Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) бейінді оқытуды ұйымдастыру әдістемесі



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет1/16
Дата25.05.2018
өлшемі0,5 Mb.
#16925
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Тірек мектебінде (ресурстық орталықта)

бейінді оқытуды ұйымдастыру әдістемесі

Әдістемелік құрал

Астана

2013



2

Ы.  Алтынсарин  атындағы Ұлттық білім  академиясы Ғылыми  кеңесімен

баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы № 3 хаттама).

Тірек  мектебінде  (ресурстық орталықта)  бейінді оқытуды ұйымдастыру

әдістемесі. Әдістемелік құрал. – Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы Ұлттық

білім академиясы, 2013. – 51 б.

Әдістемелік құралда тірек  мектебінде  (ресурстық орталықта)  бейінді

оқытуды


ұйымдастырудың

ерекшеліктері,

сессия

және


сессияаралық

кезеңдерде  оқу-тәрбие  процесін

ұйымдастырудың

әдістемелік  жолдары

ұсынылған. Еңбек тірек  мектеп (ресурстық орталық)  қызметін ұйымдастыруда

және жетілдіруде көмекші құрал болып табылады.

Бұл әдістемелік құрал тірек  мектеп (ресурстық орталық) басшыларына,

педагогтеріне, білім саласы әдіскерлеріне, осы саланы зерттеушілерге арналған.

© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013




3

Алғысөз

Бүгінде ауылдық жерлердегі шағын жинақты мектептерді біріктіретін тірек

мектептер  (ресурстық орталықтар)  ашу – бұл үлгідегі мектептердің білім

сапасын арттыру мәселелерінің шешімі болып отыр.

Қазақстан Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011–2020  жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011–2015 жылдарға

арналған  іс-шаралар  жоспарының

78-тармағына  сәйкес

өңірлерде

тірек


мектептердің  (ресурстық орталықтардың) жұмыс  істеуін қамтамасыз  ету

жоспарланған [1].

Қазіргі таңда  203  магниттік  шағын  жинақты  мектепті  жалпы  білім  беру

кеңістігінде  біріктіретін  59  ресурстық орталық шағын  жинақты  мектептің

проблемаларын 

шешуді 


және 

оқушылардың

сапалы 

білім 


алуына

қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

12  жылдық білім  беруге көшу  жағдайында  тірек  мектеп  (ресурстық

орталық) қызметін  жетілдіру ауыл

мектептерінде  бейінді оқытуды  жүзеге

асыруға  жағдай жасайды.

Жалпы  орта  білім  беру  жүйесінде  бейінді  оқытуды  жүзеге  асыру – білім

алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына

мүмкіндік  беретін  түйінді құзыреттіліктерді  игеруін қамтамасыз  ету  және

даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Тірек  мектебінде  бейінді  оқыту  2006-2007  оқу  жылынан  бастап қолға

алынса,  магниттік  ШЖМ  базасының деңгейіне  байланысты  зертханалар

филиалдарын ұйымдастыру арқылы 2008 жылдан бастап жүйелі түрде енгізіле

бастады. Бейінді оқытуда білім беру үдерісінің мазмұны жүйелі-әрекеттік және

тұлғаға  бағдарланған

тәсілдер


әдіснамасына  негізделіп,  жеке  оқытуды,

өздігінен білім алуды, сол сияқты білім алушылардың өзіндік дамуын, өзін-өзі

жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

Бейінді оқытуды  дамыту  тұжырымдамасында: «бейінді оқыту – кәсіптік

білім  беру  бағдарламаларын  игеруге  дайындау,  олардың кәсіптік  бейімі үшін

жағдай  жасау,  оқушылардың бейімділігі  мен қызығушылығын,  танымдық

қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын

ұйымдастыру  түрі,  жоғары  сынып  оқушыларының оқуын  даралау  мен  саралап

жіктеудің педагогикалық жүйесі», - делінген [2].

Тірек  мектебінде  (ресурстық орталықта) бейінді  оқыту жоғары  сынып

оқушыларының  қызығушылығына,  бейіміне  және қабілетіне қарай  сараланған

білім беру негізінде ұйымдастырылады.

Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) бейінді оқытуды ұйымдастырудың

мақсаты – оқушының кәсіби  бағдары  мен өзін-өзі анықтауын қамтамасыз  ету,

оқушылардың саналы  кәсіби  таңдауын  жүзеге  асыруға қажетті  ресурстарын

құру мүмкіндіктерін туғызу.

Бейінді оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып, мынадай міндеттерді жүзеге

асырады:


­ жалпы орта білім бағдарламасының жеке пәндерін тереңдете оқыту;


4

­ білім 


мазмұнын 

саралауға 

және

әр 


оқушының

өзіндік


білім

траекториясын құруға жағдай жасау;

­ жалпы  орта  және  кәсіби  білім  арасындағы  сабақтастықты,  бағдарлы

сынып  оқушыларын  жоғары  оқу  орнында  білімін  жалғастыруға  дайындауды

қамтамасыз ету;

­ оқушының белгілі  сала  бойынша қабілетін ұштау,  оның бойында

келешекке қажет білік пен дағданың қалыптасуына мүмкіндік жасау.

12  жылдық білім  беруге  көшу  жағдайында  тірек  мектептердің  (ресурстық

орталықтардың)  қызметін  жетілдіру  және  ондағы бейінді  оқыту жүйесін

ұйымдастыру мен дамытудың өзектілігі:

- мектептердің 12 жылдық білім беру үлгісіне көшуі;

- қосымша білім беру;

- болашақ мамандығына сәйкес білім алу бағытын таңдау;

- шетелдік  тәжірибедегі  жоғарғы  сыныптағылардың оқуын ұйымдастыру

тенденциялары;

- еңбек нарығының мектеп түлектерінің дайындығына қоятын талабы.

Бейінді оқыту жүйесін дамытудың ықпалдастығы:

- білім  алушыларды әлеуметтендіруде  педагогикалық жағдайды  кеңейту,

алдағы  уақытта  еңбек  нарығының  әрі қарай даму  жағдайында  оларды  саналы

таңдау жасауға дайындау;

- негізгі орта  білім  алу  жолдарын  анықтауда  негізгі  мектеп  түлектеріне

әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету;

-

үздіксіз


білім  беру  жүйесінің

барлық


деңгейлерінде  оқытуды

ұйымдастыру тәсілдерін үйлестіру.

Бейінді  оқыту оқушылардың  өздігінен  іздену  және таным әрекеттері

үлесінің айтарлықтай ұлғаюымен  де  ерекшеленеді,  яғни  оқыту  бағытын

таңдағанда  саралаудың ішкі  және  сыртқы  түрлерін  есепке  алу  тиімді  болады.

Оқушының болашақ жоғары  оқу  орнына  түсуіне  және  жоғары  кәсіптік  білім

алуына  септігін  тигізетін  білім  алу  бағытын  таңдау  туралы  саналы  шешім

қабылдау қабілетін қалыптастыру бейіналды даярлаудың негізгі  міндетіне

жатады.  Яғни,  бейіналды  даярлық арқылы оқушылар өмірлік  маңызды

таңдауды да дұрыс жасай алады.




жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау