91
2) медициналық жоғары оқу орнының бірінші курс студенттерінің ғылыми
ойлау қабілетінің кезеңдері мен деңгейлерін анықтау;
3) медициналық жоғары оқу орны студенттерінің физика пәніне деген
қызығушылығы мен үлгерімін анықтау;
4) жас дәрігердің кәсіби іс-әрекетіндегі туындаған қиындықтарды анықтау;
5) әдістемені құру үшін қажетті дидактикалық
материалдарды даярлау;
Бұл тапсырмаларды шешу үшін, біз келесі тәсілдерді қолдандық:
анкеталау, тестілеу, әңгімелесу.
Айқындаушы кезеңде (2013-2014 оқу жылдары) – зерттеу мәселесін талдау
жұмыстары; физиканы оқу барысында медициналық
жоғары оқу
орныстуденттерінің
негізгі
қиыншылықтарын
анықтау;
туындаған
қиындықтарды жаңа заманауи технологияларды қолдана отырып, шешу
жолдарын анықтау; физиканы оқыту әдістерін жетілдіреу жолдарын іздестіру;
шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдау;
түрлі педагогикалық технологияларды қолдану арқылы физика пәнін оқытудың
тиімді әдістерін қарастыру жұмыстары жасалынды.
«Жалпы медицина» мамандығы бойынша Қ.А.Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университетінен - 249 студент қатысты. Ең алдымен
студенттердің физика пәніне деген қызығушылығын анықтау үшін сауалнама
жүргізілді (қосымша А).
Физика пәні бойынша білімдерін айқындау үшін сұрақтар тізімі
тапсырылды.
Айқындаушы кезеңінде жүргізілген сауалнама, білімін анықтауға берілген
тапсырмалардың
нәтижесінен,
студенттер
физика
пәніне
деген
қызығушылығынының төмен екендігін, физика пәні бойынша алған пәнін
жоғары курстарда немесе болашақ кәсібінде қалай қолдану керектігін
білмейтіні анықталды. Сонымен жасалынған бірінші кезеңдегі тәжірибе зерттеу
тақырыбының өзектілігін ашады.
Жасалынған қорытынды негізінде, айқындаушы кезеңде, алға қойылған
келесі міндет:
- болашақ дәрігерді кәсіби бағытта даярлаудың маңызы мен физика пәнін
оқытудың қажеттілігін жүйелеу;
- медициналық жоғары оқу орныстуденттеріне физиканы оқытуда
педагогикалық технологияларды қолданып, тиімділігін анықтау, тәжірибеде
дәлелдеу.
Екінші кезеңде (2014-2015 оқу жылдарында) қалыптастырушытәжірибе
жүргізілді. Аталған тәжірибе барысында медициналық жоғары оқу орны
физиканы оқытудың кеңейтілген оқу-әдістемелік жүйесінің тиімділігі
тексеріліп, негізделді.
Бұл кезеңде тәжірибенің тексеру объектісінің көлеміне қарай екі топқа
бөлуге болады.
Қалыптастырушы тәжірибенің тапсырмалары
1) Медициналық жоғары оқу орны студенттерінің физиканы кәсіби
бағытта оқудағы әдістемесін ендірудің тиімді жолдарын таңдау;
92
2) Медициналық жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби бағытта оқуын
дамытудың тиімді тәсілдерін даярлау, енгізу, нәтижелілігін талдау;
Бақылаушы тәжірибенің тапсырмалары
1) Педагогикалық
экспериментте медициналық жоғары оқу орны
студенттеріне физиканы кәсіби бағытта оқытудағы әдістемесін енгізу;
2) Алынған нәтижелерді кейін де басқа салада қайталауға болатынымен
салыстыру.
Эксперименттің қалыптастырушы кезеңінде (2014-2015 оқу жылдары)
ұсынылған оқыту тәсілінің тиімділігі мен ғылыми жұмыстың болжамының
дәлдігін тексеру мақсат етіп қойылды. Бұл кезеңде студенттерден тест
қабылдау, оқытушы және дәрігерлермен сұхбат жүргізу, студенттерге түрлі
типтегі жаттығуларды орындату, өзіндік жұмыстарын педагогикалық
технологияларды қолдану арқылы ұйымдастыру жүргізілді.
Қалыптастырушы кезеңде педагогикалық тәжірибені ұйымдастыруға
келесідей міндеттер қойылды
- жұмыс
мазмұнын іріктеу;
- оқыту процесіне енгізілген әдістеменің тиімділігін анықтау;
- студенттердің дайындығын бақылаулар арқылы өзгерістерін анықтап,
мәлімет жинау;
- эксперимент
барысында
туындаған
қиыншылықтарды
және
кемшіліктерді анықтап, одан шығу тәсілдерін табу.
Медициналық жоғары оқу орныстуденттеріне физиканы кәсіби бағытта
оқыту барысында қажетті шарттарды ұсынамыз.
«Медициналық технологиялық дағдыларды меңгеру деп – осы саладағы іс-
әрекетті меңгеру» екенін ескерсек, кез-келген қызметті құрайтын іс-әрекеттер
жүйесін меңгеру, аталған дағдыға жатады.
Мұны басшылыққа ала отырып, медициналық технологиялық дағдыларды
сипаттайтын көрсеткіш – орындайтын іс-әрекеттердің теориялық негізін
білдіретін білімді меңгеру дәрежесін, құрамын, сапасын; медициналық
аппараттарда қолданылатын физикалық құбылыстар мен оны диагностикалық,
емдеу мақсатында қолданудың салдарлар байланысын; тапсырманы өз бетінше,
алгоритмдер құра отырып орындауы болады.
Осыған орай, біз медициналық жоғары оқу орны студенттеріне физиканы
кәсіби бағытта оқудағы кәсіби іс-әрекетін нақты компоненттер бойынша
(мотивациялық, мазмұндық және іс-әрекеттік) байқау бойынша сызбасын
(сурет 9) құрдық.
Аталған үш құрамдас бөлігі (компонент) өзара бірін-бірі толықтырып,
ықпал етеді.
Тәжірибенің өлшемдері мен көрсеткіштерінің қатынасының түрлі деңгейде
байқалатынына байланысты, медициналық жоғары оқу орныстуденттерінің
физика пәнінің материалдарын меңгерудегі білім мен практикалық
біліктіліктері және әлемнің ғылыми бейнесінің қалыптасуының үш деңгейі
анықталды:
Жоғары деңгей, студенттердің кәсіби іс-әрекеті бойынша білімді жетік
меңгерген, оны кез келген тапсырманы шешуде еркін көрсете алады, өзін-өзі