1.3 Өндірілген өнімнің өзіндік құны және калькуляциялау бабтары
Өнімнің өзіндік құнын,өндірістік шығындар есебі мен талдауын дұрыс есептеу үшін шығындарды топтастыру мен жіктеу маңызды орын алады.
Шикізаттар мен материалдар,өндірстік жұмысшылардың еңбекақысы, еңбекақыға есептелген салықтармен төлемдер, үстеме шығындар.
Экономикалық мәтіні бойынша шығындармен өзіндік құнның калькуляциялау шығындардың ерекшелігі байқалады. Экономикалық мәтіні бойынша шығындарға барлық жасалған шығындар есепке алынады, ал өнімнің өзіндік құнның калькуляциялау шығындарға өнімді шығару бойынша жасалған шығындар есепке алынады. Дайын тауарлар мен материалдардың жеткізу шығындары «қорлар»дың өзіндік құнына есептелгендіктен бұл жерде шегертіледі және де өңдеу барысында пайда болған қоқыс қалдықтар сомалары, қоймаға қайтарылған материалдар қалдықтар сомалары, пайда болған ақау сомалары шегертіледі.
Басқа да шығындар – еңбекақыдан басқа төлемдер, нормадан асқан іс сапар шығындары, ақау мен айып шығындары.
Мысалы: Кесте3 Өндірістік шығындар мен өзіндік құнның калькуляциялауы бабтары
Шығындар элементтері
|
Сома тг.
|
Калькуляция бабтары
|
Сома тг.
|
1.Материалдар шығындары (қайтарылған қоқыстар шегертілген)
|
115036
|
1. Материалдар
|
102777
|
2.еңбекақы шығындары
|
39170
|
2.өндірістік жұмысшыларға есептелген еңбеақы
|
26762
|
3.сақтандыруға шығындар
|
8255
|
3.еңбеақыға есептелген төлемдер мен салықтар
|
5620
|
4.негізгі құралдардың тозуы
|
2470
|
4.үстеме шығындар
|
20655
|
5. басқада шығындар
|
632
|
|
|
Барлығы
|
165533
|
Барлығы
|
155814
|
Кезең шығындарға апарылды
|
8179
|
|
|
өндірістік емес шығындар шоттарға апарылды
|
1060
|
|
|
Алдағы кезең шығындардың қалдығы +,-
|
-150
|
|
|
Аяқталмаған өндіріс пен жартылай фабрикаттар қалдығының +,-
|
+450
|
|
|
Болашақ шығындармен төлемдердің резервттері қалдығының +,-
|
- 180
|
|
|
Шығарылған өнімнің өзіндік құны
|
155814
|
|
|
Сонымен, шаруашылық жүргізуші субъектілер өз қызметінде:
дайындауға және өндірістік процеске қажетті материалдық құндылықтарды сатып алуға;
дайын өнімдерді өткізумен байланысты операцияларға әртүрлі шығындар жасауға мәжбүр болады.
Бұның нәтижесінде, тауарлар немесе қызметтер үшін төлеу қажет болатын тұтынылған ресурстар немесе ақшалар болып табылады.
Экономиканың тәжірибесінде және бухгалтерлік есеп теориясында көптеген жағдайларда – шығындар, шығыстар және залалдар терминдері синоним ретінде қолданылады. Бұл терминдер әртүрлі түсініктерді айқындайды:
шығындар өнімдер өндірумен байланысты тікелей шығындарды білдіреді. Олар өзіне материалдарға жұмсалатын тікелей шығындарды, еңбекке жұмсалатын тікелей шығындарды және өнімдер өндірумен байланысты жанама шығындардың бөлігін енгізеді;
шығыстар – бұл есепті мерзім ішіндегі компания қызметінің нәтижесі ретінде капитал сомасының азаюы, яғни есепті кезең ішінде ресурстарды пайдалану немесе тұтыну. Мысалы, еңбек ақы шығыстары;
залалдар – бұл тауарларды сатып алу немесе қызметтер үшін ақы төлеу нәтижесі ретінде міндеттемелер сомасының азаюы немесе құралдар сомасының азаюы.
Ал, кез келген жағдайда бұл түсінік, аталған кезең үшін кірістер алумен келісілген шығындарды білдіреді.
Менеджерлердің кәсіпорындарды басқаруы үшін тек шығындар жасап қоя салмайды, сонымен бірге қандайда бір шығындар туралы ақпарат жинақтаға қажет етеді. Бұл ақпарат шығарылған өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару қажет болады.
Оларды жіктеу өндірістік шығындардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып саналады. Мысалы, басқарушылық есеп талаптарын қанағаттандыру мақсатында. Өндірілген өнімдердің және алынған пайдалардың өзіндік құнын анықтау үшін шығындар жіктеуі өзіне келесідей топтарды енгізеді:
келген және өткен шығындар.
Келген шығындар бұл қолда бар сатып алған құралдар, күтілетіндей, алдағы уақытта кіріс әкелуі тиіс. Олар баланста активтер ретінде тіркеледі.
Егер бұл құралдар кірістер алу үшін жұмсалып, болашақта кіріс әкелу қабілетін жоғалтқан жағдайда ол өткен шығындар болып саналады; олар пайдалар және залалдар шоттарында көрсетіледі;
есепті кезеңдегі өндірістік шығындар және өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына кіретін өндірістік шығындар.
Достарыңызбен бөлісу: |