ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛШЕГІ - МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
Айтимбетова А.А.
(Қазақстан, Орал)
Мемлекеттік тіл қызметін өрістетудің бір арнасы – оқушыларға қазақ тілін қызықты үйрету. Тіл
дамыту мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған мәтіндер жүйесі оқушының білімі мен
білігін қажетті деңгейге көтереді. Оқу бағдарламасына жаңа үрдістер, жаңа оқу технологиялары көптеп
енгізілуде. Олар: проблемалық оқыту технологиясы, модульдік технология, коммуникативтік
технология, дебат, ойын технологиясы, сын тұрғысынан оқыту, тірек сызбаларын пайдалану, деңгейлеп
оқыту тағы басқалар. Ғ.Мұстафин: «Шығармашылық жұмыс – ұдайы оқумен, үйренумен қоса
жүргізілетін ауыр еңбек»-деген сөзін басшылыққа ала отырып, қашанда ізденуге талаптанып
отырамын. Әр сабақ оқытушыдан қажырлы еңбекті, ізденісті, шеберлікті, шығармашылықты талап
етеді. Сондықтан да оқытушы өз жұмысын оқушының өздігінен білім алуына бағыттауы қажет.
Оқытуда осы мүддеден шығатын жаңа технология түрлері өте көп. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту
әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып,
шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Оқушыларға тілді меңгерту барысында жақсы
нәтижеге жету үшін оқытушы сабақтың түріне қарай әр түрлі әдістерді тиімді қолдануы керек. Қазақ
тілін оқытуда оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің
белсенділігін қалыптастыру оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді. Бүгінгі оқушы,
ертеңгі маман сабақта сын тұрғысынан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналу үсітінде.
Мәтінмен жұмыс – модульдік оқыту технологиясының бір құрылымдық бөлшегі. Мәтінмен
жұмыс жасау - қазақ тілі сабақтарындағы негізгі бөлшегі. Сондықтан бұл технолгияның ерекшелігі
оқушылардың шығармашылық жұмыспен қамтылуы. Сөздікпен жұмыс кезінде оқушының
шығармашылығы, мүмкіндігіне қарай сөз тіркесін сөйлемдерге айналдыру, сөзжұмбақ, ребус немесе
сканворд құрастыру мүмкіндігін тудыру болса, жаңа материалмен жұмыс кезінде өз ойын сурет не
тірек сызбалары арқылы жеткізуіне болады. Мәтінмен жұмыс – сабақта өткізілетін әртүрлі
жұмыстардың жиынтығы. Олар: дыбыстармен жұмыс, сөздікпен жұмыс, тіл дамыту, сөздік қорларын
жетілдіру, ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.
“Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық” деген сөздерді ескере отырып, қазақ тілі
сабақтарымызда мәтінмен жұмыс кезінде міндетті түрде мультимедиялық проекторды пайдаланып
отырсақ, оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану
оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Осы технологияны
пайдаланудың тиімді тұстары:
- оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;2
- этнопедагогикалық тәрбие береді;
- оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
- оқытушының уақытын үнемдейді;
- қосымша мәліметтер береді.
Мәтінмен жұмыс істеу бірнеше этаптардан тұрады:
1. Мәтін мазмұнымен жұмыс жүргізу:
- мәтін тақырыбының аталуы;
- мәтінде не туралы айтылған?
- мәтінге өзіңіз ат қойыңыз.
- мәтіннің негізгі сөздері берілген, мәтіннің мазмұнына сай етіп логикалық ретімен
орналастырыңыз.
2. Мәтіннің лексикалық құрамы:
- мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерін жазыңыздар;
- кәсіби сөздерді көшіріңіздер.;
- сөз мағыналарының қай түрі кездеседі?
3. Мәтіннің грамматикалық сатысы:
- мәтіннен етістікті табыңыз;
- мәтіндегі кәсіби сөздерді сөз құрамына талдаңыз;
- құрамалас сөйлемдерді тауып, олардың түрін анықтаңыз.
4. Мәтіндегі фонетикалық иірімдер:
- мамандыққа байланысты сөздерді сызба арқылы талдаңыз;
- кәсіби сөздерге матемаикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беріңіз.
5. Мәтін бойынша шығармашылық жұмыс:
- мәтінді диалог, сұхбат түріне ауыстырыңыз;
- мәтін бойынша мазмұндама жазыңыз;
- мәтін бойынша тест сұрақтарын құраңыз;
мәтінді әңгіме түрінде әңгімелеп беріңіз.
2. Мамандыққа қатысты әдебиеттерден, газет-журналдардан алынған мәтіндерді беру арқылы
оқушыны ынталандыруға болады. Оқушы өз мамандығына байланысты мәтіндерді қызыға оқиды.
Мұндай мәтіндер арқылы келешек мамандығы бойынша өте қажетті, пайдалы мағлұматтар да беріледі.
Оқушы мәтіндегі жаңа сөздер мен кәсіби терминдерді терең түсінуге мүмкіндік алады, сөздік қорлары
баииды.
Қазақ тілі сабағында оқушылардың бойында патриотизм қалыптастыруды еркін тақырыптағы
мәтіндерді таңдаудың маңызы да зор. Мұндай мәтіндерді көркем әдебиеттерден іріктеп алып, олардың
тәрбиелік мәнін ашу үшін әртүрлі жұмыстар жүргіземін. Оқушылармен дебат сабағын өткізудің де
өзіндік ерекшелігі бар. Сұрақтар беру арқылы оқушының сыни көзқарасын тануға болады. Яғни
мәтіннің лексикалық мазмұнын 2білетін оқушы мәтіндегі сөздердің бір-бірімен байланысына,
сөздердің мағыналарына талдау жүргізе алады.
Кәсіби қазақ тілі пәнінен мұнай-газ мамандығының оқушыларына лексикалық тақырып ретінде
өз мамандықтарына сәйкес мәтіндер беремін. Мысалы, мұнай қайдан шықты, газдың шығу тарихы,
мұнай және оның қасиеттері, Қазақстандағы мұнай өнеркәсібінің даму тарихы, Жері байдың – елі бай,
бұрғылау жұмыстары, Қарашығанақ кен орны және т.б. Мұндай мәтіндерден кейін міндетті түрде
сұрақ-жауап әдісін қолдану арқылы оқушылардың мәтінді қабылдау деңгейін тексеремін. Сөздік
жұмыс жүргізу оқушылардың тілін дамыту үшін қолданылады. Мәселен, геолог – кен байлығын
іздейтін барлаушы, месторождение – кен, промышленность - өндіріс, нефть – мұнай, установка –
қондырғы, т.б. Осы сөздік арқылы оқушыларға бірнеше тапсырмалар беремін. Сөздермен сөйлем
құрау, сөздерді септеу, тәуелдеу, жіктеу және де фонетикалық талдау жасау.
Мамандыққа қатысты мәтіннің басты белгісі ақпараттың мол болуында. Мәтін – тілді оқытудағы
негізгі құрал. Ол оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Мәтінмен жұмыс оқушының сөздік
қорын байыту мен қазақша сөйлеуге үйрету немесе қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыру
мақсаттарын көздейтіндіктен тілді оқытуда мәтінмен жұмыс жүргізуде ұтарымыз мол болмақ.