97
7. Отбасының қолынан келмейтін істерді жоспарламаңыз. Баланың/отбасының
жоспарланған әрекеттерді орындау қабілетін және ресурстарын ескеріңіз. Басқа
мекемелер (үкіметтік емес ұйымдар, дағдарыстық орталықтар, жергілікті атқа-
рушы орган (әкімдік),
жұмыспен қамту орталығы,
көші-қон полициясы,
балалар-
ды дамыту орталығы) қолдау көрсете алатынын ұмытпаңыз.
8. Жоспарлауға баланың/жасөспірімнің және отбасының анықталған қажеттілік-
теріне жауап ретінде қолданылған шараларға қарай басқа да мамандарды (аты-
жөні, мекеме, байланыс деректері) белсенді қатыстырыңыз.
9. Басқа мамандарды қатыстырғанда поликлиника бөлімшесінің меңгерушісімен
бірге баланың, отбасының қажеттіліктерін бағалау және іс-шараларды жоспар-
лау үшін ведомствоаралық комиссия құру бастамасын көтеріңіз. Дербес жоспар
икемді болып қала беруі тиіс екенін естен шығармаңыз.
10 Жоспардың орындалуын қадағалаңыз (мониторинг жоспарын жасаңыз), мақ-
саттар мен әрекеттерді
қайта бағалаңыз, өзгертіңіз.
5 - қадам. Жоспарды бекіту.
Жоспар жобасы консилиум талқылауына және қабылдауына шығарылады (ор-
таша қатер жағдайында аға мейірбике, ЖТД, әлеуметтік қызметкер, қажет болса,
басқа да мамандар қатысады, жоғары қатер жағдайында аталғандарға қоса бөлім
меңгерушісі, бас дәрігер немесе оның орынбасары, әрі басқа секторлардың және ҮЕҰ
мамандары қатысады). Жоспар 3 күннен кейін кешіктірілмей қабылдануы тиіс. Егер
отбасына
шұғыл шаралар қажет болса, консилиумның төтенше жиналысы өткізіледі.
6 - қадам.
Жағдайды басқару және қызметтер көрсету бойынша басқа секторлар-
мен және ҮЕҰ-мен байланысу.
Әлеуметтік қызметкердің және жасөспіріммен жұмыс жасайтын маманның (педи-
атр, ЖИТС-орталық қызметкері, терапевт) міндетті түрде балалардың құқықтары мен
мүдделерін қорғаушы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің дерекқоры,
олар көрсететін қызметтер тізімі, жауапты тұлғаларының мекен-жайлары мен байла-
ныс деректері болуы тиіс.
Қолжетімді ресурстарды нақты анықтау үшін жергілікті қоғамдастықта отбасына
қолдау көрсету ресурстарының картасын жасау керек. Сонымен бірге, атамыш ме-
кемелерге жұмыстан тыс уақытта және төтенше жағдайларда жүгіну жолдарын қа-
растыру керек. Қатыгездік, зорлық-зомбылық, немқұрайдылық, баладан бас тарту
қатері және баланың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін басқа да фактор-
лар анықталған жағдайда шұғыл шаралар қолданылады, яғни әлеуметтік қызметкер
патронаж мейірбикесімен және дәрігермен бірге алдын алу немесе жағымсыз салдар-
ды жою бойынша бірқатар превентивтік шараларды жоспарлайды. Оларға келесілер
жатуы мүмкін: ата-анамен немесе қамқоршымен әңгімелесу, аудандық білім бөлімінің
қорғаншылық органдарына хабар беру, Ішкі істер департаментімен, дағдарыстық ор-
талықтармен,
отбасылық типтегі ұйымдармен, кәмелетке
толмағандарды бейімдеу