Жылулық( термиялық) стерилизация микробтардың жоғарғы температураға сезімталдығына негізделген. 60С-та және су бар жерде ақуыз денатурациясы, нуклеин қышқылдарының, липидтердің деградациясы болып, нәтижесінде микробтардың вегетативті түрлері жойылады.
Жылулық стерилизация қатарына құрғақ ыстықпен стерилизациялау жатады. Құрғақ ыстықпен стерилизациялау ауалы стерилизаторларда немесе Пастер пешінде жүргізіледі.
Ауалы стерилизатор – термометрі бар, электр желісімен қыздырылатын, тығыз жабылатын металды шкаф. Материалдың залалсыздандырылуы ереже бойынша 160С-та 120 минут жүргізіледі.Құрғақ ыстықпен зертханалық ыдыстарды және шыныдан жасалған заттар, құралдар, силиконды резина, яғни жоғары температурада өзінің сапасын жоғалтпайтын нысандарды стерилдейді.
Жылулық стерилизациялаудың екінші бір түрі ыстық бумен стерилизациялау болып табылады. Булы стерилизаторларда қысымды бумен өңдеу — стерилдеудің әмбебап тәсілі.
Достарыңызбен бөлісу: |