4-тапсырма.Интернетте не істеуге болмайды?
Өз көзқарасыңызды ұсыныңыз.
Жауабы: Желіде , интернетті пайдаланған кезде желі этиксы пайдаланған жөн. Жалған ақпарат салып таратуға болмайды. Плагиат нарселер ұйымдастыруға болмайды.
5-тапсырма. Білім беру мен мектептерді STEM жабдықтарымен, робототехникамен және 3D басып шығарумен жабдықтаудың заманауи тенденцияларын қарастырыңыз
Жауабы:Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар әлемінде смарт құрылғылар мен мобильді қосымшалардың өсіп келе жатқан секторына ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі заманғы нарықты талдау планшеттер мен смартфондар жақын болашақта дамудың ең перспективалы бағыттарының бірі екенін анықтады.
Смартфондар, ұялы телефондар, планшеттер және басқа да ақылды құрылғылар оқуға көмектесе ала ма? Оқушылардың білім беру тәжірибесіне мобильді технологиялар кіретінін жиі байқаймыз, мысалы: википедияның интернет-энциклопедиясынан ақпарат алу, қажетті ақпаратты іздеу, аудармашы бағдарламасы арқылы сөздерді немесе сөз тіркестерін аудару, ақпаратты көренкі ету, видео дәрістерді қарау, онлайн режимде тестілеу немесе сауалнама жүргізу, әртүрлі зертханалық тәжірибелер жүргізу.
Әлеуметтік, экономикалық, білім беруде: сымсыз желіге көшу, ақылды терминалдардың таралуы, смарт құрылғылардың прогрессиясы, мобильді кеңсенің кеңеюі - қоғамның жаңа сапасы, онда дайындалған адамдардың техникалық құралдарды, қызметтерді және Интернетті пайдалану жиынтығы субъектілердің өзара әрекеттесуінде жаңа әсерлер алуға мүмкіндік беретін сапалы өзгерістерге әкеледі.
Бүгінгі таңда білім берудегі робототехникада техникалық шығармашылық элементтерін оқу үдерісіне енгізуге заманауи көзқарас жобалау мен бағдарламалаудың үйлесімі арқылы жүзеге асады. [2]
Инженерлік ойлаудың дамуымен информатика, математика, физика, сызу, жаратылыстану ғылымдарының интеграциясында жүйелі ойлаудың берік негізін құра отырып, білімді синтездеудің қуатты құралы болып табылады. [3]
Робототехника сабағы оқушылардың жан-жақты дамуына және жаңа буын стандарттарында көрсетілген маңызды құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді:
эксперименттік зерттеу дағдылары: гипотеза, шешімдерді іздеу, бақылау мен өлшеулер, себеп-салдарлық байланыстарды орнату, жеке факторлардың әсерін бағалау, нәтижелерді өңдеу және талдау;
пәндік дағдылар (информатика): модельдеу, құрастыру, жобалау, алгоритмдеу, бағдарламалау қағидаттары;
пәнаралық байланысты түсіну: математика, физика, информатика, жаратылыстану, технология, музыка және басқа пәндер;
шығармашылықты дамыту, кеңістікті, логикалық, сыни ойлауды дамыту;
коммуникативтік құзыреттілікті дамыту: идеяларды әзірлеу мен жүзеге асыру үшін топпен жұмыс (жұппен, топпен), іс -әрекетті жоспарлау және жүзеге асыру, сөздік қоры мен қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Жаһандық білім берудің негізгі трендтерінің бірі - STEM. Жаңа білім беру технологиясы, сыни тұрғыдан ойлауды, зерттеу құзыреттілігін және топтық жұмыс дағдыларын дамытудың құралы ретінде бірнеше пәндік бағыттарды біріктіреді. [4]
STEM аббревиатурасы келесі мағынаны білдіреді:
S - ғылым,
T - технология,
E - инженерия,
М - математика.
Немесе жаратылыстану, технология, инженерия, математика - қазіргі әлемде көп сұранысқа ие болып келе жатқан пәндер.
STEM оқу бағдарламасы оқушыларды пәнаралық және қолданбалы әдісті қолдана отырып оқыту идеясына негізделген. Әр пәнді жеке-жеке бөлек оқытудың орнына, STEM оларды бір оқу жолына біріктіреді.
Бұл технология бойынша жұмыстың маңызды ерекшелігі - бұл жобаны ұжымдық жұмыста орындайды. STEM - шығармашылыққа, эмоцияларға, сезімдерге жауап беретін мидың оң жарты шарын пайдалануға мүмкіндік береді.
Бір, бес, тіпті он жылдан кейін оқу процесі қалай болады? Білім беру үрдісі көптеген факторлардың әсерінен динамикалық түрде өзгеретін кезде, оқытудың дәстүрлі әдістері қаншалықты табысты болса да, қазіргі шынайы білім берудің жаңа және тиімді нысандарын іздеуді талап етеді.
Біздің балалар ертең табысты болуы үшін бүгін нені және қалай үйрету керек - қазіргі білім берудің негізгі идеологиясы. Өмір бойы өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, әртүрлі деңгейдегі өзара әрекеттесуге үйрету, тәуелсіз және сыни ойлауды дамыту - осы және басқа да көптеген қағидалар қазіргі білім беру технологияларын дамытудың стратегиясын құрайды.
Егер біз оқушыларды мектептен кейінгі өмірге дайындайтын болсақ, онда біз оларға болашақта олардың күнделікті өміріне айналатын құралдарды қолдануға мүмкіндік беруіміз керек.
«Робот» сөзі алғаш рет чех авторы Карел Чепаканың пьесасында кездесті. Пьеса фабрика жұмысының ешқандай адамның қатысуынсыз өздігінен жұмыс істейіні туралы сөз қозғайды. Бұл қойылым 1920 жылы жарық көрді. Тілдік жүйесіне байланысты орыстың «работа» сөзі мен «робот» сөзі бір түбірлес сөздер. «Робот» сөзі чех тілінде «ауыр жұмыс», «каторга» деген мағынаға ие.[5]
1927 жылы Нью-Йорк қаласында америкалық инженер Д.Уэксли дүниежүзілік көрмеде өзі құрастырып шыққан алғашқы роботты көрсетті. Инженер Уэкслидің роботының жұмыс істеу мүмкіндіктері аз болды, ол тек қарапайым ғана қимылдарды орындайтын. “Seiko Epson” деп аталатын жапондық компания дүниедегі ең кішкентай роботты құрастырды. Роботтың салмағы небәрі бір жарым килограмм, ал ұзындығы 1 сантиметр.
1950 жылы өнері өрге жүзген Леонардо Да Винчидің жазбалары табылған болатын. Ол жазбаларда адам тектес роботтың сызбалары болған. Ұлы суретші, ғалым, сәулетші, жазушы, өнертапқыш Леонардо Да Винчидің 15-ғасырда өмір сүргенін ескерсек, роботтың алғашқы сызбасының парақ беттеріне сол ғасырда түскендігін білуге болады. Оның сызба нұсқаларына байланысты зерттеуші Марио Таддеи толықтай түсіндірме беріп, «Leonardo da Vinci’s robots» деген кітап басып шығарды.
Америкалық ғалым және жазушы Айзек Азимов, робот әлемінің негізгі үш заңнамасын жасады.
Айзектің кітабына негізделген «Мен, роботпын» атты фильм де түсірілді. Картина үстіміздегі 2014 жылы Уилл Смиттің басты рөлді сомдауымен түсіріліп шықты. 1-заң: роботтың адамға зақым келтірмеуі керек; 2-заң: робот адамның бұйрықтарын тек бірінші заңға қарсы келмеген кезде ғана орындауға міндетті; 3-заң: робот өзінің амандығын Бірінші және Екінші заңдарға қарама-қарсы келмеген кезде ғана ойлауы керек.
Қазіргі жаһандану дәуірінде Жапония халқы робототехнология жөнінен әлемде көш бастап тұр. Тіпті Жапонияның кез келген компаниясында кемінде 4-5 роботтан болады екен. Осыдан он шақты жылдар бұрын роботтардың іс-әрекеті шектелген десеңіз, қазіргі күндегі робот сабақ оқытады, ас даярлайды және де әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнай алады. Ал енді болашақтың роботтары, мамандардың айтуынша, үй шаруаларына көмектесіп, адамдарға әр қандай тақырыптар бойынша кеңестер бере алады-мыс.
Жыл сайын Жапонияда инновациялық технологиялардың дамуына байланысты дәстүрлі көрмелер ұйымдастырылады. Соңғы үлгідегі Торобо-кун роботы, көрме қонақтарын зияткерлік қабілеттерімен таңқалдырды. Мысалға ол, ЖОО-ның қабылдау емтихандарынан өтті. Оның емтихан қорытындысы бойынша, оны елдегі 70 пайыз оқу орны қабылдай алады екен. Торобо-кун роботы үш пәнді сәтті тапсырып шыққан: дүниежүзі тарихы, математика және жапония тарихы. Лингвистика тақырыбына келгенде, жапон мен ағылшын тілінен төмен көрсеткіш көрсетті. Жапон ғалымдары роботтары Жапонияның ең үздік саналатын «Токио Университетінің» қабылдау емтихандарын беске тапсырмайынша жұмыс жасай бермек.
Роботты техниканың ІV халықаралық фестивалі «Roboland-2018» 24-25.03.2018 өткізіледі. Фестиваль жастардың, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуға, робототехника білімін танымал етуге және робототехника мен білім саласының қауымдастықтарын біріктіре отырып дамытуға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылады.
Робот техникасы жарысында төтенше жағдай қызметіне жәрдемдесетін дрондардың, су тазалап, ағаш егетін, қоқыстарды жинайтын, өрт сөндіретін роботтардың таныстырылуы – қазақ жастарының бәсекеге қабілетті бола бастағанының айғағы. Ең бастысы, олар өздерінің роботтарын Қазақстандағы жағдайға бейімдеп жасапты. Бәрі де халықтың игілігіне жараса деген оймен құрастырылғаны анық. Сонымен қатар жасалған роботтардың басым көпшілігінің қоршаған ортаны қорғау бағытына арналуы туған жердің, елдің қадірін білетін, соған жаны ашитын жастардың қатары мол екендігін де байқатады. Бұл жастар техника тілін меңгеріп қана қоймай, ұлттық құндылықтарды да бойларына сіңіргені даусыз. Әйтпесе, әлемде роботтардың сан түрі жасалып жатыр. Біреуі – ас құяды, біреуі – үй тазалайды, біреуі – еріккен кезіңізде сізге серік, ермек болады. Астанада өтіп жатқан World Robot Olympiad жарысына қатысып жатқан қазақ жастарының құрастырған роботтарының сипаттарын сөз басында айттық. Біздегі роботтарды құрастырушы оқушылар жеке адамға емес, ұлтқа, адамзатқа қызмет қылып, жаһандағы ең басты мәселені шешуге септігі тиетін дүние жасау бағытын таңдағаны байқалады. Бұл – жеке мүддеден әлдеқайда жоғары тұратын қасиет. Қазақтың болмысы бұл. Жастардың сол қасиетті жаңа заман технологиясымен ұштастыра білгені қуантады.
6-тапсырма. Сіздің мектепте робототехника сабағы қалай өтеді. Өз мектебіңіздің тәжірибесімен бөлісіңіз.
Жауабы: «Сауран» жалпы орта мектебінде роботтехника сабағы өтілмейді . АКТ сабақтарында соңғы бқлімдерінде өарастырылған. Жалпылама слайдтармен түсіндіріп мәлімет беремін. Интернеттен видеосабақтарды көрсетемін.
Достарыңызбен бөлісу: |