У. А. Ажіғалиева Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын халық педагогикасы құралдары арқылы қалыптастыру



жүктеу 2,15 Mb.
бет6/7
Дата27.02.2018
өлшемі2,15 Mb.
#10854
1   2   3   4   5   6   7

Арнайы курстың мақсаты болашақ мұғалімдерге халықтық педагогика құралдарындағы педагогикалық деонтологияға арқау болар бағалы ой-пікірлерді меңгерту, болашақ мұғалімдерді даярлаудағы негізгі құралдардың бірі екендігін таныту, осы алған білімдерін шәкірт тәрбиелеуде басшылыққа алуын, білім беру ісінде орынды қолдану іскерлігін қалыптастыру.

Бұл курста халық педагогикасының материалдарын оқу-тәрбие ісіне енгізіп қана қоймай, оны жүйелі түрде жолға қою дәстүрі сөз болады. Өйткені, өткен кеңестік кезеңде біздің жоғалтқанымыз өте көп болды. Теріс саясаттың нәтижесінде қазақ халқына тілінен, дінінен, мәдениеті мен тарихынан айырылу қаупі төнді. Өзіміздің ұлттық мектебіміз болған жоқ деп те айтуымызға болады. Сондықтан, бүгінгі білім беру саласының міндеті - өткен кезеңде жіберілген қателіктерді қалпына келтіру, бір жолға қою. Сондай-ақ болашақ мұғалімдердің халық даналықтарынан тәрбие алуына жағдай жасау.


Арнайы курс бағдарламасын меңгеру нәтижесінде болашақ мамандар жоғарыдағы тақырыптарда қарастырылған материалдарды – халықтық педагогика құралдарындағы деонтологиялық тәрбиеге қатысты барлық идеяларды толық меңгеріп, оны жұмыс барысында іске асыра алғаны жөн. Арнайы курс аяқталғаннан кейін билет бойынша емтихан қабылданды.

Арнайы курсты оқыту уақытын белгілеуде төмендегідей қағидалар негізге алынады:



  • арнайы курсты игеру кезінде болашақ мұғалімдердің парыздылық сана-сезіміне ұлттық төл педагогика негіздері арқылы әсер етеді;

  • деонтология мен халық педагогикасы бір-бірімен үйлесе келіп, тұтас жүйе құрауы нәтижесінде студент білім алады, кәсібіне дайындалады;

  • арнайы курс болашақ мамандарды халық педагогикасы мұрасы арқылы деонтологиялық дайындығын қалыптастыру үшін мақсатты да нәтижелі іс-әрекетке жұмылдыруға жағдай жасайды.

«Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығы» атты арнайы курстың мазмұны.

1-тақырып. Кіріспе. Халық педагогикасы – болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығының бастауы.

Педагогикалық деонтология пәні, мақсаты мен міндеттері. Халық педагогикасы мен педагогикалық деонтология ғылымдарының байланысы, оларды мұғалім қызметінде қолдану мүмкіндіктері. Халық педагогикасы құралдарының мұғалімнің кәсіби парыздылық сана-сезіміне әсер ету мүмкіндіктерімен танысып оны деонтологиялық даярлығын қалыптастыру ісінде пайдалану.


11 – кесте «Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығы» атты арнайы курс бағдарламасының тақырыптық жоспары (2-кредит).


ТАҚЫРЫПТАР

Сағат саны

Дәріс

Прак

СӨЖ

1.Кіріспе. Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология негіздері.

2

2

5

2. Ұлттық моральдық-этикалық дәстүрлер – тәрбие бастауы

2

2


5


3.Халық шығармашылығының – тәрбиелік мүмкіндіктері.

1

1


5

4.Мақал-мәтелдер – халықтың моральдық кодексі, тәрбие қағидасы.






5


5.Шешендік, өсиет, бата сөздерінің құндылығы, тәрбиелік мәні.

2

2

5


6.XV-XVIIIғ. ақын-жыраулар шығармаларының этика-деонтологиялық көзқарастары.






5


7.Қазақ халқының мінез-құлық дәстүрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктері.

2

2

5

8. Дәстүрің – ұлттық тұғырың. Салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың тәлімдік тағылымдары.

2

2


5


9.Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбиенің мақсат-міндеттері.







5













10.Мұғалімнің кәсіби парыздылық сана-сезімін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастарудағы көрнекті ойшылдар мен ағартушылардың ой-пікірлері.

2

2


5


11. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын деонтологиялық талаптар.




5


12. Қорытынды. Парыз – рухани әдептіліктің талабы. Педагог әдебі. Парыз, борыш, міндет – адамгершілік сапаның жоғары көрсеткіші.

2

2

5

Жалпы сағат саны

15

15

60


2-тақырып. Ұлттық моральдық-этикалық дәстүрлердің болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығының қалыптастырудағы тәрбиелік әлеуеті.

Мораль, этика, адамгершілік, парыздылық ұғымдарының өзара байланысы. Қазіргі білім беру жүйесінің халық даналығының кәусар бұлағы – моральдық-этикалық дәстүрлерге назар аударуы. Болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығының қайнар көзі, негізгі тірегі ретінде қазақтың моральдық-этикалық дәстүрлерінің мәні мен ерекшеліктеріне мазмұндық сипаттама беру және деонтологиялық даярлығын тәрбиелеудегі мүмкіндіктерін айқындау. Халық дәстүрлерін қастерлеуге, сол арқылы азаматтық пен елжандылыққа, көрегенділікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.



3-тақырып. Халық шығармашылығының – болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын қалыптастырудағы тәрбиелік мәні.

Халық шығармашылығы құралдары негізінде болашақ мұғалімдердің деонтологиялық талаптарға сай білім, біліктілік қорын қалыптастыру. Мақал-мәтелдер – халықтың моральдық кодексі, тәрбие қағидасы, атаның артындағы ізбасарларына қалдырған өнегелі өсиеті. «Ұстамсыз ұстаз ұшқалақ шәкірт өсірер», «Ұлылардың бәрі де ұстаз», «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» т.б. мақал-мәтелдердің болашақ мұғалімнің деонтологиялық тәрбиесіне ықпалы. Халық ауыз әдебиетінің түрлері және оларда әдептілік, ізгілік, өнегелілік тақырыптарының көрсетілуі.



4-тақырып. Шешендік, өсиет, бата сөздерінің мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын тәрбиелеу ісіндегі құндылығы және маңызы.

Ата-бабаларымыздың шешендік, өсиет, бата сөздеріндегі парасатты терең-ой, үлгілі, өнегелі сөз саптамаларының болашақ мұғалім тұлғасын қалыптасуына әсері. Билер мен ұлы ойшылдардың осы шешендік т.б. сөздер арқылы білдірген даналық ақыл-ойы педагогикалық деонтологияны оқытудың әдіс-тәсілдеріне қойылатын талаптармен үндесуі. «Ұлтын сүйген ұрпақ тәрбиесін ойлайды», демекші шешендік, бата, өсиет сөздеріндегі ұлттық психология мен адамдық қасиет. Қаздауысты Қазыбек, Төле би, Әйтеке би, т.б. тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, олардың адамгершілік тақырыптағы толғауларын оқып үйрену, болашақ мұғалімдерді даярлауда оқу-тәрбие процесінде пайдалану тәсілдерін көрсету.



5-тақырып. Қазақ халқының мінез-құлық дәстүрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктері.

Мінез-құлық - адам жанының айнасы. Ұлттық мінез-құлық дәстүрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктері. Ұлттық мінез-құлық туралы түсінік. Ұлттық мінез-құлық белгілері. Қазақ халқының мінез-құлыққа қойған талап-тілектері. Мінез-құлық туралы ережелері. Мінез-құлықтың қалыптасуындағы отбасының рөлі. Қазақ халқының моральдық санасынаң ерекше түрлері (қонақжайлылық, асар, қауымдасу, т.б.).



6-тақырып. Дәстүрің – ұлттық тұғырың. Салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың болашақ мұғалім тәрбиесіндегі жетістіктері.

Халық педагогикасыны құралдарының басым бөлігін құрайтын саланың бірі – халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің озық үлгілері арқылы болашақ мұғалімге ақыл-ой, адамгершілік, мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Рухани мәдениеттіліктің ұлттық санадағы мәні. Дәстүр - игіліктің негізі, адамгершіліктің қайнар көзі. Ұлттық құндылықтарды сіңіру арқылы ұлттық сананы тәрбиелеу.



7-тақырып. Мұғалімнің кәсіби парыздылық сана-сезімін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастарудағы көрнекті ойшылдар мен ағартушылардың ой-пікірлері.

А. Құнанбаев еңбектеріндегі педагогикалық деонтология талаптарына негіз болар ұғымдар: еңбек ету, өнеге болу, дүниетану, ар-ождан, талап, бес нәрсеге қашық, бес нәрсеге жақын болу, ғылым-білім.

А. Байтұрсынов мұраларындағы негізгі ұғымдар: ана тілінде оқыту, оқулық жазу, оқыту әдістемесі.

М. Дулатов еңбектеріндегі негізгі ұғымдар: оян қазақ, мұғалімнің әдістемелік жұмысы, имандылыққа тәрбиелеу, дарынды балаларды оқыту.

Ж. Аймауытов шығармаларындағы негізгі ұғымдар: дене тәрбиесі, жан (рух) тәрбиесі, тәрбиеге ықпал ететін факторлар, тарихты оқыту, мұғалімнің шығармашылық әрекеті.

М. Жұмабаев еңбектеріндегі негізгі ұғымдар: дене, жан, ақыл, сұлулық, әдеп-құлық тәрбиесі, ақыл көріністері.



8-тақырып. Қорытынды. Парыз – рухани әдептіліктің талабы. Педагог әдебі. Парыз, борыш, міндет – адамгершілік сапаның жоғары көрсеткіші.

Педагог әдебі, ұстаздық парыздылық туралы ұғым. Моральдық борыш. Ұстаздық борыш. Міндет этиканың негізгі қағидалары. Педагогикалық ұжым. Кәсіптік этиканың ерекше саласы – педагог этикасы. Болашақ мұғалімдердің моральдық жағынан жетілуінің кейбір ерекшеліктері. Халық педагогикасының ұлттық құндылықтардың рухани мазмұнын тұтас қабылдау. Педагогикалық деонтологияның талаптары мен халық педагогикасындағы ұстаз тұлғасына қойылатын талаптар арасындағы үндестік. Имандылық сабақтары. Обал, сауап туралы түсінік.



Арнайы курстың тақырыптық жоспарына енген практикалық сабақтарыдың міндеттері.

- болашақ мұғалімдердің этнопедагогика құндылықтарындағы деонтологиялық идеяларды меңгеруде педагогикалық қөзқараста ойлауға бағыттау және жұмыс қабілетін арттыру;

- студенттердің арнайы курс лекцияларынан алған білімдерін жетілдіру, арттыру, нақтылау;

- студенттерді педагогикалық кәсібіне адал, әділ, өнегелі қызмет етуіне дала даналарының тәлім-тәрбиесін үйретіп, үлгі алуға жетелеу;

- болашақ мамандардың ұлттық педагогиканы оқып-үйренуге деген ынтасын, қызығушылығын ояту.

Практикалық сабақ барысында болашақ мамандардың бойында халық педагогикасы туралы өзіндік көзқарастар қалыптасады, олардың мазмұнындағы деонтологиялық даярлықты қалыптастырудағы идеялар мен тәрбиелік мәнді талдауға үйренеді. Халықтың төл педагогикасын саралау барысында олардың, деонтологиялық тәрбиеге қатысты ой-толғамдары қаралып, зерделенді.

Бағдарламада рефераттардың тақырыптары мен оқу-зерттеу тапсырмалардың түрлері берілген. Студент рефераттардың тақырыбын, бір практикалық тапсырманы өз қалауымен таңдап, оны педагогика практика кезінде орындайды.

Практикалық сабақтардың тақырыптары мен мазмұны

1-сабақ


Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығынын қалыптастырудағы халық педагогикасы құралдарының мүмкіндіктері.

2-сабақ


Ұлттық моральдық-этикалық дәстүрлердің болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығының қалыптастырудағы тәрбиелік әлеуеті.

3-сабақ


Халық шығармашылығының – болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын қалыптастырудағы тәрбиелік мәні.

4-сабақ


Шешендік, өсиет, бата сөздерінің мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын тәрбиелеу ісіндегі құндылығы және маңызы.

5-сабақ


Қазақ халқының мінез-құлық дәстүрлерінің тәәрбиелік мүмкіндіктері.

6-сабақ.

Дәстүрің – ұлттық тұғырың. Салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың тәлімдік тағылымдары.

7-сабақ


Мұғалімнің кәсіби парыздылық сана-сезімін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастарудағы көнекті ойшылдар мен ағартушылардың ой-пікірлері.

8-сабақ


Парыз – рухани әдептіліктің талабы. Педагог әдебі. Парыз, борыш, міндет – адамгершілік сапаның жоғары көрсеткіші.

Кесте 12 – Студенттердің өздік жұмыстарының мазмұны







СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Практикалық сабақтарға дайындық

Керекті кесте, сызба жасау

Сабақта ауызша және жазбаша түрде жауап беру

15(15*1)

2

Лекция тақырыптарымен жұмыс жасау

Конспект, тезистер

Сабақта ауызша және жазбаша түрде жауап беру жұмыс дәптерлерін тексеру

15(15*1)

3

Аудиториялық сабақтың мазмұнына еңбеген материалдар

Конспект жазу

Коллоквиум

26

4

Бақылау шараларына дайындық

Конспект жазу

АБ 1, 2

коллоквиум



4

Барлығы

60

Кесте 13 – «Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығы» арнайы курсы бойынша 050106 «Музыкалық білім»мамандығының оқу жұмыс жоспарынан көшірме




Оқу түрі

Бақылау түрі

Сағат көлемі

Семестрге бөлінген сағат саны

экз.

барлығы

лек

пр.

лаб

СОӨЖ

СӨЖ

бар

ауд

СӨЖ

Күндізгі оқу түрі ЖОБ


6

90

30

60


6 семестр

15

15

-

30

30

Аудиториялық сабақтың мазмұнына еңбеген материалдар:

- Мектеп мұғалімдерінің оқу-тәрбие үдерісінде халық педагогикасы үлгілерін қолдану әдістемесімен танысу және оған сипаттама жазу.

- Жалпы білім беретін орта мектептің және жоғары білім беретін оқу орындарының шебер мұғалімімен, оқытушысымен кездесу.

- Мұғалімдік кәсіптің қыр-сырын білдіретін кинофильмдерді көріп, оларға талдау жасау «Менің атым Қожа», «Мой учитель», «Ауылым көктөбенің бөктерінде», «Алпамыс мектепке барады», т.б.

- Жаңашыл педагогтардың, әсіресе халықтық педагогика құралдарын еңбек ету саласында пайдаланған мамандардың тәжірибесін оқып үйрену.

Студенттер өздік жұмыстары барысында да болашақ мұғалім мынадай тапсырмаларды орындауға міндетті:

- ұлттық тарих, ұлттық философия, ұлттық психология және ұлттық менталитет негізінде болашақ маманның деонтологиялық даярлығын қалыптастыру;

- деонтологиялық тәрбие процесінде халық педагогикасы құралдарын жан-жақты қолдануды қамтамасыз ету;

- болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын тәрбиелеуге мүмкіндік беретін халықтық педагогика қағидаларын жүйелеу, іріктеу, жинастыру;

- халықтық тәлім-тәрбие ілімдерін күнделікті сабақ барысында қолданылуын бақылау және ғылыми әдебиеттерді оқып үйрену.



Реферат тақырыптары

1. Халықтық педагогика құралдары арқылы болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын қалыптастырудың қажеттілігі және маңызы.

2. Болашақ мұғалімнің деонтологиялық тәрбиесін қалыптастыруға мақал-мәтелдердің тигізетін әсері.

3. Парыз, ар, намыс, ұждан туралы халық түсінігі, жазылмаған ережелері.

4. Ұрпақтарымызды ұлттық санамен тәрбиелейік.

5. Халық ауыз әдебиеті – деонтологиялық тәрбиенің қуатты және көрнекті құралы.



  1. Болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын қалыптастырудағы ұлттық тәлім-тәрбие салалары.

  2. Әл-Фараби философиясындағы педагогикалық идеялар, Әл-Фараби мұғалім туралы.

  3. М. Ғабдуллин – қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мәнін ашушы.

9. Педагог тұлғасының кәсіби мәнді сапалық қасиеттерін қалыптастыруда шешендік сөздердің атқаратын қызметі.

10. Студенттердің рухани мәдениетін қалыптастыру арқылы тәрбие мазмұнын ізгілендіру.

11. Мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын қалыптастырудағы қазақ халқының салт-дәстүрлерінің маңызы.

12. Халықтық педагогика құралдары арқылы педагог мамандар дайындайтын ЖОО студенттерінің парыздылық сана-сезімін қалыптастыру.

13. Халық педагогикасының кәсіби моральдық нормалары мен ережелері.

14. Қазақ фольклор туындыларының мұғалімнің парыздылық сана-сезіміне ықпал ету ерекшеліктері.

15. Дәстүр – ізгіліктің негізі, адамгершіліктің қайнар көзі.

16. Болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын қалыптастырудағы ұлттық тәлім-тәрбие қағидалары, әдіс-тәсілдері.

17. Жас мұғалімнің деонтологиялық даярлығын тәрбиелеу ісіне қазақ халқының моральдық-этикалық дәстүрлерін пайдалану.
2.2 Халық педагогикасы құралдары арқылы болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын оқу үрдісінде ұйымдастыру формалары мен әдістері.

Зерттеу жұмысымызда қалыптастыру экспериментінің маңызды саласының бірі - халық педагогикасы құралдары арқылы болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын оқу үрдісінде ұйымдастыру формалары мен әдістерін жасап, ендіру болды. Ол үшін жоғары мектеп педагогикасындағы оқытуды ұйымдастыру формалары мен әдістеріне сүйендік.

М. Н.Скаткин мен Р. А.Низамовтардың оқу құралында оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы – ол сабақтарды өткізудің, ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері деп анықтама берілген. Сабақ – студенттердің іс-әрекетінің негізгі түрі. Студенттердің оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формалары оқытушы мен студенттің арасындағы өзара байланыстың түрлеріне, олардың іс-әрекетінің сипатына қарай ажыратуға болады:

- оқыту формалары: лекция, семинарлық, практикалық, зертханалық сабақтар, оқу және өндірістік практикалары, курстық, дипломдық жұмыстар, студенттің өзіндік жұмыстары, арнайы курс, олимпиада, викторина, пікірталас, лекция- диалог, дөңгелек стол.

- әділ-тәсілдері: сабаққа қатысу, емтихан, тапсыру, реферат дайындау, консультацияға қатысу, семинарға жауап беру, конспект жазу, кітаппен жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысу.

Міне осының бәрін саралай келе, біз еркін қарым-қатынасты, психологиялық үйлесімділікті сақтайтын оқытудың әртүрлі формалары мен әдістерін таңдауды жөн көрдік. Біз эксперимент жүргізген мамандықта сабақтың негізгі формалары лекция, семинар сабақтары және студенттердің өздік жұмыстары болды.

Енді қосымшалар мен арнайы курста жоспарланған тақырыптар лекция сабағында қалай жүзеге асты, соған тоқталар болсақ студенттерге білім беруде, тәрбиелеуде дәстүрлі лекция және дәстүрлі емес лекция түрлерін қолданамыз. Атап айтсақ: дәстүрлі лекция, лекция-диалог, интегративтивтік лекция.

1-ші курс студенттерінің «Мамандыққа кіріспе» сабағында «Музыка пәні мұғалімінің ролі» тақырыбы бойынша өтілген лекция мазмұнына ендірілген қосымшаның қысқаша үлгісін келтірейік.

Лекция басында мұғалім әдебі (этикасы), парыздылық, ұстаздық парыз, моральдық парыз туралы жүйелі баяндалады.

Адамдардың моральдық мінез-құлықтарының, сана-сезімдерінің ішінде парыздың алатын орны ерекше. Парыз жеке адамның іс-әрекетін, тәртібін жалпы мүддеге, әлеуметтік бірлікке бағындыру қажеттілігін білдіреді. Ал әлеуметтік бірлік – қоғамда өмір сүретін адамдардың бірлігін білдіретін жанұя, ұжым, ұлттар, қоғам мүдделерінің бірлігін немесе осы мүдделердің қарама-қарсылығын білдіретін категория. Осыған сәйкес, моральдық парыз әр адамның жанұя, ұжым, ұлттар, қоғам алдындағы міндетін анықтайды. Моральдық парыз қоғамның объективті дамуынан шығады. Осы дамудың нәтижесінен шыққан парыздылықты түсіну, онымен есептесу, мінез-құлықты іс-әрекетті осыған бағындыру, адамдардың моральдық санасының дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.

Ал ұстаздық парыз мұғалімнің қоғам, өз шәкірттері алдында тұрған міндетін түсініп, сол үшін еткен іс-әрекетімен шектелмейді, мұғалім өзінің кәсіптік парызын білумен қатар парыздылықты түсіну мұғалімнің бұлжымас сеніміне айналып, ішкі қасиеттеріне, яғни моральдық сапаға айналуы тиіс. Моральдық парыздың адам санасында қалыптасуы үшін жеке адамдарда белгілі бір адамгершілік қасиеттер пайда болуы тиіс.

14 – кесте Халық педагогикасы құралдары арқылы болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру кезеңдері




Кезеңдері

Міндеттер


Мазмұны



1 кезең

1. Мамандыққа жалпы сипаттама.

2. Педагог қызметінің ерекшеліктері.

3. Ұстаздық кәсіптің қоғамдағы ролі.

4. Мұғалімнің кәсіби мәнді сапалық қасиеттері

1.Халық педагогикасындағы ұстаз тұлғасына қойылатын талаптар.

2.Халық педагогикасындағы ұстаздық қызметке пайдалы ақпарат.

3. Қазақ халқының моральдық-этикалық нормалары.


1. Кәсіби және базалық пәндердің мазмұнына қосымшалар ендіру «Мамандыққа кіріспе», «Этнопедагогика» (таңдау бойынша компонент)

2. Аудиториядан тыс атқарылатын жұмыстардың түрлері «Ұлағат» жастар клубында өткізілетін тәрбиелік шаралар («Ата-баба дәстүрі - әдептілік негізі» өнер-білім сайысы, «Музыкалық фольклор – тәрбие құралы» шығармашылық кеш): («Этно-деонтологиялық олимпиада» сайыс, «Қазақ халқының моральдық принциптері мен нормалары» сұбхат).

3. Оқу-үзіліссіз практикасы барысында педагогтың кәсіптік ролін білу, жеке тұлғалық қасиеттерін жетілдіруге байланысты қосымша тапсырмалар.


2 кезең

1. Педагогикалық деонтология пәні мақсаты мен міндеттері.

2. Педагогикалық деонтология ғылымы туралы жалпы түсінік, даму тарихы.

3. Халықтық педагогика мен педагогикалық деонтология арасындағы үндестік.

4. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын деонтологиялық талаптар.



1. Арнайы курс «Педагогикалық деонтологияға кііріспе» арнайы курс.

2. Кәсіби және базалық пәндердің мазмұнына қосымшалар ендіріру «Сөйлеу мәдениеті», «Музыкалық білім беру әдістемесі» (міндетті компонент).

3. Аудиториядан тыс атқарылатын жұмыстардың түрлері «Ұлағат» жастар клубында өткізілетін тәрбиелік шаралар («Педагогикалық деонтология мен халық педагогикасының сабақтастығы» дөңгелек стол, «Халықымыз азбас адамдық қасиеттерді қалай қалыптастырады?» кездесу)

4. Оқу-үзіліссіз практикасы барысында педагогикалық деонтология талабы бойынша сабақта психологиялық комфортты жағдай жасап оқытудың қағидаларын, әдіс-тәсілдерін білу мақсатында қосымша тапсырмалар.




14 – кестенің жалғасы


3 кезең

1. Мұғалімнің кәсіптік мінез-құлқының этика-деонтологиялық нормалары

2. Халықтық педагогика әдістері және оларды мұғалім қызметінде қолдану әдістері.

3. Педагогикалық кәсіпке сәйкес мұғалім тұлғасының маңызды қасиеттері


1. Арнайы курс «Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығы».

2. Аудиториядан тыс атқарылатын жұмыстардың түрлері «Ұлағат» жастар клубында өткізілетін тәрбиелік шаралар («Тәрбие негізі – имандылықта» лекция, «Ұстазы мейірлі болса шәкірті пейілді болады» әңгіме).

3. Педагогикалық практика барысында педагогикалық деонтология әдістері және оларды мұғалім қызметінде қолдану мүмкіндіктерін игертуге байланысты арнайы тапсырмалар.

Халықтық тәрбиедегі адамгершілік, ар, намыс ұғымдарына тоқталар болсақ, ол – жалпы халыққа, ұлтқа және жеке адамға тән рухани күш. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген қағидамен өмір сүрген халқымыз – ежелден ар, намысын биік ұстаған өр халық. Халықтық тәлім-тәрбие әдістері мен тәсілдеріне үлгі-өнеге көрсету, ақыл айту, қолдау, сендіру, жігерлендіру, сынау, ескерту, ынталандыру, жаттықтыру, көрсету, алғыс айту, т.б. жатады. Халық «сегіз қырлы, бір сырлы» азамат тәрбиелеуде рухани, мәдени мұраларды ұтымды пайдаланғанын ескергеніміз жөн.

Халқымыз үлкендердің жеке іс-әрекет, мінез-құлықтары арқылы балаға әрқашан үлгі-өнеге көрсетіп, ізгі қасиеттер дарытуына жетек көңіл бөлген. Мысалы «Он рет өсиет айтқанша, бі рет өнеге көрсет», «Өнегенің өрісі кең», «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам үлгі алады», «Өнегелі дана жоқ жерде - өнерлі бала жоқ», «Өнеге күші - өлшеусіз», «Дұрыс қанаттанған түзу ұшар» деген мақалдар халықтың ұрпақ тәрбиесіндегі талап-тілек, ой-тұжырымын білдіреді.

Үйрету, ақыл-кеңес беру. Ұстаз-тәрбиешілерге ата-бабаларымыз «Тоқытпасаң оқытпа» деп тура айтқан. Мұғалімнің ең басты қасиеті – ұғындыра білуі, өз ойын оқушыға дәл жеткізе білуі, дұрыс келелі талап қоя білуінде. «Үйрет, талап ет, қояр талаптарың шектен шықпауға тиіс яғни ақылмен әділ, талап ет», - деп халқымыз ескертіп отырған.. Оқушыға қойылатын талап, оның дамуындағы ақиқат шындықпен іштей бірлік тауып, үйлесімді болса ғана тәлім-тәрбие нәтижелі болмақ.

Тәрбие ісіндегі мықты тұтқа – шәкіртті сыйлай білу. Аталар сөзімен айтсақ «сыйға-сый, сыраға бал». Демек оқушының жанын сезініп жақсы көру және олардың жеке басындағы кемшіліктер мен олқылықтарды кеңдікпен кешіре білу табысқа бастайтын, адалдықпен шындыққа жетелейтін жол екенін болашақ мұғалім есте сақтауы қажет.



Қолдау, ынталандыру, қызықтыра білу. Ұстаздық еңбек жолындағы алғашқы қадам шәкірттің оқуға деген ынтасына мән беру, шәкіртті қызықтыра білуден басталады. Халықтық педагогикада, баланың қандай-да бір ұнамды қылығын, жағымды мінезін, тындырған ісін мадақтап, қолдап, бағалау жайына да ерекше көңіл бөлінген. «Өркенің өссін», «Бәрекелді», «Азамат бол», «Көп жаса», «Бар бол», «Жарайсың», «Нағыз жігіт екенсің» деген ризашылық көңіл-күй лебіздерін білдіру арқылы баланы әрқашан жақсы істерге ынталандырып отырған. Әсіресе төмен сыныптың оқушылары өзіне ыстық ықылас, ізгі ниет көрсеткенді жақсы көреді. Осыны ескерген халық баланың жас ерекшеліктеріне қарай мақтап-мадақтаудың жақсы үлгілерін қалыптастырып, оларды баламен қарым-қатынасты орната білген. Сонымен қатар, ата-бабамыз «Баланы бұзғың келсе мақта» немесе «Артық мақтау тергеуден жаман» деп артық мақтау баланының мінезіне кері әсерін тигізерін де қадап айтқан. Болашақ мұғалімнің жұмыс нәтижесі: шәкірттің өзін еркін сезінуімен, сабаққа қызығушылығымен, білімімен, адамгершілік қарым-қатынасымен; мәдениеттілігімен бағаланады. Ал мұғалімге қажетті қасиеттер: балаға деген сүйіспеншілік, жылылық, адалдық, шәкіртті шабыттандыра білуі, сабағының қызықты әрі пайдалы болуы, шығармашылық ізденісі, т.б. Сондықтан болашақ мұғалімнің міндеті, деонтологиялық әрекеті – оқушының денсаулығына, жансаулығына зиян келтірмей жан-жақты дамуына жәрдемдесу деп ой түйіндейміз.

Халық педагогикасының педагогикалық деонтологияға негіз болар осындай әдіс-тәсілдерінің мән-маңызы тақырып мазмұнында кеңінен ашылып көрсетілуі керек.

Оқытудың диалогты формасын студенттер 2-курста «Сөйлеу мәдениеті» пәні сабағында меңгерді. Студенттер кездесуге шақырылған Алматы қаласы «Көкіл» мектебінің ұстаздарының (А.Райымбергенов, Ұ.Байбосынова) қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы болашақ мұғалімдердің педагогикалық деонтология талабына сай тұлғалық қасиеттерін дамыту, мұғалім мамандар дайындайтын жоғары оқу орны бағдарламалары мазмұнына ұлттық тәлім-тәрбие негіздерін ендіру қажеттігі туралы айтқан пікір-көзқарастарын жақсы қабылдап, олармен өткен лекция-диалогты өте жақсы бағалады.

Дәстүрлі емес лекция түрін яғни интегративтивтік сабақ біз «Этнопедагогика» сабағындағы «Адамгершілік тәрбие» тақырыбында қолдандық. Сабаққа философия пәнінің оқытушысы (ф.ғ.к., доцент Г. Ахметова), психология және педагогика кафедрасының оқытушысы (п.ғ.к., доцент Галиева Б. Х.), этнография пәнінің оқытушысы (аға оқытушы Балажанова Қ. М), педагог шақырылды. Бинарлық лекцияда қаралған сұрақтар:

1. Моральдық-этикалық нормалардық жиынтығын құрайтын адамгершілік тәрбиенің мазмұны.

2. Мораль, этика, адамгершілік, адамгершілікке тәрбиелеу ұғымдарының арақатынасы.

3. Ұлттық тәлім-тәрбиенің педагогикалық деонтологияға арқау болар негізгі бағыттары, тәжірибелік қорытындылары.

4. Халық түсінігіндегі моральдық-этикалық ұғымдар, қазақ халқының абырой, намыс дәстүрлерінің ерекшелігі.

Сабақты философ маман бастады. Мораль, этика, адамгершілік, ұғымдарын теориялық және практикалық тұрғыда талдады. Олардың философия ғылымының зерттеу нысанасы екендігіне тоқталып, олардың қоғамдағы сана мен іс-әрекет арасындағы орнын қарастырды. Адамгершіліктің адамдардың қандай болуын қарастыратын, анықтайтын қалыптар мен қағидаларын таныстыра келе, өз ойын болашақ мұғалімді адамгершілікке тәрбиелеуде шығыс ғұламаларының (Абай, Шәкәрім, т.б.) ой-пікірлері мен көзқарастарына мысалға ала отырып қорытындылады. Екінші сөзді этнограф маман алды. Ол өз пәнінің алға қойған мақсаты мен міндеттеріне және атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиенің болашақ мамандарды тәрбиелеудегі маңызы, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың тәрбиедегі алатын орны туралы салиқалы түрде баяндады.

Психолог маман «ұлт психологиясы – ұлттық тәлім-тәрбиенің өзегі», - деген қанатты сөзден бастады. Ол өз сөзін ұлттық тәлім-тәрбие жүйесінде жүргізілген шараларға теориялық және практикалық тұрғыдан даярлығы бар, жаңа тұрпатты маман тұлғасын қалыптастыру қажеттігін айта келе, мынадай негізгі міндеттерге тоқталды: болашақ мамандардың қазақ этносына тән психологиялық ерекшеліктері жайлы ұғым-түсініктерін қалыптастыру, студенттерді халқымыздың бұрынғы және қазіргі ұлттық мінез бітістері мен тұлғалық қасиеттеріне талдау жасау. Лектор ұлттық намыс, адамдық абырой, шыншылдық – ұлттық тәрбиенің басты белгілері екендігін айта келіп, адамгершілік, имандылық, инабаттылық, т.б. ұлттық намыс пен адамдық абыройдан туатынын, бұлардың ұлттық психологиямен байланысты екендігін дәлелдей отыра, өзара қарым-қатынас, бауырмашылдық, қайырымдылық пен мейірімділіктің өзіндік ерекшеліктерін нақты мысалдармен көрсете білді. Бинарлық лекция студенттеге әр түрлі ғылым салаларының байланысын көрсете білді және шындық пен ақиқаттың да бірлігін, бірізділігін танытты. Лекция соңында студенттер тақырыпта қаралған мәселелер туралы өз ойларын ортаға салды.

Лекцияға жатпайтын барлық сабақ түрлерін оқыту мен тәрбиелеудің практикалық формасына жатқызуға болады, оның басты мақсаты – теориялық білімін бекіту, алған білімдерін практикада қолдану, өз бетінше білім алу, танымдық белсенділігін, дүниеге көзқарасын қалыптастыру және білімдерді сенімге айналдыру. Практикалық сабақтарда лекцияда өтілген материалдар кеңейтіліп, тереңдетіліп, студенттер олар бойынша нақты практикалық жұмыстар істейді. Семинарға даярлануда студенттердің өздік жұмысы үлкен орын алады. Онда олар семинардың жоспарындағы сұрауларға қажетті әдебиеттерді іздеп табады, оларды оқиды, сұрақтарға жауап жазады, семинарда сөйлейді, тыңдаушылар сұрағына жауап береді, өз қорытындыларын жасайды. Қалыптастыру эксперименті барысында семинар сабақтарының әртүрлі формалары мен әдістері пайдаланылды. Атап айтсақ: диспуттар, семинар-зерттеулер.

Үлгі ретінде «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» атты тақырыпта 3-курс студеттерімен өткізілген диспуттан үзінді келтірейік. Талқылауға төмендегідей сұрақтар қамтылды:



  1. Педагогикалық деонтологияға сай ұстаздың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің іргелі қасиеттерін атаңыз?

  2. Ұстаз қандай болу керек? Мұғалімдік қызметті атқару үшін ерекше дарындылық қажет пе?

  3. Оқытушы мамандығы сізге ұнайды ма және қандай жақтарымен тартымды?

  4. Халық педагогикасының мұғалім тұлғасын қалыптастыруға тигізер әсері қандай?

Талқылау барысында студеттер әртүрлі пікірлер айтты солардың кейбіріне тоқталсақ:

Әнуар: Мен өз сөзімді Л. Н. Толстойдың «Мұғалім өз бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол – нағыз ұстаз», - деген қанатты сөзімен бастағым келеді. Ар-ождан алдындағы басты парыз мамандықтың басты шарты болғандықтан, төзімділікті, ұстамдылықты, қайырымдылықты талап етеді. Мұғалімге қажетті қасиеттер: білімділік, жылылық, түсінгіштік, сезімталдық, сүйіспеншілдік деп ойлаймын. Мен еш уақытта мұғалімдік мамандықты басқа мамандыққа алмастымаған болар едім. Жақсы мұғалім болу үшін ізгілікті көзқарастағы ата-баба дәстүрі қажет.

Назира: Шын педагог болу үшін терең біліммен қатар, жоғары моральдық қасиет қажет. Өзінің кәсіптік борышын білумен қатар, борышты түсіну мұғалімнің бұлжымас сеніміне айналып, ішкі қасиеттеріне, яғни моральдық сапаға айналуға тиіс. Мұғалімдік мамандық біздің жанұяның дәстүрі, маған ата-анам бала кезімнен бастап осы мамандықты сүюді үйреткен болатын. Жоғары моральдық қасиеттерді міндетті түрде ұлттық тәлім-тәрбие негізінде қалыптастыру қажет.

Қайрат: Менің ойымша мұғалімде үш маңызды қасиеттің болуы шарт. Біріншіден, балаларға білім беруге ынтызарлық, екіншіден, баланың жан дүниесін жақсы түсіну, үшіншіден, қажетті жағдайда артист сияқты баланың бейнесіне көше білуі. Педагогикалық практика кезінде мен білім дәрежесі орташа, оқушыларға немқұрайлы қарайтын оқытушыларды көрдім. Мұғалім болу үшін ең маңызды қасиет – балаларға деген сүйіспеншілік. Мен өз білімімді бала оқытуға арнап, оның өмір сұлулығын түсініп, ұғынуы үшін жұмыс істегім келеді.

Әйгерим: Мен мұғалім болуды жасымнан армандадым. Осы оқу орнына түскеннен кейін мұғалімдік қызметтің әсемдігін, тіпті оның музыка сияқты адамның ішкі сезіміне әсер ететіндігін түсіндім. Әрине, мұны түсінбеген кейбір адамдар өздерінің сөздері мен іс-әрекеттері арқылы балалардың обалына қалады. Менің бәрінен жасаған қорытындым қайткен күнде де мұғалім болу.

Арнұр: Менің ойымша ұстаздық дарындылық туғаннан пайда болмайды, ол – адамның ізденуінің, өзін-өзі белгілі бір бағытта жетілдіруінің нәтижесі. Дарындылық әсіресе ұстаздық еңбекке тән. Ұстаздық дарындылықты тәрбиелеуде ұлттық талап-тілектер артық болмайды.

Студенттердің пікірі, ой-толғамдары олардың бұл тақырыпты меңгеру барысында көптеген мәселелерге терең бойлағандарын, өз мамандықтарына деген қызығушылығын, оны қалыптастыруда халық педагогикасының орны ерекше екендігін дұрыс түсінгендігін көрсетті.



Қалыптастыру эксперименті барысында біз «Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын қалыптастырудың үлгілері» арнайы курсты меңгерту мақсатында ұйымдастырылатын практикалық сабақтарда «шығармашылық тесті» әдістемені қолданамыз. Мақсаты: қалыптастыру кезеңінде білімді, іскерлікті тексеру, берілген тапсырмаларға жауап беруін анықтау.


  1. Сөйлемді аяқта.

Мысалы: «Деонтологиялық даярлық ...», «Педагогикалық деонтология ұстанымдары...», «Халық педагогикасы құралдары...», «Деонтологиялық тәлім-тәрбие...»

  1. Түсіп қалған сөзді жаз.

Студенттерден көп нүктенің орнына бір сөзді жазуы сұралады.

Мысалы: «Ұстаздың кәсіптік парызға негізделген мінез-құлқы туралы ғылым...» (студенттер көп нүктенің орнына «педагогикалық деонтология» сөзін жазу керек); «Тәрбиенің бастауы және қайнар бұлағы, тәрбие жөніндегі халықтың білімі мен тәжірибесі ...» (халықтық педагогика); «Зерттеу объектісі мораль болып табылатын ғылым...» (этика).

Сөз сөйлемнің ортасында да басында да түсіп қалуы мүмкін. «... қоғамдық сана формасы, қоғамдық өмірдің барлық салаларында адамдардың мінез-құлқын реттеу функциясын атқарса, ... ұғымы адамдардың іс-қимылынан, әрекеттерінен танылады». Студенттер сөйлемнің басында «мораль» сөзін, сөйлемнің ортасында «адамгершілік» сөзін жазулары қажет.


  1. Сұрақтарға жауап бер.

«Салт-дәстүр, әдет-ғұрып дегеніміз не?», «Этнопедагогика нені зерттейді?», «Педагогикалық деонтология ұстанымдарын атаңыз?», «Педагогикалық деонтология талаптарын білесіз бе?», «Мұғалімнің іс-әрекетін, рухани дүниесін танытатын «обал», «сауап», «күнә», «парыз», «борыш», т.б. қасиеттерінің қалыптасуы туралы не айта алар едіңіз?», «Қазақ халқының мінез-құлыққа қойған талап-тілектерін атаңыз?». Шығармашылық тестінің тиімді жағы сол, студенттердің шығармашылық қабілетін көрсете білулеріне жол ашады. Шығармашылық тест студенттердің халық педагогикасы туралы білім деңгейлерін анықтауға жол ашады.

Келесі кезекте «Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығы» атты арнайы курсты студенттерге меңгерту алдын-ала жазылған тақырыптық жоспар бойынша жүзеге асты.



Мақсаты: арнайы курстың мақсат-міндетін, мазмұнын, құрал, форма, әдіс-тәсілдерін, тақырыптық, пәнаралық байланысын анықтау.

Объектісі: арнайы курстың студенттердің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру мүмкіндіктері.

Жұмысқа қажетті нұсқаулар:

1. «Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығы» арнайы курсын педагог маман даярлайтын жоғары оқу орнының (С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті) оқу жоспарына енгізу.

2. Арнайы курс бағдарлама мазмұнының болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығына қойылатын талаптарға сай болуын ескерту.

3. Арнайы курс бағдарлама мазмұнының өзара байланысын, тәрбиелік мүмкіндігін анықтау.

4. Арнайы курсты меңгерту нәтижесінде студенттердің халық педагогикасына деген қызығушылығын арттыру.

5. Арнайы курсты меңгерту барысында төмендегі компоненттердің қалыптасуын қадағалау: теориялық білім деңгейін тереңдету, танымдық әрекеттің белсенділігін арттыру, шығармашылық белсенділік қабілетін, сөйлеу дағдысын дамыту.

6. Студенттердің ой-тұжырымдамаларын анықтап, қорытындылау.


жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау