Туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы



жүктеу 0,54 Mb.
бет8/8
Дата16.02.2020
өлшемі0,54 Mb.
#29219
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8

молекулалы-генетикалық әдістерін
(Geno Type ®MTBDR, Xpert MTB/RIF) қолдану тәртібі

      1. Рифампицинге төзімділік РНК белсенділігіне жауапты жалғыз rpoB генінде кодталған, изониазидке төзімділік бірден төрт гендегі мутациялармен бақыланады – katG, inhA, ahpC және oxyR, GenoType ® MTBDR plus-тест жиынтығы қолданылады.


      2. Рифампицинге төзімділікті анықтау rpoB (РНК полимеразаның бета-суббірлігінің кодына жауапты) геніндегі мутацияларды анықтауға негізделген. Изониазидке жоғары деңгейдегі төзімділік katG (каталаза-пероксидазаның бөлінуінің кодына жауапты) геніндегі мутацияларды анықтауға негізделген болса, бұл дәріге төзімділіктің төменгі деңгейі inhA (NADH-Enoyl-АТФ-редуктазаның кодына жауапты) геніндегі мутацияларды анықтауға негізделген.
      3. GenoType ® MTBDR sl-тест жиынтығы 2 күн ішінде ТМБ аминогликозидтер мен фторхинолондарға төзімділікке жауапты гендеріндегі мутацияларды анықтауға мүмкіндік береді, яғни бактериаологиялық анализдердің нәтижесі дайын болғанға дейін көп бұрын науқастарда ДАТ ТБ бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді.

Гендік-молекулалық Xpert MTB/RIF технологиясы

      4. Xpert MTB/RIF – нақты уақытта полимерлі тізбекті реакцияны (ПТР) іске асыратын толық автоматтандырылған жүйе, соның нәтижесінде 2 сағат ішінде ТМБ жиынтығының ДНК детекциясы мен рифампицинге төзімділікке жауапты rpoB геніндегі мутациялар бірдей анықталады.
      5. GeneXpert жүйесіне компьютер, штрих-кодты оқитын сканер және құрамында зерттеу жүргізуге қажетті реагенті бар бір рет қолданылатын картридждер кіреді.
      6. Зерттеуге болатын материалдар: қақырық, БАС, жұлын сұйықтығы, лимфа бездері немесе басқа тіндер.
      7. Зерттеуге қажетті қақырық мөлшері – 3-5 мл. Әрбір үлгі дұрыс таңбалануы тиіс, кем дегенде әмбебап сәйкестендірме нөмірі жазылуы керек. Бұл нөмір сонымен қатар зерттеуге жолдамаға және зертханалық журналға тіркеледі. Үлгіде тағам қалдықтары немесе басқа да қатты қоспалар болмауы тиіс.
      8. Xpert MTB/RIF-ке қажетті картридждер мен реагенттер 2–280C температурада сақталуы тиіс. Картридждердің орамасын ашқаннан кейін 7 күн ішінде өзінің тұрақты қасиеттерін сақтайды.
      9. Реагенттер мен картридждердің жарамдық мерзімі өткен соң қолданылмайды.
      10. Есепке алу, тіркеу және есеп беру. Нәтиже төмендегідей болып беріледі:
      ТМБ анықталған жоқ (теріс нәтиже);
      ТМБ анықталды, Rif resistance анықталған жоқ (оң нәтиже, рифампицинге сезімтал);
      ТМБ анықталды, Rif resistance анықталды (оң нәтиже, рифампицинге төзімді);
      ТМБ анықталды, Rif resistance анықталмады (оң нәтиже, рифампицинге төзімділікті анықтау мүмкін болмады, бұл микроб жасушасының гендік материалының жеткіліксіз болғанына нұсқайды).

Туберкулез бойынша профилактикалық 


іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге
асыру жөніндегі нұсқаулыққа  
20-қосымша          

Қышқылға төзімді микобактерияларды


микроскопиялық анықтау сапасын бақылау

      1. Жүргізіліп отырған зерттеулердің сапасын зертханаішілік бақылау – зертханада істеліп отырған жұмысты жүйелі түрде бақылап, оның тиімділігін бағалау.


      2. Сапаны бақылау микроскопиялық зерттеудің барлық кезеңдерінде жүргізіледі және төмендегілерден тұрады: келіп түскен үлгілердің сапасын бағалау; реагенттер мен бояғыштарды дайындау рецептурасы мен әдістемесін бақылау; жағындыны дайындау әдістемесінің дұрыс болуын қадағалау (бұйымдық шынылардың сапасын қоса); жағындыларды бояу; микроскопиялық зерттеуді жүргізу; нәтижелерді есепке алу және тіркеуді бақылау.
      3. Апта сайын боялмаған екі жағындыны бақылау үшін қолданады, олардың біреуі алдын ала - оң, екіншісі - теріс нәтижелі. Зерттеуді бақылауға арналған жағындылардан бастап, кейін клиникалық жағындыларды тексереді.
      4. Ай сайын микроскопия нәтижелеріне сараптама жасалады: оң нәтижелі жағындыларды анықтау тиімділігі, зерттеу жиілігі, патологиялық материаладың сапасы.
      5. Зерттеу сапасын зертхананың барлық қызметкерлері қамтамасыз етеді.
      6. Микроскопиялық зерттеулердің сапасын сырттай бақылау (ССБ) – зерттеу нәтижелерін жоғары деңгейдегі зертхана нәтижелерімен салыстыру арқылы зертхана жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін үрдіс.
      7. ССБ келесі әдістерді қолдана отырып жүргізіледі: жағындыларды қайта тексерудің «соқыр» әдісі, панельді/жинақтама тесттілеу, бақылау іс-сапарлары:
      1) жағындыларды қайта тексерудің «соқыр» әдісі – зертхананың жұмысын бағалау мақсатында зертханадан таңдалып алынған жағындылардың нақты санын қайтадан микроскопиялық әдіспен тексеру. Қайта тексерудің «соқыр» әдісі ай сайын немесе тоқсан сайын жүргізілуі тиіс;
      2) қайта тексеруге жағындылар іріктеліп алынғанға дейін барлық оң және теріс нәтижелі жағындылар оларды сақтауға арналған қорапшаларда бірге сақталады (ауруды анықтау мақсатында және ем тиімділігін бақылау мақсатында жасалған жағындылар); жағындылар кездейсоқ және репрезентативті әдістермен іріктеп алынады; қайта тексеру «соқыр» әдіспен жүргізіледі, яғни тексеруші адам жағындының бастапқы нәтижесін білмейді; егер нәтижелерде айырмашылық болса, оны екінші тексеруші қарап, соңғы шешімді қабылдайды. Жағындылар нәтижесін ескерместен барлық жағындылардың ішінен таңдалып алынады;
      3) сараптау нәтижелерін бағалаған соң, зертхана бойынша үйлестіруші есеп дайындайды да, қорытындысын зертхана мен ТБ бағдарламасының басшысына жолдайды. Реагенттер мен зертханалық жабдықтардың сапасына байланысты мәселелер шешілген соң, лаборанттың жағындыны микроскоппен тексеру біліктілігін анықтау қажет. Егер ол тесттілеуден өте алмаса, оны қайта оқытып, даярлау керек;
      4) панельді/жинақтама тесттілеу – боялған немесе боялмаған жағындыларды орталық зертханадан шеткі зертханаларға жіберу. Панельді тесттілеуді жүргізу үшін арнайы дайындалған жағындылардың бақылау үлгілерін қолданады;
      5) ҚР шеткі зертханаларды бағалауды арнайы дайындықтан өткен референс-зертхананың мамандары жылына 1 рет жүргізеді. Аралық деңгейде (облыстық, аймақтық) шеткі зертханаларды тоқсан сайын бағалау керек. Бақылау іс сапарлары барысында бақылау парақтарын қолдану қажет, олардың көшірмелері шеткі зертханаға табысталады.

Бактериологиялық зертханалардың жұмыс сапасын бақылау



      8. Бактериологиялық зертханалардың жұмыс сапасын зертханаішілік бақылау төмендегілерге бағытталған: зертхананың орналасуы мен жұмысын ұйымдастыру; зертханалық жабдықтар; материалдың сапасы; материалды өңдеу; реагенттердің сапасы, жарамдық мерзімі және мөлшері; себу әдістемесі мен емшарасы; қоректік орталардың сапасы; қоректік ортада өсу сапасын тексеру; қоректік орталардың тазалығы; талдамаларды тіркеу және нәтижелерін беру; үлгілерді жинау және тасымалдау; келіп түскен үлгілерді өңдеу; реагенттер мен қоректік орталадрдың сапасы; үлгілерді гомогендеу және деконтаминациялау; өсіру әдістері.
      9. Барлық зертханалар ССБ міндетті түрде қатысады.
      Культуральдық зерттеулер мен ДСТ сапасын сырттай бақылауды жыл сайын Ұлттық референс зертхана супранациональді зертханалар жүйесінен алынған тестке арналған 20 штамм жиынтығын қолдана отырып өткізеді және бақылайды.
      10. Тестілеуге арналған өсінділер жиынтығын Ұлттық референс зертхана аралық зертханаларға жолдап, нәтижесін алады. Жиынтық 50% деңгейдегі әр түрлі төзімділік түрі бар 20-30 өсіндіден тұрады (соның ішінде штаммдардың 10 жұп түпнұсқасы да бар).
      11. ДСТ нәтижелерін қайта тексеру барысында олардың 80% сәйкес келсе, ал изониазид пен рифампицин бойынша кем дегенде 95% сәйкес келсе, зертхана жұмысы дұрыс ұйымдастырылған деп саналады. Сезімталдық, айрықшылық және қалпына келушілік тест жүргізіліп отырған бірінші және екінші қатардағы әрбір дәріге жеке есептеледі.
      12. ДСТ ССБ жүргізу үшін өсінділерді еліміздің ішінде тасымалдау «Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды» бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 13 қаулысына сәйкес жүргізіледі.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау