Белгілері - Ангинаның алғашқы белгілері:
- Тамақтың қызарып, айқын ісінуі;
- Бадамша безінде ақ ірің пайда болуы;
- Дене қызуының 38,5 градусқа көтерілуі;
- Әлсіреп, дененің қалтырауы;
- Мойындағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы және ауырсыну сезімінің болуы;
- Жөтелдің болмауы.
- Төмендегі белгілер пайда болса, шұғыл түрде жедел жәрдем қызметін шақырған жөн:
- • Тыныс алудың қиындауы;
- • Тілдің не мойынның ісінуі;
- • Мойын және жақ бұлшықеттерінің ауыруынан ауызды ашудың қиындауы;
- • Сілекейді жұту мүмкін болмай, оның ауыздан еріксіз ағуы.
- Ангинаны қалай емдейді?
- Тамақ іріңдеп, қатты ісінбеген болса, бұл ангинаның жеңіл түрі. Ол ерекше емді қажет етпейді және өздігінен 7-10 күнде жазылады. Ал созылмалы бактериялық тонзиллит анықталған кезде міндетті түрде дәрігердің нұсқауы бойынша емделген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |