38
Психологтардың, дидактар мен әдіскерлердің зерттеулері, танымдық
әрекетті мақсатты түрде ұйымдастыру, студенттердің өзіндік танымдық іс-
әрекетін қалыптастыруға ықпал етеді, яғни, түрлі тәсілдерді жалпылау арқылы
(М.И.Махмутов, И.Я.Лернер және т.б.) [116] тұлғаның өз күшімен іс-әрекет
тәсілдері мен білімді меңгеруіне қабілетін анықтауға болады. Егер, мұғалімнің
ұйымдастыруы нәтижесінде, репродуктивті және шығармашылықты іс-
әрекеттің жетекші рөлі өнімді танымдық іс-әрекет болса, онда студенттердің
ойлау қабілетінің дамуына жақсы жағдай жасалды деп есептеуге болатынын
атап көрсеткен.
Жоғары оқу орнындағы физиканы оқытудың практикасын талдай келе,
С.Н.Потемкина, абстракцияның жоғары деңгейінде меңгерілген физикалық
білімді студенттер кәсіби маңызды тапсырмаларды шешу аппараты ретінде
қабылдамайды. Физикадан алған білімдерін студенттер, кәсіби пәндерді
(мамандық бойынша) өту барысында жаңа материал ретінде оқиды. Бұл жағдай
кәсіби компоненттегі арнайы пәндерді оқу барысында педагогикалық
тапсырмаларды қиындатады [117].
Физиканы кәсіби бағытта оқытудың талаптарын жүзеге асыру үшін,
физика пәні оқытушыларының кәсіби пәндерді өтетін оқытушылармен өзара
тығыз байланысын орнату керек. Толық физикалық білім қалыптастыру үшін,
оқу бағдарламасындағы міндетті кәсіби компонентерді ескере отырып құру
қажет. Медициналық жоғары оқу орнындағы физика курсына техникалық және
экономикалық процестердің, табиғаттың, адамзатты табиғи құбылыстары
туралы мәлімет енуі тиіс. Арнайы кәсіптік пәндерді түсіндіруде студенттердің
физикадан алған білімдерін жан-жақты қолдану маңызды болады. Физика
білімінсіз, арнайы пәндерді меңгеру, күрделі мәселелерді шешуде күмән
туғызады.
Осылайша, оқу әрекетінің мақсаты мен нәтижесі білім алушының өзін
өзгерту болып есептелінеді. Медициналық жоғары оқу орнында физикадан
даярлау тұрғысынан бұл ойды келесідей келтіруге болады.
Физиканы оқыту процесінде ойлау қабілетінің жалпы логикалық және
арнайы тәсілдерін қалыптастыру – жалпы ғылыми, арнайы пәндерді табысты
меңгеруге және кәсіби іс-әрекетіне даярлығын қамтамассыз етеді. Себебі,
физиканы оқи отырып: дедуктивті талқылау, абстакрциялауға қабілетті,
жалпылауға, ойлау қабілетін, талдау мен қорытындылауды дамытады.
Физикадағы жаттығулар ойлаудың рационалды сапасы: реті, дәлдігі мен
нақтылығын арттырады.
Сонымен, студенттің физиканы оқу барысындағы оқу-танымдық іс-әрекеті
өнімді ойлауын дамытуға, кәсіби маңызға ие интеллектуалды дағдыларын
қалыптастыруға әсер етуі керек [118].
Жоғары кәсіби оқытудың мемлекеттік білім беру стандартында,
медициналық жоғары оқу орны студентінде кәсіби пәндер бойынша оқыту
нәтижесінде, дәрігерлік мінез-құлық пен клиникалық ойлау қабілетінің
негіздері қалыптасуы керек: олардың кәсіби тапсырмаларын шешуді
қамтамассыз ететін біліктілік; емделушіні диагностикалауда, емдеуде,
реабилитация жасағанда, профилактика ем-дом жасауда, жедел көмек және
39
өмірге қауіп төнгенде, медициналық көмек көрсетуде дәрігерлік іс-әрекет
алгоритмін қолдана алуы қажет.
Медициналық білім беру стандартына сай, адамның белсенді іс-әрекетінде
жаратылыстану ғылымдары бойынша білімі әркез көрініс табады және оқу
барысында оның табыстылығына негіз болады [6, б.45]. Қоғамның ұдайы
дамуы - дәрігер іс-әрекетінің сапалы өзгерісін талап етеді, яғни, біз
медициналық практикада физикалық моделдеуді кеңінен қолдануымыз керек.
Медициналық жоғары оқу орны студенттері өзінің болашақ кәсібінде
физикалық білім мен дағдыларды қолдану керек екендігін толық ұғына
бермейтінін 1.2 тарауда атап өттік. Тіпті жаратылыстану пәндерінің неліктен
оқытылатынын түсінбейді. Оған дәлел ретінде, Ю.Петренко [106, с.35]
еңбектерінде өз тәжірибесінен мысал келтірейік. МГУ-ң фундаменталды
медицина факультетінің екінші курс студенттері, «Фотобиология және оның
медицинада қолданылуы» тақырыбына бақылау жұмысын тапсырған.
Жарықтың затқа әсер етуінің физикалық және химиялық принциптеріне
негізделген фотобиология, қатерлі ісік ауруларын емдеу үшін ең
перспективалық тәсіл болып табылады. Бұл тарауды, оның негізін білмеу –
медициналық білім алуда үлкен залал. Сұрақтар аса күрделі емес, лекциялық
және семинар сабақтарының материалын қамтиды. Бірақ жауап қуантарлық
емес: студенттердің көбі дерлік екі деген баға алды. Тапсырманы орындай
алмағандар – мектепте физиканы оқымаған, немесе салғырт оқыған деген
қорытынды жасауға болады. Студенттердің кейбіріне физика пәні аса күрделі
болып есептеледі [119].
Медициналық жоғары оқу орнындағы физикалық білім студенттердің
санасында жаттанды әрі аз уақытқа ғана сақталады. Оған бір жағынан, оқу-
әдістемелік әдебиеттердің, екінші жағынан, дәрігерлер үшін физикалық білім
бойынша ғылыми зерттеулердің жеткіліксіздігі әсер етуі мүмкін [120].
Медициналық жоғары оқу орындары үшін шетелдік және отандық физика пәні
бойынша әдебиеттер жеткіліксіз, техникалық және жаратылыстану ғылымдары
мамандарына арналған әдістемелік нұсқаулардың қысқартылған түрі ғана бар.
Ол оқулықтарда дәрігерлердің кәсіби іс-әрекеттері ескерілмеген.
Зерттеу нысаны физика пәнін кәсіби бағытта оқыту барысында оған енетін
білім, білікті, студенттердің оқу даярлығының мәнін түсіну деңгейін анықтау
үшін сауалнама мен студенттерді тестілеу жұмыстары жүргізілді.
Өз кәсіби іс-әрекеті басталғанда жас дәрігерлердің қандай мәселелерге тап
келетінін анықтау үшін, дәрігерлерге де сауалнама мен туындаған
қиындықтарды шешу бойынша бағдарлама даярлау ұсынылды.
Сауалнама мазмұны келесі сұрақтарды қамтыды:
1) Денсаулық сақтау орындарында физика бойынша алған теориялық
біліміңіз жеткілікті ме?
2) Заманауи дәрігердің кәсіби іс-әрекетінде диагностикалық техниканың
маңызы қаншалықты?
3) Мекемеңіздің
медициналық
техникамен
жабдықталу
деңгейі?
(Сауалнаманың толық нұсқасы қосымша А-да келтірілген).
Достарыңызбен бөлісу: |