- геометриялық материалдар оқушыларға математика мен өмірдің байланысын
түсінуге септігін тигізеді;
-
геометриялық
материалдар
оқушыларда
практикалық
іскерліктер
қалыптастырады.
Демек, геометриялық оқушыларға геометриялық фигуралар және геометриялық
шамалар туралы жалпы түсінік қалыптастырумен қатар жоғарыда аталған материалдар
жайлы оқушылардың білімдерін бекітеді.
3.Оқушылардың алты-жеті жасында ойлау қабілеті арта түседі. Сондықтан
оқушыларға берілген тапсырма да күрделене түседі. Мысалы геометриялық фигураларды
айыра білу керек. Екі-үш фигураны құрастыру арқылы қандай жақсы форма құрастыруға
болады. Тапсырманы орындаған бала қандай фигураларды құрастыру арқылы,
қандай фигура жасап шыққанын айтып бере алады. Оқушылармен бұлай жұмыс жасау
арқылы баланың математикаға деген қызығушылығы артады, білімі жетіледі. Мектеп
жасына дейінгі оқушылар мұндай қызықты тапсырмаларды ынталана отырып, шын
ықыласымен орындайды. Мысалы, түрлі үйшік формалы фигурадан жалауша шығарады,
жеті таяқшадан екі квадрат шығарады, конструкторлармен ойнай отырып одан қоян
немесе тырнаның мүсінін шығарады. Өз беттерінше тапсырманы орындаған балаларды
мақтап өзгелерге үлгі етеді. Тапсырманы өзің орындағанда ғана қызықты болатынын
түсіндіре отырып, тәрбиеші баланың өзінен талап етеді.
4.Геометрия элементтері. Геометрия математиканың бөлімі ретінде.
Планиметрия: планиметрияны аксиоматикалық тұрғыда құру; нүкте, түзу, кесінді, сәуле,
бұрыш және оның түрлері; шеңбер және дөңгелек; сынық және қисық сызықтар;
көпбұрыш және оның түрлері; параллель түзулер; перпендикуляр түзулер; центрлік және
осьтік симметриялар; шеңберлер жанама; томотетия, нүктенің геометриялық орны;
координата әдісі; фигуралардың ауданын есептеудің негізгі формулалары; екі нүктенің
арақашықтығы; берілген қатынаста кесіндіні бөлу; сызықтың, түзудің және шеңбердің
теңдеулері;
Стереометрия: стереометрияны аксиоматикалық тұрғыда құру; перпендикуляр,
көлбеу, дене; көпжақ және оның, түрлері, призма және оның түрлері; пирамида және оның
түрлері; цилиндр, конус, шар және сфера; денелер беттерінің аудандары мен көлемдерінің
негізгі формулалары; көпжақтар туралы Эйлер теоремасы.
Қарапайым геометриялық салулар: берілген ұзындықтағы кесіндіні салу;
дөңгелекті және шеңберді, параллель және перпендикуляр түзулерді салу; кесіндіні қақ
бөлу; бұрыштарды, үшбұрыштарды, тік төртбұрышты (шаршыны) салү; нүктеге және
түзуге қарағанда симметриялы фигураларды салу; геометриялық денелерді кескіндеу;
координаталары бойынша геометриялық фигураны салу. Геометриялық мазмұнды
есептер.
Геометриялық
материал бастауыш сыныптарда бөлек тақырып болып
қарастырылмайды. Геометриялық материал арифметикалық және алгебралық
материалдармен тығыз байланыста қарастырылады. Геометриялық матриалдардан
бастауыш сыныпта: «кеңістік туралы түсінік», «нақты фигура туралы ұғым»,
«геометриялық фигуралармен байланысты қарапайым ұғымдар, оларды ажырату»,
«геометриялық
шамаларды
өлшеу»,
«фигураларды
салудың
бастама
білігін
қалыптастыру», «әр түрлі геометриялық шамалармен таныстыру» және т.б.
қарастырылады.
Геометриялық фигуралардың 1-сыныпта бұрын беріліп жүргеннен гөрі біршама
кеңейтіліп берілу себебі пәнішіндік мұқтаждықтан және қажеттіліктен туындайды.
Өйткені олар алдағы уақытта көрнекілік ретінде жиі қолданылады, сондай-ақ
дамытушылық сипаттағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындауда тірек білім болып
табылады; ал олардың ішіндегі шығармашылықпен байланыстылары, көбінесе
геометриялық фигураларды бөліктерге бөлу және бөліктерден құрастыруды көздейді.
Геометриялық фигуралар жайындағы түсініктерде біртіндеп тиянақталып, дами түседі.
Осы уақытқа дейін геометриялық фигуралар «бір тұтас» деп түсіндіріліп келсе, енді
олардың элементтерімен таныстыру жүзеге асырылады. Осыған орай үшбұрыштың және
шаршының қабырғалары-кесінділер, ал бұрыштың қабырғалары-сәулелер, олардың
төбелері-нүктелер болып табылатынына назар аударылады. Сонымен бірге үшбұрыштың,
төртбұрыштың (бес,алты бұрыштың) элементтері (бұрыштары,төбелері,қабырғалары)
аталу сандарымен (3,4,5,6) сәйкестендіріледі. Геометриялық фигуралардан бастуыш
сыныпта: сызықтар (түзу,қисық,тұйықталған және тұйықталмаған қисық сызықтар);
нүкте; сәуле; бұрыштар қарастырылады. Сондай-ақ, көпбұрыш; тіктөртбұрыш, шаршы,
тік, сүйір, доғал бұрыштар, текше, шеңбер, дөңгелек, параллелепипед, параллель,
перпендикуляр түзулер оқытылады.
Нүктемен танысу әдістемесі. Қарындаштың немесе қаламның ұшы және олардың
қағаз бетіне қалдыратын іздері-нүкте жайында түсінік беріледі. Мысалы:
Түзу сызықпен танысудан кейін балалар нүктені түзеуге қоюды, берілген 1,2,3
нүктелер арқылы түзу сызықтар жүргізуге, оған қатысты нүктенің орнын анықтауға
үйренеді.
Мысалы:
Сызықпен таныстыру әдістемесі
1-сынып оқушыларының түзеу сызық туралы түсініктері әр түрлі машықтық
жаттығуларды орындау арқылы қалыптасады. Мұндайда түзу сызықты қисықпен
сәйкестендіреді. Мысалы,жіпті созып қарайды, салынған суретін қарайды, қағазды сызық
бойынша қияды, әрбіреуінде сызық-қисық немесе түзу қалай пайда болғанын айтып
отырады. Балалар жазықтықта кез келген бағытта сызылған түзу сызықты тануы, оны
қисықтан айыра білуі, сызғыш көмегімен түзу сыза білу керек. Осы мақсатта оқушылар
түзу және қисық сызықтар жүргізеді. Оларды айналадағы заттардан, тақтада сызылған
сызықтар ішінен табады және көрсетеді. Мысалы, нүкте арқылы түзу жүргізуге жаттығуда
балалар бір нүкте арқылы бірнеше түзу немесе қисық, ал екі нүкте арқылы тек қана бір
түзу, бірнеше қисықты жүргізуге болатынын бақылайды. Егер нүкте қағаз бетімен
қозғалатын болса сызық пайда болады. Сызық сызғыш арқылы жүргізілген болса түзу
болады. Ол қисық бола алады. Түзу сызықтың бөліктерінен тұратын сызық сынық деп
аталады. Сызықтардың ұзындығы болады. Қисық сызықтардың бұрыштық нүктелері
болады. Сызықтар тұйық және тұйық емес болады.
Тұйық сызық жазықтықта ішіне шексіз түзу, тіпті сәуле жүргізуге мүмкін емес
шектелген фигураны бейнелейді. Егер сызық сызғышпен ешқандай бөлігінде сәйкес
келмесе, онда оның қисық болғаны. Қисықтар тұйықталған және тұйықталмаған болады.
Егер кейбір бөліктері сызғышпен сәйкес келіп, бірақ түгел сәйкес келмесе одна ол-сынық
болады. Сынықтың сыну нүктесі оның төбесі деп аталады.
Кесіндімен таныстыру әдістемесі.
Сымның қиындысын алып, басымен ұшын көрсетіп немесе тақтаны жиектеп
керілген жіптің үстінен борды жүргізіп, жіпті тартып, жіберіп қалса, тақта бетіне із түседі.
Оның екі ұшын нүктемен тұйықтап,бұл кесінді деп түсіндіреміз.
Мысалы:
Сәулемен таныстыру әдістемесі. Нүктемен түзу туралы білімді пайдаланып,
оқушыларды сәуле туралы ұғымды түсіндіруге болады. Сәулемен танысу машықтық
жұмысты орындау процессінде отеді:
1) нүкте саламыз;
2)нүктеге оңға қарай түзу сызық жүргіземіз; (бұл сәуле екенін айтамыз. Нүкте-
сәуленің басы,сәуле оңға бағытталған).
3)әр түрлі бағытта сәулелер салу.
Сәуле деп текке аталмаған. Ол күн сәулесін немесе жарық түсіргішті еске түсіреді.
Солар сияқты математикалық сәуленің басы бар да,соңы жоқ болады. Сәуле латынның екі
бас әрпімен белгіленеді, оның алғашқысы сәуленің басын, ал екіншісі-сәуленің кез келген
ішкі нүктесін белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |