Пәннің бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.4/19
|
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржы кафедрасы
(кафедраның атауы)
ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Ақша, несие, банктер
(пәннің коды мен атауы)
Павлодар, 2013 ж.
Пәннің бағдарламасының
бекіту парағы (Syllabus)
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.4/19
|
|
БЕКІТЕМІН
|
|
Қаржы - экономика факультетінің деканы
|
|
___________Т.Я. Эрназаров
«____»_____________201__ ж
|
Құрастырушы: доцент Д.З. Айгужинова __________
5В050900 «Қаржы» мамандығының
студенттеріне арналған
«Ақша, несие, банктер» пәні бойынша
ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________201_ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _______ Д. З. Айгужинова 201__ ж. «____» _______
(қолы) (А.Ж.Т.)
Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған__________________ 201_ ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы ___________ А. Б. Темиргалиева 201_ ж. «_____»__________
1 Оқу пәннің паспорты
Пәннің атауы «Ақша, несие, банктер»
Таңдау бойынша компонент
Кредиттер саны және оқу мерзімі:
Барлығы – 3 кредиттер
Курс: 2
Семестр: 4
Аудиторлық сабақтардың барлығы: 45
Дәрістер – 30;
Практикалық/ семинарлық сабақтар-15 сағат;
СӨЖ – 90 сағат, оның ішінде СӨЖМ - 22,5 сағат;
Жалпы жұмсалған еңбек -135 сағат.
Оқу нысаны
Курстық жұмыс – 4 семестр
Емтихан - 4 семестр
Пререквизиттер
Аталмыш пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқудан алынған білімі, машықтары қажет: «Микроэкономика», «Макроэкономика», «Экономикалық теориянын негіздері».
Постреквизиттер
Пәнді оқу барысында алынған білімі, машықтары келесі пәндерді меңгеруге қажет: Банк ісі, «Қаржы»
2. Оқытушылар туралы мәлімет және байланыс ақпараты
А.Т.Ә. _Айгужинова Д.З.
Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: э.ғ.к., доцент____________
Кафедра «___Қаржы________», аудитория _519___, __________________________________
телефон: ___67-36-43________________________,
Е-mail: ____________________________.
3. Пәнді оқу негізі, мақсаттары және міндеттері
Пәннің бас мақсаты – қаржы және несиелік катынастар, банктік және ақша жүйелердің қызмет ету негіздері, халықаралық несие есеп және валюттік қатнастар саласында жинақы білімді кешенді түрде көрсетуге бағытталған.
Соңымен қатар, осы пән келесідей мақсаттарды көздейді:
студенттерге ақшаның, несиенің және банктердің теориялық аспектілері бойынша, ақша және несие жүйелерінін, қызмет істеу негіздері бойынша, халықаралық несиелік-есеп айырысу және валюталық қатынастар, бағалы қағаздар нарығының не гіздері бойынша біртұтас білім жүйесін қалыптастыру;
пәннің мәні мен мазмұнын сипаттайтын терминологиялық-ұғымдық аппарат беру;
барлық үғымдардың өзара байланысы мен олардын ішкі логикасын ашу.
Пәнді меңгерудің міндеттері:
студенттерге ақша, несие, банктердің теориясы бойынша қажетті теориялық білімнің белгілі бір минимумын беру;
оларға банк сферасында қызмет істеу үшін қажетті практикалық машыктарды (навыки) дарыту;
банк қызметінің болашақ профессионалдарына алдағы уақытта болуы мүмкін, ықтимал банктік жаңашыл қызметтер, интернет-технологиялар және тағы басқа өзгерістерге бағыт беріп қою.
4. 3. Білімге, икемділікке, машықтарға және құзіреттерге талап:
Осы пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттарға түсінік болу:
икемді болу:
ақша айналым саласында нормативті-құқық базаны, экономикадағы ақшаның мәнін, функцияларын, рөлін, ақша айналымның заңдарын, ақша есептерді ұйымдастыру қағидаларын, инфляция мәнін, оның көрініс нысандарын, ақша реформалардын түрлерін, ақша жүйенін элементтерін, ақша жүйелердін түрлерін және оның ҚР ерекшеліктері;
несиенің қажеттілігі, несие қозғалысының кезендері, несие жабу кестесін құрастыру, заемшының несиеқабилеттін талдау, несие пайыздын мөлшерін еспетеу, несие модульмен жұмыс істеу дағдылар алу;
банктердін мәні және олардың экономикадағы рөлі, орталық банктің ұйымдастыру және жұмыс істеу ерекшеліктері, Ұлттық Банк ақша-несие саясатының әдістері, банктің пассивтік және активтік операциялардын түрлері, банк қызметтер түрлері бойынша операцияларды іске асыру: несиелеу, есеп-кассалық қызмет көрсету, лизинг, факторинг, траст, бағалы қағаздармен және т.б.;
– Қазақстан Республика аумағында банк қызметтің реттейтін негізгі заң актілерді және нормативтік ережелерді.
практикалық машықтарды иемдену қажет:
ақша айналым саласында негізгі даму тенденцияларды анықтау, ақша айналымда пайда болатын жағымсыз жағдайларды зерттеу, ақша айналымды оңтайландыру, мемлекеттік экономиканы тұрақтандырумен байланысты нақты міндеттерді шешу;
банктің пассивтік және активтік операциялардын құрылымын талдау, коммерциялық банктердін қызметтін реттейтін экономикалық нормативтерді есептеуі, заемшының несиеқабилеттін анықтау;
заемшының несиеқабилеттін сраптайтын жеке қаржы көрсеткіштерін есептеу, несие шарттын құрастыру, сенімділік, өтімділік, төлемқабилетті, табыс көрсеткіштері бойынша коммерциялық банктін қызметтін талдау.
Пәнді оқу нәтижесінде магистрант келесі құзретерді меңгереді:
- ақша қарым-қатынастардың түрлері мен қалыптарын ажырату;
- несиелік механизмын қолдану;
- практикада несиелендіру, ақша жоспарлау, уйымдастыру саласында теориялық білімді колдану.
5 Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу
№
р/р
|
Тақырыптар атауы
|
Сабақ түрлері бойынша аудиторлық сағаттар саны
|
СӨЖ
|
Дәріс
|
Практикалық (семинарлық)
|
Барлығы
|
оның ішінде
СӨЖМ
|
|
І бөлім
Ақша, нссие, банктер туралы негізгі түсініктер
|
6
|
3
|
14
|
3
|
1
|
тақырып Ақшаның мәні және оның атқаратын қызметтері
|
1
|
1
|
4
|
1
|
2
|
1.2 тақырып Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі
|
3
|
1
|
4
|
1
|
3
|
1.3 тақырып Ақша реформалары және валютаны тұрақтандыру әдістері
|
2
|
1
|
6
|
1
|
|
ІІ бөлім. Несие және несие жүйесі
|
6
|
3
|
18
|
6
|
4
|
тақырып Қарыз капиталы, пайыз және несие
|
2
|
1
|
6
|
2
|
5
|
тақырып Несие жүйесі. Несиелік мекемелердің түрлері
|
2
|
1
|
6
|
2
|
6
|
2.3 тақырып Банктік емес несиелік мекемелердің мәні және түрлері
|
2
|
1
|
6
|
2
|
|
ІІІ бөлім. Банктер және банк жүйесі
|
8
|
4
|
26
|
7,5
|
7
|
тақырып Мемлекеттің Орталық банкі, оның құрылуы және дамуы
|
1
|
1
|
4
|
1,5
|
8
|
3.2 тақырып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атқаратын қызметтері мен жүргізетін операциялары
|
2
|
1
|
6
|
2
|
9
|
3.3 тақырып Коммерциялық банктер атқаратын қызметтері және олардың қызметін ұйымдастыру
|
2
|
1
|
6
|
2
|
10
|
3.4 тақырып Коммерциялық банктердің активті, пассивті және комиссиондық делдалдык операциялары
|
3
|
1
|
10
|
2
|
|
IV бөлім. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары, құрылымы мен құралдары
|
4
|
2
|
12
|
2
|
11
|
4.1 тақырып Бағалы кағаздар нарығы
|
2
|
1
|
6
|
1
|
12
|
4.2. тақырып Қор биржалары
|
2
|
1
|
6
|
1
|
|
V бөлім. Халықаралық валюталық-несиелік қатынастар
|
6
|
3
|
20
|
5
|
13
|
5.1 тақырып Валюта жүйесі және валюталық катынастар
|
2
|
1
|
6
|
2
|
14
|
5.2 тақырып Халықаралық валюталық-несиелік институттар
|
2
|
1
|
7
|
2
|
15
|
5.3 тақырып ҚР-дағы халықаралық каржылық институттардың қызметі
|
2
|
1
|
7
|
1
|
БАРЛЫҒЫ:
|
30
|
15
|
90
|
|
6. Дәріс сабақтарының мазмұны
І бөлім Ақша, нссие, банктер туралы негізгі түсініктер
1.1 тақырып Ақшаның мәні және оның атқаратын қызметтері
Ақша түсінігі және оның пайда болуының қажеттілігі. Ақша жалпылама құн эквиваленті ретінде. Ақша формалары. Ақшаның атқаратын қызметтері және олардың ерекшеліктері. Ақша құн өлшемі ретінде және баға масштабы. Баға - құнның ақшалай көрінісі. Құн заңы және оның жүзеге асуы. Шаруашылык айналымының ақшаға деген қажеттілігі.Төлемдер айналымы және оны ұйымдастырудың негізгі зандылықтары. Ақша кор жинау және қазына жасау құралы ретінде. Қоғамдағы қор және қазына жасаудың негізгі формалары және олардың перспективалары.
Ақшаның дүниежүзілік қызметі. Әлемдік ақшаның құрылымдық формаларының эволюциясы.
Әлемдік ақшаның құн өлшемі, айырбас құралы және жалпы байлықтың қоғамдық заттануы ретіндегі атқаратын кызметтері. Ұлттық валютаны және халықаралық есептесу бірліктерін әлемдік акшалар ретінде қолдану. Алтынның демонетизациялану процесі. Қазіргі тандагы алтынның рөлі.
Тауар – бұл адам еңбегінің кез келген өнімі, бірақ өндірісшінің өзінің тікелей қолдануына емес, сатуға немесе айырбастауға арналған зат.
Заттардың адамдардың еңбегін материалдық түрде көрсету қабілеттілігі құн деп аталады.
Әлдебір тауар ақша аталу үшін айырбастауда жалпыға танымал болады.
Ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі және тауар айналымының дамуынан туындайды.
Ақша пайда болу жөнінде 2 тұжырымдама бар: рационалистік және эволюциялық.
Рационалистік – ақшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның пайда болуының тауарлық өндіріспен байланыстырмайды.
Эволюциялық – тауардың айырбастық құның эволюциялық даму нәтижесінде пайда болғаның түсіндіреді, ақша адамдардың еркіне тәуелсіз түрде пайда болады.
2. Құнның нысандары.
Тауар айырбасының даму кезеңінде тауарлардың құны әртүрлі нысандарда болған.
Кездейсоқ немесе қарапайым құн – тауарының бір түрі тауардың басқа түріне қарапайым түрде айырбасталған.
Толық немесе жайылыңқы нысан-көптеген айырбасталатын тауар ішінде бір немесе бірнеше өтімді тауарлар айқындалды. Әр алуан тауарлардың құны бір немесе бірнеше балама тауардың құнымен өрнектелді.
Құнның жалпы формасы – тауарлық әлемнен жалпы балама ретінде бір тауар анықталды, барлық тауарлар осы тауарларға теңестіріледі.
Ақшалай формасы – айырбас нәтижесінде жалпы балама орнына ақшалай тауарды қоюмен сипатталды.
3. Ақшаның қызметтері:
1. құн өлшемі
2. айналыс құрамы
3. төлем құрамы
4. жинақтау немесе қорману құралы
5. әлемдік ақша
1. Тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады. Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады. Сондықтан олардың өзіндік құны ақшалар арқылы есептеледі. Ақша тауарының құнын өлшеу үшін қолданылады.
2. Айналыс құралы ретінде Т-А-Т-ақша тауар айналымдағы делдал рөлін атқарады. Тауарлық формуладағы тауардың айналым 2 актіден тұрады: сату және сатып алу. Осы қызметті орындау үшін ақша үнемі қолда болуы тиіс.
3. Т-А, - А-Т – арасында үзіліс. Тауар өндіріс дамыған сайын несиелік қатынастар пайда болады, яғни ақша айналысында уақыт үзілістері пайда болады, сату және сатып алу кезеңдерінде бір-біріне сәйкес келмеді. Сондықтан тауарлар несиеге сатыла бастады. Тұтынушы тауар үшін ақша емес, міндеттемелер ұсына бастады.
4. Жинақтау және қорлану қоры.
1.2 тақырып Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі
Ақша айналымы және ақша айналысы туралы түсінік. Қызмет етуші акшаның формалары: толық құнды, толық құнсыз - қағаз және несиелік ақшалар. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша айналысы. Акшалай және төлем құралдарының түрлері. Ақша айналысының эволюциясы. Металл ақшалар айналысы. Несиелік айналыс құралдары. Қағаз акшалар айналысы. Электронды төлем құралдары. Ақша базасы, ақша массасы және ақша агрегаттары. Ақша айналысы заңы. Ақша жүйесі, оның элементтері мен негізгі типтері. Қолма-қолсыз есеп айырысу формалары. Инфляция. Инфляцияның түрлері және оның пайда болу себептері. Инфляцияиың әлеуметгік-экономикалық салдарлары және мемлекет тарапынан оған қарсы күресу әдістері.
Ақша айналымы- бұл айналыс қаражаты мен төлем қаражаты міндетін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы. Ақша айналымы 3 түрге бөлінеді:
1.ақшаның есеп айырысудағы айналымы – бұл айналым тауар немесе қызметтерді пайдалану кезінде есеп айырысуға көмектеседі.
2.ақшаның несиелік айналымы-бұл айналым несие беру және оны қайтару процесіне қызмет көрсетеді.
3.ақшаның қаржылық айналымы – бұл айналым шаруашылықтың қаржылық қатынастарға қызмет көрсетеді.
Ақша массасы – мемлекеттің заңды және жеке тұлғаларының иелігіндегі шаруашылық айналымды қамтамасыз ететін сатып алушылық және төлем қаражаттарын жиынтық көлемі болып табылады.
Экономикада ақша массасын өлшеу келесі себептермен байланысты:
1.ақша көлемінің өзгеруі маңызды экономикалық параметрлерге әсер тигізеді. (жұмыссыздық)
2.ұлттық экономика шеңберінде ақша қажеттілігін артып кеткен оның көлемі инфляцияға әкеледі.
3.ұлттық банк ақша параметрлері арқылы жалпы экономикаға әсер тигізеді.
4.ақша несиелік реттеу кезінде ақша ұғымын ақшаның теориялық және тәжірибелік анықтауында сәйкестік болады.
Экономикалық әдебиетте ақша массасын өлшеуде 2 тәсіл бар:
1.трансакциялық
2.өтімділік
Трансакциялық көзқарас-ақша массасын өлшеуде келесі ұстанымға сүйенеді; ақшаның басқа активтерінен айырмашылығы келесіден тұрады: олар сату және сатып алу келісімдерін жүзеге асыратын айналыс және төлем қаражаты болады, сондықтан орталық банк сату және сатып алу келісімдерді жүзеге асыруға қолданылатын ақша массасын реттеу қажет деп есептеледі.
Ақша келсімдер үшін – ақша массасының белсенді бөлімі, оларға шаруашылық айналымда нақты қызмет көрсететін ақша қаражаттар жатады.
Өтімділік көзқарасы – ақша өтімді актив функциясын орындайды, сондықтан ақша массасы бұл ақша функциясын орындайтын өтімді активтің жиынтығы. Ақша массасын есептегенде оларды да есептеу қажет.
Ақша массасының құрылымы
Ақша агрегаты - өтімді активтің топтасуына сәйкес келетін ақша жиының көлемі мен құрылымының көрсеткіші. ҚР-да келесі агрегаттар қолданылады: Мо – айналыстағы қолма-қол ақша, М1= Мо+кәсіпорындарының есеп ағымдағы арнайы шотындағы қаражаттар, банктердегі халықтық салымдары, сақтандыру компаниясының ақшалары, зейнетақы қорының қаражаттары, М2=М1+банктердегі мерзімдік салымның көлемі, М3=М2+депозиттік және жиынтық сертификаттары +мемлекеттің облигациялары.
Ақша базасы – Мо+ұлттық банкінің кассадағы ақша қаражаттары+ұлттық банкінәң резервтер + 7б коршоттағы коммерциялық банкының қаржыларыі
Ақша мультипликаторы - ақша жиыны бір өлшемге өзгергенде, ақша жиынының көлемі қандай шамаға өзгеретінін көрсететін коэффициент.
Ам = 1/Смр,
мұнда Ам – ақша мультипликаторы;
Смр – міндетті резервтердің ставкасы.
Осы көрсеткіш ұлттық шаруашылық айналыстағы ақша массасын арттыруға мүмкіндігін анықтайды.
Ақша айналысы заңы. Бұл заңды анықтаған Карл Маркс.
Ақша айналысының заңы
PQ+QK+MT-ӨТ
mақ= V
мұнда, m – ақша массасы;
Q – тауар массасы;
Р – тауарлардың орташа бағасы;
QК – төлем мерзімі келмеген несиеге сатылған тауарлардың сомасы;
МТ – міндеттемелер бойынша төлемдердің сомасы;
ӨТ – өзара есепке алынатын төлемдердің сомасы;
V –ақша айналымның орташа мөлшері (айналыстың жылдамдығы).
Айналыс құралының және төлем құралының қызметтерін орындауға қажетті ақша мөлшері ақшалай бірлік айналымдарының санына (айналыстың жылдамдығы) бөлінген сатылған тауарлардың баға сомасына тең болуы керек.
Ақша көлеміне келесі факторлар әсер тигізеді: нарықта сатылған тауарлар көлемі, бағаның деңгейі, несиенің дамуы, өзара өтелетін міндеттемелер, қолма-қолсыз төлемдер, ақша айналымының жылдамдығы.
3. Толыққұнды – номиналды құны нақты құнымен сәйкес келетін ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген олардың құрамында металдық құнына сәйкес келеді.
Толыққұнды емес – нақты құны номиналды құнына сәйкес келмейді, оларға жататын билонды монеталар, қағаз және несие ақшалары.
Қағаз ақшалары-бұл толыққұнды ақшаның өкімдері. Тарихи тұрғыдан қағаз ақшалар толық құнды ақшаларға еркін айырбасталған. Қағаз ақшаның айырмашылығы:
1.олар бюджет тапшылығын жабу үшін шығарылады
2.олардың эмитенті қаржы министрлігі
Несиелік ақша – бұл айналымдағы толық бағалы ақша орнына қолданылатын және несие белгісі ретінде білінетін қағаз ақша белгілері, олардың өзіндік құны болмайды.
Айырмашылығы:
1.олар экономиканы несиелеуге шығарылады
2.олардың эмитенті банк жүйесі
Ақшаның түрлері.
толыққұнды толыққұнды емес
қағаздық несиелік
металдық металдық құн
белгілері
вексель банкнота чек эл.ақша төлем карточкалары
Вексель-бекітілген мерзім ішінде онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі міндеттеме.
Банкнота-орталық банкының міндеттемесі.
Айырмашылықтары:
1.мерзімсіз міндеттеме
2.оның мемлекеттік кепілдемесі бар
Ақша жүйесі. Сипаттамасы.Элементтері.
Ақша жүйесі-мемлекеттің заңдармен ұйымдастырылатын, реттелетін халықтың ақша айналысы.
Ақша жүйесінің негізгі элементтері:
1.Ақша бірлігі
2.баға масштабы
3.ақша түрлері
4.эмиссиялық жүйесі
5.ақша айналысын реттеу тәртіптері
Қолма қолсыз есеп айырысудың нысандары.
1.төлем тапсырмалық нысаны
2.аккредивтік нысаны
3.төлем - талап тапсырмалық нысаны
4.чекпен есеп айырысу
5.инкассо төлем – талап нысаны
Төлеуші төлем
Төлеушінің банкі төлем алушы-
ның банкі
Төлем тапсырмасы-төлеушінің өзіне қызмет көрсететін банкіге өз есеп шотынан тиісті соманы ақша алушының есеп шотына аударуға беретін бұйрығы.
1.Төлеуші өз банкіне төлем тапсырманы жібереді
2.төлем тапсырмасының негізінде банк төлеушісіз шотына қаражаттарды шешеді және төлем алушының банкіне аударады
3.төлем алушының банкі осы қаражаттарды төлем алушының есеп шотына аударады
4.төлем алушы өз шотынан көшірме алады
5.төлеуші өз шотынан ақша
2.Аккредитив-бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша банк эмитентпен қабылданатын шартты қаражат міндеттеме, осы құжат бойынша сатып алушыға қаражаттар аударылады, егер ол бүкіл аккредитив шарттарын орындаса:
1.сатып алушы өз эмитент банкіне аккредитив ашу жөнінде өтініш береді
2.эмитент банкі аккредитив ашады,және оны орындаушы банкі арқылы сатып алушыға жібереді
3.орындаушы банкі сатушыны аккредитив ашылғаны жөнінде хабарлайды
4.сатушы сатып алушының алдында келісім шарттарды орындайды
5.сатушы бүкіл тауарлық құжаттарды орындаушы банкіне жібереді
6.ор.банк сатушыдан (алушыдан) алған құжаттарды эмитент банкіге жібереді
7.эмитент банкі алынған құжаттарды тексеріп,аккредитив бойынша қаржыларды ор.банкіге аударады
8.эмитент банкі тауарлық құжатты сатып алушыға жібереді
9.ор.банкі аккредитив бойынша құжаттарды сатушының есеп шотына аударады
3. Төлем-талап тапсырма-бұл бір анықталған соманы төлеу жөнінде төлеушіге қойылатын төлем алушыдан талаптары.
1.төлем алушы төлеушінің банкіне төлем-талап тапсырманы жібереді
2.төлеушінің банкі осы тапсырманы төлеушіге жібереді
3.Төлеуші төлем талап тапсырмасына акцепт (келісім) қояды
4.Акцептелген төлем талап тапсырмасы негізінде төлеушінің банкі ақша қаражаттарын төлем алушының банкіне аударады
5.төлем алушы банкі төлем алушының шотына ақша аударады
6.төлеуші өз банкінен қаражаттар аударылғаны туралы көшірме алады
7.төлем алушының банкі төлем алушыға оның шотына қаражаттар түскен туралы көшірме жібереді
4.
Чек беруші чек алушы
Чек
1.чек беруші оған чек беру жөнінде өз банкіне өтініш береді
2.чек берушінің банкі чекті толтырып,чек берішіге береді
3.чек беруші чек алушыға чек береді
4.чек алушы 4 данада чек релстерін толтырады, чек алушының банкі чек алушының шотына ақша аударады
5.чек алушының банкі чекті және релстерінің 3-ші данасын чек берушінің банкіне жібереді
6.чек берушінің банкі осы релстр негізінде чек берушінің шотынан ақша қаражаттарын шешеді
1.3 тақырып Ақша реформалары және валютаны тұрақтандыру әдістері
Ақшалай дағдарыстар. Ақша реформаларының тарихи маңызы. КСРО-дағы 1922-1924 жылдардағы ақша реформасы және оның кезеңдері. КСРО-дағы 1947 жылғы ақша реформасы және оның экономиканы дамытудағы маңызы. 1961 жылы КСРО-да баға масштабының өзгеруі. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы, оның өткізу қажеттілігі және ерекшеліктері.
Ақша реформасы – бұл ақша айналымын нығайту және реттеу мақсатында мемлекетпен жүргізілетін, ақша жүйесінің толық немесе ішінара құрылуы.
Ақша реформасы, ол нуллификация, реставрация, девальвация, ревальвация және деноминация әдістерімен жүзеге асырылады.
Нуллификация ‑ құнсызданған ақша бірлігін жою және жаңа ұлттық валюта енгізу жолымен жүргізіледі.
Реставрация – ақшаның бұрынғы алтындық құрамын қалпына келтіру.
Девальвация – ұлттық валюта бағамын басқа бір елдің ұлттық валютасы бағамына қатысты төмендету.
Деноминация – «нөлдерді қысқарту» әдісімен ақшаның атаулы (номиналдық) құнын ірілендіру.
Антиинфляциялық саясат – бұл инфляциямен күресуге бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу бойынша жүргізілетін шаралар кешені. Осы себепке байланысты екі бағыт көрсетіледі – дефляция саясаты және табыстар саясаты.
Дефляция саясаты мемлекеттік шығындарды қысқарту, несие үшін пайыз мөлшерлемесін (ставка) жоғарылату, салықты нығайту, ақша жиынын шектеу жолы мен ақшаға сұранымды шектеу әдістерінен тұрады. Бірақ ол экономикалық дамуға әсер етпейді, керісінше өндіріс қарқынын төмендетеді және экономикалық дағдарысқа әкеледі.
ІІ бөлім. Несие және несие жүйесі
2.1 тақырып Қарыз капиталы, пайыз және несие
Несиелік қатынастардың пайда болуы және дамуы. Тауар өндірісі және қоғамдык ұдайы өндіріс — несиелік қатынастардың даму негізі. Несиеге деген қажеттілікті тудыратын негізгі және айналым қорларының (капиталдың) айналу заңдылықтары. Несиелік капиталдың құрылу көздері. Біздің елімізде несие қорларын құрудағы ерекшеліктер. Несиенің мәні және оның өзіндік экономикалық категория ретіндегі сипаттамасы.
Несиелік капитал мен несие қорларының (несиелік ресурстардың) сипаттамалары, олардың арасындағы айырмашылықтар мен ерекшеліістер. Несиелік капитал мен несиелік ресурстар нарығы.
Несиелік проценттің экономикалық мәні. Тауар өндірісі мен несиелік қатынастар - несиелік проценттің даму негізі. Несиелік процент бойынша қарым-қатынастар субъектілері. Процент мөлшерін анықтаушы факторлар. Проценттік қойылымдар, түрлері және олардың ерекшеліктері. Қарыз алушылар мен қарыз берушілеріне байланысты процент төлеу көздері.
Несиенің атқаратын қызметтері. Несиенің қайта бөлу қызметі. Уақытша бос ақша құралдарын қайта бөлу механизмі. Нағыз ақшаларды несиелік ақшалар және операциялармен алмастыру, айналыс шығындарын үнемдеу қызметі.
Несиелік капиталды орталықтандыру және шоғырландыруды жылдамдатудағы қызметі.
Несие формалары. Банктік несие - несиенің неғұрлым кеңірек дамыған формасы. Банктік несиенің түрлері, оның біздің еліміздегі және шетелдегі даму ерекшеліктері. Коммерциялық несие және оның ерекшеліктері. Тұтыну несиесі, оның түрлері және оның әртүрлі елдердегі даму ерекшеліктері. Мемлекеттік несие. Халықаралық несие.
Несие деген ұғымды анықтау үшін несие, ссуда, займ деген терминдерді ажырату қажет. Несие – белгілі бір мерзімде сондай-ақ қолданған үшін пайыз төлей отырып, ақшаны қайтару немесе берілген тауарлардың ақысын төлеу шарт негізінде ақша немесе тауар материалдық құндылықтарды қарызға беру.
Сонымен, бәрі бір тауар ма, ақша ма несиеге алынды, оның қайтарылуы тек қана ақша түрінде жүргізіледі.
Займ – белгілі бір мерзімде мүмкін пайыз тқлей отырып, ақшаны немесе алынған тауарларды сәйкес көлемінде және сапасымен қайтару шарт негізінде ақша немесе материалдық құндылықтарды қарызға беру.
Займ берілген жағдайда мүлік қандай нысанда алынды, сондай түрде қайтарылады.
Несие мен займ арасындағы айырмашылық:
Ақша-қаражаттар несиеге алынады, егер олар несие-қаржы мекемелерімен берілсе; Займ ұғымы қолданылады, егер тікелей заңды немесе жеке тұлғалардан қарызға алынса.
Несие және займ жөнінде экономикалық қатынастар пайда болады. Осы экономикалық қатынастардың нысанасы болып ссуда келеді.
Ссуда бұл несие немесе займ шарт негізінде берілетін ақша немесе тауар құндылықтардың жиынтығы.
Капитал
Экономикалық теорияға сәйкес капитал үш түрге бөлінеді:
Өнеркәсіптік;
Тауарлық;
Ссудалық.
Өнеркәсіптік айналымын келесі формуладан көруге болады:
Жк(жұмыс күші)
А(ақша) – Т(тауар) П Т А’
Өк(өндірістік күш)
Тауар капиталы екі нысанды болады:
А Т А'
Ссудалық капитал тек қана бір нысанда ғана болады.
А ' А
Судалық капиталдың ерекшеліктері:
1. Меншіктегі капитал.Саудалық капиталдың қарыз берушінің меншігі болып келеді. Қарыз алушы судалық капиталға тек қана ие болды.
2. Судалық каптиал – айрықша тауар. Кез келген тауар құнының бағасын көрсетеді.
Судалық капиталдың бағасы – судалық пайыз.
3. Қарыз капиталы – оқшауланудың ерекше формасы. Алып-сатудан ерекшеленеді.
Одан тауар бір уақытта сатып алушыдан сатып алушыға, ал ақша сатып алушыдан сатып алушыға орын ауыстырады.
Несие келісімінде қарыз капиталы бір жақты білдіреді. Қарыз бергенде несиелерден қарызгерлерге беріледі. Оны өтегенде пайыздарды төлеу қарызгерден несиегерге өтейді.
Қарыз капиталының қозғалысының ерекше түрі.
Судалық капитал тек ақша түріндегі айналымда болады.
2. Несие беру қағидалары, оның функциялары.
Несиені беру қағидалары, несиелендіру үрдісін жүзеге асыратын негізгі ережелер:
1. Кепілдікпен қамтамасыз етілу. Бұл қағида несие берушінің мүлік мүдделерін қорғайды.
2. Несиенің мақсатты сипаты. Несие қатаң түрде айқындалған мақсаттары үшін беріледі.
3. Несиенің қайтарылатындығы. Белгіленген мерзімде судалық капитал судалық пайыздармен қоса қайтарылады.
4. Несиенің мерзімі. Несие бір анықталған уақытқа беріледі.
5. Ақа төленетіндігі. Несиені пайдаланғаны үшің пайыз төлеу қажеттілігі.
2.2 тақырып Несие жүйесі. Несиелік мекемелердің түрлері
Несие жүйесі туралы ұғым, оның қызмет ету шарттары, негізгі құрылымдық элементтері. Несиелік мекемелердің түрлері: банктік және банктік емес қаржылық-несиелік институттар.
Банктік мекемелердің түрлері. Эмиссиялық банктер жэне оларды ұйымдастырудың қүқықтық формалары. Эмиссиялық емес банктер: әмбебап банктер және операциялардың кейбір түрлеріне маманданған банктер.
Банк жүйесі экономиканың дербес саласы ретінде, оның құрамдас элементтері, экономикадағы рөлі және оның атқаратын қызметері. Банк жүйесінің түрлері.
Екі деңгейлі банк жүйесінің құрылымы мен қызмет ету механизмі. Бірінші және екінші деңгейдегі банктердің қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері. Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесін құру және даму ерекшеліктері.
Экономикасы дамыған елдердің банк жүйесі және қызмет ету ерекшеліктері.
«Банктік жүйе» ұғымы белгілі экономистер пікірталасында түрлі мағынаны білдіреді. Әдетте Ұлттық заңнамаларда «кредиттік жүйе» ұғымы кездесе бермейді, «банктік жүйе» ұғымы жиірек қолданылады. Банктер кеңінен таралғанымен, жалғыз кредиттік ұйым болып табылады. Банктер кредиттік ұйым жүйесінің өзегін құрайтын бөлігінде банктік жүйе кредит сараланымы болып табылады. Қаржы бизнесінде сақтандыру, ипотекалық, инвестициялық компаниялар және т.с.с. банктік емес ұйымдар маңызды рөл атқарады.
Замануи банк жүйесі ұғымы банктік істі, сондай-ақ бүтіндей экономикалық үдерістер заңдылықтарын зерделеуде басты ұғым болып саналады. Әсіресе, банктік іс саласында ырықты саясат белсенді түрде жүргізіліп жатқан және банктердің сақтандыру кампаниясы сияқты банктік емес ұйымдардың банктермен біріктірілуіне тыйым салу алынған көптеген елдерде жаһандандыру жағдайында банктік жүйе ұғымын, банк жүйесіне нені жатқызуға болатынын, нені жатқызуға болмайтынын, ұлттық банктік жүйенің қалай түрленгенін айқын түсіну қажет. Экономикалық әдебиетте «банктік жүйе» ұғымының мазмұны туралы мәселе әртүрлі мағынада берілген. Банк жүйесінің мәнін түсіну үшін оның ірі жүйе - еліміздің кредиттік жүйесіне құрамдас бөлік ретінде кіретініне көңіл бөлу керек. Ал кредиттік жүйе еліміздің экономикалық жүйесіне кіретініне назар аудару қажет. Бұндай байланыс банк жүйесінің қызметі мен оның дамуын өндіріспен, материалдық және материалдық емес игіліктердің айналымы, сондай-ақ оларды тұтынумен тығыз байланыста қарастыру керек екенін білдіреді. Кредиттік жүйе дегеніміз - кредиттік қатынастар мен осы қатынастарды ұйымдастыратын институттар жиынтығы. Кредиттік жүйеге орталық банктер мен коммерциялық банктерден басқа банктік емес кредиттік ұйымдар, сондай-ақ шетел банк филиалдары мен өкілдіктері жатады. Кредиттік жүйенің екі ұғымын бөліп қарастыруға болады:
- кредиттік жүйе кредиттік нысандардың, қатынастардың және кредиттеу әдістерінің жиынтығы ретінде (функционалды нысан);
- кредиттік жүйе осы қатынастарды іске асыратын кредиттік мекемелердің жиынтығы ретінде (институциялық нысан).
Кредиттік жүйе негізін банк жүйесі құрайды. «Банк жүйесі» ұғымының бірыңғай жалпыға ортақ анықтамасы жоқ. Сондай-ақ банк жүйесінің 2 ұғымы болады:
- институциялық тәсіл, бұнда банк жүйесі орталық банк, коммерциялық банктер, банктік емес кредиттік ұйымдар, сондай-ақ шетел банктерінің филиалдары мен өкілдіктері сияқты құрамдас бөліктердің жиынтығы ретінде анықталады.
- функционалдық тәсіл, банк жүйесінің ерекшелігі банктердің арасында қалыптасатын қатынастар мен және оның элементтерімен анықталады. Банк жүйесі дегеніміз – өзара байланыста және бір-бірімен өзара тәуелділікте әрекет ететін банктер жүйесі.
Банктер жиынтығын жүйе ретінде қарастыру мына шарттардың сақталуын болжайды:
қажетті үйлесімде барлық қажетті элементтері болуы тиіс;
онда артық, қажет емес элементтер болмауы тиіс;
толық болуы, яғни бүтіндей салыстырмалы тұйықталған кешен жиынтығын құрайтын бірнеше элементтердің болуы;
ұқсас жіктелу белгілерімен деңгей сараланымында жеке элементтердің құрылымдылығы, топтасуы;
барлық қажетті сараланымдар, деңгейлер және барлық элементтердің тұрақты түрде тиімді жұмыс істеуі үшін жеткілікті түрде элементтердің болуы сияқты жүйенің тұтастығы;
жеке элементтер арасындағы өзара байланыстылық, өзара әрекеттілік.
Белгілі Ресесй ғалымы И. О.Лаврушин банк жүйесіне оның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін тұтас құрылым ретінде береді.Элементтердің жиынтығы ретінде ол оны 3 блок түрінде көрсетеді [3].:
Бірінші блок – Фундаменталды, ақшалай кредиттік институт ретінде банк және банктік қызмет ережесі жатады.
Екінші блок – Ұйымдастырушылық, банктердің мен банктік емес кредит ұйымдарының барлық түрлері, банк қызметінің негіздері, банк қызметінің ұйымдастырушылық негізі және банктік инфрақұрылым жатады.
Үшінші блок – Реттеуші, банк қызметін мемлекеттік реттеу, банк заңнамасы, орталық банк актілері және коммерциялық банк қызметін реттеу мақсатында өздері әзірлеген нұсқамалық материалдар жатады.
А. В. Молчанов сияқты басқа авторлар ресейлік банк энциклопедиясына сілтеп, банк жүйесі құрамына банк заңнамасы мен банк нарығын енгізуді негізсіз деп санайды [4,5].. Басқа автор Г. А.Тосунян банк жүйесінің төменгі деңгей құрамына банктік инфрақұрылымның бірқатар элементтері жатады деген пікір айтады. Банктік инфрақұрылым дегеніміз – банктің өміршеңдігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар, қызметтер жиынтығы [6].
Х. Лубинданың пікірі бойынша, банк жүйесі – бұл бір-бірімен, сондай-ақ банк заңнамасымен реттелетін және банктік қызмет нарығын қалыптастыратын банктік инфрақұрылыммен өзара байланысты және өзара тәуелді банктік және банктік емес кредит мекемелері жиынтығының жұмысын ұйымдастыру нысаны. Автордың пікірі бойынша, банктер қаржы нарығында банктік операцияларға жатпайтын басқа операцияларды орындауларына қарамастан, басқа банктік емес ұйымдардан ерекшеленіп отырады, себебі кез келген елдің заңы бойынша басқа ұйымдардың айналысуына тыйым салынатын операциялар жиынтығын орындауға банктің құқығы бар. 1-суретте елдің банк жүйесі элементтері берілген және онда замануи банк жүйесі банктік операцияларды банктік инфрақұрылым және заңнама бойынша жүзеге асыратын банктік, сондай-ақ банктік емес кредит мекемелері жұмыс істейтін банк нарығында, яғни банктік қызмет нарығында құрылғанын білдіреді.
Елдің банк жүйесі
Банктік және банктік емес кредит мекемелері
Банктік инфрақұрылым
Банк заңнамасы
Банк нарығы
1-сурет – Еліміздің банк жүйесінің элементтері
Банк жүйесінің негізгі қасиеттері:
құрылу иерархиялылығы;
жүйе қалыптастырушы болып табылатын, яғни тұтастылық қасиетін қамтамасыз ететін қатынастар мен байланыстардың болуы;
оның элементтері, қатынастары және байланыстарының реттілігі;
қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы осы үдерісте жүйенің қасиеттері байқалады және қалыптасады;
басқару үдерістерінің болуы [7].
Әлемдік банктік тәжірибеде бір деңгейлі, екі деңгейлі және үш деңгейлі
банк жүйелеріне бөлу қалыптасқан.
Бір деңгейлі нұсқа елде орталық банк болмағанда немесе тек бір
орталық банк қана болғанда әрекет етеді, яғни бір деңгейлі банк жүйесіне мыналар енуі мүмкін:
- орталық банк болмаған жағдайда кредиттік мекемелер жүйесі. Бұл нұсқа банктік істің дамуының алғашқы кезеңіне сәйкес келеді. Орталық банктің кредиттік мекемелер қызметін реттеу органы ретінде қажеттілігі кейін пайда болды;
- Орталық банк қана бар.
Бір деңгейлі банк жүйесі
Орталық банк қана бар Орталық банк жоқ
(кредиттік мекемелер жүйесі)
2- сурет – бір деңгейлі банк жүйесінің өмір сүру нысандары
Бір деңгейлі банк жүйесінде қарым-қатынастар 2-суретте берілгендей көлденеңнен құрылады. Көптеген авторлар бір деңгейлі банк жүйесі таратушы (орталықтандырылған) банк жүйесі екенін, банктік іс нарықтық экономикада дамуының бастапқы сатысында пайда болғандықтан, дұрыс емес деген пікір айтады. Алайда бір деңгейлі банк жүйесі экономикасы орталықтандырылған (әкімшілік-командалық экономика) елдерде танымал екенін атап өту керек.
Банк жүйесінің кеңінен таратылған түрі 3-суретте берілген екі деңгейлі жүйе, оның құрамына бірінші деңгей ретінде орталық банк, ал коммерциялық банктер, банктік емес кредиттік ұйымдарды, шетел банктерінің филиалдары мен өкілдіктері екінші деңгей ретінде енгізіледі.
Орталық банк
Коммерциялық банктер Банктік емес кредиттік ұйымдар
3- сурет – Екі деңгейлі банк жүйесінің құрылымы
Елдің орталық банкі кез келген мемлекетте банк жүйесінің басты бөлігі болып саналады. Көптеген елдерде Орталық банк мемелекетке қарайды. Алайда мемлекет(АҚШ, Италия, Швейцария) формалды түрде оның капиталына иелік етпесе немесе ішінара иелік етсе (Бельгия - 50%, Жапония - 55%), орталық бан мемлекеттік орган қызметін атқарады. Орталық банктің қолма-қол ақша массасының негізгі құрамы – банкноттарды айналымға шығаруға монополиялық құқығы бар. Ол кредиттік-ақша саласы мен валюталық қатынастарды реттей отырып, ресми алтын валюта резервтерін сақтайды, мемлекеттік саясатты жүргізеді. Орталық банк мемелекет қарызын басқаруға қатысады және мемелкет бюджетіне кассалық –есеп айырысу қызметін жүзеге асырады.
Кредиттік жүйеде алатын орнына қарай орталық банк «банктердің банкі» рөлін атқарады, яғни коммерциялық банктер мен басқа мекемелердің міндетті резервтері мен бос қаражатын сақтайды, оларға несие ұсынады, «соңғы сатыдағы кредитор» қызметін атқарады, тікелей өзінің бөлімшелері арқылы немесе арнайы есеп айырысу палаталары арқылы ақшалай міндеттемелерді өзара есепке алудың ұлттық жүйесін ұйымдастырады.
Тігінен – басқарушы, басшылық етуші орталық ретінде Орталық банк және әмбебап әрі мамандандырылған коммерциялық банктер болып табылатын төменгі топтары арасындағы бағыну қатынастары. Көлденеңнен – түрлі төменгі топтар, коммерциялық банктер арасындағы тең құқылы серіктестік қатынастар.
Қазіргі уақытта үш деңгейлі банк жүйесінің болуы туралы мәселе даулы мәселе болып отыр. Кейбір авторлар, мәселен, И. Т. Балабанов банктік емес кредиттік мекемелерді жеке деңгейге бөлуді ұсынады, бұл үш деңгейлі банк жүйесінің болуын көрсетіп отыр [9], оның құрылымы 4-суретте берілген.
Екі деңгелі банк жүйесінің болатынын да айтып өту қажет. Ол АҚШ-та кездеседі және ұлттық банктер мен штат банктерінің; Федералды резервтік мүше –банктері мен бөлімшелері бар банктердің; америкалық банктердің шетел филиалдары мен бөлімшелері бар банктерінің; банктік холдингтерінің өте күрделі құрылымы болып табылады.
Қазақстандық банк жүйесінің құрылу иерархиялығы банктердің екі деңгейінен тұрады: Орталық банк және түрлі деңгейде өзара қатынастарды жүзеге асыратын коммерциялық банктер.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде банк жүйесі күрделірек, ұйымдастырылуы әр қилы және үш деңгейден тұрады: орталық банк, коммерциялық банктер және мамандандырылған банктік емес кредиттік-қаржылық мекемелер (инвестициялық және зейнетақы қорлары, сақтандыру және қаржы компаниялары және т.б.).
Жүйе құрушы байланыстар мен қатынастар өзіне тән банктік операциялар арқылы анықталады, оларды жүзеге асыруға тек кредиттік ұйымдардың құқығы болады: салымдарды тарту, кредиттер ұсыну, клиенттердің шоттарын жүргізу, клиенттердің тапсырмалары және корреспондент банктердің тапсырмалары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру және т.б.
4- сурет – Үш деңгейлі банк жүйесінің құрылымы
Элементтер мен байланыстардың реттілігі негізгі жүйелік қасиеттер бар қосалқы жүйелерді бөліп шығару мүмкіндігінен байқалады. Осындай қосалқы жүйелерді бөліп шығару үшін аймақтық аспекті негіз болуы мүмкін (аймақтық банктік жүйелер).
Елдің банк жүйесі ортасымен өзара қарым-қатынасы қазіргі кезеңде ұлттық және әлемдік экономиканың жалпы жағдайына әрекет ету мүмкіндігінен көрінеді.
Банк жүйесінде басқару үдерістерінің болуы көрнекі түрде байқалады. Біріншіден, бұл Орталық банктің коммерциялық банктер қызметін реттеуде заңнамада бекітілген рөлімен байланысты басқару үдерістері. Екіншіден, банктік қауімдастықтардың басқарушылық рөлі маңыздырақ болып келеді. Үшіншіден, халықаралық қаржылық-кредиттік институттардың реттеушілік ықпалы өсіп келеді.
Банк проблемаларын шешу, көбінесе, қаржы жүйесін дамыту үлгісін таңдаумен байланысты.
Қазіргі уақытта әлемде банктік жүйенің түрлі үлгілері қалыптасып отыр, олар жіктелу белгілері ескеріле отырып 1-кестеде ұсынылған.
1-кесте – Банк жүйелерінің үлгісі
Банк жүйелерінің үлгісі
|
Ұйым деңгейі бойынша
|
Бір деңгейлі
|
Екі деңгейлі
|
Үш деңгейлі
|
Банк жүйесі мен қаржылық қызмет нарығының институционалды дәрежесі бойынша
|
Дамыған банк жүйесі
|
Экономикалық жүйесі дамудағы банк жүйесі
|
Экономикалық жүйесінің құқтық қамтамасыз етілу ерекшеліктері бойынша
|
Еуропалық құқыққа негізделген континенталдық түрі
|
Англо-америкалық құқық негізінде құрылған жеке функиялы англо-америкалық түрі
|
Экономикалық жүйесінің құрылу принциптері бойынша
|
Жоспарлық-бөлу банк жүйесі
|
Капиталистік- нарықтық банк жүйесі
|
Ауыспалы түрдегі банк жүйесі
|
Банктердің экономика салаларымен өзара қатынас принциптері бойынша
|
Ашық нарық үлгісі: - банктер және корпорациялар арасында тығыз және тұрақты байланыс жоқ (АҚШ үлгісі)
|
Корпоративтік реттеу үлгісі: - банктер және корпорациялар арасында тығыз және тұрақты байланыстың болуы ( Германия және Жапония үлгісі)
|
Мамандану деңгейі бойынша
|
Әмбебап үлгі: -қысқа мерзімді кредиттеу және инвестициялаудың корпоративтік құнды қағаздарға бірігуі; -дәстүрлі қор биржасының сақталуы; - кредиттік ұйымдар клиенттерді, қызмет объектілері мен нысандарын таңдау еркіндігіне ие.
|
Мамандандырылған үлгі:Кредиттеу мерзімі және түрлері бойынша мамандандыру. Көрсетілген шектеуліктерді жеңу үшін банктік холдингтер құрылады;
|
Бірігу деңгейі бойынша
|
Әлемдік банк жүйесі
|
Аймақтық банк жүйесі
|
Ұлттық банк жүйесі
|
Ұлттық банк жүйесінің институтционалдық құрылымы, көптеген сараптамашылардың пікірінше, қаржылық тұрақтылық пен экономикалық дамудың маңызды факторы болып табылады.
Банк жүйесінің түрлі үлгілері түрлендіруші элементтермен белгілер қатары бойынша құрылады:
а) Элементтер:
институттар (депозиттік-кредиттік, шарттық-жинақтау, инвестициялық, парабанктер);
өнімдер (депозиттер, аударымдар, кредиттер, айырбастау және т.б.);
сату шарттары (ақпараттың қолжетімділігі және толық болуы, мемелекетік және ресми емес институттарға аз тәуелді болуы, эмпатия мен сенімділіктің қалыптасуы);
уэждеме тәсілдері (іске қосу үдерістерінде белгіленген сыртқы қажеттіліктер, ішкі қажеттіліктер – комиссиялық сыйақы, пайызын және рента алу).
б) Банк жүйесінің үлгісін анықтайтын белгілер:
банкаралық байланыстар сипаты (отбасылық, тектік, корреспонденттік және т.б.);
ұйымдастырушылық-құқықтық нысан (жеке, акционерлік, өзаралық, мемлекеттік);
қызметті қадағалау және реттеу деңгейі;
қызмет ауқымы мен шегі.
Халықаралық операциялар мен несие капиталдары нарығын интернационалдандыру үдерісін дамыту тек ұлттық нарық арқылы ғана емес, жеке шетел мемлекеттерінің және бүтіндей әлемдік деңгейде қаржы нарығы мүмкіндіктерін пайдалану арқылы да қаржыландыру мүмкіндігіне жағдай жасады.
Әлемдік деңгейде қаржылық бірігу әлемдік экономиканы жаһандыру, яғни әлем елдерінің шарушылық механизмдерінің жақындасуы және бірыңғай әлемдік қаржы нарығының туындау үдерістерінің катализаторы болып қызмет атқарады.
Әлемдік қаржы жүйесі құрамына аймақтық және ұлттық жүйеден тұратын әлемдік банк жүйесі кіреді.
Әлемдік банк жүйесінің басты мақсаты әлемдік банктік бизнестің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және түрлі елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Әлемдік банк жүйесінің жаһандануы мен бірігуіне ықпал еткен бірнеше факторды атап өтуге болады:
а) Оң факторлар
алдыңғы қатарлы елдерде мемлекеттік валюталық және сыртқы сауда шектеулерін бәсеңдету;
негізгі әлемдік қаржы орталықтарында қаржылық-кредиттік операцияларды қайта реттеу және ырықтандыру;
компьютерлік және телекоммуникациялық техника мен технологияның дамуықаржы шешімдерін қабылдау рәсімін жеңілдетті және бүкіл жер шарында шынайы уақыт режимінде инвестицияны жүзеге асыруға мүмкіндік берді;
қаржы нарығын институциалдау -институционалды инвесторлардың – ұсақ жеке инвесторлардың қаражатымен салыстырғанда теңдесі жоқ орасан зор ресурстары мен мүмкіндіктері бар ірі қаржылық-кредиттік мекемелердің белсенділігінің басым дамуы.
б) Қарама-қарсы беталыстар:
капиталдардың халықаралық икемділігінің артуы жеке елдер мен аймақтардың валюталық-қаржылық дағдарысының әлемдік дағдарысқа ұласу қауіптілігі күшейді.Ұлттық экономикалық қауіпсіздік проблемасына қатты алаңдайтын елдер өз ұлттық нарығын сыртқы факторлардың жағымсыз әсерінен қаржы ресурстарының трансшекаралық ауыс-түйісіне түрлі шектеуліктер енгізу жолымен қорғауға тырысады;
заңсыз алынған ақшалай қаражаттың ізін жасыруға қарсы күреске және қылмыстық ұйымдарды қаржыландырудың алдын алуға бағытталған шаралар (ақшалай қаражаттың шығуын бақылау).
Әлемдік қаржы нарығы әлемдік банк жүйесі арқылы мынаны қамтамасыз етеді:
- ресурстардың еларалық ауысу механизмі;
- қаржы ресурстарын сатушылар мен сатып алушылардың өзара қатынастары, бұл қаржы активтері бағасын, сонымен қатар түрлі валюталармен операциялардың табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді;
- қолданыстағы қаржы активтерін қайта сату мүмкіндігін беретін қосымша инвесторларды тарту, бұл нарық өтімділігін арттырады;
- инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту есебінен шығындарды азайту;
- өнеркәсіптік қана емес, қаржылық капиталды да трансұлттандыру үдерісін жеделдету;
- өз қатысушылары үшін активтерді халықаралық әртараптандыру, бұл инвестициялық қоржын тәуекелдерінің жалпы төмендеуіне ықпал етеді.
2.3 тақырып Банктік емес несиелік мекемелердің мәні және түрлері
Маманданған несиелік-қаржылық институттар, олардың типтері мен қызмет ету спецификасы. Зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, факторингтік, лизингтік, пошталық-жинақтау компаниялары, ломбардтар, клирингтік палаталар және т.б. Олардың ұйымдастырылу және қызмет ету ерекшеліктері. Экономикасы дамыған елдердегі арнайы несиелік-қаржылық мекемелердің түрлері.
Қазақстанның зейнетақы жүйесінің негізі Чили мемлекетінің үлгісімен қабылданды. Чилидағы зейнетақы жүйесінің таратушы тетігі ноқ.қызметкердің жеке есеп шоттарында қаражаттары жинақталып, инвестицияларға толық енгізіледі. Әрбір қызметкер жинақтағыш жүйесіне түскен кезде өлшемі бекітілген және тіркелген зейнетақы арналары шоғырланған дербес есеп шотына түседі. Осы қаражаттар зейнетақы қорлармен жинақталады. Инвестиция ретінде жұмсалады. Салымшы зейнетақы жасына жеткеннен кейін, оған зейнетақы төлемдер және инвестициялық табыс төленеді.
ҚР зейнетақы жүйесінің 3 деңгейі бар:
1.ынтымақтастық ЗЖ-кеңес одағының құлдырауы нәтижесінде Қазақстанға мұра ретінде қалды. «Ұрпақтарының ынтымақтастығында негізделген». Зейнетақы төлемдерінің қайнары салық төлемдері арқылы қалыптасады, яғни зейнетақы төлемдер бюджеттен төленеді. Зейнетақы төлемі мөлшері еңбек стажымен анықталады. Азаматтар еңбек стажы 1998 жылдың 1 қаңтардағы күйі бойынша 6 айдан кем емес стажы барлар осы жүйеге ілінеді.
2.ҚР азаматтары,шетелдіктер және қазақстандағы тұрақты тұрғындары, азаматтығы жоқ адамдар үшін ай сайынғы табысынан бекітілген 10 % мөлшерімен зейнетақы аударымдарме сипатталатын міндетті жүйесі.
3.Ерікті зейнетақы жарнамаларда негізделген жинақтау жүйесі.
ҚР ЗЖ-ң элементтері:
Зейнетақы қорлар:жинақтаушы зейнетақы қоры – бұл зейнетақы жарналарын тарту,зейнетақы төлемдерін төлеу, с.қ. заңдық ретте инвестициялық зейнетақы активтерін басқару бойынша қызмет орындайтын заңды тұлға.
Мемлекеттік зейнетақы қоры – бұл заңдық ретте зейнетақы активтерін құрастарып және оларды мемлекеттік бағалы қағазында банктердің депозиттері қаржы ұйымдарының бағалы қағазына инвестицияға салу, сонымен бірге салымшының зейнетақы жарналарын тарту, және зейнетақы алушыларға төлем төлеу бойынша заңды қызмет орындайтын заңды тұлға.
Зейнетақы активтерін орындайтын инвестициялық ұйымдар. Зейнетақы қорлар осындай ұйымдармен келісім шартқа отырады. Осы ұйымдар қаржы құралдар іске жұмсайды. Бүгінгі таңда 13 зейнетақы қорларында зейнетақы активтерін басқару жөнінде лицензиялар бар.
Кастодиан банкі – зейнетақы салымдарды сақтайды,және олардың мақсатты өстіруін басқарады. Зейнетақы активтерінің басқаратын компанияларының осы банкте есепшоты болады. Олар бағалы қағаз сатып алғанда кастодиан банкке ақшаны аударуға тапсырыс береді. Қаржы құралдарының қызметі реттелген. Осы тізімнен тыс салымшылардың қаражаттарын аударуға банктердің құқығы болмайды.
Зейнетақы аударымдарды мақсатты емес пайдалануына заңмен тыйым салынды:
1.кәсіпкерлік қызметпен айналысу
2.мүлікті сатып алу немесе сату
3.сақтандыру бойынша қызмет көрсету
4.зейнетақы активтерді кепілге салу
5.бағалы қағаз шығару (акциядан басқа)
ІІІ бөлім. Банктер және банк жүйесі
3.1 тақырып Мемлекеттің Орталық банкі, оның құрылуы және дамуы
Орталық эмиссиялық банктердің пайда болуы, түрлері және мемлекет экономикасындағы оның рөлі.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 30 наурыздағы Заңы.
Қазақстан Республикасының Орталық банкі - Ұлттык банк. ҚР Ұлтгық Банкі, оның құрылымы, заңды статусы және есеп беруі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің негізгі мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету. Мемлекеттік ақша-несие саясатын жасау және оны жүргізу. Валюталық реттеу және валюталык бакылауды жүзеге асыру. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал жасау.
Ұлттық банктің капиталы, резервтері мен табысы. Ұлттық банкпен баскаруды ұйымдастыру. Ұлттық банктің жоғары басқару органдарын құру тәртібі және олардың өкілеттілігі.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Парламент Сенатының келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi 6 жыл мерзiмге тағайындайды.
Төраға Қазақстан Ұлттық Банкi атынан iс-әрекет етедi және мемлекеттiк органдармен, банктермен, қаржы ұйымдарымен, халықаралық, шетелдiк және басқа ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының тағайындалу мерзiмiне қарамай, 6 жыл мерзiмге тағайындайды. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ең жоғары органы Басқарма болып табылады.
3.2 тақырып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атқаратын қызметтері мен жүргізетін операциялары
Ақша-несие саясатының түрлері: рестрикциялық, экспансиондық, дефляциялық және селективтік. Ақша айналысын баскару. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітү. Ақша-несие саясатының жүзеге асыратын операцияларының түрлері. Минималды резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу.
Бағалы қағаздарды сату және сатып алу. Акша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу. Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу.
Банктердің алған қарыздарының жалпы көлемін реттеу. Валюталық интервенциялар жүрғізу. Депозиттік саясат. Ұлттық банк - «банктердің банкі». Ұлгтық банк - Үкіметтін басты банкиpi, қаржылық кеңесшісі және агенті.
1.ҚР ҰБ-ң актив және пассив операциялары
2.Ұлттық экономиканы ақша-несие реттеу
3.ком.векселдерді қайта есептеу тәртібі
ҰБ өз функцияларын орындау барысында пассивті және активті операцияларды жүзеге асырады.
ҰБ-ң пассив операцияларына жатады:
1.банкнот-ң эмиссиясы (пассивтердің 90-95 % ). Банкнот-ң эмиссиясын орталық банк-ң активтері қамтамасыз етеді.
2.несие мекемелерден депозиттерді қабылдау
3.ком.банктердің капиталын және резервтерін қабылдау
4.шет елден қаражаттарды тарту. ҰБ халықаралық қаржы-несие мекемелерден,және басқа елдердің орталық банкінен несие алуы мүмкін.Орт.банктер несие алған жағдайда өзіндік міндеттік бағалы қағаздарды шығарады.
ҰБ-ң актив операцияларына жатады:
1.алтын және шетелдік валютаны сату және сатып алу
2.мемлекеттік және коммерциялық вексельдерді есепке алу,есеп-ссудалық операциялар.(үкіметке және коммерц.банктерге ссуда беру)
3.ломбардтық несиелеу.Б.қ-ңкепіліне ссуда беру,вексельдер,мемлекеттік бқ-ң кепілдігіне ком.банктерге ссудалар беріледі.
4.инвестициялық операциялар мемлекеттік бқ-ға ұзақ мерзімді салымшылар Ұб-ң балансы.
Актив пассив
1)қымбат металдар 1)айналыстағы қолма-қол ақша
2)нерезиденттердегі шетелдік валютадағы 2)ҰБ-ң есеп шотындағы қараж-
қаражаттар. аттар,Үкімет,резидент және
3)теңгеде берілген несиелер,с.і резидент емес несиелік ұйым-
резидент,резидент емес мекемелердегі дардағы
несиелер 3)есептегі қаражаттар
4)құнды қағаздар с.і.мемлекеттік қағаздар 4)капитал
5)басқа активтер 5)басқа пассивтер
Ақша-несие саясяты-бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және колма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.
Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша- несие саясатының екі түрі болады:
Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
Экспанцондық ақша-несие саясаты.
Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.
Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық Банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде.
Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын (бұдан әрі — АНС) жүргізуші болып табылады. Нақтырақ айтсақ ақша-несие саясатының бағдарламасын және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ҚҰБ Басқармасы анықтайды, ал Директорлар кеңесі оны жүргізеді және өзге ресми мөлшерлемелерді белгілейді. Сонымен қатар АНС-ның жүзеге асырылуына ҚҰБ-нің ақша-несие саясаты жөніндегі Техникалық комитеті тікелей жауап береді. Техникалық комитет әр апта сайын АНС-на байланысты мәжіліс өткізеді және ұсыныстар жасайды. Оның құрамы 13 мүшеден: басшы, екі орынбасары, төрт департамент директорлары, төрт басқарма бастықтары, Төрағаның кеңесшісі және Қаржылық қадағалау агенттігінен бір өкіл кіреді.
АНС-ның мақсаты — инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. 2004 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолданып отырған ақша-несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді. Тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған):
несиенің бағасын (Р — сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу;
коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу.
Жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналаған):
ашық нарықтағы операциялар;
міндетті резервтік талаптар;
несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс-жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.
Ұлттық Банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:
ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме;
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
«овернайт» займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
овер драфт займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі— ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс мен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық Банкінің заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.
Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық Банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдық пайыздық мелшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері — жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерін реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелерінің елеулі ауытқуын болдырмау.
«Овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттык Банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.
Овердрафт заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері — Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҮБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.
Банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктердің уақытша бос қаражаттарын тартуға байланысты қолданылады.
2005 жылғы 1 кыркүйектен бастап тікелей репо операцияларын жүргізу практикасы, сондай-ак мерзімдері 1 жүмыс күнінен аспа- ғандықтан «овернайт» және «овердрафт» заемдарын ұсыну уақытша тоқтатылды.
Ең төменгі резервтік талаптар. Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау максатында Ұлттық Банк ең төменгі резервтік талаптар тетігін қолданады.
Резервтік талаптар ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама акшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялық банктердің депозиттерін сактандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация үдерісін реттеу қызметтерін атқарады.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген Қазақстан Республикасынын, коммерциялық кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы нұсқауға сәйкес, бастапқыда міндетті резерв нормасы депозиттік міндеттемелердің 18—20% мөлшерінде бекітілген болатын. Кейіннен оның мөлшері 6%-ға дейін темендеді.
Банк резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқгы резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциялдық нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын еңтөменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде, міндетті резервтердің ете жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал еңтөменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.
Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың пруденциалдық нормативтерді орыңдауына байланысты еңтөменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге мынадай екі тәсіл қолданады:
міндетті резервтер;
резервтеудің альтернативтік тәртібі.
Резервтік талаптарды орындайтын банктерге Ұлттық Банк орташа айлық қайта қаржыландыру мөлшерлемесінін. 50% көлемінде теңгедегі резервтер бойынша, ал еркін алмастырылатын валютадағы резервтік талаптар бойынша Лондондағы депозиттер нарығындағы (LIVID) бір айлық депозиттің орташа өлшемді мөлшерлемесінің 50 % көлемінде пайыз төлейді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің «Ең төменгі резервтік талаптар туралы» ережесіне сәйкес банктерді мүмкін және күтпеген шығындардан сақтау үшін екінші деңгейдегі банктер Ұлттық Банк белгіленген резервтік талаптардың нормаларын орындауы міндетті.
Осыған байланысты 2004 жылдан бастап, банктер ай сайын резервтік талаптарды орындау туралы есеп береді. Ең теменгі резервтік талаптардың көлемі, банктің банктерден басқа заңды және жеке тұлғалардың алдындағы барлық депозиттік міндеттемелерінен белгіленген пайыз мөлшерінде анықталады.
Банктердің ең төменгі резервтік талаптарды орындаудың екі әдісі қолданылды:
Баламалы — ай сайын қаражаттардың резервтік активтерде орналастыру, ондағы резервтік активтердің орташа айлық сомасы айдың әрбір жұмыс күніндегі депозиттік міндеттемелердің орташа айлық сомасынан пайыз түрінде есептелінетін еңтеменгі резервтік талаптардың орташа айлық көлемінен кем болмауы керек.
Балшасыз — қаражаттарды Ұлттық Банктегі резервтік шотта орналастыру, ол шоттың қалдығы айдың бірінші жұмыс күні бойынша депозиттік міндеттемелердің пайыз түрінде есептелген мөлшерінде ең төменгі резервтік талаптарға тең болуы қажет.
2006 жылы ең төменгі резервтік талаптар бұрынғы 6% деңгейінде сақталғанына қарамастан, ең төменгі резервтік талаптарды есептеу базасы кеңейді және резервтік активтердің тізбесі қысқарды.
2006 жылың 12 шілде айынан бастап, міндетті резерв нормасын белгіленетін банктік міндеттемелер құрылымы төмендегідей түрлерге өзгертілді:
банктердің ішкі міндеттемелері бойынша міндетті резерв нормасын 6% деңгейінде белгілеу. Мұндағы банктің ішкі міндеттемелері қайтару мерзіміне байланыссыз резиденттердің алдындағы банктің міндеттемелерінің сомасын сипаттайды.
банктердің өзге де міндеттемелері бойынша міндетті резерв нормасы — 8%-ға белгіленді. Мүндағы банктің өзгеде міндеттемелері бейрезвдент алдындағы банктің міндеттемелері мен резидентгік белгісіне байланыссыз қарыздық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерінің сомасын білдіреді.
Ашық нарықтағы оперяциялар — бұл Ұлттық Банктің айналыстағы ақша массасының келемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялары.
Бұл біршама ақша массасын, коммерциялық банктердің етімділігі және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді.
Ұлттык Банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шыға- руды ынталандыру мақсатында Ұлттық Банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.
Айналыстағы акша массасына ықпал ету мақсатында ҚҰБ айналысқа өзінің кысқа мерзімді ноталарын шығарады. Қысқа мерзімді ноталарды орналастыру ҚҰБ-мен қысқа мерзімді ноталармен операциялар жасау туралы келісімшарт жасаған және нақты ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқық беретін бағалы қағаздар нарығында, брокерлік және диллерлік қызметті жүргізуге арналған лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының қатысушылары арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының басты бағыттарына және қаржы нарығының конънктурасына сәйкес және бекітілген қысқа мерзімді ноталарды шығару шарттарына сай аукционға қатысушылардың өтініштерін қанағаттандыруға құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкісінің алғашқы агенттерімен келісім бойынша айналысқа шығарылған қысқа мерзімді ноталарды мерзімінен бұрын өтеуге немесе айналыстан толық не жартылай алуға құқығы бар.
Алғашқы агенттер аукционға қатысуға өтініш беру ұсынысын екі түрде жасайды: бәсекелестік және бәсекелестік емес.
Қазақстан Ұлттық Банкі бәсекелестік емес сипаттағы өтінішті қанғаттандыруды, қаржы нарығының конънктурасына сәйкес аукционның шартын хабарлау арқылы алғашқы агенттерге және бейрезиденттерге қысқа мерзімді ноталарды сату көлемінің үлесің дербес түрде анықтайды.
Аукционды өткізу барысында бастапқы кезекте аукционның шартында хабарланған шекте бәсекелестік емес ұсыныстары бар өтініштерді қанағаттандырады.
Осылайша, Ұлттық Банк ноталарды зейнетақы активтерін инвестициялау құралы ретіндегі тартымдылығын қысқарту және қысқа мерзімді мөлшерлемелер арқылы қаржы нарығындағы ахуалды реттеуге біртіндеп көшу жөніндегі ниетін жүзеге асыруды жалғастырады.
Валюталық интервенция деп ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында Ұлттық Банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.
Отандық банктік тәжірибемізде 1999 жылдың 4 сәуір айына дейін немесе еркін өзгермелі бағам режиміне өткенге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық нарықтағы интервенциялау саясаты алтын-валюта резервтері есебінен жүзеге асырылды.
Еркін өзгермелі бағам режиміне өткенен кейін де Қазақстан Ұлттық Банкі ұлттық валютаның айырбас бағамының алыпсатарлық өзгерістерінежол бермеу мақсатында валюталық интервенциялауды қолданылып отырғаны жасырын емес. Соған байланысты аталған бағам режимін басқарылатын режим деп қарастырған дұрыс болады. Еркін өзгермелі бағамға өтуге біздің ұлттық валюта бағамының шетел валютасына қатысты тұрақсыздығы мүмкіндік бермейтіні сөзсіз.
Ұлттық Банктің валюталық нарықтағы интервенциясы дербес түрде кез келген банктер және валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады.
Мұның салдарынан алтын-валюта резервінің құнсыздану қаупі туындады. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ішкі валюта нарығында сатып алушы ретінде қатысып, алтын-валюта резервінің ұлғаюына септігін тигізді. Бұл жерде бір нәрсені естен шығармаған жөн, яғни Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ішкі валюта нарығындағы сұраныстан артық шетел валютасын сатып алған кезде, айналысқа артық ақша эмиссияланады жөне ол ақшаның құнсыздануына жол береді. Осындай теріс салдарларды болдырмау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «стирилизациялау» құралын пайдаланып отыр. Яғни, айналысқа шығарылған артық ақша көлемінде өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарып, артық ақшаны айналыстан алып отырды.[1]
3.3 тақырып Коммерциялық банктер, атқаратын қызметтері және олардың қызметін ұйымдастыру
Коммерциялық банктердің құқықтық статусы. «Қазакстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» 1995 ж. 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы. Банктердің негізгі атқаратын қызметтері. Банк қызметін ұйымдастыру принциптері. Банк қызметін құру, қайта ұйымдастыру және оны тоқтату тәртібі. Банктік лицензия түсінігі. Банкроттқа ұшырау жағдайда банктің шаралары.
1 Банк қызметін құру, қайта ұйымдастыру
2 Банк қызметін тоқтату тәртібі
Банкiлердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкiлеттi орган банкiлердiң қызметiн реттеудi, соның iшiнде (41-бап сәйкес):
1 күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкiлер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу;
2 банкiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып шығару;
3 банкiлердiң қызметiн тексеру;
4 банктің қаржы жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар беру;
5 банкiлерге ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану;
6 банкiлерге немесе олардың лауазымды адамдарына санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.
Банкiлер мiндеттi түрде сақтау үшiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн пруденциалдық қалыптардың құрамына енедi:
банкiнiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi;
өз капиталы жеткiлiктiлiгiнің коэффицентi;
бiр қарыз алушыға жасалатын тәуекелдiң ең көп мөлшерi;
өтiмдiлiк коэффицентi;
ашық валюталық позиция лимиттерi.
Резервтiк капитал мен күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) (43-бап).
1. Банк қызметiн жүзеге асыруға байланысты залалдардың орнын жабу мақсатында банкiлер резервтiк капитал құруға мiндеттi. Резервтiк капитал дивидендтер төленгенге дейiн жай акциялар бойынша банкiлердiң таза кiрiсi есебiнен құрылады. Банкiнiң резервтiк капиталының ең төменгi мөлшерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Жүргiзiлiп жатқан операциялардың сипаты мен ауқымына сәйкес өз қызметiн бақылауды және оның сенiмдiлiгiн тиiстi дәрежеде қамтамасыз ету мақсатында банкiлер күдiктi және сенiмсiз талаптарды бөле отырып және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiп пен шарттар бойынша оларға қарсы провизия (резервтер) жасай отырып, берiлген несиелер мен басқа да активтердi классификациялауды жүзеге асыруға мiндеттi.
Банкiлердiң қызметiн тексеру (44-бап)
1. Банкiлердiң қызметiн тексеруді уәкiлеттi орган дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды қатыстыра отырып жүргiзедi.
Уәкiлеттi орган банктердің қызметіне тексеру жүргізу кезінде банктердің аффилиирлендірілген тұлғаларының қызметін олардың банктер қызметіне ықпал ету дәрежесі мен сипатын айқындау мақсатында ғана тексеруге құқылы.
2. Уәкiлеттi органның тексеру жөнiндегi тапсырмасында көрсетiлген мәселелер бойынша банкiлер, сондай-ақ олардың аффилиирлендірілген тұлғалары тексеруші органға көмек көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлерге сауал-сұрақ қою мүмкiндiгiн және тексерудi орындау үшiн қажеттi кез келген ақпарат көздерiн алуды қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Уәкiлеттi органның қызметкерлерiне банкiлердiң қызметiн тексеру барысында алынған мәлiметтердi жария етуге не үшiншi адамдарға беруге тыйым салынады.
4. Тексеруді жүзеге асырушы адамдар банкiлердiң қызметiн тексеру барысында алынған және банкiлiк не коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауапты болады.
Банк қызметін тоқтату тәртібі
Банктің қаржы жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар беру (45-бап). Ертерек ден қою шаралары
1. Банктердің депозиторлары мен кредиторларының заңды мүдделерін қорғау, банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:
1) меншікті капиталдың жеткіліктігі коэффиценттерінің төмендеуін;
2) өтімділік коэффиценттерінің төмендеуін;
3) банк міндеттемелері сомасында жеке және заңды тұлғалардың тартылған салымдары үлесінің төмендеуін;
4) негізгі борышы және проценттік сыйақысы бойынша мерзімін кешіктіру уақыты тоқсан күннен асатын банктің несие портфелінің жалпы көлеміндегі қарыздардың ұлғаюын;
5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін банктердің қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
2. Банктің қаржылық жағдайына талдау жасаудың нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша 45 баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда, яғни:
1) меншікті капиталдың жеткіліктігі коэффиценттерінің төмендеуін;
2) өтімділік коэффиценттерінің төмендеуін;
3) банк міндеттемелері сомасында жеке және заңды тұлғалардың тартылған салымдары үлесінің төмендеуін;
4) негізгі борышы және проценттік сыйақысы бойынша мерзімін кешіктіру уақыты тоқсан күннен асатын банктің несие портфелінің жалпы көлеміндегі қарыздардың ұлғаюын;
5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін банктердің қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
Уәкілетті орган банкке және (немесе) оның акционерлеріне банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің көбеюін болғызбау жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді.
Банк және (немесе) оның акционерлері аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іс-шаралар жоспарын әрбір тармақ бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып әзірлеуге және уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері жоспарда белгіленген мерзімдерде оның орындалу нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, жоспарды іске асыруға кіріседі.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда, талап ету арқылы банкке және (немесе) оның акционерлеріне төмендегі тізіп көрсетілген ертерек ден қою шараларының бірін немесе бірнешеуін қолданады:
1) банктің ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертуді;
2) депозиттер қабылдауды шектеуді;
3) уәкілетті орган белгілеген мерзімде дивидендтерді есептеп шығаруды және (немесе) төлеуді тоқтатуды;
4) банк провизияларын ұлғайтуды;
5) банктің басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттетуді;
6) тәуекел дәрежесі жоғары банк операцияларының жекелеген түрлерін тоқтата тұруды немесе шектеуді;
7) банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде, оның ішінде оның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен банктің меншікті капиталын ұлғайтуды;
8) банк активтерін және (немесе) міндеттемелерін қайта құрылымдауды;
9) әкімшілік шығыстарды қысқартуды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, оның жекелеген филиалдары мен өкілдіктерін, еншілес ұйымдарын жабу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де тәуелді ұйымдарға қатысу үлесін азайту арқылы қысқартуды.
Ықпал етудiң шектеулi шаралары (46-бап)
1. Уәкiлеттi органның пруденциалдық қалыптарының және сақталуға мiндеттi басқа да нормалары мен лимиттерiнiң бұзылғанын, нормативтiк құқықтық құжаттарының бұзылғанын уәкiлеттi орган тапқан, банкiнiң лауазымды адамдары мен қызметкерлерiнiң оның қаржы қауiпсiздiгi мен тұрақтылығына, сондай-ақ оның депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнiң мүдделерiне қауiп төндiретiндей заңсыз әрекеттерiн немесе әрекетсiздiгiн анықтаған реттерде , сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда уәкiлеттi орган банкiге мынадай шектеулi ықпал ету шараларының бiрiн қолдануға:
а) мiндеттеме-хат талап етуге;
б) банкiмен жазбаша келiсiм жасасуға;
в) ескерту жасауға;
г) атқарылуға мiндеттi жазбаша нұсқама беруге құқылы.
2. Банкiнiң мiндеттеме-хатында орын алып отырған кемшiлiктердi мойындау фактiсi және банк басшылығының жоспарланған шаралар тiзбесiн көрсете отырып, оларды қатаң белгiленген мерзiмде қоятындығы туралы кепiлдемесi болуға тиiс.
3. Жазбаша келiсiм - бұл анықталған кемшiлiктердi дереу жою қажеттiгi туралы және осыған байланысты бiрiншi кезектегi шараларды бекiту туралы банк пен уәкiлеттi орган арасындағы келiсiм.
4. Жазбаша нұсқама - анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы мiндеттi түзету шараларын қолдану туралы банкке нұсқау.
Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
5. Банк мiндеттеме-хаттың, жазбаша келiсiмнiң немесе жазбаша нұсқаманың осы құжатта көрсетiлген мерзiмде орындалғаны туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
6. Жазбаша ескерту Егер орын алып отырған кемшiлiктер уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде жойылмаған немесе уәкілетті орган банктің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда, жазбаша ескерту осы Заңның 47-бабында көзделген санкцияларды банкiге қолдану мүмкiндiгi туралы уәкiлеттi органның хабардар етуi болып табылады.
Санкциялар (47-бап)
1. Уәкiлеттi орган төменде көрсетiлген негiздер бойынша банкiге бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан оған санкциялар қолдануға құқылы.
2. Санкциялар ретiнде уәкiлеттi орган мынадай шаралар қолдануға:
а) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген негiздер бойынша айыппұл салуға;
б) барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұруға не одан айыруға;
в) банкiнi консервациялауға;
г) банк ашуға берiлген рұқсаттан айыруға құқылы;
д) банктің меншікті капиталының теріс мөлшері болған жағдайда және Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша банк акцияларын (акционерлердiң үлесiн) уәкiлеттi орган белгiлеген баға бойынша акцияларды, кейiннен жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша мiндеттi түрде дереу сату, сонымен бiр мезгiлде банк пен оның акционерлерiнiң барлық құқықтары мен міндеттемелерiн беру шартымен, мәжбүрлеп сатып алу туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күнгi оның міндеттемелерінің сомасы шегерілген банк активтерінің құнын негiзге ала отырып шешiм қабылдау;
Достарыңызбен бөлісу: |