Түсінік хат 4 Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы 9



жүктеу 0,63 Mb.
бет2/3
Дата14.02.2018
өлшемі0,63 Mb.
#9514
1   2   3

Үлгі:

Өмірбаян
Мен, Қайырханова Сания Рымбековна, 1970 жылы, 10 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласында тудым. Әкем Қайырханов Рысбек Рақымғалиұлы - адвокат, шешем Рымгүл Хайроллақызы - зейнеткер.

1977 жылы Ақсай қаласының №3 орта мектебінің бірінші сыныбына оқуға бардым. Мектепті 1986 жылы бітірдім.1986 жылы Орал педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түстім. 1992 жылы  аталған институтты бітірдім. Осы жылдан бастап Орал қаласының №10 орта мектебінде мұғалім болып қызмет етіп келемін.Тұрмыстамын. Жұбайым Әсет Болатханұлы. “Астана құрылыс” мекемесінде прораб болып жұмыс істейді.Екі балам бар.

Мекен - жайым: Орал қаласы, Абай даңғылы, 22- үй, 36- пәтер.

 

07.09.06ж.                                                        қолы   / Қайырханова С.Р./



 

Тапсырма: Әкең  туралы  мәліметтерді  толтыр

Аты – жөні_________________________________________________

Ұлты________________________________________________________

Туған жылы, күні айы__________________________________________

Туған жері___________________________________________________

Отбасы жағдайы______________________________________________

Білімі_________________________________________________________

Бітірген оқу орны________________________________________________

Мамандығы___________________________________________________

Жұмыс орындары, қызметі_______________________________________

Қосымша мәліметтер_______________________________________________

Әкеңнің өмірбаяны туралы айт.


***

Басқару-реттеу қызметіне қатысты құжаттар.Еңбек қарым-қатынастары, басқару қызметі күрделенген, ақпараттар ағыны барынша ұлғайған қазіргі заманда ресми іс қағаздарының түрлері де өте көп. Мәселен, мекемені, ұйымды басқару, әкімшілік мәселелеріне қатысты ресмиқұжаттардың түрлері сан алуан. Олар: өтініш, бұйрық, арыз, тіркеу қағаздары, аннотациялық парақ, өмірбаян, түйіндеме, мінездеме, жеке іс парағы, хабарландыру, хаттама және т.б.

ҚР заңдарына сәйкес ҚР азаматтары мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды адамдардың аттарына хабарламалар (обращение) жібереді. Олар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Хабарламада аты-жөні көрсетілген лауазымды адам немесе мемлекеттік басқару органының басшысы оны дер кезінде қарауға, ол жөнінде тиісті шешім қабылдауға және белгіленген мерзімде нақты жауабын беруге міндетті.

Хабарламаның үш түрі бар: өтініш, арыз және ұсыныс. Олар мазмұны жағынан әр түрлі болып келеді. Өтініште азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын хабарлама жасалады. Жеке адам өзіне берілген құқықтарды пайдалану үшін өтініш жазады. Сонымен қатар өзі оқитын оқу орнында, жұмыс істейтін ұжымдарда, мекемелерде, өзі тұратын тұрғын үйлерде, мемлекеттік органдар қызметінде байқалған кемшіліктерді атап жазады.

    Өтініш - жазбаша, ресми түрде баяндалған өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы ресми құжат. Өтініш жазылатын негізгі жағдайлар:

-          жұмысқа қабылдау;

-          жұмыстан босату;

-          басқа жұмысқа ауыстыру;

-          кезекті демалыс сұрау;

-          кезектен тыс демалыс сұрау;

-          материалдық көмек, пәтер беру туралы сұрау;

-          мектепке қабылдау, балабақшадан орын бөлу туралы сұрау;

-          жалақыны көтеру туралы өтініш білдіру және т.б.

Өтініш білдіру үшін қолданылатын синтаксистік құрылымдар:

-          менің мекен жайыма жолдауыңызды сұраймын;

-          аса қажет болғандықтан өтініп сұраймын;

-          осы мәселенің дұрыс шешілуіне мұрындық болсаңыз;

-          анықтауыңызды сұраймын;

-          көлемінде қаржылай көмек беруіңізді сұраймын.

Өтініш - мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір тілек - өтінішті білдіретін құжат.

- мекеменің толық аты:

- басшысының қызметі, атағы;

- өтініш иесінің  аты - жөні, мекен - жайы, телефоны;

- құжаттың аты;

- мәтіні;

- жазылған мерзімі;

- өтініш иесінің қолы.

Өтініш


Мені №30 орта мектепке орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі ретінде қызметке қабылдауыңызды өтінімін.

Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырамын:

1. Жоғары білім туралы диплом;

2. Төлқұжаттың көшірмесі;

3. Өмірбаян;

4. Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс қағазы;

5. Медициналық кітапша.

***


Кепілхат

Кепілхат (ағылш. Mortgage) тұлғаның өз борышы үшін жерді, ғимарат немесе оған тиесілі басқа бір мүлікті, кепілге салуға келіскендігін растайтын және борыш қайтарылмаған жағдайда несиегерге кепілге салынған мүлікті иелену құқығын беретін заңды құжат. Кепілхат борышкермен есеп айырысқан сәтке дейін, несиегердіңколында болады, есеп айырысқаннан кейін кепілхат жойылады.

Орал қаласы, 1999 жыл, 17 қараша

№7 нотариалдық кеңсе 1999 жыл,17 қараша.


Мен, Байболов Ұлықбек Сәрсенұлы, мекен- жайымОрал қаласы, Бейбітшілік көшесі, 41-үй, 72-пәтер, жеке басының куәлігін № 91957563, ҚР ІІМ 1998 жылы 07 сәуірде алған, Орал қаласы, Қонаев көшесі, 114-үй, 7-пәтерде тұратын азамат Керімбекова Жұлдыздан 100000 мың (жүз мың теңге) алдым.

Өз міндеттерімді орындауға:

-    келісімшартқа сәйкес пайызын төлеп тұруға;

-    алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға;

-    келісімшарт талаптары орындалмаған жағдайда айып төлеуге;

-  мекен - жайым өзгерген жағдайда бұл туралы үш күн мерзім ішінде хабарлауға кепілдік беремін.

Осы кепілхат үш дана етіп жасалған, бір данасы Орал қаласы №7 нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы азамат Керімбекова Жұлдызда, үшінші данасы Байболов Ұлықбек Сәрсенұлында сақталады.

Тараптардың қолы.

***

Еңбек құқығының қайнар көздері деп енбек қатынастары саласындағы өкілетті органдардың барлық қажетті жағдайларда қолдануға болатын нормативтік нұсқаулары белгіленген құқықтық актілерді айтады.



Еңбек заңнамасына мынадай еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер кіреді. Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу негіздерін айқындайтын, тікелей қолданылатын басты заң ҚР Конституциясы. Барлық еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер Конституцияға сәйкес келуге тиіс.Еңбек кодексі және соған сәйкес қабылданған заңдар және ҚР Президентінің жарлықтары;

ҚР Президентінің жарлықтары;

ҚР Үкіметінің қаулылары;

ҚР Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары;

ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;

Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік кұқықтык актілері;

Жергілікті мәслихаттардың өз құзыреті шегіндегі нормативтік актілері;

Локальды (жергілікті) нормативтік актілер;

Жұмыс берушінің актілері.

ҚР Парламентіның қаулылары - егер актілерде өзгеше көрсетілмесе, ресми түрде жарияланған алғашқы күннен бастап занды күшіне енеді.

ҚР Конституциялық кеңесінің қаулылары - оларды қабылдаған күннен бастап заңды күшіне енеді.

Қазіргі  кезде  еңбек  құқығы  қатынастарына субъектілер ретінде еңбекке қабілетті азаматтар, ұйымдар, еңбек ұжымдары, кәсіптік одақтар және   мемлекеттік  органдар  қатысады.  Еңбек  құқығының  субъектісі  болу үшін  еңбек  құқығының  аталған  барлық  субъектілері  заңға  сәйкес  арнайы қасиетке - құқықтық мәртебеге ие  болуы  тиіс.


***

Мәміле - азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері.



Мәміле - бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс- әрекеттерінің нәтижесі. Барлық әрекеттер заңды және заңсыз болып бөлінеді. Мәмілені жасау заңды әрекет болып табылады және ол заңға сәйкес келеді.

Мәміле- арнайы нәтижеге жетуге бағытталған әрекеттер. Арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталғандықтан мәмілені әкімшілік актілермен жақындастырады. Әкімшілік актілер дегеніміз - жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен индивидуалды мағынадағы мемлекеттік басқару органдарының актілері. 

Шарт дегеніміз - екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі.

Шарт еркіндігі - шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің кағидасы:


  • шартты жасау еркіндігі;

  • шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;

  • жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;

  • тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;

  • тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдіреді.

***

Мінездеме (характеристика) - мекеме, өндіріс, ұйым басшыларының тарапынан жеке адамға берілетін ресми құжат. Мұнда ұжым мүшесінің болмысы мен жұмысы, қоғамдық іс әрекеттері туралы пікір білдіріледі. Мінездемеде құжат берілетін адамның толық аты-жөні, туған жылы жазылып, оның іскерлік (жұмысқа, оқуға қабілеті, мекеменің қоғамдық өміріне қатысы және т.б.), моральдық қасиеттері жан-жақты көрсетіледі. Сонымен бірге, ол адамның бойындағы кемшілік қасиеттері де аталуға тиіс.

Мінездеме нақты, объективті, дәл және толық болуы керек. Мінездеме басқа мекеме (сот, прокуратура) сұраған жағдайда, оқуға, аспирантураға, магистратураға түсу кезінде, сондай-ақ қызметкердің, маманның кәсіби біліктілігін көрсету мақсатында беріледі.

Мінездемеде көрсетілетін міндетті мәліметтер:

1.    Жеке адам туралы негізгі мәліметтер:

-          аты-жөні;

-          ұлты;

-          әскери қызметке қатысы;

-          отбасы жағдайы;

-          білімі;

-          лауазымы;

-          туған жылы;

-          тұған жері;

-          азаматтығы;

2.    Қызмет істеген орны, атқарған жылдары.

3.    Жеке басының қасиеттері. Өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қарым-қатысы.

4.    Мінездеме қайда берілді.

5.    Мекеме басшысының қолы.

6.    Мінездеме берілген мерзімі (айы, күні, жылы), мекеменің мөрі.

Мінездеме түрлі мекеме, ұйым, бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндык, біліктілік, кәсіптік, адамшылдық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс кағазының бір түрі.

Қызметтік мінездеме - мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы. Қызметкерді объективті әрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стильде жазылады және құжат мазмұнын түйіндейді.

Мінездеме қызметкерді басқа бір вакансияға я болмаса оқу орнына ұсыну мақсатында да жазылады. Мұнда ұсынылған адамның аталған вакансияға қажет деген мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады.

Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарып отырған қызмет орнына лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілген аттестация қорытындысына орай жазылады. Мұндай мінездеме қорытындысында «атқарып отырған қызметіне лайық», «қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық» немесе «атқарып отырған қызмет орнына лайық емес» деген сияқты түйінді сөздер жазылады.

Жеке (функциональды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділігін т.б. сипаттай отырып жазылады. Қорытынды бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылғандығы атап көрсетіледі. Мысалы, «Еңбек келісімін ұзарту үшін» т.б.

Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек.

Мінездеме 2 дана етіп жазылады бірі талап етуші мекемеге жіберіледі, екіншісі мінездеме иесінің жеке ісіне я мінездемелер тіркелетін іске тігіледі. Барлық мінездемелерге мекеме мөрі басылады.

Мінездеме мынадай жағдайларда жазылады:


  • Оқуға немесе аспирантураға түсу үшін;

  • Қызметкердің лауазымын көтеру үшін;

  • Әскери комиссариатқа тапсыру үшін;

  • Кандидаттық минимум тапсыру үшін т.б. жағдайларда



Мінездеме

Орал қаласының  «№30 жалпы білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің9 «Б»сынып оқушысы  Асқаров Арлан   Қалибекұлына.

1990 жылы 15 ақпанда туған.Асқаров Арлан Қалибекұлы 1996 жылдан бастап №30 орта  мектепте оқиды. Оқу барысында  өзін жақсы жағынан көрсете алды. Сабақты «4» пен «5»-ке оқиды. Математика пәнінен қалалық олимпиадаға, оқушылар арасында өтетін ғылыми конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Өзінің терең білімін, ғылыми - зерттеу жұмысқа деген зор оқу қабілетін көрсете алды. А.Қ.Асқаров мектептің тәрбиелік іс- шараларына үнемі қатысады, сонымен қатар өз сыныбының старостасы. Жергілікті баспасөз басылымдарына шыққан мақалалары  бар.

Мінезі ашық, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өз жұмысына, сабаққа ынталы, адамдармен тез тіл табыса білетін Асқаров Арлан Қалибекұлы сыныптастарының арасында сыйлы және олардың зор ықыласына бөленген.

Мінездеме әскери комиссариаттан өту үшін берілді.


 Мекеме басшысы

/аты-жөні, қолы/



 Айы, күні, жылы
***

Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы жұмысқа орналасу және аспирантураға түсу кезінде, ұйымдар, мекемелер талап еткен кездерде т.б. жағдайларда жазылады. Жеке іс парағы арнаулы бланк түрінде берілген ресми құжат. Мұнда жеке адам аты-жөні, жынысы, туған жылы, туған жері, ұлты, білімі, мамандығы т.б. өзі туралы қысқаша мәліметтер беріп өтеді. Жеке іс парағында көрсетілетін мәліметтер еңбек кітапшасында, өмірбаянда берілетін мәліметтермен сәйкес жазылады.

Жеке іс парағы мынандай жағдайларда жазылады:

- Жұмысқа қабылдану үшін;

- Сайланбалы органдарға сайлану үшін;

- Жоғары оқу орнына түсу кезінде;

- Қызметкердің лауазымын көтеру кезінде т.б.

Жеке іс парағында көрсетілетін деректемелер:

- Құжат аты (жеке іс парағы)

- Жеке адам туралы мәлімет (аты-жөні, ұлты, азаматы)

- Кәсібі мен мамандығы

Қоғамдық қызметі: еңбек жағдайы

- Отбасы жағдайы

- Мекен-жайы

***

Түйіндеме (Резюме)- француз тілінен алынған термин. "Айтылған я жазылған мәселенің қысқаша түйіні" деген мағына береді.Түйіндеме - белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі, жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазынын бір түрі (түйіндеме). Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беруі үшін, онда сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз -өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Осыған орай, түйіндеме қалай жазылу керек деген мәселеге де тоқтата кетейік.Түйіндеме жазуды неден бастау керек? Алдымен мына құжаттарды даярлап алыңыз:



- орта білім туралы аттестат;

-орта дәрежелі арнайы немесе жоғары оқу орнын бітіргендігіңіз жөніндегі диплом (егер сіз бірнеше оқу орнын бітірсеңіз, оның бәрін алдыңызға дайындап қойыңыз);

- түрлі курстарды (шет тілдері, хатшылық, іс жүргізушілік, қайта дайындау, білім көтеру т.б.) бітіргендігіңіз жөніндегі куәлік, анықтама т.б. құжаттар;

- еңбек кітапшасы немесе оның көшірмесі;

- штаттан тыс істеген жұмыс орындарыңыз бен ондағы атқарған қызметтеріңіз жөнінде мәлімет;

- алған наградаларыңыз жөніндегі құжат;

- соңғы жұмыс я оқу орындарынан алған мінездемелеріңіз;

- сіздің көздеген жұмыс орнын алуға септігі тиеді, практикалық мәні болуы мүмкін деп тапсаңыз, атқарған қоғамдық жұмыстарыңыз, қатысқан бірлестік, клуб, секцияларыңыз туралы мәліметтерді де дайындау керек.

Түйіндеме - талапкердің өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі туралы қысқаша жазылған құжат.

Түйіндеме

Қайдарова Қарлығаш Бақытбекқызы 

1970жылы 20 наурызда Орал қаласында тудым.

Мекен - жайым: Орал қаласы, 15 ықшамауданы 52-үй, 40- пәтер.

Үй телефоны: 34 –54 – 12

Жұмыс телефоны: 52 – 45 – 65

Мамандығым: дәрігер 

Білімі мен қызметі туралы мәлімет: Орал мемлекеттік академиясының студенті 1991-1997ж.

№9 емхананың дәрігері: 1997- 2005жылдары

Балалық аурахананың бас дәрігері: 2006 - 2008жылдары

Негізгі мәліметтер: Тұмау аурулары және оны емдеу жолдары мәселесімен айналасып, зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Ресейде өткен халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, баяндама жасадым.

Қосымша мәліметтер: Ана тілім - қазақ тілі. Ағылшын, орыс, неміс тілдерін жақсы білемін. Көпшілікпен жұмыс істегенді ұнатамын. Ұйымдастырушылық қабілетім бар.

***


Қолхат - белгілі бір іс - әрекетті растайтын, адамдардың мекемеден немесе жеке адамнан ақша, не құнды заттар алғандығын, не бергендігін растайтын жазба құжат. 

Құрылымы :

- құжаттың аты;

- қолхат беретін адамның қызметі, аты - жөні, фамилиясы;

- ақша немесе құнды заттардың аты мен құны;

- уақыты мен қолхат берушінің қолы.


Қолхат

Мен, 10 "А” сынып оқушысы Асанов Тимур, мектептің бас бухгалтері В.В.Некрасовадан бір күнге 2000теңге/екімыңтеңге/ қарызға алдым.

***

Сенімхат - белгілі, дәлелді себептерге байланысты өзі атқара алмайтындай жағдайда нақты іс-әрекеттің (пәтерді сату немесе сатып алу, зейнетақыны немесе жалақыны алу) орындалуын басқа адамға тапсыру үшін жазылады. Сонымен қатар, сенімхат мекеменің атынан бір адамға тапсырманы орындай алу немесе бір затқа ие болу мүмкіндігінің бар екендігіне сеніп берілетін іс қағазының түрі. Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкіге жазылады да мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады. Егер сенімхат жеке адам тарапынан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, жеке куәлігінің нөмері қоса жазылып қолы қойылады. Төменгі жағына мекеме басшысы не нотариус сенімхат иесінің қолын растап, мөр басады.



Құрылымы:

- құжат аты;

- жазылған жері мен уақыты;

- сенімхат берушінің және алушының тегі, аты- жөні, мекен - жайы қоса көрсетілген негізгі мәтін;

- ұйым мөрі басылған,  растайтын жазба.
  Үлгі:Сенімхат

Мен, Саттарова Нүрия. Орал қаласы, Тәуелсіздік көшесі 17-үйде тұратынкөршім Құрманова Асылға 2015 жылдың қаңтар айындағы зейнетақымды алуға сенім білдіремін.

 Жеке куәлік №_________________________ берілген күні____________________________

 08 қаңтар 2015 жыл                                                 /қолы/

Нотариус

Ержанова Аңсарым

№ 111019888     __________________________қолын растаймын
Сенімхат

Мен, азамат Садықов Дархан, жеке куәлігін №060719875 ҚР ІІМ 17.09.1985 жылы алдым, мекен - жайым Орал қаласы, А.Байтұрсынұлы көшесі, 71-үй, 5 – пәтерде тұрамын.

Орал қаласы, Набережная көшесі, 97-үйде тұратын азамат Есенгелдин Жомартқа туған атам Садық Бақытовтың қайтыс болғанынан кейін қалған мүлікке:

-    жекеменшік үй: Орал қаласы, Бейбітшілік көшесі, 47-үй;

-    ВАЗ-2110 автокөлігіменің мұрагерлік құқығымды ресімдеуіне сенім білдіремін.

Бұл үшін мен азамат Есенгелдин Жомартты

-    Менің атымнан өтініш жазуға;

-    Анықтамалар мен құжаттар алуға;

-    Менің орныма қол қоюға;

-    Мұрагерлікке құқық туралы куәлікті алуға өкілетті етемін.

Сенімхат 2014 жылдың 18 қаңтарына дейін берілген және 7 ай өз күшінде.

 2013 жылғы 18 маусым.                                         /қолы/

  ***

Іс қағаздарының көп тараған бір түрі - қызметтік хаттар. Мекемелерде қызмет бабындағы жиі жазылатын бұл хат көптеген мекемелерді өзара байланыстыруда ерекше рөл атқарады. Мұндай хаттар арқылы мекемелер арасында келіссөздер жүргізіледі. Хаттардың мазмұны мен түрлері ғылым мен техникаға, экономика мен алыс-беріс, мәлімет беру және анықтамалық сипатта да жазылады.Әдетте хаттар баспада дайындалған арнайы бланкаларда жазылады. Бланк форматы - А4 210x297 мм. Кейде АЗ жөне А5 форматтары (210x297 мм жөне 210x135 мм) да қолданылады. АЗ форматы қызметтік хаттарға үлкен көлемді қосымша немесе иллюстрация, таблица берілген жағдайда қолданылады. Бұл форматтың (АЗ) көлемі стандарт форматтан (А4) екі есе үлкен болады.Ал А5 (жарты) АЗ форматынан екі еседей кіші көлемде, бірінші кезекте жолдама хаттар жазу үшін, анықтама жазу үшін қолданылады. Қызметтік хаттың қалыптасқан тәртібі бар. Ол әр кез сақталуы керек. Әдетте хат мынадай бөліктерден тұрады:



1.Тақырыбы

2. Күні


3. Хат жолданып отырған мекеменің аты мен  адресаттың аты-жөні

4. Кіріспе сөз

5. Хаттың жалпы мазмұнын, мақсатын көрсететін бөлік

6. Негізгі мәтін

7. Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайыгершілік сақтау сөздері

8. Жіберушінің қолы

9. Қосымша (приложение) берілетін болса, оған сілтеме

10. Қосымша (приложение)

11. Құжатгы дайындаушы, жіберуші туралы мәлімет

Жазылу мақсатына, хатта айтылатын мәселенің ерекшелігіне байланысты қызметтік хаттың бірнеше түрі болады. Олар:

а) ресми хаттар

ә) жеке хаттар

б) ұсыныс, кепілдемелік (рекомендациялық) хаттар

в) сұрау салу хаттары

г) шағым хаттар

д) жолдама хаттар

Ресми хаттар. Белгілі бір ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелер жазбаша қарастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынан жазылады жөне қызметтен тыс мәселені қозғамайды.

Қызметтік жеке хаттар. Бұл хаттардың ерекшелігі айтылатын мәселе өрісінің кеңдігі және қызметтен тыс мәселелерге де арналатындығы. Бұл хаттар жеке тұлға атынан жазылады.

Ұсыныс хаттар. Бұл хаттар бір мақсатта ғана жазылады: қызметкерді белгілі бір орынға, қызметке ұсыну жөнінде басшыға ұсыныс жасау. Аталған қызметкердің сол орынға лайық екендігіне кепілдеме беру. Хат ресми, өзіне тән құрылымы сақталып жазылады. Бұл хатқа ұсыныс жасаған тұлға ғана қол қояды.

Сұраныс хаттары. Бұл хаттар да бір ғана мақсатпен жазылады: мекемеден керекті ақпаратты немесе белгілі бір құжатты жіберуін сұрау. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды.

Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазылады. Хат мазмұнының негізгі құндылығы онда көрсетілетін фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағым беруші адам, кейде хат мазмұнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды. Шақыру хат белгілі бір іс-шараға екінші жақты шақыру мақсатында жазылады.

Жолдама хаттар. Құжатпен бірге жіберілетін қосымшаның немесе қосымшалардың құрамы, мазмұны, көлемі, саны жайлы мәліметтер көрсету үшін жазылады. Бұл хаттар көрсетілген ақпараттың дәлдігімен ерекшеленеді. Жолдама хатқа мекеме басшысы қол қояды.

Хатты жазып отырғанда онда келтірілетін фактілер мен айтылатын мәселенің маңыз, мазмұнына ғана емес, өзіңіздің оны қалай беріп, жеткізіп отырғандығыңызға да назар аударыңыз. Әрбір хатты жазғанда қалыптасқан стильдік нормадан ауытқымаған жөн.

Ескерту хаттар адресат өзі атқаруға тиісті міндетін уақытылы орындамаған кезде жазылады.

Хаттардың оң жақ бұрышына хаттың кімге бағытталғаны, одан төмен азат жолдан мазмұны жазылады, соңынан хат иесінің қолы қойылады.

Шақыру хат

 Сізді 2014 жылы 21 қыркүйекте университеттің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен өтетін Тілдер мерекесіне шақырамыз.

Басталу мерзімі – 15:00.

Өткізілу орны – 116 аудитория.

Күн тәртібінде

I.  Пленарлық мәжіліс.

1. «Қазақ тілін үйретудегі өзекті мәселелер» Баяндамашы доцент Мусатаев Н. М.

2. «Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің ерекшеліктері» Баяндамашы аға оқытушы Серікқалиева Э. С.

II.Мәнерлеп оқу байқауы.

1. «Тілге құрмет - елге құрмет» атты мәнерлеп оқу байқауы.

2. Концерттік бағдарлама.

 Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі профессор Т.С.Сыдықов

***


Анықтама - белгілі бір деректі дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын құжат. Ол көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы, тегі, туған күні, туған жері, қызмет орны, жалақысы, еңбек өтілі, отбасы жағдайы, оқу орны және тағы басқалар туралы мәліметтер. Берілетін анықтамалар нөмірленеді, егер бірнеше дана берілсе, ол да көрсетіледі. Мысалы: 124/2

Анықтама мазмұны қысқа болады. Ең алдымен жолдың ортасынан «Анықтама» деген сөз, сосын азат жолдан анықтама мәтіні жазылады.Онда анықтама кімге, не үшін берілгені және қай мекемеге берілгені көрсетіледі. Соңында анықтаманы беруші мекеме басшыларының қолы қойылып, мекеме мөрі басылады және жарамдылық мерзімі жазылады.


АНЫҚТАМА
Осы анықтама «№30 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің 8 «Б» сынып оқушысы Мұхаметжанова Айгүлдің осы мектепте оқитынын растау үшін берілді.  

 

30 орта мектеп» ММ директоры                Таңатаров М.А.    



Мөр орны

 15.09.2014.


***

Хат - басқару байланысының негізгі құралы болып табылады. Хабар - ошар алысу (переписка) мекеме құжаттары жалпы көлемінің 80% құрайды. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар қатарына баяндаухат, жеделхат, телефонхат, ескерту хат, ал соңғы кезде заманның талабына сай факс, электрондық почта арқылы жіберілетін құжаттар жатады. Олар ақпарат беру мақсатында жазылады. Кейде белгілі бір оқиғаны, фактіні, іс әрекетті белгілейді, баяндайды. Олар арқылы мекемелер арасында ақпарат алмасуы болады, ұсыныстар айтылып, алдын-ала келісімдер жасалады, мекеме басқа бірлестіктермен ресми байланыс жасайды.

Баяндаухат - мекеме басшысының атына жазылған белгілі бір мәселе туралы жан-жақты баяндалған құрастырушының ұсыныс пен талап, тілегі келтірілген хат.

 Үлгімен танысыңыз.



 

Орал қаласының № 21 мектебінің директоры К.У.Тұрмағамбетоваға қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі М.Ш. Сәлімгереевадан

 

Баяндаухат


2013 жылдың 21 ақпанында 11 “А” сынып оқушыларының сабақ кестесі бойынша белгіленген мемлекеттік тілде іс жүргізу сабағына келмегенін хабардар ете отырып, шара қолдануыңызды сұраймын.

  21.02.2013 жыл

***

Анықтама-ақпарттық құжаттардың бірі - кесім (акт). Ол мекеме жетекшісінің тағайындалуымен құрылған тексерушілер тобы және жауапты адамдардың қатысуымен жазылады. Кесімдердің бірнеше түрлері жазылады. Олар: материалдық құндылықтарды жарамсыз деп санау, іс қағаздарын қабылдап алу, өткізу, материалдық құндылықтарды қабылдау, өткізу т.б.


Құжатта кесім жазушылардың аты-жөндері міндетті түрде жазылады. Олардың ұсыныстары мен көзқарастары кесімде белгіленбейді. Тексеруші топ мүшелері тегіс қол қояды. Кейбір актілерге мекеме жетекшісі қол қояды және мекеме мөрі басылады.

***


Түсінікхат-өндіріс орнының, мекеме жұмысшысының немесе қызметкердің еңбек тәртібін бұзған жағдайда оның себебін түсіндіріп жазатын құжат.

Түсінікхаты еңбек тәртібін бұзған азамат немесе басшысының немесе арнайы бақылау орнының қызметкерінің талап етуі бойынша жазады.

Түсінікхат қалыпты қағазға қолмен жазылып тапсырылады.

Түсінікхат жазғанда қамтылатын міндетті мәліметтер:

- Кәсіпорын, ұйымның аты, кімге арналғаны;

- Құжат тақырыбы;

- Нөмері, мерзімі;

- Құжат мәтіні;

- Түсінік хат иесінің қолы.

Түсінікхат мынандай жағдайларда жазылады:

1.Оқушы сабақтан белгісіз себептермен қалған жағдайда

2. Жеке азамат еңбек тәртібін бұзған жағдайды


Үлгі:Оқушы сабақтан қалған жағдайда

Орал қалалық № 12 мектептің

директоры Т. Айнабековке
Түсінікхат
Мен, Нұржанов Асан, 5 мамыр күні ағамның үйлену тойы болғандықтан, сабаққа келе алмадым. Қалдырылған сабақтар тақырыптарын қосымша сабақ кестесі бойынша тапсырамын.
00.00.00 ж. Қолы

***


Бұйрық - мекемедегі, ұйымдағы, кәсіпорындағы кадрларға байланыс мәселелерді іріктеу және орналастыру, азаматтарды жұмысқа қабылдау және босату, басқа жұмысқа ауыстыру мәселелерін шешуге бағытталған ресми құжаттардың бір түрі. Бұйрықтың азаматтардың өтініші, арызы, мінездемесі, жеке іспарағы сияқты құжаттарға қатысы бар. Өйткені бұлардың барлығы да еңбек кітапшасында тіркеледі. Ал еңбек кітапшасы азаматтардың еңбек ету, демалу, білім алу, зейнет ақымен қамтамасыз ету құқықтары туралы мәліметтер жинақтайды. Бұйрық белгілі бір ұйым, мекеме басшыларына сол ұйым мекемелердің алдында тұрған негізгі және нақты мәселелерді тікелей және басқару негізінде шешуіне мүмкіндік беретін құқықтық құжат.

Бұйрық ретіне қарай жеке адамға да, мекеменің жалпы іс-әрекетіне де қатысты болады.

Бұйырықтың құрылысы: қағаздың сол жақ бұрышына ісқағазының аты, күні, нөмері, жазылған жері, бұйрықтың тақырыбы жазылады. Одан әрі мазмұны, соңына бұйрық берушінің қызметі, аты-жөні жазылып қол қойылады, мөр басылады. Мазмұны екі бөлімнен:дәлелдеме және бұйрық бөлімінен тұрады.

Бұйрық мәтіні өкілеттік бөлімдерден құралып, «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзбен беріледі және жеке жолға жазылады. Орындалуы міндетті бұл өкілеттік құжат мәтіні нақты, түсінікті, қысқа жазылады. Онда іс-әрекеттің орындалу мерзімі, орындаушының аты-жөні көрсетіледі. Бұйрықта түсініксіз сөз орамдары мен сөйлемдер болмауы керек. Егер бұйрық бірнеше іс - әрекеттің орындалуына негізделген болса, мәтіннің өкіметтік бөлігі бөліктерге бөлінеді және олар араб цифрларымен белгіленіп, азат жолдан басталып жазылады. Бұйрықта іс-әрекетті орындаушы көрсетілсе, онда оның аты-жөні, тегі, кызметі толық жазылуы тиіс. Бұйрықтың орындалуы үнемі іске асып отыруды қажет ететін жағдайда, орындалу уақытына шек қойылмайды, мерзімі көрсетілмейді. Бұйрықтың соңында жауапты адамның аты-жөні, тегі жазылады. Бұйрықтың соңғы бөлімінде оны орындауға міндетті және жауапты тұлғаның қызметі көрсетіледі.

Үлгі
Бұйрықтағы мәтіндердің орналасу тәртібіне назар аударыңыз.
I. БҰЙРЫҚ
Медициналық колледж директорын уақытша ауыстыру туралы
Алматы медициналық колледжі директорының 3 айға Англияға ресми сапарға кетуіне байланысты оның міндеттерін уақытша атқару директордың орынбасары ШынарАманқызына жүктелсін.

Директор (қолы)


Үлгі

№7 Бұйрық



“28” сәуір 2014 ж.

№18 орта лицей-мектебі

Орал қаласы


Математика пәні мұғалімін жұмысқа қабылдау туралы
Дошаева Лаура Жанеділқызы 2014 жылдың 28 сәуірінен бастап жоғары сыныптардағы математика пәнінің мұғалімі болып қабылдансын.

Қалалық білім бөлімінің бастығы «27» сәуір 2005 жылғы №31 бұйрығы негізге алынды.




                   М.О

№18 мектеп директоры          /қолы/ Д.М. Садықов

 

Бұйрықпен таныстым            /қолы/ Л.Ж. Дошаева




 

***

 

 
















Хаттама - мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның жиналысы мен мәжілістерінде қаралған, талқыланған, қорытындыланған жағдайларды тіркейтін (толық жазатын) ұйымдастырушы-өкімшіл ресми құжат.

Хаттамаларда күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні, сөйлеген сөздердің тақырыбы және қабылданған шешімдер көрсетіледі. Сөйлеген сөздердің толық мәтіні келтірілмейді. Толық хаттамаларда сөйлеген сөздердің барлығы көрсетіледі. Хаттаманың толықтық дәрежесін жиналыстың өзі айқындайды. Бұл жағдайда құжаттың заңдылық жарамдылығын қамтамасыз ету қажет. Құжаттын заңдылық жарамдылығы барлық қажетті деректермен, олардың дұрыс толтырылуымен және хаттамадағы мәліметтердің шындыққа сәйкестігімен анықталады. Мысалы, жиналысқа катысушылардың санының көрсетілуі маңызды, ол қабылданған шешімнің жеткілікті дауыспен қамтамасыз етілгенін көрсетеді.Хаттаманын деректемелері: мекеменің атауы; құжаттың атауы; мәжілістің өткен күні; индексі (нөмірі); мәжіліс өткен орын; тақырыбы (жиналыстың, алқалық органның атауы); мәтін.Мәтіннің кіріспе бөлігінде катысушылардың құрамы, күн тәртібі; негізгі бөлігінде тыңдалған мәселе, сөйлеген сөздер және қабылдантан қаулы көрсетіледі. Құжаттың соңында төраға мен хатшының қолы койылады.

Белгілі бір фактіні куәландыратын құжат (жауап алу хаттамасы, тексеру хаттамасы).

Қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы факт тіркелетін ресми құжат. Хаттамаға мекеме басшысы, фактіні тіркеуге жауапты адам және хаттаманы жазған адам қол қояды, мөр басылады.

Хаттамада көрсетілетін міндетті мәліметтер:

1.    Мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның атауы.

2.    Құжаттың аты (хаттама).

3.    Айы, күні, жылы, хаттаманың нөмері.

4.    Жиналыс (мәжіліс) өткен орын.

5.    Егер хаттаманы бекіту талап етілсе, бекіту (гриф) таңбасы.

6.    Қатысқандар туралы мәлімет (саны, аты жөні, лауазымы).

7.    Күн тәртібі.

8.    Төраға мен хатшының қолы.
"№ 30 жалпы білім беретін орта мектеп" мемлекеттік мекемесі
Сынып жиналысының хаттамасы

10 -сынып


 07.11. 2014ж. Мичурин ЖОББМ

ХАТТАМА №2


Төрайым: Мұхаметжанова А. К.

Хатшы: Садуақасова Б.Н. 

Қатысқандар   15   оқушы 

Қатыспағандары: 1 оқушы 

Күн тәртiбiнде: 

1. Дөңгелек үстел: «Коммуникативтік құзыреттілік- жеке тұлғаны дамытудың бір аспектісі». 

2. ҰБТ- ға дайындық деңгейі. 

  Тыңдалды: 

1. Сынып жетекшісі Мұхаметжанова А.К. «Коммуникативтік құзыреттілік - жеке тұлғаны дамытудың бір аспектісі» туралы айтып өтті.

Жарыссөз сөйледі:

Нұрғалиева А. С. - сөйлеген сөзінің мазмұны (тіркелген).

Саржанова Ж. Г. -  сөйлеген сөзінің мазмұны (тіркелген).

Тыңдалды: Сәрсенова  Д.Н. 11 - сыныпта ҰБТ-ға даярлық жұмысының түрлеріне тоқтала келіп, дайындық күндерін сабақ кестесіне кіргізуді сұрады.    

 Қаулы:


10 -сыныпта ҰБТ-ға даярлық жұмысының сапалы жүргізілуіне көңіл бөлінсін.

Төрайым:                          қолы                                     Мұхаметжанова А. К.

Хатшы:                             қолы                                     Садуақасова Б.Н. 

***


Мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорынның, жеке адамдардың ұжым мүшелеріне, жалпы жұртшылыққа алдағы уақытта өткізілетін жұмыстар мен істерді жариялайтын құжатты - хабарландыру дейді.

Хабарландыру әр түрлі жағдайлар, мысалы: бос қызмет орынға, жылжымайтын мүлікті сату, сатып алу және қандайда бір қызмет түрлерін ұсыну туралы, қандайда бір шараның өту мерзімін, уақытын, мекенін хабарлау үшін беріледі.

Ресми хабарландырудың белгілі тәртібі болады.

Мысалы: бос қызмет орнын хабарландырудақандай мекеме конкурс жариялайтыны, қандай қызмет орнына жариялайтыны,одан кейін үміткерлерге қойылатын талаптармен қонкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізімі, конкурс мерзімі, мекеменің мекен-жайы көрсетіледі.

Хабарландыру түрлері мен ерекшеліктері:
1.Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыруда -күн тәртібі толық.
2.Мәдени шараларға хабарландыруда -бағдарламасы ұсынылады.
3.Тендерге хабарландыруда -шарттары ұсынылады.
4.Вакансияға (бос жұмыс орны) хабарландыруда - жұмыс орнына тиісті талаптар.

Хабарландыру!


14 сәуір күні, сағат 15.00-де жаратылыстану-гуманитарлық институтының ұйымдастыруымен «ҚБТУ көктемі шақырады» атты фестиваль өткізіледі. Келеміндеушілерге есік ашық.

Бағдарламада:
1.Қаржы-экономика факультеті деканының құттықтау сөзі.
2.Көркемөнерпаздар өнер көрсетеді.
Хабарландыру!

15 мамыр күні, сағат 19.00-де, Республика сарайында Қазақстан халық әртісі Р.Рымбаеваның «Көктем шақырады » атты концерті болады. Билеттер қазақконцерт кассасында сатылады. Келіңіздер! Келіңіздер!


Мәдениет министрлігі.
***

Жарнама
Ең алғаш жарнама жұмысын 1841 жылы ағылшын азаматы ВолниПальмер ашты. Ең үлкен жарнамалық агенттіктің бірін XIX ғасырда Джордж Роуел басқарды. Әлемнің әр түкпірінде жарнама жасаумен айналысатын арнайы компаниялар құрыла бастады. Бұл жарнама бизнесінің дамуына үлкен әсер етті. Мысалы: «Хайнс», «Американ тобакко», «ПроктерэндГэмбл» т.б.осының үлкен дәлелі. Қашан да тұтынушылар жарнамасы сәтті сауда маркаларын қолдайды.Жарнамалардың жылдам дамуына байланысты ХІХ ғасырда тек қана жарнамалық сипаттағы көлемді журналдар шыға бастады. 1885 жылы жарнамалық журналдардың таралымы 100000 данаға дейін жетті, ал 20 жылдан кейін жарнамалық журналдың бұл көрсеткіші бес миллионға жетті.Джон Ласкер - жарнамамен қамтамасыз ету агенттігінің атасы деп аталады. Д.Ласкер басқаратын «ЛОРД ЭНД ТОИАС» ең үлкен жарнамалық агенттік болып саналады.ХХ ғасырдан бастап жарнама жаңа бағытта дами бастады. 1986 жылы газет бетіндегі жарнамаға 27 миллиард доллар жұмсалса, қазіргі таңда ол бес есеге ұлғайды.

Жарнама тарату тәсілдері мен түрлері:
- қала көшелерінде ілінетін суретті жарнамалар;
- қала көшелеріндегі ауыспалы-аудармалы көп нұсқалы жарнамалар;
- қала көшелеріндегі арнайы экран арқылы ұлғайтылған ролик жарнамалар;
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін ролик жарнамалар;
- мерзімді басылым беттерінде жарияланатын фото жарнамалар;
- киімге салынатын сурет жарнамалар;
- шаруашылық тұтыну заттарына (сіріңке қорабы, сумка-пакеттер) салынатын сурет жарнамалар;
- кітап, дәптер, альбомдардың сыртқы мұқабасына салынатын сурет жарнамалар;
- күнтізбеде салынатын сурет жарнамалар;
- плакаттарға салынатын сурет жарнамалар;
- визит карточкаларына салынатын жарнамалар;

Жарнаманың қызметі:


- тауардың өтімділігін арттыру;
- коммерциялық мақсатта;
- жұртшылықты белгілі бір өніммен таныстыру, құлағдар ету;
- тілдің қолданыс аясын кеңейту;

Жарнаманың ерекшелігі:


-насихаттылығы;
- тартымдылығы;
- дәлдігі;
- түсініктілігі;
-тосындылығы;
- көркемділігі;
- мазмұндылығы;
***

І. ТЕЛЕФОНХАТ (телефонограмма).Телефонхат - телефон я радио арқылы жолданатын хабарламалық сипаттағы құжат.Телефонхат үшінші бір мекеменің қатысынсыз тікелей мәлімденеді. Қабылдаушы жақ ақпаратты жазып алады.Телефонхатты қабылдаған адам ақпаратты тиесілі адамға шұғыл жеткізуі міндетті.Телефонограмманың жеделхаттан айырмашылығы сіз үшінші бір мекеме қызметіне жүгінбей өз ақпаратыңызды телефон я радио арқылы алушыға тікелей мәлімдей аласыз. Ол байланыстың келесі бетінде тұрып сіз айтқан ақпаратты жазып аласыз. Телефонограмма мәтіні аса күрделі болмауы керек.Телефонограмма, радиограмма мәтіні арнаулы бланкке немесе таза қағазға жазылады, оған мекеме бастығы немесе жауапты қызметкер қол қояды.Бұл құжаттың ерекшелігі оның мекемеге бірден келіп түсетіндігі. Телефонограммалар басқа қызметтік құжаттар сияқты есептеледі, қабылданады, сақталады.

Үлгі:

Телефонограмма



02.07.2000 № 24. Шығармашылық ұйымдардың жетекшілеріне.
14маусым күні сағат 11.00-де Республика сарайында Республикадағы шығармашылық ұйымдар жетекшілерінің Халықаралық конкурсқа кандидатуралар дайындау жөнінде бас қосуы болады.
Кол қойған: Республикалық шығармашылық ұйымдар бірлестігі ақпарат бөлімінің бастығы Н.А.Абрамов
Жіберген: хатшы Г.Бейсембаева
12.07.2000 жыл. Қабылдап алған Г.Әшімова.

Мекемеде жіберілген, келген телефонограммаларды тіркеп отыратын арнайы журнал болуы керек. «Телефонограммалар журналы» екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлікте мекемеге келіп түскен телефонограммалар жазылады, екінші бөлігі жіберілген телефонограммалар мәтіндерін жазуға арналады.

***

Жеделхат - телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат.



Күнделікті қызмет барысында ақпарат немесе мәліметтің кейбірін екінші адамға я мекемеге жедел жеткізу қажет болатын жағдай жиі кездеседі. Қазіргі заманда ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен жеделхаттар да өз маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі қымбаттау. Телефон арқылы жүргізілген әңгімені іске тігіп қоя алмайсың, сондықтан ең ыңғайлысы жеделхат болып табылады. Жеделхаттың тағы мынадай артықшылықтары бар:

- мекеменің кезкелген қызметкері жеделхат мәтінін құрастырып жібере алады.

- жеделхат қолмен жазылғанына қарамастан жіберуші мен алушы туралы мәліметті қамтиды.

- қажет болған жағдайда жеделхат тексі мен онда берілген мәліметті растауға болады.

- жеделхаттар қалай тез жіберілсе, солай тез жеткізіледі.

Телеграф байланысы басқа байланыс түрлерімен салыстырғанда арзан және сенімді. Жеделхат жібере отырып, оның белгіленген жеріне ең ұзақ дегеңде 10-12 сағаттан соң, қажет болса 1 сағаттан соң да жеткізілетіндігіне 100% сенімді болуға болады.

Жеделхатты дұрыс жазу үшін мыналар есте болғаны жөн:

- жеделхат мәтіні қысқа, дәл, анық, ең ұзақ дегенде 300 сөзден аспауы керек.

- жеделхат мәтінінде кіріспе сөз, шылау сөздер қолданылмайды.

- кейбір сөздерді қысқартып жазуға болады, керісінше шатасып кетпес үшін цифрлар жазбаша беріледі.

- мынадай ретпен жазылады - алушы адресі, мәтін, жіберуші адресі.

- жеделхат тексі анық оқылатындай болып жазылу керек және ешбір түзетулер (әсіресе мекен - жай пен цифрлар жазылған бөлігінде) болмағаны жөн.

Қызметтік жеделхат мәтіні 2 дана етіп дайындалады. Аралығы 1,5 интервал. Жеделхат мәтінінің басы ғана азат жолдан басталады. Екінші азат жол тек қол қойылғанда ғана беріледі. Басқа құжаттар сияқты жеделхаттың да өз реквизиттері болады. Олар: жеделхаттың категориясы мен түрі, номері, күні, жіберілген уақыты, алушының аты мен мекені, мәтін, қол т.б. жазылады. Бұл реквизиттер сызықтың жоғарғы жағына жеделхаттың формуляр деп аталатын бөлігінде жазылады. Сызықтың сыртына төленбейтін реквизиттер, яғни, жеделхатқа қол қоюшы адамның қызметі, күні, автордың мекен жайы жазылады.

Әрбір мекемеде жеделхаттарды тіркейтін арнайы журнал (А4 форматты қатты мұқабалы дәптер) болуы керек. Журнал екі бөліктен тұрады. Бір бөлігі келіп түскен жеделхаттарға арналады, мұнда мекемеге келген жеделхаттар тігіледі я желімденеді. Төменгі жағына алушының танысқаны жөнінде белгі, қол қойылады.

Жеделхат жазғанда қамтылатын міндетті мәліметтер:

- Жеделхатты алушының толық пошта индексі

- Елдің аты

- Елді мекеннің аты

- Типі (қала, ауыл және т.б.)

- Көшесі


- Үй нөмірі

- Корпус


- Офис нөмірі жазылады
Жеделхат
480013. Алматы, Пушкин- 25, ҚР ҒА Ядролық физика институты. Директорға.

Сынақтың екінші кезеңі сәтті аяқталды. Зерттеу жұмысын жалғастыру шарттарын күтемін. Материалдарды мына мекен - жайға жіберіңіз. Атырау облысы, Абай көшесі №7 үй, Байжанов.

***

Қазіргі кезде визит карточкалары адамдардың іскерлік қарым-қатынасының бөлінбес атрибутына айналды. Сіздің визиткаңыз іскерлік қатынасты да, жеке басыңызға қатысты қарым-қатынасты да дамыту үшін не істеу керек? Визит карточкасы қандай болу керек?



Әдетте визит карточкасының бет жағына, анық оқылатын шрифтімен (негізгі жазулар үшін жартылай қанық бояулы Times-14 қолданылады):

      Аты, жөні жазылады. Фамилия үлкен әріптермен теріледі. Мысалы, БЕКБОЛАТОВ Асан Қайырбекұлы. Ағылшын тілінде жазылатын вариантында алдымен фамилия, содан кейін әкесінің атының бірінші әріпі және өз аты жазылады. Мысалы, BEKBOLATOW K. Asan.

      Қызметі. Тек ресми атқаратын қызметі жазылады.“Міндетін атқарушы”,“уақытша орындаушы”, “уақытша” сөздері визит карточкаларына жазылмайды. Мысалы,уақытша директор, бөлім бастығының міндетін атқарушы т.с.с. Ресми қабылданған, көпшілікке түсінікті қысқарған сөздерді ғана пайдаланыңыз. Бұл сіздің визиткаңыздың мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануға өз әсерін тигізеді.

Қызметі істейтік мекеменің аты толық жазылғанда иерархия сақталуы керек. Мысалы:

- Қазақстан Республикасының;

- Ішкі істер министрлігі;

- кадрлардың бас басқармасы;

- әкімнің бөлімі. 7 - сектор;

- Заң тобы.

      Ғылыми дәреже, әскери т.б. атақтар визит карточка иесінің іскерлік қатынас қажеттілігіне қарай көрсетіледі. Визитка иесінің белгілі қызметі болмағанда немесе атқаратын қызметін жасырын ұстау қажет болғанда ғылыми дәрежесі, әскери т.б. атағы ғана көрсетіледі. Мысалы, «КҮНҒОЖАНОВ Абылай Арнайұлы

Авиация генерал-майоры»

      Толық адресті жазған кезде хат-хабар алуға оңай болуы үшін индексті де жазып қоюға болады.

      Үйдің телефоны.

      Жұмыс орнының толық адресі көрсетіледі.

Енді Визит карточкаларының безендірілуі туралы. Визит карточкасының стандарт көлемі жоқ. Бірақ көбінесе ол 50 х 90 мм-лік көлемдегі қатты қағазда жасалады.

Визит карточкаларының түр-түсі:

   үкімет құрылымында, сайлау органдарында істейтін қызметкерлер көбіне ақ немесе мемлекеттік ту түсімен сәйкестіріп жасайды.

қаржы бөлімдерінің, банктердің қызметкерлері сенімділікті, орнықтылықты көрсететін ауырлау түспен жасатады. Олар: алтын түсті, металл түсті, қызыл, сұр, күміс, жасыл түстері.

Ақ түс - қолының және ниетінің ақтығының символы болса, мемлекеттік ту түсі - мемлекеттік құрылымда істейтіндігін білдіреді және Отанына адал қызмет ететіңдігін көрсетеді.

 Қызғылт және қызыл түсті визиткалар сирек кездеседі.


***

  Штат кестесі- кәсіпорынның құрылымы, сандық құрамы, (құрылым және штат саны) деген құжатта бекітіледі құжаттың мәтіндік бөлігі кесте орындалады. Онда кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелері, оларға кіргізілген қызмет түрлері және әр қызмет түрі штаттық тұлғалар саны көрсетіледі.Кәсіпорынның лауазымдық және сандық құрамы, жалақы қоры көрсетеліп, штат кестесі бекітіледі. Кәсіпорын басшысы бас есепшімен келісе отырып, штат кестесіне қол қояды. Бекіту белгісінде кәсіпорынның жалпы штат саны, еңбекақының айлық қоры көрсетіледі. Ол кәсіпорынның бланкісінде толтырылып, қызмет түрлерінің тізімі, штаттық тұлғалардың саны, қызмет ақысы, қосымша ақы және жалақының айлық қоры туралы мәліметтерді береді.

Бұл аталған құжаттарға тек директордың бұйрығымен өзгерістер енгізіледі.

Үлгі: Штат кестесі



р/с

Аты – жөні

Мамандығы

ставкасы

Сағат саны

1

Қайсақова Айша

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

1

18

2

Қыдырғалиева Эльмира

Математика пәнінің мұғалімі

1

18

3

Мурзагалиева Шолпан

Бастауыш сынып мұғалімі

1,5

24

***


Құттықтаухат мерейтойларда, үкімет наградасымен марапатталғанда, маңызды мерекелерде және тағы басқа жағдайларда жолданады.

- құттықтаухат құрметті, қадірлі, аса қадірлі, қымбатты  деген сөздермен басталады;

- құттықтау себебі жазылады;

-  құттықтау иесінің жеткен жетістіктері жазылады;

-  ізгі тілектер;

- соңынан құттықтаушының аты-жөні, шын жүректен, ізгі тілекпен, шынайы көңілден  деген сөздермен аяқталады.

Ү Л Г І

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Байынқол Қалиұлы Қалиевке



           Қадірлі Байынқол Қалиұлы! Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ұжымы атынан Сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.

Сіздің қазақ тіл білімінің қалыптасып дамуына қосқан үлесіңіз ерекше. Сізге еңбекте табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз! Ғұмырыңыз ұзақ болсын!

Ізгі ниетпен,Қазақ филологиясы кафедрасының ұжымы.


жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау