5.2 тақырып Халықаралық валюталық-несиелік институттар
Халықаралық валюталық қор (ХВҚ-МВФ), оның атқаратын қызметтері мен міндеттері. Халықаралық валюталық қордың, ӘлемдікБанкТобының қазіргі заман қызметтері.
ӘлемдікБанкТобы,оның құрылымдық бөлімдері: халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК-МФК), халықаралық даму ассоциациясы (ХДА-МАР), инвестициялардың кепілдігі жөніндегі көп жақты агенттік (КЖКА-МАГИ), халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚКДБ-МБРР).
Халықаралық Валюта Қоры (INTERNATIONAL MONETARY FUND, IMF, МВФ) – Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы агенттігі. Мүше мемлекеттердің валюталық-кредиттік қатынастарын реттеуге және төлем балансының дефициті кезінде оларға шетел валютасымен қысқа және орта мерзімді кредиттер беру арқылы көмек көрсетуге арналған. Қордың БҰҰ арнайы мекемесі мәртебесі бар. Ол әлемдік валюта жүйесінің институционалдық негізі ретінде қызмет атқарады.
Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) 1944 жылғы 1-22 шілдеде Бреттон-Вудте (АҚШ) өткізілген конференцияда 29 ел Келісімнің Баптарына (Баптар) қол қойған кезде, 1945 жылғы 27 желтоқсанда құрылды. ХВҚ-ның штаб — пәтері (квартирасы) Вашингтон қаласында — қорға ең көп үлесі бар елдің астанасында. БҰҰ-ның арнаулы органы ретінде ашылып, ол өзінің жұмысын 1947 жылдан бастады. ХВҚ қызметкерлері 110 елден шамамен 2600 адам болады. 185 мемлекет ХВҚ мүшесі болып табылады. Басқарушылар кеңесі, Уақытша комитет, Атқарушы кеңес басқарушы орган ретінде белгіленді. ХВҚ қаржы операцияларын 1947 жылғы 1 наурыздан бастап жүргізеді. Есеп айырысу бірлігі – Арнайы қарыз алу құқығы (АҚҚ). Қаржылық қолдауға ХВҚ реттеу саясатын және реформаларды қолдау үшін төлем баласының проблемалары бар мүше елдерге берген кредиттер мен заемдар кіреді.
ХВҚ — ол үкімет аралық валюта — қаржылық ұйым, оның мақсаты өзінің мүше — мемлекеттер арасындағы валюталық қатынастарды реттеу, төлем баланстарының тапшылығын жабу үшін оларға қысқа және орта мерзімде шетел валютасымен кредит беру. Алдымен ХВҚ мүшелері болып 35 мемлекет енді, 2006 жылы оның саны 184-ке жетті. Қазақстан соған мүше болып 1992 жылы енді.
ХВҚ — өзінің құрылымы жағынан акционерлік қоғамға ұқсайды. Сондықтан оның қызметіне әр елдің жарлық қорына қосқан үлесіне (квота) қарай әсер етеді. АҚШ онда ең көп квотаға ие, сондықтан оның банктың саясатына ықпалы жоғары.
Мәселені шешуде дауыс берудің өзара келістіру принциптері де сол жарна қорындағы әр елдің үлесіне байланысты: 24 өте дамыған елдің (олар жалпы мүше елдердің 14% ) үлесі 60% дауыс иеленеді, оның ішінде АҚШ — 17,7%, ЕО елдері 26,2%, Жапония — 7%.
Мүше елдердің қор капиталына үлесі (взносы) 2 бөліктен тұрады:
1) әр елдің квоталарының 25% немесе оның алтын валюта резерв қорының 10% шамасы алтын түрінде;
2) квотаның қалған бөлігі ұлттық валюта түрінде болуы керек.
Квотаның мөлшері әр елдің экономикалық, қаржылық жағдайына қарай белгіленді, ол әрбір 5 жылда қайта қаралып отырады.
ХВҚ капиталы өзінің мүше елдерінің арасындағы валюта қатынастарын реттеп отыруға, уақытша қаржылық қиыншылық көріп отырған елдерге кредит беруге пайдаланады.
ХВҚ-ның қызметтік міндеттері: халықаралық валюталық ынтымақтастықты тереңдету; қаржылық тұрақтылықты нығайту; экономикалық өсуді нығайтып, жұмыспен қамту деңгейін жоғарылату; сондай-ақ, көпжақты төлем жүйесін құруды жеңілдету.
ХВҚ-ның негізгі міндеттері:
халықаралық валюта-қаржылық ынтымақтастыққа ықпал ету;
халықаралық сауда өсімін теңестіру және кеңейтуді жеңілдету;
мүше мемлекеттер арасындағы валюта қатынасын тұрақтылығын қолдау және реттеу;
көпжақты есеп жүйесін құруға көмектесу
мүше мемлекеттерге төлем балансын реттеу үшін несие ұсыну;
халықаралық төлем баланстар теңсіздігін бұзушылықты қалпына келтіру.
ХВҚ халықаралық валюта жүйесінде тұрақтылықты қолдау және дағдарысты тоқтату үшін ұлттық, аймақтық және ғаламдық экономикалық дамуға шолу жасайды. ХВҚ өзінің 185 мүше елдеріне кеңес беру арқылы көмектеседі. Ол саясатты жүргізуге, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, экономикалық және қаржылық дағдарыс алдында осалдық деңгейін төмендетуге, тұрғындардың тіршілік деңгейін жоғарылатуға ықпалын тигізеді. ХВҚ сондай-ақ, мүше мемлекеттерге олардың төлем балансын түзету мақсатында уақытша қаржыландыруды ұсынады.
ХВҚ мемлекеттердің экономикалық тұрақтылығы мен өсіміне жауапты қызметшілер институтының біліктілігін арттыру ісінде техникалық көмек көрсетіп, оқытады.
ХВҚ-ның қызметі макроэкономикалық сипатта боғанымен, ХҚДБ ұлттық экономиканы дамытудағы жеке жобаларды жүзеге асыруға көмек көрсетеді. Олардың жалпы мақсаты халықаралық қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. ХВҚ мен ББ көрсетілген мақсатқа жету үшін стратегияның құрама бөлігінде қаржыны жылыстату және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарды қарастырады. ХВҚ қаржыны жылыстату макроэкономиканың салдарымен байланысты екендігін, алдын ала болжанбаған қаржыға деген сұраныс, қаржы мекемелері мен қаржы жүйесіндегі тұрақтылық үшін тәуекелділік, сондай-ақ, халықаралық капитал ағынының тербелмелі масштабы және валюта курсы трансшегаралы аудармаларда келтірілмеген нәтижелерді қосқанда байланысты екендігін атап өтті.
ХВҚ өз қызметінің шеңберінде мүше мемлекеттердің қылмыстық жолмен келген табыстар мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимылдар жүйесін құруға ерекше назар аударады. Бұл мақсатта ХВҚ мүше мемлекеттердің қаржыны жылыстатумен күрес саласында жұмыс атқаратын мемлекттік орган қызметкерлеріне өкілетті қызметін жүзеге асыруда түрлі оқытулар ұйымдастырып, анықтамалық материалдар әзірлейді. Тиісті халықаралық стандарттарға сәйкес қылмысты жолмен келген табыстар мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес іс-қимылының ұлттық жүйесін бағалайды.
5.3 тақырып ҚР-дағы халықаралық каржылық институттардың қызметі
Азиялық даму банкі (АзДБ-АзБР), оның міндеті мен қыз меттері.
Халықаралық есеп айырысу банкі және оның операциялары.
Қазақстан Республикасындағы халықаралық қаржылық институттардың қызметі.
Азия Даму Банкі - Халықаралық қаржы мекемесі. Біріккен Ұлттар Ұйымының экономикалық және әлеуметтік комиссиясының шешімімен Азия және Тынық мұхит елдері үшін 1966 ж. желтоқсанда құрылды. Ол өз қызметін 1968 ж. бастады. Қазір оған 56 мемлекет мүше, оның 39-ы Азия — Тынық мұхит аймағының (АТА) өкілі, ал қалған 16-сы бұл аймақтан тысқары елдер. Банкінің саясатын айқындайтын жоғары органы — Басқарушылар кеңесі. Банк операцияларының бағыттарына 12 директордан құрылған Директорлар кеңесі жауап береді. Әр директордың орынбасары бар. Директорлардың 8-і Азия — Тынық мұхит аймағының (АТА) елдерінің өкіддері (1998). Банк президентін Басқарушылар кеңесі 5 жылға сайлайды. Ол Директорлар кеңесінің төрағасы болып есептеледі және банк қызметін басқарады. Азия даму банкінің президенті Жапония өкілінен сайланады. Штаб-пәтері Манилада (Филиппин) орналасқан. Банк Бангладеште, Индонезияда, Үндістанда, Непалда, Пәкістанда, Америка Құрама Штатта өзінің тұрақты өкілдерін ұстайды.
АДБ-ның бас кеңсесі.Банктің уставтық капиталы - 55 млрд долл. шамасы.Бас кеңсесі - Манилада (Филлиппин) Банкті Президенті 28 сәуір 2013 жылдан жапон Такэхико Накао басқарады.
Басқару органы - мүше елдердің өкілдер советі ме басқармасы (директорат). Мәселенің қайсысы болса да 20 %-і мүше елдерге тепе-тең бөлінеді, ал қалған 80 %-і банктің уставтық капиталына әр елдің қатысу үлесіне қарай теңестіріледі.
Дамушы елдердің экономикалық даму бағдарламаларын қаржыландыру, олардың сыртқы саудасына жәрдем беру, қаржылай, техникалық және экономикалық көмек көрсету. Банк бұл елдердің қажетін өтеу мақсатында жеңілдікпен берілетін несиелік операциялар жүргізу ісіне Азия, Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Америка мемлекеттерінің ресурстарын жұмылдыруда маңызды рөл атқарады. Банкінің негізгі қызметі — Азия-Тынық мұхит аумағының(АТА) елдеріне экономикалық өсу мен ынтымақтастық қарым-қатынасты жеделдету мақсатына көмек беру. Банк қарыз берудің екі түрін қолданады: бүкіл несие қорының 68,8 пайызы әдеттегі қарыз, ал қалғаны Азия даму қорынан дамушы кедей елдерге үлкен жеңілдікпен беріледі.
Қазақстан банкке мүшелікке 1994 ж. 19-қаңтарда қабылданды. Қазақстандағы зейнеткерлік реформаны қолдауға және ауыл шаруышылығын дамытуға қомақты несие бөлінді (1998).
7. Тәжірибелік (семинарлық, зертаналық, жеке, студиялық) сабақтардың мазмұны, сағаттағы олардың көлемі
1.1 тақырып Ақшаның мәні және оның атқаратын қызметтері - 2 сағат.
Тапсырма:
Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:
1 Ақша құн өлшемі ретінде және баға масштабы.
2 Құн заңы және оның жүзеге асуы
3 Төлемдер айналымы және оны ұйымдастырудың негізгі зандылықтары
4 Ақша кор жинау және қазына жасау құралы ретінде
5 Қоғамдағы қор және қазына жасаудың негізгі формалары және олардың перспективалары.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар: Аталмыш тақырыпты зерделеу барысында құн заңының параметрлерін қарастырыңыз.
1.2 тақырып Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі -1сағат.
Тапсырмалар:
Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:
Ақша базасы, ақша массасы және ақша агрегаттары
Ақша айналысы заңы.
Ақша жүйесі, оның элементтері мен негізгі типтері.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар аталмыш тақырыпты зерделеу барысында ақша базасы, ақша массасы және ақша агрегаттары арасындағы айырмашылықтарға назар аударыңыз.
1.3 тақырып Ақша реформалары және валютаны тұрақтандыру әдістері - 1 сағат
Тапсырмалар:
Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:
1 Ақшалай дағдарыстар
Ақша реформаларының тарихи маңызы
КСРО-дағы 1922-1924 жылдардағы ақша реформасы және оның кезеңдері.
КСРО-дағы 1947 жылғы ақша реформасы және оның экономиканы дамытудағы маңызы.
1961 жылы КСРО-да баға масштабының өзгеруі.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар: Аталмыш тақырыпты зерделеу барысында ақша реформаларының және валютаны тұрақтандыру әдістерімен байланыстарын қарастырыңыз.
2.1 тақырып Қарыз капиталы, пайыз және несие -1 сағат
Тапсырмалар:
Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:
Несиенің атқаратын қызметтері
2 Несиенің қайта бөлу қызметі
3 Уақытша бос ақша құралдарын қайта бөлу механизмі
4 Құрделі пайызды есептеуі әдістемесі.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар құрделі пайызды есептеу әдістемесін қарастырғанда қарапайым пайызды есептеу әдістемесімен салыстырыңыз.
2.2 Тақырып Несие жүйесі. Несиелік мекемелердің түрлері - 1 сағат
Тапсырмалар:
Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:
1 Екі деңгейлі банк жүйесінің құрылымы мен қызмет ету механизмі
2 Бірінші және екінші деңгейдегі банктердің қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар тақырыпты қарастырғанда Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесін құру және даму ерекшеліктерін атаңыз.
2.3 Тақырып Банктік емес несиелік мекемелердің мәні және түрлері -1 сағат
Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:
1 Зейнетақы қорлары, сақтандыру компанияларының ұйымдастырылу және қызмет ету ерекшеліктері
2 Факторингтік, лизингтік, пошталық-жинақтау компаниялары, ломбардтар, клирингтік палаталардың ұйымдастырылу және қызметтері.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар Біріккен мемлекеттік зейнетақы қордың қалыптасуын қарастырыңыз.
3.1 Тақырып Мемлекеттің Орталық банкі, оның құрылуы және дамуы - 2сағат
Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:
1 «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 30 наурыздағы Заңы.
2 ҚР Ұлтгық Банкі, оның құрылымы, заңды статусы және есеп беруі.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар. тақырыпты қарастырғанда www.nationalbank.kz сайтпен пайдалана отырып ҚҰБ-нің басқару органдарын, ҚҰБ-нің стратегиялық жоспарын, ҚРҰБ-нің орталық аппаратының құрылымын қарастырыңыз.
3.2 тақырып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атқаратын қызметтері мен жүргізетін операциялары - 1 сағат
Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:
1 Қазақстанның Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты дамудың үшінші сценариді жүзеге асырудағы рөлі.
2. Қазақстанның Ұлттық Банкінің валюталық саясатының ерекшеліктері
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар Қазақстанның Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты дамуына ықпал тиігізетін факторларды зерттеу.
тақырып Коммерциялық банктер атқаратын қызметтері және олардың қызметін ұйымдастыру
Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:
1 Банктердің негізгі атқаратын қызметтері
Банк қызметін ұйымдастыру принциптері. Банк қызметін құру, қайта ұйымдастыру және оны тоқтату тәртібі.
Банкроттқа ұшырау жағдайда банктің шаралары.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар Банкроттқа ұшырау жағдайда банкті сауықтыру шараларын қарастырыңыз.
3.4 тақырып Коммерциялық банктердің активті, пассивті және комиссиондық делдалдык операциялары
Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:
1 Банктердің активті және пассивті операцияларының сипаттамасы
Банктердің меншікті капиталы мен тартылған қаражатгарының құрылымы. Депозиттер, түсінігі және оның түрлері.
3Банктердің активті операциялары.
Вексель және басқа бағалы қағаздармен жасалатын операциялар.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар активті операцияларды ұлғайту шараларын қарастырыңыз.
тақырып Бағалы кағаздар нарығы – 1 сағат
1Бағалы қағаздар жалған капиталдың бір формасы ретінде және олардың түрлері: акциялар, облигациялар, мемлекеітік қазыналық міндеттемелері, жинақ сертификаттары.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар мемлекеітік қазыналық міндеттемелерінің жіктелуін тияңақты қарастырыңыз.
тақырып Қор биржалары– 1 сағат
1 Қазакстан Республикасының қор биржасы, максаттары мен қызмет түрлері.
2 Қор биржасы мүшелерінің міндеттері мен құқықтары. Биржалық мәмілелер.
Брокерлік және диллерлік қызмет
Бағалы қағаздар нарығының институционалды инвесторлары.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар ҚР заңамасына сәйкес құнды қағаздарды тіркеу тәртібіне назар аударыңыз.
тақырып Валюта жүйесі және валюталық катынастар – 1 сағат
Төлем балансы және оның құрылымы.
Есеп айырысу балансы және оның төлем балансынан айырмашылығы.
Валюта курсының экономикалық категория ретіндегі түсінігі. Шетел валютасымен несиелеу жэне есеп айырысу, оларды ұйымдастырудың ерекшеліктері.
Валюталық саясат және банктің валюталық-қаржылық портфелін басқару.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар төлем балансына әсер етуші факторларына: инфляция, халықаралық саудадағы өзгерістер назар аударыңыз.
тақырып Халықаралық валюталық-несиелік институттар– 1 сағат
1 ӘлемдікБанкТобы,оның құрылымдық бөлімдері: ХҚК-МФК, ХДА-МАР, КЖКА-МАГИ, ХҚКДБ-МБРР
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар Қазақстандағы халықаралық валюталық-несиелік институттарының қызметіне назар аударыңыз.
5.3 тақырып ҚР-дағы халықаралық каржылық институттардың қызметі
1 Азиялық даму банкі (АзДБ-АзБР), оның міндеті мен қыз меттері.
2 Халықаралық есеп айырысу банкі және оның операциялары.
3 Қазақстан Республикасындағы халықаралық қаржылық институттардың қызметі.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар Қазақстандағы қаржылық институттардың қызметіне назар аударыңыз.
8. Өзіндік жұмыс тапсырмалары
1.1 тақырып Ақшаның мәні және оның атқаратын қызметтері - 4 сағат.
Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:
1 Ұлттық валютаны және халықаралық есептесу бірліктерін әлемдік акшалар ретінде қолдану
2 Алтынның демонетизациялану процесі
1.2 тақырып Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі - 4 сағат.
Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:
1 Инфляцияның түрлері және оның пайда болу себептері
2 Инфляцияиың әлеуметгік-экономикалық салдарлары және мемлекет тарапынан оған қарсы күресу әдістері.
1.3 тақырып Ақша реформалары және валютаны тұрақтандыру әдістері - 4 сағат
Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:
1 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы, оның өткізу қажеттілігі және ерекшеліктері
2.1 тақырып Қарыз капиталы, пайыз және несие - 6 сағат
Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:
1 Тұтыну несиесі, оның түрлері және оның әртүрлі елдердегі даму ерекшеліктері. Мемлекеттік несие. Халықаралық несие.
2.2 Тақырып Несие жүйесі. Несиелік мекемелердің түрлері - 1 сағат
Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:
1 Экономикасы дамыған елдердің банк жүйесі және қызмет ету ерекшеліктері.
2.3 Тақырып Банктік емес несиелік мекемелердің мәні және түрлері -1 сағат
Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:
1 Экономикасы дамыған елдердегі арнайы несиелік-қаржылық мекемелердің түрлері.
3.1 Тақырып Мемлекеттің Орталық банкі, оның құрылуы және дамуы - 2сағат
Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:
1 Ұлттық банкпен баскаруды ұйымдастыру. Ұлттық банктің жоғары басқару органдарын құру тәртібі және олардың өкілеттілігі.
3.2 тақырып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атқаратын қызметтері мен жүргізетін операциялары - 1 сағат
Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:
1 Валюталық интервенциялар жүрғізу. Депозиттік саясат.
тақырып Коммерциялық банктер атқаратын қызметтері және олардың қызметін ұйымдастыру
Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:
1 Банкті лицензиялау түсінігі
3.4 тақырып Коммерциялық банктердің активті, пассивті және комиссиондық делдалдык операциялары
Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:
1 Коммерциялық банктің табыс және шығын деңгейіне ықпал тігізетін факторлар. Банктердің өтімділігі және оны анықтайтын факторлар.
тақырып Бағалы кағаздар нарығы – 1 сағат
Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:
1 Бағалы қағаздар нарығы
тақырып Қор биржалары– 1 сағат
Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:
1 ҚР-да бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының ұйымдары, кәсіби қызметтері.
тақырып Валюта жүйесі және валюталық катынастар – 1 сағат
Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:
1 Халықаралық валюталық қордың, ӘлемдікБанкТобының қазіргі заман қызметтері.
тақырып Халықаралық валюталық-несиелік институттар– 1 сағат
Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:
1 Валютамен халықаралық есеп айырысуды жүргізудің тәртібі.
2 Валюталық саясат және банктің валюталық-қаржылық портфелін басқару.
5.3 тақырып ҚР-дағы халықаралық каржылық институттардың қызметі
Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:
1Қазақстан Республикасындағы халықаралық қаржылық институттардың қызметі.
Курстық жұмыстардын тақырыптары
Ақша теориялары
Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері: олардың ерекшеліктері мен модификациясы
Ақша жүйесі: түсінігі және элементтері
Ақша жүйесі түсінігі және оның негізгі типтері
Ақшаның түрлері және оның даму эволюциясы
Металл ақша айналысы, олардың даму тарихи мен қағаз ақшаларға көшу себептері
Қағаз ақшалар және олардың айналу заңдылықтары
Несиелік ақшалардың сипаттамасы
Ақшаның атқаратын қызметтерін сипаттау
Электрондық ақшалардың сипаттамасы
Вексель және оның айналысы
Коммерциялық банктердің вексельдік операцияларының түрлері
Чек: түсінігі, атқаратын қызметтері, түрлері және олардың Қазақстан банктерінде қолданылыу
Несиелік ақшалар: түсінігі, түрлері және оларды банк жүйесінде қолдану
Несие жүйесі, оның тетіктерін сипаттау
Несие жүйесі несиелік қатнастар мен несиелік мекемелер жиынтығы ретінде
Несие жүйесі және оны мемлекеттік реттеу
Несие жүйесінің қазіргі таңдағы проблемалары
Ақша реформалары ұлттық валютаны тұрақтандырудың әдісі ретінде
1922-1924 жылдардағы ақша реформалары
1993 жылғы Қазақстандағы ақша реформасы
Ақша айналысының сипаттамасы және оның даму эволюциясы
Несиенің мәні, қажеттілігі және оның формалары
Несиелік ресурстар және оның құрылу көздері
1930-1932 жылдардағы несиелік реформа
Нарықтың даму шарттарындағы несиенің ролі
Несиелік процент және оның экономикалық мазмұны
ҚР коммерциялық банктері, олардың атқаратын қызметтері мен жүргізетін операциялары
Ақшаның мәні мен қажеттілігінің қазіргі таңдағы анықтамасы
Нарықтық экономикадағы ақшаның қажеттілігі
Несие теориялары
ҚР банк жүйесінің дамуы
ҚР несие жүйесінің дамуы
1987-1988 жылдардағы банк жүйесіндегі реформалар және банктер қызметін нарықтық негізгі көшіру қажеттілігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның атқаратын қызметтері
Қазақстандағы вексель айналысының дамуындағы коммерциялық банктердің ролі
Арнайы банктер: түсінігі, олардың түрлерін сипаттау
Орталық банктер, олардың түрлері мен атқаратын қызметтері
Қазақстан Республикасының банк жүйесі
Проценттің экономикалық мәні және Қазақстан пайыз саясаты
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жүргізетін операциялары
Коммерциялық банктер: мәні, түрлерінің сыныптамасы мен қызметтері
Инфляция: мәні, көріну формалары, түрлері
Инфляция және ақша
Инфляция және банктік процент
Батыс елдерінің Орталық банктері және ақша-несиелік саясатының әдістері
Қазіргі таңдағы ҚР-ң ақша-несиелік сферасындағы ағымдық тенденциялар
Банктердегі кассалық айналымды болжамдау ақша айналысынын реттеу ретінде
Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы банк жүйесі
Қазақстан Республикасының банк жүйесіне әлемдік дағдарыстың әсері
Банк жүйесі: түсінігі, түрлері және құрылымы
Қазақстан Республикасында несиелік мекемелердің дамуы
Несиелік бюро: мәні және оны Қазақстанда құрудың қажеттілігі
АҚШ банк жүйесі
Жапонияның банк жүйесі
Англия банк жүйесі
Бреттон-Вуд жүйесінің дағдырысы, қазіргі әлемдік ақшалар
Ұлттық Банктің Ақша-несие саясатының жаңа бағыттары
Несиелік серіктестіктер және оның несие жүйесінің дамуындағы ролі
ҚР-да несиелік институттардың дамуы
ҚР төлем жүйесі және оның даму тенденциялары
Ломбардтар, олардың мәні және маңызы
Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлары
Банк жүйесінің даму перспективалары
Қазіргі таңдағы зейнетақы қорлары
Қазақстан Республикасының зейнетақы реформасы
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ
ҚР сақтандыру нарығының даму перспективасы
Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті коллективті кепілдеу (сақтандыру) жүйесінің дамуы
Несиелік капитал: мәні, көздері мен ерекшеліктері
Коммерциялық банктің активті операциялары
Коммерциялық банктің пассивті операциялары
Коммерциялық банктің операциялары
Экономикасы дамыған елдердің қазіргі таңдағы ақша жүйесінің даму ерекшеліктері
ҚР-дағы қолма-қолсыз есеп айырысу формалары
Банктік карталар: түсінігі, атқаратын қызметтері, түрлері
Банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операциялары
Пластикалық карточкалармен есеп айрысудың түрлері
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктер
Ресей Федерацияның банк жүйесі
Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеудің дамуы
Төлем тапсырмалары және чектермен есеп айырысу
Нарық шарттарындағы несие ролінің жоғарылауы
Ипотекалық несиелеу (шетелдік тәжірибе)
Төлем карточкаларының дамуы және қазіргі проблемалары
Қазақстанда ақша айналымын тұрақтандыру проблемалары
Жаңа евровалюта, оның даму перспективалары
Ақша массасы және ақша агрегаттары: қазақстандық тәжірибе, проблемалары мен перспективалары
ҚР банк жүйесінің сенімділігін жоғарлату және тұрақтандыру проблемалары
Ақша нарығының дамуындағы банктердің ролі
Коммерциялық банктердің қазіргі таңдағы сипаттамасы
Қазақстан банктердің эмиссиялық сипаттамасы
Банктік тәукелдер және олардың түрлері
Жаңа Евровалюта
10. кеңес беру кестесі СӨЖМ (СӨЖМ СӨЖ-дің 25% құрайды)
№
|
Оқу түрлері
|
дүйсенбі
|
сейсенбі
|
сәрсенбі
|
бейсенбі
|
жұма
|
сенбі
|
1.
|
Дәріс бойынша кеңес
|
|
|
12.35
13.25
|
|
|
|
2.
|
Семинар бойынша кеңес беру
|
15.50
16.40
|
|
|
|
|
|
3.
|
СӨЖ бойынша кеңес беру
|
11.30
12.20
|
|
|
|
|
|
4.
|
Тест тапсырмалары бойынша кеңес беру
|
|
|
|
12.35
13.25
|
|
|
11. Оқушының білімін тексеру кестесі
Дәріске бару және тәжірибелік (семинар, лабораторлық, жеке, студиялық) 0-100 баллмен бағаланады.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі.
№
|
Жұмыс түрлері
|
Тапсырманың тақырыбы, мақсаты және мазмұны
|
Ұсынылған әдебиет
|
Орындау ұзақтығы
|
Бақылау формасы
|
Тапсыру мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Эссе
|
Эссе жазу
|
|
1 апта
|
|
2-ші апта
|
2
|
Реферат
|
Реферат құрастыру
|
|
3 апта
|
|
5-ші апта
|
3
|
Баяндама
|
Баяндама жазу
|
|
2 апта
|
|
7-ші апта
|
4
|
Жазбаша конспект
|
Сұрақтарды жазбаша түрде пысықтау
|
|
|
|
Апта сайын
|
5
|
Межелік бақылау
|
Тақырыптар 1.1-2.2
|
|
|
тест
|
8- апта
|
6
|
Эссе
|
Эссе жазу
|
|
1 апта
|
|
2-ші апта
|
7
|
Реферат
|
Реферат құрастыру
|
|
3 апта
|
|
5-ші апта
|
8
|
Баяндама
|
Баяндама жазу
|
|
2 апта
|
|
7-ші апта
|
9
|
Жазбаша конспект
|
Сұрақтарды жазбаша түрде пысықтау
|
|
|
|
Апта сайын
|
10
|
Межелік бақылау
|
Тақырыптар 2.3-5.3
|
|
|
тест
|
15-апта
|
12. Оқушылардың білімін бағалау критерийлері
Пәнді зерттеу барлық өткен материалды қамтитын тестілеу формасындағы емтиханмен аяқталады. Емтиханға кіру рұқсатының міндетті шарты болып бағдарламадағы барлық тапсырмаларды орындау табылады.
Әр ссабақ 0-100 баллмен бағаланады.
Жіберу рейтингісі барлық орындалған тапсырмалардың орташа арифметикалық түрінде шығарылады (дәріске бару, үй тапсырмалары, СӨЖ тапсырмалары,тәжірибе тапсырмалары, межелік бақылау және т.б.).
Пән бойынша қорытынды бақылауға оқу бағдарламасының барлық тапсырмаларын орындаған студенттер жіберіледі (барлық зертханалық жұмыстардың, СӨЖ бойынша жұмыстар мен тапсырмалардың орындалуы мен тапсырылуы), курстық жобаны қорғау үшін оң баға алғандар және жіберурейтингін жинаған дар ( баллдан кем емес).
Әрбір пән бойнша студенттің оқу жетістіктерінің деңгейі (сондай-ақ қорытынды бақылау формасы МЕ болып табылатын пәндерден) ЖБ мен ҚБ (емтихан, сынақ, курстық жобаны қорғау) бағаларынан тұратын және олардың салмақты үлесін ескере отырып (ЖРСҮ және ҚБСҮ) қорытынды бағамен анықталады (Қ).
Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4
Салмақты үлестері жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6-дан, ал ҚБ үшін 0,3-тен артық болмауы керек.
Пән бойынша қорытынды бақылау тек қана оқушы жіберу рейтингі бойынша да, қорытынды бақылау бойынша да оңтайлы баға алған жағдайында ғана қорытынды баға саналады. Қорытынды бақылауға себепсіз келмеу «қанағаттанарлықсыз» бағасына теңестіріледі. Пән бойынша аралық аттестациялау мен емтихан нәтижелері студентке сол күнде не келесі күні, егер емтихан күннің екінші жартысында өткізілсе жеткізіледі.
Қорытынды бағаның дұрыс есептелуі үшін межелік бақылау мен қорытынды емтиханда 0-ден 100 балл аралығында бағаланады.
Межелік бақылау бағасы ағымдағы бағалар мен межелік бақылау бағаларынан құралады.
Оқу жетістіктері, яғни «Қаржы» мамандығы бойынша студенттің білімдері, машықтары, мүмкіндіктері және біліктілігі сандық эквивалентіне және дәстүрлі баға шкаласына сәйкес келетін көпбаллдық әріптік жүйе бойынша бағаланады.
Әріптік жүйе бойынша баға
|
Баллдардың сандық эквиваленті
|
Проценттік мазмұны
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
A
|
4,0
|
95-100
|
Үздік
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
13. Оқытушының талаптары, саясат пен үрдістер
Оқушылармен барлық аудиториялық сабақтарға кешігусіз қатысуы міндетті болып табылады. Сабақты босату жағдайында деканатпен бекітілген тәртіппен өтеледі . Максималды тұрғыда екі сабақты босату рұқсат етілген. Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақты босатуға теңестіріледі. Екі реттен көп сабақты босату кезінде оқытушы студентті келесіде сабаққа кіргізбеуге құқылы (мәселені әкімшілік түрде шешуге дейін баруға құқылы). Дәрісте болуға топ студенттеріне жатпайтын тыс тұлғаларға тыйым салынады. Тапсырмаларды уақытында тапсыруы тиіс. Барлық тапсырмаларды тапсырудың ең ақырғы күні – емтихан сессиясының басталуына 3 күн бұрын.
Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді..
Әрбір оқу сабақтары бойынша тақырыпты қайталау мен өткен материалдарды өтеу міндетті. Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі тесттермен немесе жазбаша жұмыстармен тексеріледі. Студенттерді тестілеу ескертусіз жүргізілуі мүмкін.
Мұғалімнің жетекшілігімен студенттердің өздік жұмысын орындау кезінде (СӨЖМ) келесі төрт негізгі функцияны ескеру қажет.
Бірінші – оқу пәндері бойынша белгіленген сабақтар аралағында алынған оқытушының ақпараты студенттермен белсенді қабылдауын жүзеге асыруды болжайды.
Екінші функция мынаны болжайды: студенттер оқытушының ұсыныстары негізінде өздігінен әдістемелік-нұсқаулық құралды, оқу әдебиеттерін зерттейді, үй тапсырмасын орындайды,бақылау және курстық жұмыстарын орындайды. Бұл кезеңде студенттен жұмыс жасау тәсілдерін білуді, қиыншылықтарды шешуі мен өзін-өзі ұйымдастыруы мен өздік тәртіп талап етіледі.
Үшінші функция студенттердің өзінің қиын жағдайларын жүйелеу мен талдаудан,қиындықтардың себептерін анықтау мен оқу материалдарын ұғу мен меңгеруден, басқа оқу істерінен тұрады. Студенттер шешілмейтін қиындықтарды оқытушы сұрақтар жүйесіне аударады (реттеп,ресімдейді), өзіндік жауап нұсқаларын құрастырады.
Төртінші функция оқытушыларға кеңес, түсіндірулер үшін бет бұруы..
14. Әдебиеттер тiзiмi
Негізгі
Ақша, несие, банктер. Оқулық Г.С.Сейткасымовтың басшылығымен. Алматы, Экономика, 2011;
Ақша, несие, банктер. Оқулық О.И.Лаврушиннің басшылығымен. Москва, Финансы и статистика, 2011;
Валютные отношения. Ю.Ф. Сименовтың оқу құралы. - М. Финансы и статистика, 2005;
Грязнова А. Реструктурирование кредитных организаций в зарубежных странах. - М. Юнити, 2005;
Деньги, кредит, банки. О.И.Лаврушинныц жетекшілігімен. -М.,2009;
Деньги, кредит, банки. В.Коллесникованың жетекшілігі- мен.-СПБ, Питер, 2009;
Дэвид С. Кидуэлл, Ричард Л.Петерсон., Дэвид У.Блэкуэлл. Финансовые институты, рынки и деньги. - СПБ,. Питер, 2009;
Деньги. Кредит. Банки. Ценные бумаги. Практикум. Е.Жуковтың жетекшілігімен. - М. Юнити, 2009;
10.Долан Э.Дж., Кэмпбелл Колин Д., Кэмпбэл Розмари Дж. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. - М., 2009;
Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары Оку құралы/ - Алматы: Экономика, 2009. — 328 б.;
Международные валютно-кредитные и финансовые отношения. Красавина Л.Н. жетекшілігімен оқу құралы. - М. Финансы и статистика, 2009;
Қосымша
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банкгік кызмет туралы»3аң
«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заң
«Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» Заң
«Төлемдер мен ақша аудару туралы» Заң
«ҚР-ғы вексель айналысы -туралы» Заң
«Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заң
«Валюталық реттеу жэне валюталық қадағалау туралы» Заң
«ҚР-ның ХВҚ-ға, ХҚҚЦБ-ға, ХҚК-ға, ХДА-ға, ИККА-ға, ЕҚҚДБ-ға, АзДБ-не, ИТРКО-на мүшелігі туралы ҚР-ның 2001 ж. 6 желтоқсандағы №264 Заңы.
ҚР Ұкіметінің 2 шілде 2002 ж. №713 «Микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларының Ұлттық банкаралық жүйесін дамыту бағдарламасы.
Басылымдар:
ҚР Ұлттық Банкінің хабаршысы - арнайы басьшым
ҚР Ұлттық Банкінің статистикалық бюллетені - орыс және агылшын тілдеріндегі арнайы басылым
Банки Казахстана - ҚР Банктер Ассоциациясының журналы
Кезендік басылымдар «Деловая неделя», «Панорама», «Деловой Казахстан» және т.б.
Интернет-көздері:
http://ipoteka.kz/- БТА Ипотека
http://www.hsbc.kz/kz/- HSBC
http://ww4v.demirbank.kz/ru/- Демирбанк
http://vvv.4v.centercredit.kz/- БанкЦентркредит
http://www.hcsbk.kz/- Жилстройсбербанк
http://www.atfbank.kz/- АТФ банк
http://www.kib.kz/- Казинвестбанк
http://www.nurbank.kz/- Нурбанк
http://bta.kz/- БанкТуранАлем
http://www.kkb.kz/- Казкоммерцбанк
Әдістемелік нұсқаулардың
титулдық беті
|
|
Форма
Ф СО ПГУ 7.18.4/20
|
Достарыңызбен бөлісу: |