Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау»



жүктеу 100,5 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі100,5 Kb.
#21736
түріРегламент

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы «___» _______

№ ____ қаулысына



7-қосымша

«Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер


  1. «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) көрсетеді.

  2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көросету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

2) электронды үкіметтің веб порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі портал).

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – аттестаттау туралы куәлік.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау


  1. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №4-2/416 бұйрығымен бекітілген « Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 - тармағында көзделген құжаттарды беруі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.

  2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы.

  1. Қызмет алушы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттауды (қайта аттестаттауды) жүргізу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);
          2) Комиссия өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №4-2/60 бұйрығымен бекітілген «Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау Қағидаларының» 6-тармағында көрcетiлген құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Басқарма комиссияның жұмысшы органы болып табылады.
          Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Жұмыс органы екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.
          3) Осы Қағидалардың 6-тармағында көрcетiлген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, комиссия он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жергілікті жерге бара отырып, өтініш берушінің және (немесе) оның құрылымдық бөлімшелерінің (бар болса) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді.
          4) Өтініш берушіні және (немесе) оның құрылымдық бөлімшелерін (бар болса) тексеру нәтижелері бойынша комиссия бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға сәйкестігіне тексеру актісін (бұдан әрі – тексеру актісі) екі данада жасайды. Бір данасы комиссияда қалады, екіншісі өтініш берушіге беріледі.
          5) Комиссия осы Қағидалардың 6-тармағында көрcетiлген құжаттарды, сондай-ақ тексеру актілерін қарау қорытындысы бойынша екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру не бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді және оған комиссияның барлық қатысушы мүшелері қол қояды.
          6) Комиссияның өтініш берушіге тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру туралы шешімі негізінде Жұмыс органы үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган қаулысының тиісті жобасын дайындайды, ол бекітілгеннен кейiн Жұмыс органы өтініш берушіге мерзімі үш жылға жарамды аттестаттау туралы куәлік береді.
          Өтініш берушінің құрылымдық бөлімшелері болған жағдайда, олар аттестаттау туралы куәлікке қосымшада көрсетіледі.
          7) Өтінішті қарастырудың жалпы мерзімі өтініш беруші осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап он сегіз жұмыс күнін құрайды.
          8) Талаптарға сәйкес келмеген өтініш берушіге Жұмыс органы осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген мерзім ішінде бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап береді.
          Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

6. Атауы немесе ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана аттестаттау туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туындаған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Жұмыс органына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау туралы куәлікті және (немесе) аттестаттау туралы куәлікке қосымшаны қайта ресімдеутуралы өтініш(бұдан әрі – қайта ресімдеу туралы өтініш);

2) мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараттар бар құжаттардықоспағанда, аттестаттау туралы куәлікті қайтаресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмесі;

3) аттестаттау туралы куәліктің түпнұсқасы.

4) Комиссия осы Қағидалардың 14-тармағында көрcетiлген құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығынтекесереді және аттестаттау туралы куәлікті қайта ресімдеу не қайта ресімдеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделелі және оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбау аттестаттау туралы куәлікті қайта ресімдеуден бас тартудың негізі болып табылады.

7) Комиссияның оң шешімі негізінде Жұмыс органы жергілікті атқарушы орган қаулысының тиісті жобасын дайындайды, ол бекітілгенненкейін Жұмыс органы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаға аттестаттау туралы қайтаресімделген куәлікті береді.

8). Аттестаттау туралы қайта ресімделген куәлікке жаңа тіркеу нөмірі беріледі.

Аттестаттау туралы қайтаресімделген куәліктің жарамдылық мерзімі бұрын берілген аттестаттау туралы куәліктің жарамдылық мерзіміне тең болып қалады.

9) Қайта ресімдеу туралы өтінішті қарастырудың жалпы мерзімі осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылған күннен бастапалты жұмыс күнінен аспауы тиіс.

7. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалардың құрылымдық бөлімшелерінің саны азайған жағдайда, тиісті шешім қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Жұмыс органына ұсынады:

1) қайтаресімдеутуралы өтініш;

2) құрылымдық бөлімшені қайта ұйымдастыру немесе тарту туралы бұйрықтың көшірмесі;

3) аттестаттау туралы куәлікке қосымшаның түпнұсқасы.

Өтініш беруші электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы элктронды нысанда құжаттарын тапсыра алады.

4) Комиссия осы Қағидалардың 19-тармағында көрcетiлген құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын текесереді және құрылымдық бөлімшені шығарып тастау немесе шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделелі және оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

Осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбау аттестаттау туралы құрылымдық бөлімшені шығарудан бас тартудың негізі болып табылады.

5)Комиссияның оң шешімі негізінде Жұмыс органы жергілікті атқарушы орган қаулысының тиісті жобасын дайындайды, ол бекітілгеннен кейінЖұмыс органы тұқым сапасынасараптама жасау жөніндегі зертханаға аттестаттау туралыкуәлікке қайта ресімделген қосымшаны береді.

6) Құрылымдық бөлімшені шығаруға байланысты қайта ресімдеу туралы өтінішті қарастырудың жалпы мерзімі осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап алты жұмыс күнінен аспауы тиіс.

8. Құрылымдық бөлімшелердің саны көбейген жағдайда, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана Жұмыс органына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) қайта ресімдеутуралы өтініш;

2) талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтернысаны;

3) аттестаттау туралы куәлікке қосымшаның түпнұсқасы.

4) Жаңа құрылымдық бөлімшені тексеру осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

5) Комиссия осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген құжаттарды және құрылымдық бөлімшені тексеру актісін қарауқорытындысы бойынша жаңа құрылымдық бөлімшені тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың құрамына кіретін аттестаттау туралы куәлікке қосымшада көрcетілген құрылымдық бөлімшелердің тізбесіне (бұдан әрі - құрылымдық бөлімшелердің тізбесі) енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

6) Комиссияның оң шешімі негізінде Жұмыс органы жергілікті атқарушы орган қаулысының тиісті жобасын дайындайды, ол бекітілгеннен кейін Жұмыс органы аттестаттау туралы куәлікке қайтаресімделгенқосымшаны береді.

7) Құрылымдық бөлімшені құрылымдық бөлімшелер тізбесінеенгізуге байланысты қайта ресімдеутуралы өтінішті қарастырудың жалпы мерзімі осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап он сегіз жұмыс күнінен аспауы тиіс.

8) Жаңа құрылымдық бөлімше талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Жұмыс органы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаға жаңа құрылымдық бөлімшені құрылымдық бөлімшелер тізбесіне енгізуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша дәлелді жауап жібереді.

9. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы қайта аттестаттау осы Қағидаларда белгіленген тәртіппенаттестаттау туралы куәліктің жарамдылық мерзімі аяқталған кейін үш жылда бір ретжүргізіледі.

10,Сапаға сараптама жасау жөніндегі зертхананы қайта аттестаттау рәсімін өткізген жағдайда, құрылымдық бөлімшелердің тізбесіне енгізілген құрылымдық бөлімше аттестаттау туралы куәліктің жарамдылық мерзімі өтуіне өткенге дейінгі алты ай ішіндетексеруге жатпайды.

Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы қайта аттестаттау туралы өтінішті қарастырудың жалпы мерзімі осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген мерзімнен аспауы тиіс.

11. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта аттестаттауға өтініш аттестаттау туралы куәлiктіңжарамдылық мерзімі өткенге дейінгі күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірмей беріледі.




  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық ( қызметшілерінің) тізбесі:

1) құрылымдық бөлімше

2) өтініш беруші

3) комиссия

4) басқарма

13. Әрбір рәсімнің (іс қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшілер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс қимылдардың) реттілігі осы регламенттің 2 бөлімнің 5 тармағында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

14. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс қимылдардың) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламеттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Тұқымның сапасына сараптама жасау

жөніндегі зертханаларды аттестаттау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламентіне қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің



анықтамалығы



Құрылымдық бөлімше

Өтініш беруші

комиссия

басқарма


нысан бойынша тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттауды (қайта аттестаттауды) жүргізу туралы өтініш

береді




Комиссияның өтініш берушіге тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру туралы шешімі негізінде Жұмыс органы үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган қаулысының тиісті жобасын дайындайды, ол бекітілгеннен кейiн Жұмыс органы өтініш берушіге мерзімі үш жылға жарамды аттестаттау туралы куәлік береді







жүктеу 100,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау