Томпаңдаған бөбегім, Ертеңіңе сенемін! Ата аналармен жұмыс: Мақсаты



жүктеу 78,86 Kb.
Дата14.12.2017
өлшемі78,86 Kb.
#4136

Томпаңдаған бөбегім, Ертеңіңе сенемін!
Ата - аналармен жұмыс:

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.Ата ананың қызығушылығын арттыру.

Тақырыбы:Балабақша және отбасы.

Барысы:

Тәрбиеші: Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «Балалы үй - базар»- дейді.

Өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.

Ал біз қазіргі уақытта жұмыс бастылықпен балаларымыздың іс - әрекеті, мінез - құлқы, қызығушылығы мен бейімділігіне немесе күнделікті көңіл - күйіне жеткілікті көңіл бөлеміз бе?

Балаларымыз қалай өсіп келеді?Балабақшада немен шұғылданатынын көрсетпекпін. Алдағы жарты сағат уақыт ішінде осы сұрақтар төңірегінде ойланып көмекке ортамызға бір топ ата - аналарымыз қонақ болып келіп отыр, таныс болыңыздар:

----------------------------------------

Тәрбиеші: Бүгінгі басқосуымыз әдеттегі іс - шараларға қарағанда өзгеше.

Бүгін сіздер бір сәт балалық шақтарыңызға қайта ораласыздар, балаларыңыздың көзқарастарына сәйкес ойланасыздар, балаларыңызды өздеріңізге беймәлім қырынан танып білулеріңіз де мүмкін. Ендеше іске сәт дейік!



Тәрбиеші: І кезеңіміз,: Шаттық шеңбері:

Ата - аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.Олай болса мен сіздерге қазір ең алдымен «Бала тәрбиесі –жауапты іс».атты баяндамамды оқып өтейін.Енді біздің бірінші тапсырмамыз.



«Менің балам...» деп аталады. Бұл кезеңде сіздерге өз балаларыңызды барынша мақтап қалуға мүмкіндік бар. Әңгімелеріңізді кезекпе - кезек «Менің балам..»- деп бастап, әрі қарай өз балаларыңыздың тәтті қылықтары, мінезіндегі, түр – сипатындағы ерекшеліктері, т. б. туралы баяндау ұсынылады. Дайын болсақ бастайық! Енді ата - аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.

Ал енді ата - аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар. (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).

Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар. Енді ата - аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»- тамырды, «діңгек тобы»- діңгекті,»жапырақ тобы»- жапырақты саламыз.

(Музыкалық сүйемел, қалам - қағаздар)


Ұстаздарыңызға деген талап - тілектеріңізді «тамыр тобы»- тамырға, «діңгек тобы» - діңгекке, «жапырақ тобы» - жапыраққа жазыңыздар.

Осы ағаштың тамыры – ата - ана, діңгегі - тәрбиеші, жапырағы – балаларымыз. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді.

Енді мына себеттен алмаларды алып, өз балаларыңызға тілек жазып, ағаштың жемісін іліп, балаларыңыздың қызығын көрейік.

(музыкалық сүйемелдеу, тілек жазу)


----------------------------------------

Тәрбиеші: Келесі кезең «Жедел тест» деп аталады. «Жедел тест» құрамына кіретін 2 сұраққа сіздердің балаларыңыздың жауаптары алынып қойылған, дәл сол сұрақтарға енді сіздер көп ойланбай тез арада жауап берулеріңіз керек. Балаларыңыздың жауабымен сәйкес келген жауаптарыңыз үшін 1 ұпайдан иеленесіздер. «Жедел тест» құрамындағы 3 - сұрақ тек сіздер үшін қойылады, өз ойларыңызды білдіруге мүмкіндік аласыздар. (Жедел тест слайд арқылы көрсетіледі.).............................. отбасы алғашқы жедел тест сіздер үшін:
І жедел тест

1. Балаңыздың ең сүйікті асы не?

А) Жарма ботқасы Ә) Сорпа Б) Дүкендегі дайын тағамдар В) Қуырылған картоп

2. Өскенде балаңыз кім болғысы келеді?

А) Дәрігер Ә) Әнші Б) Елбасы В) Сарбаз

3 Балабақшадағы тәрбиешілерінің есімдерін білесіз бе?


ІІ жедел тест

1. Балаңыз отбасында «кімнің баласы?»

А) Атасы мен әжесінің Ә) Әкесінің Б) Анасының В) Бәрінің

2. Балаңыздың ең жақсы көретін ойыншығы не?

А) Машина Ә) Қуыршақ Б) Құрастыру ойыншығы В) Доп

3. Балаңызды қалай еркелетесіз?


ІІІ жедел тест

1. Балаңыз неден қорқады?

А) Қараңғыдан Ә) Иттен Б) Жалғыз қалудан В) Қорықпайды

2. Балаңыз қандай мультфильмді қызығып тамашалайды?

А) Саяхатшы Дара Ә) Том және Джерри Б) Алдар көсе В) Білмеймін

3. Бала, отбасы, ата - ана тақырыбында бірнеше мақал айтып берсеңіз?


ІV жедел тест

1. Балаңыз күнделікті ұйқыға кетерде нені қалайды?

А) Ертегі Ә) Әлди әнін Б) Арқасын сипалағанды В) Ойыншығын құшақтағанды



2. Балаңыздың ұнатпайтын тағамы не?

А) Бұршақ сорпасы Ә) Қарақұмық ботқасы Б) Қырыққатпар сорпасы В) Сүт көже



3. Балаңызбен соңғы рет бірге жаттаған тақпағыңызды айтып беріңізші?
V жедел тест

1. Балаңыз қандай өнерге бейім?

А) Әнге Ә) Биге Б) Сурет салуға В) Мүсіндеуге



2. Балаңыз қандай ойын ойнағанды ұнатады?

А) Компьютерлік Ә) Тыныш ойындар Б) Қимылды ойындар В) Логикалық ойындар



3. Балаңыздың топта бірге ойнайтын жақын достарын атап бере аласыз ба?
VІ жедел тест

1. Балаңыз кімді идеал тұтады?

А) Әкесін Ә) Елбасын Б) Тәрбиешісін В) Мультфильм кейіпкерін



2. Балаңыз жаңа жыл ертеңгілігінде қандай кейіпкер болып киінді?

А) Аю Ә) Күлдіргіш Б) Ноян В) Ханзада



3. Балаңыздың бойындағы қандай мінезіне көңіліңіз толады және қандай

мінезінің өзгергенін қалар едіңіз?



Тәрбиеші: Белсенділіктеріңіз үшін көп рахмет! Балаларыңыздың тәрбиесіне алаңдаулы көңілдеріңіз қуантарлық. Сонда да болса кейде жұмыстан шаршап немесе бірдеңеге ренжіп келгенде «ашу - дұшпан, ақыл - дос» екендігін ұмытып кетпеудің бір жолы ретінде сіздермен бір тренинг ұйымдастырғым келіп тұр. Барлығыңызды ортаға шақырамын.

Ойын: «Қай жұп күшті?»

Қазір әркім өзіне серік таңдайды, шарды алып, көңілді музыкаға билеп, шарды жарады. Шардың ішінен жақсы тілектер алып шығып, қалған ойыншыларға дауыстап оқып беру. Әр жұп кезектесіп белгіленген уақыттан белгіленген жерге дейін шарды бір - бірін құшақтап шарды жарады.


.

Құттықтаймыз!

Тәрбиеші: Балалар ертегі тыңдағанды жақсы көреді. Ал сіздердің ертегі айтуда тәжірибелеріңіздің бар - жоқтығын ІV «Сахнада самғаймыз!» кезеңінде байқап көретін боламыз. (Конвертке салынған «Бауырсақ» ертегісі кейіпкерлерінің атрибуттары мен сөздерін өз қалауларымен таңдап алуды ұсынады)

Тәрбиеші: Кейіпкерлердің дауыс интонациясы, іс - қимылдарын нағыз әртістерше сомдап көруге мүмкіндіктеріңіз бар. Назарымыз сіздерде!

«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы

Тәрбиеші: Барлығыңыздың да ұпай қоржындарыңыздың тағы да 1 ұпайға толығуымен құттықтаймыз!

Тәрбиеші: Бүгінгі басқосуымыз аяқталып та келеді. Сөз соңында сіздерді тағы да ғажайыптар әлеміне шақырсам деймін. Егер сіздің қармағыңызға алтын балық ілініп, ең маңызды, ең, ең, ең..... деген жалғыз ғана тілегіңізді орындаймын десе қандай тілек тілер едіңіз?

Алтын балыққа тілек. (Барлық ата - аналар жауабы)

Тәрбиеші: Жақсы тілектеріңіз періштенің құлағына шалынсын. Бүгінгі күні алдымызда томпаңдап жүгіріп жүрген бүлдіршіндеріміздің ертеңгі күндері жарқын болсын! (ұпайларды айтып өтеді) Бүгінгі басқосуымыздың нүктесін қойып, өз пікірін білдіру үшін балабақшамыздың меңгерушісі................. құрметпен сөз кезегін ұсынғым келеді.

.

«Тілек гүлі» (қорытындылау)

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен балабақша арасын(дағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.

Ата - аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін



Қорытынды сөз. Марапаттау
жүктеу 78,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау