Тыныс алу жиілігін санау және нәтижесін бағалау. Мақсаты


Ауыр халдегі пациенттің төсек жаймаларын ауыстыру



жүктеу 1,66 Mb.
бет93/110
Дата03.02.2022
өлшемі1,66 Mb.
#35370
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   110
билет сұрақтары электив

Ауыр халдегі пациенттің төсек жаймаларын ауыстыру


Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру
(ұзынынан жасалатын әдіс)
Науқастың төсек тәртібін сақтау жағдайларында егер оған төсекте аударылуға рұқсат етілсе, ұзынынан ауыстыру әдісі қолданылады.
Мақсаты: төсекте жатқан науқасқа жайлы жағдай жасау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке басының гигиенасын сақтау, төсек жаралардың, төсек тыстарының кірлеуінің алдын алу.
Дайындаңыз: таза ақжайманы, ластанған төсек орынды салатын клеенка қапшықты, қолғапты.
Іс-әрекет алгоритмі:
  1. Науқасқа манипуляцияның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.


  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.


  3. Таза ақжайманы бүкіл ұзындығын бойлап ортасына дейін шиыршықтап бүктеңіз.


  4. Науқастың басын көтеріңкіреп, оның астынан жастықты алып тастаңыз.


  5. Ақжайманың шеттерін матрацтың астынан айнала шығарып алыңыз.


  6. Кереуеттің шетіне қарай абайлап науқасты жылжытып, оны бір қырына аударыңыз, осы қалыпта қалдырыңыз.


  7. Лас ақжайманың бос қалған бөлігін бүкіл ұзындығы бойынша науқасқа қарай шиыршықтаңыз (яғни төсек бойына).


  8. Ұзынынан бүктелген таза ақ жайманы төсектің босаған жеріне төсеңіз.


  9. Науқасты арқасына аударып, содан кейін екінші қырына аударыңыз, сөйтіп ол таза ақжайманың жарты бөлігінде болуы керек.


  10. Лас ақжайманы науқастың астынан жинап алыңыз, оның орнына таза ақжайманың екінші жартысын жайыңыз.


  11. Таза ақжайманы жазыңыз, ондағы қыртыстарды тегістеңіз.


  12. Ақжайманың шеттерін матрацтың астына қайырыңыз.


  13. Науқастың басының астына жастықты қойыңыз және оны көрпемен жабыңыз.


  14. Лас ақжайманы төсек-орын тыстарына арналған клеенкалы қапқа салып, шаруашылық мейірбикесіне тапсырыңыз.


  15. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;





жүктеу 1,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау