын бақылау үшін қолданылады.

Квотаның бір түрі болып экспортты ерікті шектеу келісімі табы-лады. Көбінесе ол дағдарыстағы салалар өніміне байланысты қолданылады.

Квотаның басқа бір түрі тарифтік квоталар деп аталады. Қойылған квоталар көлемінде тауарлар импорты баж салығынсыз жүзеге асырылып, осы көлемнен асқан импортқа жоғары салықтар салынады. Мысалға, АҚШ-та осындай шаралар арқылы сүт, балық, картоп, және мотоциклдің кейбір түрлерінің импорты реттеледі.



Квоталар көбінесе лицензия негізінде бөлініп, осы жағдайда ол экспорт пен импортқа рұқсат болып табылады.

Басқадай тарифтік емес шектеулер. Мемлекет валютаны пайдалану әдісін (мемлекетке валютаны сатуға мәжбүр ету және т.с.с.) анықтауға валютамен төлеуге рұқсат алуға міндеттеуі сияқты валюталық шектеулер орнатуы мүмкін. Оның салдары мөлшерін шектеу кезіндегідей болады. Одан "айналып өтудің" әдісі клирингтік келісімдер, қарама-қарсы сауда болып табылады.

Сыртқы сауданы шектеуде басқа да тарифтік емес шектеулер қолданылуы мүмкін. Мысалға: сыртқы саудадағы мемлекеттік монополия, жергілікті шикізатты пайдалану талаптары, экспорттаушыларға салық жеңілдіктерін беру және т.б.

Экспорттық субсидия дегенімізде мемлекеттің кәсіпорындардың экспортын ынталандыру мен олардың өнімдерінің шет ел рыноктарында бәсекелестігін жоғарылатуға, басқаша айтқанда пайда мөлшеріне әсер етпестен экспорт бағаларын төмендетуге мүмкіндік беру жолдарын түсінеміз. Ол көмек көбінесе ақшалай формада болады.

Қазақстандағы кедендік-тарифтік реттеу мынандай құқықтык,-нормативті құжаттарға негізделген: 1991 жылдың 24 желтоқсанындағы ҚР "Кедендік тариф пен баж салығы туралы" заңы; 1999 жылдың 16 шілдесіндегі "ҚР кедендік іс туралы" заңы; 1999 жылдың 13 шілдесіндегі "ҚР-ғы демпинге қарсы шаралар туралы" заңы; 1994 жылдың 14 көкегіндегі "Жүк түсіру алдындағы инспекция бойынша келісімі"; 1999 жылдың 16 шілдесіндегі "ҚР-ғы субсидиялар мен шығынды өтеу шаралары туралы" заңы. ,

Кедендік баж салығы қойылымдарының жүйеленген жиналымы ретіндегі кедендік тариф, тауарларды кодтау мен жазудың қалыпты жүйесіне қатысты кедендік істің нормалары мен принциптерінде құрылған. Қазақстан ТМД елдері үшін әрекет ететін сыртқы экономикалық іс-әрекеттің тауарлы номенклатурасын пайдаланып, ол іс жүзінде қалыпты жүйеге сәйкес келеді.


жүктеу 0,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау