«Тўтынушылардыѕ электр ќондырєыларын техникалыќ пайдалану ќаєидаларын бекіту туралы» Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 24 ќазандаєы №1354 Ќаулысы


Электр берілістің кәбілдік желілері



жүктеу 1,89 Mb.
бет5/8
Дата17.11.2017
өлшемі1,89 Mb.
#1139
1   2   3   4   5   6   7   8
Электр берілістің кәбілдік желілері

 

222. Кернеуі 1000 В-қа дейін және одан жоғары кәбілдік желілерді пайдалануға тапсыру кезінде құрылыс нормалары және қабылдап алудың салалық ережелермен қарастырылған құжаттамалардан басқа тапсырыс берушіге келесі техникалық құжаттама рәсімделіп тапсырылады:



1) барлық келісімдері бар кәбілдік желілердің түзетілген жобасы. 110 кВ және одан жоғары кернеудегі кәбілдік желілерге арналған жоба кәбілдерді дайындаушы зауытпен және пайдаланушы ұйымдармен келісіледі;

2) аталған ауданның трассасындағы коммуникацияның дамуына байланысты 1:200 немесе 1:500 масштабында орындалған жалғамалы муфталар қойылатын орындарын көрсетуімен трассаның атқарушы схемасы;

3) 20 кВ және жоғары кернеудегі кәбілдік желілерге арналған және 6-10 кВ кернеудегі кәбілдік желілердің айрықша күрделі трассаларына арналған жолдар және басқа да коммуникациялармен қиылысатын жерлердегі кәбілдік желілер пішінінің схемасы;

4) барлық жер асты коммуникациялары мен кәбілдердің қиылысатын және жақын жатқан тұстарын көрсетуімен құрылыстар мен жасырын жұмыстарының актілері;

5) ор, блок, құбыр, арналар, туннелдер мен монтаждаудағы коллекторларды қабылдау актілері;

6) кәбілдердің зауыттық паспорты және тиісті сертификаттары;

7) мойындықтағы кәбілдердің жай-күйі актілері және қажет болған жағдайда үлгілерін бөлшектеу және қарап шығу хаттамалары (шетелдік кәбілдер үшін бөлшектеу міндетті);

8) кәбіл журналы;

9) төмен температура кезінде мойындықтағы төсем алдында кәбілдерді қыздыру хаттамасы;

10) кәбілдік муфталарды монтаждау актілері;

11) оқшаулау кедергісін өлшеу нәтижелері туралы құжаттар;

12) жоғары кернеулі кәбілдік желілерді салғаннан кейін оқшаулауды сынау хаттамалары (1000 В аса кернеуімен кәбілдік желілерге арналған);

13) кәбілдік муфталарды монтаждауға арналған актілер;

14) арналар мен орларға салынған кәбілдерді топырақпен жабар алдында қарап шығу актілері;

15) кәбілдік желілерді электрохимиялық тот басудан қорғау бойынша құрылғыларын құрастырып жинау актілері, сонымен бірге, тот басуға жобаға сәйкес жасалған сынау нәтижелері туралы құжаттар;

16) өрт сөндіру және өрт сигнализацияларының тұрақты автоматты қондырғыларын тексеру және сынақ жасау актісі;

17) кәбілдік желіні пайдалануға тапсырып-қабылдау актісі;

Аталған құжаттамалардан басқа кернеуі 110 кВ және жоғары кәбілдік желілерді пайдалануға қабылдау кезінде монтаждау ұйымымен тапсырыс берушіге мыналар тапсырылады:

18) 110-220 кВ кернеудегі төменгі қысымды май толтырылған кәбілдер үшін қосымша қосылу аппаратура мен кәбілдердің атқарушы биіктіктегі белгілері;

19) желінің барлық элементтерінен майды (сұйықты) сынау нәтижелері туралы құжаттар; қысымы жоғары май толтырылған кәбілдер үшін қосымша қосылу агрегаттарын сынау және жүргізіп көру нәтижелері; қысым сигнализациясы жүйелерін тексеру нәтижелері туралы құжаттар;

20) салу кезінде кәбілдің тартылуын күшейту туралы актілер;

21) кәбілдерді салған соң жоғарылатылған электр кернеуімен қорғаушы жабындарға сынау туралы актілер;

22) кәбілдер, муфталар және қосымша қосылу аппаратурасының зауыттық сынау сертификаттары мен хаттамалары;

23) шеткі муфталарды автоматты қыздыру құрылғыларына сынау нәтижелері туралы құжаттар;

24) қысымы төмен май толтырылған кәбілдер мен кернеуі 110 кВ пластмассалы оқшауланған кәбілдердің әрбір фазасын ток жүретін талсымдар және қалқалары (экрандары) бойынша токты өлшеу нәтижелері; кәбілдердің сыйымдылығын өлшеу нәтижелері туралы хаттама;

25) құдықтар мен шеткі муфталарды жермен қосу кедергілерін өлшеу нәтижелері туралы хаттама.

223. Жаңадан салынған кәбілдік желілерді пайдалануға қабылдау кезінде электр қондырғылары құрылғыларының қағидалары талаптарына сәйкес сынау жүргізіледі.

224. Пайдаланушы ұйым монтаждау ұйымдармен атқарылатын барлық кернеулі кәбілдік желілердің салынуы мен монтаждалуына техникалық бақылау жүргізеді.

Құбыршекті жабылған сауытсыз кәбілдердің салынуы және пайдаланылуына бақылау жасау кезінде құбыршектің жай-күйіне айрықша көңіл бөлінеді. Байланған, сызат түскен құбыршекті кәбілдер жөнделуі немесе алмастырылуы керек.

225. Пайдалануға кіру кезінде әрбір кәбілдік желілер үшін мүмкіндігі жоғары ток жүктемелері қойылады. Жүктемелер ұзындығы кемінде 10 м ең жаман жылулық жағдайлары болатын трасса учаскесі бойымен анықталады. Бұл кезде ысып кетуі ауытқудың ең жаман жағдайларымен трасса учаскелерінде тексеріледі.

226. Кәбіл құрылысын салу және басқа да үй-жайларда желдетілетін құрылғылардың жұмысы және ауа температурасы арқылы кәбіл жұмысының жылу режиміне жүйелі бақылау ұйымдастырылады.

Кәбілдік туннелдер, арналар мен шахталар ішінде ауа температурасы жазғы уақытта сыртқы ауа температурасынан 100С-ге жоғары сақталынуы керек.

227. Апатты жою кезеңінде кернеуі 10 кВ оқшаулағышы қағазға сіңірілген кәбілдер үшін тәулігіне 6 сағатқа созылатын 5 тәулік ішінде, бірақ жылына 100 сағаттан аспайтын, егер осы тәуліктердің қалған кезеңдерінде жүктемесі ұзақ мүмкіндігінен артып кетпейтін болса, онда 30 %-дағы тогы бойынша шамадан тыс жүктеме рұқсат етіледі. 15 жылдан астам пайдаланылуда болған кәбілдер үшін шамадан тыс жүктемесі 10 %-ға дейін төмендетіледі. Кернеуі 20 және 35 кВ оқшаулау қағазға сіңірілген кәбілдердің шамадан тыс жүктемелеріне тыйым салынады.

228. Апаттарды жою кезеңінде полиэтилен және поливинил-хлорид пластикат арқылы оқшауланатын кәбілдер үшін тәулігіне 6 сағатқа созылатын 5 тәулік ішінде, бірақ жылына 100 сағаттан аспайтын, егер, осы тәуліктердің қалған кезеңдерінде жүктемесі ұзақ мүмкіндігінен артып кетпейтін болса, онда тогы бойынша 15%-на және резеңке мен вулканизацияланған полиэтилен арқылы оқшауланатын кәбілдер үшін - 18%-на шамадан тыс жүктемеге рұқсат етіледі. 15 жылдан астам пайдаланылуда болған кәбілдер үшін шамадан тыс жүктемесі 10%-ға дейін төмендетіледі.

229. Май толтырылған кәбілдер немесе оның бөлігінен кернеуі 110-220 кВ әрбір кәбілдік желілер үшін желінің пішініне қарай, жергілікті нұсқаулықтармен май қысымының ықтимал шекті мәндері анықталады, ол ауытқыған кезде кәбілдік желілер бұзылу себептерін айқындау және жою шараларынан кейін ғана өшіріп қосады.

230. Май толтырылған кәбілдерден майын және кернеуі 110 кВ пластмассалық оқшаулау кәбілдердің шеткі муфталары мен сұйықтары сапасын сынаққа алу жаңа желіні қосар алдында, бір жылдан кейін, бұдан соң - 3 жылдан кейін және келесі 6 жыл сайын іріктеліп алынады. Май мен сұйықтың бақыланатын өлшемдерінің мәндері нормалардың талаптарына сәйкес келеді.

231. Оқшауланған немесе байтарапқа ауыстырылған тораптарда жерге бір фазалық тұйықталуы кезінде персонал бұл туралы қоректеуші қосалқы станция кезекшісіне немесе электрмен жабдықтаушы ұйымның торап бойынша кезекшісіне дереу хабарлап, одан әрі соның нұсқауымен әрекет жасайды.

232. Кәбілдік желілердің жүктемелері Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген мерзімде мезгіл-мезгіл өлшенеді. Осы өлшемдердің деректері негізінде кәбілдік желілер жұмысының схемалары мен режимдері анықталады.

233. Кернеуі 35 кВ-ға дейінгі кәбілдік желілерді қарап шығу мына мерзімдерде жүргізіледі:



1) жерге салынатын кәбіл трассалары - үш айда бір рет;

2) эстакадалар, туннелдер, блоктар арналар, қысаң жолдар және ғимарат қабырғалары бойынша салынған кәбілдік трассалар - 6 айда бір рет;

3) кәбілдік құдықтарда - екі жылда бір рет;

4) су асты кәбілдері - жергілікті нұсқаулықтар бойынша кәсіпорынның электр шаруашылығына жауапты адамының белгілеген мерзімінде.

234. Кернеуі 110-220 кВ кәбілдік желілерді қарап шығу:



1) жерге салынған кәбілдік трассалар - айына бір рет;

2) коллекторлар мен туннелдерде қосылған салынған кәбілдік трассалар - үш айда бір рет;

3) май (сұйық) қысымының сигнализациясы болған жағдайда қосымша қуат алушы пункттерді - айына бір рет;

4) су асты кәбілдері мен май (сұйық) қысымының сигнализациясынсыз қосымша қуат алушы пункттерді - жергілікті нұсқаулар бойынша кәсіпорынның электр шаруашылығына жауапты адамының белгіленген мерзімінде.

Ашық салынған кәбілдік желілер үшін кернеуі 1000 В-тан жоғары кәбілдік муфталарды қарап шығу электр жабдығын әрбір қарап шығу кезінде жүргізіледі.

235. Кәбілдік желілерді мерзімді, бірақ алты айда бір рет іріктеп қарап шығуды инженер-техникалық персонал жүргізеді.



Су тасқындары кезеңінде нөсерлі жаңбырдан кейін және релелі қорғаушы кәбілдік желілердің істен ажыратылуы кезінде кезектен тыс қарап шығулар өткізіледі.

Қарап шығу кезінде байқалған олқылықтар туралы мәліметтерді ақаулар және олқылықтар журналына жазылып қойылады. Олқылықтар қысқа мерзімдерде жойылуы керек.

236. Персонал тұрақты кезекшілік атқаратын қосалқы станциялардағы туннелдер (коллекторлар), шахталар және арналарды қарап шығу айына бір рет, персонал тұрақты кезекшілік атқармайтын қосалқы станциялардағы осындай құрылыстарды қарап шығу - жергілікті нұсқаулықтар бойынша кәсіпорынның электр шаруашылығына жауапты адамының белгілеген мерзімінде жүргізіледі.



Жергілікті нұсқаулықтарда кәбілдік құрылыстарда болатын өрт сигнализациясы мен өрт сөндіру құрылғыларының жұмыс қабілеттілігін тексеру мерзімдері белгіленеді.

237. Туннелдер, коллекторлар, арналар және басқа да кәбілдік құрылыстар таза күйінде ұсталуы керек, кәбілдік құрылыстарда салынатын мырышталмаған металл беренді кәбілдер мен кәбіл салынатын мырышталмаған металл құрылымдары жанбайтын, тот басуға қарсы қоспалармен кезеңді жабылады.



Кәбілдік құрылыстарда қандай да бір материалдарды сақтауға тыйым салынады.

Су тиетін кәбілдік құрылыстар топырақ және жаңбыр суларын бұрып жіберуге арналған құралдармен жабдықталады.

238. Электрлендірілген рельстік көлігі бар немесе кәбілдік желілерді топырақ басып қалатын аудандарда жылжымалы токтарды өлшеулер болады, топырақ құрамы бұзылған аймақтардың картасы мен кәбілдік желілердің (немесе оның жекелеген учаскесінің) әлеуетті диаграммасы құрастырылып, жүйелі түрде түзетулер жүргізіледі. Барлық жерасты коммуникациялары үшін тот басуға қарсы бірлескен қорғаныс ұйымдастырылған қалаларда әлеуетті диаграммаларды алып тастау талап етілмейді.



Кәбілдердің күш-қуаттары құбырлармен күшті кәбілдердің жақындасатын жерлері мен тот басудан қорғайтын қондырғылармен жабдықталатын кәбілдер учаскелерде катодтық қорғауышы бар жылжымалы тоқ аймақтарында өлшенеді. Құбыршекті қорғаушы жабыны бар кәбілдерде тот басуға қарсы жабынның жай-күйін бақылау керек.

239. Иелігінде кәбілдік желілер бар кәсіпорын белгіленген талаптарға сәйкес жердегі жылжымалы токтардың мәндерін азайту бойынша іс-шараларды электрлендірілген рельстік көліктің басқармалары мен қызметтерінің орындауын бақылайды.



Кәбілдік желілерде электрлік, топырақты немесе химиялық тоттану салдарынан металл қабықшаларының бұзылу қаупі байқалуы кезінде оны болдырмауға тиісті шаралар қолданылады.

Кәбілдік желілердегі қорғалатын құрылғыларға жергілікті нұсқаулықтарға сәйкес қадағалау белгіленеді.

240. Кәбілдік трассаларды қазып алу немесе соларға жақын тұста жер қазу жұмыстары тек кәбілдік желілерді пайдаланушы ұйымдардың кәбілдік желілердің орналастырылуы және жату тереңдігі көрсетіліп, жоспарының (схема) қосымшасы бірге берілетін жазбаша рұқсаты болғанда ғана жүргізіледі. Электр берілістің кәбілдік желілерінің тұрған орны схемада да, жұмыс атқарылатын орында да тиісті белгілері немесе жазылымдар арқылы белгіленеді. Бұл кезде орындаушы жұмыстың барлық кезеңінде кәбілдердің сақталуын, ал қазылып алынатын кәбілдерді олардың салбырауын болдырмау және механикалық бұзушылықтардан қорғау үшін бақылауды қамтамасыз етеді. Жұмыс орнында сигналдық оттар мен ескерту плакаттары қойылады.

241. Қазып ашуды бастар алдында кәбілдердің орналасуын және олардың жату тереңдігін анықтау үшін кәбілдік желілерді пайдаланушы Тұтынушының электротехникалық персоналы бақылайтын электр берілісі кәбілдік желісінің шурфтауы (қосымша ашу) жүргізіледі. Оларды қазып тастау уақытында схемада көрсетілмеген құбырлар, белгісіз кәбілдер немесе басқа да коммуникациялардың табылуы кезінде жұмысты тоқтатып бұл туралы электр шаруашылығына жауапты адамға хабарлау керек. Кәбілдер және жерасты құрылыстары табылған орындарда орлар мен шұңқырларды қазғанда өте сақ болу қажет, ал 0,4 м және одан да артық тереңдікке тек күректер қолданылады.

242. Қыс айларында кәбілдер өтетін жерлерде 0,4 м астам тереңдікте қазу жұмыстары топырақты жібіту арқылы атқарылады. Бұл кезде жібітілетін беткі жағынан кәбілдерге дейінгі аралықта қалыңдығы 0,15 м топырақ қабаты сақталуын тексеріп отыру қажет. Жібіген топырақты күрекпен лақтыру керек. Сүймен және сол секілді аспаптарды қолдануға тыйым салынады.

243. Кәбілден 1 метрге жуық қашықтықта жер қазатын машиналар мен топырақ қазуға, сонымен қатар, салынған кәбілдердің қалыпты тереңдігі кезінде 0,4 метрден астам тереңдікте жатқан кәбіл үстіндегі топырақты қопсыту үшін ұрғыш балғаларды, сүймен және қайланы пайдалануға тыйым салынады.

Соққылы және тербелмелі батырылатын механизмдерді қолдану кәбілдерден кемінде 5 м қашықтықта рұқсат етіледі.

Жару жұмыстарын жүргізу үшін қосымша техникалық шарттар беріледі.

244. Иелігінде электр берілісінің кәбілдік желілері бар кәсіпорын, кәбілдік трассалар өтетін ауданның ұйымдары мен тұрғындарын осы трассаларға жақын маңда жер қазу жұмыстарының тәртібі туралы мерзімді хабардар етеді.

245. Электр берілістің кәбілдік желілері сынау нормаларының талаптарына сәйкес тұрақты токтың жоғары кернеуі арқылы мерзімді алдын алу сынауға тартылады.

Кәбілдік желілерді кезектен тыс сынау қажеттілігін, мысалы, жөндеу жұмыстарынан немесе топырақ ашуға байланысты қазып ашудан кейін, сонымен бірге, кәбілдік желілердің автоматты істен ажыратылуынан кейін осы желі өз қарамағында болатын ұйым басшылығы анықтайды.

Кернеуі 110-220 кВ кәбілдік желілерді сынау тек электрмен жабдықтаушы ұйымның рұқсатымен ғана жүргізіледі.

246. Кернеуі 20-35 кВ кәбілдердің тігінен тартылған учаскелерінде оқшаулауының кептірілуі салдарынан электр тогының үзіліп қалуын болдырмау үшін оларды кезеңді алмастыру немесе тоқтатқыш муфталар қойылуы қажет.



Кәбілдерге 20-35 кВ кернеу кәбіл желісі үшін оқшаулағыш пластмассасы және сіңіру массасы бар ағып кетпейтін немесе газ толтырылған кәбілдерге мерзімдік ауыстыру және тік учаскесі үшін қосымша жай-күйді оқшаулауды бақылау талап етілмейді.

247. Зақымдалған кәбілдер мен бұзылған кәбілдік муфталардың үлгілері жұмыста оқшаулаудың электр тескілеуі кезінде немесе алдын ала жасалатын сынаулар болғанда оның себептерін айқындау және оларды ескерту жөнінде іс-шаралар әзірленуімен зертханалық зерттеулерден өткізіледі. Дайындаушы зауыттарға наразылықтарын білдіру кезінде зауыттық ақаулары бар, зақымдалған үлгілер сарапшылардың қарап шығуы үшін сақталады.

 

 

Электр қозғалтқыштары



 

248. Осы тарау айнымалы және тұрақты токты электр қозғалтқыштарына қолданылады.

249. Электр қозғалтқыштар, іске қосып реттеуші және қорғаушы құрылғылары, сондай-ақ барлық электр және оларға көмекші құрал жабдығы Электр қондырғы құрылғылары қағидаларының талаптарына сәйкес таңдалады және белгіленеді.

250. Электр қозғалтқыштары және олар қозғалысқа келтіретін механизмдерге айналу бағыттарын көрсетуші сілтеме белгілері сызылып түсіріледі.

251. Электр қозғалтқыштары мен жүргізіп реттеуші құрылғыларында солар кіретін агрегат пен механизмнің атауы көрсетілетін жазулар болады.

252. Сақтандырғыштардың балқығыш ендірмелеріне сақтандырғыштарды калибрлеуге тиісті жабдығы мен құқығы бар дайындаушы зауытта немесе тұтынушының бөлімшелерінде енгізілген ендірменің номиналды тогын көрсетумен тиісті жабдығы ендірмесінің нақты көрсеткішті тогын көрсетумен калибрлеу мен таңба түсіріледі. Кернеуі 1000 В-қа дейінгі электр қозғалтқыштарын қорғау үшін үш полюстік автоматты айырғыштар қолданылады.

253. Электр қозғалтқыштар электр қоректендіргішінің уақытша үзілісі кезінде технологиялық үрдістерінің жағдайлары бойынша және мүмкіндігінің қауіпсіздік жағдайлары бойынша жұмыс механизмдерін сақтау үшін кернеудің қайта берілуі кезінде электр қозғалтқыштарының маңызды механизмдерінің өздігінен қосылуы қамтамасыз етіледі.

254. Өздігінен қосылуға қатысушы маңызды механизмдер тізбесін тұтынушының техникалық басшысы бекітеді.

255. Шаңды үй-жайлар және ылғалдылығы жоғары үй-жайларда орнатылатын, үрлеп тазартылатын электр қозғалтқыштары, температурасы, оның мөлшері зауыттың нұсқаулықтарының талаптарына сәйкес келетін және салқындатылатын таза ауаны жеткізуші құрылғылармен жабдықталады.

256. Салқындату жолының тығыздығы (электр қозғалтқыш корпусының ауа кіретін жолдары, жапқыштары) жылына кемінде бір рет тексеріледі.

257. Статордың тез қызып кететін болаттары мен ротор орамалары сумен салқындатылатын, сондай-ақ, сулы ауа салқындатқышы ішіне қойылған электр қозғалтқыштары корпуста судың пайда болғаны туралы сигналды белгі беретін құрылғылармен жабдықталады. Жабдық пен су салқындатқыш жүйелері аппаратурасын пайдалану, судың сапасы зауыттық нұсқаулықтары талаптарына сәйкес келеді.

258. Мойынтіректерді мәжбүрлеп майлағышы бар электр қозғалтқыштарында мойынтіректер сыналары температурасының жоғарылауы немесе май келуінің тоқтауы кезінде сигнал беруге әсер етуші және электр қозғалтқышты өшіретін қорғаушы қойылады.

259. Таратқыш құрылғылардың шиналарындағы кернеу нақты көрсеткішті мәнінен 100-105% шектерінде ұсталуы қажет. Электр қозғалтқыштарының көпке жарамдылығын қамтамасыз ету үшін кернеуінің 110% жоғары болуы кезінде пайдаланылады және нақты көрсеткішінен 90%-ға төмен қолдану ұсынылмайды.



Қосымша қуат алушы торап жиілігінің нақты көрсеткіші мәнінен +2,5% шектерінде өзгеруі кезінде қуаты нақты көрсеткішті электр қозғалтқыштар жұмысына рұқсат беріледі.

Электр қозғалтқыштарының нақты көрсеткішті қуаты жоғары кернеу және төменгі жиілігімен немесе төменгі кернеуімен және жоғары жиілігімен жұмысы кезінде кернеуі мен жиілігі ауытқуының абсолюттік мәндер сомасы 10%-нан аспайтын шарттары болуы кезінде нақты кернеудің бір мезгілде +10%-ға дейін және жиілігі +2,5%-ға дейін ауытқулары сақталады.

260. Электр қозғалтқыштарының топтық құрамалары мен қалқандарында кернеудің бар екендігін бақылайтын вольтметрлер қарастырылады.

261. Технологиялық процесі статор тогы бойынша реттелетін механизмдердің электр қозғалқыштары, сондай-ақ технологиялық асқын жүктемелерге тап болатын механизм жүргізілетін қалқанда немесе оның бөліктерінде орнатылатын амперметрлермен жарақтандырылады. Амперметрлерді синхрондық электр қозғалтқыштарының қоздыру тізбектеріне қосу керек. Амперметр шкаласында статор (ротор) тогының ұзақ мүмкіндікті немесе нақты көрсеткішті мәніне сәйкес келетін қызыл сызығы болады.

Маңызды механизмдер жетегі үшін пайдаланылатын тұрақты тогы электр қозғалтқыштарында олардың қуаттылығына қарамастан, зәкірдің тогы бақыланады.

262. Қысқа тұйықталған роторлы электр қозғалтқыштарын, егер, зауыттық нұсқаулықпен жүргізудің басқа мөлшері көрсетілмеген болса, онда суып тұрған жай-күйінен қатарынан екі рет жүргізуге рұқсат етіледі, ал ыстық күйінде - бір рет. Келесі жүргізу электр қозғалтқыш салқындаған соң, электр қозғалтқыштарының типіне арналған зауыттық нұсқаулық арқылы анықталатын уақыт ішінде рұқсат етіледі.



Электр қозғалтқыштарының қайтадан қосылуына оларды негізгі қорғанысымен өшірілген жағдайда, оқшаулама кедергісіне бақылаулы өлшеулер жүргізіп, зерттегеннен кейін рұқсат етіледі.

Электр қозғалтқыштарының резерві болмайтын маңызды механизмдері үшін бір рет қайталап қосудың негізгі қорғауышы әсер еткен соң, қозғалтқыштың сыртын қарап шығу нәтижелері бойынша рұқсат беріледі.

Резервтік қорғауыштарының әсер етуі жағдайында өшіп қалу себептері анықталғанға дейін электр қозғалтқыштарын қайталап қосуға рұқсат етілмейді.

263. Ұзақ уақыт бойы резервте тұрған электр қозғалтқыштары оларды дереу жүргізуге үнемі дайын тұрады, оларды Тұтынушының техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша механизмдермен бірге жүргізіп көру және мерзімді қарап шығу қажет. Бұл кезде жылытылуы жоқ сыртта тұрған, қыздырғыш құрылғылары болмайтын электр қозғалтқыштарындағы статор орамалары оқшауламасының кедергісі мен жұтылу коэффициенті тексеріледі.

264. Электр қозғалтқыштарының механизмдерімен тұтастырылған мойынтіректерде тігінен және көлденеңінен өлшенген құрастырушы дірілді тербелістер (дірілді тербеліс жылдамдығының орташа шаршысы (квадраттық) мәні немесе тербелістің еселенген амплитудасы) зауыттық нұсқаулықтарда көрсетілген мәндерінен аспайды.

Техникалық құжаттамада мұндай нұсқаулар болмаған кезде, электр қозғалтқыштары механизмдерімен тұтастырылған мойынтіректердің дірілді тербелістері келесі мәндерден жоғары болмайды:

айналудың қосарлы

жиілігі, айн/мин.          3000 1500 1000 750 және одан аз

мойынтіректер тербеліс-

терінің еселенген ампли-

тудасы, мкм                  30   60   80  95

Электр қозғалтқыштарының механизмдерімен тұтастырылған, айналушы жұмыстық бөліктері тез тозатын, сонымен бірге, пайдалану мерзімдері он бес жылдан асатын дірілді тербелісінің жоғары болу себептерін жою үшін қажетті уақыт ішінде электр қозғалтқыштары ауыр жағдайда жұмыс істеуші мойынтіректердің дірілді тербелістері жоғары болатын агрегаттар жұмысына рұқсат беріледі. Бұл жағдайлар үшін дірілді тербеліс нормалары мынандай мәндерден асып кетпеуі керек:

айналудың косарлы

жиілігі, айн/мин.          3000 1500 1000 750 және одан аз

мойынтіректер тербе-

лістерінің еселенген

амплитудасы, мкм             30  100  130 160

Маңызды механизмдер электр қозғалтқыштары мойынтіректерінің дірілді тербелісін өлшеу кезеңділігі Тұтынушының техникалық басшысы бекітетін кесте бойынша белгіленеді.

265. Щеткалы аппараты болатын, дірілді-тербелісті қозғалтқыштардың жүктемесін, элементтер температурасы мен электр қозғалтқыштарының салқындатылатын ортасын (орама мен статордың өзекшесі, мойынтіректер ауасын т.б.) бақылау жасауды, мойынтіректер майдың талап етілетін деңгейін ұстау және орамалар мен ауа салқындатқышқа сумен салқындатылған ауаны жеткізетін құрылғыларды күтіп ұстау, сонымен қатар, электр козғалтқышын жүргізу және тоқтату бойынша операцияны бөлімшенің механизмге қызмет көрсетуші персоналы жүзеге асырады.

266. Электр қозғалтқыштары келесі жағдайларда желілерден дереу өшіріледі:

1) адамдар жазатайым жағдайға ұшыраған кезде;

2) электр қозғалтқыштарының корпусынан, сондай-ақ, оны жүргізіп реттеуші аппаратура мен қоздырғыш құрылғысынан түтін немесе от шыққан жағдайда;

3) жетекті механизм сынып қалған жағдайда;

4) агрегат мойынтіректерінің дірілді тербелістері күрт ұлғаюы кезінде;

5) мойынтіректерді дайындаушы зауыт нұсқаулығында белгіленген температура мүмкіндігінен жоғарылап, ысып кетуі кезінде.

Пайдаланылатын нұсқаулықтарда электр қозғалтқыштары дереу өшірілуге тиісті басқа да жағдайлары көрсетілуі мүмкін, сонымен қатар, электр қозғалткыштарын жүргізу және апатты жай-күйін жою тәртібі де анықталады.

267. Электр қозғалтқыштарын жөндеу және алдын ала сынауларын жасау, жөндеу кезінде оларды тұрған орнынан шығарып алу және қайта қоюды тұтынушының немесе мердігерлік ұйымның оқытылған персоналы жүргізеді.

268. Электр қозғалтқыштарын күрделі және ағымдағы жөндеу кезеңділігін тұтынушының техникалық басшысы анықтайды. Электр қозғалтқыштарын жөндеу жетекті механизмдерді жөндеумен бір мезгілде жүргізіледі.

269. Электр қозғалтқыштарына алдын алу сынау және өлшеу электр жабдығының сынау нормаларына сәйкес өткізіледі.

 

 


жүктеу 1,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау