Умкд 042-16 04/03-2013 №1 басылым



жүктеу 1,81 Mb.
бет6/7
Дата17.11.2017
өлшемі1,81 Mb.
#550
1   2   3   4   5   6   7

3.Эйнштейн Альберт (14 наурыз 1879, Германия, Ульм қаласы – 18 сәуір 1955, АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстонда дүниеге келген) –физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі.

Альберт Эйнштейн — теориялық физиканың негіз қалаушылардың бірі, 1921 жылғы Нобель сыйлығының иегері, атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры, КСРО Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі.Эйнштейннің басты еңбегі — ”Салыстырмалылық теориясы”. Бұдан бөлек 300-ден астам ғылыми еңбектердің, тарих, ғылымдар философиясы және публицистика саласындағы 150-дей кітап, мақалалардың авторы ретінде де танымал. Ол бірнеше түбегейлі физикалық теорияларды жасады: Арнайы салыстырмалылық теориясы (1905); Жылу сыйымдылығының және фотоэффект кванттық теориясы; Бозе Эйнштейн кванттық статистика; Броун қозғалысының статистикалық теориясы, флуктуациялардың теориясына негізін салған.

Ол 14 жасынан бастап Швейцарияда тұрған. Цюрихтегі политехникумды бітіргеннен кейін (1900) орта мектепте сабақ берді, кейін патент бюросында эксперт (1902 – 1909) болып қызмет атқарды. 1909 – 1911 жылы Цюрих университетінде, 1911 – 1912 жылы Прагадағы Неміс университетінде, 1912 – 1913 жылы Цюрихтегі политехникумда профессор болды. 1913жылы ол Берлинге көшіп келді (1914). Мұнда ол 1933 жылға дейін тұрды. 1933 жылдан өмірінің ақырына дейін Принстондағы (АҚШ) Іргелі зерттеулер институтының профессоры болып жұмыс істеді.

Эйнштейннің ғылымдағы басты еңбегі – салыстырмалық теориясы. Бұл теорияның жасалуы нәтижесінде кеңістіктің, уақыттың және тартылыстың жаңа қасиеттері ашылды, олардың бір-бірімен байланыста болатындығы дәлелденді. Салыстырмалық теориясы жарық жылдамдығына жуық жылдамдықпен қозғалатын нысандар (негізінен элементар бөлшектер, ғарыштық сәулелер, т.б. ) мен күшті тартылыс өрісінде өтетін процестерді зерттеу үшін қолданылатын теориялық негіз болды. Эйнштейн жарықтың кванттық теориясы, кездейсоқ процестер теориясы, магнетизм, т.б. салалар бойынша да маңызды жаңалықтар ашып, зерттеулер жүргізді. Эйнштейннің салыстырмалық теориясының тұжырымдарын сол кезде кейбір ғалымдар мойындамағанымен, қазіргі кезде ол – жалпы жұртшылық мойындаған ілімге айналды. Эйнштейн – көптеген ғылым академиялары мен ғыл. қоғамдардың мүшесі. Нобель сыйлығының иегері (1921). 1927 жылы КСРО ҒА-ның құрметті мүшесі болып сайланды.Денсаулығы қатты нашарлаған Эйнштейн 1955 жылы 18-сәуірде 76 жасында АҚШ-тың Принстон қаласында көз жұмады. Көзжұмар алдын жазған хатында: ”Мен Жердегі тапсырмаларымды орындадым.” деген сөзді жазған. Принстон ауруханасында жатып, көз жұмар кезінде немісше бірдемелерді айтқан екен. Алайда, оның сөздерін американдық медбике ұқпаған.

Альберт Эйнштейн — американдық Тайм журналының “Ғасыр адамы” атағына ие болған тұлға.

Альберт Эйнштейн айтқан нақыл сөздері:

Дүниеде екі нәрсе шексіз: бірі — ғалам, екіншісі — адамның ақымақтағы. Бірақ біріншісіне күмәнім бар”

Фантазия білімнен маңыздырақ. Өйткені білімнің шегі бар”

Адамзат одан әрі өмір сүргісі келсе, онда, жаңа ойлар (түйсіктер) қажет”

Ақшаға сатып алуға болатын дүниелер өмірдің кереметтері емес”

Көру мен түсіну қуанышы — табиғаттың ең тамаша сыйы”
Тақырып № 4.2.11. Қазіргі заманның ел билеушілері
1. Хо Ши Мин - Вьетнам Демократиялық Республикасының тұңғыш президенті.

2. Адолф Гитлер және неміс диктатурасы.

3. Маргарет Хильда Тэтчер-Ұлыбритания қоғам қайраткері.
1.Хо Ши Мин (шын аты — Нгуен Тат Тхань; бірнеше партиялық лақап аттары болған, соның бірі Нгуен Ай Куок (Нгуен — патриот), 1942 жылдан бастап — Хо Ши Мин) (19.5.1890, Нгуен провинциясы, Кимлиен елді мекені — 3.9.1969, Ханой қаласы) — Вьетнам ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері, Вьетнам Демократиялық Республикасының тұңғыш президенті. Хюэдегі ұлттық колледжде оқыған. 1911 ж. Сайгондағы француздарға қарасты “Башон” зауытына мамандар даярлайтын училищеге оқуға түсіп, шет елге кетті. 1912 — 16 ж. француз және ағылшын компанияларының кемелерінде матрос болып істеді. 1916 — 19 ж. Ұлыбритания мен АҚШ-та тұрды. 1919 ж. Францияға қоныс аударып, Париж бітім конференциясы (1919 — 20) кезінде оған қатысушыларға вьетнам патриоттарының атынан Үндіқытай халықтарына тәуелсіздік беруді талап еткен меморандум жолдады. 1920 ж. желтоқсанда жаңадан құрылған Француз коммунистік партиясына кірді. 1924 ж. Коминтерннің 5-конгресінің жұмысына қатысып, отарлар мәселесі бойынша баяндама жасады. 1925 ж. Вьетнамның революцияшыл жастарының серіктестігін, 1930 ж. Үндіқытай коммунистік партиясын құрды. Революциялық қызметі үшін бірнеше рет сотталып, 1929 ж. сырттай өлім жазасына кесілді. 1934 — 38 ж. Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде оқып, Мәскеуде жұмыс істеді. 1941 ж. отанына қайтып оралып, елдің барлық патриоттық күштерін біріктірген Вьетнамның тәуелсіздігі үшін күрес Лигасын (Вьет-Минь) құрды. Вьетнамда 1945 ж. Тамыз төңкерісі жеңгеннен кейін ВДР Уақытша үкіметінің төрағасы, 1946 ж. наурыздан ВДР-дың тұңғыш президенті болды. ВДР партия — үкімет делегациясын басқарып, бірнеше рет Кеңес Одағына келіп қайтты. 1959 ж. 29 — 31 шілдеде Алматыда болып, Қазақ КСР-і ҒА-ның ғалымдарымен, “Есік” кеңшарының жұмысшыларымен кездесті. Ленин орденімен марапатталған. 1967 ж. елді қайта біріктірудегі еңбегі үшін Сайгон қаласына Хо Ши Мин есімі берілді.

2.Адолф Гитлер (1889 ж. сәуірдің 20 — 1945 ж. сәуірдің 30) — Аустрияда туған Алмания саясаткері. Ұлттық Социалист Неміс Жұмысшылары Партиясын басқарған, Алмания канцлері (1933—1934) және Алмания Фюрері (1934—1945).

Адольф Гитлер 1889 жылдың 20-сәуірінде Қазіргі Австрия елінің Браунау ам Инн жерінде дүниеге келген. Әкесі -- кеден қызметкері Алойс Гитлер (Алоіс Һітлер) анасы -- Клара Полцель (Цлара Ползел). 1903 жылы әкесі, 1907 жылы анасы дүниеден өтеді. 1905 жылы мектепті аяқтамай тастап кетеді. Кейін Гитлер Австрияның астанасы, Вена қаласына қоныс аударады. 1913 жылы Германияның Мюньхен қаласына көшеді.

Адольф Австриядан шыққан неміс саясаткері әрі диктаторы болды. Ол 1933 – 1945 жылдар аралығында канцлер болып билік етеді. Сондай-ақ, 1921 жылдан бастап НСДАП партиясының басшысы және нацистік Германияның көсемі болып та саналады. Канцлер болып тұрған шағында өзін неміс Райхының ең жоғарғы қолбасшысы, лидері деп санады.

Гитлердің билігі тұсында елдегі ұлттық социалистер (Натіоналсозіалістен) ЫЫЫ Неміс Райхының диктатурасын орнатты. Ұлттық социалистер билікке келгеннен бастап басқа партияларға шектеу қойылып, қысым жасалды. Кейбірін өздігінен жойылып кетуге дейінгі халге жеткізді.

Гитлердің саясатына қарсы келгендерді қудалап, Концлагерлерге жер аударып жіберді. Тіпті, жазалаудың шектен шыққаны сонша, адамдарды өлтіруге дейін барды. Еуропалық Иудейлерді қырғынға ұшыратқан осы Гитлердің нацистік, фашистік саясаты мен оның жақтаушылары еді. Холакауст кезінде жазықсыз иудейлер өлтірілді. Олар үшін басқа этникалық топтар мен басқа діннің өкілдерінің көк тиындық құны болмады. Ақырында Екінші Дүниежүзілік Соғыстың отын тұтатты. Соның салдарынан Германияның көп білігі мен Еуропаның біраз бөлігі қирады, бүлінді. Екінші Дүниежүзілік Соғыста өлген 55 миллион адамның 6 миллионы еуропалық Иудейлер, 30 миллионы Славиян халқының өкілдері болды.

Гитлердің жиырма бес жасына дейін атқарған немесе атап айтарлықтай іс-әрекеті болмаған. 25 жылдық өмірінде мамандыққа қатысты білімі болмаған, әлеуметтік және қоғамдық өмірде де белсенді болмаған. Алайда, аздаған жылдар арасында немістердің еліне барып елбілігін қолына алып, диктатор болады. Сасатқа келген кезіндегі ол жайлы мәліметтер құпия болатын. Ол өзінің қарсыластарына айтқан сөзінде: Сіздер менің қайдан келгенімді және қандай отбасынан шыққанымды білуге тиісті емессіздер - деп айтқан екен.

Майн Кампф (Меін Кампф) еңбегінде бұрынғы өмірінің нацистік түсінікте қалыптасқан мықты тұлға болуға өзін-өзі тәрбиелегенін айтады.

Адольф Гитлер өмірінің соңына дейін христиан дінінің католиктік бағытын ұстанған. Оныңең сенімді адамдарының бірі Альберт Шпеер Гитлердің шіркеулерге деген көзқарасының оң болмағанын айтады. Әр түрлі ортада әр түрлі ой білдірген. Шіркеулерді халықты ұстап отыратын күшті элемент деп те қарастырған.

Гитлер 1930 жылдан бастап вегетариан болған. Ол жайлы оның өмірін зерттеген адамдар да бірауыздан келіседі.

1933 жылдан бастап Гитлер өзінің қалауы бойынша көшелер мен орталық алаңдарды өзінің атымен атай бастайды. Кез-келген елдімекендер мен қалаларда Гитлердің атымен аталатын көше және алаңдар болды. Ол әсіресе, өзіне ұнамайтын адамдардың атына ие көшелер мен алаңдарды өзгертті. Біраздан соң НСДАП партиясы елдегі жаңа көше мен алаңдарға Гитлердің саясатын қолдаған тұлғалардың есімін беру туралы заң шығарды. Партияның жастар қанатын Гитлер жастары деп өзгертті. Сондай-ақ, стадиондар, мектептер, қалашықтар Гилердің атымен немесе Гитлердің қарамағында екендігін білдіретін атаулармен аталды.

Адольф Гитлердің Уолф(қасқыр) деген лақап аты болған. Өзі басшылық еткен майдандар мен әскери орталықтарды осы Қасқыр атауына қатысты атаулармен атаған. Гитлердің жақын бір қызметтесінің кішкене баласы Онкел Уолф (Қасқыр көке (аға)) деп атаған. Атының өзі көне неміс тіліндегі адал және уолф деген екі сөздің туындысы екен.

1945 жылы 30 сәуірде Берлин қаласындағы бункерінде өзіне-өзі қол жұмсап мерт болады. Гитлер паркионсон ауруымен ауыратын. Гитлер талантты суретші болған.

3.Маргарет Хильда Тэтчер — 1979—1990 жж. Құрама Патшалықтын премьер-министрі. Баронесса (1992)

Маргарет Тэтчер, қыз кезіндегі аты-жөні Маргарет Робертс, 1925 жылғы 10 Қазанда бақалшы отбасында дүниеге келді. Ақылды және сабырлы қызға әкесінің табысы мектепте оқуға және 19 жасында Оксфорд университетіне түсуге жетті. Оны «Органикалық химия» мамандығы бойынша 5 жыл оқып бітіргеннен кейін Маргарет біраз уақыт химия кәсіпорындарында жұмыс істеді.

Алайда заң іліміне деген зор құштарлық өз дегенін істетіп, ол көңілі хош көрген заң курстарында дәріс алды.

Маргарет адвокат атағына емтиханды үздік тапсырып, адвокаттық кәсіппен шұғылдана бастады. Ол белсенді өмірлік ұстанымы, ойын кернеген күш-жігері мен іскерлік құлшынысы арқасында 1959 жылы Парламентке сайланды. Ол сол уақытта күйеуге шыққандығына және егіз балалы (ұл мен қыз) болғандығына қарамастан отбасы — ошақ қасымен шектелмей мемлекеттік істерден қол үзген жоқ.

1970 жылы Маргарет Тэтчер Эдвард Хит үкіметінде оқу және ғылым министрі болды. Ол консерваторлар партиясының белсенді мүшесіне айналып 1975 жылы Эдвард Хиттің консерваторлар партиясында жетекшілік орынды иеленді. 1979 жылы партия жалпы сайлауда жеңіске жетті және Тэтчер британдық тарихта тұңғыш рет әйел премьер-министрі болды.

Маргарет Тэтчер үкіметті басқарумен қатар өз идеяларын табысты жүзеге асырды. Өткен жүз жылдықтың 70-ші жылдары консерваторлар үшін цәтті болды. Билікке консервативтік саясатшылар келіп, консервативті идеялар кеңінен тарала бастады. Ол бірден салықты төмендетіп, үкіметтің кәсіпкерлерге бақылауын әлсіретті. Ол үшін әрбір британдықта жеке үйінің, меншіктің кез келген түрінің: қозғалмайтын мүліктің, автокөліктің болуы немесе акцияларды иеленуі аса маңызды еді.

«Меншіккерлер демократиясы» немесе «Халықтық капитализм» тұжырымдамасы Тэтчер қолындағы аса құнды бағдар болды.

Оның философиясы мен практикасы саясат үшін өте сирек «тэтчеризм» деген сөзбен аталды. Тэтчеризмнің ерекшелігі — оның шағын бизнесті қолдап-қуаттауы. Тэтчердің ұсақ буржуазиялық құндылықтар: ұқыптылықты, еңбексүйгіштікті, шаруашылықты үнеммен жүргізуді, өз іцін ашyға деген ұмтылысты насихаттауы кездейсоқ емес. Өзінің ұцақ саудагер отбасынан шыққандығын Тэтчер нағыз жарнамалық науқанға айналдырып, өзінің қоғам алдында «халықтан шыққан адам», «әйел-ана», халықтың мұң-мұқтажын бөлісуші және көңіл-күйін түсінетін тұлға ретінде көрсете білді.

Тэтчердің ұтқан жері — оның шағын бизнесте экономикалық өрлеуді: техникалық жаңалықтарды игеруді, икемділікті, яқыт талабына ілесе білуді көре білгендігі. Ол өзінің практикалық дағдылар мен іскерлігін әкесінің дүңгіршегінде жүрген уақытында шыңдаған болатын, ал студенттік шағынан бастап ол экономика негіздерін де меңгерді, өзіндік ойлау қабілеті мен батыл қадамдары тэтчеризмнің оң ісін ақыр аяғына дейін жеткізді.

Тэтчеризм ретінде неоконсерватизмнің британдық нұсқасы түсіндіріледі, оған Маргарет Тэтчер қайталанбас әйелдік нақыш пен тың серпіліц берді. 80-ші жылдардағы Ұлыбритания «айбынды арудың» жігерлік қызметінің ықпалымен дамыды. Бұл үпдіц қойылған мақцаттан бір адым аyытқыған жоқ. Ағылшын тарихында билікте болған, ұзақтығы бойынша 18-ші ғасырда премьер-министр лауазымы енрізілген сәттен бастап, жетінші орын алады. Ол 11,5 жыл бойы билік тізгінін ұстады.

Тэтчер жақтаушылары мүмкіндіктер теңдігін қолдады: барлық адамдардың өмірдегі мәрелік жағдайы бірдей, алайда бұл ешуақытта нәтижелер теңдігіне жеткізбейді. Адамдар пайданы бөлісуде де, ақыл-ой қабілетін көрсетуде де біпдей емес. Олар тіпті заң алдында да тең емес. (Бай адамдардың кедейлерге қарағанда жақсы адвокатқа ақша төлеу мүмкіндігі жоғары) Тэтчер саясатындағы негізгі сәт — оның «әрбір адамның маңызы бірдей» деп санауы.

Сыртқы және ішкі саясаттағы Тэтчердің қатаңдығы оны «айбынды ару» атандырды.

1990 жылдың аяғында оның танымалдығы төмендей бастады. Оны маңызды мәселелерді шешуде шектен тыс «өзім білемдікке» салынды деп айыптай бастады. Ол қайтадан консервативтік партия басшысы болып сайланбады және қызметінен кетіп, орнын Джон Мейджорға босатып берді.

Осы бір даңқты әйелдің жазған естелігінің алғашқы басылымы миллиондаған данамен таралды. Маргарет Тэтчер тасы өрге домалаған бизнесменнің әйелі, екі баланың анасы, Ұлыбритания Корольдік Қоғамының мүшесі, Соммервилл колледжінің Құрметті профессоры, Корольдік химия институтының Құрметті профессоры.


Тақырып № 4.3.12. Қазіргі замандағы өнер саңлақтары
1. Сэр Чарльз Спенсер (Чарли) Чаплин- әлемдік киножұлдыз.

2. Пабло Пикассо және сурет өнері.

3. Луи Армстронг -музыкадағы джаз өнерін әлемде танытушы тұлға.
1. Сэр Чарльз Спенсер (Чарли) Чаплин; 16 сәуір 1889, Лондон қ. — 25 желтоқсан 1977, Швейцария, Корсье-сюр-Веве) — америка және ағылшын киноактері киноактер, кинорежиссер, сценарийші, композитор әрі продюсер. Оксфорд университетінің құрметті докторы (1962). Шығу тегі — ағылшындық. Актердің отбасында дүниеге келген.

Кистоун киностудиясы түсірген 1910 жылдардағы қысқаметражды фильмде шыққан, кино әлеміндегі ең әйгілі кейіпкер Чарлидің бейнесін енгізген. 1914 жылдан бастап өзін режиссерлік қырынан көрсете бастап, түсіп жүрген фильмдерінің сценарийін өзі жазған. 1919 жылы Чаплин Мэри Пикфорд, Дуглас Фэрбенкс және Дэвид Гриффитпен бірге Юнайтед артистис киностудия-сын құрған. Ол көптеген сыйлықтардың иегері .

1897 жылдан мюзик-холл сахнасында, ал 1907–1942 жылы Ф. Карго жетекшілік еткен пантомима театрында ойнап, актерлік өнер шеберлігін жетілдірді. Әсіресе, ол мұнда мюзик-холлдың талабына орай пластика мен пантомима өнерін үздік меңгерді. Кинодағы актерлік және режисерлік өнер жолын 1914 жылы АҚШ-та бастады. Қойған фильмдерінің сценарийлерін де өзі жазды.

Бірқатар фильмдерінде (“Қаңғыбас”, “Банк”, 1915; “Тыныш көше”, “Иммигрант”, “Ит өмір”, “Иыққа!”, 1917–1918) лирикалық және комедиялық бояуды шебер шендестіре отырып, “кішкене адамның” есте қалар жиынтық бейнесін жасады. Пантомима мен комедия өнерін жан-жақты дамыта отырып, өз орнымен пайдалану арқылы “Нәресте” (1920) мен “Алтынның әлегі” (1925) фильмінде ақша билеген ортадағы қорғансыз жандардың азапты ауыр өмір-тұрмысын бейнеледі. Ол көп қиындықтардан кейін 1922 жылы “Чарлз Чаплин фильм корпорейшен” деген атпен кинофирма ұйымдастырды. “Париж қызы” фильмін (1921) қоюмен өзінің кинода психологиялық драма жасаудың шебері екенін байқатты. Әсіресе, “Пилигрим” (1922) және “Цирк” (1928) фильмінде әділетсіздік жайлаған астамшыл, қатыгез қоғамға тән өтірік пен өсекті, кертартпалық пен мешеулікті, екіжүзділік пен сатқындықты өткір сынға алды.

1931 жылы қойған “Үлкен қаланың оттары” фильмімен режиссер шығармашылығының жаңа кезеңі басталды. Осы жылдары Чарли “кішкене адамның” психологиялық мінез-күйін тереңдетіп, барынша әлеуметтік мәселелерге ден қойды.

“Жаңа кезең” (1935) фильмінде жұмысшылар еңбегін қанаушылықтың антигуманистік табиғатын ашып көрсетті. “Ұлы диктатор” (1941) фильмінде фашияттік диктатура сатиралық тұрғыда бейнеленді. Бұл фильм Чаплиннің идеялық жағынан өсу эволюциясын айқындай түсті. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін пессимистік сарында “Месье Верду” (1947) фильмін жасады. 1952 жылы АҚШ-та қойылған соңғы фильмі “Рампа оттары” кинокартинасында адамның асқақ сезімдерін паш етті. Реакциялық топтардың қудалауына ұшыраған Чаплин отбасымен Веве қаласынана (Швейцария) қоныс аударды.

Англияда “Король Нью-Йоркте” (1957) және “Гонконгтен келген граф әйелі” (1967) атты сатиралық-романтикалық кинокартиналарын қойып, суреткерлік дарын табиғатының жаңа бір қырын танытты. Оның шығарм. АҚШ-тың реалистік кино өнерінің қалыптасуына игі ықпал жасаумен қатар, дүниежүзілік кинокомедияның дамуына да мол үлес қосты. 1954 жылы Халықаралық Бейбітшілік сыйлығын алды.

2.Пабло Диего Хосе Франсиско де Паула Хуан Непомусено Мария де лос Ремедиос Сиприано де ла Санти́сима Тринидад Мартир Патрисио Руис и Пикассо 25 қазан 1881ж Малага, Испания — 8 сәуір 1973, Мужен, Франция) — испан суретшісі, скульпторы, графигі, керамисті және дизайнері.

Шыққан тегі испандық. Пикассо 10 жасынан суретшілік талантымен танылған. Ол Барселонадағы әсемдік өнер мектебінде, Мадридтегі Сан-Фернандо Академиясында (1897 — 98) оқыды. 1897 жылы алғашқы шығармашылық көрмесі ұйымдастырылады. Руис фамилиясынан бас тартқан Пикассо Парижге (1900) көшіп, коллекционер А.Воллардың галереясында көрме ашты. Пикассоның осы жылдардағы еңбектері — “көгілдір” (1901 — 04) және “қызғылтым” (1905 — 06) кезең туындыларына жатады. Бұл екі түсті гамманың басымдылығымен ерекшеленетін шығармаларының басты тақырыбы — жалғыздық, қайыршылық, кезбелік. Алғашқы үздік танылған картиналары: “Әйелдің басы” (1903), “Бала ерткен қайыршы шал” (1903), “Шар үстіндегі қыз” (1905), т.б.

1907 жылдан бастап Пикассо реалистік кескіндеме дәстүрінен алшақтап кубизм, неоклассицизм, сюрреализм ағымдарына бой ұрды. Оның “Авиньон бикештері” (1907), “Желпуіш ұстаған әйел” (1909), “А.Воллар портреті” (1910), “Үш музыкант” (1920) атты еңбектері кубизм тәсілінде салынса, неоклассицизм мәнерінде “Бастау басындағы үш әйел” (1921), “Ана мен бала” (1922) шығармаларын жазды. Ал “Би” (1925), “Жағажайдағы әйел” (1930) картиналарында сюрреализм дәстүрінің негізі сақталды. 1936 — 39 жылдары суретші Испанияда өмір сүріп, фашизмге қарсы күреске белсене араласты, өзінің соғысқа, фашизмге деген көзқарасын саяси өткір картиналарымен көрсетті. Осы тақырыпта топтама суреттер “Генерал Франконың арманы мен өтірігі” (1937), үлкен трагед. композиция “Герника” атты еңбектері жарық көреді. 1946 жылдан Францияның оңтүстігінде өмір сүрген Пикассо сурет өнерімен қатар керамика, мүсін өнері, балет декорацияларын жасаумен де шұғылданды. 1947 жылы соғысқа қарсы қозғалыстың символына айналған “Бейбітшілік көгершінін” дүниеге әкеледі. Соғысқа қарсы қозғалыстарға белсене араласып, Дүниежүзілік Бейбітшілік Кеңесіне мүше болды. Бейбітшілік тақырыбындағы өнер туындылары үшін 1950 жылы Халықаралық Бейбітшілік сыйлығын алды.

Сарапшылар Пикассоны ең «қымбат» суретші деп атады — 2008 жылы оның жұмыстарының тек ресми сатылымдарының көлемі 262 млн долл[2] құрады. 2010 жылдың 4 мамырында Пикассоның Кристис аукционында 106,482 миллион долларға сатылған «Жалаңаш, жасыл жапырақтар және мүсін» картинасы дүние жүзінде қашан да болсын сатылған ең қымда өнер туындысына айналды.

1,4 млн оқырмандарға Тһе Таймс газеті 2009 жылы өткізген сауалнаманың нәтижелері бойынша, Пикассо соңғы 100 жыл бойы өмір сүргендердің арасындағы ең жақсы суретші болып мойындалды. Оның суреттері ұрылардың арасында «белгілілігі» бойынша бірінші орында тұр.

3.Луи Армстронг 1901 жылдың 4 тамызында туылған, Жаңа Орлеан, Луизиана — 1971 жылдың 6 шілдесінде қайтыс болған, Нью-Йорк) — американдық джаз кернейші, вокалист және ансамбль басшысы (бэнд-лидер). Дюком Эллингтон, Чарли Паркер, Майлз Дэвис, Джон Колтрейн сияқты музыканттармен джаздың дамуына және бүкіл әлемде танымал болуына қомақты үлесін қосты.

Луи (креолдық әдет бойынша осылай аталған), Жаңа Орлеанның ең кедей негрлік ауданда туылған.7 жасқа толғанда Армстронг Карнофски еврейлер жанұясымен өмір сүре бастайды, Олар Сторивил деген бар, клубтар, би залдары бар ауданда тұрған. Армстронг кішкентайынан бастап көмір тасып, газет сатып жұмыс істеген.

Армстронг ерте жасынан бастап далалық вокалды ансабльде ән айта бастады, барабанда ойнап бірнеше жыл ішінде есті қабілетін жақсы дамытып алды. Алғаш музыкалық білімін 1913 жылы түсті балаларға арналған «Уэйф’с Хоум» түзету лагерь-интернатта алды, ол лагерьге жаңа жылда пистолеттен атқаны үшін түседі (ол пистолетті анасының клиенті бір полисменнен ұрлап алады). Ол жерде тез арада үрмелі оркестрге қосылып, тамбурин, альтгорнде, корнетте ойнауды үйренеді. Оркестр сол уақытқа дәстүрлі репертуар ойнаған - марш, полька және танымал өлендер. Лагерьден шыққанда музыкант болуға бекінеді. Босанын, ол клубтарға барып жалға алған инструменттермен жергілікті оркестрлерде ойнай бастайды. Сол кездегі қаланың үздік корнетте ойнайтын музыкант болып саналған Кинг Оливер Луиді өз қарамағына алады, Армстронг оны өзінің нағыз ұстазы деп санаған. 1918 жылы Оливер Чикагоға кетіп, Армстронг беделді тромбоншы Кид Ори ансамбліне кіреді. Пол Домингес, Затти Синглтон, Альберт Николз, Барни Бигард және Луис Рассел секілді музыканттар ойнаған Оскар «Әке» Селестинның «Тұхедо Брасс Банд» ансамблінде ауық-ауық өнер көрсете бастайды.

Туған қаласының көшелерінде джаз парадтарға қатысады, Фэтс Мэрейблдың «Жазз-Е-Сазз Банд» тобында ойнайды. Ол топ Миссисипи бойымен жүзген параходтардағы дансингтерде ойнаған. Мэрейбл, кәсіпқой бэнд-лидер бола тұрып, жасөспірімге ноталық сауаттың негізін үйретіп, Армстронг мамандаған музыкант болады. Музыканттар арасында Сачмо лақап атқа ие бола бастайды .

1922 жылы Оливерге екінші корнетист қажет болып, ол Армстронгты Чикагоға шақырады. Олар «Линкольн Гарденсте» (700 орынға арналған мейрамхана) «Цреоле Жазз Банд» оркестрімен өнер көрсетеді. Бұл бэнд сол кездегі Чикагода ен джазда бэнд болған, сондықтан бұл бэндтегі жұмыс Луиге көп тәжірибе берді. Чикагода Оливердің «Креолдық джаз-бэнд» құрамында Армстронг өзінің алғашқы жазбаларын жасайды. 1924 жылы екінші рез ансамбльдегі пианист әйел Лил Хардинге үйленеді (бірінші әйелі Жаңа Орлеаннан сүйкімді жезөкше креолдық Дэйзи Паркер еді). Әйелінің кеңесінен кейін өзінің жеке мансабын бастайды. Армстронгтар Нью-Йоркке көшіп, Луи Флетчер Хендерсонның оркестріне жұмысқа тұрады. Осылай оған танымалдық келеді, джаз сүйушілері оның "ыстық" солосын тындау үшін жиі-жиі бэндке келіп тұрады. Сол кезге қарай Луи Арсмтронгтің өзіндік стилі қалыптасады.Ол жарқын, суырып салма және ойлап тапқыш.
Тақырып № 4.4.13. ХХІ ғасырдың атақты ғалымдары мен жазушылары
1. Жеймс Хедли Биллингтон-американдық тарихшы ғалым.

2. Андре Гундер Франк- халықаралық зерттеу ассоциациясының үздік ғалымы.

3. Дональд Редфорд -мысыртанушы,археолог ғалым.


  1. Жеймс Хедли Биллингтон 1929 жылдың 1 маусымында Пенсильванияда

дүниге келген.Американдық тарихшы, АҚШ конгресс кітапханасының 13-ы директоры(01.01.1999) Халықаралық Ғылым Академиясының мүшесі.

«Lower Merion» жоғарғы мектебін тамамдаған.1950 жылы ерекше білімділігінің арқасында Принстон университетіне қабылданған.Родса степендианты атанып, оксфордтық университетте білімін жалғастырған. АҚШ әскері қатарында 1957 дейін қызмет етті, кейін Орталық Ұлттық бағалау басқармасының талдау бөлімшесінде жұмыс істеді. 1962 жылдан бастап Гарвард университетінде тарих пәнінен дәріс оқыды. 1964 - 1974 жылдары аралығында Принстон университетінің тарих профессоры атанса, 1973 - 1987 жылдары - Вилсон Вудросы ғалымының халықаралық орталығының директоры атанды. Ол Джордж Кеннан атындағы перспективалы ресейлік зерттеу институтының негізін қалады.

Орыс тарихы мен мәдениеті жайлы бірнеше кітаптардың авторы. АҚШ конгресі делегациясы құрамында КСРО және Ресейге бірнеше рет келді. 1988 жылы президент Рональдты Рейганды КСРО-ға сапарында қарсы алған.Орыс тіліне жетік сөйлейді. 1999 жылы Биллингтон Дмитрий Сергеевич Лихачепен бірлесе отырып ресей-американ арасындағы «ашық әлем» деген бағдарлама құрады, сол арқылы бұрынғы КСРО елінен 14 000 жас көшбасшы АҚШ-қа барып қайтады.

Джейс Биллингтон ресей ғылым академиясының шетелдік мүшесі, сонымен қатар Мәскеу мемлекеттік университетінің және Тибилиси мемлекеттік университеттің мәртебелі докторы атағымен, бірнеше орден медальдардың иегері болып табылады,

2.Андре Гундер Франк 1929 жылы 24 ақпанда Берлинде дүниге келіп, - 23 сәуір 2005 жылы , Люксембургта дүниден өткен) - саясаттанушы, неміс экономисті, әлеуметтанушы.

Берлиннің әдеби көсемсөзшісі Леонардо Франктың ұлы Андре Франк Германияда дүниеге келді. 1933 жылыҰлтшылдар билікке келісімен отбасымен Швецарияға қоныс аударды. 1941 жылға дейін эммиграцияда жүріп алғашқы білімді Швейцарияда алды.

Филадельфияда Свортморск колледжінде Экономика мамандығы бойынша білім алды. Докторлық дәрежені чикаго университінде 1957 жылы, жетекшісі атақты монетарист Фридман Милтон басшылығымен " Украинадағы колхоз ұйымы"атты экономикаға тақырыбына байланысты диссертациясын қорғады. 50 соңына дейін бірнеше амарикан университетерінде дәріс оқып жүрді. 1960 жылы Киевқа атанған шетелдік маман КСРО-дағы ұжымдық шаруашылықтың тиімсіздігін батыл дәлелдемек болып басы бәлеге қала жаздайды.

1962 жылы ол Латын Америкаға қоныс аударады.Онда ол Чилин университетінде ара-тұра әлеуметтанушы және экономика профессоры ретінде жұмыс істеді, 1973 жылы елде әскери төңкеріс пайда болғанға дейін Сальвадор Альенге ақылшы экономист ретінде жұмыс істеді.Әлемнің жетекші университеттерінде антропология, экономика, тарих, саясаттану және әлеуметтану пәндерін оқытты. Бірнеше Сыйлықтың иегері атанған ол 1989 жылы ғаламдық экономиканы саяси үнемдеу ауқымы бағытында халықаралық зерттеу ассоциациясының үздік ғалымы атағына ие болады.

880 дей ғылыми мақаласы және кітаптары әлемнің 27 тіліне аударылған.

3.Дональд Редфорд 1934 жылдың 2 қыркүйегінде дүниеге келген.Пенсильвания университетінің Шығыс тарихы бойынша маманы, тарих профессоры, канадалық мысыртанушы және археолог.

1998 жылға дейін Торонто қаласында 29 жыл университетте профессор лауазымын атқарған.

1964 жылы Палестинада археологиялық қазба жасады. Ол 20 жыл бойы , 1968 жылдан бастап Мысырдағы ең белгілі археологиялық экспедициялар , Буто, Қарнақ(Осиристың храмы) және Мендесте зерттеулер жүргізді. Әйелімен бірге 1972-1976 жылдары пенсильвания университетінің Эхнатон храмын зерттеуге арналған арнаулы жобасына басшылық етті.

Дональд Редфордқа Библия тарихының бірнеше төл қағидаларының идеясының иесі болып табылады.Ханаан мифологиясын зерттей келе , Моисейді, гиксостарды талқылай келе деректің көне бастау алатын жерін ежелгі Мысыр екенін дәлелдеді . Ол VII ғасырлардағы тарихтың суреттемесін Библияда егжей-тегжейлі жазылғаны туралы растап дәлелдеп көрсеткен.
Тақырып № 4.5.14. ХХІ ғасырдың ел билеуші тұлғалары мен саяси қайраткерлері


  1. Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті

  2. Барак Обама - Америка Құрама Штаттарының 44-інші сайланған президенті

  3. Владимир Путин - четвёртый президент Российской Федерации


1. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан Рес­публи­касы­ның Тұңғыш Пре­зиденті. 1940 ж. шілденің 6 Ал­ма­ты об­лы­сы Қас­ке­лең ауда­ны Ша­малған ауылын­да дүни­еге кел­ген. 1967 ж. Қараған­ды ме­тал­лургия ком­би­наты жа­нын­дағы жоғары тех­ни­калық оқу ор­нын бi­тiр­дi. Эко­номи­ка ғылым­да­рының док­то­ры.

Қазақстан Рес­публи­касы Ұлттық ғылым ака­деми­ясы­ның, Ха­лықара­лық ин­же­нерлік ака­деми­яның, Ре­сей Фе­дера­ци­ясы әле­уметтік ғылым­дар ака­деми­ясы­ның ака­демигі. Әл-Фа­раби атын­дағы Қазақ мем­ле­кеттік ұлттық уни­вер­си­тетінің құрметті про­фес­со­ры. Бе­ларус ғылым ака­деми­ясы­ның құрметті мүшесі. М. В. Ло­моно­сов атын­дағы Мәскеу мем­ле­кеттік уни­вер­си­тетінің құрметті про­фес­со­ры.



Қызметі:

1960—69 жж. — Қараған­ды ме­тал­лургия за­уытын­да жұмыс істеді.

1969—73 жж. — Қараған­ды об­лы­сы Теміртау қала­сын­дағы пар­тия-ком­со­мол жұмыс­та­рын­да жа­уап­ты қыз­меттер атқар­ды.

1973—77 жж. — Қар­метком­би­нат­тың парт­ком хат­шы­сы.

1977—79 жж. — Қараған­ды об­лыстық пар­тия ко­мите­тiнiң хат­шы­сы, 2-ші хат­шы­сы.

1979—84 жж. — Қазақстан КП Ор­та­лық Ко­митетінің хат­шы­сы.

1984—89 жж. — Қазақ КСР Ми­нист­рлер Кеңесi­нiң төрағасы.

1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бi­рiн­шi хат­шы­сы,

1990 ж. ақпан—сәуір ара­лығын­да Қазақ КСР Жоғары Кеңесi­нiң төрағасы бол­ды.

1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР пре­зиденті.

1991 ж. жел­тоқсан­ның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің жал­пы­халықтық сай­ла­уы өтті. Сай­лау нәти­жесінде Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­ба­ев ба­сым да­уыс­пен (98,7 %) жеңіске жетті.

1995 ж. сәуірдің 29-ын­да жал­пы­халықтық ре­ферен­дум нәти­жесінде Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зиденті Н. Ә. На­зар­ба­ев­тың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзар­тылды.

1999 ж. қаңтар­дың 10-ын­да өткен жал­пы­халықтық сай­ла­удың нәти­жесiн­де Н. На­зар­ба­ев 79,78 % да­уыс алып, Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зиденті бо­лып қай­та сай­лан­ды.

2005 ж. жел­тоқсан­ның 4-інде сай­ла­ушы­лар­дың 91,5 % да­уысын алып, Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті бо­лып қай­та сай­лан­ды.



Ре­фор­ма­лар:

Жаңа тәуелсіз мем­ле­кет – Қазақстан Рес­публи­касы­ның (16.12.1991) – да­муы, бар­лық ат­ри­бут­та­ры – ұлттық қауіпсіздік, мем­ле­кеттік басқару және биліктің бүкіл тар­мақта­рының өза­ра әре­кет ету жүйесі – бар ұлттық мем­ле­кеттіліктің қалып­та­суы На­зар­ба­ев есімімен тығыз бай­ла­ныс­ты. На­зар­ба­ев бас­шы­лығымен конс­ти­туци­ялық құры­лыс про­цесі жүзе­ге ас­ты, ол 1995 жыл­дың та­мызын­да еліміздің Негізгі Заңын қабыл­даған бүкілха­лықтық ре­ферен­думмен аяқтал­ды. Қазақстан­да де­мок­ра­ти­ялық инс­ти­тут­тарды құру На­зар­ба­ев­тың аса зор еңбегі бо­лып та­была­ды. Сөз бен бас­пасөз бос­тандығы, сай­лау және сай­ла­ну құқығы, пар­ти­ялар мен қоғам­дық бірлестіктер құру құқығы, дін бос­тандығы сияқты аза­мат­тық қоғам­ның мызғымас құнды­лықта­ры нақ со­ның тұсын­да ғана конс­ти­туци­ялық нор­ма­ларға ай­нал­ды. На­зар­ба­ев бас­шы­лығымен кеңестік өкімшіл-жос­парлы әкімшілік жүйе бұзылған­нан және біре­гей ха­лық ша­ру­ашы­лық ке­шені күй­ре­ген­нен кейін ала­пат дағда­рысқа тап болған қазақстан­дық эко­номи­каны өзгер­ту­ге бағыт­талған аса ауқым­ды ша­ралар әзірленіп, іске асы­рыл­ды. Эко­номи­калық са­ясат­ты және де­мок­ра­ти­ялық өзгерістерді ой­дағыдай жүзе­ге асы­руға мем­ле­кеттік құры­лым­ның пре­зиденттік рес­публи­ка ретіндегі ха­лық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбе­гейлі эко­номи­калық ырықтан­ды­ру мен са­яси ре­фор­ма­лар белгілен­ген өзгер­ту­лерді пәрменді жүргізу­ге асы­руға көмек­тесті.

1992 жыл­дың ба­сын­да На­зар­ба­ев «Қазақстан­ның еге­менді мем­ле­кет ретінде қалып­та­суы мен да­му стра­теги­ясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы са­яса­тының бағыт-бағда­рын айқын­да­ды.

Со­ның нәти­жесінде 1997 жыл­дың ба­сына қарай ел­де мак­ро­эко­номи­калық тұрақты­лық орын ал­ды, инф­ля­ция тоқта­тыл­ды, өнеркәсіп жан­да­нып, қар­жы-бюд­жет, са­лық жүйесі құрыл­ды, же­кеше­лендіру жүргізілді, зей­не­тақы жи­нақтау жүйесі дүни­еге келді, тұрғын үй-ком­му­нал­дық ша­ру­ашы­лығын ре­фор­ма­лау жүзе­ге ас­ты.

На­зар­ба­ев­тың «Қазақстан-2030» стра­теги­ясы мем­ле­кет да­му­ының ба­сым бағыт­та­рын айқын­да­ды. 2006 жылғы ха­лыққа Жол­да­уын­да Қазақстан­ның бәсе­кеге қабілетті елу елдің қата­рына кіру стра­теги­ясы белгілен­ген.

На­зар­ба­ев­тың эко­номист және са­ясат­кер ретіндегі же­ке бе­делі ел­де қолай­лы ин­вести­ци­ялық аху­ал­дың қалып­та­су­ына, көпте­ген мем­ле­кет­термен және ха­лықара­лық қар­жы инс­ти­тут­та­рымен қарқын­ды эко­номи­калық ын­ты­мақта­суға игі ықпал етті. Рес­публи­када ауыл­ды да­мытуға, ке­дейлікпен күре­суге, тұрғын үй құры­лысын да­мытуға және т. с. с. бағыт­талған ірі-ірі әле­уметтік бағдар­ла­малар­ды іске асы­ру бас­талды. На­зар­ба­ев ин­дуст­ри­ал­ды-ин­но­ваци­ялық да­му стра­теги­ясын әзірледі, ин­вести­ци­ялық және ин­но­ваци­ялық қор­лар құрыл­ды. Дүни­ежүзілік са­рап­шы­лара­расын­да «қазақстан­дық үлгі» тер­мині пай­да бол­ды. Қысқа мерзім ішінде ха­лықара­лық ын­ты­мақтас­тық тұжы­рым­да­масын қалып­тастыр­ды. Оның көпте­ген бас­та­мала­ры кең ха­лықара­лық жаңғырық тап­ты әрі мойын­далды. Мәсе­лен, Се­мей яд­ро­лық по­лиго­нын жа­бу, яд­ро­лық дер­жа­ва мәрте­бесінен бас тар­ту, жаһан­дық және өңірлік қауіпсіздікті қам­та­масыз ету жөніндегі дәйекті қыз­мет, т. б. На­зар­ба­ев ТМД, ОАО, Ке­ден одағы, Шан­хай ын­ты­мақтас­тық ұйымы (ШЫҰ), Еура­зия одағы сияқты ха­лықара­лық құры­лым­дарды дүни­еге әке­лудің бас­та­машы­сы. Ол БҰҰ Бас Ас­самб­ле­ясы­ның 47-сес­си­ясын­да құру­ды ұсынған Ази­ядағы өза­ра ықпал­дастық пен сенім ша­рала­ры жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бас­та­ды. На­зар­ба­ев мәде­ни­ет­тердің, діндердің, өрке­ни­ет­тердің жүйелі сұхбат­та­су­ын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жыл­да­ры Ас­та­нада әлемдік діндер көшбас­шы­лары­ның съез­дері та­быс­ты өтті.



На­зар­ба­ев­тың бас­та­масы­мен ашылған оқу орын­дар:

    • Ха­лықара­лық ақпа­рат­тық тех­но­логи­ялар уни­вер­си­теті;

    • Қазақстан ме­недж­мент инс­ти­туты;

    • Эко­номи­ка және бол­жау инс­ти­туты;

    • Қожа Ах­мет Иаса­уи атын­дағы Қазақ-түрік уни­вер­си­теті;

    • Н. Гу­милев атын­дағы Еура­зия уни­вер­си­теті;

    • Ұлттық Мем­ле­кеттік заң уни­вер­си­теті;

    • На­зар­ба­ев Уни­вер­си­тетi бірқатар ли­цей­лер мен кол­ледж­дер;

    • Пре­зиденттік «Бо­лашақ» бағдар­ла­масы іске асу­да, ол бойын­ша жас­тар дүние жүзінің ірі оқу орын­да­рын­да білім алып жа­тыр;

    • Аса та­лант­ты ба­лалар үшін пре­зиденттік «Да­рын» сый­лығы тағайын­далған.

Кітап­тардың ав­то­ры:

  • Н. На­зар­ба­ев бірқатар ғыл. еңбек­тердің және әле­уметтік-эко­номи­калық да­му мәсе­лелері мен қоғам­дық-са­яси тақырып бойын­ша кітап­тардың ав­то­ры:

  • «Важ­ней­шее ус­ло­вие ин­тенси­фика­ции» (А., 1983);

  • «Сталь­ной про­филь Ка­захс­та­на» (А., 1984);

  • «Эко­номи­ка Ка­захс­та­на: ре­аль­ность и перс­пек­ти­ва ста­нов­ле­ния» (А., 1988);

  • «Без пра­вых и ле­вых» (М., 1991), «Стра­тегия раз­ви­тия Ка­захс­та­на как су­верен­но­го го­сударс­тва» (А., 1992);

  • «Стра­тегия ре­сур­сосбе­реже­ния и пе­реход к рын­ку» (М., 1992);

  • «Идей­ная кон­со­лида­ция об­щест­ва как ус­ло­вие прог­ресса Ка­захс­та­на» (А., 1993);

  • «На­рық және әле­уметтік-экон. да­му» (А., 1994);

  • «Ғасыр­лар тоғысын­да» (А., 1996);

  • «Ев­ра­зий­ский со­юз: идеи, прак­ти­ка, перс­пек­ти­вы» (М., 1997);

  • «Та­рих толқынын­да» (А., 1997);

  • «О вре­мени, о судь­бах, о се­бе…» (Лон­дон, 1997);

  • «Стра­тегия транс­фор­ма­ции об­щест­ва и воз­рожде­ние ев­ра­зий­ской ци­вили­зации» (М., 2002);

  • «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002);

  • «Сын­дарлы он жыл» (А., 2002);

  • «В серд­це Ев­ра­зии» (А., 2005).

Басқа ла­уазым­да­ры мен ман­сапта­ры

  • Эко­номи­ка ғылым­да­рының док­то­ры (1993);

  • ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылы­ми ме­кеме­лер мен ше­тел оқу орын­да­рының ака­демигі;

  • Қазақстан халқы Ас­самб­ле­ясы­ның төрағасы;

  • Қазақстан­ның Қару­лы Күштерінің Жоғары Бас Қол­басшы­сы;

  • Дүни­ежүзілік қазақтар қауым­дастығының төрағасы;

  • Нұр Отан Ха­лықтық-де­мок­ра­ти­ялық пар­ти­ясы­ның төрағасы;

  • Дүние жүзі қазақта­ры ас­со­ци­ациясы­ның төрағасы;

  • Ор­та­лық Азия мем­ле­кет­тері Дос­тық қоры­ның құрметті төрағасы;

  • ОБ­СЕ-нің бас төрағасы;

  • Бірне­ше жыл Ха­лықара­лық Арал­ды құтқару қорын басқар­ды.

На­зар­ба­ев – Қазақстан­ның ең жоғары ерек­шелік белгісі – ерек­ше үлгідегі «Ал­тын Қыран» ор­денімен, сон­дай-ақ әлемнің көпте­ген ел­дерінің, ха­лықара­лық және қоғам­дық ұйым­дардың жоғары наг­ра­дала­рымен ма­рапат­талған.

Әлемдік са­рап­шы­лар­дың мойын­да­уын­ша, Қазақстан­дағы На­зар­ба­ев пен оның пікірлес­тері жүргізіп ке­ле жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңын­да пай­да болған жаңа тәуелсіз мем­ле­кет­тер та­рихын­дағы ең та­быс­ты­лар­дың бірі бо­лып есеп­те­леді.



От­ба­сылық жағдайы:

Жұбайы — Са­ра Ал­пысқызы — Ха­лықа

Жұбайы — Са­ра Ал­пысқызы — Ха­лықара­лық «Бөбек» ба­лалар қайырым­ды­лық қорын басқара­ды.

Пре­зиденттің үш қызы бар:

Да­риға — са­ясат ғылым­да­рының док­то­ры, ЖАҚ «Ха­бар» Ақпа­рат­тық агенттігінің ди­рек­торлар Кеңесінің Төрайымы;

Ди­нара — Н. Ә. На­зар­ба­ев атын­дағы білімді қол­дау қорын басқара­ды;

Әлия — биз­неспен ай­на­лыса­ды, «Элитс­трой» құры­лыс ком­па­ни­ясын басқара­ды.

Н. А. На­зар­ба­евтің жеті не­мересі және екі шөбе­ресі бар.



2.Барак Обама (ағылшынша Barack Hussein Obama II ) ( 1961 ж. тамыздың 4-і) - Америка Құрама Штаттарының 44-інші сайланған президенті, Иллинойс штатынан сенатор. Обама Американың президенті болған тұңғыш афро-америка нәсілді адам. Барак Хуссейн Обама 1961 жылы тамыздың 4-інде Гавайи аралында Гонолулу қаласында дүниеге келген.

Обама Колумбия университетін және Гарвардтағы Заң мектебін бітірген. Колумбия университетінде халықаралық істер фа­культетін тамамдап, алдымен шіркеу жанындағы топпен бірге кедей аудандардың тұрғындарына көмек көрсету бойынша қайырымдылық жұмыстарымен айналысады. ВВС деректеріне қарағанда, Обама әкесі мен өгей әкесі мұсылман болғанына қарамастан, христиан дінін ұстанады... Гарвард университетінің заң мектебін бітіріп, заң ғылымдарының докторы атағын алғаннан кейін де ол кемсітушілікке ұшырағандардың құқығын қорғауға құлшына кіріседі. Азаматтық құқық саласында жұмыс істеді. 1997 мен 2004 жылдары арасында Илиинойс штатының сенатында үш мерзім қызмет етті. 1992 мен 2004 жылдары арасында Чикаго Заң мектебінде конституциялық құқық бойынша дәріс оқыған. 2004 жылы қарашаның айында 70 пайыз дауысымен ол Сенатқа сайланды.



Обаманың жұлдызды сәті

Дегенмен жас саясаткер ел назарын алғаш төрт жыл бұрын ғана Демократиялық партияның жиынында Ирактағы соғысты қатты сынға алған кезде аударған. Обаманың шешендігі көпшілікті тамсандырып, саясаткердің тасы бірден өрге домалайды. Ол бір-ақ сәтте ұлттық дең­гейдегі тұлғаға айналып, рейтингісі күрт көтеріледі. Ал бар-жоғы төрт ай­дан кейін ол өзінің республикашыл қарсыласы Алан Кейсті бұрын-соңды болмаған жетістікпен, яғни 70 пайыз басымдылықпен жеңіп, Америка та­рихында Конгрестегі 5-ші қара нәсілді сенатор атанады. Дегенмен алға жылдам жүйткіген Обама мұнымен де тынбайды. Тағы 39 ай өткенде ол өз партиясы атынан президент додасына қатысу үшін тіс- қаққан саясаткер Хиллари Клинтонмен бәсекеге түседі. Кінәмшілдер сол кезде жас, тәжірибесіз Обаманың мүмкіндігіне күмәнмен қараған. Алайда азғана уақытта Голливуд жұлдыздарынан бастап журналистердің де сүйіктісіне айналып үлгер­ ген Обама бұрынғы бірінші ханымды маусым айында шаң қаптырады.

2008 жылы қарашаның 4-інде өткен президенттік сайлауында жеңіп, президент болып сайланды. 2009 жылы Нобель бейбітшілік сыйлығын алды

Обаманың саясаты

Обаманың сайлау алды тұғырнамасы «америкалық арманды» жүзеге асыруға негізделген. Оның түсінігінде, америкалықтардың арманы – баспаналы болу, медициналық көмек алу және балаларына білім беру. Ол тіпті 1995 жылы «Әкемнен қалған армандар» деген кітабын да жариялаған. Айта кету керек, ол билікке келген жағдайда Ирактан америкалық АҚШ әскерін 2009 жылдың наурыз айына дейін шығарып, АҚШ-қа әлемнің көшбасшысы мәртебесін қайтаруды мақсат тұтқан. Алайда оның бұл мәселедегі кейбір пікірлері саясаткердің қызуқандылығынан хабар бер­ген. Мысалы, ол Дж.Бушты сынай отырып, Ирактағы америкалық жауынгерлердің өмірі зая кетті деп ашық мәлімдеген. Осыдан кейін оның бұл мәселе бойынша бірнеше мәрте кешірім сұрауына тура келген... Обама кейбір посткеңестік елдермен АҚШ-тың болашақ саясатына қатысты да пікірін білдірген. Айталық, ол «Ресей АҚШ-тың жауы да, жақын одақтасы да емес» дей отырып, «Америка Ресейден кө­бірек демократия пен ашықтықты талап етуден де бас тартпауы тиіс» дегенді алға тартқан. Қалай болғанда, Батыс басылымдары Обаманың айрықша харизмасының арқасында ақша мен адам жинаудан алдына жан салмайтынын баяндайды. Мысалы, сайлау науқаны кезінде Обама интер­неттен шағын көлемдегі ақшалар мен корпоративті донорлардан қомақты қаржы тартудан рекордтық көрсеткішке жеткен. Оған қоса ВВС Обаманың 100 мыңнан астам адамды оңай жинап, оларды шеруге шы­ғаруға қабілетті екендігін тамсана жазады.



3.Владимир Владимирович Путин — Ресей Федерациясының 2-президенті. Владимир Владимирович Путин 1952 жылы 7 қазанда Ленинградта дүниеге келген. 1975 жы­лы Ленинград мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіргеннен кейін мемлекет қауіпсіздігі органдарына жұмысқа жіберілген. 1985-1990 жылдар аралығында сол кездегі ГДР-де болғаны да бар. ЛГУ ректорының көмекшісі, қалалық кеңес төрағасының кеңесшісі, Ленинград мэрінің сыртқы байланыстар комитетінің төрағасы сияқты қызметтер атқарған. Владимир Влади­мир­овичтің мықшегедей мықтылығы, шиыр­шық атқан шымырлығы 1999 жылдың та­мы­зында Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы бо­лып тағайындалған тұстан бастап шындап танылды. Сол жылдың 31 желтоқсанынан Ресей Президентінің міндетін атқаруға кіріс­кен.

Елді Путин басқарғалы бергі сегіз жылдың басты олжасы – отаншылдықтың орасан артқаны. Путин Ресейдің біртұтастығын сақтауды салған беттен қатты қолға алды. Ол 2000 жылғы 26 наурыздағы президент сайлауынан кейін өз қызметіне ресми түрде 7 мамырда кірісті. Іле-шала 13 мамырда Путин жеті федералдық округ құру туралы ұсыныс жасап, ол округтарға өзінің өкілетті өкілдерін тағайындады, сөйтіп өңір басшыларына өзінің ықпалын күшейтті. Араға 10-ақ күн түскенде, 17 мамырда Парламенттің жоғарғы пала­та­сын жасақтаудың жаңа тәртібін енгізді. Оған дейін Федерация Кеңесі губернаторлардан құ­ра­латын, губернаторлар әрі орындаушылық, әрі заң шығарушылық құқықтарға ие болатын, енді олар Федерация Кеңесіне өз өкілдерін жіберетін болып белгіленеді. Сол күні Путин Орталық пен федерация субъектілерінің қарым-қатынасына байланысты тағы бір маңызды бастама көтереді, оның мәні негізінен өңірлік лидерлердің орынсыз дабырайтылған ықпалын кемітуге тірелетін. Бұл жолда Путин ештеңеден тайынған жоқ. Тіпті 2004 жылдың күзінде Бесланда болған лаңкестік шараны да өз мақсатына пайдалана білді: бірнеше күннен кейін-ақ Мемлекеттік Думаға губернатор сайлауларынан бас тарту туралы заң жобасын енгіздірді, губернаторлар есін жиып үлгергенше депутаттар заңды қабылдап та жібереді. Путин билікке келісімен-ақ басталған екінші чешен соғысы оның алған беттен қайтпайтынын анық көрсетті. Дубровкадағы Театр орталығында лаңкестер көрермендерді кепілдікке алып, қойылған шартқа келіспей тұрған тұста, тіпті, әлеует­ті күштер театр залына улы газ жіберіп, лаң­кестермен бірге залда қалған санаулы көрермендерді де амалсыз құрбандыққа шалуға дейін барды. 2005 жылғы 13 қарашада Нальчиктегі бүлікті қанға бөктіріп басу, 2005 жылғы 8 наурызда Аслан Масхадовтың, 2006 жылғы 10 шілдеде Шәміл Басаевтың көзін жою енді Ресей жерінде Буденновск қырғыны сияқты мас­қара жағдай, Хасавюрт келісімі сияқты шегініс бол­майтындығын бүкіл әлемге ашық айттырды. Мем­лекеттік Дума тиісті заңға қаза тапқан лаңкестердің денесін жер қойнына тапсыру үшін туған-туысқандарына беруге тыйым салатын түзетулер енгізді. Батыстағылардың адам құқы деп, жария­лылық деп, сөз бостандығы деп шу көтергендеріне қарамай, Путин әкімшілігі Кавказдағы соғыс тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетуге, жазуға іс жүзінде тыйым салды. Бұл орайда соғыс жағдайында БАҚ-тардың мүмкіндігі мемлекет тарапынан шектелетіндігі жөніндегі халықаралық құқық нормалары ептілікпен пайд­а­ла­нылды. Осыдан сегіз жыл бұрын лаңкестер Дағыстанға басып кіріп, Ресейдің әр жеріндегі қалаларда үйлерді жарып жатқан еді. Бүгінде елдің ыдырауы толық тоқтатылды, Солтүстік Кавказдағы соғыс өрті өшірілді, Чешенстан федерацияның толыққанды субъектісіне айналды.

Елді әкімшілік-территориялық және саяси орталықтандыру мәселесінің шешілуі Президентке бүкіл билікті біржолата бергізді әрі оның жауапкершілік жүгін де күрт арттырды. Федерациялық Ресейдің бұл жолдан бас тартуы унитарлық Қазақстанның жағдайында ел тағ­ды­рына эксперимент жасауға тіпті де болмай­тынын анық ұғындырып берді.

Путин елді басқарған алғашқы жылдардың өзінде билікті меншік­теуге тыйым салынды, билік оли­гарх­тар қолынан алынды, сөйтіп, халықтың мемлекетке сенімі қал­пына келтірілді. Путин ақпараттық империялардың олигархтарға тәуелділігі жағдайында ешқандай да мемлекеттік идея көңілдегідей жүзеге асырыл­майтынын әуел бастан-ақ айқын ұғынады. Ол істі Ель­циннің тұсында қолға алмауының өзінен Пу­тин­нің ақылы мен айласы, арыны мен абай­ла­ғыш­тығы қатар жүретін сұңғыла саясаткерлігін көреміз. Ельцинді екінші рет таққа отырғызуға барын аямаған Борис Березовскиймен бетпе-бет келу Борис Николаевичке қарсы шығудай қабылданар еді. Чешенстандағы террорға қарсы операцияларды көр­сетуге байланысты қойылған шектеулерді бұзған, Путиннің өзінің қадірін кетіруге арналған хабарлар дайындаған арналардың иелері – В.Гусин­ский мен Б.Березовский бірінен кейін бірі ше­телге қашуға мәжбүр болады. Қалың қал­талылардың саясатқа сұғынуы қандайлық қатер еке­нін анық білетін Путин келесі соққысын ЮКОС-тың иесі М.Ходорковскийге бағыттады. Ре­сей сарапшыларының жазуына қарағанда, Ходор­ковский 2003-2004 жылдардағы сайлау науқаны ке­зінде Думаға өтетін партияларды қаржыландыра бастаған. Қалай дегенде де, Путин өз оппоненттерін материал­дық ресурстардан айырудың құқықтық тетіктерін дәл таба біледі. Ондаған миллиард дол­ларлық жеке байлығы бар Гусинскийдің де, Березовскийдің де, Ходорковскийдің де табиғи мо­нополияларындағы қисапсыз қаржының қайнар көзі жекешелендірудегі жөнсіздік екенін дәлел­деп, Ходорковскийді қамауға алып, артынша ЮКОС-ты қайта жеке­шелендіру Кремльдің ақшалы алпауыттармен ай­қасындағы айтулы жеңісіне айналды. Путин оларды ев­рей ұлтының өкілдері ретінде қудаламай, заңды белден басып байыған тойымсыздар ретінде қудалайды.



Эко­номикадағы табыстар

Оның тұсында елдегі экономикалық және саяси құлдырау тоқта­тыл­ды, көп­субъектілі экономикаға негіз қаланды, 90-жыл­дардағы же­к­ешелендіру кезінде жол беріл­ген қате­ліктерді түзету қолға алын­ды, Ресейдің сыртқы қары­з­ын күрт кемітудің сәті түсті, экономиканың инновациялық сипатына бет бұру басталды, халықтың әл-ауқаты ана­ғұрлым жақсарды. Өткен сегіз жылдың ішінде Ресейде адамдардың нақты табысы 2,5 есе артты. Жұмыссыздық пен кедей­шілік мөлшері 2 еседен артық кеміді. Эконо­ми­каға тартылған шетелдік инвестицияның көлемі 7 есе өсті. Ресейдің шетелдермен сауда айналымы 5 есе артты.

Путиннің осы сегіз жылда тындырған тағы бір ірі ісі – Ресейдің әлемдік аренаға қуатты мемлекет ретінде қайта оралғандығы. Ре­­сей халықаралық аре­надағы абыройын бірте-бірте қалпына келтіре бас­тады.
Тақырып № 4.6.15. Қазақстан және ХХІ ғасырдың спорт саласындағы танымал адамдар


    1. Илья Ильин – әлем спорт саңлағы

    2. Жансая Әбдімәлік – төрт дүркін әлем чемпионы, гроссмейстер

    3. Ольга Рыпакова – елі сүйер спорт жұлдызы


1.Илья Александрович Ильин (24 мамыр 1988, Қызылорда) - Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстан чемпионы, Әлемнің үш дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011) және Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012) [1]. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. "Динамо" спорт клубының құрамында өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға лейтенанты.

Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Отбасында үш ұл баланың кенжесі. Әкесі - Анасы - Спорт залға алғашқы рет алты жасында үлкен ағасы Андрейге еріп келді. Ағасы Андрей бокстан Қазақстан біріншілігінде бірнеше рет жеңімпаз атанған спортшы болатын.

Балалық қызығушылықпен ауыр темірлерді көтеруді үйренді. Бірақ арнайы секцияда жаттығуды сегіз жасынан бастады. Алғашқы бапекері Вилорий Пак болатын.

Ауыр атлетикамен айналысып жүрген ағасы Алексейдiң жанынан бiр елi қалмайтын кiшкентай Ильяның дарынын байқаған Вилори Викторович Пак оны бiрден өзiне тартқан көрiнедi. Сөйтiп, тоғыз жасында Қазақстан чемпионы атанған Ильин осы уақытқа дейiн тоғыз рет шет елге шығып, ешқайсысында жеңiлiстiң кермек дәмiн татып көрмептi. Жарақатына байланысты бiр жыл спорттан тыс жүрген Ильяның өзiнiң айтуынша, 99 пайызға бұрынғы қалпына келген тәрiздi.Ол жастар мен ересектер арасында екі рет әлем чемпионы атанды. Дәл осындай балғын шағында дүние-жүзінің теңдессіз атлеті атанған азаматтар жер бетінде жоқ. Оның асқан шеберлігіне, мінсіз техникасына, жеңіске деген құштарлығына таңданбау мүмкін емес. Ауыр атлетика саласындағы ең жас әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. лем Чемпионаты (2005)


2005 жылы Ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты Қатар елінің астанасы Доха қаласында өтті. Илья Ильин 17 жасында алғашқы рет ересектер арасындағы әлем жарысына қатысты және бұл көрсеткіш бойынша Гиннестар рекорд кітабына ең жас әлем чемпионы ретінде жазылды. Илья ерлер арасында 85 кг дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Пекин олимпиадасы қазақстандық жас дарын Илья Ильин үшін алғашқы болатын. Бірақ Илья бұл жарсықа екі дүркін әлем чемпионы ретінде қатысты және жарыстың негізгі жеңімпазы ретінде қарастырылған болатын. Қазақстан жұртшылығы да Ильядан алтын медаль күткен еді.

Ауыр атлетикадан 94кг дейінге ерлер арасындағы жарыс 17 тамыз күні Аэронавтика және астронавтика университетінің спортзалында өтті. Илья Ильин серпе көтеруде 226 кг бағындырып аталған сайыс түрінде әлемдік рекорд орнатты.

Жарысқа 21 атлет қатысты. Илья Ильиннің негізгі қарсыласы ретінде ресейлік Александр Иванов болатын. Баспасөз беттерінде берген сұхбаттарында Иванов Ильяны анық жеңетіндігін айтып жүрді. Иванов 2010 жылғы Әлем чемпионы. Сол жылы Илья әлемдік жарысқа қатыспаған болатын. 2011 жылғы Парижде өткен Әлем чемпионатында Ильин мен украиналық Артем Ивановтың көтерген салмақтары бірдей болды. Дегенмен Ильяның өз салмағы Артем Ивановқа қарағанда жеңілдеу болғандықтан жеңімпаз ретінде аталды. Ресейлік Александр Иванов тек төртігші орында қалды. Ильяның салмағында жарысқа түсетін тағы бір әйгілі атлет украиналық Артем Иванов Лондон ойындарына келмеді. Сондықтан негізгі екі атлетпен бірге ирандық жас дарын да чемпиондықтан үмітті болатын. Алайда маңызды салмақты көтере алмады. Әлемнің мықты атлеттерінің арасындағы келесі маңызды кездесу Лондон Олимпиадсында жалғасты.

Жұлқа көтеру сайысында қазақстандық, ресейлік және корей спортшысы бірдей 185 кг салмақты көтерді. Өз салмағының аздығына байланысты Иванов - бірінші, Ильин-екінші, Ким Мин Жае - үшінші болды.

Серпе көтеру сайысында Илья 233 кг көтеріп жаңа әлем рекордын орнатты. Екі сайыс қорытындысы бойынша 418 кг көтеріп Илья әлем рекордын екінші рет жаңартты. Бұған дейінгі әлем рекордын Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Каха Кахиашвили 1999 жылы орнатқан еді.

Ресейлік "Советский спорт" газеті өз спортшысының Илья Ильин деп аталатын "терминаторға" жеңілгендігін айтыпты.

Қос сайыс бойынша соңғы көрсеткіштер келесідей болды: . Илья бұл жетістіктерінің мүмкін болуына ресейлік екі атлеттің көрсеткен бәсекелестігінің арқасында жеткенін айтады. Егер олар болмағанда әлемдік рекордқа бару қиын болар еді деп мәлімдеді.



2. Өзінің он жасында Қазақстан қоржынына он шақты алтын салып үлгерген балауса қызды қалай құрметтемеске? Жансая бұл жолы да құралақан емес, «Айқынға» алтынымен бірге келген екен. Түркияның Кайсери қаласында өткен шахматтан әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды Жансая! 6 жасынан шаршы тақтаның шаңын қағып жүрген Жансаяның бұл әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісі емес, осыдан екі жыл бұрын Въетнамда өткен әлем біріншілігінде де ол алтын иеленген болатын. Кейін қыздар арасындағы додада дес бермейтінін білген оның бапкері, халықаралық гроссмейстер Николай Перегудов ер балалар арасындағы бәсекеде бақ сынатып көрген еді. Әрине, шеберлікті шыңдау мақсатында. Сөйтіп, Жансая 2009 жылы өткен біріншілікте ер балалар арасында жалғыз қыз болып, 19-орынды межелеген еді. Мұның өзі – үлкен жеңіс. Биыл шахматшы қыз қыздар арасына қайта қосылып, өз шеберлігінің әлдеқайда толысқанын тағы бір дәлелдеді. Жансаяның жеңісі 7 ойыннан кейін-ақ белгілі болған, алайда ол чемпионаттағы барлық тоғыз ойынды да ұтыспен аяқтап, бірде-бір қарсыласына дес бермеді. Редакцияға Жансаямен бірге келген анасы Алма Әшірова қызының шахматқа деген әуестігі қалай пайда болғанынан бастап, бүгінгі жетістігіне дейін әңгімелеп берді. – Жансая алты жасынан бастап шахмат ойнай бастады. Әкесі – Данияр Әшіровтің өзі шахматтан спорт шебері ғой, шахмат үйірмесіне барып жүрген ұлымыз Санжардың қасына Жансаяны да жаздырған. Ол кезде қызымыз балабақшаға да, мектепке де бармайтын, 6 жастағы бала ғой, бапкер Тамара Гудова «оны аптасына бір-ақ мәрте әкеліңдер» деді. «Әлі түсінбейді, өзгелерге кедергі келтіреді» деп ойлаған болуы керек. Алайда екі апта өтісімен-ақ, Жансаяның ойнау қабілетін байқады ма, оны күнде әкелуді тапсырып, Жансаядан чемпион шығаруға уәде етті,- дейді А. Әшірова. Гудованың уәдесі ұзаққа бармай-ақ орындалған. Жансая алты жасында-ақ Алматы чемпионы, 7 жасында Қазақстан чемпионы атанды. Осы жасында Біріккен Араб әмірлігінде өткен Азия біріншілігінде 7-орынды иеленген. – Әрине, бұл қызымыздың халықаралық жарысқа алғашқы қатысуы болатын. Десек те, 7-орынды қанағат тұтып, кейінгі жарыстарға дайындала түстік. Жансая үмітті ақтады. 2007 жылы Түркияда өткен әлем біріншілігінде 4-ші, келесі жылы Иранда өткен Азия біріншілігі мен Въетнамда өткен әлем чемпионатында бірінші орынды жеңіп алды. Бұл – Жансаяның әлемдік аренадағы алғашқы жеңісі болса, кеше ғана Түркиядан тағы бір алтынды қанжығаға байлап келіп отырмыз, – дейді бақытты ана. Жансая – Қазақстан бойынша 8 жасында спорт шебері кандидаты атағын қорғаған жалғыз ғана шахматшы. Әлемге танымал Карпов, Каспаров секілді спортшылардың өздері бұл дәрежені 11, 12 жастарында иеленген. Ендігі меже – спорт шебері атағын қорғау. Бұл үшін қыркүйекте Жансая Ресейде өтетін рейтинг көтеру жарыстарына қатысады. Жеңіп жатса, спорт шебері атанады. Жансая күніне 5 сағат шахмат ойнайды екен. Үйірмеде, болмаса, ағасы – Санжар, әкесі – Данияр бар. Екеуі де мықты қарсылас. Санжар – Қазақстанның екі мәрте чемпионы. Әкесі – халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Данияр қызын «шахмат патшайымы» деп атайды. Онысы тегін де емес. Жансаяның сүйікті, оң жамбасына келетін фигурасы да – ферзь (патшайым) бен жылқы. Қазір ол 4-сыныпта оқиды. Оқу үлгерімі жақсы, әсіресе математикадан мығым. Әрине, жарыстарға бару үшін сабақтан жиі қалуға тура келеді. Бірақ болашақта спорт министрі болып, шахмат үйірмелерін ашқысы келетін Жансая үшін оқу да керек. Сол үшін де бос уақытын өзге пәндерді пысықтауға жұмсайды. – Шахмат – менің өмірлік серігім. Халықаралық жарыстарға қатысу арқылы көптеген достар таптым. Әрине, шаршы тақтаға отырғанда, олар қарсылас бола берсін, бірақ өмірде жақсы достарым. Қазір әзірбайжандық жақын досым бар, хат жазысып, хабарласып тұрамыз. Түркияда өткен біріншілікте де түрлі қызықтар болды. 7 ойыннан кейін жеңісімді білсем де, барлық ойынды ұтыспен аяқтауға тырыстым және соған қол жеткіздім. Бұл жеңісімді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 70 жас мерейтойына арнаймын, – дейді екі дүркін әлем чемпионы Жансая Әбдімәлік.

Біздің елде шахматшылар отбасынан шығып, әлем чемпионы атанған адамдар көп емес. Со­лардың қатарына Дәрмен Сәдуа­қасовты, соңғы кездері көрініп жүрген Әсел Серікбай, Бибісара Асаубаева, Динара Сәдуақа­со­ва­ны жатқызуға болады. Олардың бәрі бір-екі рет чемпион атанған отандастарымыз. Алайда, бізде Жансая есімді қаршадай қыздың нәтижесін қайталаған әзірге ешкім жоқ. Иә, балауса жас қа­зірдің өзінде спорт шежіресіне алтын әріппен жазылатын атақ­тарға ие болып отыр. Атап айтқанда, оның көп­теген ха­лық­­ара­лық турнир­лердің жеңім­пазы, Азия чемпионы атағымен қоса, шахматтан жас­өспірімдер арасында төрт дүркін әлем чемпионы атанға­нын жанкүйер­лерінің бәрі жақсы біледі.

Жалпы, Жансаяның өзі шахматшылар отбасынан шыққан, ала тақтаға кішкене кезінен үйір болып өскен бала екен. Оның әкесі Данияр Әшіровтің өзі де бала кезінен шахматты алабөтен жақсы көріпті. Сондықтан болар, ол тұла бойы тұңғышы Санжар мен Жансаяны кішкене ке­зінен шахматқа баулыған көрі­неді. «Біздің отбасымыз – шахматшылар отбасы. Өзім бұл ойынмен бала кезімнен айналысып ке­лемін. Шахматқа балаларым Сан­жар мен Жансаяны баулы­ға­ны­ма, қазір солардың еліміздің на­мысын қорғап жүргеніне Жа­ратқанға мың да бір алғыс айтамын. Тұңғышым Санжардың шах­­маттан атақтары бар. Көп­теген жарыстарға қатысып, же­ңім­­паз атанған. Ал Жансая қы­зым­­ның жөні тіптен бөлек десем, артық айтқандық емес», – дейді ол.

Иә, Жансаяның әкесі айт­қан­дай, оның шахматқа қалай кел­гені, алғашқы жеңісі өз алдына бір әңгіме деуге болады десек, Жансаяның шахматқа қызығу­шы­лығы ерте ояныпты. Ағасы Санжармен бірге кішкентай ке­зінен КСРО спорт шебері Тамара Гудоваяның қарамағында жү­ріп, шахматпен айналыса бас­таған Жансая 6 жасында 8 жасқа дейінгі қыздар арасында Ал­матының чемпионы атанса, ке­лесі жылы Қазақстан чемпионы болады. Жансаяның осы жетіс­тігі туралы әңгімелеген әкесі: «Шынын айту керек, біз шешесі екеуміз қызымыздан алғашында мұндай нәтижені күтпеп едік. Ол бірнеше турнирлерде тек бірінші орынды жеңіп алғанда барып, оның қабілетіне әбден көзіміз жетті», дейді.

Содан Жансая 7 жасында бір іріктеу турнирінде әлемде алғаш болып бірінші разрядтың нормасын орындайды. Осы арада әлемге әйгілі Анатолий Карпов, Гарри Каспаров, Майя Чебур­данид­зелердің бірінші разряд­тың нормасын тек 9 жасында ғана орындағанын айта кетсек дейміз.

Жансая әлем чемпионатын­дағы алғашқы жетістігін 2007 жылы көрсетті. Осы жылы ол Түркияның Анталия қаласында өткен әлем чемпионатына қаты­са­ды. Сол жарыста қарсылас­тарынан бір жас кіші болса да, әлем және Азия чемпиондарына лайықты қарсылас бола білген қа­зақтың қаршадай қызына кү­міс медальға жетуге жарты ұпай ғана жетпей қалады. Осы күміс жүлдені қанағат тұтқан Жансая одан кейін Павлодар мен Алматыда ел чемпионы атанып, 2008 жылы Иранның Теһран қала­сында Азия чемпионатының бас жүлдесін жеңіп алады және ең жас Азия чемпионы атанды. Сол кезде оның шеберлігіне халық­аралық шебер Николай Пер­егу­довтың бас бапкері тәнті болып, Жансаяның өте тамаша комбинациялы ойын өрнегіне ризашы­лығын білдіреді.

Содан кейін оның жеңіске деген ынтасы артып, сол жылы Вьетнамда өткен әлем чемпионатында Түркияда жіберген есе­ні қайтаруға тырысады. Бұл бә­секеге 72 мемлекет қатысса, Қа­зақстан командасынан 14 шахматшы барған болатын. Осы жарыс туралы Жансаяның әкесі және жеке бапкері Данияр Әші­ров қызының жас мөлше­ріндегі тобында 55 шахматшы бақ сынасқанын, жарыс­тың алғашқы күндері оларға оңай болмағанын айтады. «Жансая бірінші турда Иран шахматшысынан жеңілуге мәжбүр болды, – дейді ол. – Дегенмен, қал­ған он турдың бәрінде жеңіске жетті. Сөйтіп, мүмкін болған 11 ұпайдың 10-ын иеленіп, тұңғыш рет әлем чемпионы атағын иеленді. Жансаяның соңғы партиясы ғаламторда тікелей трансляция арқылы көрсетілді».

Осы жарыстан кейін Әшіров­тер отбасы Жансая енді тек ұл­дармен шахмат ойнауы керек деп шешеді. Бұған, әрине, шахматшы қыз қарсы болмайды. Керісінше, ол әкесіне өзінің кумирі Юдит Полгар сияқты бұрыннан ер балалармен ойнауды жоспарлап жүргенін айтады. Сөйтіп, 2009 жылы ол кезінде А.Карпов пен Г.Каспаровтың жаттықтырушысы болған, Ре­сейдің еңбек сіңірген жаттық­тыру­шысы, халықаралық гроссмейстер Юрий Разуваевтың оқу-жаттығу жиынына қатыса бас­тайды. «Бұл кісі әлемнің қазіргі әйелдер арасындағы чемпионы Александра Костенюктің бап­кері. Сол кезде Разуваев Жансая­ның қабілет-қарымы туралы айта келіп: «Жансаяның әлеуеті зор, талантты қыз. Егер мемлекет 2-3 жыл қолдаса, ол әйелдер арасындағы әлем чемпионы атануы әбден мүмкін. Ол үшін Жан­сая ұлдармен ойнап, шах­маттағы шеберлігін шыңдауы керек», деген екен. Содан білікті бапкердің сөзінен кейін қызым ұлдармен ойнай бастады. Бір жарыс Арменияда өтті. Сонда ол қыздар арасында бірінші, ұлдар арасында үшінші орын иеленді. 2009-2010 жылдары Жансая Азияның екі дүркін чемпионы атан­ды. Ал былтыр Түркияда тағы бір әлем чемпионатында бас жүлдені жеңіп алды. Биыл Польшаның Краков қаласында Әсел Серікбай, Бибісара Асаубаева сияқты әлем чемпионы атанды. Сөйтіп, үш дүркін әлем чемпионы болған қаршадай қызымыз бір партияда ғана тең ойнап, басқаларының бәрінде жеңді», дейді Д.Әшіров.



3. Ольга Рыпакова Сергейқызы (қарашаның 30, 1984 жылы, Өскемен) — Қазақстан жеңіл атлеті, бастапқыда жеті сайыспен айналысса, кейін ұзындыққа секіруге мән беріп жүріп 2007 жылдан бері үш қарғып секірумен айналысады.

О. Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш қарғып секіруден финалдық кезеңде 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, Азия рекордын жаңартты. Осы көрсеткішімен ол Олимпиадада 4-ші орын алған болатын.

Ольга Рыпакова 2010 жылы мамырда Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жеңіл атлетика сериясының бірінші кезеңінде алтын медальді 14 метр 89 сантиметрді бағындырып жеңіп алды.

Бұдан бөлек О. Рыпакова 2010 жылы қысқы әлем чемпионатында 15 метр 14 сантиметрге секіріп, әлем чемпионы атанды.

2011 жылғы жеңіл атлетикадан Тэгу қаласында өткен әлем чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль жеңіп алды.

2012 жылғы жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен олимпиадада Ольга Рыпакова алтын медаль жеңіп алды. Оның көрсеткіші 14.98 м болды.

Ол 14,98 м көрсеткішке қол жеткізді. Ольга Рыпакова - Олимпиадада Қазақстан құрамасынан жеңіл атлетика бойынша финалға өткен жалғыз спортшы.

Екінші орынға 14, 80 м нәтижемен колумбиялық Кэтрин Ибаргуен, ал үшінші орынға украиналық Ольга Саладуха ие болды. Оның көрсеткіші - 14,79 м.

Осылайша Қазақстан ресми емес жалпыкомандалық есепте 7-нші орынға көтерілді.

Еске сала кетсек, Рыпакова Бейжіңде өткен ХХІХ Жазғы Олимпиадасында 4-нші орын алған болатын. Сондай-ақ, жеңіл атлетикадан мұндай жоғары көрсеткішке Қазақстан осыдан 12 жыл бұрын, Сидней Олимпиадасында қол жеткізген еді. ХХVІІ Жазғы Олимпиадасында Ольга Шишигина 100 м қашықтыққа кедергілермен жүгіруден бірінші келіп, алтыннан алқа асты.





  1. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ


МОДУЛЬ-1. Ежелгі дәуірдегі тарихи тұлғалар
Тақырып № 1. Ежелгі дәуір ғалымдарының тарихта алатын орны
Мақсаты - ежелгі дәуір ғалымдарының тарихта алатын орнын анықтау, әлемдік ғылымға қосқан үлесін көрсету, тарихи портерін ашу.

Міндеті – Аристотель, Платон, Конфуций сияқты ғұламаларды әр түрлі мысалдар келтіріп, оқиғалардан алып, дерек көздерімен таныcтырып, баяндау.

Жоспар:

  1. Аристотель – әлем ұстазы.

  2. Платон – ежелгі грек философы.

  3. Қытай философы Конфуцийдің тарихи тұлғалық бейнесі.

жүктеу 1,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау