Электр тізбегін есептеуде кей кездері R кедергісімен емес, кедергіге қарсы өлшем электрлік өтімділікті пайдаланған жөн: Бұл жағдайда тізбек бөлігі үшін Ом заңы мына күйде жазылады: I = Ug. ТОЛЫҚ Тізбек үшін Ом заңы Бұл заң, ішкі кедергісі r0 бар, қорек көзі ЭҚК Е пен тізбектегі I токтың және толық тізбектің жалпы эквиваленттік кедергісі RЭ = r0 + R арасындағы тәуелділікті анықтайды Сонымен қатар, Кирхгофтың бірінші және екінші заңдарын қолдана отырып шығаруға болады. Электр тізбегінің кез келген түйініндегі токтардың алгебралық қосындысы нөлге тең. мұнда m – түйінге қосылған тармақ саны. Кирхгофтың бірінші заңы бойынша теңдік жазу барысында токтар, түйінге қарай бағытталған токтар «оң» таңбамен алынады, ал түйіннен кері бағытталған токтар «теріс» таңбаға ие болады.
А түйіні үшін
I1 = I2 + I3 немесе I1 - I2 - I3 = 0
B түйіні үшін
I3 = I4 + I5 немесе I3 - I4 - I5 = 0
C түйіні үшін
I6 = I4 + I5 немесе - I6 + I4 + I5 = 0
D түйіні үшін
I1 = I2 + I6 немесе -I1 + I2 + I6 = 0
Достарыңызбен бөлісу: |